Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мәңгілік ел идеясы
Жоспар:
Кіріспе____________________________ ___________________________________ _____3
Негізгі бөлім
1.Мәңгілік-Ел идеясы_____________________________ ___________________________4
2. Мәңгілік-Ел идеясының мәні_______________________________ _________________5
3.Мәңгілік-Ел идесының қажеттілігі________________________ ____________________8
Қорытынды__________________________ ___________________________________ ____11
Пайдаланылған әдебиеттер_________________________ ___________________________12

Кіріспе
Мәңгілік Ел ұғымы тәуелсіздік, азат ел деген мағынаны білдіреді. Бұл Мәңгілік Ел идеясы сонау көне түркілерден бастау алып қазіргі уақытта жалғасын тауып келе жатыр.
Мәңгілік Ел идеясы Көне түркілерден Абылайханның қазақ хандығының басын қосып, көптеген қиыншылықтарды басынан кешірген заманнан бастау алады. Керей мен Жәнібек бастап қазақ хандығын құруы да Мәңгілік ел болуымыздың айғағы. Батырларымыз Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай қазақтың жерін қорғаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында аталарымызды айтпағанда Әлия, Мәншүк, Хиуаз Доспанова апаларымыздың да ерлігі Мәңгілік Ел болуымыздың бірден-бір дәлелі болып табылады.
Біздің қазақ елі Мәңгілік ел Идеясының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ол біздің арман мұраттарымыз еді. Тәуелсіздігіміздің арқасында Астана қаламыз тұрғызылды.
Қазіргі уақытта Елордамыз Астанада Елбасы Н.Ә Назарбаевтың бастамасымен ұлттық рухымызды паш етіп, арман-мақсаттарымызға құлаш жайып тұрған Мәңгілік Ел салтанат қақпасы салынды.
Тәуелсіздік алған сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған мол табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның мақсаты дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын, Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда деді Елбасымыз өз Жолдауында. Мәңгілік сөзі ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан өлмейтін асыл қазына.

1.Мәңгілік-Ел идеясы
Біріншіден Мәңгілік Ел идеясы қайдан келген деген сұрақ туындайды. Мәңгілік Ел идеясының негізі - бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз деп Мемлекет басшының ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында айтылған болатын.
Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол атты 2015 жылға ар - налған Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: Мәңгілік Ел идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің та - мыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді деп айтқаны бар.
Мәңгілік Ел - бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпы ұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды деп айтып өткен Елбасы өз Жолдауында.
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпы ұлттық құндылықтар болып табылады.
1. Тәуелсіз Қазақстан және Астана
Астана - тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерінің бірі, барлық қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды, барлық қазақстандық экономиканың локомативіне айналды.
2. Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім
Қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім Ата заңда және басқа да Заңдарда берік бекітілген. 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы - азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты, жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды.
Халқымыздың қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық азаматтардың этникалық, діни, нәсілдік тиістіліктерінежәне өзге де өзгешелектеріне қарамастан тең құқықтығы - әркімнің және барлығының табысы мен лайықты өмірін білдіретін тұрақты шоғырландырылған фактор. Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық борызы - Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.
3. Зайырлы қоғам және жоғары рухтандырушылық
Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң үлгісі ретінде қабылданады. Мемдекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты.
4. Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өсу
Экономикалық өсу - бұл біздің ең маңызды міндетіміз, мұның шешіміне Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі тәуелді.
Біздің басты міндетіміз - өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде, техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды.
5. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы - қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыспен қамтудың ең маңызды шарттарының, қазақстандық отбасылар табысының тұрақты өсуінің, өмір сапасын тұрақты жақсарту, барлық қазақстандық еңбекшілердің шығармашылық және өмірлік әлеуеттерін толықтай ашу кешені.
Еңбек өнімділігін арттыру - өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында, мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.
6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған.
Қазақ халқының тарихы - бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркниеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды.
XXI ғасырдағы мемлекеттік тілдің мақсаты, міндеті және тағдыры - Қазақстан халықтарының ортақ тілі болу.
Әр нағыз патриоттың парызы - мемлекеттік тілді білу және отандастармызға оны меңгеруге көмектесу.
Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік принципін енгізу де маңызды.
7. Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге ғаламдық қатысуы
-- мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы және жауапты ішкі саясатының басты мәні.

2. Мәңгілік-Ел идеясының мәні
Мәңгілік Ел идеясы біздің көне түркілік дүниетанымымызды, болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерін замана талабына сәйкес қайта жаңғыртудың, елімізді алдыңғы қатарлы қуатты мемлекеттер қатарына жеткізудің идеялық кепілі болып табылады. Нақтырақ айтқанда ол қазақ елінің жарқын болашағын білдіре отырып, Қазақстанның дамыған елдермен терезе теңестіруіне жол ашатын, халықты ортақ мақсат - мәңгілік ел болуға жұмылдыратын идея. Мәңгілік Ел - ұлттық бірлік пен бейбітшілікті, экономиканы нығайту,халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы, патриоттық, отаншылдық сезімнің күшеюі негізге алынатын Қазақстан жолының жаңа кезеңі.
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні - мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. Мәңгілік ел ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік - ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс.
Мәңгілік Ел идеясы біздің мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет болып қалуымызды қуаттайды, халқымыздың өз тамыр-тегін, ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға, әлем қауымдастығында өз рөлін айқындауға, тарихи-мәдени құндылықтарды мұқият сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге, адамгершілік бағдарды қалыптастыруға, дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейтуге үндейді. Сондай-ақ Мәңгілік Ел ұлттық идеясы жас ұрпақты өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизмге, ұлттық салт-дәстүрге, руханият пен мәдениетке құрмет сезіміне тәрбиелеуді талап етеді. Сол себепті жас ұрпақты Мәңгілік Ел ұлттық идеясына тәрбиелеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.
Мәңгілік Ел идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың көп ғасырлық арман-мұратына, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген. Мәңгілік Елдің жұмылдырушы күш-қуаты келесілерге негізделген:
1) өз барабарлығын, өз тамыр-тегін, өз ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға;
2) әлем қауымдастығындағы өз рөлін айқындауға;
3) тарихи-мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін сақтауға мүдделілікке;
4) маңызды міндеттерді барынша ауқымды түрде шешуге ұмтылысқа
Оның басымдықтары - дәстүрлі құндылықтарды қолдау; ұлттық барабарлықты анықтайтын адамгершілік бағдарларды қалыптастыру және дамыту, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейту. Негізгі өлшемдер - гуманизм мен әділеттілік, әлеуметтік-адамгершілік прогресс болмақ.
Мәңгілік Ел - Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама.
Мәңгілік Ел ұлттық идеясы маңызды құраушыларын (этносты қалыптастырушылық, азаматттық және жалпымемлекеттік), сонымен қатар Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін құруда басшылыққа алынатын Қазақстан - 2050 Стратегиясының негізгі алты бағыттарын негізге алады:
Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Жаңа қазақстандық патриотизм - бұл этникалық айырмашылықтардан тыс бүкіл қоғамды біріктіруі тиіс барлық мүмкіндік.
Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі. Біз барлығымыз тең құқықты тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз. Біздің жерімізде бейбітшілік пен тыныштық орнауына біз тікелей жауаптымыз.
Үшінші. Қазақ тілінің дамуы және тілдердің үш тұғырлылығы. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз және оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту керек.
Төртінші. Мәдениетті, дәстүрлі және даралықты қайта өркендету. Дәстүр мен
мәдениет - ұлттың генетикалық коды.
Бесінші. Ұлттық зиялы қауым рөлін көтеру. Зиялы қауым қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда жетекші күш болуы керек.
Алтыншы. Мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту - бұл Қазақстанның сәтті дамуының маңызды шарты.
Елбасы Н.Назарбаев Мәңгілік ел идеясын Қазақстан халқының жарқын болашағы үшін қабылдаған өте маңызды және тарихи мәнге ие құжат Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам атты бағдарламаның идеологиялық негізі етіп алды. Мұндағы Біртектілік пен бірлік реформасында Мәңгілік ел патриоттық актісі жобасын әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының Үлкен ел - үлкен отбасы кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, азаматтық біртектілікті нығайтудың Менің елім ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, Нұрлы болашақ ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, т.б. нақты қадамдар жүзеге асыру көзделді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәңгілік ел болу мұратын көтерген Қазақстан - 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел өміріндегі ғана емес, әлемдік деңгейдегі саяси маңызы зор тарихи құжат ретінде бағалануда.
Бәсекеге қабілетті адамзаттық капиталы бар елге апарар жол, жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына жеткізер жол, өмірдің мүлде басқа сапасына қол жеткізер жол ұлттың рухани-адамгершілік түлеуі арқылы ғана ашылмақ. Бұл бүгінгі күннің бұлжымас аксиомасына айналуы тиіс.Жоғарыда айтылған ойдың өзектілігі сонымен бірге келесі маңызымен де арта түспек:
- елімізде білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі және жаһандану үдерістерінің белсенді түрде іске асырылуы. Ал бұл интеллектуалдық әлеуеттері жоғары, қоғамның әлеуметті белсенді мүшелері, рухани құндылықтар мен ұлттық мәдениетті сақтап дамытуға жауапты, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін меңгерген, ұлттық санадағы стереотиптерді жеңуге және өзге мәдениет өкілдерімен сапалы диалог құруға қабілетті, жаңа буын мамандарды тәрбиелеу мәселесін өзектендіреді;
- жақын жылдарда Қазақстан халқы бірқатар стратегиялық міндеттерді шешуі тиіс: Қазақстан - 2050 Стратегиясын жүзеге асыру; әлемнің экономикасы дамыған әрі табысты 30 мемлекетінің қатарына қосылу; Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына көшу; Ұлт жоспары - баршаға ортақ қазіргі заманғы мемлекетке бастайтын 100 нақты қадамды жүзеге асыру. Жоғарыда белгіленген стратегиялық міндеттерді тиімді шешу үшін ... мемлекетке мыңдаған жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар мен дипломды ғалымдар қажет болады. Білімді, сауатты адамдар - ХХІ ғасырдағы адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші, - деп атап көрсетті Президентіміз Н.Ә.Назарбаев.
Қазіргі таңдағы әлемдік қауымдастықты шарпыған жаһандық мәселелер елімізді де айналып өтпесі анық. Осы орайда Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Қазақстан 2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміз бен өңіріміз үшін он негізгі сын-қатерді бөліп көрсеткен болатын.Елбасымыз осы он қатерді көрсете отырып, жаһандану жағдайында рухани құндылықтардың маңызы туралы: Біз мемлекеттілігіміздің рухани мәселелер экономикалық, материалдық мәселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз. 2050 жылғы Қазақстан прогрессивті идеалдар қоғамы болуға тиіс, - деп шегелеп көрсетті. Қазақ зерттеушілерінің қазіргі алдында тұрған міндет те жаһанданудың тәуелсіз мемлекетімізге әсері, оның экономикалық және саяси қауіпсіздігі, халықтың этномәдени дәстүріне жағымды және жағымсыз әсерлерін мұқият талдау болып табылады.
Ә. Нысанбаев осындай жағдайда қазақ мәдениетін қайта түлетіп жан - дандыруды жаһандану кезіндегі Батыстың мәдениетіне қарсы басты бәсеке ретінде бағалайды. Тіпті, осындай жағдайда ұлттық құндылықтарымызды сақтап қана қоймай, мәдениетті қайта түлетіп, халықтың руханиятын көтеруге, жергілікті мәдени дәстүрлерді дамытуға мүмкіндіктер ашатынын ескертеді. Яғни, жаһандану процесінде шетелдік идеялардың емес, керісінше, жергілікті мәдениеттің іргетасы беки түсуі мүмкін.
Адамзат баласы рухани тығырыққа тіреліп, әлемдік қауымдастық жаңа қатерлермен бетпе-бет келіп, дінаралық, ұлтаралық қатынастардың маңызы артқан тұста, халықты идеялық тұрғыда біріктіретін, басталған реформаларды ары қарай табысты түрде жүргізетін, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтап қалатын идеяларға қажеттілік артып отыр. Тарихта өткен талай мемлекеттердің түбіне жеткен зобалаңнан аман қалып, өзіндік ерекшеліктерге ие дәстүрді сол жаһанданудың алапат дауылына ептілікпен қарсы қоя білу - біздің мемлекетіміздің мәңгілігінің кепілі.
Халқымыздың ата-бабадан мұраға қалып, елеусіз қалған бұл өсиеті - қазақтың дәстүрі, дәстүрлі дүниетанымы, қазақтың дәстүрлі дүниетанымынан нәр алған қазіргі Мәңгі ел идеясы. Бұл идеяның түп мақсаты - қазіргі әлемді дағдарысқа тіреген рационалды идеяларға балама ретінде қазақ халқының тарих сынынан өткен ұлттық дүниетанымын ұлттық, қала берді, барынша гуманистік идея ретінде әлемдік идеяға айналдырып, нәтижесінде тек Қазақстан мемлекетінің ғана емес, әлемдік қауымдастықтың, барша адамзаттың да бағдары болатын рухани темірқазығына айналдыру болып табылады.Мәңгілік Ел идеясы - қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады.
2016 жылы 26 сәуірде Астанада Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт тақырыбында Қазақстан халқы ассамблеясының ХХIV сессиясы өтті.Бұл сессиясының тарихи маңызы бар. Өйткені, осы жиында Мәңгілік ел жалпыұлттық патриоттық актісі қабылданды. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, осы құжатта жалпыұлттық құндылықтар, мемлекеттің, қоғамның, азаматтардың Қазақстанның тағдырына, дамуына, болашағына деген өзара жауапкершілігі бекітілген. Тәуелсіздік, ынтымақ, біртұтас ұлт - бұлар қазақстандық арманның жүзеге асуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты ұғымдар. Сондай-ақ, аталған жиында Елбасы Ұлт жоспары шеңберіндегі бес институционалдық реформаны іске асырудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Ұлттық патриотизм ұғымы
Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері жайлы
Жастар бойында азаматтық пен патриотизмді қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Оқушыларға патриоттық, интерноционалдық тәрбие беру
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесі
Бастауыш мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі
Мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі
Патриотизмге тәрбиелеу мәселесі
Пәндер