Ақша айналысының заңы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері
Жоспар:
Кіріспе____________________________ ___________________________________ _3
Негізгі бөлім:
1. Ақша нарықтық экономикадағы рөлі мен орны
1.1 Ақшаның эквивалент және экономикалық категория ретінде түсінігі____________4
1.2Ақшаның атқаратын қызметтері ___________________________________ ______7
1.3 Ақша айналысының заңы_______________________________ _____________9
2. ҚР ақша жүйесі
2.1 Қазақстандағы ақша реформалары________________________ _______________11
2.2 Теңгенің тұрақтылығымен қамтамасыз ету жолдары________________________20
Қорытынды__________________________ __________________________________2 2
Қолданылған әдебиеттер тізімі:____________________________ _______________23

Кіріспе

"Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері" атты осы қурстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер экономиканың не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың жауабын білу, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша -- ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оныңқұннанжоғары да, төмен де, тең де болуымүмкін. Бұлөзалдынаталдаудыталапетеді. Табиғатөздігіненақшаны да, банкирді де туғызғанемес. Экономикалыққатынастардыңдамуыменба йланыстыалтынғаосындайқасиеттіқоғам берген. Адамдардыңалтындыақшаретіндепайдала нуыоның осы қасиетіментүсіндіріледі. Сонымен, ақшаерекшетауар, ол тауарлардүниесіненжеке дара бөлініпшығыпжалпыэквиваентрөлінатқа рады.
Курстық жұмысты кіріспе,екі бөлім,қорытынды және пайдалынылған әдебиеттер құрайды. Бірінші бөлімде, ақшаның нарықтық экономикадағы рөлі, маңызы оның орны, қызметтері, ақша айналысының заңы туралы сөз қозғалады. Ақша қазіргі нарық жүйесінде маңызды рөл ойнайды.Оның өзіндік экономикалық категориясы мен эквиваленті туралы бірінші бөлімнен оқи аласыздар. Екінші бөлімде, ҚР ақша жүйесі, Қазақстандағы ақша реформалары, ұлттық валютамыз теңге туралы анықтап көрсетіледі.
Курстық жұмыстың мақсаты :
-ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
-- ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және ақша реформасының теориялық аспектілерін қазіргі экономика тұрғысынан ашып қарастыру.
-- Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасының ерекшеліктерін толық қарастыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан - 2030 атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

1. Ақша нарықтық экономикадағы рөлі мен орны
1.1 Ақшаның эквивалент және экономикалық категория ретінде түсінігі

Ақша - бұл барлық тауарлардың құнын көрсетіп, олардың айырбасында аралық қызмет атқаратын жалпы тауарлық эквивалент. Ақша - жалпыға бірдей эквивалент болып табылатын ерекше тауар. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері белгілі:
1) ол нақты бір заттың қоғамдық тұтыну құны болатындығын;
2) онда абстрактылы еңбек бейнелейтін құнын да болатындығын;
3) тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Ақшаның мән - мағынасы үш қасиетінің бірлігімен өрнектеледі:
ақшаға жалпыға бірдей тікелей айырбасталушылық қасиеті тән, яғни оларды тауарлар мен көрсетілген қызметтерге ешқандай шектеусіз әрқашан және барлық жерде қабылдауға тиіс;
ақша тауарлардың айырбас құнын өрнектейді. Олардың көмегімен тауарлардың бағасын анықтауға болады, оларды тұтыну құны түрлі болатын айырбас қамтамасыз етеді және түрлі мөлшерімен салыстырылады;
ақша тауардың ішіне алынған жалпыға бірдей жұмыс уақытының іске асырылуы болып табылады, яғни ақшаға жұмсалған жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлардың құны өлшенеді.
Сонымен, ақша дегеніміз - бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін жалпыға бірдей баламасы.
Ақшаның пайда болуын маркстік және неоклассикалық мектептер айырбас, сауданың даму үрдістерімен, шаруашылықтың нарықтық формасының нығаюымен байланыстырды.
Ақша өзінің тарихи даму эволюциясындамынадай кезеңдерден өтті:
1) металл ақша;
2) қағаз ақша;
3) кредит ақша;
4) электронды ақша.
К. Маркстің теориясында ақша бұл ерекше тауар. Ол ақшаның шығуын құн формасының дамуымен байланыстырды. Құнның ақшалай формасында барлық тауардың эквиваленті алтын болды. Маркстің теориясында ақша рөлін бағалы металдар - алтын мен күміс атқарған. Бұл ХІХ ғасырдың басындағы алтын стандарт жүйесінің болуымен дәлелденеді. Алтынның ақша рөлін атқаруының негізгі себептері:
- сақталымдылығы;
- портативтілігі ( шамалы көлемінде жоғарғы құндылықтың болуы);
- экономикалық бөлінуі ( алтын құймасы, яғни салмағы жағынан екіге бірдей бөлінген бөліктердің құймасының құны дәл екі есеге азаяды). Мұндайқасиетмалда да, бағалытерілерде де, інжу-маржандарда да жоқ.
- алтынныңсалыстырмалытүрдетабиғаттағ ысиректігінде.
Ақшаежелгізамандапайдаболды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден - бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат) оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды.
Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ. Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны- белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны - мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдер ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір - бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Егер (еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе коғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның коғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнның алу кұралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну кұны ретінде көрінеді. Оның кұны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар -- барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу кұралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы кұндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Кұнның жалпы кұндық формасы ақша формасына айналды.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы кұндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі.
Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе; тундрада - бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда "өгіз" деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі "пекуния" (ақша) "пекус" ("мал") сөзінен шыққан. "Рупа" ("мал") сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы "рупия" негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де "мал" деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. Былай деген "біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады". Ол кездегі қазынашы "малшы", қазына, қазына жинау орны - "мал ұстайтын орын" деп аталынды.
Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде колданды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды.
Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи акша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай "монеталардың" диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде кұлдарды пайдаланды. Сонымен, бір кұлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын әсімдік өнімдері -- зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, тағы басқа..
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионосий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды.
XVII ғасыр Солтүстік Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер колданылды. Металл ақшаларының артықшылығы, олар -- біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және тағы басқа. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебі салмағының жүйесі нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және тағы басқа формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы драхма - бір уыс шеге деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазанның, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды.
Монеталардың пайда болуы -- ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. Егер де монетаның номиналды құны, сол монетаның құрамындағы металдың құнына тең болса, онда ол - толық құнды ақша болады. Ал, толық құнсыз ақшаны біз - билонды ақша деп атаймыз
Монеталық ақша айналысының тарихында мынандай түсініктер қалыптасқан:
биметаллизм - жалпы эквивалент рөлін екі металл, яғни, алтын мен күміс атқарады,
монометаллизм - жалпы эквивалент ролін ақша жүйесі ретінде бір металл атқарады.
Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналасынының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналасында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
XIX ғасырда социал утопистері -- Прудон, Оуэн, Грей және басқалар акшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент. Ақша -- жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет коғаммен берілген".
Алтын жалпыға бірдей эквивалент рөлін орындау үшін ең бір
лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында" ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары кұнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соғады. Алтынды колдану жылдан-жылға өсуде. Ол әртүрлі салаларда пайдаланылады - электроникадан бастап, зергерлік-іскерлікке дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі.
Ресей XIX ғасырдың 20 -жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндігі үлесі 40 % кұрады. Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр.
Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де колданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұнымен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды алды. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.

1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері
Ақшаның нарықтық экономикадағы рөлі еңбекақыны төлеу, сыйақы түрінде еңбек шығынының құндық өлшеуіші және бақылау ретінде, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне, еңбектің мөлшері мен сапасының құралы ретінде, сондай - ақ еңбек өнімділігін ынталандыру мен арттыру құралы ретінде білінеді.
Экономикалық санат ретінде ақшаның мәні олардың атқарымдарынан білінеді, олар ақшаның ішкі негізін, мазмұнын көрсетеді. Ақшаның әрбір атқарымы тауарлар айналысының үдерісінен келіп шығатын әлеуметтік - экономикалық қатынастардың бір жағын сипаттайды. Заманалы экономикалық әдебиетте атқарым саны жөнінде түрлі пікірлер кездеседі.
Ақшаның мәні оның тауар өндірісі мен айналыс сферасында атқаратын қызметінен көрінеді. Ақша өзара байланысты 5 қызмет атқарады: құн өлшеуіш, айналыс құралы, қорлану несиеге қазына жинау құралы, төлем құралы және дүниежүзілік ақша қызметі.
1.Құн өлшемі - бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Құн өлшемінің қызметін атқара отырып, ақша тауарлар құндарын өлшейді. Ақшада белгіленген тауардың құны оның бағасы болады.
Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да дәне сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.
2. Айналым құралы - осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет
3.Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақшаайналысынтоқтатадыжәнежиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.
Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етті. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т - А - Т айналымының екі актілерге Т - А және А - Т айрылуымен байланысты.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы байлықты білдірмейді. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру - алтын монеталар құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады.
4.Төлем құралы - бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.
5.Дүниежүзілік ақша - дүниежүзілік ақша қызметін халықарлық экономикалық қатынас кезінде атқарады. Бұл қызметті тек алтын немесе алтынға еркін айырбастала алатын валюталар ғана атқара алады.
Еске салып кететін нәрсе, бұл қызметтер алтын стандартты кезеңінде орындалды, олар халықаралық есептеу үшін қолданылады. Қазіргі кезде әлемдік ақша рөлін ұлттық ( доллар, иена және басқалар) немесе ұжымдық ( евро, араб есептесу динары және басқалар) валюталар орындайды. Алдағы уақытта ұжымдық валюталар негізінде ұлттықтан жоғары біртұтас төлем құралы , әлемдік ақша сияқты төлем құралы қалыптасуы мүмкін.
Тарих куәландырғандайғ монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептелінеді. Онда ең алғашқы рет шамамен б.д.д. 7-ші ғасырда ойып - өрнектелген түрінде шықты. Ал монета термині Юнон - Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.
Сонымен, ақша экономикада аса маңызды рөл атқарады: бұл өз тегіндегі майлау тәрізді, ол экономикадағы трансакциялық шығындар есебінен жайлап қозғалуына, бір мезгілді еңбектің мамандандырылуы мен бөлінуін ынталандыруға мүмкіндік береді.

1.3 Ақша айналысының заңы

Қайта құру кезеңіне дейін "ақша айналымы" мен "ақша айналысы" ұғымдары арасында айтарлықтай шек койылатын.
Ақша айналысы деп - қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде кызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы -- ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысы - бұл төлем құралы мен айналыс құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы.
Ақша айналасының объективті негізі -- тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым козғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функицяларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.
Жалпы акша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның кызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекакрі, зейнетакрі, стипендия төлеу үшін, банктен қарыз алу үшін және тағы басқа мақсаттар үшін қолданылады.
Ақша айналысы - бұл төлем құралы мен айналыс құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы.
Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі -- қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін өндіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақшаа банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жылдары қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғышарттары жасалынды.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрістеп жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27%-зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек несиелік карточкалар, тағы басқа көмегімен жүргізіледі.
Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қома-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуына мүмкін.
Сонымен бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:
- өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп
айырысулармен байланысты ақша айналымы;
- тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша
айналымы;
- ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл,
қағаз несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.
Айналысқа қажетті ақша мөлшері қандай әдіспен есептелсе де кез келген елдің орталық банкінің міндеті айналыстағы ақша көлемін қысқарту болып табылады. Өйтпеген жағдайда инфлияцияға әкеліп соғуы мүмкін.
Қазіргі ақша жүйесі қолма - қол және қолма - қолсыз ақша айналысы, сонымен қатар қатаң бекітілген және еркін ақша айналысы жүйелерімен сипатталады.
Қазақстанда кәсіпкерлер арасындағы еспе айырулар қолма қолсыз ақша айналысы (шоттан шотқа ақша аудару) жүйесінде жүргізілуі міндеті орнатылған.Қолма қол ақша айналысы бөлшек сауда барысында қолданылады.
Айналысқа қажетті ақша мөлшері қандай әдіспен есептелсе де кез келген елдің орталық банкінің міндеті айналыстағы ақша көлемін қысқарту болып табылады. Өйтпеген жағдайда инфлияцияға әкеп соғуы мүмкін.
Белгілі бір мерзім аралығында ақша айналысындағы сандық өзгерістерді талдау, сонымен қатар ақша массасының көлемін реттеу шараларын іске асыру үшін ақша агрегаттары қолданылады.
Қазақстан Республикасының ақша массасының құрылымына келесі ақша агрегаттары кіреді:

М0 = айналыстағы қолма-қол ақша;
M1 = M0 агрегатты + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;
M2 = M1 = теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;
Қазіргі кезде айналысқа қажетті ақша көлемін анықтау мәселесі улкен маңызға ие.
Бұл көрсеткіш К.Маркс ұсынған формула бойынша есептеледі.

AC = ∑БС-Н+ НТ- ӨТАЖ
мұндағы:
АС - айналысқа қажетті ақша мөлшері.
БС - өндірілген тауарлар мен қызметтер бағасының сомасы.
Н - несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы.
НТ - мерзімі жеткен несиелерді төлеу сомасы.
ӨТ - өзара өтелінетін төлемдер сомасы.
АЖ - ақша айналысының жылдамдығы.

2. ҚР ақша жүйесі

2.1 Қазақстандағы ақша реформалары
Ақша жүйесі - бұл әрбір елде тарихи қалыптасқан және мемлекетпен заң бойынша белгіленген ақша айналысын ұйымдастырудың формасы.
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша ай налысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар. Ақша жүйесі - бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды.
Ақша жүйесінің негізгі элементтеріне келесілер жатады:
1. Елдің ақша бірлігінің аты (теңге).
2. Эмиссия тетігі - бұл ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алудың тәртібі.
3. Айналымға ақша жинағының құрылысы - бұл қолма - қол және қолма- қолсыз ақшаның өзара қатынастары.
4. Ақша айналымын реттеу - бұған айналымдағы ақша массасы реттейтін Орталық банктің ақша-несие (монетарлық) саясаты жатады.
5. Валюта бағамын белгілеу - бұл бір мемлекеттің ақшасының басқа мемлекеттің ақшаларымен өзара қатынасын анықтау. Бағамның Ұлттық валютасының бағамын анықтаудың 2 тәртіптемесі қолданылады:
- бекітілген бағам;
- еркін жүзетін бағам (1999 жылдың 5-ші сәуірінде Қазақстанда еркін жүзетін бағам орнатылды).
6. Касса тәртібін ретке келтіру - бұл кассалық операциялардың жүргізу тәртібі. Қазақстанда 1992 жылы бекітілді.
Ақша бірлігінің - барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. ҚР-дың ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады. Ақша бірліктерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесе болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.
Эмиссия тәртібі - бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
Ақша түрлері заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1долларлық бнак билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс және мыс-никельдік монеталар жүреді.
Валюталық бағам дегенміз - бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ақша жүйесінің мынадай типтері болады: - металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауарды тікелей бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады; - несиелік және қағаз ақшалар айналысы, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.
Металл ақша жүйесі екіге бөлінеді: Биметаллизм - жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын және күміс) негізделген ақша жүйесі. Биметаллизмнің үш түрі болады: - қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген; - қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген; - ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталар жасауға ерік берілді. Биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн төлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүйесінің орнына монометаллизм ақша жүйесі келді. Монометаллизм - бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі. Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай үш түрге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиз (алтын валюта) стандарты. Алтын монета стандарты - бұл еркін бәсеке тұсындағы капитализм талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады.
Алтын монетатылық стандарт (1881 жылдан бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін). Ол алтын монеталардың айналысымен және қағаз және кредит ақшаларды алтынға еркін айырбасталуымен ерешелінеді.Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады: - алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды; - алтын монеталарды құюға рұқсат етілді; - толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды; - алтын және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды. Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайларда ғана айырбасталады. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысы және оның заңы
Ақша айналысының заңы және оны реттейтін институттар
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері жайлы
Ақша айналысының заңы және оны реттейтін институттар жайлы
Қазақстанда ақша айналымының жағдайы
Ақшаның экономикалық мәнi және қызметтерi
Ақша айналысы және оның дамуы
Ақша айналысының сипаттамасы және оның заңы
АҚША БАЗАСЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Пәндер