Оқыту әдістерінің классификациясы


Мазмұны
Кіріспе
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында айтылған «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» - деп. Елбасы қол қойған мемлекеттік білім бағдарламасына жоғары білім мен ғылымды ұштастыра жүргізу жан-жақты айқындалған.
Физиканы мектепте оқыту әдістемесі - педагогика ғылымдары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі - орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс-тәжірибесі мен теориясын қарастыру. Ендеше, оның негізгі міндеті:
а) мектеп физика пәнінің оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнын анықтау;
ә) оқушыларға физикалық білімдер мен дағдыларың жүйесін ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету.
Демек, физиканы оқыту әдістемесі студенттерге кәсіптік-әдістемелік дайындық беруді мақсат етеді.
Мектепте физиканы сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарт - физика ғылымын мұғалімнің берік меңгеруі, оның зерттеу әдістері мен дамуын тарихын терең түсінуі.
Физиканы оқыту әдістемесі, ең алдымен, физика ғылымының зерттеу әдістеріне және оның әдіснамасына сүйенсе, екіншіден, философия, педагогика және психология ғылымдары негізінде дамып келеді. Ол өзінің мақсаттары, зерттейтін мәселелері, пайдаланылатын әдістері бойынша физика ғылымына қарағанда, педагогика ғылымдарына бейімділігі мен жақындығы анағұрлым көп. Сондықтан да, физиканы оқыту әдістемесі педагогика ғылымдарының құрамдас бір саласына жатады.
Физика әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері ретінде теориялық талдау, нобайлау, эксперимент, дара тұлға мен қаракетті дамыту теориялары, таным мен сезу және ойлау процестері, дидактикалық принциптер, педагогикалық және психологиялық заңдылықтар, бақылау, мектеп тәжірибесін жинақтау, оқушылардың ойлауы мен еңбек ету ерекшеліктері, т. т. пайдаланылады.
Оқушыларды ізденушілікке баулу, оларға зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушы, жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда олардың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеу дайындау қажет.
Физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қайшылықтардың болуы педагогикалық оқу тақырыбын: «Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу» деп таңдауыма себепші болды.
Негізгі мақсат: Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдарын арттыратын жаңашыл, тиімді жолдарды іздестіріп, оны теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибе барысында зерттеу.
Педагогикалық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы:
Оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытудың белсенділігін анықтауға мүмкіндік беретін тестілік сұрақтардың, сауалнамалардың әдістемесін жасап, оқушыларды зерттеуден өткізу.
Тәжірибелік зерттеулер арқылы физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау әрекетін белсендіретін, білім деңгейін көтеретін әдіс-тәсілдер, жолдар анықталса, онда ол оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттырады, білімдерін кеңейтеді, қазіргі заман талабына сай мұғалімдердің қалыптасуына мүмкіндік береді, сонымен қатар физика сабақтарын түрлендіріп отырып оқытуға көмегін тигізеді.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі негізделеді, ғылыми аппаратқа (зерттеу мақсаты, зерттеудің міндеттері, зерттеудің нысаны, пәні, болжамы, әдістері) сипаттама берілді.
«Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытудың теориялық негіздері» оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін арттыру мәселесінің педагогикалық психологиялық әдебиеттердегі талдануы негізінде «танымдық ізденімпаздық», «логикалық ойлау», «ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытуды белсендіру» ұғымдарының мәні мен мазмұнына педагогикалық талдау жасалынады. Физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері, технологиялары анықталып, оларға сипаттама берілді.
«Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытудың тәжірибелік-эксперименттік жұмысы» қазіргі физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытудың мүмкіндіктері сипатталып, ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған сабақтар мен оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, зерттеу мәселесіне байланысты педагогикалық эксперимент нәтижелері көрсетіліп, оның тиімділігі дәлелденді.
Негізгі бөлім
1 Мектепте физиканы оқыту әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері
Физиканы мектепте оқыту әдістемесі - педагогика ғылым- дары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс- тәжірибесі мен теориясын қарастыру.
Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады:
- Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалдарының (жадыхаттарының) көлемін және мазмұ- нын анықтау.
- Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқыты- латын материалдың бірізділігі. ( оңайдан қиынға)
- Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдері және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету.
- Бағдарламалық материалдарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті мате- риалдық-техникалық, базасын (физика кабинеті, эксперименттік және көрнекі құралдар, т. т. ) анықтау.
- Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс жұмыстарды (физикалық кеш, үйірме, экскурсия, олимпиада, т. т. ) ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін көрсету.
- Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін (ғылыми - материалистік, патриоттық, эстетикалық, этнопедагогикалық, т. с. с. ) тәлім-тәрбие жұмыстарға бағыт-бағдар беру.
- Оқушылардың экспериментік білімдері мен іскерліктерін және дағдыларын қалыптастырудың жолдарын көрсету.
Мұның бәрін жинақтап, физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеттерін қысқаша мынадай сұлба түрінде өрнектеуге болады.

Мұндағы ФОӘ-физиканы оқыту әдістемесі.
Физиканы оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны, зерттеу пәні үнемі өзгеріп отырады. Себебі мектеп қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындайды. Мектептегі білім берудің мақсаты қоғамның қажеттілігіне байланысты өзгеріп отырады. Ал білім мазмұны білім беру мақсатына тікелей байланысты. Физика курсының мазмұны физика ғылымының даму деңгейіне, оқушы- лардың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктеріне, ақпараттық ортаның даму деңгейіне байланысты.
Физиканы оқыту әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары мен құралдары оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты. Сонымен, оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері, формалары және құралдары әдістемелік жүйені құрайды. Бұл жүйеде басты рольді педогогикалық іс-әрекеттің стратегиясын анықтайты оқытудың мақсаттары алады. Оқытудың әдістері, құралдары және формалары бір-бірімен байланыста болып, оқытудың технологиясын құрайды.
Физиканы оқытудың әдістемесі басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл байланысты біз физика курысының мазмұны- нан, оны оқытудың әдістерінен көреміз. Бұл байланыс мына сұлбадан көрінеді:
2-Сызба
Педагогикалық зерттеулердің қажеттілігі бар теориялық білімдер мен практикалық тәжірибелер арасындағы қарама- қайшылықтардың туындауынан және оларды жаңа педаго- гикалық міндеттерді шешуде, жаңа педагогикалық құбылыстарды зерттеуде қолдануға мүмкін еместігіне орай пайда болады.
Физиканы оқыту әдістемесі саласындағы зерттеулік қызметке сонымен қатар педагогикалық психологияның, ақпараттық құралдардың дамуы да өз үлесін тигізеді.
Педагогикалық зерттеулер, басқа зерттеулер сияқты, белгілі бір мақсатпен орындалады, оны жүргізу үрдісінде нақты бір міндеттер шешіліп, басқа бір әдістер қолданылады, немесе басқаша айтқанда, педагогикалық зерттеулер белгілі бір әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Әдіснама(Методология гр. methodos- зерттеудің немесе танып білудің жолы, теория, ілім және logos- сөз, ұғым ) - теориялық және практикалық іс-әрекетті құрудың және ұйымдастырудың принциптері мен тәсілдерінің жүйесі; танып білудің ғылыми әдісі туралы ілім; қандай да бір ғылымда қолданылатын әдістердің жиынтығы.
Әдіснама философиялық, жалпы ғылымилық, нақты-ғылы- милық және технологиялық болып төрт деңгейге бөлінеді (В. В. Краевский, В. С. Сластенин) . Әдіснаманың барлық деңгейі, өз арасында нақты байланысы бар, күрделі жүйені құрайды.
Әдіснаманың философиялық деңгейі , оның мазмұны таным- ның жалпы принциптері мен ғылымның категориялық құрылы- мынан тұрады. Философиялық білім жүйесі әдіснамалық міндетті атқарады. Бұл жағдайда философиялық деңгей кез-келген әдіснамалық білімнің мазмұндық негізі ретінде қарастырылады.
Әдіснаманың жалпы ғылымилық деңгейі барлық немесе көптеген ғылыми пәндерде (салаларда) қолданылатын теориялық тұжырымдама болып табылады.
Әдіснаманың нақты ғылымилық деңгейі кез-келген арнайы ғылыми пәнде (салада) қолданылатын зерттеу әдістері, принциптері және шараларының жиынтығы. Педагогиканың әдіснамасы дегеніміз педагогикалық шынайлықты көрсететін педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымдары, білім алудың жолдары және көзқарастарының принциптері туралы білім жүйесі, сонымен қатар осындай білім алудың және зерттеу жұмысының бағдарламасын, логикасын, әдістерін, сапасын бағалауды негіздеу әрекетінің жүйесі.
Әдіснаманың технологиялық деңгейі (зерттеу әдіснамасы) зерттеудің әдістемесі мен техникасынан тұрады, яғыни кейін ғылыми білім қорына енгізілетін эмпирикалық материалды алуды және оны бастапқы өңдеуді қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы.
