Өгей шөп


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

" ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ"

Курстық жұмыс

Пән: Фармакология, токсикология және токсикологиялық сараптау (2) .

Тақырыбы: Құрамында органикалық қышқылы мен тұздары бар улы өсімдіктермен уланған малдың патологиялық материалына токсикологиялық баға беру.

Орындаған:Сыдықанова З. С. Тексерген: Билялов Е. Е.

Топтың студенті: ВС-105.

Қолы: Қолы:

Тапсырған күні: Бағасы:

Күні:

Семей қаласы, 2014 жыл.

Жоспар.

І . Кіріспе.

ІІ . Негізгі бөлім.

2. 1. Органикалық қышқылдар мен тұздарға жалпы сипаттама.

2. 2. Құрамында органикалық қышқыл мен тұздары бар өсімдіктерге сипаттама. (Таралуы, құрамы, қолданылуы және тағы басқа) .

2. 3. Құрамында органикалық қышқылдар бар өсімдіктердің уланудағы жалпы клиникалык көрінісі.

2. 4. Құрамында органикалық қышқылдар бар өсімдіктердің жалпы уланудағы малдың ағзасында, ішкі мүшелерінде патологиялық -анатомиялық өзгерістері.

2. 5. Құрамында органикалық қышқылдар бар өсімдіктермен уланғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем және емдеу шаралары.

ІІІ. Қорытынды.

IV. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру азық қорына негізделеді. Сапалы азық қорынсыз шаруашылықтағы мал басының өсіп жетілуіне және өнімділігіне әсер ететін сыртқы ортаның ең күшті факторы -қоректік заттардың жеткілікті де қажетті түрде жеткізілуі мүмін.

Жануарлардың жоғары өнімділігін қамтамасыз етуші фактор ретінде ондағы азықтың маңызы өте зор. Яғни малдың денсаулығын сақтауы, белгілі бір жұмысты атқаруы өсімдік және жануар тектес азықтардың құрамындағы қоректік заттардың жеткілікті мөлшерде болуына байланысты. Шаруашылықтағы мал басының қоректенуін дұрыс ұйымдастыру үшін жеткілікті жемшөп қоры жиналуы керек. Жақсы мал азығының қоры мал шаруашылығын дамытудың ең басты шарты болып отыр.

Малды дұрыс өсіру мал өнімін алу және мал басын көбейту үшін оны қоректік заттармен қамтамасыз ететін азық қорының базасы болуы керек.

Қазіргі таңда Республикамызда сапалы мал өнімінің өнімдерін даярлауда оған басты назар аударуда. Соған байланысты ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлінуде. Құлдырау заманы өткеннен кейін 2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығына шешімдер шықты. Асылдандыру жұмысына бетбұрыс жасауы жаңа технологиялар инабациялық технологияларды кіргізу және биотехнологияны ауыл шаруашылығына кіргізу. Жаңа лабораториялар ашуға жол ашылды. Мал шаруашылығының жоғары сатыға көтерілуі үшін жоғары білімді ізденіс жолындағы мамандар керек.

Азық сапасы ең алдымен оның химиялық құрамы мен қоректік затқа байлығы және берілген малға жұғымдылығымен айғақталады. Оны жете зерттеп, күнделікті бағалау үшін азық биохимиясын, гигиенасын және азықтандыру тұғысынан құнарлығын білу қажет. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың айтқанындай: “біз мына дағдарыстан мұнай және ауыл шаруашылықтың арқасында шыға аламыз”, - деді. Ауыл шаруашылығын көркейту, яғни мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы біздің қолымызда.

2. 1. Органикалық қышқылдар мен тұздарға жалпы сипаттама.

Р. Бойль химияға органикалық қышқылдар мен негіздер жайлы түсінікті енгізген болатын. Ол кездегі қышқылдар мен негіздердің анықтамасы олардың қасиетін тікелей көруге, байқауға оны баяндай айтуға (түсі, түрі, бояуы, дәмі және т. б. ) негізделді. Сулы ерітіндідегі электролиттік диссоцация құбылысының ашылуы келесі анықтаманы (Аррениус бойынша) .
Органикалық қышқылдар
- құрамында карбоксил тобы ( COOH ) бар органикалық қосылыстар. Көмірсутек радикалдарының табиғатына байланысты органикалық қышқылдар алифатты (қаныққан, қанықпаған), алициклді және ароматты болып бөлінеді.

