Қазақтың ұлттық салт – дәстүрлері туралы ырымдар



Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда:
«Біз қазақ деген мал баққан елміз,
бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп,
найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
дәм – тұзды ақтай білген елміз» - деген.
Қазақстан – ұлан – байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз мемлекеттің бірі. Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі халқы болған секілді. «Қазақ көп пе, масақ көп пе» деген түрікмен мәтелі осыны меңзейді. Халықтың өз ата – қонысында азшылыққа айналуы – қазақтар секілді өз тарихында әлденеше рет жойқын қасіретке ұшырап, тағдырдан көп теперіш көрген елде ғана болатын жәйт. Кең – байтақ атамекеннің әрбір қарыс сүйемін сан ғасыр бойы ата – бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік,

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың ұлттық салт – дәстүрлері туралы ырымдар

Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы
мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы,
пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім
болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта
тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді,
шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл,
ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін
халық. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп,
найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
дәм – тұзды ақтай білген елміз - деген.
Қазақстан – ұлан – байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз
мемлекеттің бірі. Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі
халқы болған секілді. Қазақ көп пе, масақ көп пе деген түрікмен мәтелі
осыны меңзейді. Халықтың өз ата – қонысында азшылыққа айналуы – қазақтар
секілді өз тарихында әлденеше рет жойқын қасіретке ұшырап, тағдырдан көп
теперіш көрген елде ғана болатын жәйт. Кең – байтақ атамекеннің әрбір қарыс
сүйемін сан ғасыр бойы ата – бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ
найзаның ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік
рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен
өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген
дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам
бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық атаулы ата салтына, елдік
дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып отыр. Ұлттық тәрбиеден қағажу
қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тиетінін өмір
дәлелдеп береді. Ата салтың – халықтық қалпың дегендей, өз жұртының қадір
– қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен
қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер
жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары,
тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып,
жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет
атқармақ. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу,
үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата –
ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. Қасқа қатал,
досқа адал болу - қазақ халқының негізгі мінез – құлқы. Қазақ халқында тым
ертеден келе жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар. Солардың әрқайсысына жеке
– жеке тоқтала кетсек. Қазақ халқы тарихтан бері өте меймандос халық
болған. Сондықтан меймандостықтан әдет – ғұрыпын айта келсек.
Меймандостық. Қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның қайсы
ұлт болуына қарамай) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая қарсы
алып, сыйлап күтеді. Өзінің аяаулы асын қонақасыға береді. Қонақасы –
қазақтың бөлінбеген еншісі болып есептеледі. Қонақ келсе қой сойып, қол
қусыру - қазақтар үшін аса абыройлы іс және жалтартпайтын міндет. Өте
қадірлі қонақтарға тай сойылып, қонақасы беріп аттандырады. Сойылатын малды
асаба алдымен қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп бата тілейді.