Белгілі бір зерттеулер жүргізуде танымның жалпы, жалпы- ғылыми және нақты-ғылыми ұстанымдары мен әдістері қолда- нылады. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық аппаратына келесі категориялар жатады:
- зерттеутақырыбы;
- қарама-қайшылықтармен анықталатын зерттеулердің
өзектілігі, мысалы, физикалық білім алдында тұрған қазіргі заманғы міндеттер мен осы міндеттерді шешуге мүмкіндік бермей тұрған, қалыптасқан физиканы оқыту практикасы арасындағы қарама-қайшылықтар;
- көрсетілген қарама-қайшылықтан туындайтын және сұрақ түрінде тұжырымдалатын зерттеупроблемасы;
- зерттеу кезінде неге жету керектігін көрсететін зерттеу
мақсаты;
Яғни зерттеудің ғылыми нәтижесі.
- зерттеушінің жұмыстанып отырған практикасы немесе ғылыми білімі, яғни зерттеу барысында не қаралатындығын көрсететін нысаны(обьектісі) ;
- зерттеузаты- зерттеліп жатқан объектінің сол бір аспектісі, сол бір тарабы; бір нысан бірнеше зерттеулердің заты бола алады; Мысалы зерттеу нысаны физиканы оқыту үрдісіндегі физикалық эксперименттің маңызы болса, ал зерттеу заты жаңа білімді оқушыларда қалыптастырудағы физикалық экспери- менттің маңызы немесе фронтальды зертханалық жұмыстың білім берудегі маңызды, оқушылардың өз бетімен орындайтын физикалық тәжірибелер маңызы т. б.
- зерттеуболжамы (гипотезасы) - бұл зерттеу барысында дәлелденуге тиіс ғылыми алдын-ала жорамал;
- зерттеуміндеттері- зерттеу мақсаты мен болжамы арқылы анықталады, жалпы мақсатқа қатысты олар дербес тәуелсіз мақсаттар ретінде түсіндіріледі;
- зерттеуәдістері;
- ғылыми жаңалық, зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы - зерттеу жүргізген кезде алынған нақты бір нәтижелер, және олардың педагогикалық теория мен практика үшін маңызы;
Сонымен ғылыми-педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы мынадай кезеңдерден тұрады:
1-кезең. Зерттеу проблемасымен жалпы танысу, оның көкейкестілігін негіздеу, зерттеу деңгейі, зерттеу тақырыбын, нысанын және зерттеу пәнін анықтау. Зерттеудің жалпы және аралық мақсатын анықтау, міндеттерін белгілеу.
2-кезең. Әдіснаманы таңдау-бастапқа тұжырымдама, трек- теориялық ережелер.
3-кезең. Зерттеу болжамын құру-теориялық конструкция, дәлелдерді қажет ететін шындық.
4-кезең. Зерттеу әдістерін таңдау. Анықтаушы экспериментті жүргізу. Мақсаты-бастапқы зерттеудің жай күйін анықтау.
5-кезең. Қалыптастырушы экспериментті ұйымдастыру және өткізу.
6-кезең. Зерттеу нәтижесін талдау, талқылау және зерттеу нәтижесін безендіру(өңдеу) .
7-кезең. Тәжірибелік ұсыныстар дайындау.
Зерттеулердің барлық әдіснамалық сипаттамалары өзара байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады.
Педогогикалық зерттеулер 2 топқа бөлінеді.
- Теориялық.
- Эксперементальдық
Теориялық әдістерге: әдебиеттерді талдау, педагогикалық жағдайларды модельдеу, физикалық білім мен оқыту техно- логиясының мазмұнын құрастыру, педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеу және оларға талдау жасау жатады.
Эксперименттік әдістерге: сауалнама жүргізулер және сұқпат алулар, оқу процестерін бақылау, тәжірибелі сабақ беру, тестілеу, сараптамалық бағалау жатады.
2 Физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары
Педагогикалық институттар мен университеттерде "Физи- каны оқыту әдістемесі" курсын жан-жақты терең меңгеру сту- денттерден оны физика, математика, материалдар технологиясы, оқытудың техникалық құралдары және электронды-есептеуіш техникасы, философия, педагогика, психология, гигиена, эколо- гия, т. б. ғылымдарымен тығыз байланысты түрде оқуды қажет етеді. Себебі, физика және математика ғылымдарын меңгер- мейінше, мектепте физика сабақтарын мұғалімнің өткізе алуы мүмкін емес. Материалдар технологиясын, техикалық құралдар мен электронды приборларды пайдалану арқылы физика сабақтарының политехникалық және кәсіптік бағдарлық маңызын күшейтуге, олардың өмірмен байланыстарын жақсартуға мол мүмкіндік туғызылады.
Оқушылардың дүниеге материалистік көзқарасы, олардың танымдық қарекеті, дара тұлғаның қалыптасуы, т. б. философия курсымен байланысты түрде жүзеге асырылады. Оқу - тәрбие жұмыстарының тәсілдері мен формаларын жетілдіру педагогика- лық принциптер мен заңдылықтарға, оқушылардың психоло- гиялық жас ерекшеліктеріне тікелей байланысты жүргізіледі. Сол сияқты, физиканы оқыту әдістемесінің институттағы басқа да курстармен байланыстары кең, әрі мол. Сондықтан бұл жағдай ұдайы ескеріліп отырылуы тиіс.
Физиканы оқыту әдістемесі - күн сайын, ай сайын ұдайы жедел дамып отыратын ғылым. Өйткені, оның дамуына тез ықпал жасайтын қайнар бұлағы мол. Олар: физика мен философия, педагогика мен психология, техникалық құралдар мен ЭЕТ, экология мен экономика ғылымдарының жетістіктері; мектепке арналған бағдарламалар мен тұжырымдамалар, оқулықтар мен оқу құралдары.
Үкіметтің мектеп туралы қаулы-қарарлары, әдістемелік жур- налдар, физика мұғалімдерінің қоғамдары мен қауымдастықта- рының (ассоциацияларының), педагогтардың конференциялары мен съездерінің материалдары; озат физика мұғалімдерінің, жаңа- шыл педагогтардың, авторлық мектептердің іс-тәжірибесі, т. б. Физика пәні мұғалімі мұндай жадыхаттарды күн сайын үзбей қа- рап, үздіксіз оқып, танысып отыруы қажет. Сонда ғана ол өз ма- мандығының күнделікті жетілдіріп отырады, мектепте физиканы оқытуды заман талабы дәрежесінде жүргізуге мүмкіндік алады.
Ресей мектептері мен гимназияларында физика жеке пән ретінде осыдан 350 жылдай бұрын оқытыла бастаған. Орыс тіліндегі тұнғыш физика оқулығын ("Вольфианская эксперимен- тальная физика", 1746 ж. ) М. В. Ломоносов шығармашылық тұр- ғыда аударып, бастырылған. Түп нұсқалық негіздегі орыс тілінде шығарылған алғашқы оқулықтар М. Е. Головиннің ("Краткое руководство к физике", 1785ж. ), П. И. Гиларовскийдың («Руко- водство к физике», І793ж. ), К. Д. Красвичтің ("Учебник физики",
1866 ж. ), П. Л. Любимовтың («Начальная физика", 1876ж. ), И. И. Косогонвтың ("Концентрический учебник физики", 1909ж. ), А. И. Бачинскийдің ("Физика", І9І5ж. ) кітаптары болды.
Орыс тілінде физиканы оқыту жөніндегі тұнғыш туынды - әдістемелік құралдар мен зерттеулер Ресейде 1870 жылдан (К. Д. Краевич. "Каталог физического кабинета") шығарыла баста- ды. Одан кейінгілері, И. И. Паульсонның "0 преподавании элемен- тарной физики" (1871 ж. ), Я. И. Ковальскийдің "Первоначальные опыты по физике" (1885 ж. ), Ф. Н. Шведовтың "Методика физики" (1894 ж. ), П. А. Бароновтың "Методика начальной физики" (1913 ж. ), Н. В. Кашиннің "Методика физики" (1916 ж. ) деген арнаулы әдістемелік құралдары болды.
Советтік кезеңдегі алғашқы мектеп физикасының басқышты бағдарламасын Петроградта П. А. Знаменский (1918 ж. ) және Мәскеуде И. И Соколов (1921 ж. ) жасаған. Алғаш рет 1918 жылы Мәскеу мен Петроград педагогика институттарында арнаулы физиканы оқыту әдістемесі кафедралары ұйымдастырылған. Орыс тіліндегі советтік тұңғыш физика оқулығы (И. И. Соколов Рабочая книга по физике для рабфака") 1926 жылы шығарылған. Одан кейін, мектеп үшін, 1933 жылдан бастап А. В. Перышкиннің және басқа авторлардың жазған физика оқулықтары шығарылып келеді. 1934 жылдан бері физика мұғалімдеріне арнап "Физика в школе" журналы шығарыла бастады.
1934 жылы педагогикалық институттардың студенттері үшін Ленинградтық П. А. Знаменскийдің және Мәскеулік И. И. Соко- ловтың "Методика преподавания физики в средней школе" деген фундаментальды тұңғыш қолтума арнаулы оқулықтары жеке- жеке кітап болып шығарылған. Бұл кітаптарда совет мектебіндегі физиканы оқыту әдістемесінің негізгі теориялық принциптері мен практикалық әдіс-тәсілдері жан-жақты зерттеліп, мазмұны мен ғылыми бағыттары тұжырымдалған. Осы уақытқа дейін физиканы оқыту әдістемесі туралы орыс тілінде 20- дан астам әр түрлі оқулықтар мен ғылыми-әдістемелік еңбектер шығарылған.
Украин тілінде физикадан есептер шығарудың әдістемесі (авторы - В. А. Франковский, Киев, 1947 ж. ), физиканы оқыту әдістемесі жайлы очерктер (А. К. Бабенко, М. И. Разенберг, 4 том- дық, 1955-1959 ж. ж. ), сегізжылдық мектептерде физиканы оқыту әдістемесі (Н. С. Белый, 1962 ж. ) туралы оқулықтар шығарылған.
Белорусь Республикасында "Самостоятельные работы на уроках физики" (М. Я. Качинский и др. ), "Уроки физики" (М. С. Кузей) сияқты тамаша қолтума әдістемелік құралдар жасалынды.
Әзірбайжанда 1954 жылдан бері "Преподавание физики и математики в школе" деген арнаулы әдістемелік журнал шыға- рылып келеді. А. К. Абасзаде, С. Ш. Иманов сияқты ғалымдардың әскери техниканың физикалық негіздері, физиканы оқытудағы тәрбие мәселелері, физиканы оқытуды жақсарту мақсатта техникалық құралдарды пайдаланудың әдістемесі жайындағы ғылыми-зерттеу еңбектері жарияланды.
Грузияда В. С. Кобохидзенің мектепте физиканы оқыту әдістемесі туралы құнды оқулығы (1966 ж. ) жарық көрді. Есеп шығару, физикалық эксперимент жайлы әр түрлі әдістемелік құралдар шығарылды.
Прибалтика республикаларында мектеп физикасы жайында өзінше қолтума ерекшеліктері мол оқулықтар мен есептер жинағы шығарылып келді.
Өзбекстан әдіскер-ғалымдары (Б. Мирзахметов, Э. Тұрдықұ- лов, Н. Шадиев, Д. Шодиев, т. б. ) мектеп физикасы үшін қолдан- балы физика мәселелерін, экологиялық тәрбиенің әдістемесін, кәсіптік бағдар беру мен физикалық эксперимент проблема- ларын зерттеуде әр түрлі мектептерге арналған физикалық оқу құралдарын жасаған.
Қазақстан мектептері мен институттарында физиканы оқыту жайлы алғашқы әдістемелік мақалалар XX ғасырдың 30-40-шы жылдарында жарияланған. Олар айналмалы қозғалыстың дина- микасы (М. Маркович), электр құбылыстары мен электромаг- нитизм (М. Жылқыбаев, П. Уваров, М. Маркович), балқу және магнитизм (Е. Әбдрахимов) мәселелерін физика сабақтарында оқытуды жетілдіруге арналды. Сондай-ақ қолдан физикалық құралдар жасаудың, демонстрациялық тәжірибелер өткізудің, есеп шығару және қайталау сабақтарын жүргізудің әдістемелері (М. Маркович, Е. Абдрахимов, Х. Әбішев т. б. ) талданған.
Қазақстан зерттеушілері мен әдіскерлері 50-шы жылдарда оқушылардың политехникалық дайындықтарын (П. Правдин. П. Фидулина, А. Исабекова, П. Уваров, М. Құдайқұлов), физиканы ауыл шаруашылығымен байланыстыруды (М. Жылқыбаев), физи- калық есептерді шығаруды (А. Қалиев, Е. Асқаров, А. Садыков), өндірістік экскурсия мен киноэкскурсияны өткізуді (В. Гусева, М. Құдайқұлов), өлке тануды және патриоттық тәрбиені (М. Мар- кович), оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастыруды (Л. Көбесов, М. Құдайқұлов. Қ. Болеев), астроно- мия оқытуды (Х. Әбішев) жақсартумен айналысқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz