Табиғи ресурстарды басқару



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Табиғат ресурстары
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі
2. Табиғи ресурстарды пайдалану
3. Табиғи ресурстарды басқару
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Табиғатты пайдалану - бұл басқарудағы ең күрделі объектілердің бірі. Сондықтан да экологиялық процестерді басқару жіне табиғатты пайдалану экономикасын зерттеу маңызды мағынаға ие.
Табиғатты пайдалануды басқарудың мақсаты - нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз ету, шығарылған өнімнің қоршаған ортаға және өндіріс процестерінің зиянды әсерлеріне шек қою, табиғи қорлардың орынды пайдалануын және олардың бұрынғы қалпына келуін қамтамасыз ету.
Табиғатты пайдалануды басқару Республика үкіметімен, министрліктермен және ведмоствалармен, жергілікті басқару органдарымен, кәсіпорындар және ұйымдармен жүзеге асырылады.
Табиғатты пайдалануды басқару табиғи орта тепе-теңдігін қамтамасыз етумен, табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау, негізгі жоспарларды тиімді пайдалану, ұйымдық-техникалық және экономика-экологиялық іс-шаралардың жүзеге асуын және олардың орындалуын бақылау болып табылады.
Мемлекеттік бағдарламада қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдаланудың басты міндеті - табиғатты қорғау және тиімді пайдалану табиғатты қорғау қызметінің қазіргі этапында негізгі бағыт болып саналады. Олардың алдында белгілі бір бағытты қолдау табиғи қорлардың молайуын,сақталуын және қоршаған орта жай-күйін жақсарту мақсаты қойылған. Экологиялық қауіпке күрес бұл барлық адамдардың алдына қойылған міндеті және жауапкершілігі ретінде қаралуы тиіс.
Қазіргі таңда Қазақстанда шикізат көзінің екі бай қоры бар. Біріншісі табиғи қорлардың бірігей түрі, екінші олардың шаруашылық түрі. Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстан өнеркәсіп техникалық қайта жабдықтаудан және ауыл шаруашылығы саласында кешеуіл байқалады, сондықтан бар мүмкіншіліктерді жіберіп алмауымыз қажет. Ол мүмкіндіктер жоғары технологияны іс жүзіне асыру, өндірістің ғылыми сыйымдылығы, еңбек шығындары аз кететін жоғары сапалы өнімді алу.
Қазіргі жағдайда табиғатты пайдалану және оны қорғаудағы экономикалық механизмді қалыптастыруды мына төмендегі элементтерге бөлуге болады:
* табиғат пайдалану және қорғау қызметтері, экономикалық құралдарының жүйесі;
* табиғат пайдаланудың ақылығы;
* экологиялық факторларды есепке ала отырып, алғашқы және екіеші қайтарымды ресурстарға бағаның құрылуы;
* экологиялық сақтандыру;
* мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды іске асыру механизмін жасау.

1.Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.
Ресурстардың жіктелуі. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойына жіктейді. Олар атмосфералық су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқыту жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты . Сарқылуына байланысты табиғат ресурстарының жіктелуі.
Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы -- ол адамды қолданылуы анағұрлым ириоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар.Біріншіден бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы өсімдіктер, жануарлар.
Сарқылатын ресурстарғажақын кезеңде немесе болашақта табиғат қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.
Сарқылмайтын ресурстарғашексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы мен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.
Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді. ал оның жеке сфералар (мұхит, құрлық, атмосфера) немесе түрлері (сұйық, қатты, бу тәрізді) арасында таралуы әр түрлі болуы мүмкін.
Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.
Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты.
Б. Скиннердің 1989 жылғы мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп келеді бірақ оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.
Көміртегініңқосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударылады. Себебі олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады. Сонымен қатар, оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б. туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне сүйенсек, жанғыш отындарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30 -- 40 жылға, газ 40-50 жылға, көмір -- 70 -- 80 жылға жетеді.Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір мен алюминий)
Б. Скиннер былай дейді: темір қолданылу мөлшері бойынша қазір бірінші орында (алюминийден кейін). Оны пайдаланудың қиындықтары, олардың негізгі массасының мөлшері аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан темірді қорыту күкіртті ангидрид пен көміртегінің қостотыгымен ластандырылады. Көмірқышқыл газымен ластану негізінен технологиялық процесс кокстың пайдаланылуымен байланысты.
Алюминийді қорыту өндірістің энергия сыйымдылығының жоғары болуымен сипатталады. 1 т металл алу үшін 7 т көмір жанғанда бөлінетін энергияға тең энергия қажет. Сонымен қатар, алюминий өндірілетін негізгі шикізат -- бокситтің қоры шектеулі. Ол басқа химиялық элементтердің шайылуы нәтижесінде тропиктік топырақтарда түзіледі. Алюминийді нифелин мен сазды топырақтан алуға болады. Бірақ, бұл шикізаттардан металды бөліп алу өте кең мөлшерде энергияны қажет ететіндіктен экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

