Картоптан улану



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Курыстық жұмыстың жоспары
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-3
І.Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 - 5
1.1.Картоптан улану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6 -7
1.2. Клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-9
1.3.Пат - анатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4. Балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.5.Емі және алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.6. Санитарлық бағасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11 -12
ІІ.Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-14
5.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-15
6.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17-19

Кіріспе
Кең байтақ Қазақстан Республикасының жерінде бытыраңқы орналасқан мал шаруашылықтарының малдпрының ішінде әр түрлі азықтардың құрамындағы улы заттармен уланулары жиі кездесетін жағдай. Бұған себеп жер көлемі үлкен болғандықтан және табиғаттың әр түрлі құбылмалы әсерінен өсімдіктер фаунасы да неше алуан, құбылмалы болып келеді. Малдардың улануының шаруашылықтарға тигізетін зияны өте көп. Улануымен бір екі бас мал ғана емес, көптеген мал топ тобымен ауруы; ауыр жағдайда көмек көрсетіліп үлгірмегенде уланған малдың кенеттен өлім - жітімге ұшырауы; аман алып қалған малдардың өнімінің азаюы; жұмыс малдарының жұмысқа жарамсыздығы; жедел көмекке, емдеп жазуға жұмсалатын қаражат шығындары; адам күші, оларға төленетін жалақы. Міне осы сияқты тағы басқа шығындар шаруашылықтардың, жеке қожалықтардың қаржыларына әсерін тигізері сөзсіз.
Онымен қатар ауылшаруашылық малдарының улануы, олардың организмдегі улы заттары өнімдері арқылы (ет, сүт) өсім төлдерін, тіпті адамдарды да уландыруы мүмкін.
Кей кезде уланулардан болатын шығын індетті аурулардан келетін шығындардан да асып түсетін көрінеді. Уланған организмнің, әсіресе созылмалы уланулардың түрінде, уланған малдардың резистенттік қабілеттілігі әлсірейді де, олардың індетті, тоғышарлық, көбінесе жұқпалы емес ауруға қарсы тұру қабілеттілігін нашарлатады. Сондықтан ондай малдарда уланулардың басқа ауруларымен қабатасып асқынған түрлері жиі кездеседі. Көп жағдайларда мал мамандары, күтуші, бақташы адамдар уланудың табиғатын терең білмегендіктен дұрыс диагноз қоя алмай қалады. Соның салдарынан емдеу, уланудың алдын алу шаралары дұрыс жүргізілмеуі мүмкін.
Қазіргі кезде Республика тұрғындарын тұтынушыларды сапалы азық - түлік өнімдерімен толық қамтамасыз ету және олардың денсаулығын қорғау - ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан болашақ ветеринариялық - санитариялық дәрігерлер әр түрлі уланулардың алдын - алу шаралары жөнінен кең көлемді жұмыстар жүргізе білулері тиіс. Сондықтан оларға үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Улы химикаттар мен өсімдіктердің және сапасыз азықтық өнімдердің келтіретін үлкен экономикалық шығынын ескере отырып, мал дәрігерлері олармен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін, жануарлардың улануына ықпал ететін жағдайлар мен олардың себептерін, оларды балау әдістерін, жедел көмек көрсету шараларын жете меңгерулері тиіс. Сондықтан, болашақ мал дәрігері жем - шөптің сапасын, жайылым мен суаттардың ветеринариялық талаптарға сай келуін, қажетті жағдайларда олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау мақсатында әртүрлі зертханалық зерттеулер жүргізе білулері қажет. Қорыта айтқанда, малдың улануын болдырмау және уланудың алдын алу мал дәрігерінің негізгі міндетті. Осы тұрғыдан алғанда малдардың өсімталдығы мен өнімділігін арттыруда Токсикология ғылымының алар орны ерекше. Токсикология - улы заттардың әсерінің жалпы заңдылықтарын, улардың токсикодинамикасы мен токсикокинетикасын, әсер ету түрлерін, улы заттардың организмге ену және бөлініп шығу жолдарын, улануды емдеу және балау принциптерін, уланған мал өлексесін соттық - ветеринариялық сараптау, токсикологиялық талдаудың негізгі әдістерін оқытады.

І бөлім
Әдебиетке шолу
Картоп - картофель (немісше Kartoffel), түйнекті алқа, ақтүйнек -- алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл.
* 150-ге жуық түрі белгілі.
* Отаны - Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары.
* Бір жылдық дақылдық негізінен, 2 жақын түрге бөлінеді.
o Анд картобы (andіgenum) Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі.
o Чили (Еуропа) Картобы (tuberosum) климаты қолайлы елдерде өседі.
* Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі.
* Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл.
* Биіктігі 40 - 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 - 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ темп-расы 5 - 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы темп-ра 10 - 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал - 1 - 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 - 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. К. түйнегінде 23,7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17,5% крахмал, 0,5% қант, 1 - 2% ақуыз, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, В1, В2, В6, РР, К витаминдері бар. Қазақстанда картоптың 20-дан астам сорттары аудандастырылған (оның ішінде 10-ы жергілікті селекциядан шыққан), 1 га-дан орта есеппен 100 - 200 ц өнім түседі. К. тағам, мал азығы және өнеркәсіпте тех. шикізат ретінде пайдаланылады.
Картоп - спирт өндiрiсiнiң таралған шикiзаты. Картоп спирт заводтарының қатарында спирт және крахмалды құрамалы өңдеулерге ұшырайды.
Картоп түйнек жемiстiлердiң тобына жатады. Картоп түйнектерiнің сырты қабықпен қапталған (эпидермиспен). Қабықта көзшелері бар кішкене қуыстар болады. Қабық астында түйнектерді ылғалсызданудан қорғайтын клеткалардың жіңішке тоз қабаты болады. Түйнектер теріс формалы жеке клеткалардан тұрады. Тікелей тоз қабаттың астында орналасқан клеткалар ақуызды заттардан тұрады және құрамында крахмалы жоқ. Түйнек ортасына жақындаған сайын клеткадағы крахмал құрамы арта түседі. Клеткадағы крахмал әр түрлi культураларда, әр түрлi формасы болатын дән түрiнде болады. Картоптың крахмалды дәндері эксцентрлiк дөңгелек түрінде болатын қабаттардан тұрады.
Картоптың химиялық құрамы тұрақсыз, себебі ол сортқа, өсу жағдайына, тыңайтқыштарға және тағы басқа себептерге байланысты. Картоптың орташа химиялық құрамы (%): су - 75; ұрғақ заттар - 25, соның iшiнде азотсыз зкстрактивтiк заттар - 20, 8; азотты заттар - 2, 0, клетчатка - 1, минералды заттар - 1, 0, тағы басқа заттар - 0, 2.
Шырынды азықтар. Ірі қара, әсіресе сауын сиырлары рацион-дарында олардың сүтін көтөретін тамыр-түйнек жемістілер (қант және қызылша, сәбіз, картоп) және бақша дақылдары (асқабақ, қарбыз, қауын) кеңінен қолданылады. Олар өте жеңіл қорытылып, малды қантпен, ал сәбіз, асқабақ А витаминінің алғашқы түрі каротинмен қамтамасыз етеді. Оларды сиыр сүйсініп жейді.
Құрамындағы қант сиыр рационындағы қант - протеин ара қаты-насын жақсартып, қоректік заттардың қорытылуын жоғарылатады.
Сауын сиырларға қызылшаны тәулігіне 30 кг, ал картопты 15 килограмға дейін беруге болады. Яғни олардың жылдық қоры сиыр басына -- қызылшаныкі 10 -- 15 ц, ал картоптікі 5 -- 10 ц.

Картоптан улану.
Алқа тұқымдасының ( Solanaceae) көптеген өкілдері бар. Олар вегатацияның белгілі бір фазасында көптеп ерекше зат - гликозид соланин бөледі. Оның ерекше болу себебі гликозидтікте, алколоидтықта (соланидин) қасиет көрсете алады. Сондықтан ол гликоалколоидтарға жатады.
Соланин картоптың (S. Tuberosum), қызанақтың (S. Lukopersicum), баклажанның (S. Melongena) және тағы басқа алқа тұқымдарының құрамында болады.
Соланиннің токсикологиясы.
Соланинді 1820 жылы көрнекті ғалым Деффос ашқан. Әр алқа тұқымдасындағы соланиннің мөлшері әр түрлі.
Соланин суық және эфирде ерімейді, спиртте және ыстық суда әлсіз ериді, ал 1 - 2 % қышқылда өте жақсы ериді. Соланин күйдіргіш, ащы дәмді, кристалды түрде болады.
Соланиннің өсімдік бөліктерінде және әр алқа тұқымдасында біркелкі жиналмағандығы бұрыннан белгілі. Соланиннің гликозид ретінде қайнату кезінде құрамы бұзылса, ал алколоид соланидин өзгерісіз қалып, улану белгілерін тудырады. Соланин теріні қабындырып, құрғатады және тітіркендіріп әсер етеді. Соланиннің барлық әсері бүйректің зақымдануына (қатерлі нефрит), гастритке әкеп соқтырады. Сонымен қатар, тыныс алу мүшелері, жүрек - қан тамыр жүйесі зақымдалады.
Соланиннен улану әр малда әр түрлі жүреді. Құсу процессі тән болғандықтан шошқалар соланиннен көп уланбайды. Өйткені улы заттар құсықпен шығып кетеді. Ал құсу процесі тән емес малдарға өсімдік құрамындағы соланиннің көп жиналуы өте қауіпті. Қанға түскен соланин сапонин секілді әсер етіп, эритроциттерді гемолиздейді. Нәтижесінде несеп қызыл түстеніп кетеді.
Зертханалық жануарларға эксперимент жүргізу барысында соланиннің уыты мөлшері төмендегідей екені анықталған: 0,02 г вена арқылы енгізгенде қояндар қатты уланса, ал аз мөлшерін (0,01) жылдам енгізсе өлімге ұшыратады; ауыз қуысы енгізілген 0,06 - 0,12 г соланин қоянға өлтіре әсер етсе, итті 0,6 г жіті уландырады. 0,05 г мөлшерін венаға енгізсе ит өлімге ұшырайды.
Картоп сабағынан улану. Мұндай азықтарды қуаңшылық жылдары, малдарға азық жеткіліксіз болғанда қолданады. Оны малға бермегеннің өзі дұрыс. Әсіресе улы зат салонин, картоптың сабағы гүлдегенге дейін көп болады (0,08 - 0,114%). Соңғы кезде оның құрамында соланиннен басқа нитрат, нитриттердің бар екені анықталды. Улану сиырлар арасында жиі кездеседі. Негізгі клиникалық белгілері: қалай болса солай қозғалу, ас қорыту жүйесінің ағзаларының кебуі, іш өту, сүттің бөлінбеуі, терінің жарақатануы. Кейде стоматит пайда болады.
Картоптан дайындалған сықпамен улану. Малдардың улануы, әсіресе ірі қаралардың, оның ішінде өгіз, бұқа, сүт бермейтін сиырлар, дұрыс дайындалмаған сықпалармен азықтырғанда байқалады. Ондай сықпаларда салонин, әр түрлі қышқылдар, улы майлар болады. Улану алдынғы қарыншақтарының атониясымен, бауыр ауырларымен, кальций алмасуының бұзылуымен, терінің жарақатануымен сипаталады. Кейде тыныс алу жүйелерінің ауруларында тудырады. Негізгі және жиі кездесетін белгісі везикулярлы дерматит. Оны сықпа ылғалды қотыры деп атайды. Ондай дерматит артқы аяқтың тұсау тұсының арт жағында жиі байқалады. Ол алдымен қызарады, ісінеді, сол жерде бөртпе, күлдіреуік пайда болады. Ол жарылып, орынына ылғалды қотыр пайда болады да, ол кеуіп беті қабыршықтанады. Ауыр түрінде ондай өзгеріс малдың басқа жерлерінде де пайда болады - емшекте, аяқ арасында, қарында және тағы басқа. Сықпамен ары қарай азықтанған малдарда қотыр жарылып, орынында іріңді жара, жаралы стоматит, терілердің өлі еттенуі байқалады.

Клиникалық белгілері.
Соланиннен улану жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтеді. Бұл азық құрамындағы гликоалколоидқа және жануарлардың сезімталдығына байланысты өтеді.
Жіті түрінде жүйке жүйесінің зақымдалу белгісі білінсе, жітілеу түрі жүйкелік - гастриттік белгілерімен сипаталады. Созылмалы түрінде гастритке ұшырайды және тері зақымдалады.
Ірі қара мал. Бұл жануарларда улану азық құрамында соланиннің көп жиналу нәтижесінен болады. Құрамында соланині бар өсімдікті жегенде бірнеше сағаттан соң улану белгілері біліне бастайды. Малдар салданып, өлімге ұшырайды. Ірі қарада жүйке жүйесі зақымдалады. Қатты уланғанда сілекей ағады, құсады, іші кебеді, бүйірі шаншып, іші өтеді, жүрісі бұзылып, әлсізденеді және терісінің сезімталдығы төмендейді. Коньюктивит, ауыз қуысы қызарады, тыныс алуы қиындайды, жүрек қызметі нашарлап, дене температурасы төмендейді. Тамыр соғысы 60 - 80 - ге дейін жиілейді. Сүтті азайып, сүттен жағымсыз иіс шығады.
Жіті уланғанда ас қорыту жолы қабынып, 2 - 3 күннен кейін өлімге ұшырайды.
Жеңіл уланғанда 2 - 3 күннен кейін жазылып кетеді. Соланиннен уланған ірі қараның терісінің әр жерінде экзема (бөртпе) пайда болады. Бөртпелер желініне, шабына жәнем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысы, қордай ауданы жағдайындағы картопты өсіру технологиясы
Уланумен тек бір екі бас мал ғана емес, көптеп малдардың топ - тобыменауруы
Аспазшылық технологиясы бөлімінің сабақтарын жүргізу әдістемесі
Организмде витамин жеткіліксіздігін тудыратын өсімдіктермен улану
Шошқаның пісірілген қызылшамен улануы
Жануарларды тасымалдау кезінде жұқпалы аурулар байқалған жағдайда, ауруға күдік туған кездегі алдын алу шаралар
Фосфорорганикалық пестицидтерді ферментті әдіспен аныктау
Генетикалық модифицирленген өнімдер
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер
Ас – адамның арқауы. Әр түрлі тағамдар дайындау әдістері
Пәндер