Мал түрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКІРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Курстық жұмыс
Пән: Ветеринариялық фармакология және токсикология ІІ
Тақырыбы:Мышьякпен уланған малдардың патологиялық материалдарына токсикологиялық баға беру.
Орындаған: Бахытова Г.Б. Тексерген: Билялов Е.Е.
Топ: ВМ-201
Қолы:________ Бағасы:________
Тексерген күні:_________
Семей қаласы
2014-2015 оқу жылы
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Токсикологиялық маңызы
2.2. Улану және клиникалық белгілері
2.3. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
2.4. Диагностикасы
2.5. Мышьякпен уланулардың емі
2.6. Вететинариялық санитарлық экспертиза
2.7.Мышьякпен уланудың алдын-алу,сақтандыру шаралары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезіндегі әлеуметтік экономикалық реформаны дамытуда ветеринарияның маңызы ерекше. Ветеринарияның алдында тұрған ең негізгі міндет - жануарлар мен адамға ортақ аурулардан сақтандыру, алдын алу, одан жоғары сапалы өнім өндіру, аса қауіпті аурулардың енуінен қорғау болып табылады. Әсіресе, қазіргі таңда еліміз дамыған алдыңғы қатарлы елдердің қатарына кіруді жоспарлап отырған шақта әлемдік саудада бәсекелестікке және жоғары сұранысқа ие болатын ауылшаруашылық өнім өндіру негізгі міндет деп санаймын.
Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі экономикалық деңгейін көтеретін бірден-бір маңызды салалардың бірі-мал шаруашылығы. Осы мал шаруашылығының қарқындап дамуына, сапалы өнім өндіруге малдар арасындағы әр түрлі аурулар көп бөгет жасап отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында Агроөнеркәсіптің кешенді дамуының негізгі үш бағытын атап өтті:
1. Еңбек өнімділігін арттыру керек. Ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігі ең төменгі және жылына бір рет жұмыс істеушіге 1мың доллардан келеді. Ал дамыған елде 50-70 мың долларды құрайды. 2017 жылға қарай агроөнеркәсіп кешенінде өнімділікті кем дегенде екі есеге арттыру керектігін айтты.
2. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 2014 жылға қарай азық -түлік тауары ішкі рыноктың 80% құрауы тиіс.
3. Экспорттық әлеуметті іске асыру керек. Бірінші кезекте Кеден одағы, Орта Азия, Кавказ рыноктары [1].
Малдың денсаулығын сақтап,өнімділігін арттыру сапалы,құнарлы азық қорына байланысты болып келеді. Сапалы, құнарлы азық қоры болмаса шаруашылықтағы мал басының өсіп жетілуіне және өнімділігіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан да мал шаруашылықтағы өркендетудегі жеткілікті жемшөпқорынан бастайды.
Жемшөп қоры нығайтуды ондағы азық түрі мен мөлшерін көбейтумен қатар,жиналған, қолдағы бар азықты үнемді де физиологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді жұмсайбілу керек. Оған мал басын азықтандыруды жоспарлы түрде ұйымдастырғанда қол жеткізуге болады деп санаймын.
Мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік, биологиялық заттар күнделікті желінген жемшөбімен жеткізіледі. Демек, тіршілік барысында дұрыс зт алмасуына қажетті барлық қосындылармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету-малға берілетін азық мөлшері мен сапасына тікелей байланысты.
Азық сапсы ең алдымен оның химиялық құрамы, қоректік затқа байлығы және берілген малға жұғыдылығымен бағаланады. Оны жете зерттеп,күнделікті бақылау үшін азық биохимиясын, құрамын және азықтандыру тұрғысынан құнарлығын білу қажет. Малдардың улануы шаруашылыққа экономикалық және тағы басқа шығындар келтіреді.
Ғылымның дамуымен әсіресе химияның әсерінен тірі организмге зиян келтіретін заттардың мөлшері көбейді. Олардың көбі қазір шаруашылықтың әртүрлі саласында, ауыл шаруашылықғында өсімдіктерге зиян келтіретін зиянкестермен күресуде кең қолданылады. Сонымен қатар дезинфекциялық және емдік препараттарды дұрыс қолданылмаған жағдайда токсикалық қасиеті көрінеді. [3.94б]
Улы заттармен уланған малдырдың жалпы жағдайы нашарлап, әлсіреп,азыққа тәбеті болмайды,төзімділігі төмендейді және індетті,жұқпалы емес ауруларға,тоғышарлық ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендейді.
Сондықтан біз болашақта,маман ретінде малдарды уланудан сақтандырудын алдын алу және ондай жағдай бола қалған күннін өзінде малдың қандай аурумен ауырғанын дер кезінде анықтап, тиімді ем көрсетуіміз керек. [2.86б]
2.1.Токсикологилық маңызы.
Ағзаға улы заттардың түсуінен пайда болатын ауру улаулар деп аталады. Ондай улы заттар әр түрлі жолмен түсуі мүмкін: ауыл шаруашылығында, құрлыстарда қолданылатын улы химикаттардан, өндірітің улы қалдықтарынан, азыққа қолданылатын өсімдіктердің құрамындағы улардан. Мұндай улы заттар азықтарды тамақтандыруға дұрыс дайындамағанда, дайындаған азықтарды дұрыс беріп сақтап, дер кезінде бермегенде де пайда болуы ықтимал. Кей кезде улы заттар мал азығына дайын түрде араласып кетуі мүмкін. Мысал ретінде өсімдіктердің ауруларымен, оларға зиянды жәндіктермен күресуде қолданылатын улы химикаттарды дұрыс пайдаланбағанда, дұрыс сақтамағанда, олар мал азығымен, сумен араласып, сол арқылы ағзаға түсіп, оны уландыруы мүмкін.
Көптеген заттардың улылығы әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді: ағзаға түскен оның мөлшеріне, басқа улы заттармен қоса әсер етуіне, малдардың жалпы жағдайына, тағы басқаларға байланысты.
Кейбір өте күшті улы заттардың белгілі бір мөлшері емдік әсер ететіні, ал ағзаға зиянсыз кейбір заттардың көп мөлшері уландырып, өлім-жітімге ұшыратуы мүмкін екенін естен шығармаған жөн.
Көптеген улы заттар сыртқы отада өте жиі ыдырайды да, олар топырақта, өсімдіктерде, малдардың, балықтардың, аралардың организмдерінде көпке дейін сақталады.
Малдар организімінің әр түрлі улардың әсеріне сезімталдығы олардың түр ерекшеліктеріне, әсіресе организімнің жағдайына тікелей байланысты. Мысал ретінде ақуыздың, көмірсудың, дәрумендер мен минералды заттардың жетіспеушілігі салдарынан зат алмауы бұзылған организімнің тезірек уланғыш келетінін келтіруге болады. [8.82б]
Улы заттардың организмге тигізетін әсерінің негізі- улы заттар организм жасушаларымен түйілісіп оларға енгеннен кейін, жасуша протаплазмен байланысып олардың молекулалық құрылысын және қызметін бұзады. Бұл құбылыс организмдердегі жалпы зат алмасу процессін өзгертіп, оның негізгі өмірге қажетті процесстерін бұзады. Улардың әсері жергілікті және жалпылай болып келеді. Олар жалпы организмге рефлекс немесе қан арқылы әсер етуі мүмкін. Кейбір улар белгілі бір ағзалар мен тіндерге таңдамалы түрде әсер етулері де ықтимал.
Улардың мал организіміне әсері негізі бір заңдылыққа бағынды :
1. Клеткалар мен ағзаларға удың әлсіз әсері олардың қызметтерін қоздырады.
2. Орташа әсері - тітіркендіреді
3. Қатты әсері - қинайды, әлсіретеді
4. Өте қатты әсері - салдандырады
Улардың олардың ерігіштік қасиетіне байланысты. Суда жақсы еритін улар ас қорыту сөлдерінде де жақсы ериді де, улардың әсері тез білінеді, әсіресе орталық нерв жүйесінің қызметіне. Сондай-ақ егер малдың асқазаны асқа толы болса, онда удың әсері де, организімге сіңуіде жай болады. Кейде ондағы астың құрамына байланысты уыздану процессінің жүруі де мүмкін. Өсімдіктердің улылығы олардың өсу жағдайына даму сатысына да тікелей байланысты. Кейбір өсімдіктердің улылығы күн көзінің сәулесінің әсерінен күшейе түседі. [5.149б]
Улар жас төлдер мен кәрі малдардың арасында жиі кездеседі. Ол физиология- лық өзгерістер мен түсіндіріледі. Мысалы; жас төлдердің жиі улануын олардың нервтерінің малдың жалпы салмағына қатысы ірі ірі малдарға қарағанда сирек кездеседі ( удың сүтпен бөлінуі ). Мысалы; сүт беретін малдардың өзі уланбай сүт арқылы төлдерінің улануы жиі кездеседі.
Малдардың улы заттарға дағдыланып - үйренуін жиі бақылауға болады.
Кейбір жағдайда улы заттар аз мөлшерден көп уақыт оранизмге түскенде оған организмнің дағдыланып, тіпті уланатын мөлшерде ол затты қабылдаса да уланбауы мүмкін. Мысалы; жергілікті малдардың кейбір улы шөптіерді жесе де уланбауы. Ал ол шөптерді жеген басқа жерден алынған малдардың улануы.
Улы заттар көбінесе бір мезгілде организмнің көптеген жүйелері мен
Ағзаларына бірден әсер ететіндіктен аурудың даму процессі өте күрделі түрде жүреді. Еске алатын бір жайт улы химикаттар мен улы өсімдіктердің көбінің әсері организмдегі ферменттердің қызметін әлсіретумен сипатталады. Кей кезде улы заттар бір ферменттің әсерін әлсіретсе, екінші бір ферменттің әсерін керісінше күшейтуі мүмкін. Осының салдарынан организмдегі зат алмасуының бұзылуының әр түрлі болуы кездеседі.
Өткен ғасырларда құрамында мышьяк бар пестициттерді өсімдік және мал шаруашылығында жиі қолданды. Кейбір мемлекеттерде тауықтардың жұмыртқалығыштығын жоғарлату мақсатында жемдерге қосып берген. Қазіргі уақытта Ресейде ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиянкестеріне қарсы мышьякты пайдалануда. [3.289б]
Мышьяктың қосылыстары ауыл шаруашылығында түрлі зиянкестерге,
кеміргіштерге қарсы кеңінен қолданылады. Емдеу жұмысында бұлар; малдың тіршілік процессін үдету, оның тәбетін күшейтіп ас қорту жүйесін жақсарту үшін пайдаланылады. Олардың ішінде жиі қолданылатыны мышьяк арсенаттары мен ангидриді.
Ветеринариялық тәжірибеге сүйенсек, құрамында 18-27% мышьяк препараттарын (новарсенол, миоарсенол, осарол) әртүрлі жас төлдер мен қатар ересек малдардың плевропневманиясында және ас қорыту жүйесінің ауруларында жиі қолданылады. Құрамында мышьяк бар заттар топырақта 2-3мгкг кездеседі. Бөлек биогеохимиялық зрналарда 40 мгкг кездессе, мышьяктың ең көп шоғырланған мөлшері вулкан ағымдарынан жиң кездестіруге болады. Қалыпты жағдайда мышьяк жем, шөп, судағы мөлшері 0,2 - 0,5 мгкг аспау керек.
Табиғатта мышьяк таза күйінде кездеспейді. Ол AS2S3, AS2S2 түрінде табиғатта кең тараған. Қазіргі кезде мышьяктың органикалық және неорганикалық қосылыстары белгілі. Неорганикалық қосылыстары 3 валентті арсениттар және 5 валентті арсенаттар тұрады. Мышьяктың органикалық қосылыстарына жатады: метиларсон, метиларсин, диметиларин және диметиларсон қышқылдары жатады. Токсикалық қасиеті жоғары 3 валентті қосылыстар және неорганикалық заттар.
Алиментарлы (ауыз қуыс арқылы) енген мышьяк препаратттарының жануарлар үшін орташа летальді мөлшері (г)
(Гарнер бойынша)
№
Мал түрі
Мышьякты ангидрид
Натрий арсениті
1.
Ірі қара
15,0-45,0
1,0-4,0
2.
Қой
3,0-10,0
0,2-0,5
3.
Шошқа
0,5-1,0
0,05-0,1
4.
Жылқы
10,0-45,0
1,0-3,0
5.
Ит
0,1-1.5
0,05-0.15
6.
Құстар
0.05-0.3
0,01-0,1
Құрамында мышьяк қосылысы бар заттар ағзаға түскенде қалыпты қан айналу және зат алмасу процессін бұзады, соның әсерінен организмде гипоксия құбылысы пайда болады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша неорганикалық мышьяк қосылыстары канцерогенді, мутагенді және эмбриотоксиндік әсер ететіндігі анықталды. Азық арқылы организмге түскен мышьяк ұзақ уақыт ішінде өте көп мөлшерде сүйек, тері, жүн және талақта жиналып қалады. Мысалы: Тауықтарға азықпен мышьяк ангидридін 5 мгкг мөлшерде беретін беретін болсақ бұлшық ет ткандерінде 0,11 мгкг , бауырда 0,12, бүйректе 0,09, жұмыртқада 0,12-0,24 мгкг. Мышяк оксиді организмге ауыз қуысы арқылы қойларға0,5 мгмг берілсе, 3 ай бойы жануарларда клиникалық белгілер, интоксикация байқалмайды. Ал бүйрек, тері, бауыр, талақта 0,2-0,3 мгкг, бұлшық ет тіндері мен өкпеде 0,12 мгкг болса, мышьяк оксиді зермен 0,45 мгкг мөлшерінде сыртқа бөлінеді. [8.257б]
Малдардың уланулары улы зат ас қорыту жүйесіне түскенде, тіпті теріге тигенде де болуы мүмкін. Ол қосылыстар тері арқылы жақсы сіңеді. Организмге түскен МҚ - нан мышьяк қышқылы (H2ASO3) түзіледі.Ол жақсы
Ериді де, жақсы сіңеді. Улы зат тиген жеріне жергілікті және қан арқылы жалпы әсер етеді.Жергілікті тиген жерінің кілегей қабығының капиллярларын салдандырады. Олар кеңейіп, өткізгіштік қабілеті артады. Кілегей қабықтары қанталап, өлі еттеніп кей жерлерінде жара пайда болады. Артынан жалпы ас қорыту түтігінде қабыну процессі дамиды.
Мышьяк препараттары - жүрек-тамыр жүйесінің қызметін, тканьдердің тыныс алуын, ондағы тотығу процесстерін бұзады. Организмде мышьяк біркелкі таралмайды. Ол бүйрекке, бауырға көп, бұлшық етке аз ғана жиналады. Ұзаққа созылған улануда мышьяк теріде және оның бөлген заттарында көп болады. Мышьяк несепке, аз мөлшерде нәжіске араласып шығады. Мышьяк мал денесіне асқазан арқылы сіңсе, оның уытын анықтау қиын. Өйткені улану ішек-қарынның сіңіру қабілетіне, ондағы жын мен шырынның қою-сұйықтығына, сондай-ақ препараттың физикалық жағдайына байланысты. Мышьяк жара арқылы сіңсе, улану үшін оның мөлшері ішкізгендегіден ондаған есе кем.
Мышьяктың организмге әсері фермент жүйесіндегі сульфгидриль тобын істен шығару арқылы тіндердегі тотығу процессін бұзумен сипатталады. Осының салдарынан тіндерде дистрофия преоцессі дамып, аяғы өлі аеттенуге дейін барады. Нерв элементтеріне жеткен мышьяк жеке нейрондарды, нерв талшықтарын талқындайды, салдану пайда болады. Нерв жүйесіне ерекше әсері аз мөлшерде симпатикалық жүйені қоздырып, көп мөлшерде салдандыруында. МҚ - мен уланудың жасырың уақыты бар. Ол қосындылардың организмде еруінің жылдамдығына байланысты. [9.122б]
2.2. Улану және клиникалық белгілері.
Улану жіті және созылмалы түрде өтеді. Жіті түрі өте ауыр болады. Оның екі түрі ажыратылады: асқазанды жане салдану. Ауыздан сілекейдің ағуы мол, құсатын малдар құсады, жұтыну қиындайды; күйіс қайыратын малдардың мес қарыны кебеді, іш жағын сипалағандаауырсынғандық байқалады.
Кілегей қабықтарының ішінен ең сезімталы көздің конюктивасы аздап зақымдалғанымен, көздің аккомадациясы өз қалыптылығын сақтайды. Мышьяк пен уланғанда көбінесе тынысы жиілеп, арнайы қралдармен тыңдағанда өкпенің жоғарғы жағынан сықырлаған дыбыстарды естуге болады. Жануарлардың қозғалысы, кеңістікте өзің-өзі ұстауы бұзылады. Дененің температурасы өзгермейді немесе қалыптан төмен кетуі мүмкін. Құрсақ қуысын саусақпен батыра сипағанда ауырсынғандық байқалады. Мышьякпен улану малды параличке ұшыратып, оның асқазанын зақымдауы, сондай-ақ ұзаққа созылуы мүмкін. Параличке әкеліп соғатын улану өте сирек кездеседі. Мышьяк денеге өте тез сіңеді де, маләлсірейді, дірілдейді, есінен тенады. Денеге у енісімен бірнеше сағат өткен соң тыныс орталықтары параличке ұшырайды да мал өледі. Жалпы параличтен мал 3-7 күнде өліп кетуі мүмкін. Жүректің жетімсіздігінен тамыр соғысы әлсіреп не жиілейді, қан қысымы төмендеп кетеді, анық демікпе білінеді. Қан қоюланып ондағы гемоглобин мен эритроциттер көбейген болып көрінеді. Уланған мал талықсып 4-5 сағаттың ішінде өліп кетуі мүмкін.
Асқазан арқылы уланса, зардап белгілері 12-24 сағаттаң кейін біліне бастайды. Бастапқы кезде мал елеуірейді, бірақ көп ұзамай күйзеліп әлсірейді. Мұнымен қатар оның сілекейі шұбырып, бас, сауыр, сан еттері дірілдейді, ол азықтан бас тартады, күйсемейді, әлсіе-әлсін ыңырсиды шамамен бір тәуліктен соң малдың іші судай өтеді, несебі жүрмей қалады. Мал меңіреу болып, басын салбыратып тұрады, оның жүрек қызметі әлсірейді, сипап басқанда құрсақтың тұсы ауырады, малдың көзінің қарашығы үлкейген, тынысы тарылып, демігеді, аяқтары мұздайды. Мышьяк пен уланудан қатерлі интоксикация салдарынан атаксия белгілері, гастроэнтерит пайда болады. Мышьякка күйіс қайыратын малдар төзімсіз. [8.84б]
Бұзау мен қой асқазан арқылы уланса, қарынның жиырылуы баяулайды және әлсірейді, кейде мүлдем тоқтап қалады. Мал біресе жатып, біресе тұрады, жүрек қызметі әлсіреген, буындары қатқан, ауыз бан танаудың, көздің ішкі беттері көгеріп кетеді, дененің қызуы әдеттегіден төмен, малдың нәжісі сұйылған, кейде оның іші өтеді, өлер алдында дірілдейді.
Уланған шошқа кенеттен күйзеліске ұшырайды, төсенішке басын тығып жатып алады, тәбеттен айырылады, оның құлақтары мен құйрықтары мұздайды, төңірегінде не болып жатқанына көңіл аудармайды. Өлген малда салдану құбылысы байқалмайды.
Натрий арсенатын бергеннен кейін торайлардың мүшелері мен ұлпаларындағы мышьяктың мөлшері
(Гарнер бойынша)
Мүшелер мен ұлпалар
Мүшелер мен ұлпалардағы 1кгмг-ға шаққандағы мышьяк мөлшері
Мүшелер мен ұлпалар
Мүшелер мен ұлпалардағы 1 кгмг-ға шыққандағы мышьяк мөлшері
Препаратты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz