Элементтің аты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.
" ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ"

Курстық жұмыс
Пән: Фармакология, токсикология және токсикологиялық сараптау (2).
Тақырыбы: Қорғасын қосылыстарымен уланған малдардың
патологиялық материалдарына токсикологиялық баға беру.

Орындаған:Тарту Қ. Тексерген: Билялов Е.Е.
Топтың студенті: ВС-105.

Қолы: _______
Қолы:_______
Тапсырған күні: ________
Бағасы:________

Күні:______________

Семей қаласы, 2014 жыл.
Жоспар.

І. Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1. Қорғасынның ашылу тарихы, химиялық элемент ретінде алатын
орны,қолданылуы,қай өсімдіктердің құрамында кездесуі.
2.2. Қорғасынның уыттылығы, адам және мал ағзасына әсері.
2.3. Клиникалық белгілері,организмдегі өзгерістер.
2.4. Патологиялық-анатомиялық өзгерістері.
2.5. Балау жолдары.
2.6. Емдеу және алғашқы көмек көрсету жолдары.
2.7. Уланудың алдын-алу жолдары.
ІІІ. Қорытынды.
IV.Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру берік азық қорына
негізделген. Берік азық қорынсыз шаруашылықтағы мал басының өсіп жетілуіне
және өнімділігіне әсер ететін сыртқы ортаның ең күшті факторы – қоректік
заттардың жеткілікті де, қажетті түрде жеткізілуі мүмкін емес. Сондықтан да
мал шаруашылығын өркендетуді жеткілікті жемшөп қорынан бастайды.
Жемшөп қорын нығайтуды ондағы азық түрі мен мөлшерін көбейтумен қатар,
жиналған, қолдағы бар азықты үнемді де физиологиялық және экономикалық
тұрғыдан тиімді жұмсай білу керек. Оған мал басын азықтандыруды ғылыми
түрде ұйымдастырғанда ғана қол жеткізеді.
Мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен
қоректік, биологиялық пәрменді заттар күнделікті желінген жемшөбімен
жеткізіледі. Демек, тіршілік басын дұрыс, зат алмасуына қажетті барлық
қосындылармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету – малға берілетін азық
мөлшері мен сапасына тікелей байланысты келеді. Осыдан қолдағы мал басын
ғылыми тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруда жемшөп түрін мөлшерлеу, яғни
нормалаумен қатар, оның сапасына қатаң талап қояды, қадағалау қажеттілігі
айқындалады.
Азық сапасы ең алдымен оның химиялық құрамы, қоректік затқа байлығы
және берілген малға жұғымдылығымен анықталады. Оны жете зерттеп, күнделікті
бақылау үшін азық биохимиясын, гигиенасын және азықтандыру тұрғысынан
құнарлығын білу қажет.
Өсімдікті немесе жануар, микроб тектес азықты дайындағаннан бастап
малға бергенше оның құрамы мен құрылысында біршама биохимиялық өзгерістер
өтеді. Соның нәтижесінде олардың жалпы сапалық көрсеткіштері, сайып
келгенде қоректілігі өзгереді. Қоректік құрамы өзгеруіне байланысты малдың
улануы мүмкін.Ауырған малға бірден көмек көрсету қиынға соғады да,олардың
арасында өлім-жітімге ұшырау етек алады.Тіпті аман алып қалған малдың өнім
беруі күрт төмендейді.
Онымен қатар мал уланғанда улы заттар одан алынатын өнім арқылы
төлдердің ,тіпті малдардың да уландыруы мүмкін.
Статискалық деректерге сүйенсек,кейбір кезде уланудан болатын шығын
індетті аурулардан келетін шығындардан да асып түсетін көрінеді.
Малдың улануының созылмалы түрінде организмінің жалпы резистенттік
қабілетінің нашарлауы салдарынан олардың індетті,тоғышарлық,көбінесе
жұқпалы емес ауруларға шалдығуы мүмкін.Көп жағдайда улануды анықтау дер
кезінде,дұрыс болмайды да,оларды емдеу,алдын алу шаралары ешқандай нәтиже
бермеуі мүмкін. Міне, мұндайда мал мамандарының өздерінің аймақтарында
қандай улы өсімдіктердің өсетін білуі,оның картасын жасап,малға қатысы бар
адамдарды таныстырып отыруы көп мәселердің дұрыс шешілуіне бірден – бір
кепіл.

2.1Қорғасынның ашылу тарихы, химиялық элемент ретінде алатын орны,
қолданылуы,қай өсімдіктердің құрамында кездесуі.

Ауыр металдар өз атауларын атомдық массаның мәнінің жоғарылығының арқасында
алды. Олар өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларына жиналып, уытты әсерін
тигізе алады. Кейбір ауыр металдар шамалы мөлшерде адамның және
жануарлардың тіршілік әрекетіне үшін қажет. Олардың ішінде мыс, мырыш,
марганец, темір, кобальт, молибден және тағы басқалары бар. Бұл
элементтердің қайсыбірінің жетіспеуі ағзаның қалыпты қызметінің бұзылуына
әкеп соғады. Бірақ олардың құрамының қалыптыдан асуы да уытты әсерін
тигізіп, адам денсаулығына малдың организміне қауіп төндіретін, ағза
қызметі үшін қажетті болып табылмайтын шамамен 20 металл бар. Олардың аса
қауіптілері – сынап, қорғасын, кадмий және мышьяк.

Мен өзімнің курстық жұмысымның тақырыбы Қорғасын қосылыстарымен уланған
малдардың патологиялық материалдарына токсикологиялық баға беру деп
аталады.

Қорғасын (лат. Plumbum), Pb – элементтердің периодты жүйесінің IV-
тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі.

Реттік нөмірі 82,атом массасы 207,2. Қорғасын өте ерте заманнан белгілі,
одан жасалған тиын ақша, медальондар ертедегі Египет қазбаларынан көп
табылған. Жер қыртысындағы мөлшері 1,607 %, ол жеке күйінде кездеседі. Ең
маңызды табиғатта қорғасын және оның қосылыстары галений минералы және
қорғасын алуда қолданылатын күкіртті қорғасын немес қорғасын жылтыры
түрінде кеңінен таралған.

Қазақстандағы кендері Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда және Қарағанды
облысында. Қорғасын бос күйінде көкшіл-сұр түсті жұмсақ және ауыр металл,
оңай балқиды. Қорғасынды өндіру үшін, оның рудасын алдымен байытады, одан
шыққан концентратта 40-78% қорғасын болады.

Қорғасын-өнеркәсіп пен техникада кең пайдаланылатын түсті металл.

Ол атмосферада коррозия және қышқылдар әсеріне төзімді болғандықтан,
химиялык аппапатуралар (әсіресе, күкірт қышқылы өндірісінде) және кабель,
оқ, бытыра дайындауда, радиоактив сәулелерінен қорғануда, медицинада кең
қолданады.

Қазір ғылыми-техникалық үдеу заманында адам қоғамының барлық тірлігі саналы
қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай жағдай
әсіресе біздің табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген
енжарлығымыздан, немқұрайды қарауымыздан анық байқалады.

Зиянды қалдық заттардың қоршаған ортаға түсуі, жиналуы мен миграциясын
зерттеу олардың тірі организмдерге әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде барлық табиғи ортада бақыланып отыратын ластаушы химиялық
заттардың негізінің бірі – ауыр металдар. Бұл бір жағынан металдардың
биологиялық активтілігіне байланысты. Сонымен қатар олар  органикалық
қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейді, биохимиялық айналымға
түскенде ұзақ сақталады.

Қазіргі уақытта ауыр металдардың қоршаған ортаға, яғни топырақ пен тірі
организмдерге әсері күннен күнге күшейіп келеді.
Менделеевтің периодтық кестесінің 40-ден астамы ауыр металдар. Олардың
атомдық салмағы 50ден жоғары. Алайда бұлардың барлығы қоршаған ортаға
зиянын тигізе бермейді.Осы айтылған элементтердің ішінде төменде кестеде
көрсетілген 3 элементтің улағыштық қасиеті жоғары.
Атомдық номері Атомдық салмағы

Элементтің аты
Сынап 80 200,5
Қорғасын 82 207,2
Кадмий 48 112,40

Яғни өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер мен адамдарға тигізетін зиянды
элементтері 3 элементтің улағыш қасиеті өте жоғары. Олар – сынап, қорғасын,
кадмий. Қорғасын тірі организмдер дүниесіне өте күшті әсер ететін
концерогенді зат. Қорғасынды заводтарда өндіру барысында өндірілген өнімнің
әр тоннасында 20-25 кг осы элемент қоршаған ортаға таралады. Бұл таралған
қорғасын топырақ қабатының 10-15см деңгейінде жинақталады. Ал бұл ондағы
өсімдіктер мен микроорганизмдерге әсерін тигізбей қоймайды. Қазақстан
аумағанда қоршаған ортаға тұрақты ластағыш көздерден жылына 5 млн. тонна
әртүрлі ластағыш заттар бөлініп шығады. Бұлардың ішінде қорғасын мен
мышяктың қосындысы 2 000 тоннадан, мыс тотықтары 1,8 мың тоннадан, 11 мың
тоннадан артық қаракүйе және мыңдаған тонна газ қоспалары (күкірт, азот,
көміртегі тотықтары және органикалық газ қоспалары). Қорғасын бу немесе шаң
түрінде атмосфераны ластап,жануарларды уландыру көзі болып
табылады.Қорғасынды балқытқанда,электр желілерінде,қорғасын қап
дайындағанда,оның бояуын өндіретін өнеркәсіптерде істейтін адамдардың
арасында да улану байқалады.Көптеген салаларда және техника саласында
алатын орны ерекше, кеңінен , жақсы зерттелген улы металл.Қорғасын
туындылары ішінде уыттылығы төмендері – қорғасын металы,сурик,қорғасын
ацетаты тағы басқа,уыттылығы ең жоғарғылары белгілі инсектицид – қорғасын
арсенаты.Сонымен қатар,қорғасын тотығы,мышьяк қышқылды қорғасын секілді
қосылыстары да ағзаны уландыра алады.

Дүние жүзінде қолданылатын тағы да бір уытты препараты –
тетраэтилқорғасын(ТЭҚ),ағзаға тері арқылы еніп,уланудың жүйкелік белгілерін
көрсететін улы зат.Ол жанармай құрамында жанғыш зат қоспасы – антидетанотор
ретінде қосылады.

Тетраэтилқорғасын – ұшпалы сұйық,өте уытты заттар қатарына
жатады,кумулятивті әсер етеді,органикалық ерітінділерде,липидтерде,
майларда жақсы ериді.

Мына жоғарыда көрсетілген өсімдіктердің құрамында қорғасын көптеп кездеседі
солдан оңға қарай: Қара ырғай, кәдімгі меңдуана, тамырдәрі, қара меңдуана.

Қара ырғай – биіктігі 3-8 метрге жететін,көпжылдық өсімдік.
Сабағының өзегі ақ түсті,жұмсақ.Жапырақтары бір-біріне қарама-қарсы
орналасқан,қауырсын тәріздес.Гүлдері ақшыл сары түсті,гүл сабақтары
ұзын,олар үнемі салбырап тұрады.Жемісі қаракөк түсті,екі-үш дәнекшесі
болады.Мамыр – маусым айларында гүлдейді,жемісі шілде – тамыз айларында
піседі.Республикамыздың оңтүстік облыстарының таулы аймақтарында,солтүстік
және шығыс облыстарының балқарағайлы ормандарының арасында жабайы түрде
кездеседі.

Қара меңдуана – биіктігі 30-100см болатын,екі жылдық шөп тектес өсімдік.
Егістікте көп тараған арам шөп ретінде белгілі.Сыртқы түры жақсы болғанымен
жапырағының жағымсыз иісі бар.Гүлдері ірі,гүл ұрығы жарты шар
тәрізді,қақпағы бар.Әбден пісіп жетілген кезде қақпағы ашылады да оның
ішіндегі ұсақ тізбектегі 200-300 мың майда тұқым жерге шашылады.Барлық
аймақтарда кездеседі. Ескі тұрғын үй, мал қораларының маңында, жолдың
бойында, күресіндерде, егістіктің шетінде жиі кездеседі.

2.2. Қорғасынның уыттылығы, адам және мал ағзасына әсері.
Жануар организміне көбінесе азықпен бірге түседі, кейде өкпе арқылы. Ас
корыту жолынан шамалы көлемі сіңеді (5-15%). Қорғасын ең көп мөлшерде 
сүйек ұлпасына, аздау көлемде бауыр мен  бүйрекке, аз мөлшерде бұлшық етке
жиналады.
     Қорғасын орталық нерв жүйесіне және қан түзіту ағзаларына тікелей
әсерін тигізеді. Созылмалы уланғанда қан сарысуында дельтаминлевулинді
қышқыл дегидратазасының белсенділігі төмендейді. Қандағы элементтердің
концентрациясы ұлғаяды және несепте копропорфирин бөлінуі көбейеді.
     Қорғасыны бар қоспалар жоғарғы токсикалық заттар болып табылады. Олар
көбінесе созылмалы улануға әкеледі, сүйек майына теріс әсер тигізеді.
Сонымен қатар, сүйекке жиналатын басқа да заттармен (стронций, фтор)
бірлесіп әсер етеді.
Қорғасын препараттарының тұтқыр, антисептикалық, күйдіргіш
қасиеттері бар. Ағзаға қорғасын препараттары түскенде,олар ерімеген, ұшпалы
препараттар тыныс алу жолдары ,ас қорыту арқылы түсуі мүмкін.Кейде тері
жабындылары арқылы улану кездесіп жатады.Ең көп кездескенде қанға түскен
соң,эритроциттердің резистенттілігін төмендетіп,торшаның өткізгіштік
қабілетін жоғарылатып,сол себептен ағзадағы су мен калий – 80%ға дейін
кемиді.
Қорғасын – бүйректе,бауырда,сүйекте,өңеште және тағы басқа мүшелерде
жинақталады. Қабыну нәтижесінде бүйрек бүрісіп қалады.Улану өте
жіті,жітілеу және созылмалы түрлерде өтуі мүмкін.
1)Өте жіті кезінде аяқ астынан жануардың қалтырауы, жүрем деп ұмтылуы
(алдыға, артқа және айналып),жануар қиналған дыбыстар шығарып,жерге
құлайды.15-20 минуттан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ливерморий
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдары
HTML атрибуттары
Символдық және көпөлшемді массивтертер
Химиялық элементтердің қасиеттері
Массив элементтерін сорттау
Массивтер. Символдық айнымалылар және жолдар
Бір өлшемді массивтерді сұрыптау алгоритмдері
Математикадан өз бетінше оқып-үйрену тиімділігінжақсартуда оқулық элементті пайдалану
Массивтерде компоненттер құру
Пәндер