Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
АҒЫЛШЫН ТІЛІ КАФЕДРАСЫ
БӨЖ
Тақырыбы: Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары
Қабылдаған: Данияров Т. Ә.
п. ғ. к, . профессор
Орындаған: Арипжан Ж
ФАТ-812 тобының 2-курс студенті
Түркістан - 2019
- Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары
- БӨЖ-дің мақсаты:Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстарының маңыздылығын ұқтыру.
- БӨЖ-дің мазмұны:
Жоспары:
1 Кіріспе
Балалар ұйымдары және оның маңыздылығы.
2 Негізгі бөлім
2. 1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның орны және рөлі.
2. 2 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері, ұйымдастыру принциптері, қызметтері мен мазмұны, құралдары, формалары және әдістері.
2. 3 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі
2. 4 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі формаларына сипаттама.
2. 5 Мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық талаптары
2. 6 Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің түрлері, қызметтері және міндеттері.
3 Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Кіріспе
Балалар ұйымдары - балалар мен жасөспірімдердің ерікті ұйымдары; қоғамдық ұйымның айрықша түрі, келесі белгілері ие болады: балалар мен ересектердің бірлескен қызметін жүзеге асыруына бағытталған кұндылық мұраттың (мақсаттың) болуы; ұйымға еркін ену және одна еркін шығу; бекітілген мүшелілік; ұйымдастырылған өзіндік, өзін-өзі басқару, бірлескен әлеуметтік шығармашылық; ұйымның әр мүшесі жағдайын анықтайтын нақты айқындалған құрылым; барлығына орнатылған нормалар, ережелер, сонымен қатар бірлескен қызметін жасаудағы кепілдемелі құқықтар (қызмет етудің түрлерін, формалары мен жолдарын таңдау құқығы) ; оның кұрамында кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың болуы; жарғының, бағдарламаның, ереженің болуы.
Дүние жүзіндегі алғашқы балалар ұйымдары - скауттер ХХ ғасырдың басында қалыптасты. Ағылшын тіліндегі «scout» сөзі «барлаушы»- деген мағына береді. Скауттердің қағидаларын ағылшын полк Р. Баден - Поуэлл (1857-1941) өзінің “Скауттер үшін инструкция”, “Жастар үшін скаут өнері” (1898) сияқты еңбектерінде негіздеді. Скаутшілер жер бетіндегі балалар мен жасөспірімдер дос және бауыр деген принципті ұстанады. Ешқандай партияға бағындырылмады. Ұл балаларға арналған ұйымды бойскаут (boyscouts), ал қыз балалар ұйымын герлскаут (gіrlscouts) деп атады. 1921 жылы скауттер ұйымы 63 мемлекетте (Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Италия, Франция, Швеция, Үндістан, Ресей, т. б. ) жұмыс істеді. КСРО-да Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ коммунистік партияның, кәсіподақ ұйымдарының басшылығымен өзінше қызмет атқаратын балалардың жаппай бірлестігі, яғни Балалар ұйымдары құрыла бастады. Олар алғаш жеке топтар ретінде дамып, 1922 жылы В. И. Ленин атындағы бүкілодақтық пионерлер ұйымы құрылды. Бастауыш сыныптардың оқушыларын біріктіретін октябряттар тобы болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін бұл ұйым көптеген елдерде құрылып, дамыды. Олардың арнаулы демалыс орындары, сарайлары мен спорт кешендері болды. Қазақстанның 1991 жылдан кейін құрылған. Балалар ұйымдары Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әрекет ететін, ерікті қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Олар Халықаралық демократия жастар федерациясы өткізетін халықаралық семинарлар мен кеңестерге қатысып отырады [1] .
2. 1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның орны және рөлі. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады. Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл өте өзекті мәселеге айналуда. Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуте тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуте ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар "бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін" деген қағиданың маңызын жете түсінеді т. с. с. Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын тандауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуте мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұған қосымша, оған шығармашылық белсенділікті талап етеді. Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайды болмауын қажет етеді. Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады.
2. 2 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері, ұйымдастыру принциптері, қызметтері мен мазмұны, құралдары, формалары және әдістері. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді − білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.
Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рол атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыратын ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін т. б. үйретеді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсеге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады.
Осындай жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның мақсатын нақты анықтау кажет. Мысалы мұғалім "қонаққа барған жағдайда қандай мінез-құлық ережелерін сақтау" қажеттігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік Ол үшін оның мақсатына баланың "мінез-құлық ережесі" туралы білімдерді кеңейтуді белгілейді. Бұл тәрбие жұмысының білімділік қызметін аткарады. Яғни балада қонаққа барған жағдайда белгілі бір мінез-құлық ережелерін ескеруді қалыптастыру; этикалық нормалары сақтауға үйрету; "мінез-кұлық нормалары" деген этикалық ұғымды қалыптастыру; сол сыныптағы балаларда кездесіп қалатын "мінез-құлық нормаларына" қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға арналған міндетердің түрі белгілейді.
Осы бағыттағы жұмыстың мақсат, міндеттері және қызметін анықтау жұмыстары оның мазмұны мен формасы таңдауға ықпал етеді.
Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделген адам баласы өмірінің әртүрлі саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі: ғылымда өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым қатынаста, моралдық бейнесінде бастан кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады.
- Біріншіден, сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді ( сезімі арқылы ақыл ойына әсер етуді көздейді) ;
- Екіншіден, баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды (әртүрлі іскерлік пен дағдысын жетілдіруді) көздейді;
- Үшіншіден, жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру;
- Төртіншіден, коммуникативтік біліктілігі мен дағдысын тәрбиелеу (ұжымда өмір сүре білу, ұжым болып ауызбірлікте қоғамдық пайдалы істерді атқару т. с. с. ) ;
- Бесіншіден, этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.
Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігін анықтауда Н. К. Крупская
еңбектерінде жасалған оның негізгі принциптері және қазіргі жағдайда әрине, түзетуді кажет ететін тәрбиенің жалпы принииптері басшылыққа алынады. Тәрбиенің даму теориясының диалектикасы мынадай, ол балаларды тәрбиелеу мен мектеп тәжірибесі негізінде пайда болып, ол өзінің объектісі тәрбиемен, оның барлық қазіргі әр түрлілігімен жүруі керек, тәрбиелеу мәселелерін кең ұғымда қамту, бір жағынан, бірнеше жаңа ғылыми-педагогикалық бағыттардың пайда болуына және ғылыми синтезге алып келу, екінші жағынан кең педагогикалық теорияның құрылуы қажет . Қоғамдық іс-әрекет ретінде пайда болған мектептен тыс жұмыс әрекеттің әр алуан түрінің және педагогикалық жетекшілердің өзгеше құралдарыныңарқасында әлеуметтік - педагогикалық мәртебеге ие болды.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға ұлттық тәрбие беруде мынадай принциптер басшылыққа алынады:
- балалардың қызығушылығына қарай ерікті бірлесуі негізінде айналысудың жаппайлығы және көпшілікке қажеттілігі, олардың ынтасы мен әрекеттілігінің дамуы;
- әрекеттің қоғамдық пайдалы бағыттылығы: мектептен тыс жұмыстардың әр түрлі формасы; балалардың жас және дара ерекшеліктерінің есебі. Бұл принциптер сыныптан тыс жұмыстар қызметінде іске асыра отырып, сыныптан тыс жұмыстардың мынадай ерекше белгілерін сипаттайды: сыныптан тыс жұмыстарға балалардың жаппай және ерікті қатысуы; әрекеттің белгілі түріне қызығушылығы мен бағыттылығына қарай оқушылардың дифференциялануы; практикалық міндеттер мен әрекеттің жақын нәтижесін қою; қатынас пен қатысу саласының әр түрлілігі; уақытша сыныптан тыс ұжымның құрылымы, өзін-өзі тану, өзін-өзі іске асыру және өзін-өзі жетілдіру негізінде ересектер мен балалардың субъективті-объективті қарым-қатынасы, біздің қоғамымыздың әр түрлі мамандығы мен саласының өкілдерін, педагог мамандарын байланыстыратын ерекше педагогикалық ұжым, сыныптан тыс жұмыстардың әдістемелік бағыттылығы, дара және ұжымдық шығармашылықтың бірлігі.
Сыныптан тыс жұмыстарда педагогтар белгілі бір әлеуметтік мәдениетте балалардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту ісін жасаса, әрі тәрбиеші ролінде өздерінің дүниетанымы, өз тәжірибесі және іскерлігі арқылы жасөспірімдерді әлеуметтік шығармашылық істерге араластырады, белгілі әлеуметтік жағдайда өмір сүруге және еңбек етуге үйретеді, қоғамдық тәрбие мақсатын тұлғаның өзін өзі дамыту мақсаттарымен тығыз байланыстырады. Осылайша, тұлғаны тәрбиелеудегі мақсат бір жағынан өзін дамыту жолында алдына қоғамды қоятын, екінші жағынан, қоғам өзінің әрбір мүшесінен күтетін міндет пен мақсаттан келіседі.
Мұндай жағдайда, өз қоғамының мәдени құндылықтарымен қаныққан және оның идеяларын қабылдаған азаматты тәрбиелеу нәтижесінде жеке тұлға мен қоғам арасындағы үйлесімділікті туғызады. Бірақ өсіп келе жатқан тұлғаға мақсатты әсерлерді жүзеге асырушы әрбір тәрбиелеу институттары мына жағдайда ғана, егер бір жағынан, басқа институттармен өзара байланысқа түсетін болса, ал екінші жағынан − осы процесте тұлғаның өз белсенділігін арттыра білу шартына сай тұлғаны тұтастай жасап шығаруда маңызды жақтарын игеруде ғана тиімді нәтиже алады.
2. 3 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі. Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік қызметі − бұл жас балалар мен жасөспірімдерді ғылымның, техниканың, мәдениеттің, өндірістің түрлі салаларына дайындаудың қоғамдық кажеттілігіне негізделген кең және динамикалық жүйе. Ол көп жоспарлы, әрі көп қызметті, өз ерекшелігі және педагогикалық процестің екі субъектісі тәрбиелеуші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысы бар жүйе. Ол (жүйе) тәрбиеленушілердің өмір тіршілігін ұйымдастыруда олардың қоршаған ортаға белгілі қатынасын жасауда мақсатты бағытталған тәрбие әрекеттерінің жүйесіндегі шағын жүйе ретінде шығады. Оның негізгі компоненттері: қызмет субъектісі; кажеттілік, мақсаттылық, заттық, тәжірибелі бағыттылық; процестің нақты әрекетін ұйымдастыру мен қамтамасыздығы; нәтижелілік болып табылады.
2. 4 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі формаларына сипаттама. Сыныптан тыс жұмыстың тәрбиелік қызметі- дара және қоғамдық қажеттіліктердің байланысы негізінде базалы (мектептік) дайындық пен мектептен тыс сабақтар арасындағы сабақтастықты; тұлғаны тәрбиелеуде әр түрлі жақтардың арасындағы және тәрбиенің кешенді тәсілдеріндегі өзара байланыс, үйлестілікті, білім мен тәжірйбелік әрекеттерді меңгеру процесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы, дербестігі және педагогикалық ықпалының өзара байланысын; тәрбиеленушілерге дифференциалды жолы мен балалардың жасы мен тәжірибесін есептеумен уақытша әр жастағы ұжымның, балалардың мұқтаждықтарын педагогтардың мүмкіншіліктерін ашу болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік қызметтерінің жүйесі тұлғаның сапасын дамытудың түрлі деңгейіндегі жасөспірімдерге жасалған диференциалдық жолымен сипатталады.
2. 5 Мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық талаптары. Жалпы тәрбиенің шағын жүйесі ретінде сыныптан тыс жұмыстары балалармен жұмысты педагогикалық жағынан ұйымдастырудағы өзгешелігінен ерекшеленеді. Біріншіден, бұл жасөспірімдерді біріге тартатын, одан өзінің іскерлігі мен қатыстығын көрсетуді талап ететін тақырыптық-практикалық әрекеттің жаппай және топтық түрлері. Бұл негізінен, кешенді ойын-жарыстар, шығармашылық мейрамдар, сайыстар фестивальдар және т. б. Бұларға қатыса отырып, балада таңдау мүмкіндігі туады.
Өз бойына танымдықты, рақатты, көңіл көтеруді біріктіретін жұмысқа қатысудың еріктілігі барлық адамға соның ішінде балаларға өз күшін сынауға, ұнауға лайықты болуға, өзінің жетістіктерін жолдастарының табыстарымен салыстыруға жететіндігіне жағдай жасайды. Екіншіден, бағытталған қызығушылыққа және мүмкіншіліктерге сәйкес жүйелі әрекетпен айналысқысы келетін балалар үшін үйірмелер, секциялар, студиялар, лабораториялар және басқа да шығармашылық бірлестіктер. Мұндай ұйымдастыру формалары қабілеті мен дайындығына қарамай ниет білдіруші барлық жасөспірімдерді бірдей қатысуға мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, әбден дайындалған жасөспірімдерге арналған жұмыстың формалары мен түрлері. Бұлар оқушылардың ғылыми қоғамы, ғылым, техника әуесқойларының жазғы мектеп - лагерлері, экспедициялар (архиологиялық, геологиялық, фольклорлық т. б. ) жатады.
Сыныптан тыс жұмыстардың шартында ұйымдастырудың барлық осындай әдістері балаларға дифференциалды әсер етудің есебімен бір уақытта әрекет етеді. Бірақ олардың тұлға потенциалын шығармашылықпен дамытуда бейімділігін атап көрсетуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz