Хлорорганикалық қосылыстар және олардың организмге әсерлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.
" ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ"


Курстық жұмыс
Пән: Фармакология, токсикология және токсикологиялық сараптау (2).
Тақырыбы: Хлорорганикалық туындылармен уланған малдардың патологиялық материялдарына токсиологиялық баға беру

Орындаған:Дауытбеков А.Р. Тексерген: Билялов Е.Е.
Топтың студенті: ВС-105.

Қолы: _______ Қолы:_______
Тапсырған күні: ________ Бағасы:________
Күні:______________

Семей қаласы, 2014 жыл.

Жоспары
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Хлорорганикалық қосылыстар және олардың организмге әсерлері.
2.2. Дихлорфенилтрихлорэтан (ДДТ).
2.3.Гексахлорциклогексан, гексохлоран, линдан (ГХЦГ).
2.4.Токсикодинамика
2.5. Клиникасы.
2.6. Патологиялық анатомиялық өзгерістер.
2.7. Емі.
2.8. Ветеринарлық санитарлық сараптау.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

К і р і с п е

У туралы аңықтамалар өте көп. Академик С.Н. Голиковтың пікірі бойынша, у деген - бұл организмге енген бөтен химиялық қосылыс, ол биохимиялық процестерді бұзып, организмнің физиологиялық қызметтерін өзгерту нәтижесінде әлсіз уланудан өлімге дейін әкеп соғады.
С.В. Аничковтың айтуы бойынша, улар - тірі организмге әсер еткен кезде қалыпты тіршілігінің бұзылуын тудыратын заттар, яғни улануды (токсикалық эффект) немесе тіршілігін тоқтатуды, немесе өлімді тудырады (летальды эффект). Бірақ мұндай және басқа да көптеген анықтамаларды қазіргі кездегі у туралы түсініктемеге толығымен жауап береді деуге болмайды. Анықтама берудің күрделілігі организмге жаратылысы табиғи немесе синтетикалық көптеген химиялық заттардың екі түрдегі сипатта әсер етуінде, улы заттардың мөлшеріне байланысты. Мысалы: натрий хлорид ө адамдар мен жануарлардың азық рациондағы қажетті компонент, сонымен қатар оның көп мөлшерде болуы уландырып, өлімге келтіруі мүмкін. Көптеген дәрілік препараттар жоғары мөлшерде адамдар мен жануарлардың улануына себеп болады. Осыған дәлел ретінде АҚШ-тағы дәріханаларда рецептсіз сатылатын ацетилсалицил қышқылымен (аспиринмен) көптеген адамдардың улану жағдайлары тіркелген. Антибиотиктерді терапевтикалық мөлшерде енгізген кездегі адамдардың улануы немесе өлімі сирек емес. Қазіргі кезде пайдаланылатын көптеген медициналық препараттар, бір ағзаға немесе жүйеге емдік әсерін тигізуімен қатар физиологиялық үрдістердің ағымын бұзуы мүмкін.
Қазіргі кезде медицина мен ветеринарияда өте қажет антибиотиктер мен басқа да дәрілік препараттарды У деп атау әділ болмас еді. Сонымен қатар бұл дәрілік заттардың тигізетін кері әсерін де жасыруға болмайды. Осының бәріөтоксикологиялық зерттеу мәселесі, осыларды адамдар мен жануарларға препараттарды тағайындаған кезде ескерген жөн. Сондықтан да у деп санауға болатын көптеген химиялық заттардың екі түрлі әсер етуін ескере отырып, уға нақты анықтама беруге күш жұмсау қажеті шамалы. Одан да элементтердің немесе заттардың токсикалық әсері туралы айту дұрысырақ болады. Сондықтан Парацельстің анықтамасы нақтылау: Кез келген зат улы, заттарды улы ететін олардың мөлшері.

2.1. Хлорорганикалық қосылыстар.

Өткен жылдары хлорорганикалық қосылыстар немесе хлорорганикалық пестицидтер (ХОҚ, ХОП) өсімдіктерді жәндіктер мен кенелерден қорғау үшін кеңінен қолданылады (ДДГ, ГХЦГ, гептахлор, полихлорпинен, полихлоркамфен және т.б.). Көптеген ХОҚ сыртқы ортада баяу ыдырауына байланысты өнімді жануарлар ұлпаларында жиналып, тағамдық өнімдердің санитарлық сапасын төмендетеді, сондықтан оларды ауыл шаруашылығына қолдануға тыйым салынады. Сол себептен инсектицидтерімен улануы байқалмайды. Сондай-ақ азықтар мен мал шаруашылық өнімдері (ет, сүт, жұмыртқа) пестицидтер қалдығымен ластануы бірден төмендеді. Бірақ ХОҚ әлі де шет елдерде қолданылады.
Шет елдерде импортталушы азықтар мен жануарлар өнімдерінің олардың қалдықтарымен ластанған жағдайлары тіркелген. ХОҚ қалдықтары, әсіресе ДДТ ішкі су қоймаларында ауланған балықтар мен суда жүзетін жабайы құстардың майларында табылады.
ХОҚ-ның ішінде ет пен ет өнімдерінде, бастысы май ұлпаларында ең жиі байқалатыны ДДТ және ГХЦГ қалдықтары.

2.2 ДДТ (дихлорфенилтрихлорэтан).

Ақ кристалды зат. Органикалық еріткіштерде жақсы ериді-гександа, кетонде және т.б. Судағы ерігіштігі 1-2 мгл (0,001 мгл).
Техникалық ДДТ улылығы бойынша үшінші топқа жатады, ЛД50 ақ тышқандарға және егеуқұйрықтарға шамамен 250-300мгкг олардың массасына. Балықтарға улылығы жоғары -ЛК50 құлақты алабұғаға- 0,016 мгл және форельге 0,5 мгл . Аралар үшін уыттылығы орташа немесе төмен, ЛД50 4,6-2000 мгараға.
ДДТ өте ұзақ уақыт топырақта сақталады, азықпен бірге ішке түскен кезде жануарлардың май ұлпаларында жиналады, сүт пен жұмыртқа арқылы бөлінеді. Организмге түскеннен кейін ол ыдырап, улы метаболиттер түзеді ДДД және ДДЭ. Күйістілердің ағзасында ДДД-ға ауысады, бұл мес қарынның микроорганизмдерінің әсерінен болады. ДДД-улылығы төмен қосылыс, зертханалық жануарларға ЛД50-3000мгкг тірідей салмағына. Жануарлар ағзасында тез бұзылады, салыстырмалы тұрақтылығы орташа. Құстарда ДДТ ферменттердің әсерінен ДДЭ ауысады, оның улылығы бастапқы мен салыстырғанда төмендеу (ЛД50-800 мгкг), бірақ тұрақтылау.
Өткен жылдары кенелер және жәндіктермен күресу үшін ДДТ кеңінен қолданған кезде, оны жануарлар мен адамдардың тірі ұлпаларының кесінділерінен анықтаған болатын. Алғашқы рет ДДТ адам ағзасында жиналуы туралы D.Hovvell 1948 жылы хабарлаған. Мысалы 1955-1983 жылдары ДДТ тірі ұлпада болуы АҚШ-та шамамен 10,3 тен 13,9мгкг, Канадада - 4,9, ФРГ-2,3 , Францияда-5,2, Англияда-2,2 мгкг. КСРО-да ДДТ адам ағзасында жиналуын В.Е Любутова мен Л.В. Кондратьева 1965 жылы хабарлаған. Олар ДДТ-ны әйелдердің сүтінен алынған 82 сынаманың 20-нан анықтаған (0,03 тен 145 мгл мөлшерде). Операция уақытында алынған адамның бауыр және май сынамаларының жартысынан пестицидтер 0,65-тан 10 мгкг. дейін анықталған. Апендицит себебінен операция жасалған 14 жасар қыздың соқыр ішегінде ДДТ 100 мгкг, ал 41 жастағы тұқымдарды өндеумен айналасқан жұмыскердің мойында 150 мгкг осы препарат қалдықтары анықталған
Осы уақытта ДДТ-ны көбіне жануар мен өсімдік өнімдерінен және азықтардың құрамынан анықтаған. КСРО-да ДДТ-ны анықтаудың алғашқы зерттеулері 1952 жылы жүргізілген. Зерттеушілер деректері бойынша ДДТ-мен өнделген сиыр сүтінде у химикатының мөлшері 1-ден 7 мгл дейін анықталған. ДДТ мен өнделген ірі қара малдың ішкі ағзаларында, етінде және майында инсектицид 30-100 мгкг мөлшерде анықталған. Қаймақта ДДТ мөлшері 40мгл, майында 100 мгкг болған 40% зерттелген сынамаларда 1963 жылы және 43% зерттелген сынамаларда 1964 жылы.
Осы деректер негізінде сауын және сойыс малдарды ДДТ, гексахлоран және басқа да ағзада жиналып, сүт арқылы бөліну қабілеті бар улы химикаттармен өңдеуге тыйым салынды. Осы уақытта сауын және сойыс малдарын ДДТ препараты, гексахлоранмен, гептахлормен, полихлорпиненмен және басқа да улы химикаттармен өңделген жайылымға жаюға, жануарларды аталған улы химикаттармен өңделген картоп пен қызылшада белгіленген мерзімі бітпей азықтандыруға тыйым салынды. Сондай ақ ДДТ, гексахлоран және басқа тұрақты улы химикаттармен, кумулятивті қасиеті бар заттармен егістік дақылдарын, жүгеріні, ормандарды және басқа да шабындық жерлерді, малшаруашылық ғимараттарының маңын өңдеуге және альдрин мен гептахлор сияқты улы химикаттарды топыраққа себуге тыйым салынады.
1970 жылы ДДТ техникалық гексохлоран өсімдіктердің аурулар мен және зиянкестерімен күресуде қолданылатын химиялық заттардың тізімінен алып тасталды. Бірақ санитарлық тәртіпте КСРО Денсаулық сақтандыру министрлігі бекіткеніне қарамастан, Орталық Азия мемлекеттерінде бұны жиі бұзған.
ДДТ қолдану нәтижесінде химикаттар топырақта, суда, балықтарда жиналған. Сондықтан әлі күнге дейін кейбір аймақтарда ДДТ мен гексохлоран малшаруашылық өнімдерде және сыртқы орта обьектілерінде табылып жүр.
Соңғы 20 жылда көптеген елдер ДДТ-ны кенелер мен жәндіктерге қарсы зат ретінде қолданбайды, сондықтан олардың топырақта, өсімдік және жануар обьектілерінде, азықтарда және тағамдық өнімдердің құрамында кездесуі бірден төмендеді. АҚШ-та 1974-1977 жылы еттен тек ДДЭ-ні 0,001-0,024 мгкг мөлшерде анықтаған (R.D.Johnson, D.D.Mondke, 1977).
Ресейде 1971 жылы сүт сынамаларының 100%-да ХОҚ қалдықтары, әсіресе ДДТ және оның метаболиті ДДЭ мен ДДД орта мөлшері 0,045 мгкг анықталса, кейінгі жылдары сүт пен ет сынамаларынан ДДЭ қалдықтарының анықталған мөлшері 0,05 мгкг аспайды.
Бірақ ДДТ қалдықтарының көп мөлшері суда жүзетін, жабайы, қоныс аударушы құстардың майынан анықталады 0,001-5,489 мгкг құрайды.
Ресейдің ішкі су қоймаларынан ауланған балықтардың еті мен майында ДДТ қалдықтарымен ластануы әсіресе оңтүстік аймақтарында байқалды, Қазақстанда соңғы жылдары балықтардың ДДТ қалдыұтарымен ластануы белгіленген жоқ.
ДДТ-ны анықтау үшін ЖҚХ жұқа қабатты хроматография және ГСХ газды-сұйықтық негізіндегі әдістер қолдаңылады. Бірақ пестицидтің байқалу деңгейі өте төмен болғандықтан ЖҚХ қолдану тиімдірек, ол пестицидтердің мөлшерін 0,001-0,005 мгкг анықтауға мүмкіндік туғызады.
Біздің елімізде ДДТ метаболиттерінің соммасы бойынша МЖД үлкен мөлшерді құрайды; азықтарда 0,05 мгкг, етте 0,1, сүтте 0,05 мгкг . Тағамдық өнімдерде анықталған ДДТ қалдықтарының мөлшері МЖД бес әсер көрсеткішінен аспаса, онда оларды терісі бағалы аңдарға азық ретінде қолдануға болады.
Қазіргі кезде ДДТ қолданылмағандықтан токсикологиялық қауіп тудырмайды, бірақ тағамдық өнімдер мен мал өнімдерін, сүт, ет, жұмыртқаны ластау мүмкіндігіне байланысты белгілі маңызы бар.

2.3 ГХЦГ (гексахлорциклогексан, гексохлоран, линдан).

Техникалық ГХЦГ сегіз изомерлердің қосылысынан тұрады. Соның ішінде инсектоакарицидтік әсерінен тек қана гаммаөизомер ГХЦГ(линдан) көрсетеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоянның хлорорганикалық қосылыстардан улануының патанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Мыс қосылыстарымен улану
Қоянның фосфорорганикалық қосылыстардан улануының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Ағзадан удың бөлінуі
Пестицидтер және химиялық құрамы
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Өндірістік канцерогенді факторлар
Улану түрлері
Пестицидтер
Органикалық заттардың уыттылығы
Пәндер