2. Табиғи ресурстарды пайдалану
Табиғат- бұл адамзат қоғамының өмір сүру және іс-әрекетінің қайнар көзі. Өнім өндіру және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру процесінде адамзат табиғи ресурстарының әртүрлі түрлерін пайдаланады. Табиғат пен қоғамның әрекет ету мәселелерінің ішінде жалпы адамзатқа неғұрлым маңызды міндеттер қоршаған ортаны жақсы жағдайда сақтау қоғамның бірте - бірте көбейіп келе жатқан қажеттіліктерін әртүрлі табиғи ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жоғарыда аталған мәселелерге байланысты адамды қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қорғау жайлы пікірлер туындады.
Адамды қоршаған орта адамға қатысты сыртқы болып табылатын табиғи , табиғи - антропогендік және антропогендік обьектілер , құбылыстар мен процестердің жиынтығын қамтиды, адам олармен өз іс әрекетін жүзеге асыру процесінде өзара қарым - қатынасқа түседі. Бұл ұғымға адамдар өмірінің қамсыздандырылуы мен өнім өндіру әрекетінің аясы кіреді.
Қоршаған ортаның тұрақты жағдайы қамтамасыз ету , оны антропогендік әрекеттің жағымсыз ықпалдарынан қорғау табиғатты қорғаудың маңызды міндеті болып табылады.
Табиғатты қорғау - бұл адам әрекеті мен қоршаған табиғи ортаның өзара әрекетін қолдауға бағытталған , табиғи ресурстардың сақталуы мен қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін , қоғам қызметінің нәтижесінің табиғат пен адам денсаулығына тікелей және жанама әсерін ескертетін шаралар жүйесі.
Қазіргі кезеңде қоршаған ортаның жағдайына екі түрлі факторлар тобы шешуші түрде ықпал етеді. Олардың біріншісі ғылыми-техникалық революцияны және оның негізінің адамзат қоғамының өндірістік қызметі алғысындағы көрінісін қамтиды. Екіншісі демографиялық аспектілерді қарастырады және жер бетіндегі тұрғындар санының көбеюі мен урбанизацияны ( қала тұрғындары санының өсуі) қамтиды. Бұл факторлар бірге алғанда өндіргіш күштердің даму қарқынына тікелей ықпал жасайды, ол, өз кезегінде, табиғи ресурстардың интенсивті түрде азаюына және онымен байланысты қоршаған ортаның ластануына әкеліп соғады.

3. Табиғи ресурстарды басқару
Экология саласында басқарудың негізі - табиғатты қорғаудың, табиғат ресурстарын сақтаудың, жаңғыртудың, молайтудың, тиімді пайдаланудың қоғамдық тиімділігі. Басқарудың негізгі мақсаты - өндірістің және басқа әрекеттердің табиғи ортаға зиянды әсерлерін шектеу, табиғат байлығын тиімді пайдалануды, қорғауды, өсіруді қамтамасыз ету, табиғат пайдалану ережелерін, талаптарын, нормаларын орындауды ұйымдастыру және бақылау.
Табиғат пайдалануды басқару табиғатты тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру техникалық-ұйымдастырушылық, экологиялық, экономикалық шараларды белгілеу, оларды қаржыландыру және орындалуын қадағалау арқылы жүргізіледі.
Табиғат пайдалануды басқару аса күрделі процесс, өйткені мұнда табиғи жіне қоғамдық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Сондықтан кешенді жүйелі басқаруды талап етеді.
Басқару әдістерінің жүйесін екіге бөлуге болады: әкімшілік және экономикалық. Кейбір ғалымдар басқарудың үшінші нарықтық жүйесін бөліп қарайды. Нарықтық жүйе негізінен экономикалық жүйеге кіреді. Нарықтық деп басқа белгілеріне қарап бөлуге ешбір негіз жоқ. Басқару әдістерін екі жүйеге бөлудің өзі шартты түрде ғана. Іс жүзінде олар бір-бірімен тығыз байланысты.
Әкімшілік басқару жүйесі - табиғат қорғау, пайдалану заңдарының, ережелерінің, нормаларының орындалуын ұйымдастыру қадағалау негізінде жүзеге асырылады. Мұнда бір орталықтан басқару, жоспарлау табиғат пайдалану шектеріне басым назар аударылады.
Экономикалық жүйеде шаруашылық еркіндікке мүмкіншіліктер беріледі. Табиғат пайдалану нормаларын, ережелерін орындау экономикалық жолмен (ынталандыру, материалдық жауапкершілік) басқарылады.
Табиғат пайдалануды басқаруда қолданылатын әдістердің (тәсілдердің) мынандай түрлерін айтуға болады:
Құқықтық - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық актілер қабылдау, басқарушы мекемелердің, лауазымды адамдардың, халықтың және табиғат пайдаланушылардың міндеттерін, құзыреттерін, құқықтарын белгілеу. Табиғат пайдалану, қорғау туралы әкімшілік актілер қабылдау. Әкімшілік актілер орындалуға міндетті және тікелей әсер етеді.
Техникалық ұйымдастырушылық - табиғат қорғау және тиімді пайдалану шараларын техника, технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Ұйымдастырушылық - табиғи ортаны қорғауға табиғатты тиімді пайдалануға байланысты шешімдер даярлау, қабылдау жэәне олардың іске асырылуын ұйымдастыру.
Әлеуметтік-психологиялық - жеке адамдармен, ұйымдармен, қжымдармен, жалпы халықпен табиғат қорғау турасында үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларға психологиялық әсер ету.
Экономикалық әдіс - баға, тариф, төлемдер, ынталандыру, қаржы, несие, т.б экономикалық тетіктер арқылы жүргізіледі.
Баға, тариф және төлемдер жүйесі:
минералды және басқа ресурстарды тиімді және кешенді қолдануды
қамтамасыз етеді;
- қоршаған орта ұдайы өндірісі және қорғау.
Табиғат пайдалануды басқаруда оптимизация, жүйлеу, сараптау әдістерін кеңінен қолданылады. Табиғат пайдалану саласында қолданылатын техника мен технология, табиғат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану құқығы түсінігі
Қазақстандағы табиғатты пайдаланудың басқару жүйесі
Орманның қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару
Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері
Қоршаған ортаға тасталатын қалдықтарды басқару
Табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды мемлекеттік қорғау
Экология мен табиғат ресурстарын басқаруды талдауды реттеу
Теңіз түбінің ресурстарын игерудің құқықтық режимі
«Табиғатты пайдалану құқығы»
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдық-қүқықтық нысандары
Пәндер