Жағымсыз эмоция деген не және оны қалай басқаруға болады?


Жағымсыз эмоция деген не және оны қалай басқаруға болады?
Біздің әңгімеміз осы жөнінде болмақ.
Жағымсыз эмоциялар адам өмірінде жаман жол нұсқаушылар, себебі олар өзіңді жоғалту, түңілу, қайғыру, сағыныш сезімін тудырады. Жағымсыз эмоциядан қалай құтылуға болады? Осыдан шығудың бірнеше жолдарын ұсынамыз.
Болған жағдайды ойлаңыздар! Дегенімен де болған жайтты сараптамадан өткізіңдер. Бұл болашақта осындай жағдайлар болғанда одан құтылуға көмектеседі. Белсенді және мақсытты түрде бағытталған терең ойлау сізге пассивтіліктен және қайғырудан шығуға көмектеседі. Сіз пассивтілік пен уайымдаудан құтылғаныңызды сезінген кезде, келесі кеңесті жүзеге асыруға көшуіңізге болады.
Көңіліңізді басқаға аударыңыз! Бір өткенді құр бостан бос уайымдап, сол мәселеге тоқтала бермеңіз, одан да шынайы және өзекті мақсатқа жетуге тырысыңыз. Турасын айтқанда бір сілкініп алыңыз, қолыңызбен басыңызды сілкіңіз. Өзіңізге: «Болды! Жетер! Қорытындысы шығарылды!». Енді басқа іспен айналысу керек деп бұйырыңыз. Жаңа әрекетіңіз екі бағытта жүзеге асыуы мүмкін. Біріншісі - өзіңіздің қалт жіберген жеріңізді түзеуге бар күшіңізді жұмсауға бағыттау (мәселен, сүйікті көйлегіңізді бүлдірсеңіз оны қайта тігуге, қайта бояуға, немесе тағы басқа әрекет етуге болады) . Екінші бағыт, реніш сезімін тудырған нәрсеге сен қатысы жоқ іспен белсенді түрде айналасу (мәселен, өзіңізді үй шаруасымен айналысыңыз, достарыңызбен кездесіңіз, т. б. ) .
Жылап алыңыз! Егерде жаныңызда мейірімді және тыңдай білетін досыңыз болса, соған мұңызды айтып бөлісіңіз. Сондай адамдарға көмектесіп, оларды бағалаңыз. Қиын шақтарда олар сіздің жағымсыз уайымдарыңыздың бір бөлігін «өзіне» алады. Тіпті жолда бірге келе жатқан кездейсоқ серіктестеріңізбен әңгімелесу де жеңілдік әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда біз бейтаныс адамдармен ашық сөйлесеміз. Мұндағы негізгі фактор бұл анонимділік (бейтаныстық) . Осылай жалғыз басты адамдар жиі істейді. Олар көбінесе үйлерінде ит пен мысық ұстауға тырысады, содан кейін өздерінің іштерінде жиналғаның барлығын соларға айтады. Статистика бойынша, үйде жануар ұстау олардың жалғыз басты иелерінің өмірін ұзартады.
Хат жазыңыз! Сіз өзіңіздің ойыңыздағы бар өкініш пен уайымдарыңызды ешқашан жолдамайтын досыңызға жазған хатыңызға түсіруіңізге болады. Оны сақтап қойып, бірақ уақыт өткен соң, оны оқыңыз. Мүмкін бұл сізге өзіңізге сырттай қарауға көмектеседі кез-келген ауыр жағдайды бастан жеңіл өткізу үшін уақыт үлкен рөлді атқарады. Уақыт эмоциялардың уайымдаудың күшін азайтады.
Өзіңізге сыйлық жасаңыз! Бұл кеңесті тура және ауыспалы мағынада орындауға болады. Мысалы, күні бойы сіз өзіңізге, ұнайтын іспен ғана айналысыңыз! Тым құрығанда екі сағат! Кейбіреулер дәмді тағамнан да ләззат алады. Осыдан кейін жағымсыз эмоцияларының әсері азая түседі.
Жақыныңызға көмек көрсетіңіз! Жакыныңызға көмек көрсету арқылы сіз екі есе ұтасыз. Жақсы іс істейсіз және жаман көңіл күйден арыласыз.
Қайғыңызды ұйқымен сейілтіңіз! Бұл ең қарапайым және ең ежелгі тәсілдердің бірі.
Орынын толтыратын нәрсені іздеңіз! Мысалы, сіз ауырып қалсаңыз, сөзсіз бұл жаман, алайда енді сіздің кітап оқуға мүмкіндігіңіз туады (өмір мен жұмысыңыз тұралы ойлауға) .
Табиғатпен байланыс жасаңыз! Паркке барып, қаланың сыртына шығыңыз.
Табиғаттың тепе-теңдігін сезінуге және жанды қалпына келтіру күштерін сезінуге тырысыңыз.
Өз-өзіңізді бос ұстаңыз! Дұрыс отырыңыз, бұлшықетті босатыңыз, көзіңізді жұмыңыз ойша ішіңізден бір қарап шығыңыз. Маңдайымыз жазылған . . . Бетіңізді бос ұстаңыз . . . Жағыңыз қарысқан . . . Қолыңызды, денеңізді, аяғыңызды бос ұстаңыз. Ойша сол жаққа көшуге тырысыңыз. Гүлдердің, шөптің хош иісін, жапырақтың сыбдырын, бұлақтың сылдырлағынын сезінуге тырысыңыз . . . Демалыс пен тыныштыққа рахаттаныңыз. Осындай жағдайда 5-7 минут тұрыңыз, одан кейін терең демалып көзіңізді ашыңыз, олардың тілалғыштығын жұмысқа даярлығын тексере отырып аяғыңыздың бұлшықеттерін күштеңіз. Сонымен қатар өзіңді бос ұстау үшін жақсы әуендер де көмектеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz