Монолог кітап стилінің тілі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кiрiспе: Кiрiспе
33: 33
Кiрiспе: 1
33: Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың ғылыми - теориялық негіздері
7
Кiрiспе: 1. 1
33: Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық ерекшелігі
7
Кiрiспе: 1. 2
33: Балабақшада балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда шығармашылық тапсырмаларды қолданудың мәні
17
Кiрiспе: 2
33: Шығармашылық тапсырмаларды қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың іс тәжірбиедегі мүмкіндіктері
52
Кiрiспе: 2. 1
33: Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру процесінде шығармашылық тапсырмаларды қолданудағы озат- тәрбишелердің тәжірибесі
52
Кiрiспе: 2. 2
33:

Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру процесінде шығармашылық тапсырмаларды қолданудың экспермент нәтижесі

58

Кiрiспе: Қорытынды
33: 66
Кiрiспе: Әдебиеттер тiзiмi
33: 68
Кiрiспе: Тіркеме А
33: 72

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету ережелері де қамтылған.

«Білім туралы» заңды мектепке дейінгі ұйымдар да жүзеге асыруда. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы және мектепке дейінгі ұйымдардың үлгі ережесі, базистік оқу жоспарларымен бірге бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттар дайындалып жарық көруде. Құжаттарда мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиесіне, жан-жақты ой-өрісі, дене бітімі, сөйлеу мәдениеті, ана тілінің дамуына жағдай жасау қажеттігі атап көрсетілген.

Ел басы Н. Ә. Назарбаев айтқандай, «Ғасырлар мақсаты-қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шығаты, ізгіленген 21 ғасырды құрушы, іскер өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»-деп тұжырым жасады.

Білім берудің мақсат приоритеті өзгеруі керек дейтініміз осыдан. Бұл өзгерісті бастауыш сатыдан бастау керек. Өйткені, баланың тұлғасы ұйтқысының қалыптасуы мен дамуы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең.

Сондықтан, осы кезеңде мектеп жасына дейінгі балалардың сапалы білім нәрін алуы, жан-жақты дамып қалыптасуы, өнгегілі тәрбие тағлымын бойына мықтап сіңіруі біз үшін ерекше маңызды мәселе.

Бұл мәселені шешу үшін ұстаз қауымына ауыр жүк арттыратыны сөзсіз. Соның ішінде балабақшада білімді меңгеруде жаңа бағытқа бет бұру керек. балабақшадагі білімді игерудің нәтижелі болуына, балабақшадағы негіз болатынын дәлелдеудің қажеті жоқ.

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығының дамуына соңғы бүгінгі күні көп көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде қабілеттің дамуы басты нысана болып, ал балада шығармашылық белгілердің болмауы үлкен мәселеге айналып, ойландыруға тиісті көзге жеткен сиятқы. Өйткені, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу тек шығармашыл адамадардың ғана қолынан келмек.

Бұл мәселе төңірегінде жазылған ойлар, тұжырмдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз, Жүсіп Баласағұн, әл-Фараби, ұлы Абайдың ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырған.

Көрнекті психологтар мен ғалымдар Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, Л. В. Леонтьев, В. А. Куртецкий, Б. М. Тепловтың, республикамыздағы көрнекті ғалымдар Ж. М. Әбділдин, Қ. Б. Жарықбаев, М. М. Мұқанов, Т. С. Сабыров тағы басқа ғалымдар еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасына қосқан үлесі деп білеміз.

Зерттеулердің қорытындыларына сүйене отырып, шығармашылық тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдықты талдап, жинақтай білу сияқты кешенді қасиеттермен қатар ереше ой қызметі қайшылықтарды түсіну, шығармашылыққа деген құштарлығы болу керек екені анықталды.

Шығармашылық- адам іс-әрекетінің бір түрі. Мұндай әрекеттердің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға да байланысыты. Тек шығармашылық қана адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуге үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын балабақшаның алар орны ерекше. Өйткені мектепке дейінгі мекеме:

  1. мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық, рухани, табиғи нышандарын дамытуға, өзінің қызығушылықтармен бейімділіктерін іске қосуға,
  2. жеке аламның сенімдеріе қалыптастыруға,
  3. ұжымдық және іс-әрекеттер тәсілдеріне үйретуге,
  4. баланың еркін шығармашылықпен ойлануына, оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне деген сенімі болуына жағдай жасау керек. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамытудың тиімді жолдарын іздестіру мәселесі, қазіргі таңда ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттің бірі демекпіз

Білім беру жүйесінің негізгі міндеті - баланың рухани және тәндік мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен шығармашылық дамуына жағдай жасау болып табылады. Баланың шығармашылығының дамуы мен қалыптасуы балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек. Бұл жөнінде ежелден ұлы ойшылдарымыз әл-Фараби, Ж. Баласағұн, ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, шығармашылығын дамытуды үнемі көтеріп отырған [6, 36 б] .

Жалпы шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі. Ал шығармашылық жұмыстарды іске асыру - ата - аналар мен тәрбиешілердің, яғни біздің басты міндетіміз.

Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық ойлауын, шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені, қоғамның алға қарыштап дамуы шығармашыл адамдарға байланысты. Бүгінгі күнде оқытудың жаңа технологиялары балалардың шығармашылығы мен байланыстырып сөйлеуін дамытуда мақсатында білім беруді көздейді. Бұл мектепке дейінгі балалардың тілдерінің ширақ болуына шығармашылық қабілеттің дамуы тікелей байланысты деген сөз. [5, 89б. ]

А. Байтұрсынұлы сөйлеу туралы «Тіл - адамның адамдық белгісінің қоры, жұмсайтын қаруының бірі» деп жазған [14, 4-5б] .

Ал зерттеуші С. Тұрмаханованың айтуынша тіл - материалдық бірліктер жүйесі. Ол адамдардың өзара қарым-қатынасы үшін қызмет етеді. Ал сөйлеу - тіл бірліктерінің тізбегі болып, тіл заңдылығына сәйкес, тілдік материалдар арқылы ойдың, сезім мен тілектің, көңіл-күйдің нақты мазмұнына орай көрініс беретін қатысым әрекеті. Демек, сөйлеу өзінің табиғатында тілдік жүйеге, оның бірліктері мен заңдылықтарына тәуелді. Олай болса, тіл дамыту деген ұғымның өзі ана тілінің сөздік қорымен бірге тілдің нормалары мен грамматикалық жүйесін игерумен байланысты [6, 4б. ] .

Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту - қазіргі кезде оқу - тәрбие ісіндегі басты мәселе болып отырғаны бәрімізге белгілі. Ол үшін тәрбиеші балаларға шығармашылықпен тілдік материалдарды дұрыс таңдай біліп және оны тиімді әдіспен беру жағын қарастыруы қажет [9, 107-108 б] .

Өзіміздің қалалық балабақшаларда тіл дамыту - тіл дамытудың бір саласы түрінде өз алдына жеке сабақ түрінде өткізілуде. Бұл сабақтың мақсаты-баланың тілін ұштау, сөйлеу мәдениетін және жазба байланыстырып сөйлеуін дамытумен қатар ой-өрісін, дүние танымын қалыптастыру. Жоғарыда айтылғандай шығармашылық - ол талант, дарын, қабілет деген сөздерімен тығыз байланысты. Сондықтан да баланың жасырын, тым теренде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау үшін оны оқытып, жан-жақты дамыту керек. Шығармашылық жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды балаларға балабақша кезінен бастап жүргізген дұрыс деп санаймыз [8, 25-26 б] .

Зерттеу жұмысының нысаны: Балабақшада бүлдіршіндердің байланыстырып сөйлеуін дамыту үрдісі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: мектепке дейінгі мекеме балаларының байланыстырып сөйлеуін дамытудың маңыздылығын анықтау;

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер балабақша шығармашылық тапсырмаларды қолдану еркшеліктерін анықтап, оны іс-тәжірбиеде қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындап, оқу-тәрбие үрдісіне енгізсе, онда бүлдіршіндерінің байланыстырып сөйлеу деңгейі жоғары болады.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық негіздерін белгілеу;
  • мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудағы шығармашылық тапсырмаларға талдау жасау;
  • мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудағы шығармашылық тапсырмаларға қойылатын талаптарды анықтау;
  • мектепке дейінгі жастағы балаларға байланыстырып сөйлеуін дамытудың жолдарын жасау.

Зерттеу әдістері:

  • тақырыпқа қатысты педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық әдебиеттерді талдау.
  • озық әдіскер тәрбиешілердің тәжірбиелерін жинақтау. әр топтың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін шығармашылық тапсырмаларды пайдаланатын тәрбиешілердің іс-тәжірбиесімен танысып, құндылығын анықтау.
  • эксперимент ұйымдастыру және жүргізу нәтижелерін жинақтау, бақылау, қорытындылау.

Зерттеу кезеңдері: Бірінші кезеңде (2016-2017 жылы) мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және ғылыми-теориялық негіздері, оны арттыру жолдары мен практикалық мүмкіндіктері айқындалады.

Екінші кезең (2017-2018 жылы) Эксперимент жұмысы жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2018 жылы) іс-тәжірибеде педагогикалық жұмысымызға талдау және жинақтау жасалынып, балабақшада көрнекі құралдарды қолдану арқылы балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға байланысты эксперимент жұмысының нәтижесі шығарылды.

Диплом жұмысының апробациядан өтуі:

Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспе, екі тараудан, әдебиеттер тізімі және тіркемеден тұрады.

1 Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың ғылыми - теориялық негіздері

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық ерекшелігі

Кез келген адамзат баласын өзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі кішкене балалар сөйлеуді ата-анасының, туған-туыстарының және тәрбиешісінің көмегімен сонымен қатар құрбыларымен тілдесу арқылы үйренеді.

Әдістемелік еңбектерде (А. Қыдыршаев, Н. Ж. Құрманова, Т. М. Әбдікәрім, Т. А. Ладыженская, Г. С. Щеголева т. б. ) баланың мәтінді құрастыру білігін оның тілдік қатысымдық білігін қалыптастыру құралы ретіндеқарастырады. Әдіскер-ғалымдар тілдік білік қалыптасу үшін мынадай кезеңдерді бөліп көрсетеді:

  • дайындық кезеңі;
  • біліктің қалыптасу кезеңі;
  • оны практикада қолдану кезеңі;
  • қалыптасқан білікті басқа оқу материалын оқу кезінде қолдану кезеңі.

Міне, осы кездерде баланы дұрыс дыбыстауға, сөйлемді дұрыс құрастыруға, яғни, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету керек. Ал, байланыстырып сөйлеу дегеніміз айтылған сөздерді игеріп - оның компоненттерін - сөйлемдерді, сөздерді бір бірімен дұрыс байланыстырып сөйлеуді айтамыз, яғни, бұл қатесіз дұрыс сөйлей білу. Әңгіме сөйлемдерден тұрады, ал сөйлем сөздерден құралады. Сөзден әдемелеп шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға түрлі зат керек. Ол зат топырақ болса оны біріктіріп илейді, илеген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Ал, сөзден құрастырылып көркем әңгіме шығару үшін жұмасалатын зат - сөздер. Дыбыстан құралып сөз жасалған, сөзден бірігіп түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан, кірпішінен әсіресе, қалауынан болатын сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, өзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Дыбыс жаман болса, дыбыстың немесе сөздердің байланысуы жақсы боламаса, сөз құлаққа жағымды болып шықпайды. Әңгіменің әдемі болып шығуы сөздің тізілуі мен әңгіме айтушының сөздерді дұрыс қолданыла білуінде. Үй салушының қиялы бай болса, үй де сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, неғұрлым сөйлеуші қиялға бай, пікірге шебер болса, соғұрлым айтылған ой пікірлі, әсерлі, әдемі болып шығады. Балалар, ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін түсінуден, естілген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдердіғ сөз тіркестерін, сөздерді, морфермаларды үйренеді, яғни оларды айтылып жатқан әңгіме ағынынан бөліп ұғынады. Байланыстыра айтылған сөздерді игертіп үйрету үшін алдымен жекелеген сөздерді дұрыс түсінуге үйреткен жөн. Содан соң сол сөздерден сөйлемдер құратқызу керек. Бірақ, морфермаларды сөздер, сөздерден сөз тіркестерінен сөйлем жасаукезіндегі жеке сөздердің мәні, элементтердің мағынасы интеграцияға ұшырауға байланысты кішкене балалар көп шатасады және сөйлем құрау кезінде қосымшаларды дұрыс жалғай алмайды немесе тіпті қосымша жалғамай-ақ құр морфемалардан сөйлем құрап шығарады. Ал осыны болдырмау үшін балаға тілдік белгілердің байланысуының нәтижесінде қолданылатын тілдік белгілердің әрқайсысы өзінің бастапқы мағынасынан өзгеше жаңа мағынаға ие болатындығын түсіндіре білу керек. Мысалы, балаға қой деген сөзді үйретсек, сол сөзден сөйлем құрастыруда бұл сөз басқа сөздермен байланысқа түсуі үшін бұл түбір моафемаға қосымшалы, -ға, сияқты жұрнақтар жалғанатынын үйретеміз. Мысалы: Қой-ға су бердім. Қой-ды қораға қамадым. Сонымен қатар, қазақ тілінде көп мағыналы сөздер көп болғандықтан мектеп жасына дейінгі балалар сол сөздердің қайсысы қандай жағдайда айтылатынын білмейді, соның салдарынан сөздерді бір бірімен дұрыс байланыстыра алмайды. Балаларда сөздің көп мағыналылығын түсіну тек байланысты текстермен жұмыс жүргізу кездерінде дамиды. Көп мағынаны түсіндіру үшін көпмағыналы сөздер кездесетін шағын мәтіндерді оқып сол мәтіндегі көпмағыналы сөздермен түсіндірме сөздігін өткізуге болады. Мысалы «ара» деген сөзді алсақ бұл сөздің кесуге арналған құралдың атауы екендігін, сонымен қатар жинайтын жәндіктің атын білдіретінін және тағы да екі заттың ортасындағы орынды ара деп айтатындығын жекелеп, мысалдар келтіре отырып, түсіндірген жөн. Сәбидің дұрыс сөйлеуін қалыптастыру үшін, ата-ана мен тәрбиеші оған үнемі жаттығулар беріп, онымен әңгіме немесе сұхбат жүргізіп және осы іс-әрекеттер кезінде оның сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалап, оған түзету, ескерту жасап отыруы керек. Егер әңгіме барысында ауыспалы мағыналы сөздер кездесетін болса ата-ана немесе тәрбиеші болсын ерінбей сол сөздің қандай мағынада жұмсалып тұрғанын балаға түсіндіру керек. Ауыспалы мағыналы сөздер ұқсастыққа байланысты айтылатын болғандықтан сол ұқсастықтарды салыстыра отырып үйреткен жөн. Мысалы, құлақ алсақ, бұл сөз ыдыс-аяқтың ұстайтын жеріне байланысты айтылады, есіктің тұтқасын кей кездері құлақ дейді, сонымен қатар адамның да құлаығы болады, сол себепті осы сөз контексте қолданылуына байланысты, өзімен байланысқа түсіп тұрған сөздердің мағынасына қарай мағынада қолданылып тұрғаны акжыратылатындығы айтылуы керек. Міне, осындай морфема, сөз тіркестерінің жасалуы мен қолданылуын дұрыс түсініп, еркін меңгерген бала сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуге тез үйренеді.

Байланыстыра сөйлеудің екі типі, яғни екі түрі бар. Оладың бірі - диалог, ал екіншісі - монолог. Бұларды диалогтық сөйлеу және монологтық сөйлеу деп те атайды.

Диалог - екі не оданда көп адамның сөйлесу барысында туындайтын әңгіменің мақсаты, әдетте, бір нәрсе жайында сұрап, оған жауап беруге, белгілі әрекетке түрткі болуға шақыру. Міне, осы себепті де байланыстыра сөйлеуге үйретуде әңгімелесу әдісі көп қолданылады. Диалог сұрау мен баяндау, баяндау мен мәжбүрлеу барысында түзіледі.

Ал, монолог мүлде басқаша. Ол, әдетте, кітаби стилге жатады. Себебі, монолог қоршаған ортаға әдейі әсер ету болып саналатын ойды жеңілдетіп сөздік формаға келтірген жүйе.

Сонымен монолог-бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі. Монологтың мақсаты - белгілі бір факт жөнінде баяндау.

Бір нәрсені суреттеу, баяндау кезінде бір нәрсе жөнінде пікір білдіруде тілдің монологтық формасы пайдаланады. Монолог нақты фактілер жөнінде хабарлайды, ал нақты фактілер бір-бірімен әрқашан мезгілдік немесе себеп-салдарлық байланыста болады. Мезгілдік байланыс немесе кезектесіп келуі мүмкін.

Бір мезгілде болатын фактілер туралы айту суреттеу деп аталады. Ал, бірінің соңынан бірі келетін фактілер туралы айту баяндау деп аталады. Сонымен қатар себеп-салдарлық қатынаста болатын фактілер туралы айту деп аталады.

Монологтық тілде сөзді байланыстырып әдеби тілге жай ғана және күрделі синтаксистік құрылымдардың балық түрлері пайдаланылады: біріңғай мүшелі сөйлемдер, салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер. Бала жайылма сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер құрастыра білмейінше, оның тілі байланысты түрдегі тіл бола алмайды. Ендеше монологтық тілдің әртүрлі типін үйрету тәрбиеші үшін үлкен міндет.

Балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретудің мақсаты мен міндеті оларды дұрыс быдыстауға, сөздерден сөйлем құрастыра білуге, сөз тіркестері мен сөйлемдерді мағынасына сай дұрыс байланыстырып әңгіме айта білуге үйрету болып табылады. Мектепке дейінгі кішкене балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретуді ерте жастан бастап қолға алған жөн. «Қына тасқа бітеді, ақыл жасқа бітеді» деп дана халқымыз айтқандай әлі мектеп жасына толмаған балаларды есі толық жетілмеген, толыспаған деп салғырт қарамай, сол кезден бастап дұрыс, мағыналы, ең бастысы жүйелі сөйлеудің қаруымен жарақтандырған жөн болады. Ал, олардың байланыстыра сөйлеу дағдысын жітілдіру тікелей ата-ана мен балабақша тәрбиесінің қолында. Ата-ана баламен көбінесе диалог түрінде сөйлеседі. Осылайша олардың сұрақ пен жауап арасын байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру тәрбиешінің жемісі.

Монологты мектепте оқыта бастау кеш: монологтық тіл дағдыларын алдын ала мектепке дейін жетілдіру керек. Сонымен, балалр бақшасы тәрбиешісінің жауапты міндеті - балаларға монологты, сереттеуді, баяндауды, пікір айтуды үйрету үшін, мақсатқа сәйкес дидактикалық материалдар табуға күш салу, яғни, тәрбиеші баланың байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру үшін көптеген әдіс-тәсілдерді қолданған жөн. Ал, әдіс-тәсілдері дұрыс, тиімді пайдалану үшін тәрбиеші шебер, сонымен қатар, ізденгіш болуы керек.

Көп ізденген тәрбиеші көптеген жаңа әдіс-тәсілдер ойлап табу арқылы оқушы тілін жетілдіреді, олардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын биікке көтере алады. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету барысында олардың да психологиясы әр түрлі болып келеді. Сәби өмірінің алғашқы жылында тез ширайды. Оның организміндегі өзгерістерді тіпті апта сайын байқауға болады. Денесінің өсуімен бірге баланың миы да толыса түседі, яғни «өзін қоршаған ортаға бейімделу органы» туғаннан 2, 5-3 айдан 1 жасқа дейін. Міне осы кездерде баланың тілі шыға бастайды.

Сәби 1 жасқа дейін осы кезеңдерде өзін қоршаған ересектерден сөйлеудің компоненттерін үйрене бастайды. Сәби тілді игере отырып, тіл арқылы қоршаған ортаны танып біледі. Осы 1 жасқа дейінгі бала тілінің дамуына ерекше ықпал ететін ата-ана мен жанұя адамдары. Себебі, бұл кездері ана баланы тамақтандыру, шомылдыру, құндықтау, ұйықтауға жатқызу барысында бөбекпен үнемі сөйлесіп отыруы керек. Ата-ана күніне 1-2 минут баламен арнайы әңгімелесумен шұғылданғаны жөн, сонымен қатар, ойнату кезінде де баланың тілі даму үшін онымен үнемі шүйіркелесіп отыру керек. Бұл кездерде ата-ананың қолданылатын тиімді әдісі заттардың атын атап, көрсетіп, өздерінен сұрап түсіндіру және сұрақ қою арқылы баламен диалог түрінде сөйлесу. Бала сөздерді, олардың дыбысталуын, граматикалық формаларын ересектермен арадағы қарым-қатынастағы қолданылған тілден үйренеді. Бір жасқа дейінгі балалардыңтілі жетілу үшін оларға үнемі сұрақтар қойып отырамыз.

Ал, бала осы қойылған сұрақтарға жауап береді. Міне, осы екі жақты жүретін процесстің негізінде бала мен ересек адамның диалогы құралады. Бұл балабақша жасына дейінгі кезеңде жүргізілетін жұмыс түрі. Ал балабақша жасына толған сәбилермен тірбиешілер арнайы жұмыс жүргізеді. Балабақша жасындағы балалар өздерінің жас мәнеріне сай топқа бөлінеді.

Олар:

1. Сәбилер тобы 1, 5-3 жасқа дейінгілер,

2. Сәбилер тобы 3-4 жасқа дейінгілер,

3. Естияр топ 4-5 жас аралығындағылар,

4. Ересек топ 5-6 жас аралығындағылар,

5. Мектепке даярлық топ 6-7 жас аралығындағылар.

Байланыстыра сөйлеуге үйретуде жиі қолданылатын диалог осы әр топтағы балаларға әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Бұл топтағы балалармен жүргізілетін диалог ойын оынату кезінде, арнайы жаттығулар жүргізу барысында сұрақ қою арқылы, заттардың атауын айтқызу арқылы жүзеге асады. Мысалы, тәрбиеші қандай да бір ойыншықты балалрға көрсетіп оның атауын сұрайды:

-Балалар мынау не? Балалар жауап береді, егер ойыншық аң болса, онда тәрбиеші:

-Ол қайда өмір сүреді? - деп жетекші сұрақ қояды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасақталған сайттардағы мәтін ерекшелігі
Балабақшада тіл дамыту мәселесінің зерттелу жайы
Қазақ тілі - қазақ тілінің ұлттық тілі
Тіл дамыту әдістемесі мәнерлеп оқудың практикумымен
Қазіргі қазақ повесть - әңгімелеріндегі лиризм
Сұрақтарға жауап беру
“радиохабардың тілі мен стилін оқыту әдістемесі”
Ілияс Жансүгіров прозасындағы образдық бейнелердің көркемдігі
Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту
Стиль нормалары туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz