Арал апаты


Арал тенізінің экологиялық ахуалы
Жоспар:
Кіріспе3
Негізгі бөлім
- Арал апаты4
- Арал теңізінің экологиялық ахуалы4-6
- Арал теңізін сақтау және қалпына келтіру шаралары6-8
Қорытынды9
Пайдаланылған әдебиеттер10
Кіріспе
Арал теңізі - Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан
сутоған. Теніз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың ) әлемде төргінші
орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып
келеді.
Арал ауданы 1929 жылы құрылған, Алғашқы кезде оның құрамына
Қамыстыбас және Арал оболыстары кірді. 1938 жылғы 29 наурыздан бастап
жұмысшы поселкесі қалаға айналды, яғни Арал поселкасы Арал қаласы
болып аталды. Ауданның орталығы Арал қаласы. Территориясы 52, 2 .
Арал теңізі 1963 жылдардан бастап тартыла бастады. Арал теңізінің
проблемасы жөнінде Алматы, Ташкент, Нөкіс, Қызылорда және Арал қалаларында мемлекетаралық деңгейде кеңестер өткізілді. Осының нәтижесінде 84, 0 млн. АҚШ долларын құрайтын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы іске асып, жобаның І фазасы 2007 жылы аяқталды. Қазіргі таңда жобаның ІІ фазасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.
Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта-шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдын орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта-теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінті Альпілік дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал тенізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі.
1. Арал апаты
Арал апаты- Арал теңізінің тартылуына байланысты Орта Азия мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамдарға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық, әлеуметтік-экономикалық 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай, Шардара, Сарықамыс сияқты көптеген жасанды су қоймаларының пайда болуы - Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтты.
Сөйтіп су тұздылығының артуы (1 литрде 35 мг, 1996) нәтижесінде су түбіне шөккен тұз шөгінділері пайда болды. Көлемі 4 млн. гектарға жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл сайын теңіз түбінен көтерілетін 70 млн тонна) улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егістіктерді улап, үлкен апат әкелді. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері (итала қаз, бұлдырық, жидек, аралшағаласы, ондатр, т. б. ) құрып кетті, Арал апаты сол өңірдегі 60 мыңға жуық тұрғынының денсаулығына зиянды әсерін тигізді.
2. Арал теңізінін-экологиялық ахуалы
Арал экологиясы шөлейт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістерді орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған экологиялық жағдай. 1961 жылға дейін Арал теңізінің көп жылдық орташа деңгейі 53 абс. м, орташа аумағы 66, 1 , көл. 1062 болған. Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су деңгейінің азаюына, оның 2-ге бөлінуіне әкеп соқтырды. Енді ол Үлкен Арал және Кіші Арал болып аталады (1992 ж. ) . Бұл 2көлдің арасын бөліп тұрған құрғақ жердің ауданы жылдан-жылға ұлғаюда. Арал теңізінің тартылуы және
оңтүстік ендікте суғармалы егіндік жерлердің көбеюі қуат, жылу, ылғал
алмасуының тапшылығы сол өңірдің экологиясын және ландшафты мен ауа
райын өзгертті. 1970 ж. Арал теңізіне құйылатын өзен суының көл. 7- 11
- ге дейін азайса, ал 1980 ж. теңізге құятын өзен сулары мүлдем сарқытлды. Су тазартудың және бірнеше рет пайдаланған сулардың, шығыны шөлді жерлерді жарамсыз батпақ шалшыққа айналдырды. Ғарыштан түсірілген суреттерді талдағанда 1985 ж. табиғи көлдің саны 28 (аум. 287, 48 ), антропогендік көлдің саны 195 (аум. 6421, 71 ), ал қолдан жасалған Сарықымыс және Арнасай көлдерінің су қорының көл. 55 болды. Жылдықтың ылғал мөлшері де өзгерді. Мыс., 1950- 59 ж. ақпан- наурыз айлары ылғал көп түсетін, ал қыркүйек ең аз жауатын кезі болса, 1970-79 ж. жауынның көп жауатын кезі сәуір айына, аз түсетін айы шілдеге сәйкес келді. Тұздың атмосфераға таралуы 6 - 7 есе өсті. Арал өңіріндегі: жаз айларындағы ең жоғары температура орта есеппен 1, 8 - 2, 5 -қа жоғарылады. Бұл жалпы дүние жүзіндегі жылудың көтерілу тенденциясына байланысты болуы да мүмкін. Сырдария атырауы мен Қазалыда жылдық орташа салыстырмалы ауаның ылғалдылығы 15- 20%-ға, ал 1960 жылдан Арал қаласынданда 25- 30%-ға азайды. Бұл жағдай Арал құмды аймағындағы конденсаттық ылғалды азайтты. Соның нәтижесінде жер қыртысының сулануы және шөл өсімдіктерінің ылғалдануы едәуір қысқарды. Теңіз жағасындағы аймақта көктем және күз кезінде теңізден келетін бриздер мүлдем жойылды. Өйткені көктемгі соңғы суықтар ұзаққа созылып, ал алғашқы күз суықтары керіснінше, 10 - 12 күн ертерек түсетін болды. Егісгік жерлерді суландырудың ұлғаюынан, шалшықтанған аумақтын кебеюінен суландырудың ұлғаюынан, шалшықтанған аумақтың көбеюінен судың булануы өсті, ал каналдар (жасанды арналар) мен сүзгілік (фильтірлік) көлдерден шыққан су булары микроклиматты өзгертуге әсер етті. Теңіз деңгейінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірдің сусыздануына әкелді. Бұл жерлерде 1950 - 1590 ж. аралығында шаңды дауыл жиілігі 60 есе көбейіп, кеуіп кеткен теңіз түбінен көтерілген тұзды шаң жылына 15 - 75 млн. тоннаға жетті. Жыл сайын суғармалы жердің 1 га-сынан 15 т-дан 90 т-ға дейін тұз жиналды. Бірнеше рет пайдаланған сумен суғарылғандықтан, Әмудария және Сырдария өзендерінің төменгі құйылысында орналасқан аудандардағы: жер қыртысы сортаңға (мыс., Қызылорда облысының 52% айналды. Тұзды шаңның көтерілуі атмосфераның бір тәуліктік радиация балансын 2 есе азайтты. Өсімдіктерге қонған тұзды шаң, оның биологиялық өнімділігін төмендетті (мыс., сортаң жерге егілген мақтаның, 1 га-сынан 7 - 8 ц-ден өнім алынды, ал бұл сортаң емес топыраққа егілген мақта өнімділігінен 4 есе аз) . Экологиялық жағдайдың аэротүсіру арқылы алынған суретін талдау нәтижесінде жыл сайын 40 су тиімсіз шығынданатыны белгілі болды, «Арал-2006» бағдарламасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша өсімдіктердің өсіп-өнуі кезінде пайдаланылған судың мөлшері (брутто) суғарылу мөлшерімен (нетто) салыстырғанда 1, 5 - 2 есе көп екені анықталды. Жыл сайын Әмудария су
алқабында суғарылатын егістік жерден 11 - 15 су, ал Сырдария су алқабынан 8 - 11 су буланып, жылдан-жылға қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Өсімдіктердің бағалы түрлерін арамшөптер басуда. «Қызыл кітапқа» енгізілген 70-тен астам жергілікті өсімдіктер сирек кездесетін өсімдіктердің қатарына жатады және олардың болашақта мүлдем жойылып кету қаупі бар. Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына да зардабын тигізіп отыр. Тұрғындар пестицидтерден, т. б. химикаттардан, түрлі улы тыңайтқыштар мен тұздан тазартылмаған сапасы төмен суды пайдалануда. Соның нәтижесінде бұл аймақта рак ауруы, баланың өлі тууы, генетик, ауытқулар, сүзек, сары ауру және жүрек қан тамырлары-аурулары көбеюде. Арал теңізі мен Әмудария жане Сырдария өзендерінде 1963 жылға дейін жылына 25-45 мың т балық ауланса, 1970-ж. -бұл көрсеткіш 15 мың 7, ал 1982 ж. су тұздылығының 12%-дан 40%-ға дейін өсуіне байланысты балық мүлдем ауланбады. 1994 ж. Орта Азия мемлекеттері «Аралды құтқару» қорын ұйымдастырды. Қазақстанның «Байқоныр» аэроғарыштық экологиялық орталығының басшылығымен алғаш рет «Арал өңірінің экологиялық картасы» жасалды (1992),
Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялогиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын.
Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаульғы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс еңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Жалпы планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқгы. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде:
Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылды.
Арал экологиялық дағдарысы - адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы.
1990 жылдардың басында теңіз айдынының ауданы 45%-дан астам кішірейіп, судың көлемі 65%-ға кеміді, судың тұздылығы 3 еседен астам артты. Суы тартылған 30 мың шаршы километрден астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып, одан жылына 40 млн тоннадан 150 млн тоннаға дейін тұзды жел көтеріп теңізден мындаған шақырым шалғайға дейін тарап жайылатын болды. Арал төңірегінде антропогендік шөлдену процесі жедел өршіп, бұл орайда климаттың континенттенуі күшейді, шанды дауылдар жиілеп, топырақ қабаты, өсімдік жамылғысы, күрт нашарлады, балықты
айтпағанның өзінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мүлдем азайды. Жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігі азайып, дәрі- дәрмектік өсімдіктер қоры кеміді. Табиғи орга сапасының нашарлауы салдарынан жергілікті халықтың денсаулығына қауіпті төтенше экологиялық, әлеуметтік-экологиялық және санитариялық- эпидемиологиялық жағдай қалыптасты.
3. Арал теңізін сақтау және қалпына келтіру шаралары
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия елбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкент қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп аталды. Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Ақаев, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э. Ш. Рахмонов, Өзбекстан Республикасының Президенті И. А. Каримов, Түрікменстан Президенті С. А. Ниязов қол қойды.
Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас хатшысына Орталық Азия елбасыларының атынан Үндеухат жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүниежүзілік қауымдастықтың назары аударылды.
Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес
Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес'- Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 адам және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің біреуі алфавит тәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді. [4]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz