Сүт безінің патологиясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ

Пән:Ветеринарлық акушерлік және гинекология(ІІ)

Тақырыбы: Желін терісінің жараларын емдеу

Орындаған: Смбек Ә.Р. Тексерген:Мухамадиева Н.Н

Топтың студенті: ВМ-501

Қолы:____________ Қолы:_____________
Тапсырған күні:______________ Бағасы:____________
Күні:_____________

Семей қаласы, 2018ж.

Жоспар:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
ІІ .Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 2.1. Сүт безінің патологиясы. Желіннің қысқаша морфофункциональдық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6- 7
2.2. Желінді зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-9
2.3. Желіннің функциональды бұзылуы мен ақаулары ... ... ... ... ... ... ... .
2.4.Желін жаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3.1.Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-12
3.2.Ауруға диагноз қою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3.3.Емдеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-15
3.4.Алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ІV. Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
V.Ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
VI.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
VII.Қосымшалар ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

І. Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанда мал шаруашылығы, әрдайым, агроөнеркәсіп саласының ең негізгі бағыты болып есептелінді
Өндіру жұмыстарын жүргізу кезінде негізгі мақсат әрбір малдан неғұрлым көп мөлшерде өнім алып оны сақтау. Ұйымдастыру-шаруашылық және зоотехникалық кемшіліктер малдарды асырау, ұстау және пайдалану, ұрықтандыру тәртіптерін бұзу т.б., сонымен қатар өндіру жұмыстарының тиісті мал дәрігерлік бақылауының болмауынан туады.
Сүтті ірі қара шаруашылықтарына едәуір зиян келтіретін аурулардың бірі иыр желіні жаралары сиырдың желінсау (мастит) ауруы. Желінсау сүт бездерін қабындыратын қатерлі кесел. Ол жылдың кез келген мезгілінде, сиыр сауылып жүргенде, тіпті суалған кезінде де пайда болады. Желінсау ауруынық әсерінен кейбір шаруашылықтардың сүт өндіру көрсеткіші едәуір төмендейді. Желінсау ауруы . сүт бездерінің зақымдануының әсерінен болады. Ол аурудын, белгілері сипатына қарай білінбей (суб.клиникалық) немесе ұйыма түрде (серозды), катаральды, фибринозды, іріңді, геморралогиялық қабыну түрінде етіп, малды өлім.жітімге ұшыратуы да мүмкін.

Курстық жұмыстың мақсаты: Желін терісінің жараларын емдеу
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Малдардың сүт безінің ауруларын анықтау
- желін терісі жараларын емдеу, алдын алу шаралары

ІІ .Әдебиетке шолу
2.1. Сүт безінің патологиясы. Желіннің қысқаша морфофункциональдық сипаттамасы
Желін туралы қысқаша сипттама
Сүт безі табиғи жағдайда тек сиыр сүт беру мезгілінде ғана жұмыс жасайды, ол төл тууға байланысты дамиды және төл анасының сүтінсіз де өмір сүруге қабілеті жеткенде, кері дамиды (инволюция). Табиғи жағдайда инволюциядан кейін жаңа буаздылық пайда болады. Сүт безі жаңа туған төлге ауыстыруға болмайтын тағамдық азықтар (уыз, сүт) және тағам өнеркәсібіне өте маңызды шикізат шығаратын орган
Желіннің қысқаша морфофункциональдық сипаттамасы
Сүт безі (желін) - (grandula, lactifera, uber, mamma, mastos). Сиырдың сүт безі - төрт бөліктен тұратын безді орган: олардың әрбіреуі емшекпен аяқталады. Кейбір сиырларда екеуден кейде төртеуден тұратын қосымша бөліктер болады, әдетте олар нашар дамыған. Қосымша бөліктерде безді тканьдер мен емшек жолдары болмайды. Емшек терісінде жүн жамылғысы аз: желіннің артқы бетінде олар астынан жоғары және жан жаққа өседі басқаша айтқанда сүт айнасын құрастырады. Сүт айнасының дамуына қарап, сиыр сүттілігің анықтайды. Егер сүт айнасы жақсы дамыса онда сиыр сүтті деп саналады. Сүт айнасының пішіні және көлемі әр түрде құбылып отырады. Желін құрсақ қабырғасының төменгі вентральдық жағына тығыз орналасқан.
Желіннің негізгі бөлектері: безді ткань, шығарушы тармақтар, интерстициальдық дәнекер ткань, қан, лимфа тамырлары және жүйкелер. Сүт безінің оң және сол жартылары бір бірінен желіннің ілініп тұратың сіңірімен бөлінген. Тері астында әрбір желіннің жартысын жауып тұратын үстіңгі сүт бездерінің фасциясы орналасқан. Оның астында желінді бірнеше бөліктерге бөлетін өздік фасциясы орналасқан.
Желін паренхимасы безді альвеоладан және шығаратын тармақтардан тұрады. Альвеолдар сүт бөлетін (құратын) секрециялық клеткалармен төселген. Альвеолдардан ұсақ тармақтар тарайды. Олар бір-бірімен қосыла отырып, орташа тармақтар құрайды.
Орташа тармақтар астына қарай емшек жаққа бағытталып қосылады да 12-50 кең шығаратын тармақтар құрайды. Олардан сүт жолдары бастау алады. Сүт жолдары цистернаға қосылады.
Сүт цистернасы (sinus Iactifer) желіннің паренхимасына дейін созылып жатқан емшек қуысы. Ол сүттің резервуары болып саналады.
Емшектер (papilla uberes) конус тәрізді болып келеді. Сүт бездерінің тарамдарымен аяқталады. Емшекте негізін, денесін жоғарғы жағын және цилиндрлік бөлігін ажыратады. Емшектін негізгі бөлегі, шекарасыз денесіне өтеді.

8-Сурет. Желін пішіндері.
А-Тостаған тәрізді; Б-Дөнгеленген; В-Ешкінікі тәрізді.

Емшектің ұзындығы 2 см-ден 10 см-ге дейін созылады. Осы көрсеткіштер малдың жасына, түріне және сүттілігіне байланысты. Емшектің, жоғарғы бөлігінде бұлшық ет талшықтары айқын көрінетін циркулярдық қабатқа (емшек жолының сфинктері) жиналған. Емшек жолының ұзындығы 5-10 мм, диаметрі 3 мм.
Желін қан тамырларына өте бай. Әрбір альвеолардың айналысында артериальдық және көк тамырлардың капиллярлары, қалың тамырлар жүйесін құрады. Желіннің қан айналуының күші (карқыны) оның функциональдық жағдайына байланысты. Мысалы, суалған сиырдың емшегінен бір минут ішінде 0,8-1 литр, ал сауылатын сиыр емшегінен осы мерзімде 4 литірге дейін қан өтеді.
Желіннің күре тамыр жүйесі, артериалдық тамыр жүйесіне қарағанда жақсылау дамыған.
Желіннің лимфа жүйесі алвеолардың айналасында орналасқан лимфа саңылауынан және кеңістігінен басталады.
Сауылып жүрген сиырдың сүт безіндегі лимфо-айналымының дәрежесі, оның сүт өнімділігінің денгейіне тікелей байланысты болады. Суалған сиырларда осы көрсеткіштер сауылатын сиырлар көрсеткіштерімен салыстырғанда алты есе аз болып келеді.
Саулық және ешкі сүт бездері айқын желін аралығының қатпарымен бөлінген екі жартыдан тұрады. Осы малдардың сүт бездері құрылысы және функциясы жағынан сиырдың сүт безінен айтарлықтай айырмашылығы болмайды.
Саулық емшектері қысқа, желін бөліктері дөңгелек, емшек жолдары ұзындау (1 см дейін) және тарлау келеді.
Биенің сүт безі түксіз терімен жабылған. Суалған мезгілде көлемі кішірейіп қарын терісімен бірігіп кетеді. Желіннің әрбір жартысы алдыңғы және артқы бөліктерден тұрады.
Мегежіннің сүт безі - карынның ақ сызық бүйіріне симметриялы орналасқан 8-16 (кейде 20 дейін) безді сүт төмпешіктерінен тұрады.
Сүт безі функциясы - сүт бөлу өзара байланысты екі процестерден тұрады - сүт пайда болу және сүт беру.
Сүт бөлінуі (шығу - лактация) - сиырды сауу немесе бұзау емуі уақытында сүт безінің рецепторларынан баратын жүйке импульстеріне, организмнің күрделі нейрогуморальдық реакциясы беретін жауабы. Кейде осы көрініс аналық малдың организімінде кейбір өмірсүру мезгілінде пайда болатын заттардың, хеморецепторларды тітіркендіру себебінен байқалады. Осындай заттарға: 1. Аналық жыныс безінің гормоны фолликулин; 2. Сары дене гормоны - лютеостерон; 3.Гипофиздың гормоны - пролактин жатады.
Сүт безінің функциясы аналық малдың жыныс аппаратының функциональдық жағдайымен тығыз байланысты. Жыныстық жағынан толық жетілмеген пішілген аналық малдың сүт безі осы малдардың жыныс гормонының болмауы салдарынан әрі қарай дамымайды. Пішілген аталық малға аналық жыныс безін отырғызғаннан кейін, онда сүт безі пайда болады және ол сүт береді.
Сүт секрециясы - сүт бөліну процесімен тығыз байланысты. Сүт бөлінбесе немесе оның үзілмей бөлінуі болмаса, онда сүттің пайда болуы да тоқталады. Сүт бөліну кезінде сүт безінің терісінде орналасқан жүйке аяқшаларының тітіркенуі маңызды фактор болып саналады. Сүт безінің әсіресе емшек (массаж, сауу, ему) терісінің нерв аяқшаларының тітіркенуі жүйке жолымен, ми қабығына жеткізіледі. Осы тітіркенулерге жауап ретінде ортадан нерв импульстері шеткілерге ең алдымен жұмысшы орган болғандыктан сүт безіне барады. Бір жағдайда олар сүт безін секрецияға және сүт бөлінуіне итереді, екінші жағдайда осы процесстерді тежейді.
Сүт бөліну секрециясында гуморальдық факторлар да үлкен рөл атқарады. Олар сүт безінің хеморецепторларына әсерін тиігізіп, жүйке қоздыруын туғызады.
Сүт секрециясының процесінде және сүт пайда болуында аналық мал организімінің барлық органдары қатынасады. Аналық жыныс безінен, гипофизден және плацентадан басқа да сүт шығуға эндокриндік бездерде, өздерінің әсерін тигізеді. Осыған мысал ретінде сиырлардың сүт өнімділігінің өзгеруін сауу әдісімен, сауыншының тәжірбесінен, күтуінен, рационға байланысты екенін айтуға болады.
Төлдің туу кезі таяғанда сүт безі көлемі үлкейеді және уызды қою, жабысқақ, ақшылт түсті сұйықтық бөле бастайды. Уызда барлық жаңа туған төлге керек заттар болады. Туу процесінен 7-10 тәулік өткесін, уыз әдеттегі сүтке ауысады.
Сүт пайда болу процесі альвеолдарда өтеді.
Сүт безіне, оның жақсы дамыған қан тамырларына көп мөлшерде қан құйылады. Мысалы, бір тәулікте 15 кг-ға дейін сүт беретін сиыр өз желінінің қан тамырларынан осы уақытта 6 тоннаға дейін қан жібіреді (проф. Г.И.Азимов), проф. В.Н.Никитиннің мәліметтері бойынша 1л сүт бөлінгенше желіннен орташа есеппен 540 литр қан өтеді.
Сүт беру. Желіннен сүт бөліну желіннің жоғарғы болігінен астына ауысу ең алдымен желіннің жылтыр бұлшық еттері және миоэпителийдің жиырлу нәтижесінен болады. Сүт беру процесі жүйке және гуморальдық жүйелердің байланысымен өтеді. Желінді саууға дайындау кезінде, сүт безіне көп мөлшерде қан құйылады ол емшектерге қаттылық береді. Осындай жағдай желіннің эрекциясы деп аталады. Эрекция сауу процесі әдеттегідей өтуге, жағдай туғызады.
Сүт пайда болуымен бірге оның негізгі құрамы бөліктерінің сіңірілуі болады. Осы көрініс реабсорбция деп аталады. Әдетте, желіннің сүтпен толуы 12-14 сағат ішінде болады. Егер сиырды уақытында саумаса, онда реабсорбция процессі айқын көрінеді. Дер кезінде желінді секреттен босату, осы көріністі болдырмайды.

Профессор В.А.Акатов (1909-1971) сиырлардың сүт бездерінің ауруларын ультрадыбыспен емдеу тәсілін ойлап тапты.
Профессор Д.Д.Логвинов желін қабынуында, шу түспегенде және сиыр бұзаулағаннан кейінгі уақытта кездесетін ауруларда новокаиннің патогенетикалық тәсілін ойлап тауып, оның іс жүзінде қолданылуына ықпал жасады. Жоғарғы оқу орындарының факультеттерінде сырттай оқитын студенттерге арналған "Сиыр емшегінің физиологиясы мен өзгерісі" (1971) "Буаздылық және сиырлардың бұзаулауы" (1975) деген кітаптар жазды.
Мал дәрігерлік гинекологияның дамуына РСФСР ға еңбегін сінірген мал дәрігері Х.И.Животков үлкен еңбек сіңірді. Осы кісінің жазған кітабі "Биелерді ұрықтандырудың негізі" (1952), әрбір мал маманының қолдан түсірмейтін басшылығы болып табылады.
Профессор И.И.Родин бұқалардың, қошқарлардың, қабандардың жыныстық рефлексі және ұрықты алу тәсілін дамытуда, қолдан ұрықтандыру тәсілдері жөнінде ерекше зерттеулер жүргізді.
Профессор А.О.Мапасян, М.П.Рязанский, И.С.Нагорный сиырлардың агалактиясы мен гипогалактиясы жөнінде маңызды зерттеулер жүргізді.
Мал дәрігерлік акушерлік пен гинекологияның дамуына профессор И.И.Иванов үлкен үлес қосты, өзінің жан-жақты зерттеулерімен ол ауылшаруашылық малдарын қолдан ұрықтандырудың көптеген сұрақтарын шешу жолдарының негізін салды. И.И.Иванов мал дәрігерілері мен зоотехниктердің мектебін құрды, осы мектеп өзінің зерттеулерін қазіргі уақытта да ары қарай жалғастырып жатыр.
Ветеринарлық акушерлік және гинекология пәнінің дамуына отандас ғалымдар да өз үлестерін қосып келеді.
Т.Ж. Әбдірахманов акушерлік ғылыми саласында еліміздегі бірінші ветеринарлық ғылымының докторы (2002). Осы ғалымның жетекшілігімен 2005-2007 жылдары аралығында акушерлік мамандық бойынша үш кандидаттық диссертациялар (А.А. Муханбеткалиева, А.Н. Ахметов, Б.Р. Касеинов) қорғалды және бірнеше жұмыстар аяқталып қорғауға дайын. Қазіргі кезде елімізде акушерлік мектеп құрылды деп айтуға болады.
Т.Ж.Әбдірахманов, А.Н Ахметов (1999) желінсаудың жасырын түрін анықтау үшін жаңа диагностикалық тест диагмасты ұсынды. Бұл тест арқылы зерттелетін сүтте екі көрсеткіштер, айта кеткенде соматикалық клеткалардың лейкоциттердің көбеюінің және рН көрсеткіштерінің өзгеруін анықтауға болады.
Т.Ж. Әбдірахманов, К.М.Камсаев (1999) сиырлардың төлдеуден кейінгі іріңді катаральды эндометриттерін емдеу үшін гипериммунды антигистаминды қан сары суын ұсынды.
Т.Ж. Әбдірахманов, А.И. Бұлашева, Ж.О. Кемешов (2005) сиырлардың жасырын желінсауын және төлдеуден кейінгі эндометриттерін емдеу кезінде ұлпалы препараттарды қолданып жақсы нәтиже алды.
А.А. Мұханбетқалиева, Т.Ж. Әбдірахманов (2005) Saussurea Salsa экстрактысын өндірісте сиырдың төлдеуден кейінгі іріңді-катаральды эндометритін емдеуге, дәрілік препарат ретінде қолдануын ұсынды.
Акушерлік пәнін дамуына сонымен қатар келесі ғалымдар М.Н. Жоланов, Б.А. Құрманов, И.Т. Жақыпов өз үлестерін қосты.
М.Н. Жоланов сиырлардың желінсауларын оқып зертеді және өндіру жұмыстарымен айналысты.
Б.А. Құрманов інгендердің жыныс циклдарын Қазақстан бойынша оқып зертеді.
И.Т. Жақыпов ауылшаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру жөнінде, айта кеткенде маноцервикальдық әдістің модифицирленген үлгісін ұсынды. Сонымен қатар СЕЗЕҚ (сұйық емдік заттарды енгізу құралы) ұсынылған. Мұнымен қатар И.Т.Жақыповтың акушерлік машықтану мен ұдайы өндіру тәсілдерін меңгеруге арналған фантомын атаған жөн.

2.2. Желінді зерттеу
Анамнез мәліметтерінен малды клиникалық қараудан, сүт безін және сүттің сапасын тексеруден тұрады.
Анамнездік мәліметтерді жинауда келесі көрсеткіштерді анықтауға тырысады:
1. Бауздылық ағымын, суалым мерзімі ұзақтығын, сүт кезеңіне дайындығын, туу уақытын, сүт безінің туу алды және туудан кейінгі жағдайын;
2. Туу алындағы және туудан кейінгі организмнің жалпы жағдайын, жыныс циклын, ұрықтандыру уақытын, туу ағымы ерекшеліктерін, туудан кейінгі мезгілді;
3. Мал ауруларының жалпы жағдайын және сүт безі ауруларын, шаруашылық және аудан жағдайын;
4. Малдарда өткен жылдарда сүт безі ауруларының байқалуын;
5. Өткен жылдары және соңғы сауу мезгілінде сүт беруі;
6. Сауу әдісі және сүт сапасы, оның иісі, түрі, дәмі, қайнатқандағы өзгерістері.
Клиникалық қарауды малды әдеттегі зерттеуден, сүт безін қараудан, пальпациялаудан, сауудан және сүт сапасын анықтаудан бастау керек. Желінді артынан және жанынан қарайды, мұнда оның түріне, түк жамылғысы сақталуына, тері түсіне көңіл аударады; жараларды, тері ауруларын немесе олардың іздердін анықтайды.
Пальпациямен ең алдымен сүт безінің кейбір бөліктерінің, қолдың сыртқы жағына сезілген жылуды сезу арқылы қызуын анықтайды. Мысалы, желіннің оң жақ алдыңғы бөлігінің сыртқы беткейінің қызуын сол жоқ алдыңғы бөлігінің сыртқы беткейінің қызуымен салыстырады, сүт безінің артқы бөлігі аяқтардың арасында орналасқан, сол себептен алдыңғыдан сәл жылылау.
Сүт безінің ауырсынуын, құрылымын және консистенциясын анықтау үшін бөліктерінің қызуын анықтау кезіндегі тәртіпте өткізеді.
Сүт безі терісі әдетте нәзік, қатпарларға жеңіл жиналады және қозғалады, ал паренхима қатты бөлікті ткань тәрізді байқалуы тиісті.
Үрпілерді зерттегенде негізінен сұқ және үлкен саусақтармен ұстап біртіндеп саусақтарды жоғары жылжытып, үрпілерін созады. Бір уақытта үрпіні саусақтар арасында уқалайды, ол цистерна қабырғасында морфологиялық өзгерістерді немесе оның қуысында сүт тастарының болуын анықтауға мүмкіншілік береді. Содан кейін сауу арқылы үрпі жолы сфинктерінің тонусын анықтайды. Үрпінің ішіндегі сүтті сауу арқылы және сүттің қоюлығына қарап сүт жолы аномалияларын анықтауға болады.
Желін сыйымдылығын және сүт сапасын анықтау. Сүттіліктің сыртқы белгілерін және сүт безін мұқият зерттеу тек сүт өнімділігін анықтағанда бедер ғана болады. Зерттеу кезінде сауу мезгілдің желін сиымдылығының көрсеткіші болып толып тұрған желіннен бір ретте сауып алған максимальды сүт саны (ол үшін бір келесі сауынды жібереді) саналады. Ауруды анықтау кезінде желіннің әрбір бөліктерінің сиымдылығын анықтаған жөн (Г.И. Азимов).
Бірінші төлдеуден кейін сүт безінің сиымдылығы көп емес, жас сиырда ол көбейеді, ал кәрілікте қайтадан кемиді. Бір сауын мерзімі ұзақтығында желін сиымдылығы мен жоғары көрсеткішке төлдеуден кейінгі 6-8 апта өткен соң жетеді.
Желін сиымдылығы оның көлеміне ең бастысы безді тканьнің даму дәрежесіне байланысты.
Сүт өнімділігін анықтау үшін сүт пайда болу жылдамдылығын ескеру қажет, сүт сауын мерзімі аралығында пайда болады. Бұл аралықтар неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым сүт безінде көп мөлшерде сүт жиналады. Толып тұрған сүт безінде сүт секрециясы қысымның өсуіне байланысты тоқталады.
Мал сүттілігінің, бағалығының маңызды өлшеуі болып бір жылда сүтпен бөлінген жалпы сүт майы мен ақзаты көрсеткіштері саналады.
Сүт безін суалым мерзімнің басында және төлдеуге 10-15 күн қалғанда зерттеу қажет.
Сүт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиыр мен құнажындардың бедеулігінің түрлері мен себептері
Бездер мен гормондар
Гипоталамус - гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі туралы ақпарат
Зат және энергия алмасулары
Сүт безінің анатомиялық ерекшеліктері
Бүйрек үсті бездің без заты
Жасушалар мен тіндердің патологиясы Несеп жолындағы тас ауруының себебі, потогенезі туралы ақпарат
Аналық малдарының жыныс органдарының анатомиясы
Бүйрекүсті безінің ісіктері
Ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарымен жылжуы
Пәндер