Аурудың этиологиясы


Курстық жұмыстың жоспары:
І. Өлексені сою барысында жазылған хаттама:
1. 1. Кіріспе бөлім (тіркеу, қысқаша анамнез) .
1. 2. Сипаттау бөлім (өлексенің сыртқы және ішкі көріністері) .
1. 3. Қорытынды бөлім (патологиялық-анатомиялық диагноз, қосымша лабораториялық зерттеудің нәтижесі, өлім туралы соңғы қорытынды) .
ІІ. Қысқаша анамнез:
2. 1. Аурудың қысқаша анықтамасы.
2. 2. Этиологиясы.
2. 3. Патогенезі.
2. 4. Клиникалық және анатомиялық өзгерістері.
2. 5. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер.
2. 6. Гистологиялық өзгерістер.
2. 7. Диагноз.
2. 8. Дифференциалды диагноз.
ІІІ. Қолданылған әдебиет тізімі
ІV. Қосымшалар
І. Өлексені сою барысында жазылған хаттама
1. 1. Кіріспе бөлім
Мал иесі: Ерғалиев Т. А.
Мекен-жайы: Молодогвардейская 45
Түрі: Шошқа
Тұқымы: «Ландрас»
Түсі: Күлгін
Жынысы: Мегежін
Жасы: 3 жас
Ерекше белгісі: жоқ
Жеке номері: 337
Өлген күні: 25. 11. 2019 ж.
Сойылған күні: 25. 11. 2019ж. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің прозекториясына әкелінді.
Союшы: Камалбеков Ерасыл
Союға қатысқандар: Микробиолог және патолог-анатом Әшоков Рустем, Қалиғожин Елдар.
Өлім қай жерде болған: Молодогвардейская 45
Қысқаша анамнез: Ешқандай ем қолданбаған, мал иесінің қорасында өлген.
Шошқа қашан ауырған: 23. 11. 19 ж күні аурудың алғашқы клиникалық белгілері көріне бастады. Зат алмасу процестері бұзылған, гипертермия, тұмсық айнасының цианозы, гиперемия, қабықты экзема, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылған.
Жарып-сою көріністері: Хаттамада сипатталады.
Алдын-ала қойылған диагноз: Шошқа обасы
Зертханаға патологиялық материалды жіберген уақыт: 25. 11. 2018 ж.
Мал дәрігері: Жұмабеков Х. С.
Мал дәрігерінің қолы:
Мекен-жайы: Молодогвардейская 45
1. 2. Сипаттау бөлімі
Өлексенің жалпы сипаттамасы: Шошқа өлексесі сол жағымен жатыр, терісі үрпиіп қампиған, арып жүдеген.
Өлексе белгелері: Өлексе температурасы қоршаған орта температурасынан төмен. Өлексенің сіресуі бар, жақ сүйектері мен буындары күшпен ашылады.
Дене құрылысы: Өлексе құрысқан. Денесі титықтап, қатты арықтаған.
Қондылығы: Ортадан төмен.
Көзге көрінетін кілегей қабықтары мен көздің жағдайы: Аурудың жіті түрі кезінде сақа шошқаның терісіне, сірі жэне кілегейлі қабықтарына, сөл түйіндеріне, ішкі үлпершек ағзаларына қан құйылады. Әсіресе көмекей үстінің, ас қорыту жүйесінің, қуықтың кілегейлі қабықтарында көкірек пердесі мен бүйрек қабықшасының астында қан құйылулар жиірек кездеседі. Көкірек және құрсақ қуысындағы, бастың айналасындағы сөл түйіндері 2-3 есе ұлғайып, геморрагиялық қабынып, тіліп көргенде өрнегі мәрмәр тәрізді болады. Көз (конъюнктивит) және танау (ринит) қуысы кілегей қабықтары қабынуы дамиды. Құлақ, құрсақ, шап тұстарында қызыл дақтар түрінде қанталаулар байқалады.
Көзі: қасаң қабығы солғын, көз алмасы айналып кеткен.
Мұрын қуысы: кілегей қабықтары көкшіл тартқан, қан кету белгілері байқалады.
Тері және тері жабындары : жамбас, құрсақ, мойынның ішкі жағында және құлақ қалқанында іріңді бөртпелер, нүктелік қан құйылулар, басып көргенде жоғалмайтын қошқыл күлгін дақтар бар.
Сүйек бұлшықеттері : айқын зақымданусыз. Буындарында өзгерістер байқалмайды.
Жоғарғы лимфа түйіндері: ұлғайған, қошқыл-қызыл түсті, кескенде мәрмәр тәрізді көрініс берді.
Ішкі қуыстар мен мүшелерді зерттеу:
Құрсақ қуысының сірі қабықтары қызарып ісінген, құжынаған дақты-жолақты және нүктелі қан құйылулар кездеседі.
Көмейінде дақты және нүктелі қан құйылулар бар.
Өкпесінде , плевра астында қан құйылулар, венадағы қанталау, қанды экссудат жиналған. Интерстициальды тоқыма қалыңдаған, ақшыл не қызғылт тәжге ұқсас, кеңейген лимфа тамырлары анық көрінеді. Дақты-жолақты және нүктелік қан құйылулар табылады.
Сөл бездері қошқыл қызыл түсті, 2-3 есе ұлғайған. Шеттерінде қошқыл қызыл тоғыншақ бар, осыларды бойлай дәл сондай түсті ағзаның орталығын ақ жиектерге бөліп тұратын тәждер кездеседі. Мәрмәр сияқты шұбарланған. Дақты -жолақты қан құйылу ошақтары кездеседі.
Бронхопульмональды сөл бездері мәрмәр сияқты шұбарланған(Краков шұжығы тәрізді) . Қауашақ астындағы синусында қанды жалқақ жиналады.
Жүрегі ұлғайған, болбыр консистенциялы, қаны аздық байқалады. Тіліп қарағанда тоқыма ісінгені анық көрінеді, тілік беті көмескі, миокардтың түсі ыстық сумен күйдірілген еттікіндей. Эпикарды мен эндокардында дақты-жолақты қан құйылулар, қан тамырлары қанға толған, оң жақ бөлігі ұлғайған.
Талақ сұр түсті, аздап ұлғайған, капсула астында нүктелік қанталаулар байқалады. Тілгенде қойыртпағында ірі түйіршіктер байқалады, консистенциясы бос, пышақпен қырылмайды. Талақ шетінде тығыз консистенциялы, жедел қарайған қара-қызыл түсті кішкене ісіктер айқын көрінеді. Ісіктердің пішіні сына тәрізді, кесіп қарағанда тілік беті құрғақ, ашық сары түсті, ал айналасында қошқыл қызыл түсті қанталаған белдеме байқалады.
Бауыры ұлғаймаған, қызыл-қоңыр түсті, тығыз консистенциялы.
Бүйректерінің көлемі аздап кішірейген, бозғылт, сұр не қоңыр-сұр түсті, тығыздығы аздап жұмсарған, бүйрек капсуласы тыртиған. Кейбір жерлерінде ақшыл-сұр не ақшыл-сары қоспа тәрізді зат кездеседі. Қыртысты қабатында нүктелі және жолақты қан құйылулар бар. Бүйрек шумақтарының майда қан тамырларында экссудат жиналған, осының салдарынан шумақтар ұлғайған, қан тамырлары қанға толған, Шумлян- Боумен капсуласының қуысы серозды-фибринозды экссудатқа толған.
Асқазан қошқыл иісі бар сұйық қоңыр түсті комбикормға толы, шырышты қабаты көмескіленген, ісінген, қанталған, дақты-жолақты және нүктелі қан құйылулармен, сонымен қатар қоймалжың, бұлыңғыр экссудатпен көмкерілген.
Ащы ішекте жағымсыз иісті қоңыр түсті қоймалжың сұйықтық бар. Ішектің кілегейлі қабаты кедір-бұдырлы, ойылған, беті кебек тәріздес өлген массамен көмкерілген. Ішектің ісінген, көмескіленген кілегейлі қабығының бетінде қанды экссудат жиналған .
Тоқ ішекте сасық иісті сұйық нәжіске толы. Кілегейлі қабаты көмескі, қанталаған, ісінген. Қанды экссудат жиналған, қан құйылу ошақтары байқалады. Пейер жолақтары мен солитарлы фолликулдарының көлемі ұлғайған, қызарған. Сондай-ақ солитарлы фолликулдарда пішіні түймедей дм 0, 5-4 см болатын сары не қоңыр түсті қабыршақтар табылады.
Шажырқай бездері қызыл түсті, 2-3 есе ұлғайған. Шеттерінде қошқыл қызыл тоғыншақ бар, осыларды бойлай дәл сондай түсті ағзаның орталығын ақ жиектерге бөліп тұратын тәждер кездеседі. Мәрмәр сияқты шұбарланған. Дақты -жолақты қан құйылу ошақтары кездеседі.
Қуық қан аралас зәрге толы, шырышты кілегей қабығы қошқыл-қызыл түсті, кілегей қабығы ісінген, қанға сіңген, сыртынан қанды-қызыл шырышпен көмкерілген. Зәр шығару түтіктері қошқыл қызыл не қошқыл қоңыр түсті, бітелген, ісінген.
Лабороторияға: Талақ, бауыр және жүрегін жібердім.
1. 3. Қорытынды бөлім
Патологиялық-анатомиялық диагноз
1. геморрагиялық диатез
2. Геморрагиялық лимфаденит
3. көк бауырдағы геморрагиялық инфарктер
4. Гипостаз, нефроз, миокардоз
5. Жіті - катаральді геморрагиялық гастроэнтерит
6. Катаральды - іріңді коньюнктивит
7. Жалпы анемия
8. Жіті катаралды бронхопневмония
9. Серозды тонзилит
Өлім туралы соңғы қорытынды
Өлексенің ішкі және сыртқы өзгерістеріне, патолого-анатомиялық диагноз нәтижесіне сүйене отырып, шошқаның обамен ауырып өлгендігі анықталып отыр.
Жарып-сою кезіндегі патолого-анатомиялық диагнозды нақтылау мақсатында шошқа обасын толықтай анықтау үшін ШҚО Семей қаласының мал дәрігерлік зертханасына қосымша гистологиялық, бактериологиялық, микробиологиялық және биологиялық зерттеулер үшін шошқаның талағын, бүйрегін және ішектерін, өкпе кесінділері мен қан, лимфа түйіндерін жіберу ұсынылсын.
ІІ. Қысқаша анамнез
2. 1 Аурудың қысқаша анықтамасы
Шошқаның обасы (Pestis suum, чума свиней) - аса жұғымтал, жіті байқалғанда өлетеніп, гаморрагиялық диатезбен, ал жітілеу және созылмалы түрде өткенде өкпеннің крупозды, ішектің крупозды-дифтериттік қабынумен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы - European shwinefever pestivirus, құрамында РНҚ бар Togoviridae тұқымдастығына pestivirus туыстастығына жатады. Көлемі 35-40 нм. Тұратын бір типке жатады. А тобына барлық жастағы шошқаларда жіті өтетін індет қоздыратын, қоянға бейімделген және төменгі температурада торша өсінділерінде өсетін вакциналық штаммдар жатады. В тобына жататын штаммдар негізінен торайларды ауыртады, ал басқа топтарда созылмалы немесе телімсіз емес түрін қоздырады. Бұл топтарды бір бірінен ажырату үшін қыздыру арқылы белсенділігін жою әдісін, өзара бейтараптау, иммунофлуоресценция реакцияларын кешенді түрде қолдану және торайларға қойылатын биосынама пайдаланылады. Шошқа обасының вирусы мен сиырдың диареясы вирусының антигендік туыстығы бар.
2. 2. Аурудың этиологиясы
Обаға үй және жабайы шошқалардың барлық тұқымдары мен әр жастағылары бейімді. Ауырып айыққан немесе иммунделген енелерінен туған еметін торайлар антиденелерді уызбен және сүттен алады, еметін уақыт ішінде ауруға қарсы бір талай тұрақтылық көрсетеді. Қоздырушының көзі−клиникалық аурулар және ауырып айыққан вирус тасушы жануар. Вирус бөлушілік аурудың жасырын кезеңдерінде-ақ басталады. Табында анықталмай қалған астыртын вирус тасушылар ерекше қауіпті болады. Вирус тасушылық 3-10 айға созылуы мүмкін. Ауру малдар вирусты несеппен, нәжіспен, мұрынның сорабымен, аталық ұрықпен бөліп шығарады. Сау шошқалардың қағынуы немесе астыртын вирус тасушылармен бірге күтіп-бағылғанда, сондай-ақ вируспен ластанған жемшөп пен суды бергенде болады. Қағыну жарақаттанған тері мен кілегейлі қабықтар, сонымен бірге тыныс жолдары арқылы болуы мүмкін.
Аурудың таралуына шошқаларды және олардың сойылғаннан кейінгі өнімдерін бақылаусыз сату себебін тигізеді. Қоздырушы аурудан сәтті фермаларға вирус тасушы шошқалармен, сондай-ақ транспортпен, инвентарьмен, адамдармен әкелінеді.
Шошқаның обасы, көбінесе, шошқаларды күтіп-бағудың және азықтандырудың малдәрігерлік-санитарлық ережелерін бұзатын шаруашылықтарда, зарарсыздандырылмаған тамақтардың және қасапхананың қалдықтарын пайдаланғанда пайда болады. Ауырған шошқалардың организмінен вирус барлық секреттермен, экскреттермен бөлініп шығады. Малдар ең алдымен алиментарлық жолмен залалданады-тамақ қалдықтарымен және басқа да инфекцияланған азықтармен тамақтанғанда, сондай-ақ аэрогендік жолмен, жарақаттанған тері арқылы және зарарлы кенелер шаққанда. Вирус вирус тасушы малдармен таралады, әртүрлі инфекцияланған объектілер арқылы беріледі: ауырған шошқалардың сойынды өнімдері ерекше қауіпті. Эпизоотиялық ошақта немесе инфекцияланған қасапхана, қоймалардың территориясында болған адамдар, ауруға бейімсіз үй жануарлары, насекомдар, кеміргіштер вирустың механикалық тасымалдаушылары бола алады. Аурудан сәтті шаруашылықтарға вирус алғашқы рет енгенде 2-3 күннен кейін шошқалардың көпшілігін қамтыйтын ауру індеттік қозу түрінде өтеді. Аурудан стационарлы сәтсіз шаруашылықтарда індеттік процестің қарқыны төмендеу, аурудың созылмалы өтуі жай, басымырақ болады. Асыл тұқымды шошқалар ауруға бейімдірек келеді. Жабайы шошқаларда табиғи қалыптасқан төзімділік болады. Ауру қоздырғышының бастауы ауру және ауырып айыққан вирус алып жүруші шошқалар. Ауруды таратуға және індеттік жағдайларды сақтап, шиеленісуде анықталмай қалған жасырын вирус алып жүрушілер ерекше қауіпті болады. Вирус алып журу 3-10 айға созылады. Ауру жануарлар вирусты несеп, нәжіс, танау, көзден аққан сора арқылы бөліп шығарады. Вирусты сыртқы ортаға бөлу аурудың жасырын кезеңінде басталып, клиникалық белгілері білінген сайын ұлғая түседі. Берілу факторлеріне вируспен ластанған су, жемшөп, төсеніш, көң, өлексе, малдан алынған өнімдер, шикізат, ет комбинаттары, қасапхана мен асхананың зарарсыздандырылмаған қалдықтары жатады. Сондай-ақ індеттің таралуында механикалық тасымалдаушылардың алатын орны ерекше. Вирус негізінен асқорыту жүйесі, тыныс мүелері арқылы енеді. Сондай-ақ кілегей қабықтар және жарақаттанған тері арқылы да жұғуы мүмкін. Шаруашылық ішенде ауру негізінен жан-жақы (алиментарлық, аэрогендік), ал оба өзіне тән емес, түрде өткенде тікелей яғни вертикальді (плацента арқылы) берілу мүмкін. Аурудан сау шаруашылықтарға әдетте ауру қоздырушысы зарарсыздандырылмаған асхана, қасапхана қалдықтарымен, әртүрлі көлік-қатынас құралдарымен, вирус алып жүрушілермен енеді. Сондай-ақ шошқаны сойып, оның өнімдерін өңдейтін кәсіпорындағы ветеринариялық-санитарлық сату аурудың таралу себебі болады. Оба жылдың кез-келген мезгілінде байқалуы мүмкін, дегенмен, көбінесе күзге қарай шошқаны жиі араластыру, сату және жою аурудың шығуына әсерін тигізеді. Жаңадан пайда болған індет ошағында індет тез тарап, кең етек алады. Егер оба шаруашылыққа вирус алып жүрушілермен енген болса әуелі шошқалардың аздаған бөлігі ғана ауырып, тек 10-14 күннен кейін індет жаппай байқалуы мүмкін. Ал егер вирус жемшөппен әкелінген жағдайда 2-3 күннің ішінде шошқалардың басым көпшілігі, кейде тіпті түгелдей ауруға шалдығады. Ауруға шалдығу көрсеткіші 95-100℅, ал өлім көрсеткіші 60-100℅ жетеді. Оба вирусының сыртқы ортаға төзімділігі және анықталмаған вирус алып жүрушілердің әсерінен ауру шыққан жер бірте-бірте тұрақты індет ошағына айналады. Мұндай жағдай көбінесе індеттен айықтыру шаралары жүйелі түрде жүргізілмей, жоспарсыз вакцинациялаумен ғана шектелген шаруашылықтарда жиі кездеседі. Әдетте тұрақты індет ошақтарында ересек шошқаларда вакцинацияның әсерінен иммунитет болғандықтан олар ауырмайды. Ауырып жазылған немесе вакцинацияланған мегежіндерден туған торайлар сүттен антиденені алатындықтан, олар еметін кезеңде ауруға төзімді келеді, бірақ енесінен ажырағаннан кейін ауруы мүмкін. Сондықтан обадан тұрақты емес шаруашылықтарда енесінен айырған торайлар індеттің сақталуының негізгі себепкері болады. Обадан сау емес шаруашылықтырда жануарлардың имунитетінің әсерінен вирустың уыттылығы төмендеп, індет сылбыр өтеді де, шошқалар көбінесе созылмалы түрде ауырады, өспей қалады. Көбінесе стресс факторлардың, азық пен күтімнің нашарлауынан, басқа да аурулар (пастереллез, гемофилез, сальмуниллез) қабаттасып, індеттік ахуалды одан сайын шиеленстіреді. Обаны уыттылығы төмен В серотобының вирусын қондырғанда мегежіндердің іш тастауы, төлдің өлі тууы немесе әлсіз болып кейіннен көп шығынға ұшырауы сияқты аурудың өзіне тән емес түрлері байқалады.
2. 3. Патогенезі
Залалданғаннан кейін тез арада обаның вирусы қанға енеді де малдың бүкіл организміне таралады. Ол бүкіл ішкі органдар мен тканьдерде өсіп-өнеді, бірақ ең көп мөлшерде сөл тканьдерінде, сүйек майларында, ішектің кілегейлі қабығында, талақта, бауырда, қан тамырларының ішкі қабығында шоғырланады. Қан тамырларының зақымдануы тканьдер мен органдарда көптеген қан құйылуға, талақта инфарктардың құралуына әкеп соғады. Лейкопения мен анемия дамиды, екінші микрофлоралар-пастереллдер мен сальмонеллдер активтенеді. Ауру созылатын болса бұл микроорганизмдер өкпенің (өкпенің фибринді қабынуы) және ішектің (крупозды-дифтериялық колит) тәнді зақымдануларын тудырады. Обаның вирусы шошқа организіміне енгеннен кейін лимфойтты ұлпаларда көбейіп 6 сағаттан кейін сол маңдағы сөл түйінділеріне енеді. Бір тәуліктен кейін қанға өтіп организмге түгел жайылады, бірақ негізінен көк бауыр, сөл түйіндері, бауыр, жілік майы сияқты лимфойтты торшаларға сай ағзаларда жинақталады. Вирус енген қан тамырларының эндотелий қабаты зақымданып, өлі еттенеді. Ондай тамырлар жарылып, көптеген қанталаулар кездеседі. Соның салдарынан қан айналу жүйесінің жұмысы бұзылып, оның әсерінен сөл түйіндерінде, шекте, басқада ағзаларда өлі еттену ошақтары, ал көк бауырда инфаркт ошақтары пайда болады.
Қан түзу органдарының байланысты лейкопения өрбіп, лимфойдты-макрофагты ұлпалар семіп, соның салдарынан жалпы иммундік жүйенің қызметі бұзылады. Егер оба қосалқы бактериялық инфекциялармен асқынса, ішекте крупозды-дифтериттік қабыну болады. Мидағы және жұлындағы қабыну процестерінің әсерінен іріңсіз энцефалитке тән тамыр төңірегінде іркілген торшалар жиынтығы кездеседі. Жүйке жүйесінің осындай өзгерістерінің әсерінен жануарлардың күйзелуі не қозынуы байқалады.
Ауру жіті өткенде бүкіл организмдегі, әсіресе, қан түзу және қан айналу жүйелерінің, морфологиялық зақымдануы өлімге әкеп соғады. Оба жітіден төмен және созылмалы түрінде өткенде жануарлардың табиғи төзімділігі әлсіреп, иммундік жүиенің жұмысы бұзылады. Нәтижесінде организмдегі шартты түрде зардапты микроорганизмдер көбейіп, негізгі ауру қосалқы инфекциямен асқынады. Мұндайда көбінесе өкпеде крупозды, тоқ ішекте крупозды-дифтериттік қабыну өрбіп, шошқа әлсіреп, арықтап өліп қалады.
2. 4. Клиникалық және анатомиялық өзгерістері
Жасырын кезеңі жиірек 3-7 күн болады, сирегірек 2-3 аптаға дейін созылады. Ауру жіті, жітілеу және созылмалы ал сирегірек аса жіті өтеді.
Аса жіті түрінде жануардың қызуы көтеріліп (41°С жоғары), жүрек соғуы және тыныс алуы жиілеп, құсады, теріде ақ-қызыл дақтар пайда болып, жылдам әлсіреп 1-2 күнде өледі. Обаның бұл түрі көбінесе ауруға сезімтал малдарға тән.
Аурудың жіті түрі негізінен індет жаңа басталған кезде байқалады. Малда 1-2 күннен кейін енжарлық, әлсіздік, азықтан бас тарту, құсу байқалады. Ауырған малдар көп жатады, орындарынан лажсыз тұрады, жүрістері шатқаяқтанады. Конъюнктивит пен ренит дамиды, іш қату, ал кейіннен кейде қанды іш өту пайда болады. Буаз мегежіндер іш тастайды. Кейбір жағдайларда мұрнынан қан ағу мен нерв жүйелерінің бұзылуы (дірілдер, аяқтарының параличі) білінеді. Құлақтарының, іштің, сандарының ішкі бетіндегі терілерінде басқанда бозармайтын бір-бірімен қосылғанда қоңыр-қошқыл дақтар құрайтын құйылулар көрінеді, 7-10 куні мал әдетте өледі. Бұндай жағдайда малдың өлуі қызба мен енжарлықты есептемегенде аурудың клиникалық белгілері білінбей -ақ болады. Әуелі дене температурасының қызуы малдың өлуіне бір күн қалғанға дейін сақталатын 40, 5−42°С дейін көтеріледі. Дененің жоғары температурасына қарамастан алғашқы 2-3 күн ішінде мөлшерден тыс ауытқулар болмайды. Одан кейін енжарлық, малдың азыққа тәбеті шаппауы немесе одан бас тартуы байқалады, құсады. Шошқалар бір-біріне тығылысып көбірек жатады, орындарынан зауықсыз тұрады, жүрістері шатқаяқтанады. Іш өту, кейде қанды пайла болады, бірақ кейбір ауруларда нәжіс кілегеймен және қан жолақтарымен жабылған қатты болады. Мұрыннан қан кету, конъюктивит болады. Буаз мегежіндер іш тастайды. Кейбір малдарда нерв жүйесінің бұзылу симптомдары-діріл, денесінің артқы жағының жартылай жансыздануы байқалады. Құлақ жарғағының, тұмсығының, аяқтарының, алқымының, бауырының, құйрығының терілері көгеріңкі тартады, аурудың аяғына қарай бұл жерлерде қан құйылулар мен гематомалар табылады.
Жітілеу өткенде ауру 2-3 аптаға созылады, типтік белгілері шамалы ғана көрініс береді. Негізінен тыныс алу және асқорыту жүйелері зақымданады. Егер өкпе зақымданса крупозды қабыну өрбіп, шошқа қиналып, сырылдап дем алып, ышқынып жөтеліп, кеудесін басқанда ауырсынады. Аурудың ішектегі түріінде тоқ ішектің кілегейлі қабаты крупозды-дифтеритті қабынып, іші өтеді. Дененің мезгіл-мезгіл қызуы көтеріліп, арықтап, әлсіреп, әрең қозғалып, көбінесе бір орында жатып негізінен өліммен аяқталады. Аурудың ақыры сәтті болған жағдайда шошқа жемге қарап іші өту тоқтап, бірте-бірте жазылады, бірақ жазылғаннан кейін он айға дейін вирус алып жүруші болып қалады. Дене температурасы әлсін-әлсін көтеріледі. Екінші инфекциялардың дамуымен энтероколиттің (бұзылған тәбет, іш қату, іш өту) және өкпенің зақымдануының (мұрыннан сорап ағуы, ентігу, жөтел, пневмония) крупоздық-некротикалық белгілері білінеді. Мал әлсірейді, жүдейді де көп жағдайда өледі.
Созылмалы өткенде ауру 2 айға дейін созылады. Малдарда ауық-ауық іш өту, өзгермелі тәбет, жөтел байқалады. Тері тыжырылады және бөртпелі қабыршақтармен жабылады. Ауру әдетте өліммен аяқталуға жеткізеді. Аурудың жітілеу және созылмалы түрлерде қосымша инфекциялармен асқынған жағдайда аурудың клиникалық белгілері өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бірақ қалай болғанда да ол ауру жануарлар қатарынан қалып өспей қалады. Мұндай жануарлар толық жазылмай, айлар бойына вирус алып жүруші болып айналасындағы сау малдарға қауіп тудырады. Жекелеген аурудан айыққан малдар көптеген айлар бойы қауіпті вирус тасушылар болып қалады. Тәбеті сақталса да шошқалардың біртіндеп арықтауы, өсуінің қалыс қалуы, бронхопневмония, артриттердің белгілері, құлақтардың некрозы (тіпті түсіп қалуына дейін), аяқтарының төменгі бөліктерінің, арқасының, басының терілерінің некрозы білінеді. Аурудың симптомсыз өтуі Африка және Европаның Ибериялық жартылай түбегінің энзоотиялық аймақтарындағы жабайы және жергілікті үй шошқаларында байқалады.
2. 5. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz