Ортағасырлық суфизм ілімі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Орта ғасырлық суфизм ілімі және оның көрнекті өкілдері: әл-Араби, әл-Ғазали,Омар Хайям.
Жоспары:
Кіріспе____________________________ __________________________________3
Негізгі бөлім:
1.Ортағасырлық суфизм ілімі______________________________ _____________4-6
2. Суфизм ілімінің көрнекті өкілі әл-Араби___________________________ _____6-8
3. Суфизм ілімінің көрнекті өкілі әл-Ғазали__________________________ ______8-9
3. Суфизм ілімінің көрнекті өкілі Омар Хайям______________________________ 9-10
Қорытынды__________________________ _________________________________11
Пайдаланылған әдебиеттер_________________________ _____________________12

Кіріспе
Сопылық (суфизм) ұғымы арабтың суф деген сөзінен қалыптасқан. Суф сөзі араб тілінен аударғанда ана тіліміздегі жүн деген ұғымына сәйкес келеді. Ал, енді арабтың осы суф сөзіне и жалғауын жалғап сөйлер болсақ, суфи деген жаңа ұғым пайда болады. Бұл ұғымның қазақы баламасы жүннен тоқылған шекпек киген жан деген мағынаны білдіреді.
Ең алғашқы мағынасында бұл ұғым көзге оғаш көрінетін жүннен тоқылған, бірақ боялмаған алба-жұлба шекпенді лыпы тұтып, қайыр-садақа сұрап ел кезген әпендіні сипаттайтын ұғымға айтылса керек. Дей тура, бертін келе бұл ұғым жаңа, жаңартылған мазмұнға ие болып, жүннен тоқылған шекпен киіп жүру дәстүрі мақтанышқа айналады. Суфий ұғымымен бұл жалғанның барлық қызығынан безіп, күйбең тіршіліктің пендешілік қалпын тәрк еткен, сөйтіп, бір Аллаға ғана жүгінуді мансұқ тұтқан, Хазіреті Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстанып, тақуалық өмір кешкен адамдар тобын бейнелеу әдетке айналады. Мін, сонан бері суфий ұғымы көңілі таза, ешкімге тәуелді емес,сырттай халықпен,іштей хақпен бірге болатын, адамның ішкі сырын оқи білетін, нәпсісін өлтіріп, хақпен тірілген уақыттың перзенті, хақпен ұласқан адам деген мағынаны білдіреді.
Осыған қарамастан, бұл ұғымның мән-мағынасын басқалай түсіндірушілер де баршылық. Айталық, дін философиясымен, соның ішінде ислам дінінің канондарын зерттеумен айналысатын ғалымдардың бір тобы суфизм ұғымын ежелгі гректердің софос ұғымымен байланыстырып, сол ұғымның негізінде пайда болуы мүмкін деген пікір білдіреді. Олардың түсіндірулерінше ежелгі грек тілінде софос ұғымы данышпандық деген мағынада қолданылған.
Суфизм ұғымының мәнін түсіндіруші ғалымдардың үшінші тобы болса, бұл ұғымның пайда болып, тілде қалыптасуын арабтың сафва деген етістік жалғауымен байланыстыра қарастырады. Арабтың бұл сафва деген етістік жалғауы қазақы айтылуында қалаулы болу деген мағынада қолданылады.
Осыдан ондаған ғасыр бұрын мұсылмандық шығыс елдері халықтар арасында суфийлер қандай беделді болған болса, бүгінгі таңда да болар мұсылмандық Шығыс елдері халықтары арасында беделге ие. Бүгінгі күні тек қана мұсылмандық Шығыс елдерінде 50 млн-нан астам сифийлер бар деп есептелінеді. Дей тұра, сопылықтың табиғаты, жүйелік ішкі құрылысы, негізгі сипаттамалық белгілері, жекелеген мектептерінің пайда болуы, қалыптасу, одан әргі даму, көріну қалыптары туралы мынандай деп дөп басып нақтылы дәйектеу қиын. Себебі суфийлер өздерінің сопылық ағынның қандай мектебіне жататындығытуралы мақтан тұтып, бөсіп, есіп отыруды ұнатпайды.
Олар өздерін көпшілік ортасында өте әдепті, тұйық ұстайды. Ал өз қатарларына жаңадан қосылғандарды өздері сияқты екінші біреулерді таныстырғанда достарымыз немесе біздес тақлеттестер деп қысқа қайырып, таныстырады да қояды. Өздері болса бірін-бірі көз жазбай таниды өйткені суфийлерге өздеріне ғана ортақ әрі мәлім танымал қасиеттер, оларды көпшілік арасынан айрықша бөлік көрсетіп ерекшелеп тұратын жүріс-тұрыс стилі, өзгеше бір ойлай қабілеті тән.

1.Ортағасырлық суфизм ілімі
Мұсылмандық дегдарлық-суфизмнің практикалық жағын құраумен қатар шынайы мұсылманның өмір сүру формасы және оның дүниелік игіліктер мен адам қалауларына тосқауыл болатын тақуалық өмір. Ол мұсылмандық сопылықтың алғашқы қарапайым типі. Мұның түпкі тамыры жоғарыда баяндалғаны сияқты,ислам дінінің өзінде жатыр. Суфизм тархында алғашқы дәуірі болып есептеленетін және исламның бесігі Медина мектебі Құран мен сүннетті басшылықққа ала отырып,қарапайым тақуалық түсінікті қолдады. Мұнда жетілген аскеттердің басты шамшырағы - Мұхаммед пайғамбар мен оның сенімді серіктерінің іс-амалдары.
Суфизм ислам діні пайда болған алғашқы екі ғасыр ішінде елден оңашаланатын адамдардың тақуалық тұрмыс тіршілігімен шектелетін қарапайым аскеттік жол ретінде елеусіз болатын. Себебі онда бастапқы кезде арнайы бір таным,философия жоқ еді. Мұсылман құқығы мен калам сияқты таза исламдық ілімдер дамып,дін ғұламалары ортасы қалыптасқаннан кейін ғана суфизм көпшілік қауымға жақын діни тұрмыс-тіршілік ретінде көрініс тапты.
Сопылық әрекеттің бастамасы алғашқы мұсылман аскеттері арасында Құран әуенің діни уағыз - насихаттар естігенде көз жасын көл қылатын захидтермен, абилтермен, қурралармен байланысты. Қуссас деп аталатын халық арасындағы діни жыршылар мен әңгімешілер христианнан, иудаизмнен, гостицизимнен, тіпіт буддизм мен зороастризмнен алған мәліметтер арқылы Құранда орын алған тарихи хикаяларда кеңейтіп,оны көпшілікке ұсынды.
Сопылық қауымдастықтың алғашқы типі-сұхбаттасу, зікір салу мақсатында жиналатын,араларында ресми байланыс жок топтардың дүниеге әкелеген халқалар, Халқалық жиындар бастапқы кезде арнайы орындарда емес, мешіттермен қатар кез-келген жерінде жүзеге асты.
Суфизмнің қалыптасу тарихында Басра мен Куфа суфилерінің орны бөлек.Басралық мектептің,тіпті тұтас сопылық ілімнің көрнекті өкілі ретінде Хасан Басриді атауға болады. Хасан Басридің діни өмірге деген көзқарасы тақуалық, пақырлық және дүние игілігінен аулақ болу сияқты қарапайым аспкеттік түсінік болады. Оны насихаттаған жолы жаратылған мына әлемге қарап, оның жаратушысының құдыретіне ой жүгіртуден,өзіне қатаң талаптар қоюдан және құдайдығ басқа салғанына шын пейілімен ризашылық көрсетуден, бой ұсынудан тұрды. Мұнда құдайдың қалағаны мен дамның тілегені үнемі үйлесім табуы тиіс.
Исламның мәшһүр алғашқы әйел суфиі Рабияту-л-Адауия бүкіл ғұмырын осы Басрада өткізді және ол Хассан Басридің пақырлықққа,тақуалыққа қатысты идеяларын дан әрі дамытты. Ислам мистицизмі тарихында алғаш мәрте Алланы сүю идеясын паш еткен осы Рабияту-л-Адауия болатын. О құдайым!,-деді ол, - егер мен тозақ отынан қорыққандықтан саған құлдық ұрсам,маған жұмақты нәсіп етпе. Егер мен сенің өзіне құлшылық жасасам,онда өзіннің мәңгілік сұлулығынан мені ажыратпа.
Ал Куфа - Алидің жақтастары көп шоғырланған мекен, сондықтан тақуалығымен халық арасында танылған куфалық аскеттер мемлекеттің саяси өміріне белсене араласты. Куфа аскетизмі шииттік саяси идеологиядан саяси және рухани қуат алғандығы айқын. VIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген суфи атағына алғаш ие болған куфалық химик және шииттік бағыттың өкілі Джабир ибн Хаййан мен атақты суфи Әбу Хашим әл-Куфи осы қаланың перзенті екендігі мәлім. Джабир ибн Хаййан шииттердің құрмет тұтқан Джафар ас-Садықтың шәкірті әрі құлы болды. Сондықтан шииттер оны имам атынан сөйлейтін баб деп есептеді. Оның шиизм іліміне қатысты еңбектер жазғандығы және аскеттік ағымды басқарғандығы да баяндалады.
Суфизмнің бастауына қайта оралар болсақ,оның алғашқы өкілдерінің бірі-Әбу Хашим әл-Куфи Ремледе суфилерге арнап алғаш текке (ханака) ашқан адам. Ол христиан монахтары сияқты жүннен жасалған ұзын шапан киді, христиандар тәрізді өзінде құдайлық мән бар деп қуаттады. Бұдан басқа тағы бір мәліметке қарағанда Мухасиби мен Джахыздың мәлімдеуі бойынша, - деп жазады түрктің суфизм зерттеушісі С.Атеш,- сол кезеңде суфи атауы Куфадағы шииттерге ұқсайтынбір сопылық мектепке қолданылады. 825 жылы Бағдат қаласында дүние салған Суфи Абдук осы мектептің соңғы лидері болды. Арада жарты ғасыр өтпестен Ирактағы бүкіл аскеттер суфийя деп атала бастады. Бұл Хорасан суфилеріне берілген әл-Маламатия атауына қайшы түрде Ирак суфилеріне берілген атау еді. Бұл атау Куфадағы шииттік қозғалыс пен Александриядағы көтерілісшілерге берілді деген мәліметтер кездеседі. Шамамен 800 жылы сопылық қоғам христиандық монахтықтың отаны Мысырда пайда болды,- деп жазды Адам Мец, - 800 жылы Александрияда олардың пікірі бойынша Алланың әмірлерінен мүлт кетпейтін суфийа деп аталатын топ ортаға шықты және билік басындағыларға қарсы тұрды. Олардың жетекшілері Абд ар-Рахман Суфи деп аталды. Осы тәрізді мәліметтерге қарағанда суфизм VIII ғасырда дүниеге келген. Мұны суфизм зерттеушілерінің көпшілігі қолдайды.
Әулилік дәрежеге жету үшін суфидің бірнеше рухани-моральдық (мақам) тұрақтардан өтуі міндетті. Суфизм ілімінде рухани кемелденудің тұрақтарын (мақам) белгілеп берген алғашқы адам ретінде сопылықтың мысырлық мектебінің негізін салушы Зу-н-Нун әл-Мысри да химик,философ болғаны баяндалады.
Рухани сатылап жоғарылаудың белгісі ретінде мақам концепциясы Құраннан алынған діни-моральдық терминдермен аталды. Уақыт өткен сайын аталмыш терминдер дамытылып,оның мәні мен маңызы да күрделене түсті.
Мақам ұғымымен жапсарлас сопылық өмірдегі психологиялық,гноцистік хал (экстаз) теориясы да дүниеге келді және хал мен мақам жайлы алғаш мәселе көтерген осы Зу-н-Нун Мысри болды.
Бастапқы кезде суфизм ар ілімі ретінде ортаға шыққандығы байқалады. Сондықтан мұсылмандық этикалық ілімнің жиныдығы осы сопылық ілімде жинақталған. Бұл тек исламдық мәдениетке ғана тән құбылыс емес. Әлемдік мистицизм рухани-өнегелік құндылықтардың дүниеге келуіне бастама болып табылады. Осы тақырып бойынша көрнекті ойшыл Швейцер этикалық ілімнің бастауын мистикадан іздеген жөн деп түйеді. Сондықтан сопылыққа тән аңықтамалардың көпшілігі моральдық-этикалық тұрғыда жасалғаны байқалады. Атақты суфи Сари суфизмнің сопылық дегеніміз-көркем мінез, Әбу Амр Исмаил ибн Нуджайдтың оны әдеп, яғни әр уақыттың,әр мақамның өзіне тән әдебі бар,өз уақытында әдебін орындаған адам ұлы адамдардың мәртебесіне қол жеткізеді. Әдепке бой ұсынбаған адам қалаған жеріне жете алмайды, тіпті тұрған орнынан да қуылады деген анықтамалары осы пікірімізді қуаттайды.
Сопылықта мағрифат ілімі шариғат пен ақиқат арасындағы байланысты айшықтайтын арнайы теория ретінде дамытылды. Кейбір суфилер мағрифат дәрежесіне жеткендер шариғаттан жоғары деңгейде деп қуаттап,суфилердің енді шариғат іліміне мұқтаждығы жоқ, шариғат білімсіз, көкірек көзі көр халыққа арналған деп есептесе,енді бірі мағрифаттың шариғаттың белгілеген шеңберінен шықпауды ұсынды. Осылайша сопылар арсында захири (сыртқы) батыни (ішкі) категориялар қалыптасты. Олардың жасаған реформалары заманның талап еткен деңгейіне жетпеді. Олар захир мен батын, сопылық практика мен шариғат қағидалары және саналықтұжырым арасында органикалық байланысты тиімді жүзеге асқанда ислам мәдениеті тарихында құқықшылар,қаламшыларжәне суфилер арасында тартыс болмаған болар еді.
Дегенмен де суфизм жақтастарының саны X ғасырда мейлінше артты. Мұсылман құқықшыларының қойған қатаң талаптары мен қаламшылардың саналық қисынға негізделген теориялары жаңашылдықты қалайтын ортағасырлық мұсылман діндар зиялылары сопылыққа мойынсұнуға итермеледі. Идеялық ағымдардың арсындағы тартыстардың кезінде құқықшылар мен рационалистер суфизмнің құдай жолындағы интиуциялық жолын сынға алды.
Мұсылман мистьикалқы дәстүр мұсылман құқығымен, қаламмен үйлесе бермейтіні рас. Себебі оның бірі діни қағидаларыныңішкі рухынсыз тек сыртқы мәні мен формасына көңіл аударса,келесісінің скептикалық,рационалдық тәсілдері өмірге күмәнмен, саналық қисынмен қарауға мәжбүрлейді. Адамның ішкі дүниесі мен жүрек көзін ашуға,тануға талпынған аскет-суфилерге формальдік,скептицизмдік және рационалдықтаным түсініксіз.
Алайда суфизмді мұсылман құқығы мен каламнан алабөтен ілім деп бағалауға да болмайды: суфизм дәстүрі мен философиясы фиқх,калам ілімдерімен тығыз байланысты.
Дегенмен X ғасырдың ортасынан бастапсунниттік калам ілімі мен суфизм ымыраға келе бастады. Серрадждың (ө. 987 ж.) Китабу-л-Лумасы мен Калабазидің (ө.995 ж.) Китабу-т-Тааруфы және кейінгі дәуірдегі Кушайридің (ө. 1073 ж.) Рисаласы сынды сунниттік каламды қуаттайтын сопылық мәндегі еңбектер жарық көрді.

2. Суфизм ілімінің көрнекті өкілі әл-Араби
Ибн Араби (1164-1240). Ибн Арабидің өз ізденістеріндегі бағытынан мына сөздері неғұрлым толық хабар беретін тәрізді: Жас Ибн Арабиден Ибн Рушд: Аян арқылы белгілі болған білім мен философиялық пайымдаулар арқылы алынған білім сәйкес келе ме?-деп сұрағанда: Әлемнің шексіз субстанцияларын тануда кәдімгі білімдер дәрменсіз, ол тек мистиктердің қолынан келетін іс,-деп жауап берген.
Ибн Араби 1195 жылы Альмерияда суфистік мектепке барып, білімін толықтырады. Бірақ, осы кезде жазған еңбектерін ресми дін басшылары жақтырмай, қуғын көріп, Туниске, одан жолшыбай Каир мен Иерусалимге соғып, 1201 жылы Меккеге келеді де, сонда тұрып қалады. Оның Тадж ар-расаил, Рух әл-кудс және атақты Әл-Футухат әл-Маккийна (Мекке аяндары) шығармалары осы кездері жазылған. Соңғысы Ибн Арабидің ең көлемді еңбегі. Осы жылдары ол Мекке қаласының атақты сұлуы Айн-аш-шамс Низамға арнап Тарджуман әл-ашвалдеген поэтикалық шығармасын жазған. Кейінгі зерттеушілердің Араби мен Данте арасындағы рухани байланыстылық дегендегі тілге тиек ететіндерінің бірі осы - Данте Алигери өзінің ғашығы Беатричеге арнаған өлең циклдерін осы Араби үлгісімен жазған. Шығыс поэзиясында оны Назира дейді.
1204 жылы Ибн Араби Меккеден Бағдатқа келеді. Онда да тұрақтай алмай, Хеброн, Иерусалим, Каир аралап кетеді. Ең соңында Дамаскінің әмірі әл-Музаффардың шақыруын қабыл алып, осы қалада біржола орнығып қалған.
Шейх Ибн Араби әмірден өзінің шығармаралын тізімдеп, соларды сабақ ретінде жүргізуге рұхсат сұраған. Бұл тізімдегі шейхтың шығармаларының ұзын саны 270-290 шамасында. Дамаскіде ол көптеген еңбектер жазған. Осында Әл-Футухат әл-Макийа деген өте көлемді еңбегін аяқтады. Бұл еңбек 4 томнан, 3000 беттен тұрады. Бұл кітапты зерттеушілер Суфизмнің энциклопедиясы деп атаған.
Ибн Араби мұрасын зерттеуші О.Йахийа былай дейді: Бұл кітап эзотериялық ғылымдар үшін өте қымбат. Бұл кітапты Ибн Халдунның философия мен социлогия саласындағы Мукаддимасымен, заң ғылымдары саласындағы Шатибидің Мувафакатимен шешендік өнер саласындағы Джурджанидің Асрар әл-болагсымен... ғана салыстыруға болады.
Соңғы жылдары шейх атақты Фусус әл-хикам (Даналық сипаттары) деген еңбегін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сопылық дәстүрі C. Бақырғанидің дүниетанымының негізі
Сопылық және сопылық жолдағы негізгі ұғымдар
Орта ғасыр философиясы туралы
«Сопылық» («суфизм»)
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Араб-мұсылман философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Орта ғасырлар философиясы
Тақырыбы: «орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар
Пәндер