Әрекеттің мақсатын анықтау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
АҒЫЛШЫН ТІЛІ КАФЕДРАСЫ

БӨЖ
Тақырыбы: Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары

Қабылдаған: Данияров Т.Ә.
п.ғ.к,. профессор
Орындаған: Смаилова З.
ФАТ-811А тобының 2- курс студенті

Түркістан - 2019
Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары.
БӨЖ-дің мақсаты мен міндеті: Білім алушылардың өзін-өзі ұйымдастыру, тәрбиелеу және өзіндік білім алу қабілеттерін дамыту
БӨЖ мазмұны:
Жоспар:
1 Кіріспе
Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары, тәрбие жүйесінде оның орны және рөлі
2 Негізгі бөлім
2.1 Балаларды тәрбиелелеу жұмысының міндеттері
2.2 Балалар бірлестігінің түрлері
2.3 Тәрбие жұмысында қолданылатын белсенді әдістері, әдістемелік тәсілдері
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Кіріспе
Тәрбие - педагогикалық процестің өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі мәлім. Олай болса, оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Мектеп жағдайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру, сынып жетекшілеріне жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты. Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі әрі жауапты іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол - сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптсуын адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін, оқуға, өмірге деген ынтасын арттырып, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс [4, 7 бет].

2.1 Балаларды тәрбиелелеу жұмысының міндеттері. Тәрбиелік жүйе - 1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс- қимылдары үдерісінде туындайтын мақсат, субьектілер, олардың қызметі, пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар мен олардың психологиялық жағдайы қамтылған тұтас әлеуметтік организм; 2) өзінің басты қызметі - тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе.
Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті - оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады.(30 бет) Мектеп құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып - сынып ұжымы есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-қатынастың алғышарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланады. Олай болса, оқушылар ұжымы деп - ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын айтамыз. Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім алуға болмайды. Бұлар бір- бірімен өзара тығыз байланысты болып келеді. Саналы тәртіп - мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сипат - өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін, оқушылар ұжымының мүддесіне бағындыра білу.(3,34бет)
Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет - білім алу мен оқу әрекетінің сапасын үнемі арттырып отыру. Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз - оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйытқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастырудағы білімі мен қабілеті. Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі іс-әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезеңі[3, 35].
Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар - ұжымның ұйытқысы. Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыруда соғұрлым жеңіл болады. Оқу - тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету - сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын айқындайды, өзін-өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады. Оқушылардың санасы мен белсенділіктерін арттыруды, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы және тәрбиелік мәні зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жауапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады. Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін- өзі тәрбиелеуі маңызды. Өзін-өзі тәрбиелеу - баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінің нәтижесі. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы - олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі. Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесінен өзін-өзі дербес басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процесс.

2.2 Балалар бірлестігінің түрлері. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы - қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде оқушылар ұжымының өмірін ұйымдастырудың демократиялық бағыттағы формасы. Соған сәйкес оның өзіндік белгілері бар:
оқушылар ұжымының белгілі бір мәселеге қатысты өз алдына дербес шешім қабылдауы және оны жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы;
дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;
сынып ұжымының өмірін педагогикалық тұрғыдан демократиялық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы;
ұжымның әрбір мүшесінің оқушылардың сынып, мектеп, және қоғамдық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы.
Бұдан шығатын қорытынды ретінде, өзін-өзі басқарудың шартты түрде алынған негізгі ұстанымына:өзіміз шараны ойластырамыз;өзіміз жоспарлап, өзіміз оны атқарамыз;өзіміз қорытынды жасаймыз қағидаларын жатқызуға болады. А.С. Макаренконың көзқарасынша Өзін-өзі басқаруды әрекет тудырады, басқадай болуы мүмкін емес. Олай болса, өзін-өзі басқару тек ортақ мақсатқа жетудегі белсенді әрекеттің жемісі[1, 171,172 бет].
Өзін-өзі басқару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады:
Сынып жағдайында өзін-өзі басқару оқу, еңбек, көпшілік- мәдени, спорт секторларының жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңесінің төрағасы басшылық жасайды.
Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін-өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады. Оны жалпы мектептің өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы және оның орынбасары басқарады. Олар тек оқушылар есебінен сайланады. Бүгінде мұндай дәстүрлі тәжірибе кейбір алдыңғы қатарлы мектеп практикасында Парламент түрінде өзінің жұмысын жалғастыруда. Оның жұмысына мектеп әкімшілігінің тәрбие жөніндегі орынбасары жетекшілік етеді.
Мектеп жағдайында тең төрағалық басқару жүйесі арқылы атқарылады. Оның құрамына оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесі мүшелері (тұрақты комисссиялардың бағытына байланысты шамамен - 7 оқушы), кеңесші мұғалімдер - 5, ата-аналар - 2 адам кіреді. Мұның қызметі негізінен мектептің даму болашағы мен оның өмірін жақсарту және шешім қабылдау мәселелерін стратегиялық жоспарлауды көздейді[3, 42 бет].

Мектеп және оқушылар өмірін басқарудың мұндай жүйесі қоғамды демократия жолмен басқарудың негізін қалайды, соған сәйкес оқушыларды тәрбиелейді. Бүгінде оқушылардың өзін-өзі басқаруды дамытуда белсенділерді даярлау міндеті өзекті мәселе болып отыр. Ол үшін олардың мектеп, қоғам өміріндегі саналы көзқарастарын орнықтырып, олардың мектепті басқару ісіне еркін араластыруына, әрбір оқушының әлеуметтану процесіне қатысуына жағдай туғызу керек. Әрине, негізгісі оларды осындай етіп міндетті түрде тәрбиелеу керек.Оқушылар ұжымындағы өзін - өзі басқаруды дамыту үлгісін шартты түрде былай көрсетуге болады:
Әрекеттің мақсатын анықтау.
Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болып талқылау.
Басқару мәселесін қою (идея ұсыну).
Шешімді ұжым болып талқылау (жобасын немесе бір нұсқасын таңдау).
Шешімді қабылдау( жобаны бағалау).
Шешімді жүзеге асыру (әрекетті пәрменді түрде ұйымдастыру).
Ұжым болып нәтижесін қорытындылау (өздерінің мүмкіншілігін бағалау).

Өзін-өзі басқару процесінің қозғаушы күші ондағы мотивтің болуы. Сондықтан, өзін-өзі басқарудың жоғарыда әрбір кезеңі мотивті қалыптастыруға нақтылы ықпал етуі тиіс.
2.3 Тәрбие жұмысында қолданылатын белсенді әдістері, әдістемелік тәсілдері. Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының жан-жақты қалыптасуын және күш-жігерінің артуын қамтамасыз ету. Соған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық қызметтің құрылымы
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби қызметін қалыптастырудың ғылыми- педагогикалық негізі
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудағы дифференциациялық қатынас
Педагогикалық iс-әрекеттiң құрылымы
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде.Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
Сынып-сағатының, тәрбиенің мәні мен мағынасын ашу
Мұғалім еңбегінің профессиограммасы - мұғалім тұлғасының моделі
Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесінде ойынды қолдану ерекшелігі
Балалардың оқу мотивациясын қалыптастыру
Мектепке дейінгі ұйымның жобалық қызметін ұйымдастырудың негізгі аспектілері
Пәндер