Жүннің құрылымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультет
Ветеринариялық санитария

СӨЖ

Тақырыбы: Тері жүн және малдардың техникалық шикізатын ветеринариялық санитариялық сараптау және технологиялық негізі.

Орындаған: Уалихан Ж.Ш
Тобы: ВС- 505
Тексерген: Икимбаева Н.А

Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Терінің және оның жүн түгінің құрылымы
2. Жүн түгінің өзгермелілігі
3. Жүн түгінің өзгермелілігі
4. Шикізат ақаулары
5.Қой мен ешкі терілері
6.

III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жүн - қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой жүні көп өндіріледі. Қой жүні талшықтарының жуан- жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді.Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн деп бөлінеді.

Тері - жануар денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен, малдың дене температурасы үнемі тұрақты болады.

Жануарлар шикізаттары деп - жануарларды сойған, атқан кезде, кəсіпшілік пен аң шаруашылығынан алынған тағам ретінде тұтынуға жатпайтын өнімдерді айтады. Жануарлар шикізаттарына тері - терсектер: түк, жүн, қылшық, мүйіз, тұяқ жəне басқа тағам ретінде тұтыну жатпайтын мал денесінің бөліктері жатады. сонымен бірге өлген жануарлардың өлекселері, қасапхана конфискаттары жануарлар шикізаттары болып табылады.

Терінің және оның жүн түгінің
құрылымы
Терінің атқаратын қызметі жануарлар организмін сыртқы ортадан, механикалық химиялық және бактериялық әсерлерден қорғайды, жылу алмасуды реттейді сезіну органдары болып, сонымен қатар жануардың тіршілігіндегі өңделген заттарды денеден бөліп шығару қызметін атқарады.
Тері қасиеттері, организмнің сыртқы орта әсеріне сәйкестенудің және оның тері құрылымының ерекшеліктерінің әсерінің жоғарғы үлгісі ретінде қызмет ете алады. Жануарлардың өмір сүру жағдайына, климаттық факторларға, жыл мезгілдеріне байланысты теріде, өнімнің тауарлық құндылығына және өңдеу тәсілдеріне әсер ететін айтарлықтай өзгерістер болып тұрады.
Жануарлар тері құрылымы, өзінің жоғарғы сапасына және қысқы жағдайына байланысты, сонан соң мезгілдік өзгеріс ерекшеліктері тұрғысынан, қарастырылады.
Мехтық терілері тері ткані және жүн жабынына бөлінеді.

Тері тканінің құрылымы
Жануарлар терісінің ткані жүн астында жұқа беткі қабатқа - қыртысқа және негізін құрайтын өзеңге бөлінеді.қыртыс жекеленген клеткалардан ал өзең күрделі шиленіскен талшықтардан тұрады.
Өзеңнің жануарлар денесіне беттесетін төменгі жағында өзең талшығы арқылы жұқа бұлшықтық ткандер мен майлы қабаттар орналасқан.
Теріде май және тері бездері,қан тамырлары, май клеткалары, нерв талшықтары болады.

а- қыртыс; б - өзеңнің емізекше қабаты;
в - өзеңнің торлы қабаты; г - тері асты майлы қабаты;
1 - түк(стержень волоса); 2 - тері бездерінің шығу жолдары; 3 - май бездері; 4 - түк қалташасы; 5 - жүнді тікірейтетін бұлшықтар; 6 - тері бездері; 7 - коллаген талшықтар тобы.

Тері асты бұлшықты қабаттар
Тері жануарлар денесімен ыдыраңқы, бұлшықты жалғастырушы тканьдер мен майлы қабаттар арқылы бірігеді.Өңдеу процесінде оларды шелдеу арқылы ажыратады. Тек керілуге әлсіз терілерді, - сары тышқанды, көр - тышқанды өңдегенде бұлшықты қабат ажыратылмайды тек босаңсытылады.Қой ,сары тышқан, суыр, теңіз жануарларының өзеңдерінде майлы заттар көп мөлшерде болады. Майлы заттар негізінен өзеңнің астыңғы, бұлшықты қабаттармен шектесетін бөліктерінде болады.Олар жекелеген май клеткаларынан тұрады да,майсыздандырудың қиындатады. Май мөлшері жануардың қондылығына және мезгіліне байланысты.

Жүн түгінің құрылымы

Жануарлардың жүн түгі сыртқы көрініс және құрылымы бойынша әркелкі. Бір терінің өзінде жүннің әртүрлі ұзындығын, жуандығын, реңін, иректігін кездестіруге болады. Негізінен екі түрге бөледі, ірі, ұзын қылтықты және қысқа, жұмсақ, биязы - түбіті.
Қылшықты жүн талшықтарының ірілері бағытаушы қызмет етеді. Серпімді жүн бағытаушы жүн талшықтары жүн тобының негізгі бағытын анықтайды, түбітті жүн талшықтары да сол бағытта орналасады. Түбітті жүн талшықтары топтардан тұрады, кей жағдайларда ұылшыұты бағытаушы талшықты негізі де болады. Топтардағы талшықтар саны жыл мезгілдеріне байланысты. Ақ тиында қыс айларында 12 болса, жаз айларында 4 - 9. Сол сияқты әртүрлі аңдардың өзгешеліктері бар.

Қылшықты талшық әдетте тік конус бір немесе цилиндр екі түрінде, кейде жоғарғы бөлігі жуандай үш немесе қалақша төрт бұралып немесе бүгіліп кездеседі. Түбітті жүн талшықтары реңінен біркелкі болатын болса, қылшықты талшықтар керісінше боялған мен боялмаған бөліктермен сипатталады. Қылшықты талшық көлденең қимасында дөңгелек эллипс немесе ноқат секілді. Түбітті талшықтар цилиндр формамен әдетте иректелген.

Жүн талшығының түрлеріне байланысты бөлінуі.
а - конус тәріздес; б - цилиндр тәріздес;
в - оралмалы; г - қалақша тәріздес.

Жүннің құрылымы
Жүн талшығының ұзындығы бойынша екіге бөледі. Қылтық - теріден сыртқы бөлік, түбіт - қылтықтың түп қалташасында жалғасы. Ал жүн талшығын көлденең қимасында үш қабатқа бөлуге болады.Сыртқы қабат немесе кутикула, қабыршықты қабат және орталық - жүрекше.

Түк құрылымы

Кутикула қалыңдығы 0,5 мк жобасындағы жалпақ мүйізденген клеткалардан тұратын жұқа қабат. Бұл клеткалар - қабыршықтар қыртыстың қайызғақты қабатына ұқсас. Жүннің жылтырлығы, ұйпаланғыштығы, су сіңіргіштік қасиеттері кутикулға байланысты.
Кутикула 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабат (эпикутикула), ортаңғы қабат (экзокутикула), ішкі қабат (эндокутикула).
Қабыршықты қабат жүн талшығы жуандығының 20% тең. Орталық қабатты қоршай орналасқан негізінен белокты зат - кератиннен тұрады.Клеткалар ұзындығы 100 мк, көлденең 4 мк жобасында.
Жүн талшықтарының беріктік қасиеттері мен серпімділігі негізінен осы қабатқа байланысты. Кератинді әлсірететін өңдеулер (ағарту, бояу), клеткалардың ыдырауына соқтырады.

а - дөңгелек; б - дөңгелек емес; в - көпір тәріздес.

Жүн талшығының қайызғақты қабатының түрлері.
Қабыршықты қабаттың әртүрлі құрылымды клеткаларында меланин деп аталатын бояғыш белоктардың түйірлері болады. Бояғыш түйіршіктер қара, қызыл және сары болып кездеседі.Сондықтан да аң терілері түрлі түсті болып кездеседі. Талшық жүрекшесі, арасында ауа тола қуыстары бар, мүйізді клеткалардан тұрады. Жүрекшенің дамуы жануарлар түрлеріне байланысты. Биязы, жібек жүнді қой жүндерінде жүрекше болмайды. Жүрекше дамығанталшықтардың беріктігі мен серпімділігі кемиді.
Түк қалташасында түк тамырлары орналасқан

1 - түк қалташасы; 2 - негізгі қабыршық;
3 - түк қуысы; 4 - қабыршықты қабат;
5 - түк жүрекшесі; 6 - түк емізікшесі.

Жүн түгінің өзгермелілігі
Аңдар мен жануаралар терілерінің қасиеттерінің үлкен айырмашылықтары болады. Бұл жануарлардың тұқымдық табиғаттарына тән. Табиғи ерекшеліктерімен қатар, тұқымдық қасиеттеріне қоршаған ортаның тигізер әсері зор.
Қоршаған ортаның өзгеруі жануарлардың сыртқы қабатының организмді жағымсыз әсерлерден қорғауға қалыптастыратындай мүмкіндіктер болады. Бұның дәлелі ретінде жабай аң түрлерінің жүнінің солтүстік қысы суық аудандарда жылы жаққа қарағанда өсіп, қалың болуын келтіруге болады.
Бір аң терілерінңі өзінде қысқы жүн жабынның биік, қалың және жұмсақ болатыны байқалады. Жыл мезгілінің ауысына байланысты, климат жағдайы (ауа райы )өзгереді, соның әсерінен жүн түгінің бояуы, биіктігі, қалыңдығы және жұмсақтығыда өзгеріп тұрады. Реңінің өзгеруіне ақ түлкі, ақ тышқан, ақ қоян мысал бола алады. Олар жаздық жүннің қоңырқай реңін қысқа қарай ақ түске ауыстырады.
Қысқы ұйқыдан оянғанда аңдардың жүндері, құрғақ, бәсең, шелі - құрғақ, себебі қысқы ұйқы кезінде май бездері май бөлінуін тоқтады. Бұл аңдарда түлеу тек бір рет, жазда ғана болады. Ол кезде жүн түсіп орына күзде өсіп жетілетін жылтыраған, жұмсақ серпімді жаңасы өсіп шығады, шиелі - майланады.
Жануарлардың күтіміне байланысты жүн түгінің өзгеруі әртүрлі болады. ашық ауаду болатын қоян, мысық, ит жүндері жабық бөлмеде болатын аң жүндеріне қарағанда тез алмасады. Селекциялық (тұқым тазарту) нәтижесінде елеулі өзгерістер болады. Биязды жүнді қойда түлеу екі рет, қылшықты жүндіде көктемде ғана болса, жабайы қойлар жылына екі рет көктемде және күзде түлейді.Аң өсіретін шаруашылықтардағы бағалы аң терілерінің жүн түгін тор ішінде ұстап, жақсы күтіммен дұрыс тамақтандыру нәтижесінде таза тұқымды жүн түгінің реңін, биіктігін және қалыңдығын жақсартуға болады. бұны көптеген шаруашылықтар тәжірбиелері дәлелдеп көрсетті. Түлкі, күзен өсірілетін бөлмелерді жаз айларында қараңғылап қою нәтижесінде күзгі тиүлеуді тездетіп қысқы жүнннің дамуын үш аптаға қысқартуға, соның нәтижесінде шығынды азайтуға болады екен. Бұл аңдардың жүн түгінің аққа ауысуы қыста қарлы кезеңде қорғану қызметін атқарады.
Қысқы ұйқыға кетпейтін аңдарда жүн түгінің алмасуы жылына екі рет - көктемде және күзде болады, бұл түлеу деп аталады.
Көктемгі түлеу. Қыстың соңына қарай май бездерінің тіршілігінің тоқтауына байланысты, жүн түгі өңін жоғалтып, түбіт әлсірейді. Көктемнің кірісіне жүннің терімен байланысы әлсіреп, түсе бастайды, қысқы жүн жабыны сирейді. Теріде жүнсіз тақыр дақтар (бөліктер) пайда болады. тері қалыңдап қоңырқай тартады. Бірте - бірте жүннің қылшығы тазарып жаздық түк жабыны пайда болады. Әдетте, жүн түгінің алмасуы жануарлардың басынан құйрығына қарап жүреді.
Көктемгі түлеуде қыстық қалың өсік жабыны жаздың қысқа сирек жабынына алмасады. Күзгі түлеу кезінде астынғы қабатынан шыға береді де жаздық жүн жабыны толық түсіп бірте - бірте алмасады. Әдетте, күзгі түлеуде алмасу керісінше, құйрығынан басына қарай жүреді. Терінің қасиетері жануарлардың тұқымына, жасына және жынысына байланысты болады. Көбінесе аңдардың, үй жануарлардың еркектері ірілеу болып келеді.бұл терінің ауданына әсер етеді. Тек су құндызының ұрғашылары ірі болады.Еркек жануарлардың терілерінің жүндері, әдетте биік және ірі болып келеді,шелдері қалың. Кейбір жануарлардың (мысалы ит балықтың) еркектерінің реңдеріндерінде де өзгешелік болады. Теңіз мысығының еркектерінің жүнінің өсік жалы болады, ал ұрғашыларында ол болмайды.
Аңдар мен ауылшаруашылық жануарларының өсуіне байланысты тері құрылымында және жүн жабыны да өзгеріп отырады. Кейбір теңіз жануарларының балалары жүн сіз, ал кейбіреулерінің балалары жетілген жүнімен туады.
Сүтқоректілердің балаларының алғашқы жүн түп биязы түбіт секілді. Ол түк емген кезде ғана сақталады, ал одан соң қалыңырақ жабынмен алмасады.
Жабайы аңдардың алғашқы жүн түгі түсіп, орнына жаңасы шыққан соң да өмір бойы алмасып отырады.Жануарлар терілері денесі әбден толысқанға дейін өсе береді. Жүн түгі де қалыңдап реңі ашыла береді. Көптеген аңдардың жас балаларының алғашқы жүн жабынының құндылығы төмен болады. Ондай терілерді дайындауға тыйым салынады. Бірақ та жаңадан туған ит балық баласының жабыны өте бағалы шикізат болып есептеледі. Көптеген ауыл шаруашылық жануарларының (қой, ешкі, бұғы, сиыр және жылқы) мехтық теріні тек жас төлдер ғана береді. Мысалы жаңа туған қаракөл қозысының елтірісі өте бағалы,ал бірінеше күн өткен соң қасиетін жоғалтып, құндылығы төмендейді. Үй жануарларының (қоян, мысық, ит) керісінше, жас төлдерінің ересектеріне қарағанда сапасы төмен болады.
Ересек ауыл шаруашылық жануарларының терілері биязы жүнді қойды есептемегенде былғары өндірісінде қолданылады.
Ауыл шаруашылық жануарлары сияқты үй жануарларында терілерінің құрылымнан да, жүн жабының сапасынан да өзгешелентін бірнеше тұқымдарға бөлінеді. Әсіресе қой тұқымдарының өзгешеліктері ерекше. Мысалы, биязы жібек жүнді қой терісінің теңіз мысығына, қоянға кәмшатқа ұқсас өнімдерге дейін алуға болады. ірі жүнді қой терілері тек тондық өнімдерге ғана жарайды. Қояндарға сол сияқты кейбіреулерінің жүнінің ұзындығы 15 - 20 см, ал кейбіреуінікі 3 см жетпейді.
Кейбір жануарлардың жынысының, жасының және өсу табиғатының бірдей болуына қарамастан, жүн жабынының, реңінің, ауданының елеулі айырмалары болады.

Мехқа арналған аң және үй жануарларының терілерінің бастапқы өңдеу

Терісі мех өнеркәсібіне пайдаланатын жануарларды сою терісінің тәсілінің терінің ауданына, тері ткані мен жүн түгінің беріктігіне тигізетін әсері мол. Союға қойылатын негізгі талап толық қансыздандыру, себебі тері құрамында қалған қан бактерияларының дамуына қолайлы ортта болып табылады. Жабайы аң терілерінің дайындауға кең тараған тәсіл - атып алу, одан басқа қақпан, тұзақ және с.с. тәсілдер қолданылады. Үй жануарларын бауыздау және маңдайынан немесе шүйдесінен соғып құлату арқылы жансыздандыру. Бауыздаған малдың терісін көпке созбай жаны шыққан бойда тез арада сыпырып алу керек. Терінің алғашқы өңдеу процестері теріні сыпыру, майсыздандыру және консервілеу.

Теріні сыпыру
Терінің жүн түгінің сапасына, илеу тәсіліне және оның пайдалануына байланысты сыпыру бірнеше тәсілмен жүргізіледі: жалпағынан (ақ жолакқ бойымен тілу, яғни төстің қарынның және шеткі мүшелерінің ортасын ала), екі бүйірден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биязылау қой жүні
Технологиялык, селекциялық-тұқым асылдандыру жұмыстары, жүн, қой етін, қзаракөл елтірісін, қой терісін өндіру жайлы мәселелер
Құрғақ жүн талшықтарының салмағы
Жүн матасының ассортименті
Зерттеу нысаны мен әдістемесі
Қаракөл қойларының селекциялық ерекшелігі
Қойлардың жүн өнімділігі
Өнеркәсіп негізінде жүн мен қой етін өндіру
Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында өсірілетін меринос қойларының өнімділігіне әсер ететін экологиялық факторлар
Материалдарының түрлерінің құрылымы
Пәндер