Ірі қара малдың өнімділігі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Ірі кара ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Етті ірі қараның ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2 Зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.1 Етті ірі қараның экстерьерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Қостай облысындағы етті ірі қара тұқымдары ... ... ... ... ... ... .. .14
2.3 Ет бағытындағы ірі қараның эканомикалық жағдайы ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе
Сиыр шаруашылығы, мүйізді ірі қара шаруашылығы -- мал шаруашылығының басты салаларының бірі.Аса қажетті азық-түлік (сүт, май, ет, тағы басқа сойыс өнімдері), бағалы жеңіл өнеркәсіп шикізаттарын (тері, қылшық, мүйіз, тағы басқа) береді.
Сиыр өсіру осыдан 7 -- 8 мың жылдай бұрын жабайы сиырларды (тур, зубр, бизон, бантенг, зебу, қодас) қолға үйретуден басталды. Қазақстанда ерте замандардан бері күтімді аса қажет етпейтін жайылым малдары (қой, ешкі, жылқы, түйе) көптеп өсіріліп келді. Мүйізді ірі қара шаруашылығы (әсіресе сүтті бағыттағы) 19 ғ-дың басынан еліміздің қара топырақты құнарлы аудандарына орыс шаруаларының жаппай қоныстануына, қалыптасқан саяси-әлеуметтік өзгерістерге сай, жергілікті халықтың көшпелі тіршіліктен тұрғылықты өмір сүруге ауысуы нәтижесінде қарқынды дами бастады.
1820 -- 65 жылы Орталық Қазақстанның мал шаруашылығында сиырдың үлес салмағы 0,7 -- 1,7%-ды 1899 -- 1916 жылы 17,3 -- 22,8%-ды құраған. 20 ғ-дың бас кезінде сиыр түлігінің саны 5,0 млн. бастан асқан.
1917 -- 22 жылы сиыр малының 13 бөлігі шығынға ұшыраса
1930 -- 40 жылы олардың саны қарқынды өсті.
Осы мақсатта өнімділігі аз жергілікті мал тұқымы еуроп. тұқымдар -- герефорд, швиц, симменталь, голланд сиырларымен, қырдың қызыл сиырымен будандастырылып, малдың мол өнімді тұқымдары алынды. 1974 жылы мүйізді ірі қара саны 5,36 млн-ға жетіп, жылқы, түйе түліктерін қоса есептегендегі мөлшерден 5,3 есеге басым болды [1].
Мақсаты: мал шаруашылығында ет, сүт өнімдерін арттыру.
Міндеті:
oo ет өнімділігін арттыру жолдарын карастыру;
oo Ет бағытындағы ірі қараның тұқымын асылдандыру жолдары;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әдебиетке шшолу

1.1 Ірі қара
Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара -- сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка құрылықтарында кең татараған.
Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті [2].
Сиырдың жынысы мен жасына байланысты жас төлін -- бұзау, алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын) -- баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) -- тайынша, бір жастағы ұрғашысын -- қашар, бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын -- құнажын, екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын) -- дөнежін, еркегін -- бұқа, піштірілген еркегін -- өгіз деп атайды.
Сурет 1- Ірі қара.
Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетінн тұқымдары 6 -- 7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20 -- 35 жыл, бұқасы 15 -- 20 жыл тіршілік етеді.
Сүт бағытындағы Сиырдан 9 -- 12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді.
Сиырды етке 1,5 -- 2 жасында бордақылап немесе жайып семіртіп өткізген жөн.Асыл тұқымды сиырларды тұқым алу үшін 5 -- 10 жыл пайдаланады.
Ұрғашы тайыншалардың жыныстық қабілеті 7 -- 10 айлығында, бұқаларда 8 -- 10 айлығында жетіледі.
Алайда шағылысқа қашарды 18 -- 22, бұқаны 14 -- 18 айлығында қосады.
Бұзаулағаннан алғашқы күйлеуіне дейінгі мерзім шамамен үш аптаға созылады, күйті 19 -- 22 күнге, буаздығы орта есеппен 285 күнге созылады.
Ұрғашысы әдетте бір бұзау табады, егіз бұзау табатыны сирек (2%-ға жуық). Егіздің ұрғашы сыңарлары көбіне төл беруге қабілетсіз.
