Құрамында оттегі бар эфир майлары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Кіріспе.
1.1. Токсикологиялық негізі.
2. Негізгі бөлім.
2.1.Эфир майлары туралы түсінік.
2.2. Токсикологиясы.
2.3. Клиникалық белгілері.
2.4. Патологиялық-анатомиялық өзгерістері.
2.5. Балау.
2.6. Емі және уланудың алдын-алу.
3. Қорытынды.
4.Қолданылған әдебиеттер.

Эфир майлары- құрамына терпендер, камфора, майлы және хош иісті қатарға жататын көмірсутектердің, қышқылдардың, алкогольдардың, эфирлердің, фенолдардың, кейде күкірттің қосылыстары кіретін күрделі қосылыстар.Олар ұшқыр, ерекше иісі бар, суда ерімейді, эфирде, хлороформда және сұйық майда жақсы ериді.Эфир майының тамшылары сүзгі қағазда дақ қалдырады, ол қыздырғанда жойылып кетеді.Көптеген өсімдіктер құрамында кездеседі.
Олар көбінесе өсімдіктердің гүлі мен ұрығында көптеп кездеседі.Өсімдіктердің өздеріне тән иістері осы майларға байланысты.Олардың көбі тиген жерлерін тітіркендіріп қызартады, кейде күйдіруге дейін барады, қабыну процессі пайда болады.Олар бүйректер мен өкпелер арқылы бөлінетіндіктен ағзаларға өз әсерін тигізеді.Қан арқылы орталық жүйке жүйесін қоздырады.Мұндай әсерді жусан (полынь) майынан байқауға болады.
Химиялық құрамы бойынша 3 топқа бөлуге болады:
1) Құрамында оттегі жоқ эфир майлары немесе терпендер.
Оларға жататындар терпентинді, арша, аир және т.б майлар.
2) Құрамында оттегі бар эфир майлары.Анис, аскөк, тмин, камфора майлары.
3) Құрамында күкіртті бар эфир майлары.Қыша, сарымсақ майлары жатады.
Эфир майларының кептірілген өсімдіктерден ұшып кететін қасиетіне байланысты, олардың қасиетінің жойылуы да мүмкін.
Эфир майлары - бұл өсімдік тектес, эфир секілді ұшқыр, қағаз бетінде дақ қалдыратын майлы, күрделі органикалық заттар.Эфир майларының негізгі құрамдас бөлімдері ,олар : терпендер, пиендер, альдегидтер, кетондар, лактондар, фенол туындылары, азот және күкірті бар заттар.Олар әдетте қоймалжың сұйық түрінде кездеседі.Сонымен қатар оның қатты түрі де бар.Ол өндірісте, емдік қасиеті күшті "камфора" деген атпен белгілі.Эфир майлары өсімдіктің табиғи өнімі болғанымен, зат алмасудағы оның маңызы, қолданылу ерекшеліктері әлі де толық зерттелмеген.Емдік мақсатта микробтарға, паразиттерге қарсы зат ретінде қолданылады.
Эфир майларының өзіне тән хош иісі, ащылау тұтқыр дәмі бар.Суда ерімейді, ал органикалық еріткіштерде, спиртте және майларда жақсы ериді.Эфир майлары өсімдік бойына әртүрлі тараған.Кейбір өсімдіктердің гүлі, жапырағы эфир майларына бай болса, кейбіреулерінің тұқымында, тамырында және сабағында көптеп кездеседі.Құрамында эфир майлары жусан (полынь), шайқурай (зверовой), түймешетен (пижма) және тағы басқа түрлерінің токсикологиялық маңызы да бар.

Табиғатта эфир майларына ұқсас шайыр және шайыр секілді заттар кездеседі.Олар да эфир майлары сияқты иісі бар, суда ерімейтін, ал майлар мен органикалық еріткіштерде еритін қасиеті бар заттар.Бірақ құрамында азоты болмайды.Құрамында шайыр және шайыр секілді заты бар өсімдіктерге у тамырды (век ядовитый) жатқызуға болады.
Эфир майлары және шайыр ұлпаларды жергілікті тітіркендіріп, ағзаға тарағаннан кейін жүйке жүйесін, алғашында қоздырып, кейінен салдандырып әсер етеді.
Әсері.Тітіркендіруші және дезинфекциялаушы әсері эфирлердің барлық тобына пән болып табылады.Сонымен бірге, олардың бәрі аз мөлшерде орталық жүйке жүйесін қоздырады, ал көп мөлшерде оны салдандырады.Алайда салдандыру керісіншеееее уытты әсер сирек байқалады, өйткені ол тек орташа мөлшерде ғана басталады.
Теріге тигенде олар ашытады, қышытады, гипермия құбылыстарын туғызады, ал ұзақ әсер еткенде қабындырады.Кілегейлі қабыққа бұл заттар теріге әсер еткендей әсер етеді, бірақ біраз күштірек әсер етеді.Ішкізілген эфир мйлары және асқазан мен ішектің қаусырылып, жиырылуына жәрдемдеседі.Эфир майларын ұзақ ішкізгенде асқазан мен ішектің кілегейлі қабығын қабындыруы мүмкін.
Бұл топтағы заттарды аз мөлшерде ингаляциялағанда тыныс жолдарының кілегейлі қабығын жандандырады және қақырық тастатады.Көп мөлшерде қолданғанда бронхы бездерінің секрециясын бәсеңдетеді, бірақ бактериостатикалық түрде әсер етеді.Қанға түскенде бұл заттар орталық жүйке жүйесін, әсіресе тыныс алу және қан тамырларын реттейтін орталықтарды қоздырады.Олардың бәрі белгілі бір мөлшерде жүректің жұмысын күшейтеді және баяу түрде дененің қызуын басады.
Эфир майлары гүлдердің құрамында болады.Жемісте, жапырақтарда және қабықта біршама аз болады, ол әртүрлі өсімдіктердің ағашында бәрінен де аз болады.Эфир майларының ерекше иісі болады, сондықтан парфюмерияда оны жиі пайдаланады.Сонымен бірге, оларды дәрі-дәрмек дайындағанда, ерекше әсер ететін дәрілік заттар ретінде де пайдаланады.
Эфир майлары таза түрінде рецепторларды, әсіресе кілегейлі қабықтардағы рецепторлар күшті тітіркендіреді.Организмнен олар өте тез бөлініп шығады, өзінің сіңірілгіш әсері өткінші.Сондықтан практикада неғұрлым ұзақ та баяу әсер алу үшін әдетте өсімдіктердің эфир майлары неғұрлым бай бөліктерін қолданады.
Патанатомиялық өзгерістер бірдей сипатта болмайды, асқазанда дұрыс шайналмаған улы өсімдік бөліктері табылады, жусанмен уланғанда, көптеген қан құйылуар қойларда ішек қабықшасында түрлі көлемдегі ұйыған қандар байқалады, созылмалы жағдайларда тері асты жамылғының сарғаюы, бүйрек және бауыр тығыздығы мен түсінің өзгеруі байқалады.

Түймешетен, (Пижма, Tanacetum vulgare)

Күрделі гүлдер тұқымдасына жататын, көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 1 метр, жапырақтары түсті шетен ағашының жапырақтарына ұқсайды.Гүлдері жылтыр-сары түсті, тостаған тәріздес.Кавказда, Сібірде және Орталық Азияда көптеп кездеседі.
Өзіне тән камфораға ұқсас иісі бар:құрамындағы эфир майы гүл шоғырында 1,5-2%, жапырақтарында 0,2-0,6%-ға дейін болады.
Бұл майдың 47%-ы туйлон затынан тұрады.Май құрамында 1% камфора, бор және пинен, сонымен қатар, альколойдтар, органикалық қышқылдар бар.Өсімдіктің токсикалық қасиеті эфир майына байланысты, ол жергілікті жерге тітіркендіріп әсер етеді.
Клиникалық белгілері.Басында қатты қозып, кейіннен депрессия байқалады, көруі шашарлайды.Уланған мал басында мазасызданады, кенеттен жабырқайды.Көз қарашығы тарылып, көруі нашарлайды.Көз қарашығы тарылып, көруі нашарлайды, іш өтеді, құсады.Эфир майы бүйрек және орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, уланған малда қозу пайда болып, қозғалысы бұзылып, тырысып-бүріседі.Улану іш тастауғада әкеліп соқтырады.Кілегейлі нәжіс бөледі.Бір тәуліктен кейін мал өледі.
Емі.Ішті айдағыш дәрілермен азық қалдығын шығарып тастап, содан кейін симптомикалық ем жасайды,жануардың жағдайына қарай, ем қолдану керек.
Алдын алу.Жол бойындағы өскен өсімдікті тұқым шашқанға дейін шауып тастау керек.

Қазанақ (Багульник болотный, Iedum palustre)

Биіктігі 30-60 см, аршагүл тұқымдасына жататын бұталы өсімдік, жапырақтары сүйір келеді.Өмір бақи жасыл түсті болады.Гүлдері ұсақ ақ, сирек қызыл түсті болады.Шым тезекті батпақты жерлерде, орман және тундрада кездеседі.
Гүлденген кезде қазанақ өткір, есеңгірететін иіс бөледі,Сондықтан мал көп жемейді.Барлық жануарларға уытты әсер етеді.Қазанақ құрамында 0,3-2% эфир майы бар және гликозид эриколин табылған.
А.П.Татарованың мәліметтеріне қарағанда қазанақтың уытты бастамасы эфир майы.Май құрамындағы ледоль жергілікті жерге тітіркендіріп әсер етеді.Ол біраз мөлшерде организмге түсіп орталық жүйке жүйесін салдандырады, ішектің, жатырдың сезімтал жүйкелерін салдандырады және тыныс алумен жүрек жұмысын бұзады.
Қазанақ жапырақтары аз мөлшерде орталық жүйке жүйесін қоздырып, көп мөлшерде есеңгіретіп әсер етеді.Қой мен ешкі уланғанда гастроэнтерит байқалған.
Алдын алу.Жайылымдағы улы өсімдіктерді тамырымен жұлып тастап, құрғату, жерді жырту және т.б. агротехнологиялық шаралар жүргізу.

Сасық қурай (Вех ядовытый, Cicuta virosa)

Орталық жүйке жүйесін қоздыратын өсімдіктер.Көпжылдық шатыр гүл тұқымдас өсімдік, биіктігі 1-1,2 м, жапырақ ұштары үшкір, ұсақ ақ гүлдері күрделі шатырға жиналған.Көбінесе көлеңкелі батпақты аймақтарда, өзен бойында, жайылым шабындықта өседі.
Уытты бастамасын құрамындағы май тәрізді алколоид- цикутоксин. Ол өсімдіктің тамырында қте көп болады. Кепкен тамырда 3-5 %, балауса тамырда 0-2% цикотоксин бар. Сонымен қатар, эфир майы цикудоль бар. Ол жемісінде 1,2 %- дан көп. Өсімдік тамыры көктем және күзде қауіпті. Шөппен қоректенетін жануарлар қте сезімтал келеді. Цикутоксин уыттылығы жоғары температурада сақтағанда да жойылмайды. Ауыл шаруашылық маладары көктемде уланады. Цикутоксин ас қорыту жолының кілегейлі қабаттары арқылы сіңіп, орталық жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді. Цикутоксин жүйке жүйесінің қозуын арттырып, тырысып- құрысулар пайда болады. Орталық жүйке жүйесін әлсіретеді. Өлім көбінесе тыныс алу орталығының салдарынан болады.
Клиникалық белгілері. Уланудың алғашқы белгілері өсімдікті қабылдағаннан кейін, 1-2 сағаттан кейін басталады. Уланған жануарларда алғашында құрысу- тырысу байқалады. Жалпы қозады, сонан кейін мал күйзеледі. Ірі қара көктемде сасық қураймен жиі уланады, батпақты жерде жайылған ірі қара өсімдіктің тамырын жұлып жеп қояды.
Шөпті жегеннен кейін улану белгілері 2-3 сағаттан кейін білінеді. Уланудан кейін 3-6 сағат ішінде мал өледі. Уланудың жіті түрінеде ірі қарада төмендегідей белгілері болады: қатты қозады, мал алдыға қарай ұмтыладығ ауыхынан көбік сілекей шұбырады, күйіс қайыру тоқтайды, іш кебеді, дефекация мен зір шығару жиілейді, көз қаршығы кеңейеді. Әуел баста бұлшық ет дірілдейді, кейіненн бүкіл дене бұлшық еті құрысып, тартылады. Мал құлап, басын артқа шалқайтып, аяқтарын созып алады. Мұндай күйде уланған мал 20-30 минут болады. Кейіннен жерге басын ұрып, тұрғысы келеді. Тыныс алуы ретсіз, тамыр соғуы нашар, температура 1-2 °C қа төмендейді. Уланудың ақыры мал өліміне немесе тез арада жазылуына әкеледі.
В. Веденский зерттеулері бойынша 200г өсімдікті жеген ірі қара уланған. Шөптің тамыры мен жапырақтарының салмағы 70-80г екнін ескерсе, 2-3 жеген мал өледі. Жылқылардың улануын П. Д. Евдокимов зерттеген. Улануға артық жылқылар шалдыққан. Жылқы уланғандағы клиникалық белгілері ірі қараға ұқсас келеді. Тек кейбір жағдайда жылқы мазасызданып, іштің түйнеп ауыруы, содан кейін мең- зең болып қомға келеді. Кілегеейлі қабықтары көгеріп, жүрек соғуы 120, тыныс алуы минутына 26-30 жетеді, қарашығы кеңейеді, мал өледі.
Жылқыға өлтіретін мөлшері 400-500 г Н. П. Кожмякин мәліметтері бойынша жылқыға уыты мөлшері көктемде жиналған өсімдіктің 0, 05 гкқаларг, летальды дозасы қойларға 0,3-0,44 г\кг, ешкіге 0,7-0,83 г\кг.
Шошқада улану төмендегідей өтеді. Ерекшелігі: шошқалар құсатын болғандықтан, ол мал жазылып кетуіне қолайлы жағдай жасайды. Кейбір жағдайда ғана мал бірінші тәулікте өлімге ұшырайды.

Патологиялық- анатомиялық өзгерістер. Сасық қурай жүйке жүйесіне әсер ететіндіктен, сойып зерттегенде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Газ жинал,ғандықтан қарын мен ішек кеңейген, кілегейлі қабығы гипермияға ұшыраған, қан қара түсті, өкпеде гипермия, кейде ми қабатында байқалады.
Дәнекер ұлпаларда, тыныс алу жолдарының кілегейлі қабығында, эпикард, эндокард астында бүйрек паренхимасы мен қабы астында қанталаулар болады.
Шошқаларда өкпе гипермиясы, жұтқыншақ- кілегейлі қабығында ісіну байқалады . Жақ асты жұтқыншақ маңы лимфа түйіндерінің гипермиясы пайда болады. Плевра астында, жүректе, қарынның кілегейлі қабығында, ішекте қанталаулар бар.
Емі. Антидот жоқ, симптоматикалық ем жүргізіледі. Жылқылардың асқазанын 0,5%-ті танин ерітіндісімен жуады. Адсорбциялағыш заттар(танин, көмір) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эфир майлары туралы жалпы түсінік
Эфир майларының құрамы жəне олардың түрлеріне химиялық сипаттама
Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Олардың түрлері
Жиі кездесетін уланулардың (эфир майларымен) ерекшеліктері мен оларды емдеу әдістерін, сақтандыру шараларын көрсету
Ақ алабұта өсімдігі тамырының химиялық құрамы
Этилжаңа май қышқылы эфирі ананас
Mister Proper жуғыш зат қатты беттерге арналған әмбебап жуғыш зат
Құрамында майлар мен май тәріздес заттар бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар және олардың өнімдері.
Тыныс жолдарының аурулары
Ағзадан удың бөлінуі
Пәндер