Қонақтар бата жасаған соң мал сойылып, ет асылады. Ет піскенше меймандарға
кең дастарқан жайылып, дастарқанға құрт, ірімшік, бауырсақ, жент, сары май
қойылып, қаймақтаған шай құйылады, шайдан соң жаздыгүні болса қымыз,
қыстыгүні болса езген қүрт беріледі. Осы мезгілде әдетте үй иесі жағынан
домбыра шертіліп, күй тартылып, ән айтылады. Ет піскен соң қолға су
құйылып, ет тартылады. Қонақтар алдына қойылған қойдың басы, жамбасы,
сүбесі тағы басқа жіліктерден жасалған табақ тартылады. Қонақтың ең сыйлысы
бастың оң езуінен бір кесіп жеп, оң құлағын кесіп табаққа қойып, басты үй
иесіне қос қолдап қайтарады. Бұл асабаның құрметіне белдірген разылық болып
есептеледі. Мейман кұтуде малдың он екі жілігінің өз алдына мәртебесі бар.
Жасы үлкен сылы қонақтарға бас пен жамбас, күйеу мен келінге асықты жілік
пен төс тартылады. Балаларға тіл, құлақ, бүйрек, жүрек беріледі. Тамақ жеп
болған соң ас қайтару, яғни бата тілейді, қонақтардың қолына су құйылады.
Міне, қазақ халқының мейман күту дәстүрі осылай.
Ерулік. Көшпелі қазақ халқы көші – қонды аса келелі іс санады, көшу
– қазақтар үшін салтанат есептелді. Қазақ санасында көше алмай жұрттан
қалудан үлкен қорлық жоқ, қазақ қауымы көшкен күні – еруде кимейтін жақсы
киімдерін киеді, көштегі жүк артқан түйеге кілем – кілше, сырмақтарын оң
бетін сыртына қаратып жауып салтанат етеді. Еру отырған ауылдар жанына
келіп қонған ауылды жабыла қарсы алып, қоныс жайлы болсын айтып, олардың
жүгінтүсірісіп, үйін тігіседі және ерулік апарады. Бұл ерулікке дастарқан
көтеріп, шай апару, сабалап қымыз апару, тіпті қой сойып апару істері де
болады. Бұл көшіп, шаршап келген туыс – жұрағатттарына жасалған сый –
құрмет және қамқорлық еді. Бұл істер ағайын арасында еруге қару ретінде
алма – кезек болып отырады. Мұны қазақтар ағайын берекесі деп атайды.
Үме яки Асар. Қазақ арасында ертеден келе жатқан салттардың бірі
– үме яки асар салу деп аталады. Бұл салт бойынша, көпшілік күш
біріктіріп, бір – бірінің жұмысына қолқабыс көрсетді. Қауырт күш жұмсауды
талап ететін жұмыс кезінде, яғни қой тоғыту, қой қырқу, жүн сабап, киіз
басу, үй көтеру, жылқы күзеп, тай таңбалау, бие байлау, соғым сою, егін
ору, шөп шабу және жинау, үй – жай, той жасау, ас беру, өлім ұзату және
т.б. істерде ауылдастар мен руластар жабыла жұмылып, бұл істерді істеп
келеді. Үй қожасы осы көмекке келіп, қолқабыс істегендерді тамақпен
сыйлайды, асар салғанда көбінесе мал сойылады, бірақ қолқабыс істеушілер
істеген жұмысына ақы алмайды. Бұл қарапайым малшылар арасында өзара
көмектің бір түрі, яғни еруге – қару жолмен алма – кезек болып отырады. Бұл
асарға ат салыспаған адам өз басына іс түскенде басқалардың көмегінен құр
қалады. Үме яки Асар қазақ арасында өзара көмектің бір түрі болып
дәстүрде мәңгі қалады.
Жылу жәрдем. Қазақ арасында өзара көмектің осы бір түрі тым ерте
кездегі рулық қауым құрылысынан бері келе жатқан әдет – ғұрыптарға жатады.
Бұл әдет – ғұрып бойынша: табиғи апатқа – жұтқа, өртке, селге т.б. да дүлей
күш кесіріне кенеттен кездесіп, мал – мүлкінен, баспанасынан айрылып, күн
көрісі қиынға соққан адам өзінің туыстары мен руластарынан жылу – жәрдем
сұрайды. Бұған ағайын – туған – туыстары мен руластары түгел көмектесіп,
жылу – жәрдем жинап береді, одан ешкім де бас тартпайды. Бұл жұртшылық
жәрдемі деп аталады. Қазақтың байырғы салты бойынша, мүлде панасыз қалған
жетім – жесірлерді және қарайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі халқына ортақ балаға қатысты ырым - тыйымдар
Қазақ халқының ұлттық бас киімдері
Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың cаяси-рухани өзегі
Отандық тарихнамада жануарлар культіне арналған толық қанды еңбектер жазылмасада өзіндік зерттеушілік қолтаңбасын қалдырған зерттеулер баршылық
Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге ұлттық салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Халықтық педагогикасының бала тәрбиесінде алатын орны
Тіл мен мәдениет мәселесінің этнолингвистиканы қалыптастырудағы ролі
Пәндер