Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру аймақтары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: "Нұрлы-Көш" бағдарламасы
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Нұрлы-көш бағдарламасы
2.Нұрлы-көш бағдарламасының мақсаты
3.Нұрлы-көш бағдарламасының негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі
4. Нұрлы-көш бағдарламасындағы күтілетін нәтижелер
Қорытынды

Кіріспе
Басты мақсаты - ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. Нұрлы көш бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.
Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы.
Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына Нұрлы көш бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлінетін жер телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.
Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізілмек. Әсіресе, облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шекараға іргелес елді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға көңіл бөлінбек.
Нұрлы көш бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді.

1.Нұрлы-көш бағдарламасы
Қазақстан Республикасы да тәуелсіздік жылдары әлемдік көші-қон процестерінің белсенді қатысушысына айналды.
1991 жылдан бері Қазақстан Республикасы 706 мыңнан астам этникалық қазақты қабылдады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көші-қон процестерін реттеу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне жатады.
2007 жылы Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды (Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N 399 Жарлығы)
Бағдарламаның құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2007 жылғы 28 тамыздағы N 399 , "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы" 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы) және "Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1149 Жарлықтары құрайды.
Қазіргі таңдағы көші-қон жағдайында мынадай үрдістер байқалады.
ТМД елдері шеңберіндегі негізгі көші-қон ағыны Ресей, Украина және Орта Азия елдерімен; алыс шет елдердің арасында - Германиямен байланысты болып отыр.
ТМД елдерімен (Ресей Федерациясын, Беларусь Республикасы мен Украинаны қоспағанда) оң көші-қон сальдосы сақталуда. Көші-қон шығыны да қысқарып келеді: ол Ресей Федерациясымен 1999 - 2007 жылдар арасында - 3 есеге; Белоруссиямен - 6 есеге, Украинамен - 7 есеге төмендеді.
Алайда 2007 жылы:
алдыңғы жылмен салыстырғанда, көші-қонның оң сальдосы үш еседен астам (11 мың адам) қысқарған;
көшіп кету көбейген - 42,4 мың адам Қазақстаннан шетелге кеткен, бұл 2006 жылғыдан 20%-ға артық. Бұл ретте көшіп кетушілердің негізгі бөлігі (71%) - еңбек жасындағы адамдар;
көшіп келу азайған - Қазақстанға 53,4 мың адам келген, бұл алдыңғы жылғы деңгейден 20,0%-ға төмен. Негізгі шығу елдері: Өзбекстан (көшіп-қонушылардың 47 %), Ресей (20 % астам) және Қытай (11%).
1993 жылдан бастап этникалық көшіп-қонушылардың қоныс аударуы көшіп келу квотасын белгілеумен реттеледі. Соңғы жылдары (2005 -2008 жылдар) оралмандардың көшіп келу квотасы жыл сайын 15 мың отбасын құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2009 жылдан бастап оралмандардың көшіп келу квотасы жылына 20 мың отбасына дейін көбейетін болады.
Келген оралмандардың жартысынан астамы - еңбек жасындағы адамдар (54 %), 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі - 41% және шамамен 5% - зейнеткерлер.
Білім деңгейі бойынша: 33,1 мың адамның (9,2 %) жоғары білімі, 5,2 мыңнан астам адамның (1,4 %) аяқталмаған жоғары білімі бар. Әрбір бесінші адамның - орта арнаулы, 233,7 мың адамның (65 %) - жалпы орта білімі және шамамен 14 мың адамның (3,9 %) білімі жоқ.
Мемлекет оралмандарға қажетті әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта біржолғы жәрдемақыны, тұрғын үй алуға берілетін қаражатты, жол ақысы және жүк тасымалдау шығыстарының өтеміне берілетін қаржыны ескергенде, орта есеппен 5 адамнан тұратын әрбір отбасына 833 мың теңге қаражат бөлінеді.
Елімізде 14 оралмандарды уақытша орналастыру орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) жұмыс істейді. 2008 жылдан бастап Қарағанды, Шымкент қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары жұмыс істей бастады. Ақтау қаласында үлгі бейімдеу орталығының құрылысы басталды.
Орталықтарда іске асырылатын бейімдеу бағдарламалары құқықтық мәселелер бойынша консультация беруді, мемлекеттік тілді, оралманның қалауы бойынша - орыс тілін оқытуды, кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды көздейді.
Оралмандардың барлығының медициналық қызметке, білім алуына және әлеуметтік қамсыздандырылуына қол жетімділігі қамтамасыз етілген; олар жұмыспен қамтуда жәрдемдесу шаралары қолданылатын нысаналы топтардың біріне жатады. Еңбек жасындағы оралмандардың 66 % астамы өндірістің түрлі салаларында жұмыспен қамтылған; әрбір төртіншісі ауыл шаруашылығымен айналысады.
Оралмандарға көмек көрсету үшін облыстық әкімдіктердің жанынан Оралмандар кеңесі құрылған, олар оралмандардың жаңа өмір жағдайындағы проблемаларын зерттеумен және шешумен айналысады.
"Оралман" дерекқоры құрылып жетілдірілуде, ол кейіннен әлеуметтік саланың бірыңғай ақпараттық жүйесіне кіріктірілетін болады, бұл этникалық көшіп келушілерге әлеуметтік қызметтердің толық тізбесін жедел көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта республикада этникалық көшіп келушілердің тұрғын үй мәселесін шешу жөніндегі жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында Өзбекстан Республикасынан шамамен 2 мың этникалық көшіп келушілер отбасын көшіру жөніндегі жоба іске асырылуда. Қоныс аударушылардың өздерін құрылысқа тарту және жергілікті құрылыс материалдарын пайдаланудың негізінде, олардың бірыңғайласып тұруын ұйымдастыру үшін 2 мың коттедждің құрылысы жүріп жатыр. Алматы қаласында 185 үйді тұрғызу жөніндегі "Байбесік" жобасы іске асырылуда.
Жергілікті еңбек нарықтарындағы білікті кадрлардың тапшылығы жағдайында шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан экономикасы қажеттіліктерін қамтамасыз етудің қажетті шартына айналды. 2007 жылы қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдарда 104 елден 58,8 мың шетелдік маманның еңбегі пайдаланылды.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін әкелуге арналған квотаны белгілейді және оның сақталуын бақылайды, шетелдік мамандарды кейіннен жергілікті кадрлармен ауыстыру саясатын жүргізеді.
2008 жылы республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға республиканың экономикалық белсенді халқына шаққанда 1,6 пайыз мөлшерінде квота белгіленген болатын.
Жоғары білікті мамандарды басым тарту мақсатында жаңа Квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары мен тәртібі әзірленіп, 2008 жылдың маусымынан бастап қолданысқа енгізілді, онда шетелдік қызметкерлердің біліктілік сипаттамаларын баллдық бағалау енгізілді, негізгі құрамдас бөліктер бойынша (білімі, жұмыс стажы, еңбек нарығында кәсіпке (мамандыққа) деген сұраныс) өлшемдер белгіленді.
Соңғы уақытта ішкі көші-қон процесі жанданды.
1991 - 2007 жылдары облысаралық және облыс ішіндегі көші-қон процестеріне 4,7 млн. астам адам қатысты. 2006 - 2007 жылдардың қорытындысы бойынша көші-қонның кері сальдосы, Қарағанды және Маңғыстау облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан басқа, республика облыстарының барлығында орын алған.
Қазіргі уақытта ішкі көшіп-қонушылардың саны жылына 300,0 мың адам деңгейінде тұрақтады. Көшіп-қонушылардың басым бөлігі - ауыл тұрғындары.
Қабылданған шаралар мен белгілі бір оң қадамдарға қарамастан, көші-қон процестерін реттеуде бірқатар елеулі проблемалар сақталуда.
Көші-қонның оң сальдосы төмендеуде. Бұл орайда, көші-қон шығыны, әсіресе білікті мамандардың арасындағы шығын ерекше алаңдаушылық туғызады. Мысалы, соңғы 3 жылда жоғары білімді адамдар бойынша кері көші-қон сальдосы 4,7 мың адамды құрады.
Шетелдік инвесторлар жергілікті персоналды кәсіби даярлау және шетелдік мамандарды солармен алмастыру жөніндегі ерекше шарттарды жеткілікті дәрежеде орындамай отыр.
Ішкі көшіп-қонушылардың бытыраңқы түрде көшіп қонуы әлеуметтік шиеленіс туғызып, ішкі еңбек нарығы үйлесімін қиындатуда.
Этникалық көшіп келушілерді өңірлер бойынша қоныстандыру, өндірістік күштердің аумақтық орналасуы ескерілмей, әркелкі жүргізілуде, қайталама көші-қон да орын алуда. Оралмандардың басым бөлігі еңбек күші артық өңірлерде - Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарында тұрады, ал солтүстік өңірлер керісінше, еңбек ресурстарына тапшылықты сезінуде.
Оралмандарды әлеуметтік қолдау жүйесі қосымша жетілдіруді талап етеді. Әлеуметтік төлемдердің негізгі бөлігі тұрғын үймен қолдауға және көші-қон квотасына енгізілген отбасылардың көшуіне бағытталады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігі де бүгінгі күннің талабына сәйкес келмейді, осының салдарынан оралман отбасылардың шамамен жартысының тұрғын үйі жоқ.
Көші-қон мәселелерін шешумен айналысатын мемлекеттік басқару органдарының іс-қимылдарын үйлестіру және оны ұйымдастырудың кешенді тәсілі жоқ.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша еңбек жасындағы этникалық көшіп келушілердің үштен бірі еңбек қызметімен қамтылмаған.
Шет елдердегі қазақ диаспорасы өкілдерінің арасында имидждік және ақпараттық-насихат жұмысының тиімділігі төмен.
Оралмандар кәсіптік білім алу, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыруда да қиындықтарға тап болып отыр.
Міне, мұның бәрі осы көші-қон Бағдарламасын әзірлеуге себеп болды.
Бағдарламаның негізгі бағыттарын айқындауда, көшіп-қонушыларды қабылдауды, қоныстандыруды және бейімдеуді ұйымдастыру; көші-қон процестерін өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесінде пайдалану бөлігінде этникалық көші-қонды реттеудің халықаралық тәжірибесі (Израиль, Германия) пайдаланылды.

2.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Бағдарламаның мақсаты өңірлерді демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамыту және Бағдарламаға қатысушылардың әлеуетін іске асыру мүддесімен этникалық көшіп келушілерді, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын және еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуы мен кірігуіне жәрдемдесу болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«НҰРЛЫ КӨШ» – «СОРЛЫ КӨШке» айналды ма?
Халықтың көші - қоны
Нұрлы көш бағдарламасы
Көші-қон мәселесі жайлы
Жұмыспен қамту жол картасы – 2020
Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз жəне лайықты жұмыстың түсінігі
Қазақ ауылын кеңестендіру
Урбанизация туралы
Осы жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесін жүргізудің нақты шарттарын бағалау
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын басқару және реттеу
Пәндер