Тұқымына байланысты жаңа туған бұзаудың салм. 18 -- 45 кг, кейде 60 кг; ұрғашысына қарағанда еркек бұзаудың салм. 1 -- 3 кг артық болады. Олардың еті мен майы салыстырмалы түрде аз, ал сүйектері тірі салмағының 30%-ын құрайды.
Ересек Сиырдың салм. 250 -- 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 -- 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады.
Сиырды ет және сүт алу мақсатында өсіреді. Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты. Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500 -- 400 кг, сүтінің майл. 3,6 -- 4%. Бір сауын маусымында 20000 кг сүт беретін (голланд тұқымы) сиырлар бар. Ең жоғары тәуліктік сауым мөлшері 82,2 кг (ярослав тұқымы). Сауылым мерзімі 280 -- 320 күнге созылады, суалу кезеңі 1,5 -- 2 ай. Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін кезеңі 4-тумасында.
Ірі қара малдың өнімділігі. 1. Сүт өнімділігі 2. Ет өнімділігі. Біздің еліміздің ауыл шаруашылығының негізгі міндеті халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті шикізатпен барынша толығырақ қанағаттандыру үшін ет, сүт және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді одан әрі арттыра түсу болып табылады. Елімізде ет және сүт сияқты құнды азық-түлік өнімдерін беретін мал шаруашылығын өрістетуге көп көңіл бөлінеді. Бұл саладағы қызметкерлер сүт өндіруді арттыруда едәуір табыстарға жетті. Біздің еліміз жан басына сүт өндіруде дүние жүзінде бірінші орын алады және АҚШ-тан 1,3 есе, Англиядан 1,5 есе асып түседі. Ет өндіруде ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығының ара салмағы үлкен орын алады.
Мал басының өсуі және оның өнімділігінің артуы көпшілік жағдайда төлді аман сақтау мен өсірудің қалай ұйымдастырылатынына байланысты. Сайып келгенде сүт пен ет өндірудің дәрежесі соған қарай анықталады. Қазіргі заманғы мамандырылған ірі кәсіпорындар мен кәдімгі фермалардағы табыннан шығарылатын сиырлар жыл сайын жаңа, барынша жоғары өнімді малмен алмастырып отырады. Сүт өндіру бағытындағы мал шаруашылығын интенсивтендіру жағдайында табын толықтыруға арналған жоғары өнім беретін төлдерді өсіру табында ұдайы толықтыру жөніндегі шаралар жүйесіндегі маңызды буынның бірі болып табылады. Сүтті сиырлардың өнімділік сапасы олардың тұқым қуалаушылығына байланысты және оларды өсірудің барлық кезеңіндегі күту және азықтандыру жағдайының ықпал әсерімен қалыптасады. Бұл факторлар ірі қараның ет өнімділігін қалыптастыруда да маңызды рөл атқарады [3].
Мал көп өнімді болса, оның шаруашылыққа пайдасы мол болады. Бүкіл зоотехникалық жұмыстың түпкі мақсаты, мал шаруашылық өнімдерін өндіруге қол жеткізу. Зооинжинер бұл мақсатқа малды сан және сапа жағынан жақсартып, оны ұрпақтан ұрпаққа тарату арқылы жетеді. Сондықтан мал шаруашылығы өнімі мен мал өнімділігін шатыстыруға болмайды. Өнім жалпы ұғым. Оны жеке малмен, уақытпен тікелей байланыстырмай-ақ қолдана береді. Ал өнімділік деп бір малдан немесе орта есеппен бір топ малдан нақтылы уақыт мерзімінде алынған өнімді немесе алынатын өнімді айтамыз.
Мал өнімділігінің қай-қайсысы да өте күрделі, бүкіл организмнің тіршілік әрекеті негізінде қалыптасады. Қай түріне болмасын азық қорыту, тыныс алу, қан айналу, ішкі секрециялық органдар, нерв жүйелері барлық органдары қатысады. Мал өнімділігі екі топ күштердің (факторлардың) бірлескен бір-біріне әсері негізінде қалыптасады: 1) нәсілдік қасиеттері (тұқымдық және жеке өзіндік); 2) тіршілік еткен сыртқы орта жағдайлары.
Бұл екі топ күштерінің арақатынасының өте күрделілігіне байланысты мал өнімділігі көп өзгеріске ұшырайды. Мал өнімділігінің өзгергіштігін бақылап басқару үшін оны жүйелі негізінде анықтап, есептеп отырады. Мал өнімділігін анықтау үшін қолданылатын әдістерге мына талаптар қойылады: 1) қолданылатын әдіс малдың биологиясына сәйкес келіп, өнімділігін дәл анықтау үшін, толық мүмкіншілік туғызуы қажет; 2) шаруашылық жағдайында қолдануға ыңғайлы көп қосымша күш құралды қажет етпеу керек.
Сиырдың етті тұқымдарының ет өнімділігі жоғары, сүт бағытындағы Сиырларға қарағанда тез семіреді және шығымы жоғары сапалы ет береді. Бордақыланған Сиырлар майды ішкі органдарына, тері астына ғана емес, жұқа қабаттар түрінде ет талшықтарының арасына да (мәрмәр түстес ет) қалыптастырады. Бордақыланған жас малдардың еті өте құнды, дене тіндері және олардың хим. құрамы жасына байланысты өзгеріп отырады. Сойыс шығымы тұқымына байланысты 48 -- 70% аралығында.
Сиырдың қыстағы басты азығы пішен, сүрлем және құрама жем, ал жазда жайылым шөбі және қосымша азық (сүрлем, құрама жем).
Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а.ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т.б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады.
Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т.б.; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т.б. өсіріледі [4].
1.3 Етті ірі қараның ерекшеліктері
Малдың еттілігі. Қай түлік болмасын, олардың еттілік қасиетін жетілдіру селекция жұмысының түбегейлі мәселесі. Малдың еттілігін мына төмендегі көрсеткіштер арқылы бағалайды: тірілей салмағы, сыртқы дене пішіні, тәулігіне қосатын салмағы, тез жетілгіштігі, сойыс салмағы мен оның шығымы, ұшасының салмағы мен шығымы, ұшасының морфологиялық құрамы, сұрпы етінің химиялық және биохимиялық құрамы, т.б [5].
Малдың нақтылы ет өнімі, негізінен сойғаннан кейінгі алынған ұшасының салмағы мен оның сапалық көрсеткіштері арқылы сипатталады. Ұшаның құрамына қоректік қасиеті әр түрлі ет, май, сүйек және дәнекер тканьдері мен шеміршек, сіңірлер кіреді. Ұшаның құрамында шеміршек пен сүйек аз болып, майлы сұрпы еті көп болса, соғырлым оның қоректілігі күшті нәрлілігімен сіңімділігі жоғары болады. Малдың еттілік қасиеттерін тірі кезінде және сойғаннан кейін тексеріп бағалайды. Малдың тірі кезінде, оның еттілік қасиетіне дұрыс баға берудің селекциялық маңызы үлкен. Селекция мақсаты тәуір деп таңдап алған малдан өзіне ұқсас ұрпақ алу. Малдың тірісінде еттілік қасиетін ауық-ауық салмағын өлшеу, соның деректері бойынша тәулігіне қосатын салмағын есептеу арқылы бағалайды. Сонымен қатар малдың еттілік қасиетіне, оның сырт пішініне, үлкен-кішілігіне қарапта біршама толық баға беруге болады. Мұндай жағдайда малдың еттілік қасиеті мен тығыз байланысты дене биіктігі мен тұрқының ұзындығы, кеудесінің жалпақтығы мен кеңдігі, орамы, бөксесінің орамы сияқты дене мүше өлшеулерімен көзбен бағалау толықтырады. Малдың еттілік қасиетіне баға бергенде оның қондылығына баса көңіл аударылады. Мұны әсіресе малдың ерте май жинайтын құйрықтың түбін, шабын мықынын, белін, арқасын, қабырғасын және төсін қолмен ұстап бағалайды [6].
Малдың еттілік қасиетіне әсер ететін жағдайлар және ет өндіруді көбейту жолдары. Малдың еттілігі шаруашылыққа пайдалы көптеген биологиялық ерекшеліктерінің бір-біріне күрделі әсері негізінде қалыптасады. Еттіліктің сандық та, сапалық та көрсеткіштері малдың түріне, тұқымына және нәсілдік қасиеттеріне, бағып - күту, бордақылау технологиясы ерекшеліктеріне және т.б сыртқы орта жағдайларына байланысты. Сапалы да мол ет өнімі, етті бағыттағы мал тұқымдарынан өндіріледі. Мысалы, арнайы етті бағыттағы сиыр тұқымдарының сойыс салмағының шығымы 68-70%-ке дейін, кейде бұдан да артық болса, сүтті-етті бағыттағылардікі 55-60%, таза сүтті бағыттағылардікі 45-60% болады. Егер бұрын малдың тез жетілгіштігіне аса мән берілсе, қазіргі уақытта ұзақ өсіп, денесінен негізінен белокты көп түзіп, майы аз, көп ет беретін мал тәуір деп есептелінеді. Сондықтан барлық жерлерде етті бағыттағы шароле, лимузин, киан сияқты ірі тұқымдар жоғары бағаланып отыр. Сол сияқты жабайы түрлермен будандастыру арқылы, майы аз, мол ет алынатын асана мал тұқымын шығаруға үлкен бетбұрыс жасалып отыр. Осы жолмен брангус, брафорт, бифола және т.б. жаңа етті бағыттағы тұқымдар шығарылды.
Қазақстанда сиыр етін өндіру осыдан 25 жыл бұрынғы деңгейге әлі жеткен жоқ. 1990 жылы елімізде сойылған мал есебі бойынша 1,6 млн. т ет өндірген болатын. оньң ішінде сиыр етінің үлесі 45 пайызды көрсетеді. 2010 жылы бұл керсеткіш 700 мың. тоннадан шамалы ғана' асты, оның ішінде сиыр етінің мөлшері 50% құрады. Қазіргі кезде, бұрынғыдай сиыр еті өндірісін көбейту тек сүтті жэне сүтті-етті ірі қара мал тұқымын пайдалану негізінде шешілуде.
Арнайы етті ірі қара мал тұқымдарының көптеген ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Олар жоғары ет өнімділігімен және аса сапалылыгымен, тез жетілгіштігімен, өнімге азықты аз жұмсайтындығымен ерекшеленеді. Сойған кезде жеуге жарамды жүмсақ еті мол, халықаралық стандарт талабына сай ауыр үша жэне сапалы тері, шикізат алынады. Етті ірі қара шаруашылыгы саласына шыгын аз жүмсалады жэне жерді экстенсивті пайдаланатын аймақтарда тиімді ет өндіруге мүмкіндік береді.
Жақын жылдары бүл саланы ірілендіруге, шаруашылық субъек- тілерін мамандандыруға, шаруашылықтарда етті ірі қара малының көпшілік бөлігін шоғырландыруга, жергілікті азық жағдайына, үдайы өндіруді қарқынды жүргізуге, төлдерді өсіруге, жайып-семіртуге және бордақылауға, өндіріс-үрдісін ықшамдауға, сиырдың маусымдық төлдеуін реттеуге байланысты жүмыстар атқарылуы тиіс. Сол үшін етке өткізілетін жас төлдерге жайылым отын пайдаланыгі, бір қыс, екі жаз приципін ұстаған тиімді. Бұл шаруашылықтарда отандық етті ірі қара малдың таза түқымдарын кебейтуге және шағылыстыруға етті ірі қара мал түқымының әлемдік қорын пайдалануға жол ашады.
Қазақстанда етті ірі қара малдың алты тұқымы топтастырылган. Олар қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл, санта-гертруда, Жетісу тұқымішілік сүлесімен, галловей, герефорд жэне қалмақ сиыры. Отандық етті ірі қара малына баса назар аударылуда.
Отандық бірінші шығарылган етті түқымды ірі қара мал қазақтың ақбас сиыры 1950 жылы апробацияланган. Тұқым жергілікті қазақтың сиырын герефорд түқымы бұқаларымен күрделі будандастыру нәти- жесінде алынган. Нарықтық экономикаға көшкенге дейін республикада бүл ірі қара мал түқымының саны 1 млн. 144 мың жетті, оның ішінде 440 мың басы сиыр. Қазіргі кезде қазақтың ақбас сиыры түқымының саны 650-700 мың бас шамасында. Қазақтың ақбас сиыры түқымы республикамыздың барлық облыстарында ғана емес, Ресейдің Орынбор, Саратов облыстарында да кеңінен таралған. Ол аймақтардың табиги- климаттық жағдайына тез бейімделуімен, жогары үдайы өндіру ерек- шелігімен, жайылымда тез семіру және сапалы бордақылануымен сипат- талады.Ұргашы жэне еркек бүзаулары 8 айлыгында енесінен ажыратқан кезіндегі тірілей салмағы 180-220 кг тартады. Табиғи жайылымда қосымша жем берілмей бағылған телдері 800-900 г дейін тәуліктік қосымша салмақты көрсетеді. Ал 12 айдан 15 айға дейінгі борда- қыланғандары 980-1200 г салмақ қосады. Осы кездегі олардың 1 кг тәуліктік қосымша салмаққа жұмсалатын азық 6,2-7,7 азық өлшемін қүрайды. Түқымның шаруашылық жэне түқымқуалаушылық белгілерінің үйлесімділігін дәлелдейтін бір жагдай, ол сонау Сібірдегі ресейлік эріптестеріміздің (Сібір МШҒЗИ) 2005 жылы қазақтың ақбас сиыры түқымын пайдалану нәтижесінде жаңа тұқымішілік Моготуй сүлесін шығаруы.
1997 жылы қазақтың ақбас сиыры түқымының төрт зауыттық тоқал сүлесі республикамыздың Батысында Шағатай, Анката, Солтүстік- шығысында Қалбатау жэне Солтүстігінде Алабота апробацияланды.
Асылтүқымды шаруашылықтарда бүл түқыммен жүргізілетін селекциялық зерттеулер малдың тез жетілгіштігі мен өсу қарқынын арттыруға багытталган.
Тұқымның генеалогиялық қүрылымында қазіргі кезде 12 зауыттық із басы бар, оның 6-уы жаңа.
Бұл із басылардың бүқаларынан алынған төлдер 15 айлығьища 425- 457 кг жетеді. Бордақылау кезінде бүқашықтары 1200-1400 г дейін тэуліктік қосымша салмақ қосады. Сойыс шығымы 63-67% жетеді.
1992 жылы тағы да бір отандық етті ірі қара мал тұкымы әулиекөл апробацияланды. Бұл тұқым күрделі шағылыстыру негізінде алынды. Бұл тұқымды алуға казақтың ақбас сиыры, шароле жэне абердин-ангус секілді үш етгі ірі қара мал тұқымы қатысты. Жаңа тұқым малының бойында жергілікті табиги-климат, азық жагдайына бейімделу қабілеті бар. Бүл жақсартушы - бұқаларды кеңінен пайдалануға, түқымды ірі қүрылым бірлігіне дифферекциялауга - түрге, із басына, түқым- қуалаушылығы түрақты туыстық, селекциялау белгілерінің ерекшелігіне байланысты мал тобын құруға жергілікт [7]. Сондықтан бүл популяцияның жаңаша дамуын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні тауар өндіруші шаруашылықтардың 'табынды үдай өндіру үшін асылтүқымды отандык түқым бүқаларының қажеттілігі толығымен қанағаттандырылған. Аналық сұранысы қанағаттандырылмаған, себебі көптеген асылтұкымды шаруашылықтардың басшыларының өзі өз табындарында сиырдың жэне ұрғашы бұзаудың санын көбейтуге мүдделі жэне шаруашылықтарда табынды жақсартудан қалған үрғашы бұзауларда соншалықты көп емес.
Өсімтал, еті мол әулиекөл етті ірі қара мал тұқымын өсіру өзгеріс алып келді. Бұл тұқымның төлдері жайылымда семіруі жағынан қазақтың ақбас сиырынан кем түспейді. Сондықтан, бұл тұқымның төлі Қостанай облысынан басқа жерлерде де үлкен сұранысқа ие болуда. Бұл тұқымның осы оң қасиетін қолдау мақсатында ғалымдар өзгерген экологиялық жағдайға байланысты селекциялық үдеріске ғылыми негізделген іріктеу түрлерін жүзеге асыру үшін еншілес табын құру жолын ұсынды.
Етті ірі қара мал тұқымын аудандастырудың негізіне олардың шыққан жері алынатындығы белгілі. Онда тұқымішілік генетикалық эртүрлілікті кеңейту таза тұқымды кебейту эдісімен жүзеге асады. Мұндай жағдай қазақтың ақбас сиырынан тоқал сүлесін шығару кезінде болған. Бұл селекциялық үдеріске туыстас емес тектік қорды пайда- лануды, қан жаңартудың кейбір шаруашылыктарға пайдалы белгілерін жоққа шығаруға болмайды.
Жаңадан құрылған фермерлік шаруашылықтардың материалдық - техникалық қоры мен малдың физиологиялық қажеттілігі және азық қорының жетіспеушілігі, малды ұдайы ендіруі телдердің өсуіне кері әсерін тигізеді және селекциялық-асылдандыру жұмысының нәтижелігін темендетеді. Сондықтан, етті ірі қара мал шаруашылығы саласында қызмет істейтін мамандардың мал өнімділігінің элеуеті мен оның пайдалану дәрежесі туралы түсініктерді айыра білгеұрпағының
Өндіруші - бұқаларды езінің енімділігімен жэне ұрпағының сапасымен бағалау барлық асылтұқымды шаруашылықтарда кең өріс алуы қажет. Бақылау - тексеру станцияларының жұмысын қайтадан қалпына келтіріп, оның жұмысын жандандыру керек.
Қазақтың ақбас сиыры. Бұрын Қазақстанда өнімділігі төмен, тез жетілмейтін шағын, бірақ тез ет алатын, жергілікті жер жағдайына, ауа райына бейім қазақы сиыры, Солтүстік Кавказ және Қалмақ даласында қалмақ тұқымы өсірілетін. Қалмақ сиырының салмағы ауыр және қазақы сиырмен салыстырғанда тез жетілетін. Қазан революциясынан кейін Кеңес елінде етті бағыттағы мал өсіретін совхоздар ашылып, етті бағыттағы тұқым өсіруге жағдай жасалынды. Міне, сол кезде алғаш шығарылған етті бағыттағы ірі қара осы қазақтың ақбас сиыры болатын.
Қазақтың ақбас сиыры жергілікті қазақы және қалмақ тұқымы буданын, ішінара қалмақ сиырын герефорд тұқымы бұқаларымен будандастыру жолымен шығарылған [8].
Герефорд тұқымы бұқалары АҚШ-тан, Украинадан Қазақстанға, Волглград, Орынбор, Саратов облыстарынан әкелінді.Тұқымды шығарған бір топ ғалымдарға (Н.З. Ғалиакберов, Б.М. Мусин, т.б.) КСРО Мемлекет сыйлығы берілді (1950).
Тұқым сұрыптау үстінде селекционерлер алдында екі мақсат қойды. Олар: біріншіден, тұқым арасынан етті малды таңдап алып оны интенсивті түрде пайдалану және ол малдың тобынан гурт, ферма құру, қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру. Екіншіден, дұрыс азықтандырып, жақсылап күтіп- бағу.
2. Зерттеу бөлім.
2.1 Етті ірі қараның экстерьерін анықтау
Сырт пішіні. Сырт пішін малдың сыртқы дене құрылысы, ол малдың биологиялық ерекшеліктеріне және шаруашылықтағы өнімділік бағыттарына байланысты. Ірі қараның сырт пішінін зерттеу арңылы, оның денсаулығы жөнінде және тұқымы жөнінде мәліметтер аламыз. Сүтті және етті ірі қараларды сыртқы дене құрылысына қарап айырады. Малдың сырт пішіні оның тұқымына, жынысына, жасына, бағып-күтуіне байланысты. Малды экстерьері бойынша іріктегенде оның өнімдік бағытына, сүйегінің мықтылығына және дене құрылысының әрбір мүшесіне баға береді. Дене мүшелерінің кемістігі оның денсаулығының нашар екендігін көрсетеді. Ал денсаулығы нашар малдың өнімді аз беретіні мәлім.
Ірі караның сырт пішінін бағалау тәсілдері. Ірі қара малының сырт пішінін бағалау арқылы, одан алынатын өнім көлемін жобалауға және сапасын анықтауға болады. Малдың сырт пішінін бағалаудың төмендегідей бірнеше тәсілдері бар: көзбен (әр мүшені жеке-жеке және баллмен бағалау), әр мүшені өлшеу, дене пішінінің индексін анықтау; графикалық және фотосуретімен анықтау [9].
Ірі қараны көзбен бағалау тәсілі малдың дене пішінін бағалаудағы ең негізгі тәсіл болып саналады. Тәжірибелі мамандар осы тәсілді пайдаланып малдың дене бітімін (тұрпатын), әрі дене саулығын, малдың өнімділігін және асылдығын да анықтауға болады. Көзбен бағалау екі түрге бөлінеді: біріншісі малдың мүшелерін жеке-жеке сипаттап, мүшелерінің жетістігін және кемістігін анықтаса; екіншісі мүшелерін баллмен бағалап, жалпы қосындысын шығарады.
Әр мүшені өлшеу. Малдың әр мүшесін өлшеп бағалаудың да маңызы зор. Жалпы малдың 70 дене өлшемі бар. Соның ғылыми зерттеуінде 52 дене өлшемі, ал мемлекеттік асылдандыру кітабына жазу үшін -- 5 дене өлшемі, жалпы зерттеу үшін -- 11; орташа дене өлшемі -- 18. Бірақ дене өлшемі дұрыс болса да, малдың сырт пішіні жөнінде толық түсінік бере алмайды. Сондықтан бұл тәсілді көзбен бағалағанда қосымша мәлімет ретінде қолданады.
Индекс тәсілі. Индекс дегеніміз -- екі дене өлшемінің бір-біріне пайыздың байланыс қатынасын айтамыз. Мысалы, кеуде енінің кеуде тереңдігіне пайыздың қатынасы -- кеуделігінің индексі. Индекс тәсілінің маңызы зор, себебі ол тек бір белгіні ғана анықтамай, қатарынан екі-үш белгіні анықтайды. Иңдекстің, әсіресе малдардың тобын бір-бірімен салыстырғанда маңызы зор, ол үшін 10 -- шақты индексті қолданады. Малдың дұрыс өсіп жетілгенін анықтау, дене құрылысының сыртқы сымбатын бағалау, әрі малдың конституциялық типін білу үшін дене құрылысының индексін есептейді. Әрине екі мүше өлшемі анатомиялық ерекшеліктері арқылы бірімен-бірі байланысты болады [10].
Дене құрылысы индексін есептеу арқылы малдың түріне толық сипаттама беріледі. Етті ірі қаралардың дене құрылысының ұзындық индексі сүтті ірі қара тұқымдарымен салыстырғанда көбірек болса, ал дене құрылысының сирақтылық индексі керісінше сүтті ірі қара тұқымында көбірек болады. Мал жасының оны барып-күтудің жеке азықтандырудың өзгеруіне байланысты малдың дене құрылысының индексі де өзгеріп отырады.
Графикалык тәсіл. Бұл тәсілдің негізі, мысалы, бір дене өлшемін 100% деп есептейді де, қалған дене өлшемдерінің содан айырмашылығын пайызбен анықтайды. Содан кейін график сызады. Ал 100% деп алған дене өлшемі түзу сызық болады. Нәтижесінде екі-үш топтың дене пішінің салыстырмалы бағалауы анықталады.
Фотографиялық тәсілмен бағалау. Малдарды фотосуреттері бойынша бағалаудың маңызы зор. Дене өлшемін толықтыруда фотосуреттің әсері ерекше. Әсіресе өте жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды бағалағанда да фотосуреттері бойынша маңызы зор. Мамандар малдың әр мүшесінің жетістіктері мен кемшіліктеріне көңіл бөледі.
Малдың жеке мүшелері.
Басы. Мал басының құрылысына және бітіміне қарай мал сүйегіне баға беруге болады. Жалпы бастың көлеміне, ұзындыгы мен еніне және басының пропорциялық құрылысына қарай мал тұратын және шаруашылық үшін маңызын анықтаймыз. Сүтті бағыттағы сиырлардың басы үлкен емес, жеңіл, ықшамды, ұзынырақ, ал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz