Сарсазан өсімдік зиянкестері үшін улы өсімдік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қанның ұюының бәсендеуіне әсер ететін өсімдіктермен уланған малдардың патологиялық материалдарына токсикологиялық баға беру.
Жоспар:
1.Улы өсімдіктер
2.Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану.
3.Улы заттар және олардың организмге әсері туралы жалпы түсінік.
4.Уланудың жалпы жиынтық белгілері - оларды анықтау.
5.Улы өсімдіктермен уланудан сақтандырудың іс-шаралары.
III.Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Улы өсімдіктерге:
Көкбасгүл, көкшешек (Echіum) - айлауықтар тұқымдасына жататын бір, екі немесе көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанның далалы аймақтарында, жол жағаларында, кейде тасты шатқалды таулардың етегінде кәдімгі Көкбасгүл (E. vulgare) және Италия Көкбасгүлі (E. іtalіcum) өседі. Олардың биіктігі 30 - 80 см, кейде 1 м-дей болады. Сабағы тік, сыртын тікенекті қылтандар жауып тұрады. Тұтас келген жапырақтары кезектесіп орналасады. Көк, көгілдір немесе күлгін түсті гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған, сабағының ұшына орналасады. Тостағанша жапырақшалары 5 бөлікке бөлінген, күлтесі - түтік тәрізді. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, маусым - тамызда жемістенеді. Жемісі - төрт жаңғақша. Өте улы өсімдік. Кәдімгі Көкбасгүлдің құрамында сапонин, улы алкалоидтар (циноглоссин, холин, консолидин, консолицин) бар. Өсімдіктен алынған дәрілік препараттар жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдаланады. Сондай-ақ қақырық түсіретін және антисептикалық қасиеті бар. Мал жемейді, омарта шаруашылығынданда маңызы бар.

Улы сарғалдақ. (лат. Ranunculus sceleratus)-сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір және екі жылдық шөптектес өсімдік. Биіктігі 5-60см. Сабағы тік, түксіз жылтыр, ұшынан тарамдалып бұтақталған. Жапырақтары тамырға жақын, сабақ түбіне орналасқандары ұзын сағақты, жапырақ тақтасының жиектері терең ойықталып салаланған. Сабақ ұшына жақындаған сайын сағағы қысқара береді, жапырақ тақтасының пішіні де өзгеріп жіңішкереді. Жапырық тақтасы жалпақ және жіңішке болып 2 түрлі пішінге өзгереді.
Зияны:Жасуша шырынында әртүрлі алкалоидтар болғандықтан уы орталық жүйке жүйесіне (ми мен жұлын), асқорыту жүйесіне және бүйрекке қатты әсер етеді. Сарғалдақтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің 2000-нан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі улы.

Сарсазан (Halocnemum) -- алабұталар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы өзен аңғарларында, сортаң топырақты ылғалды жерлерде, тұзды көлдердің жағалауларында өсетін 1 түрі -- төмпек Сарсазан (H. strobіlactum) бар. Кейде оны тентек сораң не мырза сораң деп те атайды. Оның биікт. 5 -- 40 см, сабағы көп бұтақты, төм. бөлігі ағаш тәрізді сүректенген. Жас өркендері шырынды, бунақты келеді. Жапырақтары жетілмеген қабыршақ тәрізді, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері қосжынысты, бір-біріне үш-үштен (кейде екіден) тығыз орналасқан масақ гүлшоғырына топталған. Тамыз -- қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс береді. Жемісі -- тұқымша, ұзындығы 0,5 -- 0,75 мм, екі бүйірінен қысыңқы, қоңыр түсті. Сарсазан өсімдік зиянкестері үшін улы өсімдік. Оны әсіресе түйе сүйсініп жейді, кейде отын үшін де пайдаланылады.

Жарықдәрі (Hernіarіa) -- қалампыр тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Африка мен Батыс Азияда кездесетін 30-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанның далалы, құмды аймақтарында (кейде таулы жерлерде) өсетін 4 түрі бар. Оның ішінде жиі кездесетіні - жалаң жарықдәрі (H. glabra). Биіктігі 5 - 20 см. Жайылып өсетін сабағында ұсақ жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Сарғыш жасыл түсті ұсақ гүлдері жапырақ қойнауынан жетіледі. Олар шашақ гүлшоғырын құрайды. Гүлі қос немесе дара жынысты. Маусым - шілде айларында гүлдейді. Жемісі - жаңғақ. Жарықдәрі - улы өсімдік. Құрамында кумарин, эфир майы және алкалоид бар. Медицинада бүйрек, қуық ауруларын емдеу үшін Жарықдәрінің көк шөбін ғана пайдаланады, себебі, кепкен кезде оның емдік қасиеті жойылады. Жарықдәріні суға салса көпіреді, сондықтан оны сабын ретінде де қолданады.

Нарцисс (Narcіssus) - амараллис тұқымдасына жататын баданалы көп жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен Жерорта теңізі аймағында өседі, 30-ға, кейбір мәліметтер бойынша 60-қа жуық түрі бар. Нарциссті ежелден әсемдік үшін өсіреді, оның қазір 12 мыңнан астам сорты белгілі. Баданасының сырты қоңыр қабыршақпен қапталған. Жапырағы таспа пішінді. Гүлі ақ, сары түсті, хош иісті, жеке-жеке немесе топтанып гүл сидамының ұшында жетіледі. Гүлшоғыры қоңырау не шатыр тәрізді. Жемісі - етті қауашақ. Нарцисстің гүлінен эфир майы алынады, баданасында алкалоид болады. Нарцисс - улы өсімдік. Қазақстанда қолдан өсіріледі. Баданаларын шамамен тереңд. 10 - 15 см шұңқыр қазып, күзде отырғызады. Отырғызылған соң 2-, 3-жылдары жақсы гүлдейді. Бұлардың баданасын жапырақтары түгел сарғайған кезде қазып алып, көлеңкелі жерде кептіріп, 16 - 18С температурада сақтайды.

Табиғатта адам және мал тіршілігіне керекті өсімдіктермен қатар, олардың өміріне қауіпті улы өсімдіктер де кездеседі.Улы өсімдіктердің таралу аясы өте кең, түрлері алуан түрлі. Олардың химиялық құрамы көптеген ғалымдардың еңбектері нәтижесінде айтарлықтай зерттеліп, бөлетін улары, уытты бастамалары анықталған. Дегенмен, әлі де құрамы толық тексерілмеген өсімдіктер баршылық.
Өсімдіктердің барлығы бірдей улы әсер етпейді. Арасында емдік мақсатта қолданылатын өсімдіктер де жетерлік. Бірақ ғұлама ғалым Парацельс айтқандай, егер белгіленген ереже, мөлшермен қолданылмаса дәрілік заттың бәрі у.
Улы өсімдіктерді мал жемейді. Олардың көпшілігінің өзіне тән жағымсыз иісі, дәмі болады.Жайылымдарға және астаудағы азық қалдықтарына ботаникалық тексеру жүргізген кезде, мұнай азықтардың желінбей, сол қалпында қалғанын көруге болады. Егер улы өсімдіктер басқа азақтармен толық араласып кеткенде (сүрлем,күнжара) немесе қатты ашыққанда, мал азықты талғамсыз жейді. Нәтижесінде организм улануы мүмкін.
Өсімдік тектес улардың жалпы қабылданған, арнайы жіктелуі жоқ. Тек, клиникалық белгілеріне қарай жіктелуі ғалым И.А.Гусынинның еңбектерінде кездеседі. Бұл жіктелім, өсімдік құрамында кездесетін улы заттарға байланысты төмендегідей жіктеледі:
1. Құрамында альколоидтар бар өсімдіктерден улану, у қорғасын (аконит),ақ тамыр (чемерица), мендуана (белена), сасық мендуана (дурман),үйбидайық (плевел), у балдырған (болиголов), тегеурінгүл (живокость), итсигек(ежовник) және т.б,
2. Құрамында гликозидтер және сапонин бар өсімдіктерден улану: қыша (горчица), қарамықша (куколь), беде(клевер), зығыр (лен), жалынгүл (горицвет), оймақгүл (наперстянка), және т.б.
3. Құрамында эфир майлары бар өсімдіктерден улану: у сарғалдақ (лютик), жусан (полынь), шайқурай (зверобой), кенедән (клещевина) және т.б.
4. Құрамы әлі толық зерттелмеген өсімдіктерден улану: у кекіре (горчак), сүттіген (молочай), қырықбуын (квощ), және т.б.
5. Мәдени және азықтық заттардан улану: картоп (картофель), қарақұмық (гречиха), жүгері (кукуруза), тары (просо), қызылша (свекла) және т.б.
6. Техникалық азық қардықтарынан улану: күнжара және шпроттар.
Жоғарыда көріп отырғандай, біздің оқулықта улы өсімдіктер құрамында әсер ететін уытты заттарына байланысты жіктелген. Бірақ құрамында алколоидтары немесе гликозидтері бар өсімдіктердің бірі орталық жүйке жүйесіне әсер етсе, енді біреуі-бауырға, ал келесі біреуіөас қорту және тыны алу жүйесіне әсер етуі мүмкін. Осыған орай, аталған улы өсімдіктердің жіктелуі, олардың әсері кезінде көрінетін клиникалық белгілеріне, патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне байланысты төмендегідей жіктеледі:
1.Орталық жүйке жүйесін қоздыратын өсімдіктер: меңдуана, итжидек, сасық меңдуана, у тамыр, қылша, сүйелшөп, жусан және тағы басқалар.
2.Орталық жүйке жүйесін әлсірететін өсімдіктер: көкнәр, қыздырма үйбидайық, у балдырған, у қорғасын, ақтамыр, итсигек және тағы басқалар.
3. Орталық жүйке жүйесіне және басқа да мүшелерге әсер ететін өсімдіктер:лапыз, адыраспан, қазанақ, түймешетен, құсықшөп, есекмия, сарғалдақ түрлері, желайдар, қалтагүл, құндызшөп, жібілген және тағы басқалар.
4.Бауырды зақымдайтын өсімдіктер:бөрі бұршақ, зиягүл, түкжеміс және тағы басқалары.
5.Ас қорту жүйесін, сонымен қатар,орталық жүйке жүйесіне әсер ететін өсімдіктер (құрамында сапонин-гликозидтері бар өсімдіктер); дәрілік авран, дақты ароник, қарамықша, сабыншөп, көздәрі, жауқазын, сабынкөк, сүттіген, супияз, мамыргүл және тағы басқалары.
6.Тыныс алу және ас қорту жүйесін зақымдайтын өсімдіктер (құрамында тиогликозидтері бар өсімдіктер ): қыша, сарыбасқурай, рапс, шомыр және тағы басқалары.
7.Жүрек жұмысына әсер ететін өсімдіктер (жүрек гликозилтері): беде, сиыр жонышқа, зығыр, миядән, қаражүгері және тағы басқалары.
8.Малдардың күн сәулесіне сезімталдығын күшейтетін өсімдіктер (фотосенсибилизациялаушы өсімдіктер): қарамық, шәйқурай, тары, аққурай және тағы басқалары.
Организмге улы заттардың түсуінен пайда болатын аурулар уланулар деп аталады. Ондай улы заттар мал организміне әртүрлі көздерден түсуі мүмкін; азыққа қолданылатын өсімдіктер құрамындағы улардан; ауылшаруашылығында, құрылыстарда қолданылатын улы химикаттардан; өндірістің улы қалдықтарынан және т.б. Улы заттар азықтарды дұрыстап дайындамағанда, дайындалған азықтарды дұрыс сақтамағанда және дер кезінде бермегенде де пайда болуы мүмкін. Мысалы ретінде өсімдіктердің ауруларымен, оларға зиянды жәндіктермен күресуде қолданылатын улы химикаттарды дұрыс пайдаланбағанда, оларды дұрыс сақтамағанда оларды мал азығымен, сумен араласып, олар арқылы организмге түсіп малдарды уландыруын келтіруге болады.
Көптеген заттардың улылығы әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді: оның организмге түскен мөлшеріне, басқа да улы заттармен қоса әсер етуіне, малдың өзінің жалпы жағдайына және т.б. Кейбір өте күшті улы заттардың белгілі бір мөлшері емдік әсер ететінін; ал организмге пайдалы кейбір заттарды көп мөлшері уландырып, малды өлім-жітімге ұшыратуы мүмкін екені естен шығармаған жөн.
Көптеген улы заттар сыртқы ортада өте жайлы ыдырайды да топырақта, өсімдіктерде, жануарлардың (малдардың, аралардың, балықтардың) органзмдерінде көпке дейін сақталады.
Малдардың организмнің әртүрлі улардың әсерлеріне сезімталдығы олардың түр ерекшелігіне, әсіресе организімнің жалпы жағдайына тікелей байланысты болып келеді. Мысао реттінде белоктың, көмірсутегінің, витаминдер мен минералды заттардың жетіспеушілігінің салдарынан зат алмасу бұзылған организмнің жиірек уланғыш келетінің келтіруге болады.
Улы заттардың организмге тигізетін әсерлерінің негізі неде? Улы заттар организм торшаларымен түйілісіп олардың ішіне енгеннен кейін, торша протоплазмасымен байланысып, олдардың молекулалық құрылысын және қызыметін бұзады. Бұл құбылыс организмдегі жалпы зат алмасу процесін өзгертіп, оның ең негізгі, өмірге керекті жағдайларын бұзады. Улардың әсерлері жергілікті және жалпылай болып келеді. Олар жалпы организмге рефлекс және қан арқылы әсер етеді. Кейбір улар белгілі бір ағзалармен тіндерге таңдамалы түрде әсер етулері де мүмкін.
Улы заттардың мал организміне ісерлері негізгі бір заңдылыққа бағынады.
1.Удың әлсіз әсері торшалар мен ағзалардың қызметтерін қоздырады;
2.Орташа әсері - тітіркендіреді;
3.Қатты әсері - қинайды, әлсірейді;
4.Өте қатты әсері - салдандырады;
Малдардың түрлері улы заттардың әсерлеріне әртүрлі реакция береді. Үй жануарын улардың әсеріне сезімталдығына қарай мынадай қатарға тізуге болады: есек, қашыр, жылқы, мысық, ит, шошқа, ірі қара, қой, ешкі және қоян.
Малдардың азық арқылы уланулармен нәтижелі түрде күресу үшін оларды дер кезінде анықтаудың маңызы өте зор. Бұл мәселені шешуде малдың өмірі мен ауруы туралы деректер - анамнез және лабораториялық зерттеулермен қатар уланудың клиникалық белгілерінің ерекшеліктеріне көңіл аударған жөң.
Себептеріне байланысты улану өте жіті,жіті,жітілеу және созылмалы түрлерінде кездеседі. Кейде өте күшті улардан қолма - қол өліп кетуі де мүмкін.
Азықпен уланулардың клиникалық белгілері әртүрлі және күрделі болып келеді. Организм біртұтас болғандықтан удың әсері тек белгілі бір ағзаның қызметіне әсер етумен шектелмейді, ол орталық жүйке жүйесі арқылы барлық организмге әсер етеді.
Уланудың жіті түрінің өзіне тән клиникалық белгілері бар. Олар:
1.Ас қорту процесінің ауыр түрде бұзылуы: ауыз қуысынан сілекей ағады, құсады, іші өтеді, месқарны кебеді, кейде нәжіс қатып қалады, шаншу құбылысы байқалады, нәжіс жалқаяқты болып кетеді, тіпті қан аралас болуы да мүмкін. Теріде бөртпе пайда болады.
2.Кенеттен жүйке жүйесінің қызыметі бұзылады: қозу, тынышсыздану, тоқтаусыз ілгері қозғалу, дірілдеп-қалшылдау және т.б.
3.Көздің қарашығы үлкейеді немесе кішірейеді.
4.Дене қызуы көбінесе қалыпты жағдайда, кей кезде төмендеуі мүмкін.
5.Тыныс алу жүйесіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Алабұталар және тарандар тұқымдасы»
Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары туралы
Топырақ тұздануының арпа сабақтарының өсуіне және құрамындағы абсциз қышқылына әсер етуін зерттеу
Қазақстранның өсімдіктері мен жануарларына жалпы сипаттама
Қармақшы ауылдық округі
Қазақстанның өсімдік жамылғысы
Өсімдік зиянкестері
Энтомофагтар
Өсімдіктің зиянкестері
Галофитті өсімдіктер және олардың биологиялық екрешеліктері
Пәндер