Органикалық қосылыстар - құрамында негізгі элемент ретінде әрдайым көміртек атомы болатын химиялық қосылыстар (көміртек оксидтері, көмір қышқылы және оның тұздарынан басқалары) . Адам ертеден табиғи бояу, қамыс қантын, әр түрлі майларды, тағы басқа пайдалана білген. Көміртек атомының өзара және көптеген өзге элементтердің атомдарымен химиялық байланысқа түсуіне орай органикалық қосылыстардың саны 5 млн-нан асты .

2. 2. Құрамында органикалық қышқыл мен тұздары бар өсімдіктерге сипаттама.

Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті ондағы белсенді заттар(әр түрлы органикалық, май, сүт қышқылдары биохимиялық тұрғыдан немесе химиялық құрамы мөлшерінде және олардың адам, үй жануарларының организміне тигізетін физиологиялық әсеріне байланысты. Биологиялық белсенді заттар өсімдіктердің барлық бөліктерінде немесе оның кейбір бөліктерінде болуы ықтимал. Одан басқа, түрлі белсенді заттардың саны мен сапасы өсімдіктердің өсіп-өну кезеңіне байланысты. Сол себепті, дәрілік өсімдіктердің шикіатын дайындауда оларда қай уақытта жэне қай өсу кезеңінде жинауды білу керек.

Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар эртүрлі органикалық қосылыстарға енеді. Олар - алколоидтар, гликозидтер, сапониндер, эфир жэне шыны майлары, органикалық қышқылдар, витаминдер, фитонциндер, тағы басқалары бар.

Өгей шөп. Биіктігі 15 - 20 см, күрделі гүлдер тұқымдас, көп жылдық шөптес тектес өсімдік.

Ерте көктемде тамыр сабағынан бір жылдық сабағы өсіп шығады. Мамыр айының екінші жартысында бұл сабақтар гүлдейді де, солып қалады. Дәл осы кезде сағақтары ұзын, үш бұрышты жапырақтар тамырдан тікелей өсіп шығады. Осы жапырақтар дәрілік шикізат ретінде пайдаланылады. Сабағы тік өседі, жапырақтары гүлдеген кезде ғана шығады. өсімдік наурыз айынан бастап, мамыр айының соңына дейін гүлдейді. Гүлдері сарғыш түсті, жеке - жеке гүл шоғырларын құрайды. Жапырағының астыңғы беті жұмсақ жылы; ал үстінгі беті қатты және суық болады. Өсімдіктің осы қасиетіне қарай халық оны өгей шөп деп атаған .

Таралуы : Қазақстанның барлық аймақтарында өседі. әсіресе Қазақстанның Оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Ылғалды, құмды жерлерде, өзен жағалауларында жақсы өседі.

Сақталуы: Дәрілік шикізат ретінде тамырынан тікелей өсіп шыққан жапырақтарын мамыр, маусым айларында жинап алады да, аса құрғатпай көлеңке жерде кептіреді. Қағаздан, полиэтиленнен жасалған қапшықтарда, құрғақ бөлмелерде сақтайды. Жинау барысында және кептірген кезде қарайып кеткен жапырақтар алынып тасталуы керек.

Химиялық құрамы: ащы гликозидтер, эфир майлары, дубильдік заттар, аскорбин және шырын қышқылдары, каротин, т. б. заттар бар.

Қолданылуы: Мал дәрігерлік тәжірибеде өгей шөпті басқа да дәрілік шөптерге, антибиотиктер мен химиялық препараттармен қосылып өкпе ауруларын емдеуде қолданылады. Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының ғалымдары өгей шөптің тұнбасын кешенді түрде оттегімен байытылған ортада шашыратып, дем алдыру арқылы, бронхопневманиямен ауырған төлдерді емдеуде жақсы нәтиже алған.

Өгей шөптің дәрілік шикізаты қызыл таспа, қалақай, шайқурай, көкпек, қазанақ, киікоты өсімдіктерінің дәрілік шикізаттарымен кешенді түрде қолданады. Ол үшін олардың әрқайсысынан 10 граммнан шикізат алып, 1, 5 литр суға 10 - 15 минут қайнатады. Суытып, дәкемен сүзеді. Осылай алынған тұнба өкпесі өңеші қабынып, жөтеліп тұрған құлын мен бұзауға 20 - 30 мл, қозыға 5 - 10 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.

Жалпы мал дәрігерлерінің тәжірибесінде дәрілік шикізат малға мынандай мөлшерде беріледі: ірі қара мен жылқыларға 20 - 50 гр, марқа қозы мен шошқаларға 5 - 10 гр.

Халық емшілері өгей шөптен жасалған тұнба жөтелді басатын күшті дәрі деп есептеп, дұрыс қолдана білген. Мәселен, өсімдіктің құрғақ жапырағын тынысы тарылып, ентігетін адамға кәдімгі темекі секілді қағазға орап шеккізіп емдеген.

Атқұлақ немесе Қымыздық. Биіктігі 120 см, көпжылдық шөп тәріздес өсімдік.

Тамыры жуан, етті. Сабағы түзу өседі. Жапырағы үш бұрышты ұзын, шатыры доғал.

Гүлдері майда, көкшіл жасыл түсті, сыпыртқы сияқты шоғырланып тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Жемісі шілде айында піседі.

Таралуы. Республикамыздың шығыс, солтүстік аймақтарында мал жайылымдарында, шабындықтарда, орман шеттерінде және шалғынды жерлерде өседі.

Дәрілік шикізат ретінде жапырағы, гүлі мен жемісі маусым айында, ал тамыры мен бұтақшалары тамыз - қыркүйек айларында дайындалады.

Тамыры мен бұтақшалары жиналғаннан кейін суық сумен жуылып, ұсақтап кесіліп, кептіріледі. Дұрыстап кептірілген тамыр қолмен қысқанда сынады. Жапырақтары көлеңкелі жерде кептіріледі. Жақсы дайындалған шикізат екі жылға дейін сақталады.

Химиялық құрамы антрогликозидтер (іш айдайтын), илік заттар, органикалық қышқылдар, каротин, аскорбин қышқылы, аздаған темір бар.

Қолданылуы: 1:20 қатынасында жасалған тұнбасын бұзауға 300-400мл, қозыға 50-100 мл мөлшерінде күніне үш рет ішкізгенде олардың іш өтуі тиылады. Тұнба жасау үшін шикізаттың 20грамы 1 литр қайнаған суға салынып, 30минут тұндырылады да, дәкемен жақсылап сүзіледі.

Халық емінде қымыздықтың жапырағын малдың қатты қышитын тері қотыры мен жарасын емдеуге ертеден қолданылған. Ал медецинада өсімдік тамырының спирттегі ерітіндісімен бүгінде ревматизм ауруы мен тамақтың қарлығуын емдейді.

Зығыр - биіктігі 70-100 сантиметрге дейін жететін, сабағы тік өсетін, көп жылдық өсімдік. Жапырақтары көп, кезектесіп орналасқан, қандауырдың пішініне ұқсас. Гүлдері көкшіл түсті, ірі, бес-бестен орналасқан. Жемісі бес жерден ашылатын қауашақ. Сырты жылтыр, түсі қоңыр, жұмыртқа тәрізді тұқымдары бар. Маусым айының екінші жартысынан бастап тамыз айына дейін гүлдейді. Жемісі тамыздың бас кезінде піседі.

Таралуы : Мәдени өсімдіктердің қатарынажатады. Бірақ егістіктердің арасында, жол жиектерінде, ескі мал қораларының маңында жабайы түрлері де кездеседі. Республикамыздың оңтүстік аймақтарда, Орал облысының жерлерінде өседі.

Дәрілік шикізат ретінде зығырдың тұқымы және шөбі жиналады. Шөбі өсімдік гулдеген кезде, ал тұқымы қыркүйек айында жиналып қалады.

Химиялық құрамы майлар, белоктар, органикалық қышқылдар тағы басқа қосылыстар бар.

Қолданылуы. Арнайы зығыр майын дайындайды. Ол тамақ өнеркәсібінде және медицинада жиі пайдаланылады.

Құрамындағы линамариннің месқарынның, жұмыршақ қарынның, ішектердің жиырылып-созылуын реттеп отыратын қасиетіне қарай мал дәрігерлік тәжірибеде ас қорыту жүйесінің ауруларының емдеу үшін қолданады. Дәрілік өсімдіктердің бір ерекшелігі ол қатарынан жүрек-қан тамыр жүйесі мен күйіс қайыратын процеске қатынасатын ағзалардың жұмыстарына бірдей әсер етеді.

Зығырдың зәр мен өтті жүргізетін, асқазан сөлінің бөлінуін үдететін қасиеттері бар. Берілу мөлшері құрғақ шөппен есептегенде қой мен ірі қараның 10 кг тірідей салмағына 0, 5-0, 6 грамм. Дәрілік шикізаттың тұнбасы да пайдаланылады, улылығы жоқ.

Көкпек, шайтан келмес. Биіктігі 1м-дей болатын, көп жылдық жабайы өсімдік.

Маусым-шілде айларында гүлдейді, гүлі көкшіл түсті, майда, жағымды иісі бар. Тамыз-қыркүйек айларында жемісі піседі.

Таралуы. Павлодар, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, оңтүстік аймақтардың ормандарының шетінде, шабындықтарда, өзен жағалауларында, қыратты-далалы жерлерде өседі. Алматы облысының Шелек, Ұйғыр, Кеген аудандарына қарасты 250 гектар жазық дала «Көкпек жазығы» деп аталады.

Дәрілік-шикізаты тамыр-сабағы, тамыры тамыз-қыркүйек айларында қазып алынады, тазаланып, кептіріледі. Шикізатта 3 жылға дейін шипалық қасиеті сақталады.

Химиялық құрамы 20-30 В үш терпенді сапониндер, эфир майлары, органикалық қышқылдар, нерв жүйесіне тікелей әсер ететін белгісіз заттар бар.

Қолданылуы. Орталық нерв жүйесін тыныштандыратын әсері валерианадан 8-10 есе артық.

Сонымен қатар, қақырық түсіретін әсері де бар. Тұнба, экстракт, пилюль ретінде қолданылады. Тұнбаны жасау үшін шикізатты сумен 1:20-ға қатынасындай етіп алады да30-45 минут тұндырады.

Дайындалған дәрілік затты ауыз қуысы арқылы ірі малдарға 200-250 мл, қойлар мен бұзауларға 30-50мл, қозыға 10-15мл мөлшерінде, күніне 3 рет 5-6 күндей ішкізіледі.

Алтын тамыр. Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік.

Ерекшелігі оның тамыры жуан әрі ірі болып келеді. Кейбіреулерінің салмағы 800-900 г-ға дейін жетеді. Тамырының қабығы алтын түстес сарғыш, іші ақ, кепкен кезде ашық қызыл түске айналады. Жаңа қазып алынған тамырды пышақпен кескенде күшті хош иіс шығады. Сабағының биіктігі 40-50см, бұтақшалары болмайды. Жапырақтары тікелей сабағына жабысқан. Сабағының үш жағында сары түсті гүлдері шоғырланып өседі, маусым-шілде айларында гүлдейді.

Таралуы. Шығыс Қазақстан облысында, Алтайда, Жоңғар Алатауында он шақты түрлері өседі. Олардың дәрілік қасиеттері бәрінде бірдей емес. Шығыс Қазақстанда, Алтай тауларында өсетін алтын тамырдың қасиеттері күштірек. Сондай-ақ, өсімдік тау өзендері мен көлдерінің жағасында, биік тау жайылымында, тастақты беткейлерде жиі кездеседі.

Дәрілік шикізат ретінде тамыры жиналады.

Оны күздің аяғында және көктемде қазып алып, тазалап кептіреді. 4-6см етіп кесіп, дорбаға немесе ағаш жәшіктерге салып, құрғақ жерде сақтайды. 2-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды.

Химиялық құрамында илегіш заттар, радиолозид глюкозиді, органикалық қышқылдар, крахмал, эфир майлары болады.

Қолданылуы. Арықтаған малдардың өнімділігін арттыру, жұмысқа пайдаланылатын малдардың оған қабілеттілігін жоғарылату, жақсарту және орталық жүйке жүйесінің ауруларын емдеу үшін ұнтақталған түрі, спирттік және жай тұнбалары қолданылады.

Спирттік тұнба жасау үшін 10грамм майдаланған тамыр 70*250мл этил спиртінде 10 күндей қараңғы жерге ашытылады. Жылқылар мен ірі қара малдарға 5-10мл, бұғыға 8-10мл, қойға 3-5мл мөлшерінде, күніне 3 рет ауыз қуысы арқылы беріледі.

Судағы тұнбасы 1:20 - ға қатынасында жасалады: литр суға 50 грамм майдаланған тамыр ұнтағы ерітіліп, 20-30 минут тұндырылады. Бірақ сүзілмейді. Ірі малдарға 75-100 мл, ұсақ малдарға 20-30 мл мөлшерінде күніне 2 рет ауыз қуысы арқылы ішкізіледі.

Тамырдың 3-5грамм ұнтағы жемге араластырылып сақа малға күніне 2 рет беріледі.

Ғылыми зерттеулердің деректері бойынша дәрілі зат малға күш-қуат беріп, астық қорытылуын және организмдегі зат алмасу процесстерін жақсартады.

2. 3Құрамында органикалық қышқылдар бар өсімдіктердің уланудағы жалпы клиникалык көрінісі.

Организмге түскен органикалық қышқылдың калий мен тіндеріндегі кальциймен реакцияласып ерімейтін органикалық қышқылға айналып кальций тұзын түзеді. Осының салдарынан қандағы кальций өзінің қарсыласы калиймен алмастырылып, орталық жүйке жүйесін қоздыру арқылы салдану процесін тудырады. Жүректің қызметі бұзылады, қанның ұюы нашарлайды да, қан қысымы төмендейді. Ал қалған қышқыл ермейтін зәр шығару жолында жиналып, оларды бітеп тастауға дейін барады. Зәрдің бөліінуі бұзылып, бүйректің қабынуы пайда болады.

Сонымен қатар ас қорыту жүйесінің ағзаларының кілегей қабықтарын тітіркендіру арқылы ас қорыту процесіне кері әсерін тигізеді. Көбінесе аурудың себептерінің ерекшеліктеріне байланысты.

Жіті улануда кезінде 4-5 сағаттан соң білінеді. Ауру мал жабығыныңқы, азыққа зауқы нашар, дене қызуы көтеріңкі, сыртқы әсерлерге реакциясы төмен. Асқазанның жиырылуы нашарлайды, ақыры денесі тартылып, құрысу арқылы малдың өлімімен аяқталады.

Жітілеу және созылмалы түрлерінде:

  • малдың өсіп жетілуі баяулайды, салмақ қоспайды;
  • ауру мал көбінесе жата береді, азыққа зауқы бәсең;
  • кілегей қабықтары көгерген;
  • тыныс алуы жиі, дем шығаруы қиындайды, демікпе байқалады;
  • жүрек - қан тамырларының қызметтерінің жеткіліксіздіктерінің белгілері анықталады;
  • қан азаяды, бауыр қызметі өзгереді;
  • рентген мен флюорографияда дақты ошақтар;
  • қанның құрамы әр түрлі өзгерістерге ұшырайды.
  • Қозғалысы, тепе-теңдігі бұзылады

Егерде шаруашылықта аурудың созылмалы түрі басымырақ болса, онда ол шаруашылықта емдеу процесі дұрыс жолға қойылмаған деген қорытынды шығаруға болады.

2. 4. Құрамында органикалық қышқылдар бар өсімдіктердің жалпы уланудағы малдың ағзасында, ішкі мүшелерінде патологиялық -анатомиялық өзгерістері.

Көбінде ерекшеліктер малды сойып ішін қараған кезде ас қорыту жүйесінің яғни ішектерде, катаральды қабыну процестері, сонымен қатар зәр шығару жүйесінде бүйректің түсінің өзгеруі сары-жасыл түске өзгергенін және қабынуын байқауға болады. Келтірілген аурудың даму барысында организмнің улануы, газ алмасуының бұзылуы жалпы зат алмасуының барлық түрлерінің бұзылуына апарып соғады. Мұндай процесс жүрек етінің, бүйректердің, бауырдың, тағы басқа ағзалардың құрлысымен қызметтерін өзгертеді.

Ауру мал не жарамсыздар қатарына жатады, не өлім - жітімге ұшырайды.

2. 5. Құрамында органикалық қышқылдар бар өсімдіктермен уланғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем және емдеу шаралары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктермен емдеу әрі шипалы, әрі зиянсыз
Күрделігүлділер тұқымдасының биологиялық сипаттамасы
Құрамында органикалық қышқыл мен тұздары бар өсімдіктерге сипаттама
Дәрілік өсімдіктермен емдеу
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы жайлы
Жоғары тыныс жолдары аурулары
Дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері
Дәрілік өсімдіктерді жинау мерзімдері
Псаммофитті өсімдіктер және олардың биологиялық екрешеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz