Кетбұға


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Кетбұға (шамамен 1150-1225) - жырау, күйші, аңыз кейіпкері. Орта жүз құрамындағы найман тайпасының бағаналы тармағынан шыққан. 14 ғасырда жазылған «Шаджарат әл-атрак» («Түрік шежіресі») атты кітаптағы деректер мен ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Жошы хан аң аулап жүріп қаза тапқанда,

Шыңғыс ханға қаралы хабарды жеткізуге ешкімнің батылы жетпейді. Сонда Кетбұға бас кетер ауыр міндетті өз мойнына алады. Әуелі: «Теңіз бастан былғанды, кім тұндырар, а, ханым, Терек түптен жығылды, кім тұрғызар, а, ханым», - деп толғап, Шыңғыс ханды қаралы хабарға әзірлеп алады да, баласы Жошының өлімін күймен естіртеді. «Ақсақ құлан - Жошы хан» күйі осылай туыпты-мыс.

Бүгінгі күнге Кетбұғаның осы күйі және күй шығарар алдында айтқан бірнеше жол өлеңі ғана жеткен. Басқа әдеби не болмаса музыкалық шығармасы сақталмаған. Алайда, халық жадында Ұлығ (ұлы) жыршы атанған Кетбұғаның өз кезінде шығармалары халық арасына кең тараған, көшпелілер арасында сөз өнерінің дамуына ерекше ықпал еткен көрнекті тұлға болғандығы байқалады.

15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүрген Доспанбет жырау Кетбұға биді құрметпен атап, оның сөздерімен өзінің таныстығын білдіреді. Халық өлеңдері мен аңыз әңгімелерінде де Кетбұға ел қамқоры, дана ақсақал ретінде бейнеленген. Ол туралы аңыздар қырғыз фольклорында да бар.

Жалпы “Ақсақ құлан” күрделі күй. Оны бірінші тыңдағанда, қанша ұнағанымен, бірден терең түсіну мүмкін емес. Бәлкім, оны әлі тереңірек зерттеу керек шығар. Құланның шабысын еске салғанымен, тыңдаған құлаққа бір сарындылау болып естілуі мүмкін. Бірақ, ол олай емес. Бұл күй ең кем дегенде екі сарынды. Бұрын оны бөліп-бөліп тартушы еді. Қазір бәрін біріктіріп тартып жүр. Ол дұрыс емес. Қазіргі жігіттердің түсініп жүргеніндей, бұл күйде тек құланның ғана шабысы бейнеленбейді. Мұнда Жошы хан мен құланның ой айтысы беріледі.

Жошының ойлары жоғарыда берілгендей айтылса, құланның ойлары былай: Жошы, сен мені тыңда. Мен саған бүгін әдейі бір өте маңызды жәйді түсіндіруге келдім. Сенің әулетіңе, әкеңнен бастап барлығыңа құландарға тиісуге болмайды. Біз сіздердің киелеріңізбіз. Қайта сіздер құландарға қамқорлық жасап, бағып-күтулеріңіз керек. Сонда сендердің тұқымдарыңа нұр үстіне нұр төгіліп, үрім-бұтақтарыңа шейін барлығың бақытты өмір сүресіңдер. Мұны сендер неге түсінбейсіңдер, біздер сендерге бірнеше рет ескерттік қой. Егер мұны ары қарай да тоқтатпасаңдар, мұның арты жақсылыққа апармайды.

Жошы, райыңнан қайт, соңыма түсе берме. Біз қайта сендердің қорғаушыларыңызбыз, Алладан тілеу тілеушілеріңізбіз. Айналайын, осыны түсінсейші, неге естімейсің мені. Мен саған осыны түсіндіру үшін әдейі кездестім ғой бүгін. Құлағыңды, санаңды аш маған. Саған не болған? Көзің де тұнып ештеңе көрмейсің, құлағың да тас жабылып ештеңе естімейсің. Жошы енді қоймасаң болмайды. Іс насырға шабады. Өзіңе қатер келеді. Айтқанды істегілерің келмеді, қанша рет ескертіп түсіндіре алмадық. Әй болмадыңдар ғой, әттеген-ай. Біздің де төзіміміз таусылды. Бізге енді өкпелеме, өзіңнен көр. Ал онда, бұл түсінсе, еш болмаса қалғандарыңа соңғы ескертпе болар. Қош, Жошы, кеш бізді, ақырың сенің осылай болды. Бұл Алланың шешімі деп, шегініп барып киелі құлан Жошының өзіне қарай бар күшімен атылған.

Міне, бұл іс осылай бітіпті. Алдында әкесі Шыңғысханға да осылай бір ескерту болған екен. Ол кісі өмірдің желдей есіп тез өтіп бара жатқанын уайымдап, оны қайтсем ұзартамын деп жолын іздейді. Содан сұрастыра келе Қытай елінде бір көп жасаған қарт адам бар екен, мұның құпиясын сол адам білер деп естиді. Ол адам дао дінінің монахы Чанг-Чунг деген кісі екен. Сол адамды жеткізіңдер маған деп бұйрық береді. Алдында ол кісі ат-тонын ала қашып, бас тартады. Бірақ әлемде ешкім қарсы келе алмайтын, айтқан сөзі жерде жатпайтын адамға кім көнбей тұра алады. Оның үстіне сол елдің басшылары да бұл кезі келген жағдайды өз мүдделеріне пайдалана қойғысы келеді. Барыңыз және басын айналдырып, ол кісіні осы дао дінін қабылдауға көндіріңіз. Сонда бізге тимейтін болады деп тықылдап, тынышын алады. Сонымен, амал жоқ, тәуекел деп 70-тен жаңа асқан Чанг-Чунг жолға шығады.

Бұл сапардың бір пайдасы ол кісінің қасындағы көмекші хатшылары жолда көрген-білгендерін хатқа түсіріп отырады. Соның ішінде ол кісі өмірінде бірінші рет біздің жерімізде қарбыз-қауынның дәмін татып, оның дүниедегі барлық жемістердің ішінде тең табылмайтын өте тәтті шырын екендігін әңгіме етіпті.

Өмірімді ұзартып бере аласың ба деген сұраққа монах: жоқ, өмірді ұзарта алатын тәсіл жоқ, бірақ маңдайға жазылып берілген өмірді түгел сақтайтын тәсілдер бар депті. Сосын өміріңізде соңғы кезде қандай қауіпті жағдай болды деп сұрапты Шыңғысханнан. Ол кісі: мен бір аң аулағанымда атым үркіп, құлап қалдым. Өзім де содан қатты сескендім, - депті. Міне, бұл сізге жоғарыдан жасалған ескерту екен, енді сіздің аңға шықпағаныңыз дұрыс болар, - депті қонағы.

Жасын ұзартып бере алмаған соң, басқаның бәрі бос сөз деп Шыңғысхан бұған мән бермеген сияқты.

Чанг-Чунг бұдан кейін Шыңғысханға дао ілімін қабыл алыңыз деп ұсыныс жасапты.

Оған Шыңғысхан: жоқ, мен бабаларымның дінін тастап, басқа дінге бара алмаймын, - депті. Ол бабаларыңның діні қандай дін? - деп сұрағанда, “Мәңгі көк тәңірі” деп жауап беріпті.

Сөйтіп, сырт көзге бір-біріне өте риза болғандай түр көрсеткенімен, екеуі де бір-біріне артқан сенімі ақталмай, көңілдері көншімей тарқасады. Шынында бұлар бір-бірімен бар болғаны екі-ақ рет кездескен сияқты және олары еш нәтижесіз аяқталған. Оның басқаша болуы да мүмкін емес еді. Өйткені бұл екеуі көктен тілейтінін бір-бірінен тілеп қателесті. Бұлай жасамау керек еді. Сондықтан болар екеуі де ажырасқаннан кейін екі бөлек үйлеріне барып, көп ұзамай шамамен бір жаста, бір кезде, қатар өмірден озды. Шыңғысхан өзінің оңтүстік-батыстағы жорықтарын аяқтап, Мұхаммед Шайбанидың қыруар әскерін талқандап, бұл өңірді түгел өз империясына қосады. Сонан соң ұзақ та ауыр, қырғын соғыстардан шаршап, жалыққан ол енді шығыстағы жорықтарын аяқтау үшін еліне қайтады.

Осы кезде ол сергіп, демалу үшін өзінің ілгеріден құмары, тағы да аңға шығуды ойлайды. Аңсары сол тағы құлан аулау. Бұрынғы аттан құлағаны, дао монағының ескертпесі, тіпті Жошыханның өлімі де оған ешқандай ой салып, тоқтата алмады.

Жалпы Шыңғысханның денсаулығы әлі мықты еді. Ол сақтанып жүре бергенде, ұзақ өмір сүруіне барлық мүмкіншілігі бар еді. Бірақ олай болмады, бұл кісі енді тыйым болса да қайтпай өзі үшін қатер іске барып, содан мерт болды.

Міне, осылай әлемде қарсы келетін бір адам табылмаған әкесі мен баласы бірдей құланның соңына сонша шүйлігіп, ешкім күтпеген жерден өлім тапты.

Адам баласы өмірден үйренуі керек еді. Бірақ олай болмай шықты. Даламызды жайлаған сансыз құландарды кейін қырып, халқымыз түгел жойып бітті. Содан соң өзі де жылдан жылға қырылып, құрдымға барып тіреліп, азғантайы ғана қалып, енді-енді қайта өсе бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар поэзиясы
Қазақ тарихының ұлы ойшылдары
Жошы хан күмбезі
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық аспаптарға үйретудің мәні мен мазмұнының теориялық негіздері
Мәдени мұра бағдарламасы және тарихи таным
Жыраулар
Қазақ фольклорының тарихы
Қазақтың аспаптық музыкасы
Түркілердің рухани мәдениетін дамытудағы исламның маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz