Кәсіптік бағдар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
АҒЫЛШЫН ТІЛІ КАФЕДРАСЫ
БӨЖ
Тақырыбы : Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі
Қабылдаған: Данияров Т. Ә
. п. ғ. к, . профессор
Орындаған: Темірхан Арайлым
ФАТ-811А тобының 2-курс студенті
Түркістан - 2019
- Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі
- БӨЖ - дің мақсаты мен міндеті:Оқушылардың кәсіби бағыттылығын анықтау, өзін мамандықтар әлемінде таба білу
- БӨЖ мазмұны:
Жоспар:
1 Кіріспе бөлім
Кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімділігі.
2 Негізгі бөлім
2. 1 Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны
2. 2 Оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысының компоненттері мен мүмкіндіктері.
2. 3 Оқушыларға кәсіби бағдар берудің әдістері мен формалары.
3. Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1Кіріспе
Қазіргі уақытта, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмысын үйлестіру үшін тәжірибе ретінде қалаларда, аудандарда кәсіптік бағдар беру орталықтарын құру қайта қолға алынып отыр. Сонымен, алдағы уақытта халық шаруашылығының мамандар жөніндегі қажеттерін, өндірістік оқудың материалдық базасының мүмкіндіктерін, қалалық және ауылдық мектептердің мүмкіндіктерін ескере отрырып, мектеп оқушыларын еңбекке баулудың профильдерін, оқушылардың қоғамдық пайдалы және өнімді еңбегін өз дәрежесінде ұйымдастыру, олардың мақсаты, мазмұнды болуын, сөйтіп, жалпы білім беретін орта мектеп түлектерін дер кезінде еңбекке орналастыру тәрізді жауапты міндеттер тұр. Қазіргі кезде саны бар сапасы жоқ оқу орындары да көбейіп білім сапасын төмендетіп жіберді. Сонымен қатар мектепті он екі жылдыққа көшіру мәселесі көптеп қолға алынып жатыр. Сол үшінде мектеп қабырғасынан жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарына мықтап көңіл бөлуді қажет етеді. Әрбір оқушы мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтың маман болып жатса. Қазіргі заманымызға байланысты оқушыларға білім беру, сонымен қатар олардың кәсіптік бағдарын айқындау қажетті болып отыр. Өйткені, оқушы мектеп бітірісімен ол мамандық таңдап, оқу орнына түскісі келеді. Осындай жағдайда олар қаншама мамандық ішінен өзіне керегін таңдай алмай адасады. Сол себептен де оқушылардың мамандық таңдауында оларға бірден бір көмекші оның сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, ата-аналары болмақ. Ал енді сол кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізуде қандай жағдайларды ескеру керек?
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 3 бабында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдалран негізгі принциптерінде: «Оқушыларды кәсіптік бағдарлау» принциптері қамтылған. Қазіргі заманымызда оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру әрбір ұстаздардың алдына қойған басты мақсаты деп ойлаймыз. Ал енді білім мен тәрбие беру мен қатар оқушыларға кәсіптік білім беру көптеп қолға алынып жүр. Оқушылар мектеп бітірісімен белгілі бір кәсіп иесі болу керек. Бірақ оны іске асыру үшін және кәсіптік мамандық игермес бұрын кәсіптік бағдар жұмыстарына үлкен-көңіл бөлу қажет. Себебі оқушының кәсіптік ынтасын, икемділігін білмей кәсіпке баулу мүмкін емес. Осы кәсіптік бағдар жұмыстарын не үшін жүргізу қажет? Қалай жүргізуте болады? Нәтижесінде нені көруге болады? Осы сүрақтарға нақтылы жауапты төмендегі зерттеу жұмыстарының нәтижесінен байқауға болады. Қазіргі таңда мемлекеттің басты проблемаларының бірі -бұл білім, сол білімді сапалы меңгеру үшін мектеп кезеңінен бастап кәсіптік бағдар жұмыстарының жүргізілуі, яғни оқушылардың кәсіптік бағдары. Мектеп бітіруші оқушылардың мамандық таңдауы олардың басты мәселесі. Оның мамандықты дұрыс таңдауы қоғамға да, өзіне үлкен пайда келтірмек.
2. 1 Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны. Кәсіптік бағдар - бұл мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, кәсіптік ынтасына және қоғамның әр-түрлі деңгейдегі квалификациялы және әр-түрлі мамандық кадрларына сұранысымен жастарды дайындаудағы бағытталған іс-әрекет. «Мамандық таңдаудағы жастардың ойлануы» атты еңбегінде Маркс былай деп жазған «Мамандық таңдау дегеніміз - ол адамның бүкіл өмірін тас-талқан етіп, жоспарын жоқ етіп оны бақытсыз етуі мүмкін». Жастардың кәсіптік бағдары мәні жағынан тек қана педагогикалық проблема болып қоймайды. Оны қоғамдық проблема десе де болады, оны шешу үшін тек қана педагогтардың көмегі ғана емес, мектептің, мектеп аралық оқу-өндірістік комбинатының (МОӨК), кәсіптік техникалық мектептің (КТМ), кәсіптік техникалық лицейдің (КТЛ), кәсіпорындардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік еңбекпен қамту қызметінің және т. б. бірлескен іс-әрекеті қажет. Кәсіптік бағдардың қоғамдық проблема ретіндегі мәні қоғамның кадрларға деген сұранысын, ондағы қайшылықты басып өтуден жастардың кәсіптік талпынысынан көрінеді. Әрине, бұл қайшылықты шешуде педагогикалық ұжымның, мұғалімдердің, оқушылардың еңбектік және кәсіптік дайындығына жауаптылардың іс-әрекеті басты роль атқарады. Кәсіптік бағдардың теориясы және әдіснамалық сұрақтарына келіп тоқталатын болсақ, оны төмендегіше қарастыруға болады екен. Кәсіптік бағдардың мақсаты және тапсырмаларды теорияға және методологияға сүйене отырып жасалады. Теория мен әдіснамалық идеялар, көзқарастар, формалар, әдістер және принциптер түсініктері тексеріліп қалыптастырылады.
«Кәсіптік бағдар» түсінігі көптеген ғылыми түсініктер сияқты бір орнында қалып қоймайды. Ол қоғамның мақсатының көзқарасына, тапсырмаларына, әдістеріне, формаларына, кәсіптік бағдардың мағынасына қарай дамып отырады. Сондықтанда кәсіптік бағдардың жалпы анықтамасын бермес бұрын оның негізгі 3 кұраушысын; «іс-әрекет», «мамандық», «бағдар» нақтылап алайық. Философиялық сөздіктерде «іс әрекет» түсінігі адамның спецификалық формасы табиғатқа қарым-қатынасын, оны саналы түрде өзгерту және пайдалану белсенділігі ретінде анықталады. «Іс-әрекет» ұғымының қарастырып отырған «кәсіптік бағдар» ұғымына енгізілуі кәсіптік бағдар ұғымын тек практика жағынан ғана емес, теориялық іс-әрекет ретінде, нақтылап айтсақ, белгілі бір білім дәрежесін ғана емес сол білімді меңгерудегі іс-әрекетті дисциплинаралық ғылыми бағытты көрсетеді. Кәсіптік бағдарда практикалық іс-әрекет туындап, теориямен толықтырыла түседі, нәтижесінде кәсіптік бағдарда теориялық және практикалық іс-әрекетті ажырамас бөлік ретінде қарастырамыз[7, 9б] .
2. 2 Оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысының компоненттері мен мүмкіндіктері. Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады. Кәсіптік ақпарат - орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі. Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі. Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю, құрметтеу бағытында жүргізілу керек. 5-8 сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал 9-11 сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр - түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т. б. Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі - өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т. б. болып табылады . Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі. Кәсіптік іріктеу - (профотбор) мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі. Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен жүргізілетін «бейімдеушілік» түрінде болса, кәсіп-тік іріктеудің (профотбор) негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа «үйренуі» жатады. Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек әрекетінде іске асады. Кәсіптік бейімделу дегеніміз - мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мөні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында, еңбекке жаңл араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады. Оқушылардың мүмкіндіктері оқу және кәсіптік қызығулықтары әр-түрлі факторлардың әсер ету нәтижесінде құралады. Егер оның бәрі оң болса, онда шешуші фактор болып оқу және тәрбие беру деңгейі, мұғалімнің жеке қасиеті, оқу материалдық базасы жатады. Әрбір пән мұғалімі;
- нақты кәсіптік бағдарды іске асырады;
-сыныпта оқушылар арасында жолдастық қатынастарды реттейді;
-оқушылардың дүниетанымын, сенімін, моралдық, психологиялық
сапасын, дамытады және реттейді;
- оқушыларды оқытады және кәсіптік бағдар сұрақтары консультатция береді, оқушылардың белгілі бір еңбек саласына және оқу пәніне қызғуын тудырады және осы қызығуларды одан әрі дамыту үшін ұсыныстар береді;
- қандай да бір тақырыпты өту барысында мұғалім тақырыбына сай ауыл шаруашылығы және мәдениеті саласына және оған байланысты мамандықтарды сипаттайды, белгілі мамандардың жұмысымен жетістіктері туралы әңгіме етеді. Кәсіптік бағдар берудің үлкен мүмкіндіктері X - XI сыныпта кәсіптік оқыту бағдарламаларының бар болуы. Мысалы, қазіргі кезде програмист, жас юрист, кіші медбике, және т. б. мамандықтар бар. Кәсіптік оқуды және кәсіптік жеке қызығушылығымен таңдай отырып оқушы таңдауын өзінің болашақ кәсіптік іс-әрекетімен байланыстырады. Мұндай жағдайда еңбектік және кәсіптік оқу мазмұны оқу бағдарламаларының мазмұны мен сай келуі I - XI сынып оқушыларының кәсіптік бағдарының басты шарттары болып саналады. Еңбек сабағындағы кәсіптік бағдар жұмыстарына VIII - IX сыныптарда көптеп көңіл бөлу қажет, оларда бұл кезде қай кәсіпті таңдап, қайда барып оқысам деген сұрақ туындайды. IX сыныпты бітірген оқушының біраз бөлігі мектепте қалып оқуын X -XI сыныпта ары қарай жалғастырады және белгілі бір өзінің психофизиологиялық ерекшелігіне сай (дайындық) кәсіп меңгере бастайды. Мамандық таңдауда немесе өзінің болашақ кәсіптік іс-әрекет сферасын оқушы IX сыныпта таңдап қоюы қажет. Ол үшін мұқият (тиянақты) дайындалу керек. Осы мақсатта VII - VIII сыныптарда (VIII - IX) алынып тасталған «Өндіріс негіздері», «Мамандық таңдау» факультатив курстары қайта енгізілуі керек[20, 23б] .
2. 3 Оқушыларға кәсіби бағдар берудің әдістері мен формалары. Оқушыларға кәсіби бағдар берудің негізгі формаларына біз; оқу лекциялары, саяхаттар, пәндік сабақтар және техникалық үйірмелер, кәсіптік бағдар әдебиеттері, кино және сахналық қойылымдар, курстар, оқу өндірістік практикасы, конференциялар, олимпиадалар, тақырыптық кештер, диспуттар, әр-түрлі маман иелерімен, оқушылардың ата-анасымен мектеп түлектерімен кездесулер, қоғамдық пайдалы еңбек, әр түрлі жиындар, кәсіптік бағдар кабинеті немесе бұрышын жатқызамыз. Кәсіптік бағдар әдістері әр-түрлі. Оқушының (жеке тұлғаны) зерттеу мақсатында педагогикалық бақылауды, іс әрекет қорытындысын (талдауларын) оның оқу биографиясындағы нәтижесін, анкеталық, интервью алу, әңгімелесу, социометрия, психоло-педагогикалық және лабораториялық эксперименттер, психологиялық тестілер қолданылады. Кәсіптік ақпаратта әңгіме, демонстарциялау, лабораториялық және практикалық тапсырмалар, кітаппен жұмыс. Кәсіптік консультация ұзақ жүйелік бақылау және түрлі оқып үйрену әдістермен жүргізілген бақылау көмегімен анықталған және нақтыланған, сонымен қатар консультация кезінде психологиялық және лабораториялық эксперимент, медициналық және түрлі әдіс көмегімен тұлғаның мінездік қасиеттерін есепке алады. Кәсіптік бағдар беру әдістерінің сан қырлы салаларын екі топқа бөліп көрсетуге болады;
Кәсіптік бағдар кабинеті
Диспуттар
Кәсіби бағдар берудің формалары
Саяхаттар
Пәндік сабақтар
Тақырыптық кештер
Техникалық үйірмелер
Әртүрлі маман иелерімен кездесулер
Кино, сахналық
қойылымдар
Курстар
Оқу өндірістік
практикасы
Оқу лекциялары
Конференциялар
Олимпиадалар
Қоғамдық пайдалы еңбек
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz