Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР КАФЕДРАСЫ
БӨЖ
Тақырыбы: Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
Қабылдаған:
Данияров Т.Ә.
п.ғ.к,.профессор
Орындаған: Талипов.Д
ФАҚ-711-Б
тобының 3-курс студенті
Түркістан – 2019
1. Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері.
2. БӨЖ-дің мақсаты мен міндеттері: Әлемдік тәжірибеде инклюзивті білім
беру ерекше оқытуды қажет ететін адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жеке тәсіл
арқылы іске асыру.
2. БӨЖ мазмұны:
Жоспар:
1 Кіріспе.
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері .
2 Негізгі бөлім.
2.1 Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерінің
стратегиялық бағыттары.
2.2 Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске
асырудың тетіктері.
2.3 Тұжырымдамалық тәсілдерден күтілетін нәтижелер және іске асыру
кезеңдері.
3 Қорытынды .
4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .
1 Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан-2050 Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты халқына Жолдауында білім
беруді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып танылады.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның
сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы,
психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың
барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады (Білім туралы ҚР Заңының,
3-бабының, 1, 2-тармақтары). Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге
қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату
процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық,
зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне
қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар
балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін
және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді. Өткен
жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің
көптеген: АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия,
Австралия және т.б. елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына
айналды. Осы елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті
психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында
психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар
қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда. Инклюзивті білім
беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері адам құқығы саласындағы негіз
болатын халықаралық құжаттарға сәйкес әзірленген және әлемдік үрдістерді,
білім беру саласындағы әлемдік практиканың жетістіктерін және қазақстандық
білім беру жүйесін дамытудың басым міндеттерін ескеріп әзірленген. Ағымдағы
жағдайды талдау. Инклюзивті білім беруді енгізу Бүгінгі таңда
инклюзивті білім беру басымдық танытуда Қазақстанда басқа санаттағы
оқушылармен бірге білім алуды және тең қолжетімділікті көздейтін
мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты.
2015 жылы туылғаннан 18 жасқа дейінгі 141 952 мүмкіндіктері шектеулі
балалар немесе жалпы бала санының 2,8%-ы анықталды. Оның ішінде мектеп
жасында - 94 266 бала. Анықталған мүмкіндіктері шектеулі балалар 7-12%
әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда 2,8%-ды құрайды. Қазіргі уақытта 27%
мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті оқыту үшін 30,5% мектепте
жағдай жасалған. Жоғары оқу орындарындағы мүмкіндіктері шектеулі студенттер
саны 570- ті құрайды. Оның ішінде 1-топ мүгедектігімен - 16 адам, 2-топта –
88 адам, 3- топта 466 адам бар. Жоғары білім алуға мүгедектердің құқығын
қамтамасыз ету бойынша ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №26 қаулысына
сəйкес жоғары оқу орнына қабылдау квотасы бекітілген (2012 жылдан бастап
мүгедектерге арналған квота көлемі 1%, бұрын – 0,5%). Қазіргі кезде
Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін құрудың белгілі бір модельдері
мен жинақталған тәжірибесі бар.

Әлемдік тәжірибеде инклюзивті білім беру ерекше оқытуды қажет ететін
адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жеке тәсіл арқылы іске асырылуда. Ерекше
оқытуды қажет ететін балаларға мыналар жатады: - мүмкіндіктері шектеулі
балалар; - мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар
отбасыларынан шыққан балалар; - қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары
бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты
балалар, әлеуметтікэкономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі
төмен отбасынан шыққан балалар). Бірқатар елдерде енгізілген инклюзивті
білім, ең алдымен Финляндияда келесідей қағидаттарға негізделеді: адам
құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес, әр адам
сезінуге және ойлауға қабілетті, әр адам қатынасуға және танымды болуға
құқылы, барлық адамдар бір-біріне мұқтаж, нағыз білім шынайы өзара қатынас
мәнмәтінінде іске асырылуы мүмкін, барлығы қолдау мен достыққа мұқтаж.
Жүргізілген талдау инклюзивті білім берудің қазақстандық моделі әлемдік
тәжірибеге және осы саладағы ережелерге толық дәрежеде сәйкес емес екенін
көрсетті. Инклюзивті білім беруді мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту
нысанында қабылдау барлық санаттағы ерекше оқытуды қажет ететін балаларға
жалпы білім беру бағдарламасының қол жетімділігін қамтамасыз ететін білім
беру ұйымдарының мүмкіндіктерін шектейді. Қазақстандық
білім беру жүйесінде: - әрбір білім алушының тұлғалық даму траекториясына,
даралап оқыту әдістеріне негізделген дербес оқытуды, оны психологиялық-
педагогикалық қолдауды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ететін
инклюзивті білім берудің моделі жасалмаған; - білім берудің икемді,
бейімделген оқу бағдарламалары әзірленбеген; - жалпы білім беретін
ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін кадрлар мен оқу-әдістемелік база
жеткіліксіз; - оқыту сапасын мониторингілеу мен бағалау іске асырылмайды,
балалардың білімдері мен дағдыларын критериалды бағалау индикаторлары жоқ;
- ерте кәсіптік бағдарлау, ерекше оқытуды қажет ететін балаларды кәсіпалды
және кәсіби даярлау шарттары жеткіліксіз құрылған; - мектепке дейінгі,
орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларының
бірізділігі мен сабақтастығында, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жұмысқа
орналастыруда жүйелі ықпалдастық жоқ; - балалардың психикалық және дене
даму ауытқуларын ерте айқындау және оларды түзету аса өзекті проблема болып
қалуда;
- балалардағы моральдық-психологиялық және әлеуметтік тұрғыда туындайтын
проблемаларды жою бойынша алдын алу шаралары жеткіліксіз қолданылады; -
инклюзивті білім беруді ақпараттық-кеңес беру тұрғысында қолдау әлсіз
ұйымдастырылған. Осының бәрі төмендегідей проблемаларға әкеліп соғады: -
көптеген балалардың білім алу қажеттіліктері жеткіліксіз қамтамасыз
етілген, нәтижесінде олардың әлеуетті мүмкіндіктері толық жүзеге
асырылмаған; - халықаралық TIMSS, PISA, PIRS зерттеулеріндегі қазақстандық
оқушылардың көрсеткіштері қанағаттанарлықсыз деңгейде; - әлеуметтік
бейімдеудің жеткіліксіздігі салдарынан девиантты мінезқұлықты балалардың
саны көбеюде, балалар арасындағы қылмыс, суицид құбылыстары азаймай отыр; -
түлектердің функционалдық сауаттылығы төмен қалыптасқан. Жұмысқа орналаса
алмайды, қатер тобына түседі. 2. Инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдерінің стратегиялық бағыттары Кең мағынадағы
инклюзивті білім беру – кедергілерді жоюға және оқыту процесіне ерекше
оқытуды қажет ететін барлық адамдарды қосу мен сапалы білімге тең
қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында оларды әлеуметтік бейімдеуге
бағытталған білім беру процесі. Инклюзивті білім берудің дамуы инклюзивті
саясат пен тәжірибені жетілдірусіз және инклюзивті құндылықтарды жүйе
деңгейіне толық, сондай-ақ 7 олардың жеке институттары деңгейіне ендірусіз
мүмкін емес. Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді
инклюзиялауды, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін
тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу
ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді. Осыған
байланысты инклюзивті білім беру түбегейлі өзгерістер жасауға және білім
беру мақсатын қайта бағдарлауға ықпал ететін инновациалық процестердің
кристалдану орталығы болуы тиіс. Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік
және қосымша білім беру жүйесінде қағидаттық өзгерістерді айқындай отырып,
инклюзивті білім берудің мынадай стратегиялық бағыттарын көрсетуге болады:
- инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз
ететін институционалдық ортаны жетілдіру; - ерекше оқытуды қажет ететін
адамдарға сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етудің ғылыми-
педагогикалық, кадрлық және оқуәдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін
әзірлеу; - мектеке дейінгі жастағы балаларға ерте бастан диагностика жасау
және түзету-педагогикалық қолдау жүйесін дамыту; - мүмкіндіктері шектеулі
тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға қажетті жағдай туғызу; - инклюзивті
білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми
зерттеулер жүргізу. 2. Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты, негізгі
міндеттері, қағидаттары, тетіктері және шарттары: Инклюзивті білім беруді
дамытудың мақсаты - барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең
құқығын жүзеге асыру. Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндетері:
- инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және
ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру; -
инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін
жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-
әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін
бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру);
- білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде
сезінетіндей, өзін-өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және
әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету-педагогикалық және
әлеуметтікпсихологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау; -
кедергісіз қолжетімді орта құру және білім алушыларды компенсаторлық
құралдарымен қамтамасыз ету; - инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын
ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту; - ерекше оқытуды қажет ететін
тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім
алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу. [4]

Инклюзивті білім беруді дамыту қағидаттары:
- инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі;
- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан) анықтауды
қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын деркезінде
қолдану;
- білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне,
қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту; -
еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері
мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы; -
білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар және
олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы; - кешенді медициналық,
әлеуметтік және білім беру қызметтерінің үйлесімділігі мен түрлі
ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының
өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік,
тәртіпаралық өзара әрекет; - мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері
тасымалдаушы проблема болып қарастырылмайтын адамның шектеулі
мүмкіндіктеріне әлеуметтік ықпал; - денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне
сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды қарастыратын
инклюзивті білім берудің түзетедамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік
бағыттылығы. Инклюзивті білім берудің тиімділігін
бағалау индикаторы Орта сапасы инклюзивті білім беруге барлық қажетті
жағдайларды жасаған ұйымдардың жалпы білім беру ұйымдарының жалпы санынан
үлесі, бұл көрсеткішті білім берудің түрлі деңгейлері тұрғысында бөлек
қолданылуға болады. Аталған индикаторда кедергісіз орта сапасының
көрсеткіштері, инфрақұрылым қолжетімділігі, әлеуметтік және психологиялық-
педагогикалық қолдау, білім беру бағдарламаларының бейімділігі және бағалау
жүйесі, тең құқылы қарым-қатынас атмосферасы қамтылады; Қамту сапасы -
білім берудің әртүрлі деңгейі және ерекше оқытуды қажет ететін адамдардың
түрлі категориялары (мүмкіндіктері шектеулі, оралмандар, жетімдер және
басқа категориядағы адамдар) бойынша ерекше оқытуды қажет ететін
тұлғалардың жалпы санындағы инклюзивті біліммен қамтылған тұлғалар санының
үлесі; Қосу деңгейі - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың және
олардың өкілетті өкілдерінің білім беру қызметтерін сапалы ұсыну және жалпы
білім беру ұйымдарында олардың қажеттіліктерін ескеру деңгейімен
қанағаттану дәрежесін шамалау; Қолайлы жағдай жасау деңгейі -
бейімделген, қолайлы білім беру кеңістігін қалыптастыру, кемсітушілікке,
бөлектеуге жол бермеу бойынша шаралар қолдану, білім алуға қатысушылар
арасында келіспеушіліктерді болдырмау;
қоғам мен ата-аналар комитеті арасындағы мониторинг жүргізу мен бағалаудың
транспаренттілігін қамтамасыз ету; қолайлы оқыту ортасын жасау деңгейін
сұрау салу, сауалнама жүргізу тәсілімен зерделеу. Инклюзивті білім беруді
дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асыру тетіктері.
Әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету: - мүмкіндіктері
шектеулі балаларды инклюзивті және кіріктіріп оқытудың әдіснамалық және оқу-
әдістемелік негіздерін әзірлеуді, ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды
жалпы білім беру процесіне қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық
және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруды; - ерекше оқытуды
қажет ететін оқушыларға оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын бейімдеуді
(білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды, базалық пәндер
бойынша оқытудың пәндік нәтижелері мен дағдыларын, оқу процесін ұйымдастыру
шарттарына қойылатын талаптарды); - ерекше оқытуды қажет ететін балаларды
оқыту нәтижелерін мониторингілеу және бағалау жүйесін әзірлеуді, инклюзивті
білім беру шарттарына баланың оқу жетістігін критериалды бағалауды
бейімдеуді; - үйден оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеуді; - ерекше
оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқыту шарттарына типтік оқу жоспарлары мен
техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын бейімдеуді көздейді. 2.
Кадрлық қамтамасыз ету: - инклюзивті тәжірибені іске асырушы ұйымдардағы
қызмет шарттарына педагогтардың дайындығын қамтамасыз ету; - педагогикалық
мамандықтары бар жоғары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу
жоспарына Инклюзивті білім беру және Арнайы педагогика негіздері
пәндерін қосуды; - инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған педагог кадрлардың, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың ерте
жастағы балалары үшін дефектолог-мұғалімдер мен педагогтардың біліктілігін
арттыру және қайта даярлау бағдарламасын жетілдіруді; - ЖОО-да мүгедектерге
білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында штаттық
қызметкерлерді: тьюторды, арнайы психологты, сурдоаудармашыны қосатын
арнайы құрылымдық бөлім құруды көздейді. Материалдық-техникалық қамтамасыз
ету: - инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін
метептердегі материалдық-техникалық базаны арнайы оқу-әдістемелік,
техникалық көмекші компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету және
қолжетімді кедергісіз орта құру есебінен нығайту механизмдерін игеруді; -
білім беру ұйымдарын және жоғары оқу орындарын білім беру 10
бағдарламаларын меңгеру тиімділігін көтеретін көмекші техникалық
құралдармен (тифло-, сурдо-және т.б. техникалар) қамтамасыз етуге және
мүгедектерге арналған оқу кабинеттері мен аудиториялардағы арнайы
орындардың болуына қойылатын талаптарды әзірлеуді көздейді. Инклюзивті
білім беруді дамытуды ақпараттық қамтамасыз ету: - қоғамды, үкіметтік емес
ұйымдарды тарту арқылы ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға қоғамның
толеранттық қарым-қатынасын қалыптастыруды, сондай-ақ балалар құқығын
қорғауға бағытталған бағдарламаларды жергілікті атқарушы органдармен
әзірлеуді көздейді;
- әр білім алушының компенсаторлық техникалық және көмекші құралдарға
ерекше білім алу, әлеуметтік,
оңалту мұқтаждықтары, қажеттіліктері мен барлық білім беру деңгейлерінде
көрсетілетін түзетупедагогикалық қолдау түрлері мен көлемі туралы
мәліметтері көрсетілуі тиіс мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік
және медициналықпедагогикалық қолдау жүйесін ақпараттандырудың техникалық-
экономикалық негізін әзірлеуді көздейді;
Жүзеге асырудың негізгі шарттары: - нормативтік-құқықтық негіздерді
жетілдіру; - ғылыми, оқу-әдістемелік, кадрлық, қаржылық-экономикалық және
басқа да ресурстардың шоғырлануы; - әлеуметтік-педагогикалық шарттарды
құру; - ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге және
кәсіби бағдарлау мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасау; - балалардың жеке
мүмкіндіктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, ақпараттық
коммуникативтік технологияларды пайдалануды қамтамасыз ететін интерактивті
оқыту.
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асырудың
күтілетін нәтижелері және кезеңдері Тұжырымдамалық тәсілдер Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инклюзивті білім беруді дамытудың жоғары
көрсеткіштеріне жетуге, барлық адамдардың сапалы білім алуына толыққанды
тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, инклюзивті үдеріспен қоғамның
қанағаттануына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды толерантты қарым-қатынас
қалыптастыруға; инклюзивті білім беруді ресурстық қамтамасыз етуге,
нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін
қамсыздандыруға мүмкіндік береді. Ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды
жалпы білім беру үдерісіне қосу үшін келесідей жағдайлар жасалатын болады:
- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте айқындау жүйесін құру және
оларға психологиялық-медициналық-педагогик алық кеңес беру жүйесін,
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін, оңалту орталықтарын және 11
басқа да білім беру ұйымдарын, әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтауды
дамыту арқылы уақтылы кешенді қолдау мен көмек көрсету; - ерекше оқытуды
қажет ететін тұлғалардың дағдыларын, оқу жетістіктерін және жалпы білім
беру жүйесіне дайындық дәрежесін бақылау құралдарын әзірлеу; - жеке оқу
бағдарламасын дайындау әдістемесін әзірлеу; - ерекше оқытуды қажет ететін
тұлғаларға арналған жоғары білім беру бағдарламаларын әзірлеу; - оқуды
аяқтағаны туралы икемді деңгейлік құжат жасау (аттестат, диплом); - білім
берудің барлық деңгейлерінде кедергісіз орта құру, білім беру ұйымдарын
материалдық-техникалық жабдықтау және ерекше оқытуды қажет ететін
тұлғаларды білім берудің көмекші техникалық құралдарымен қамтамасыз ету; -
жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі ерекше оқытуды қажет ететін
тұлғаларды кешенді (әлеуметтік және медициналық-психологиялықпедагогика лық)
қолдау қызметін ұйымдастыру; - арнайы білім беру ұйымдарының, басқа да
мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әлеуетін қолдану арқылы инклюзивті
білім беруді қамтамасыз ету бойынша түрлі деңгейдегі ресурстық орталықтар
жүйесін құру; - жалпы білім беру жүйесінде ерекше оқытуды қажет ететін
тұлғаларды ерте кәсіби бағдарлауға, мамандық алды және мамандыққа даярлауға
арналған жағдайларды қамтамасыз ету; - инклюзивті білім беру процесіне ата-
аналарды, сарапшылар қауымдастығын және қоғамдық ұйымдарды тарту. [1]
Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог кадрларды даярлау, олардың
біліктілігін арттыру және қайта даярлау мыналарды қамтитын болады: - жоғары
және кәсіби білім беретін барлық педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына
арнайы пәндер қосу жолымен институттар мен колледждердегі барлық мұғалімдер
мен тәрбиешілерді ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқытудың дағдылары
мен тәсілдеріне даярлау және оқыту; - инклюзивті білім беруді ұйымдастыру
және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс жүргізу мәселелері
бойынша жалпы білім беру ұйымдарындағы барлық басқарушы қызметкерлерді,
педагогтарды және мамандарды (педагог-психологтарды, педагог-
дефектологтарды, әлеуметтік педагогтарды) кезең-кезеңмен қайта даярлау; -
инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мәселелері бойынша білім беру
ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін, ерекше оқытуды қажет
ететін тұлғалармен жұмыс әдістерін, кемсітушілікті жою және жағымсыз
жағдайларды шешу, адам құқығы негіздерін зерделеу дағдыларын арттыру. 3.
Ғылыми және оқу-әдістемелік қолдау: - жалпы білім беру ортасына ерекше
оқытуды қажет ететін тұлғаларды 12 қосудың вариативті үлгілерін әзірлеу
және эксперименттік түрде ендіру; - инклюзивті білім беруде инновациялық
үлгілерді, оқыту әдістері мен технологияларды қолдану, халықаралық озық
тәжірибені зерделеу және қолдану; - білім беру жүйесінде инклюзивтік
процестердің тиімділік критерилерін әзірлеу; - оқушылар білімін бағалаудың
икемді (бейімделген) критерилерін және инклюзивті білім беру жүйесінде
қолданылатын икемді (бейімделген) жалпы білім беретін оқу бағдарламалар мен
жалпы білім беру стандартын әзірлеу; - ерекше оқытуды қажет ететін білім
алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жеке оқу бағдарламалар
әзірлеу мен бағалаудың икемді критерилерін қолдану бойынша және ерекше
оқытуды қажет ететін тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау,
әлеуметтік оңалту бойынша әдістемелік ұсынымдар, оқу-әдістемелік құралдар
жасау. Іске асыру кезеңдері Бірінші кезең - 2014-2015 жылдар - инклюзивті
білім беруді дамытудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеу; -
инклюзивті білім беру жүйесін дамытуды ресурстық қамтамасыз етудің

жетілдіру; - бастауыш білім мазмұнының жаңартылуын ескере отырып, ерекше
оқытуды қажет ететін адамдарды жалпы білім беру ортасына қосудың вариативті
модельдерін апробациялау бойынша экспериментальдық алаң – ресурстық
орталықтар құру; - инклюзивті білім беру саласында әлеуметтік және
қолданбалы зерттеулер жүргізу; - инклюзивті педагогика қағидаттарын және
білім беру практикасына ендіру жүйесін әзірлеу; - ерте диагностикалау және
ерте жастағы балаларды түзету-педагогикалық қолдау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz