Жарғылық капиталдың ұлғаюы
Тақырыбы:Меншікті капитал мен резервтер
Жоспар:
Кіріспе____________________________ ______________________________3
Негізгі бөлім:
1. Жарияланған капитал ___________________________________ ________4
2. Төленбеген капиталдың есебі______________________________ _______7
3. Эмиссиялық пайда есебі______________________________ ___________8
4. Резервтік капиталдың есебі______________________________ _________9
5. Бөлінбеген пайда есебі______________________________ _____________11
Қорытынды__________________________ ____________________________13
Пайдаланылған әдебиеттер_________________________ ________________14
Кіріспе
Экономикалық ғылымдардың барлығы бір -- бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала.
Меншік -- жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.
Капитал- (нем. kapіtal, ағылш. capіtal, лат. Capіtalіs - басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) - кең мағынада - табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада - табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрлымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі. Кәсіпорын мүлкінің құрамы.
Ұйымның барлық мүлігі қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер болып екіге бөлінеді.
Ұзақ мерзімді активтер негізгі құралдардан, метериалдық емес активтерден, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардан, басқа да ұзақ мерзімді активтерден құралады. Жалпы ұзақ мерзімді активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал, қысқа мерзімді активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қорлар, қысқа мерзімді дебиторлық берешектер және басқа да қысқа мерзімді активтер жатады.
1.Жарияланған капитал есебі
Меншікті капитал - бұл міндеттемелерді шегеріп тастағаннан кейінгі активтер. Меншікті капитал құрылымы шаруашылық жүргізуші ұйымдардың ұйымдық - құқықтық формаларына қатысты ажыратылады.
Меншікті капиталдың қаржылық есебінің негізгі мақсаты ресурстарды дұрыс қолдану мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл мақсатқа жету үшін қаржылық есеп мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:
- жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық қабылдап алу;
- мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді айқындап отыру;
- меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу;
- инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл анықтау;
- резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс қолдану;
- алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету.
Жарияланған капиталдың құрылған көлемі мен қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 5 бөлімінің Капитал мен резервтер шоттары қарастырылған.
Капитал және резервтер бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Капитал - бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған үлес.
Аталған бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 Жарияланған капитал
5100 Төленбеген капитал
5200 Сатып алынған меншік үлес құралдары
5300 Эмиссиялық пайда
5400 Резервтер
5500 Бөлінбеген пайда
5600 Жиынтық пайда (зиян)
Кәсіпорынның жарғылық капиталы кызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және негізгі құралдардың есебінен құрылады.
Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған занды түлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушьшардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықгайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардын. жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.
Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бүл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, қүрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.
Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері кұрылтайшылардың салым сомасынатең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.
Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылык капиталына берешегін толығьшен өтеуі тиіс.
Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар езінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.
Акционерлік қоғамның жарияланған капиталының мөлшері бірыңғай валютада көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір белігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден етпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.
Жарияланған капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғам үшін - бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін - жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.
Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды қүнының жиынтық сомасы әрбір қоғам түріне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рүқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірак, оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Жарияланған капиталдың нақты барын және қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының 5000 Жарияланған капитал бөлімшесінің мынадай пассивтік шоттары арналған:
5010 Артықшылықты акциялар
5020 Қарапайым акциялар
5030 салымдар мен пайлар
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдар бойынша құрылтайшылармен есеп айырысуды есепке алу 5110 Төленбеген капитал шотында жүргізіледі. Бұл шот Капитал мен резервтер бөлімінде қарастырылса да, экономикалық мазмұнына байланысты активтік шот. Бұл шоттың дебеті бойынша құрылтайшылардың жарғылық капиталға салған салымдарының сомасы көрсетіледі. Мекеме өзінің жарғылық капиталын құрылтайшы құжаттарда белгіленген мөлшерде қалыптастырғанда, бұл шот толығымен жабылады.
Жарғылық капиталдың талдамалық есебі №13 журнал ордерде жүргізіледі
2.Төленбеген капиталдың есебі
Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
Жарғылық қорға салымдардың салынуыньщ жүзеге асырылуына қарай 5110-ші "Төленбеген капитал" шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:
- материалдык емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде 1010, 1030, 1100, шоттары;
- жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде - 2410 шоттары;
- материалдар мен тауарларды жарғылық корға жарна ретінде төлеу кезінде 1310,1330, ...шотгары;
- ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде 1010, 1030 шоттары
Егер де 5110 шотының дебеттік калдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.
5110-ші шоты бойынша талдамалық есеп акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.
Жарияланған капиталдың есебі бойынша операциялар:
№
Шаруашылық операция
Шот
Дебет
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz