Қиялды дамыту жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Көркем еңбек сабағында графика шығармалары арқылы 3 сынып оқушыларының қиялын дамыту

Мазмұны

Кіріспе
3
: 1
Кіріспе: Бастауыш сыныптың көркем еңбек сабақтарында графика шығармалары арқылы оқушылардың қиялын дамытудың теориялық сипаты
3: 6
: 1. 1
Кіріспе: Қиял ұғымының ғылыми әдебиеттерде қарастырылуы мен ғалымдардың анықтамалары
3: 6
: 1. 2
Кіріспе: Қиялдың түрлері мен ерекшеліктері
3: 10
: 1. 3
Кіріспе: Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың қиялын дамыту маңызы
3: 22
: 2
Кіріспе: Көркем еңбек сабақтарында графика шығармалары арқылы 3- сынып оқушыларының қиялын дамытудың тәжірибелік әдістемесі
3: 30
: 2. 1
Кіріспе: Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың қиялын дамыту іс-тәжірибесінен
3: 30
: 2. 2
Кіріспе: Бастауыш сыныптың көркем еңбек сабақтарында графика шығармалары арқылы оқушылардың қиялын дамытуға бағытталған педагогикалық эксперимент мазмұны мен нәтижесі
3: 38
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 59
:
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3: 61

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың құшағында, -деп жазады М. Жұмабаев- меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайын далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».

Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял - мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді [1, 36б. ] .

Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу - адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді қызметке итермелейді, шығармашылық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады.

Олай болса бастауыш сыныптан бастап оқушылардың қиялын дамыту мұғалімдер үшін кезек күттіктірмейтін мәселеге айналуы тиіс.

Сондықтан біз дипломдық зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Көркем еңбек сабағында графика шығармалары арқылы 3 сынып оқушыларының қиялын дамыту» деп таңдап алдық.

Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныптың көркем еңбек сабақтарында графика шығармалары арқылы оқушылардың қиялын дамытудың тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыту үрдісі.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылардың іс-әрекеттері.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сыныптың көркем еңбек сабақтарында графикамен жұмыс жасау әдiс-тәсiлдерi тиімді қолданылса, онда бейнелеу өнері пәні оқушылардың қиялын дамытудың бір құралына айналып, оқушылардың танымдық үрдісі артар еді, өйткені көркем өнері пәнінің оқушылардың қиялын жетілдірудегі мүмкіншілігі ерекше.

Зерттеудің міндеттері:

  • «қиял», «оқушылардың қиялы» ұғымдарының мәнін ашу; оқушылардың қиялын дамыту мәселесінің ғылыми әдебиеттерде қарастырылуын саралау; озық тәжірибелерді зерттей отырып бейнелеу өнері сабақтарында графика шығармалары арқылы оқушылардың қиялын дамыту мүмкіндіктерін саралап, педагогикалық эксперимент жүргізу.

Зерттеу әдістері:

  • ғылыми әдебиеттерді теориялық зерттеу; озық тәжірибені зерттеу; тәжірибелік-педагогикалық эксперимент.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы:

  • оқушылардың қиялын дамыту ұғымы жан-жақты зерттеліп, ғылыми-теориялық сипаттама берілді;
  • көркем еңбек сабақтарында графика шығармалары арқылы оқушылардың қиялын дамытудың маңыздылығы ашылды;
  • көркем еңбек сабақтарында графика шығармалары арқылы оқушылардың қиялын дамытудың тиімді жолдары анықталды.

Зерттеудің теориялық мәні: зерттеу негізіне алынған нәтижелер педагогика ғылымындағы кіші мектеп жасындағы балаларды дамытудағы орнын және маңыздылығын көрсететін нәтижесі ретінде анықталуымен сипатталады және бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыту мәселесі жан-жақты ғылыми-әдістемелік зерттелді.

Зерттеудің тәжірибелік мәні: диплом жұмысының нәтижелерін осы мәселе төңірегінде зерттеулер жүргізіп жүрген студенттер мен мұғалімдер өз ғылыми жұмыстарында, бастауыш сыныптардың көркем еңбек оқулықтарын және әдістемелік құралдарын дайындағанда, бастауыш мектептің оқыту барысында оқушылардың қиялын арттыруда, бастауыш мектеп мұғалімдерінің білімін жетілдіру курстарында пайдалануға болады.

Зерттеу кезеңдері: Бірінші кезеңде (2016-2017жж. ) философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттерді зерттей отырып, зерттелінетін мәселені анықтадық, бастауыш сыныптың бейнелеу өнері сабақтарында графика шығармалары арқылы оқушылардың қиялын дамытуға байланысты іс-тәжірибелерімен танысып, сол арқылы тақырыбымызға байланысты мағлұматтар жинадық.

Екінші кезеңде (2017-2018жж. ) ғылыми әдебиеттерді талдауды жалғастыра отырып, бастауыш сыныптың бейнелеу өнері сабақтарында графика шығармалары арқылы оқушылардың қиялын дамытудың тиімді жолдарын педагогикалық эксперимент арқылы тексердік.

Үшінші кезеңде (2018-2019 жж. ) жүргізіліп отырған педагогикалық эксперименттің қорытындылары шығарылды. Зерттеу барысында алынған мағлұматтар бір жүйеге келтірілініп, диплом жұмысы талапқа сай жазылды.

Диплом жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, 5 тараушадан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде: зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, мақсаты, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, зерттеу міндеттері, әдістері айқындалып, зерттеудің ғылыми жаңашылдығы, теориялық және тәжірибелік мәні мен зерттеу кезеңдері, жұмыстың құрылымы баяндалады.

Диплом жұмысының бірінші тарауында бастауыш сыныптың көркем өнер сабақтарында графика шығармалары арқылы оқушылардың қиялын дамытудың теориялық сипатына байланысты мәселелер қарастырылды. Осы тараудың бірінші тараушасында қиял ұғымының ғылыми әдебиеттерде қарастырылуы мен ғалымдардың анықтамалары сарапталды. Ал екінші тараушасында қиялдың түрлері мен ерекшеліктері анықталса, үшінші тараушада бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың қиялын дамыту маңызы айқындалды.

Екінші тарауда бастауыш сыныптың көркем өнер сабақтарында графика шығармалары арқылы оқушылардың қиялын дамыту тәжірибелік әдістемесі туралы сөз қозғалады. Осы тараудың ішінде бейнелеу өнері пәнінің бағдарламасы мен оқулығына талдау жасалып, көркем өнер сабақтарында оқушылардың қиялын дамыту іс-тәжірибесі сараланып, бастауыш сыныптың бейнелеу өнері сабақтарында графика шығармалары арқылы оқушылардың қиялын дамытуға бағытталған педагогикалық эксперимент мазмұны мен нәтижесі баяндалады.

Қорытындыда ғылыми-педагогикалық және тәжірибелік-әдістемелік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген қорытындылар мен нақты ұсыныстар беріледі.

1 Бастауыш сыныптың көркем еңбек сабақтарында графика шығармалары арқылы оқушылардың қиялын дамытудың теориялық сипаты

1. 1 Қиял ұғымының ғылыми әдебиеттерде қарастырылуы мен ғалымдардың анықтамалары

Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: « . . . барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби) . Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады [2, 78б. ] .

Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих тұңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп, білмеген, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар енуі мүмкін. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелер қиялдың негізгі сипатын құрайды.

Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін, практикалық маңыз-мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемінің бәрі дерлік қиял мен осы қиялға негізделген шығар-машылықтың жемісі [3, 121б. ] .

Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі кіші болсын, нақты қалыпқа келіп, орнықты шындыққа айналудың алдын ойда түзілген жаңа байланыстар мен қатынастар негізінде жасалған қиял түрінде іске асады" (Рибо) . Алайда, қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздік ерекшелігін жоймайды әрі тек өзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашылығы - олардың нақты болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелері-өткен тәжірибенің қайта жаңғыруы, сондықтан да естің негізгі қызметі өткен тәжірибе нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесінде қай бейне болмасын, өзгеріске түседі, осынысымен де қиял әрқандай шығармашылық ұмтылыстың міндетті шартын құрайды.

Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып-ақ, болашақ еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжас-тыра алады. Қиял жәрдемімен болашақ нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан түпкілікті өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжастыруға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады.

Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске тап қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс, орынсыз қимыл - әрекетке келтіреді. Мұның дәлелі - кенеттен болған өрт кезінде кей адамдар көрініп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп қабат үйлердің жоғарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны. Қиялдың зияны халықта "Қорыққанға қос көрінеді" мәтелінде дәл айтылған. Қиялдың бүгінгі өмірден арқан бойы алда болып, болашақта күтілген кей оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен ойлаудың арасында тығыз байланыстың барын білдіреді. Ойлау сияқты қиял да проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсінуінен, қоғамдық сананың даму деңгейіне сай туындайды. Мысалы, егер ежелгі дүние адамдары арасында жаратылыстың пайда болуын түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса, бүгінгі күнде бұл үшін космостық келгінділердің фантастикалық көрініс-тері қолданылады [2, 96б. ] .

Бірақ, қиял дүниені жалпылай және жанама танытатын, ұғымдық мазмұнды негіз еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі ол жарқын елестер түрінде көрініп, нақты бейнелі формада жасалады. Қиялда түзілетін нақты, дәл бейнелерде көбіне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады. Әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде өз ойын басқаларға дерексізденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен түсіндіруге тырысады. Мұның дәлелі тымсал, ертегі, мақал-мәтелдер, әрқандай көркемөнер туындысында біз көрнекі бейнемен ашылатын негізгі ой, идеяны іздестіретініміз табиғи нәрсе.

Қиялға тән және бір ерекше белгі - оның бастау деректері толық әрі дәл талдауға келмейтін, мазмұны өте күмілжі жағдайларды болжастыруда қолданылуы. Мұндай да белгілі деректерде қатаң заңдылықтарға негізделетін ойлауды қолдану қиын. Бұл тұрғыдан, қиял ойлаудың қандай да бір "орынбасар" формасы ретінде қызмет атқарады [4, 312б. ] .

Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып, К. Д. Ушинский: "Мықты, кемелденген қиял - ақылдылықтың нышаны", - деген.

Сонымен, қиял - алда күтілген проблемдік жағдайлар анық болмаған кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бұрын болжастырумен қандай да әрекет бағдарламасын түзуге жәрдемдесетін психикалық процесс.

Адам қиялы бұрын көріп, білмеген заттар мен құбы-лыстарды өрнектеуге шебер. Дегенмен, сол ғажайып, әлемде жоқ нәрселердің бейнесі өзіміз күнделікті көріп, танып жүрген заттарымыздың құрылым элементтерінің қосындысы-нан жасалады. Қандай да жаңалықты (машина не үй) адам алдымен бұрыннан таныс, өзі пайдаланып жүрген бөлшектер мен материалдардан өз ойында құрайды. Сондықтан адамның білімі неғұрлым мол, өмір тәжірибесі ауқымды, өзі зерделі және сезімтал келсе, оның қиялы ғажайып әрі қызық бейнелер жасауға бейім келеді.

Л. С. Рубинштейннің пікіріне зер салсақ, шығармашылық қиялдың қуаты мен деңгейі келесі екі белгімен анықталады: 1) қиял туындысы мәндік және мағыналық шарттардан асып кетпеуі лазым; 2) қиял өзіне негіз болған деректерден жаңалығы және қайталанбастығымен ерекшеленуі тиіс. Осы екі талапқа сай келмеген қай қиял да фантастика, бірақ Тәжірибелік жағынан пайдасыз [5, 252б. ] .

Қиял маңызы орасан. Ол тек жазушыларға кейіпкерлер бейнесін жасауға не суретшіге болашақ картинасының сюжетін іздестіруге қажеттігімен ғана шектелмейді. Фантазиясы болмаған ғалым құбылыс себептері жөнінде болжам (гипотеза) жасай алмайды; мұғалім дәріс барысын, шәкірттердің оқуға деген қатынасын күні бұрын қияли талдамай, сабақ дайындай алмайды. Жалпы оқу процесінің өзі қиялсыз шектеулі болар еді, тарих, география, астрономия және басқа пәндер тек қиял қанатында ғана игеріледі.

Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады [6, 127б. ] :

  1. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
  2. Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
  3. Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың құшағында, -деп жазады М. Жұмабаев- меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайын далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
  4. Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял - мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;
  5. Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу - адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді қызметке итермелейді, шығармашылық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің құрылымы, өмір салтының қалыптасуы мұнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің болғандығында. Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламын, оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы - әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, ерен жүйрік қиял қажет. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады. Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайды өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты, - өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен . . . өзі ақылды болыпты . . . Оның бір ғана кемшілігі - шылым тартады екен. Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған . . . ». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: - Мен енді шылым тартпаймын. - деді». Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бтіріп, оның әрі қарай өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы К. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне түңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.

1. 2 Қиялдың түрлері мен ерекшеліктері

Қиял қызметі әрқилы деңгейде көрінуі мүмкін. Оның көп түрлі болуының басты себебі ең алдымен әр адамның өз қиялын басқаруға деген саналы бағытынан. Әрекет дәрежесіне орай қиял енжар және белсенді болып, екіге бөлінеді. Енжар қиялдан тұрмысқа аспайтын, қажетсіз не болуы мүмкін емес бейнелер қалыптасады. Қиял мұндайда адамды толық баурап, шын әрекет қажеттігінен ажыратады. Бұған мысал ретінде жатып алып, бос қиялмен нәтиже бермес арманға шомған Н. Гогольдің "Өлі жандар" поэмасындағы Манилов бейнесін келтіруге болады. Ш. Айтматовтың "Ақірет" романындағы Авдий Каллистратов та осындай кейіпкерге меңзес.

Енжар қиял ниеттелген не ниетсіз болуы мүмкін. Ниеттелген енжар қиял ерік күшімен байланыспаған бейнелер пайда етеді. Мұндай бейнелер әлі болары не болмасы белгісіз армандаудан келіп шығады, ол жеке адамның қажетсінуіне байланысты. Мысалы, жарысқа түсетін спортшы, емтиханға бара жатқан студент не армандайтыны айтпаса да белгілі. Әлбетте, бірі жеңіс тұғырына көтерілгенін, екіншісі "5" алғанын елестетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАЛА ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял
Қиял – психикалық процесс ретінде
Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыту жолдары
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Бала қиялын дамыту
Мектепке дейінгі балаларда қиялдың дамуы
Бала қиялын дамытудың маңызы
Баланың қиялы
Баланың ойыны мен ересек адамдардың әрекеттерінде қиялдың дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz