Люпинмен улану


Жоспар
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім
2. 1. Құрамында алкалоидтары бар өсімдіктер токсикологиясы.
2. 2. Люпин.
2. 3. Дурман.
2. 4. Кирказон.
- Қорытынды.
- Қолданылған Әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Токсикология-улы заттардың тірі ағзаларға, жануарлар мен өсімдіктерге әрекетін, сондай-ақ бүл заттардың табиғатын, өзіне тән қасиетін, жануарларға тигізетін әсерін, удың агзаға енуін, оның бөлініп шығуын, уланудың барысын қарастыратын ғылым.
«Токсикология» деген сөз грек тілінен аударғанда toxicon- у, logos- ілім. Улы заттар туралы адамдар мен жануарларды өлтіруге қолданған сол кездегі белгілі улы заттардың сандары азгантай болды, олардың барлыгы «табиги» заттар болып есептелді. Токсикологияда удың заңды және жалпы биологиялық түсінігі колданылады. Заң түрғысынан қолданылатын заттарға химиялық күшті әсер ететін улы заттар жатады. Улану жануарлар ағзаларына әртүрлі тектілі улы заттардың мал азығымен, сумен, ауамен, соған сәйкес ас корыту жүйесі, тыныс алу мүшелеріне әсер ететін патологиялық үрдіс (процесс) .
Жануарлардың улануы көбінесе тірі ағзага түсетін бөгде заттың әрекетінен болады, ол зат «ксеноблотиктер»- грек тілінен аударганда xenos- бөгде деген сөзді білдіреді.
Токсикологияның негізгі мақсатына кіретіндері диагностика әдістері, уланудың алдын алуы мен емдеу жолдары. Азықтарда және тағам өнімдерінің құрамындасы пестицидтер мен басқа да токсикалық заттардың белгілі мөлшерін белгілеу және анализ жүргізу әдістері арқылы жануарлар өніміне ветеринарлық-санитариялық баға беру.
2. 1. Құрамында алкалоидтары бар өсімдіктер токсикологиясы.
Алкалоидтар - (араб. : alkali - сілті және гр. eіdos - түр) - құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер; құрамында азоты бар сілті қасиетті органикалық зат; улы және емдік қасиеттері бар. (хинин кофеин никотин эфедрин анабазин т. б. ) . Қазіргі уақытта өсімдіктерден мыңдаған алкалоидтар бөліп шығарылған. Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай.
Қазіргі уақытта өсімдіктерден бөлініп алынған алкалоид тын түрлері бірнеше мыңға жетті. Құрылысындағы, алкалоидтың негізі болып саналатын органикалық «ядросына» карай топтасады. Бұл ядро қарапайым, бірақ әрқашанда ароматты және күрделі болып келеді. Алкалоидтың көп бөлігінің қүрамы төрт элементтен тұрады (С, Н, О, N) көбінесе қатты (кристалды) күйінде болады. Қүрамында оттеті жоқ бірнеше алкалоидтар белгілі, ол сүйықтық тәрізді болыл келеді (никатин, кокаин тағы басқа) .
Алкалоидтар адам немесе жануар организіміне түскенде реакцияның пайда болуымен сипатталатын, заттар катигориясына жатады. Алкалоидтар ңегізінен жүйке
жүйесіне әсер етеді. Бірақ терролизидивген ядроның өнімдері екі имидозольдік ядродан тұрып, нерв жүйесіне ғана емес, бауырдыда зақымдайды (крестовник, гемиотроп алкалоидтары ) .
Жануарлардың улы өсімдіктермен улануының жіктелуі көптеген зерттеушілермен, тәжірибеге Караганда. И. Гусынин ұсынысы бойынша жіктеп қарастыру қалыптасқан:
1. Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар олар малдың қозуын, қан айналу және тыныс алу жиілейді, дірілдеу болады және жүрек қағу нашарлайды (дурман, польнью, вехом, плевелом, ольяняющим) .
2. Ас қорту жолдары мен тыныс ағзалары мүшелеріне әсер ететін өсімдіктер. Жануарлардың кілегейлі қабықтары ісінеді, гиперемия., шектеулі қанталау. Жергілікті әсеріне байланысты ас қорыту жолдары қызметі әлсірейді. Негізінен жүйке жүйесі мен бүйрекке әсері басымырақ байқалады.
3. Ac қорту тыныс алу ағзалары мүшелеріне әсер ететн өсімдіктер.
Тыныс алу жиілеп, ентігу пайда болады, тынышсыздану-, танауынан көбік ағып, жөтел пайда болады.
- Жүрекке эсер ететін өсімдіктер. Бұл өсімдіктермен уланған кезде жүрек жиырылуы жылдамдайды, ритм өзгереді, әлсіздік пайда болады. Кейде жүрек кызметі толықтай тоқтайды.
- Бауыр қызметіне әсер ететін өсімдіктер. Бүл жағдайда ас корту қызметінің бүзылуының клиникалық белгілері пайда болып, сарғаю байқалады, несеп бөлу өзгереді.
- Тұз алмасуының бұзылуымен тудыратын өсімдіктер. Ac қорыту, бүйрек қызметі жолдарында қабыну пайда болады. Жануарлар қанға шавелд қышқылы кальцийінің жинақталуынан өліп кетеді, өйткені калийдің орнын кальций басады. Дірілдеу, жүрек қызметі бұзылады.
- Витамин жетіспеушілігінен әкеп соғатын өсімдіктер (хвощи, папортник-орляк) . Бүлардың құрамында тиаминаза ферменті бар, бүл жануар организміндегі В (тиамин) витаминін бүзады.
2. 2. Люпин.
Ботаникалық сипаттамасы. Люпин (Lupinus Tourn; бүршақ түқымдасы Leguminosae) . Люпиннің туысына көптеген түрлер жатады. қоректендіру үшін люпин негізінен сидерат сиякты культивацияланады. Люпин культурасы 4 түрден тұрады:
1 . Жіңішке жапырақты көк люпин (L. angustifolius L) .
2. Сары (L. luteus L) .
З. Ақ (L. albus L) .
4. Көп түқымды (L. polyphyllus Linde) . *
Люпин бір жылдық өсімдік, жапырақтанған сабақтарының биіктігі 1, 5 м-ге жетеді. Гүлдері әртүрлі түсті, бір жерге жиналған бөлек-бөлек бумалардан құралған. Бұршақтарында 4-6 түстері әртүрлі түқымы болады.
Токсикологиясы. Барлық жануарларда люпинмен улануды «люпиноз» деп атайды. Люпиннің улы заттары болып алкалоидтар саналады, сондықтан өсімдік және оның тұқымының дәмі ащы болып келеді. Люпиндердің алкалоидтары салыстырмалы түрде жақсы зерттелген, соның ішінде ең бастысы люпинин болып келеді. Ал, басқа алкалоидтар люпинидин және люпин мағынасы өте төмен.
Люпинин- құрамында СН 2 ОН спирт тобы бар. Формуласы С Н19 N О кристалданған үнтақ, иісі әлсіз және қышқыл дәмді. Суда және басқа да органикалық ертінділерде жеңіл ериді 100°С қыздырғанда бұзылмайды, бірақ 1, 5-5 ат пардың қысымы әсер етсе оның улы әсері әлсірейді.
Улы алкалоидтар негізінен өсімдіктің тұқым құрамында болады, ал басқа мүшелерінде аз мөлшерде болады. өсімдікте алкалоидтың мөлшері 3%-ке дейін жетеді. Алкалоидтардан басқа өсімдік құрамында басқа қышқылдар (алма, лимон, щавель), гликозид (Сі 9 Н 32 0 ] 6 ), тирозин, аспарагин т. б.
Люпинин орталық нерв жүйесін параличке үшратып және қан қысымын төмендететін улар қатарына жатады. Сонымем қоса ол моторлы түйіндерді де параличке ұшыратады. қоздырудан кейін тыныс алу. орталығы параличтеніп, ақыры өлімге әкеледі. Жітілеу . түрінде люпинмен улануда бауырдағы декеративті өзгерістермен сипатталады. Шикі алкалоидтың өлім дозасы қоян үшіи 1, 2-2, 4 г
1 кг салмағына, итке интравенозды 0, 012 г 1 кг салмағына. Ірі жануарларға токсикалық дозалар белгіленбеген.
Люпинмен улану. Клиникалыц белгілері. Люпинмен улану жіті және созылмалы түрінде болады. Ірі және ұсақ мүйізді мал. Бүл малдарда люпинмен уланудың клиникалық белгілері бірдей өтеді. Люпинмен улануға көбінесе қойлар сезімтал келеді. Алғашқыда сиыр мен қой түңшыгып, көбіне жатады. Қойларда тістерін шықырлатып, бір түрлі дауыстар шығарып, үркіп, дене темперетурасы 40-41 °С-қа көтеріледі. Ал ірі қара малда темперетурасы 40°С-қа көтеріледі. Тыныс алуының жилеуі, тамыр соғысының жоғарлады. Алғашқыда іші катып. аурудың 2-3-і күнінде іш өту басталады. Нәтижелері қанмен араласкан. Несебі аз порцияларда бөлініп, түсі сары түсті болып келеді. Зерттеу кезінде несепке белок пен, эпительдік цилиндрлер табылады. Люпинмен уланудың ең негізгі белгісі кілегейлі қабықтардың сарғаюы. өлім асфиксиядан болады, көбінесе 4-5 тәулікте арықтау белгілерінен.
Шошқалар. Шошқалардың люпинозының клиникалык белгілері ірі қара малдікімен ұқсас келеді. Бірақ нерв жүйесішң зақымдалуы ұйқышылдықпен байқалады. Бірақ берілген интоксикация кезінде шошқалардағы өлім көрсеткіші аз.
Жылкылар. Жылқылардағы люпиноз өлімге апармайды. Улaнy жану арды сұлымен азықтандырғанда, люпинин тұқымдарының қоспаларымен уланады. Интоксикацияныц клиникалык белгілері тәбеттің болмауы, тісін- шықырлату, жүрісінің бұзылуы білінеді. Басқа клиникалык белгілер ірі қарадағы сияқты. Бірақ созылмалы улану түрінде. жылқыларда кілегейлі қабықтарының сарғаюы білінбейді.
Диагноз. Бұл интоксикация түрінде клиникалык белгілері айкын көрінсе де, бүндай клиникалық белгілер баска аурудың этиологиясында да көрінеді. Диогнозды растау үшін, тағы азықтың ботаникалық зерттеуден өткізіп, цурамындс люпиннің барын анықтайды. Азыктарда анализден өткізу баска токсикоздарда/ диференциялау үшін керек (киевер ауруы, фосформен улану\ т. б) .
Болжау. Қойлардың люпинозындағы болжау әсіресе жіті түрінде өліммен аяқталады. Ал жылқылармен басқа жануарларда бұл интонсикацияда өлім аз кездеседі.
Емі. Ен бірінші азық рационында люпиннің болмауы. Уға қарсы химиялық қышқылдар (уксус, тұз, фосфор т. б) болып келеді. Олар алкалоидтарды ерімейтін күйге әкеледі. Ал іш өткізу кастор майын қолданады. Несепті айдау үшін ішке диуретин беріледі.
2. 3. Дурман.
Ботаникалық сипаттамасы: Дурман (Datura stramonium L) басқа атаулары: банг- дивана (тадж), пурахешек (пирк), даутуре (тат), дурники т. б.
Дурман-шөпті өсімдік, биіктігі 60 см-ден 1 м-ге жетеді. Жапырақтары ірі, жасыл, үстіне қарай ашық жасыл болып келеді, формасы жүмыртқа тәрізді. Дурман- бір жылдық өсімдік, дүние жүзінің барлық жерлерінде таралған. Мамыр айынан күзге дейін гүлдейді; гүлдерінің иісі жағымсыз, күндіз және жаңбырда гүлдері жабылып түрады. Дурман түқыммен көбейеді.
Токсикология. Өсімдіктің барлық мүшелері улы болып келеді. Жануарлар бүл өсімдікпен сирек уланады, өйткені балауса күйінде иісі жағымсыз.
Дурманның улы алкалоидтары:
- Атропин.
- Гиосциамин (ескі атауы- орипурин, ол гиосциамин мен атропиннің қосындысы) .
- Гиосцин, оны скополамин, атросцин және скополин ден атайды.
Алкалоидтары көп жиналатын мүшесі түқымдары. Бірақ, өсімдіктің басқа мүшелері қүрғақ және сүйық күйінде қауіпті болып келеді. Жапырақтарында орта есеппен 0, 2-0, 5% алкалоид болады. Жылқыларда улануды өсімдіктің 200 г тудыра алады.
Дурманмен улану. Клиникалық белгілері. Дурманды жегеннен кейін біраз уақыттан соң улану белгілері байқалады. Дурманның, түқымдары мен шөбінің аз дозасы жануарлардың асқазанына түскеннен кейін уланудың симптомдары білінеді. Атропинмен уланғанда көз қарашығының үлкеюінен жартылай соқырлану байқалады. Дурманды көп мөлшерде жеген уақытта жануарларда өлімге әкелетін келесі клиникалық белгілер байқалады: қатты қозу, ауыздың кілегейлі қабығының қүрғауы, қозғалысының өзгеруі, көзінің көрмей қалуы, артерия және тамыр соғысының жиілеуі (жылқыда 100-120) . Ірі қара малында псимпания байқалады. Кейін бүлшықеттерінің дірілі, тыныс алуының жиілеуі, діріл және паралич басталады.
Диагноз. Астропинмен улануға диагноз қою үшін клиникалық белгілеріне қарайды (коздің қарашығының ұлғаюы, аккомодациядан айырлу, жүрек жүмысының бұзылуы, қозу приступтары т. б) . Жануарлардың кандай өсімдікпен уланғанын анықтау үшін, тек ботаникалык анализ жүргізу арқылы анықтайды.
Болжау. Ол аурудың өрбуі мен клиникалық белгілеріне байланысты.
Емі. Асқазанды зонд арқылы жуу (ірі қара малында троакар арқылы) және 2-3 л 0, 2%-тік танин ерітіндісін, 5%-тік терек түнбасын енгізеді. Жылқыға 800-1000 мл 20-40%-тік глюкоза ерітіндісін интравенозда егеді. Дірілдің пайда болуына клизма аркылы хлоралгидратты (60-80 г) қолдану. Наркозға дейін жеткізбей хлофорлимен ингаляция жүргізу. Қатты козу кезінде жануар басына суық су қүйып немесе мүйізіне компресс басу жақсы әсер етеді.
Алдын алу шаралры. Дурманмен улануды болдырмау үшін оны силос ретінде қолданбау. Тамырымен бірге гүлдеу алдында шауып тастау.
Анализ. Ботаникалық анализ азық қалдықтары мен асқазанның ішіндегісін зерттеу және жайылымдарды карау аркылы жүргізіледі. Алкалоидтардың мөлшері патологиялык материалды химиялық зерттеу арқылы анықталады. Уды анықтау үшін алкалоидтарға реакцияларды атропинге қою арқылы анықтайды.
2. 4. Кирказон.
Ботаникалық сипаттамасы. Кирказон- шөптес өсімдік, . біраз майысқан сабағының үзындығы 80-100 см-ге жетеді. Гүлдерінің түсі ашык сары түсті. Кирказон- көп жылдық өсімдік; оңтүстікте кем, тараған. Ол өзендер жағасында, ормандарда, кейде бақшаларда арамшөп ретінде өседі. Мамыр айынан бастап маусым айына дейін гүлдейді.
Токсикологиясы. Кирказон қүрамында аристолохин (С 17 Н 19 0 3 N) алкалоиды немесе аристолохий қышқылы болады. Ол A. Clematilis өсімдігінің түқымынан бөлініп алынды. Жапырақтары тұқымы мен сабағына қарағанда токсинді болып келеді Лабораторлық жануарлар (ақ тышқан, егеуқұйрықтар және теңіз шошқасы) сезімтал болып келеді. Ірі қараның кирказонды жегенде сүтінен жағымсыз дәм шыгады Жайылымдардағы кирказон жағымсыз иісті болғандықтан жануарлар жемейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz