Ауру малдарды тіркеу журналы


ЖОСПАР
I Кіріспе . . . 2
II Негізгі бөлім . . . 3-22
- Тәжірибе өткен жердің сипаттамасы, табиғаты мен климаты . . . 3-4
- Малдәрігерлік іс-шараларды ұйымдастыру . . . 5-7
- Паразитология және инвазиялық аурулар . . . 8
- Індеттану және жұқпалы аурулар . . . 9-12
- Ветеринариялық фармакалогия және токсикология . . . 13-16
- Ветеринариялық хирургия . . . 16
- Ветеринария акушерлігі және гинекологиясы . . . 17
- Қоршаған ортаны қорғау . . . 18
- Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі . . . 19-21
III Қорытынды . . . 22
IV Ұсыныс . . . 23
V Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 23-24
VI Қосымшалар . . . 24-25
І . Кіріспе
Егемендік алғаннан кейінгі жылдары елімізде ауыл шаруашылығына деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, жаңа тың реформаларды қалаптастырып келеді. Нарық заманында арзан азық-түлікті жоғарғы өнім беретін асыл тұқымдарынсыз мүмкін болмай отыр. Ендігі кезеңде Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіруге тілек білдіруі халықаралық жаңа сапа стандарттарына сәйкес өнім өндіруге барша өнім өндірушілерге жаңаша талап қойып отыр.
Қазіргі таңда елбасымыздың тікелей қолдауымен ауылшаруашылығына деген көзқарас біршама деңгейге жақсарып келеді. Ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі мал шаруашылығы үкімет тарапынан қолдаудың арқасында, яғни мал бастарын асылдандыруға, одан әрі санын көбетуде мүмкіндік туды.
Ауылды әрі қарай өркендету агробизнестің қолайлы құрылымын жасаумен және ауыл шаруашылық өндіріс маркетингімен тығыз байланысқан жаңа көзқарасты талап етеді. Агроөнеркәсіп кешенінің ерекшелігі, азық-түлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттік басқаруды және мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылығын дамуында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, облыс халқының азық-түлік мұқтажын мейлінше қанағаттандыру, өндірілетін өнімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін, агроөнеркәсіптік кешенінің тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша көптеген аграрлық жобалар қолға алынып, жағдайды жақсартуға арналған бағдарламалар да жасалуды.
Қазiргi кездегi фермерлiк, жеке шаруашылықтардың өркендеуiне байланысты, келешекте ет өндiрiсiн шикiзатпен қамтамасыз етуде, олардың үлес салмағы да жоғары болмақшы. Соңғы жылдары мал басының бiршама кемуiне қарамастан Қазақстанда, ет және де басқа мал өнiмдерiн өндiрудiң мүмкiншiлiгi зор.
2. 1. Тәжірибе өткен орынның сипаттамасы, табиғаты мен климаты
Астрахан ауданы - Ақмола облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. 1936 ж. құрылған. Аумағы 7, 1 мың км². Тұрғыны 29, 3 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 4, 0 адамнан келеді (2006) . Аудан 16 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Астраханка аулы. Аудан Сарыарқаның солтүстік-батысында орналасқан. Жер бедері теңіз деңгейінен 100 - 300 метрден аспайтын ұсақ төбелі-белесті жазық келеді. Кен байлықтарынан алтын, табиғи құрылыс материалдары кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы ұзақ суық, жазы қоңыржай ыстық. Орташа температурасы қаңтарда - 18°С, шілдеде 20°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 - 350 мм, көбіне жазда жауады. Аудан жерін Есіл, Қалқұтан, т. б. өзендер суландырады. Тұщы, ащы, көлдері: Ұзынкөл, Баршын, Жалтыркөл, Ортакөл, Берсен, Үштаған, Шұңқыркөл, Нарынбай, т. б. Ауыл шаруашылығымен 1 аудан арнаулы шаруашылық бірлестігі, 12 кеңшар, 6 ұжымдық ауыл шаруашылығымен мекемесі, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік шұғылданады. Ауыл шаруашылығымен жері 671 мың га, оның 417, 9 мыңы (62, 3%-і) дәнді дақылдық, 36, 0 мыңы шабындық, 217, 1 мыңы жайылымдық жер. Орман 2, 5 мың га. Ауыл шаруашылығыменның басты саласы - астық, жем-шөп, картоп егу. Негізінен сиыр, қой, жылқы, шошқа өсіріледі. Ауданда 36 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 36 жалпы білім беретін және музыка мектебі, ауылдық кәсіптік-техникалық училище, 7 мәдениет үйі, 23 клуб, 46 кітапхана, 48 емдеу-сауықтыру мекемесі бар. Жер асты сулары 2 - 8 м тереңдікте кездеседі. Есіл өзенінің оң жағалауы карбонатты, кей жері сортаңды қара топырақ, сол жағалауы карбонатты қара қоңыр топырақ болып келеді. Тың игеру жылдары аудан жерінің көбі жыртылды. Аудан жері селеу, қылқан селеу, бетеге, жусан, кермек, өлең, т. б. түрлі шөп өскен дала белдеміне, жатады. Өзен, жайылмаларында бидайық, арпабас, жауқияқ, айрауық, қамыс, түрлі шөп аралас шалғын өседі. Жануарлардан қарсақ, дала суыры, ор қоян, ақ қоян, үлкен сарышұнақ, дала шақылдағы мен тышқаны, аламан тышқаны, эверсманн атжалманы, сасық күзен, дала және кәдімгі тоқалтіс, жабайы шошқа, ондатр; су құстарынан қаз, үйрек, т. б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, алабұға, торта, шортан, аққайран кездеседі. Аудан жері арқылы Астана - Атбасар- Қарталы темір жолы, Астана Атбасар, Астраханка - Макинск автомобиль жолдары өтеді.
Жер асты сулары 2-8 м тереңдікте кездеседі. Есіл өзенінің оң жағалауы карбонатты, кей жері сортаңды қара топырақ, сол жағалауы карбонатты қарақоңыр топырақты болып келеді. Тың игеру жылдары аудан жерінің басым бөлігі жыртылған. Аудан жері селеу, қылқан селеу, бетеге, жусан, кермек, өлең, т. б. түрлі шөп өскен дала белдеміне жатады. Өзен жайылмаларында бидайық, арпабас, жауқияқ, айрауық, қамыс, түрлі шөп аралас шалғын өседі. Жануарлардан: қарсақ, дала суыры, орқоян, аққоян, үлкен сарышұнақ, дала шақылдағы мен тышқаны, аламан, эверсманн атжалманы, сасық күзен, дала және кәдімгі тоқалтіс, жабайы шошқа, ондатр, су құстарынан қаз, үйрек, т. б. мекендейді.
2. 2. Малдәрігерлік іс-шараларды ұйымдастыру
Мал шаруашылығында атқарылатын жұмыстар және олардың нәтижелілігі ұйымдастыру шаруашылық шаралардың жүйелігіне негізделеді.
Мал шаруашылығын елімізде дамытуда ветеринарлық қызметті ұйымдастыру ісінің алатын орны ерекше. Ғылым саласы ретінде оның басты мақсаты- мал өсіруші шаруашылықтарда ет, сүт, мал өнімдері текті шикізат даярлаушы, өндіруші кәсіпорындарда, көлікте, халық шаруашылығының басқа да салаларында мал дәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін және ветеринарлық мамаңдарының жұмыс атқару негізгі формалары мен әдістерін зерттеу.
Ветеринария ісін жүйелі түрде ұйымдастыру елдегі әлеуметтік- экономикалық реформаның дамуына да әсері мол.
Ветеринария ісін ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнімдердің сапасының төмендеуіне, мал басы санының кемуіне және әртүрлі індетті аурулардың ошақтарының пайда болуына әкеп соғады. Ветеринария ісінің төменгі деңгейде болуы мал ауруларынан орасан зор экологиялық зиян шегуге, індеттермен күресуге қомақты шығындар жұмсауға мәжбүр етеді.
Осы аталғандарды жоюда елімізде ветеринария ісін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының үкімет органдары мен мемлекеттік ветеринарлық басқарушы ұйымдар соңғы жылдары көптеген құқықтық- нормативтік құжаттар қабылдап, заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Соның бірі 1995 жылы 25 шілдеде «Ветеринария туралы» заңы қабылданып, бұл заңға қайтадан өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп 2002 жылдың 10-шы шілдесінде жаңа заң қабылданды.
Үкімет тарапынан мемлекеттік және меншік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің құрылымын жетілдіруде, мамаңдар даярлауда сапасын арттыру, материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту, мал шаруашылығында ветеринарлық-санитарлық шаралардың дұрыс атқарылуына қатан талап қою сияқты жұмыстар жүргізіледі.
Астрахан ауданындағы малдәрігерлік іс-шараларды бас мал дәрігері Исаев А. Д атқарады. Малдәрігерлік іс-қағаздар - алғашқы тіркеу, актілер, журналдар, есептер орнатылған тәртіппен қатаң жүргізіледі.
Ветеринарлық инспекторы маусымдық кезеңдерге бөлінген емдеу, алдын алу және эпизоотияға қарсы жұмыстардың жоспарын құрып отырады. Атқарылған шаралардың барлығы малдәрігерлік есептердің актілерінде жазылады. Осы іс-қағаздардың дұрыс жүргізілуі малдәрігердің жауапкершілігінде.
Малдәрігерлік іс-қағаздар - алғашқы тіркеу, актілер, журналдар, есептер орнатылған тәртіппен қатаң жүргізіледі. Ветеринарлық инспекторы маусымдық кезеңдерге бөлінген емдеу, алдын алу және эпизоотияға қарсы жұмыстардың жоспарын құрып отырады. Атқарылған шаралардың барлығы малдәрігерлік есептердің актілерінде жазылады:
Форма №1вет. «Малдардың жұқпалы аурулары туралы есеп».
Форма №2 вет. «Малдардың жұқпалы емес аурулары туралы есеп».
Форма №3 вет. «Малдардың эпизоотиялық аурулары туралы есеп».
Осы іс-қағаздардың дұрыс жүргізілуі малдәрігер-лицензиаттың жауапкершілігінде. Есептер екі данада толтырылып, әр айдың аяғында шаруашылық бухгалтериясына өткізіліп отырылады.
Сондай-ақ, тәжірибе өту кезінде малдәрігерлік есептілік іс-қағаздарының жүргізілу формасымен таныстым:
1. «Ауру малдарды тіркеу» журналы
2. «Эпизоотияға қарсы шаралар» журналы.
Сонымен қатар өндірістік практикадан өту барысында мен осы шаруашылықтың ветеринариялық-санитариялық жағдайын тексердім. Көптеген жағдайлар санитарлық талапқа сай келмейтіндігі ескерілді. Осыған орай шаруашылық меңгерушісіне ескертулер, ұсыныстар жасалынды. Ветеринариялық паспорт жазуды, лабораторияға жіберілетін қан немесе қан сарысуын жіберуді, ол жерге барғанда келген қанды арнайы журналдарға тіркеуді үйрендім.
Осы тәжірибеден өту кезінде шаруашылықта жоспар бойынша жас бузауларды сырғалау жұмыстарына қатыстым. Қан алу, вакцина егу барысында толтырылатын құжаттармен танысып толтыруды үйрендім.
2. 3. Паразитология және инвазиялық аурулар
Инвазиялық аурулармен барлық күрес жұмыстары инвазиямен күресте алдын алу шараларының жоспары бойынша жүзеге асырылады.
Профилактикалық жұмыстарды жүргізуде негізінен эмкар және вакцина негізінде жасалған препараттарды қолданады. Практика барысында әртүрлі инвазиялық ауруларды болдырмау үшін алдын алу шараларын жүргіздік.
Инвазиялық аурулармен күресу мақсатында шаруашылық малдарына жоспарлы мынандай алдын алу шараларын жүргіздік:
Астрахан ауданы бойынша ірі қараға қарасанға қарсы эмкар егілді.
Қоздырушысы - лат. Clostridium chauvoei - түзу, аздап иілген таяқша, ұзындығы 2-8 мкм. Ұлпалардан алынған жағындыда жеке дара немесе қосарланып орналасады, қозғалады, жаңа өсіндіде грамоң, ескірген кезде грамтеріс боялады. Өлеске мен сыртқы ортада микробтың ортасында, болмаса шеткерірек орналасқан, оның диаметрінен үлкен спора түзеді, қауашақ түзбейді. Қоздырушысы табиғатта кең тараған, топырақта, көңде, түбі лай су қоймаларында кездеседі. Дені сау сиыр, қой, жылқы, т. б. жануарлардың ішектерінің ішіндегісінен бөліп алуға болады.
Ауру өте жіті өтетіндіктен ем көбінесе нәтиже бермейді. Тек қана уақытылы, алғашқы белгілері біліне бастағанда жүргізілген ем нәтижелі болады. Емдеу үшін антибиотиктер қолданылады. Пенициллинді 5-9 мың ӘБ/кг дозада етке 0, 5% новокаин ерітіндісімен әрбір 6 сағ. сайын күйі жақсарғанға дейін жібереді. Биомицинді 3-5 күн сайын 3-5мг/кг мөлшеріне бұлшық етке, дибиомицинді де осы жолмен 40% глицеринмен жібереді. Соңғы антибиотиктің емдік концентрациясы ағзада 9 күндей сақталады. Қабынған етке бойлата 3% карбол қышқылы немесе лизол, 1-3% сутегінің асқын тотығы, 0, 1% калий перманганатын жіберу дерттің бәсеңдеуіне көмектеседі.
2. 4. Індеттану және жұқпалы аурулар
Астрахан ауданы бойынша жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында жоспарлы түрде қан алу жұмыстары және қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп тұрады. Сонымен қатар шаруашылыққа зор зиян келтіретін әр түрлі инвазиялық аурулардың алдын-алу мақсатында жоспарлы дегельментизациялау және дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Жалпы жұқпалы және жұқпалы аурулар жөнінде жергілікті мал дәрігері әр бір шаруа қожалығын хабардар етіп отырды.
Астрахан ауданында жұқпалы аурулардан сақтандыру мақсатында келесі іс-шараларды жүргізеді: қарасан, пастерелле, листериоз, бруцеллез және аусыл ауруларына қарсы вакцина егеді. Бруцеллезге қарсы әдістер жүргізу үшін шаруашылықта ірі қара малы мен ұсақ мүйізді малынан қан алады. Шаруашылықтың малдәрігері мамандарының негізгі жұмыстары мал және адам денсаулығын сақтауға бағытталған кең көлемдегі ветеринарлық -санитарлық жұмыстарды жүргізу болып табылады.
Астрахан ауданыда жүргізілетін індеттік аурулардың алдын-алу шаралары: өндірістік тәжірибе өту барысында мен малдарды жоспарлы диагностикалық тексерулерге қатыстым. Аусылға, бруцеллез, алдын ала бұзау колибактериозына қарсы (клоастральды иммунитет) және қарасанға қарсы вакцина ектім.
Індеттану-індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым. Жұқпалы аурулардың экономикаға нұқсаны және індетке қарсы шаралардың экономикалық тиімділігі. Егер жұқпалы ауруларға қарсы уақтылы шұғыл шаралар қолданылмаса мал шаруашылығы орасан зор шығынға ұшырайды. Бұл шығынды құрайтындар: мал өлімі және соған байланысты мал басының кемуі, ауырған малдан алынатын өнімнің азаюы, елдің шикізат қорының және мал мен мал өнімдерін экспортқа шығарудың төмендеуі.
Індетке қарсы шаралардың экономикалық тиімділігі осы шаралар арқылы жұқпалы аурулардың алдын ала отырып, ауру байқала қалған жағдайда оның зардаптарын шектеу арқылы шаруашылыққа келетін зиянды болдырмау немесе мейлінше азайтудан туындайды. Бұл шаралардың арасында мал басы сақталып, одан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасы артады. Ветеринариялық шараларды жетілдіргенде оған жұмсалатын шығын да азаяды. Індетке қарсы шаралардың экономикалық тиімділігін талдағанда мынандай көрсеткіштер еске алынады: болдырылмаған экономикалық нұқсан, алынған экономикалық нәтиже, жұмсалған әрбір теңгенің қайтарылымы. Мал шаруашылығының қазіргі кезеңдегі дамуынан туындайтын індеттанудың мақсаттары. Халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен толық қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығын жедел дамытып, оның өнімділігін және алынған өнімнің сапалылығына қол жеткізу қажет. Мал шаруашылығындағы осы заманғы жеделдетілген технология тек қана мал басы жұқпалы аурулардан толық және тұрақты таза болғанда ғана нәтижелі болады. Экологиялық жағынан таза, санитариялық сапасы жоғары мал өнімдері ғана халықтың талабын қанағаттандыра алады. Осы заманғы жеңіл өнеркәсіп технологиясы малдан алынатын шикізаттың сапасына өте жоғары талаптар қояды. Осы талаптарға дені сау малдан алынған өнімдері ғана сай келеді. Қазіргі уақытта меншіктің барлық түрлері қатар дамып, жекеменшіктегі мал санының шұғыл артуына байланысты мал шаруашылығына ветеринариялық қызмет көрсету, оның ішінде індетке қарсы шараларды індетке қарсы шараларды іске асыру қиындай түседі. Сондықтан ғылыми және практикалық ветеринарияның ең басты міндеті жеке мал отарларын ғана емес, барлық территорияның жұқпалы аурулардан таза болуын қамтамасыз ету.
Өндірістік тәжірибеде біз шаруашылықта көптеген індет ауруларына қарсы жүргізілген жұмыстармен таныстық. Эпизоотологиялық жағдайымен танысып, бруцеллезге қан алып, аусылға қарсы вакцинация жүргіздік.
Бруцеллез (brucellosis) - аналықтардың іш тастауымен, шу түспеуімен, эндометриттермен, еркектерінің жиірек симптомсыз өтетін орхиттарымен сипатталатын малдардың созылмалы ауруы. Бруцеллезге қарсы «RB-52» вакцинасын ектім.
Туберкулез - Tuberculosis- созылмалы түрде өтетін, әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар (туберкулалар) пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Ірі қарада ауру тудыратын туберкулездің қоздырушысы - Mycobacterium bovis. Тәжірибе өту барысында шаруашылықта 85 бас ірі қара малына туберкулинизация жұмыстарын жүргіздік. Техникасы дәріні сиырдың мойынының үштен бір бөлігіне тері астына инесіз инъекторлы туберкульмен жібердік. Тері аймағын дезинфекциялау үшін 70 пайыздық спиртті жақтық. нәтижесі 72 сағаттан кейін байқалады. нәтижесін көру барысында вакцинация жасалған жер 3см-ден артық іспеуі керек. Ол жерді кутиметрмен өлшеу арқылы анықтайды.
Маңқа - Malleus - созылмалы түрде өтетін, өкпеде, танау қуысының кілегей қабығында және терінің әр жерінде бірте-бірте жараға айналатын түйіндер пайда болуымен ерекшеленетін жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы. Мен шаруашылықта маллеин реакциясын қойдым. Жылқының көзіне 3-4 тамшы маллеин тамшысын тамызып, 12 сағат күттік. Нәтижесінде көзі қабынусыз, ісінусіз болды. Яғни тексеруге жіберілген жылқыларда ауру болмай шықты.
Құтырық - бұл ауруға жылы қанды жануарлар, сол сияқты адамда шалдығады. Құтыру вирусының айқын білінетін нейротропизмі болады, яғни жүйкелі ұлпасына, торшасына ұмтылатын оған енетін және оны зақымдайтын қабілеті бар. Аурудың алғашқы белгісі білінуден 7-14 күн бұрын, ауруға ұшыраған жануардың сілекейінде аурудың көптеген қоздырғышы болады. Құтыру негізінде ит арқылы таралатындықтан біз малдәрігерімен біргеАягөз ауданы бойынша сиырларға, қойларға құтырыққы қарсы БелНИИЭВ-ВГНКИ 71 вакцинасын 1 мл мөлшерінде тері астына жібердік.
2. 5. Ветеринариялық фармакология және токсикология
Фармакология - дәрілер туралы ғылым. Дәрілерді ауруларды емдеуге, алдын - алуға, жануарлардың өсімталдығы мен өнімділігін арттыруға олардың ауруларға қарсы тұру қабілетін күшейтіп, физиологиялық құбылыстардың бір қалыпты өтуін реттуге қолданады. Қазіргі уақытта талабына сай жануарлардың өнімділігін арттыру мақсатымен осы бағыттың барлығына да дәрілік заттардың маңызы артып отыр. Мал шаруашылығын өндірістік негізінде дамыту дәрілерді белгілі тәсілдермен қолданып ұана қоймай оларды күнделікті жем-шөптік, азықтық заттармен қосып беруді талап етеді.
Фармакология - ауқымды кең ғылым, оны медицина, ветеринария, мал шаруашлығы, биология, фармация саласында жаңа дәрілік заттарды синтезден, олардың табиғаттағы таралуын іздестіруге қолданады. Ветеринарияда фармакологияны тірі организмдегі дәрілік заттардың әсерінен болатын физиологилық және биохимиялық өзгерістердің заңдылықтарын зерттеп, осының негізінде бұл заттардың мал шаруашылығындағы қолданылуы, қолдану әдісі мен шарттарын зерттейтін ғылым деп қарайды.
Жануарларды емдеу үшін шаруашылыққа дәрі-дәрмекте ветеринарлық дәріханадан сатып әкелінеді. Ол дәрілер арнайы қорапта сақталынады. Қораптар қараңғы бөлмеде сақталынады. Қожалықтағы дәрі-дәрмектер ережеге сай сақталады. Бұл дәрілер көбінесе ауруларды алдын алу шаралары үшін қолданады. Қажет жағдайда дәрілерді мал дәрігерінің нұсқауы бойынша қолданады. Тәжірибе өту барысында дәрілердің енгізу жолдарын егу тәсілін меңгердім.
Йод тұнбасы (5 пайыздық спирт ерітіндісі) -қара қоңыр сұйық. Оны жараға жағады, дәрі жіберерде, операция жасар алдында саусағына жағады.
Сутегінің асқын тотығы - түссіз сұйық, күн сәлесіне тез ыдырайды, 3 пайыздық су еріт індісінластанған жараның бетін жуады. Көпіршіген ерітіндіні лас, ірің, өлі-ұлпаны шайып әкетеді де, бөлінген оттегінен анаэробдық микрофлюра қырылады.
Марганец қышқылы калий - суда жақсы еритін ашық көк түсті кристал. Мұны қараңғы жерде сақтайды. 0, 1-0, 3 пайыздық су аралас ерітіндісімен жараны, күйікті, жылан шаққан жерді, ауыз қуысын шаяды. Ерітіндіні қолданар алдында дайындап, ыстықтай қолдану керек.
Спирт - түссіз, өткір иісі бар, жанатын сұйық. Бұл көптеген дәрі-дәрмекті ерітеді. Операция жасайтын жерді, қолды спиртпен сүртеді, мұны белгілі мөлшерде және қоспа түрінде тамырға жіберуге не ішкізуге болады.
Эфир - мөлдір, тез ұшатын және тұтанатын сұйық. Спирт-эфир қоспасы теріні сүртуге қолданылады.
Вазелин - ақ және сарғыш түсті жақпа май . Теріні жұмсарту, құрал жабдықты майлау үшін әр-түрлі май дайындауға пайдаланады.
Пеницилин - ақ немесе сарғыш түсті ұнтақ, әр флаконда 50 мың, 100 мың, 200 мың, 300 мың және 500 мыңнан болады. Мұны новокаинның 25 пайыздық ерітіндісіне дайындап ет арасына, көк тамырға артерияға, табиғи және іріңді қуыстарға жібереді. Ұнтағын жараға себеді. Пенцилин майын дайындайды.
Синтомицин - ақ түсті ұнтақ, ампулада сақталады, пенцилин секілді қолданылады. Балық майын және басқа майларды қолданып 1-20 пайыздық эмульсия дайындайды, мұны көздің және басқа органдардың ауруына пайдаланады.
Окситоцин - үй және ауыл шаруашылық малдарының аналықтарына жатырдың жиырылуын үшейту мақсатында, шу бөгелгенде, жатыр қанталауларында, атония, гипотония және жатыр қабынуларынды, маститта тағайындалады. Тері астына енгізіледі. Флаконда 20 мл. 1 мл- 5 ӘБ.
Нитокс 200 - инфекциялық ауруларды, плеврит, пастереллез, мастит, абцесс, перитонит, төлдеуден кеіңгі инфекциялар, артрит, тұяқ іріңінде қолданылады.
Вишневский майы - қоңыр түсті қою май, әр түрлі ісіктерге, қабыну процесі кезінде жағады. Оны салфетка және дәкеге жағып жараның бетіне салып таңады, бітеу жара тесіліп іріңнен тазартқан соң оған бұл майды құю керек.
Ивермек - ас қорыту мүшесіндегі нематодтарға, тері асты, мұрын қуысы, ас қорыту мүшелеріндегі паразиттерге, биттерге, қан сорғыштарға және саркоптоидты кенелерге қарсы қолданылады
Септо-спрей - антисептикалық қабынуға қарсы, жарны жазушы қасиеті бар. Сыртқа қолдануға арналған спрей. Активті заты йодоповидон.
Чеми спрей - аэрозольды препарат. Хирургиялық және кездейсоқ жараларды, абсцесстерді өңдеуге арналған кең спектрлі препарат. Активті заты хлорамфеникол.
Танғыш материалдар. Заводта дайындалған әрі стерилдендрілген және қажет кезінде жергілікті жерде дайындайды, стерильнденген және стерильденбеген болып бөлінеді.
Қарапайым мақта - сарғыш не ақ түсті, майсыз бұл дененің ауру жерін жылыту үшін орауға, ыстық бұлау ретінде.
Дәке - майсыз, ақ түсті, ылғалды жақсы сіңіріп, тез шығарады. Мұны салфетка, оралуы дәке күйінде таңғышқа пайдаланылады.
Салфетка - аумағы 25*25см, 35*32см дәке кесіндісі.
2. 6. Ветеринариялық хирургия
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz