Агглютинация реакциясы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы : АР, КБР, ПЦР реакцияларының компоненттері және сипаттамалары
Орындаған: Нұртөлеуов Н. М.
Тобы: ВМ- 501
Тексерген: Нуркенова М. К
Семей 2016 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Агглютинация реакциясы
2. 2. Преципитация реакциясы
2. 3. Комплемент байланыстыру реакциясының қолданылуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Агглютинация реакциясы
Агглютинация реакциясы - микробтардың немесе басқа да жасушалардың электролит көмегімен жабысуы, яғни спецификалык антиденелер (агглютининдер) корпускулярлық антигендермен (агглютиногендер) өзара байланысы көзге көрінетін конгломерат ретінде көрінуі. Агглютинация реакциялары жұқпалы аурулар диагностикасында кең қолдануда. Бөліп алған микробқа идентификациясын жүргізу - антигендік құрылысын анықтау (серотипирлеу), бұл үшін белгілі антиденелерімен агглютинирлеу диагностикалық (анықтаулық) сары су қажет. Реакцияның қорытындысы оң болса - зерттелген микроб сол микробқа сәйкес, қайсысымен бұл анықтаулық сары суын шығарып алу үшін жануарларды иммунизирлейді (сол микробпен жануарларды жұқтырып, жануардың организмінде - қанында антиденелер пайда болады) . Ауру адамның қанның сары суында осы аурудың тудырған микробқа қарсы антиденелерді танып алу үшін (серодиагностика) антиген түрінде белгілі микробтың дақылын (диагностикум) алады. Реакцияның қорытындысы оң болса - осы түрдің микробтары аурудың қоздырғышы болып келеді, себебі аурудың дамуында ауру адамның сары суында микробқа-антигенге қарсы спецификалық қорғаныс антиденелер пайда болған.
Агглютинация (лат. agglutinatio - жабысу) - арнайы антиденелердің (агглютининдер) әсерімен корпускулдық антигендердің (бактериялар, қан клеткалары, басқа клеткалар) бір-біріне жабысуы және тұнба (агглютинат) жасауы. Қанның қызыл және ақ түйіршіктері бір-бірімен кейбір жұқпалы ауру қоздырғыштарыныц (мысалы грипп, парагрипп вирустары) әсерінен де жабысады. Бұл тәнді реакция, сондықтан бактерия және вирустар туғызатын ауруларды анықтау үшін кеңінен қолданылады. Агглютинация реакциясы. Агглютинация, немесе микробтардың жабысуы, ағзада агглютининдердің барымен белгіленеді. Осы серологиялық реакция жануарларда және адамдарда бруцеллез ауруын анықтағанда (Райт, Хеддельсон реакциялары), сүзек, сальмонеллез ауруларын (Видаль реакциясы) анықтағанда, ағзадан бөлініп шығарылған қоздырғышты анықтағанда өткізіледі. Осы реакциямен екі жағдайда қолданады: 1) зертханада белгілі антигеннің көмегімен ауру ағзадан алынған сары суды зерттегенде; 2) зертханада болған белгілі сары судың көмегімен ауру ағзадан бөлініп шығарылған белгісіз микробты зерттегенде. Агглютинация реакциясы тұнба немесе жапалақтар жаратылумен белгіленеді. Және осы реакциямен эритроциттердің аллоантигендеріне қарсы моноклоналды антиденелермен қолданып қанның топтарын анықтағанда қолданады. Агглютинация реакциясының әр түрлі нұсқаларымен қолданады: жәйілім, беттеу және т. б. Ауруларда антиденелер анықтау үшін жәйілім агглютинация реакциясын қояды: аурудың қанының езілген сары суына өлтірілген микробтардың суйықтығын (диагностикум) қосады. +37 градуста бір неше сағат ұстап жаратылған тұнбаны байқайды. Агглютинацияның сипаттамасы және жылдамдығы антигеннің және антидененің түрімен байланысты. Мысалы О- және Н-антигендердің ерекше антиденелермен қарым қатынасу ерекшеліктері: О-диагностикуммен (жылытумен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ұсақ болады, Н-диагностикуммен (формалинмен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ірі болып реакция тез өтеді.
Комплемент байланыстыру реакциясының қолданылуы
Комплемент байланыстыру реакцияның көмегімен сифилис (RV), маңқа, бруцеллез ауруларын зерттейді. Комплемент байланыстыру реакцияның негізінде екі көрініс жатыр - бактериолизис және гемолиз. ==Комплемент байланыстыру реакциясын қою үшін қажетті заттар
Зерттелетін сары су.
Сараптауға жататын қоздырғыштан алынатын антиген (биофабрикада дайындалады) .
Комплемент. Осы компонентті теңіз шошқа қанының сары суынан зертханада дайындайды немесе дайын түрінде биофабрикадан алады.
• Қойдың эритроциттері.
• Гемолитикалы сары су (гемолизин) . Компонент биофабрикада үй қояндарға қойдың эритроциттерімен әсер ету жұмыстары арқылы алынады.
• Зерттелетін қоздырғышқа оң реакция беретін биофабрикаларда дайындалатын сары су.
• Дені сау ағзалардан алынған сары су.
• Негізгі компоненттердің көлемін арттыруға арналған физиологиялық ерітінді.
• Реакция сынауықтарда өткізіледі. Су моншасымен жұмыс істегенде жұмыс температурасы 37-38° С болу керек.
Зертханаларда міндетті түрде өткізілетін дайындық жұмыстар
Зерттелетін сары су алу тәртібі. Қанды ағзаның қан тамырынан алады. Жанадан алынған қан 30-37 градуста қан ұйтылып тұнбаға түскенше 30-60 минут бөлмеде ұсталады, кейіннен салқын жерге қойылады. Сары су ұйытылған қаннан бөлініп алынғанда, сары суды бөліп құйып алады. Зерттеуге түскен сары сулар және бакылау үшін қолданатын сары сулар физиологиялық ерітіндімен 1:5 немесе 1:10 есе көлемі арттырылып, су моншасында 30 минут 56-58 градуста инактивирленеді.
Эритроциттерді алу тәртібі. Эритроциттерді 4-5 жасар еркек немесе ұрғашы қойдан алады. Қанды мойын қан тамырынан 30-40 мл мөлшерде зарарсыздандырылған ыдысқа алады. Ыдыс түбіне зарасыздандырылған шыны моншақтар салыну керек. Ыдысқа қанды құйып алып, ыдысты 10-15 минут сілкіп, қанды абайлап араластырады. Сол кезде қанның құрамындағы фибрин жіптері бөлініп шығып моншақтарға оралады. Осыдан кейін қанды екі қабат марлядан центрифуга сынауықтарына сүзеді. 10-15 минут 1500-2000 минутына айналдырып центрифугадан өткізеді. Тұнбаның үстіндегі суйықтықты сорып алып, тұнбаға физиологиялық ерітіндіні қосады. Осы жұмысты эритроциттерді сары судан босату үшін 3-4 рет өткізеді. Реакцияға арналған эритроциттердің тұнбасын 1:40 есе физиологиялық ерітіндімен көбейтеді. Антигенді биофабрикаларда дайындайды. Олар құрамы бұзылған бактериялар немесе ауру ағзалардан алынған ұлпалар. Комплемент 1889 жылы Бухнермен ашылған. Ол қанның сары суының, лимфаның, әр түрлі жануарлардың және адамның ұлпаларының суйықтықтарының негізгі бөлшегі. КБ реакциясында теңіз шошқаның қанының сары суымен қолданады. Неге десек осы жануардың сары суының комплементі өте сезімталды болады. Комплемент - ақұызды зат, құрамы күрделі, жылытқанда, көп уақыт сақтағанда, қатты сілкіғінде, сүзгіштерден сүзгенде тез инактивирленеді. Комплементті теңіз шошқаның сары суының 100 мл 5 гр күкіртқышқыл натрийді, 4 гр бор қышқылын салып сақтайды. Осы жағдайда комплементтің белсенділігі жарты жылға дейін сақталады. Гемолизинді биофабрикаларда үй қояндарды қойлардың жуылған эритроциттерімен гипериммуниздеп дайындайды: үй қояндардың қан тамырына 4-5 рет 2-3 күн арасында 40-50 пайыздық қойлардың жуылған эритроциттерін салады. Ақырғы инъекциядан бір жұма өткеннен кейін үй қояндардан қан алып, сары суды бөліп алып, оны инактивирлеп, 1:1 глицеринмен немесе 0, 5 пайызды фенолмен консервілеп, титрлеп, ампулаларға құяды. Зертханаларда КБ реакциясын қояр алдында гемолизинді қайтадан титрлейді.
Негізгі сынауды қою техникасы
Сары судың әр бір үлгісінің көлемін 1:10 есе арттырып инактивирлейді, 0, 5 мл екі сынауықтарға құяды. Штативке сары сулармен сынауықтардың екі қатарын қояды және бақылау сары сулардың (оң және норма сары сулары) екі қатарын қояды. Бірінші қатардағы сары сулардың бәріне 0, 5 мл антиген қосады. Екінші қатардағы сары суларға (антигенсіз) 0, 5 мл физиологиялық ерітінді қосады. Кейіннен сынауықтардың екі қатарына да 0, 5 мл комплемент қосып, сілкіп, су моншасына 20-40 минутке 37-38 градуске қояды. Осы бактериолитикалық жүйе. Су моншасында ұстап болғаннан кейін, сынауықтардың барлығына гемолитикалық жүйенің компонеттерін салады (0, 5 мл гемолизин және қойдың эритроциттері) . Сілкіп қайтадан 15-20 минутке су моншасына қояды.
Бақылау кезеңдері
Су моншадан алынған кезде.
Су моншадан алып үй бөлменің температурасында 12 сағат тұнбалары қалыптасу мақсатымен ұстап бақылау.
Оң реакция () - гемолиздің толығынан кешігуі (эритроциттер тұнбаға түсу) ; (+++) - гемолиздің кешігуі, эритроциттер тұнбаға түсу, тұнбаның үстіндегі суйықтық қызғылт түсті.
Қосымша зерттелуге жататын реакция - (++) ; (++-) гемолиз жартылай кешігеді, тұнбада эритроциттер бар, суйықтық қызыл түсті; (+) - гемолиз бар, тұнба аз көлемді, суйықтық қызыл түсті; теріс реакция () - толық гемолиз, тұнба жоқ.
Преципитациялық реакциялар
Преципитациялық реакция - ПР( лат. praecipito - тұнбаға түсіру) . Реакцияның негізіне ерітілетін молекулалық антигенмен антидененің комплекс құрып преципитат деп аталатын лайлану пайда болуы жатады. Бұл көрніс антиген мен антидененің тең өлшемін араластырғанда ғана құрылады. Егерде біреуінің өлшемі үстемдірек болса, ол жағдайда комплекс құрылуының мүмкіншілігі төмендейді. Преципитациялық реакцияны пробиркада (сақиналы преципитация), қоймалжыңда (гель), қоректік орталарда тағы басқада қоюға болады (25-сызбанұсқа) . . Күнделікті жағдайда преципитациялық реакцияның кең тараған түрлеріне жартылай сұйық агарда, не агароза қоймалжыңында қойылатын Оухтерлонидың қос иммундыдиффузиясы, радиалдық иммундыдиффузия, иммундық электрофорез жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz