ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

«Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы арқылы

оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдылары мен танымдық
қабілетін арттыру»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының сипаты мен ерекшеліктері . . . 5

1. 2 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану қажеттілігі мен тиімділігі . . . 10

ІІ. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Математика сабағында деңгейлік есептер шығару арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу . . . 14

2. 2 Математика сабағында деңгейлеп оқытудың тиімділігі . . . 18

ІС-ТӘЖІРИБИЕЛІК БӨЛІМ . . . 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Елбасымыздың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында (17 қаңтар, 2014 жыл) белгіленген «орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуы тиіс»деген міндетін орындауда мұғалімдердің біліктілігі қашанда бірінші орынға шығады. Қазіргі таңда қазақ тілі -мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі -орыс тілі, және ағылшын тілі-әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану- заман талабы болып отыр. [1]

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша - өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгеруді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады. Деңгейлік тапсырмалар рейтинг- ұпай-балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдан білім жинайды. Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі:

-Оқушы деңгейлік тапсырмаларды өздері таңдайды. Егер қиын деңгейлік тапсырманы орындай алмаса, онда ол тапсырмадан жеңілірек алады;

- Әрбір оқушы тапсырмамен қамтамасыз етіледі;

- Оқушыларда бір-бірінен көшіру әдеті жоғалады, адамгершілік қасиетке, жоғары саналылыққа баулиды;

- Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады, ақыл- ойын, ойлау қабілетін дамытады;

Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендебасты мақсат -сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатыстыізгілендіру принципі де сақталады.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі : жалпы білім беретін мектептің оқу үрдісі.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні : мектеп курсында оқытылатын математика пәні.

Зерттеудің мақсаты : баланың тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп оқыту технологияларын оқу-тәрбие процесіне енгізу.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер деңгейлеп оқыту технологиясын және деңгейлік тапсрымаларды математика сабақтарында тиімді қолданса, онда сабақтың жетілуі, мүмкіндігі көрініп, яғни оқушының сабаққа қызығушылығы арта түсіп, мұғалімнің шебер ұйымдастыруынан оқушыда педагогикалық- психологиялық жүйе тәрбиеленеді.

Зерттеудің міндеттері :

  • Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлік тапсырмаларды қолдану нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу.
  • Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, қтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес, ізденуші, зерттеуші, өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру;
  • Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына құрметпен қарау.

Зерттеу базасы: И. Панфилов атындағы № 5 мектеп лицейі

Зерттеу әдістері: математика сабақтарында деңгейлік тапсырмаларды қолдана отырып, әр сабақты жан-жақты жетілдіріп, маңыздылығын арттыру.

І. ТАРАУ. ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Деңгейлеп оқыту технологиясының сипаты мен ерекшеліктері

«Деңгей » сөзі термин ретінде алғаш математика ғылымында пайда болған. Математикада бұл термин «өлшеу құралы», «шам» деген ұғымға саяды.

Жаңа технологиялар ішіндегідеңгейлеп -саралап оқыту технологиясы маңызды орын алады. Осы технологияны 3 ғалым ізденіп, зерттеген. Олар: Н. П. Гузик, Ж. Қараев және Г. Ғ. Еркінбаева.

Деңгейлеп оқыту идеясынң авторы Н. П. Гузик сыныптағы оқушыларды да, соған сәйкес оқу бағдарламаларын да, А, В, С -үш деңгейге бөлуді ұсынады.

«А»- бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т. с. с. талап етеді.

«В»- бағдарламасын орындамас бұрын «А» бағдарламасындағы тапсырмаларды әрбір оқушы орындауға міндетті. «В» - бағдарламасын қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушыларды оқу, ой-әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл бағдарламаға бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша мәліметтер енгізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі.

«С»- бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығармашылықпен қолданылатын деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой-әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді. Өз білімімен мәселелер шешуде оқушыға оның логикалық ойлауын дамытатын мәліметтер беріп, оны шығармашылықпен қолдану перспективасын ашады. Оқушыға өзін қосымша жұмыста көрсетуге мүмкіндік береді.

  • «А» -бағдарламасы оқытудың міндетті нәтижесіне сәйкес келеді.
  • «В» -бағдарламасы оқулықтан қосымша есептер мен жаттығулардың енгізілуін көздейді;
  • «С»- бағдарламасы қосымша оқу-әдістемелік әдебиеттерден алынған тапсырмалардан тұрады.

Әр пәндегі оқу бағдарламасын таңдау оқушының өзімен ойласа отырып жүргізіледі. Әрбір тақырып бойынша өткізілген сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.

  • Бірінші-тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды декциялар деп атайды)
  • Екінші- қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы. Мұндай сабақтар бірнеше рет (3-5 дейін) өткізіледі.
  • Үшінші - қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары.
  • Төртінші- материалды пәнаралық қорытындылау сабақтары (оларды тақырыпты қорғау сабақтары деп те атайды) .
  • Бесінші - практикум сабақтар.

Барлық оқушы білім стандарты деңгейін толық игергеннен кейін ғана жаңа материалға ауысу жүзеге асырылады. Жалпы сыныптық, топтық және жеке жұмыстар арасындағы үйлесушілік базалық стандарт деңгейінде оқушылар біліміндегі ақаулықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың біліміндегі ақаулықтарды жою үшін олармен сыныптан тыс жеке жұмыстар жүргізуге тура келеді. Әр пәнді деңгейлік бағдарламаны таңдау оқушының өзіне ұсынылады. Осылайша ортақ базалық білім минимумы қамтамасыз етілуімен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына да кеңістік ашылады. Білімді бақылау кезінде деңгейлеу тереңдей түсіп, әрбір оқушының жетістігі есепке алынады. Яғни білім берудің буындары: түсіндіру, бекіту, тексеру барлығы деңгейлеп жүргізілуі тиіс.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс- әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

3) Деңгейлеп - саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады; ең төменгі деңгей ( базалық) , бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгейі көрсетілген :

Бірінші деңгей-«үйренушілік» (Репродуктивтік) . Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.

Екінші деңгей- «алгоритімдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.

Үшінші деңгей- «эвристикалық». Бұл деңгейде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс- тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.

Төртінші деңгей - «шығармашылық». Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың білімділігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.

Саралай оқыту 2 кезеңнен тұрады :

1) Дайындық кезеңдерінің басты міндеттерінің бірі- шәкірттер ішінен талантты, дарындыларды тауып, олардың қабілеттерін дамыту, білімге құштарлығын қанағаттандырып, белсенділіктерін арттыру.

2) Негізгі кезең- оқушыны ынталандырған пәндерді айқындап, ондағы оқуға қажеттілерді тереңдете оқытуға назар аудару.

Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:

  • Дәстүрлі оқытуға тән оқушылардың барлығы бірдей тең дәрежеде оқытуды қабылдамайды. Оқыту мазмұны әр сыныпқа, топқа, оқушыларға білімді қабылдау қабілетіне сай ұсынылады. ;
  • Мұғалімнің білімі нашарларға көмекттесуге, қабілеті жоғарыларға ерекше назар аударуға мүмкіндік болады;
  • Оқушының өз қабілеттерін терең және жан- жақты іске асыруға мүмкіндігі болады;
  • «Мен» тұжырымы деңгейі көтеріледі, қабілеттілік, білімділігін тереңдетеді, сенімі бекиді, білімі нашарлардың көзіне сенім пайда болады;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саралап оқыту технологиясының мәні
Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану
Орта мектеп практикасындағы саралап оқыту
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшелігі
Қазіргі кезеңдегі жоғары сынып оқушыларына инновациялық-дидактикалық оқыту технологиясы арқылы білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
Деңгейлеп - саралап оқыту технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясының теориялық негіздемесі
Сөз таптарын оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану үлгілері
Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшеліктері
Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz