Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу


Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары. Вексельдер арқылы есеп айырысуЧектермен есеп айырысуТөлем карточкаларымен есеп айрысуТөлем талап - тапсырмалары арқылы есеп айырысуТөлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2. 1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2. 2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
3. Ақша қаржысы, құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу
3. 1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу
3. 2 Құнды қағаздар
3. 3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.
ІІІ. Қорытын
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
1) ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын;
- шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары менқозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталықшоттарды;
3) бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, ком-
мерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық
шоттарды;
4) республикалық бюджетте түрған мекемелерге бюджеттік
шоттарды;
5) Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге
корреспонденттік шоттарды ашады.
Касса - есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әртүрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.
Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.
Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есебінің міндеттері:
- Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қолақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу.
- Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысынжәне есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету,
- Бөлінген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау.
- Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есепайырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүр-гізу. Мерзімі кешігетін дебиторлық және кредиторлық берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру.
- Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар-жоғы мен сақталуына бақылау жасау.
- Есеп айырысу-төлем тәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуына, сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.
Уақытша бос ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін шаруашылық субъектісі өзі таңдаған банкте есеп айырысу шотын ашады.
Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:
1) шот ашуға арналған - өтініш;
2) қойылатын қол мен мөртанба белгісінің үлгісі бар карточка;
3) субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы;
4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
5) Жарғы мен құрылтай шартының (егер құрылтайшылар саны 1-ден көп болса) көшірмесі.
Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектісі оның иесі болып табылады. Ол өзіне берілген құқықтардың шегінде осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.
Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде орындайды:
- Қолма-қол ақшаларды кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде қолма-қол ақша салымының мәлімдемесі рәсімделеді.
- Әр түрлі мақсаттар үшін кассаға алынғанда - чек рәсімделеді.
- Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады.
- Субъект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болғанда - төлем талап-тапсырмасы жасалады.
- Шаруашылық істері жөніндегі алқаның (комиссияның) бұйрығы, сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан қаражаттар есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.
1. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.
Есеп айырысу нысандары.
Барлық шаруашылық жүргізіші субъектілер өз ақша қаражаттары банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бүл келтірілген мәлемет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттары сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары-бұл банк мен клиентер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететің әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағамдық, жинақтық және корреспондентік болып бөлінеді.
Корресмпонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктіқ шоттар, бірақ олар жеке және занды тұлғаның оқшаланған бөлемшелері үшін де ашылады.
Шетелдіқ валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртықы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімнін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредивтер, чек (аванс) кітапшаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат лардындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұксатынсыз және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазакстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынады; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; төлем-тапсырма төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарың инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім - шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетка да жатқыза алады.
- Вексельдер арқылы есеп айырысу.
Вексель - біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін камтитын қатан нысанда белгіленген төлем құжаты, яғни бұл қатаң белгіленген жазбаша үлгіде көрсетілген ақшалай борышты міндеттеме.
Вексель - өзінің иесіне төлеу мерзімі келуі бойынша онда аталған ақшалай соманы талап етудің сөзсіз құқығын береді. Вексель бойынша оны берген немесе төлеуге келісім берген (акцепттеген) тұлға төлеуге борышты. Вексельді жазып беруші кәсіпорын (тұлға) борышкер болып саналады. Сатылған тауарлардың төлем ақысы есебінен вексельдің қабылдаушы кәсіпорын (тұлға) кредитор (қарыз беруші) болып саналады.
Вексель қаражаттары бойынша есептесудің есебі. Вексель (қарыздық қолхат, міндеттеме) - бұл вексель берушінің вексель ұстаушыға (вексель иесіне) белгілі бір соманы мерзігілі жеткен бойда қарыздық міндеттемені сөзсіз төлеуді куәландыратын бағалы қағаз.
Вексель - бұл вексель айналымы жолымен берілетін коммерциялық несиенің түрі (вексельдің бір иегерден басқасына берілуін ақша алмастырады) .
Вексель заңмен ұйғарылған үлгіде жазылуға тиісті, тек соңда ғана ол өзінің заңды күшіне енеді. Дұрыс жазылған вексель бойынша төлеуден бас тарту сотқа шағымдануға және борышкердің мүлкі есебінен онда көрсетілген соманы мәжбүрлі түрде өндіруге негіз береді. Вексель жеткілікті дәрежеде сенімді бағалы қағаз болғанымен, ол ақшаны толық қайтарып алуға кепілдік бере алмайды. Борышкер кәсіпорын (вексель беруші) банкроттық жағдайына түсіп және оның мүлкі барлық вексельдер бойынша төлемдер үшін жетпей қалуы мүмкін.
Вексель жай және аударма болып келеді:
Жай вексель (соло-вексель) - талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады. Жай вексель кредитордың (вексель ұстаушының) пайдасына борышкерге (вексель берушіге) төлеу міндеттемелерін мойындатады. Оны борышкер жазып береді және оған қол қояды. Екі тарап қатысады; вексель беруші және вексель ұстаушы. Вексельде берілген орны мен күні, міндеттеменің жалпы сомасы немесе % төлеу жөніндегі міндеттеме бөлек түрде төлемнің мерзімі мен орны, алу-шының атауы, екі тараптың қойған қолдары көрсетіледі
Аударма вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (реминтентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вескельде көрсетілген ақшаны тілейтіні туралы басқаша ешбір шарт койылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша «бұйрыққа» ұқсас болып келеді. Аударма вексель(тратта) үшінші тұлғаға (ремитентке) көрсетілген соманы төлеу туралы борышкерге (қарыздарға) бұйрықты мойындатады. Бұл вексельде көрсетілген соманы белгіленгеи мерзімде ұсынушыға немесе үшінші тұлғаға (эмитентке) төлеу жөнінде кредитордың (трассанттың) борышкерге (трассатқа) берген бұйрығы. Аудармалы вексельді төлеуші (трассәнт) табыстау қолының (индосаменттің) көмегімен акцепттеуге тиіс. Аударма вексельдер мен коммерциялық қызметтің бірқатар варианттары бар. Сатушы траттаны несиенің мерзімі біткенше ұстап тұрып, онан соң олардың төлеуін талап етуі мүмкін. Бірақ ол вексельді банкіге белгілі мөлшерде кемітумен сатып, оны кепілдіке қойып банкіден ссуда алып немесе оны бағалы қағаздар нарығында сатып, дереу ақшасын алуды артық көреді. Қазіргі уақытта жеткізушілер мен алушылардың арасында есептесу түрлерін таңдауда шектеулер жойылған. кәсіпорындар несиеге өнім жіберу, жұмыстар орындау және қызметтер атқаруы мүмкін.
Мұндай жағдайда алушылар мен тапсырысшылар кәсіпорынға тек қана өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) құны емес, оған қоса төлемдердің мерзімін ұзартқаны үшін өсім - коммерциялық несие үшін процентін аударады. Дәл осындай мәмілелерді жасау үшін вексельді пайдалану өте қолайлы.
Вексель бірнеше рет пайдаланылуы мүмкін, сөйтіп әмбебап несиелік - есеп айырысу құжатының рөлін атқарады. Вексель қаражат-тардың айналымын, банктегі вексельдердің есебін (дисконттеуді) жылдамдатады. Мұндай жағдайда вексель ұстаушы индосаменттің көмегімен вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін банкке табыстайды және банк пайдасына берілетін есептік процентті (дисконтты) шегеріп тастап, вексель сомасын алады. Бухгалтерлік есепте вексель емес, вексельді қамта-масыз ететін берешек сомасы көрсетіледі. Ал вексельдің өзі баланстан тыс 1070 - "Қатаң есеп беру бланкілері" шотында ескерілуі мүмкін. Алынған (жөнелтілген) өнімдер, жұмыстар мен вексельге алынған қызметтер үшін сатып алушылармөн және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі 1210 - "Алынған вексельдер" шотында жүргізіледі.
1. Жөнелтілген өнімнің, орындалған жұмыс пен қызметтің өзіндік құны Д-т 7010 К-т 1320, 8010, 8030 - 10. 0 000
2. Өнімдердің, жұмыстар мен қызметтердің ҚҚС-сыз келісім құнына Д-т 1210 К-т 6 010 - 125 000
3. ҚҚС сомасына Д-т 1210 К-т 3130 - 25 000
4. Өнім, жұмыс пен қызмет үшін вексель алынды (6 әйға) Д-т 1210 К-т 1250
5. Вексель бойынша % есептелді. Мыналарды ескеру қажет:
ә) инфляция проценті (3%) = 18%
б) банктік процент жылдық 32% -16% жиыны 34 %
150 000* 34% = 51 000
Д-т 2170 К-т 6110
6. Вексель бойынша төлем мерзімі басталғанда
а) вексель сомасына Д-т 1050, 1040, 1010 К-т 1210 - 150 000
7. Вексель бойынша төлем мерзімі бастапғанда.
Банкте вексельді досконттау (есепке алу) .
- Вексель үшін қарыз алынды Д-т 1040, 1050 К-т 3010 - 130 000
- Дискоит сомасына (банк %) Д-т 7320 К-т 7310 - 20 000
- Вексель бойынша төлем мерзімі басталған бойда банк авизосы (хабар-ламасы) негізінде вексельді қайтармағанда Д-т 3010 К-т 1210 - 150 000
- Бексель бойынша процент сомасына Д-т 1050, 1010, 1040 К- т 2170 - 51 000
- Егер вексель мерзімінде төленбесе, онда банктен алынған қарызды қай-тару қажет Д-т 3010 К-т 1040/1010, 1050 - 150 000, ал алынған вексельді субшотқа қою керек Д-т 1210 (мерзімі кешіккен вексельдер) К-т 1210/1 (мерзімді вексельдер)
- Банк дисконтының сомасына Д-т 3010 К-т 1040 - 20 000
Вексель берушінің есебінде берілген вексельмен қамтамасыз етілген, жеткізушілермен, мердігерлермен және басқа кредиторлармен есеп айырысу жөніндегі берешек 3310/1-шотта (берілген вексельдер субшоты) көрсетіледі.
- Алынған өнімнің, жұмыс пен қызметтің келісім құнына, ҚҚС-сыз Д-т 1310-1315, 1217, 1330, 2930 К-т 4110/1 - 125 000
- ҚҚС сомасына Д-т 1420 К-т 4110/1 - 25 000
- Вексель бойынша процент Д-т 7310 К-т 4160 - 51 000
- Вексель бойынша төлем мерзімі басталғанда:
а) вексель сомасына Д-т 4110/1 К-т 1040, 1050, 1010 - 150 000
б) процент сомасына Д-т 4160 К-т 1050, 1040, 1010 - 51 000
Алынған және берілген вексельдердің талдамалы есебі төлем мерзімі кешіккен вексельдер және төлем мерзімі әлі басталмаған вексельдер туралы деректерді қамтамасыз етуге тиіс.
5. Жолдағы аударымның және банктегі арнайы шоттардағы қаражаттардың есебі.
Кәсіпорындар қолма қол ақша қаражаттарын есеп айырысу шотына немесе субъектінің басқа шотына есептеу үшін банктердің, халықтық банктің немесе пошта бөлімшесінің кассасына өткізу арқылы операция жасайды. Ақша қаражатын табыстау мен оларды есеп айырысу шотына есептеу уақыты бойынша сәйкес келмейді. Кейде есепті кезеңнің соңында мынадай жағдай кездесуі мүмкін: ақша қаражаты пошта аударымы арқылы, халықтық банктің немесе банк мекемесінің кассаларына еткізу жолымен аударылған, алайда ай соңына дейін олар есеп айырысу шотына есептелмеген. Мұндай сомалар жолдағы ақша аударымдары деп аталады және олар 1030-"Жолдағы ақша аударымдары" шотында ескеріледі
Вексель : құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, құжат қай тілде толтырылса, онда сол тілде «вексель» деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) татуы - тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.
Жоғарыда қөрсетілген талаптар құжаттар тұтастай сақталмаса, тек төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойынша төленетін вексель ретінде қарастырылады.
Ерекше нұскауы болмаған кезде төлем жасаушының тұратын орны болып есептелінеді. Вексельдің жасалған орны көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.
Аударма вексель вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын вексель ретінде берілуі мүмкін. Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір орында төленуі мүмкін.
Вексельде пайыздық мөлшерлеме (проценттік ставкасы) көрсетілуі тиіс, мұндай нұскау болмаған жағдайда шартқа қол қойыдмаған (жазылмаған) деп саналады. Пайыздың есептелген күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап есептелінеді.
Кез келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін.
Егер вексель беруші аударма вексельде «Бұйрыққа емес» немесе осыған ұқсас мағынада сөз жазылса және ол құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым цессиямен берілуі мүмкін. Индоссамент вексель берушінің пайдасына, не вексель бойынша міндетті басқа кез келген адамның пайдасына вексельді акцептегеніне, не акцептемегеніне қарамастан төлем жасаушының пайдасына, жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар, өз кезегінде, вексельді табыстай алуына болады.
Индоссамент қарапайым, алдын ала ешбір келісім - шарт қойылмаған болып келеді. Оның шартты жағдайларының бірі шектелетін болса, онда оған қол қойылмаған, яғни жазылмаған болып есептелінеді.
Индоссамент ұсынушы бланкті күші бар индоссамент болып табылады. Индоссамент айдарма вексельде немесе оған қосылған параққа қол қойылуы тиіс. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық құқықтарды иелік етеді. Егер индоссамент бланкті болса, онда вексель ұстаушы бланкті өз атына немесе басқа бір адамның атына табыстай алады; бланк толтырмай және индоссамнет жасамай- ақ вексельді үшінші адамға бере алады.
Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссант акцент пен төлемге жауап береді. Ол кейінгі индоссаментке тыйым сала алады; бұл жағдайда вексель кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілсе де, ол олардың алдында жауап бермейді.
Қолында аударма векселі бар тұлғаның құқығы үздіксіз бірқатар индоссамент жасау арқылы негізделсе де, соңғы индоссамент бланктік болғанымең, заңды аударма вексель ұстауышы тұлға ретінде қарастырылады.
Бұл ретте сызылып тасталған индоссаментер жазылмаған деп есептеленеді.
Аударма вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін вексель ұстауышы немесе қолында вексель тұрған қарапаыйым тұлға да төлем жасаушыға акцептеу үшін тұрған жерінде ұсына алады.
Егер төлем жасаушы өзінің келісімі туралы вексель ұстаушыға немесе қол қойған адамдардың біріне хабарласа, онда ол олардың алдында өз келісімінің шарттарына сәйкес өз міндеттерін орындаған болып саналады. Аударма вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасың бір бөлігін аваль ақылы қамтамасыз етуіне болады. Мұндай қамтамасыз етуді үшінші адам немесе типті вексельге қол қойған адамдардың бірі бере алады.
Аваль аударма вексельде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль берілген орын көрсетілсе, онда ол жеке актімен де берілуі мүмкін. Ол «аваль деп есептелсін» деген сөздермен немесе осындай мағынасы бар белгілі мәтіндегі формуласымен білдірсе, онда оған аваль берген адам қол қояды. Аваль үшін төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса, аударма вексельдің бет жағына авальшының қойған қолы жеткілікті. Авальда ол кімнің есебінен берілгені көрсетіледі. Ол көрсетілмеген жағдайда аваль вексель беруші үшін берілген деп есептелінеді.
Авальшы ол үшін аваль берген адаммен бірдей жауап береді. Аударма вексельге ақы төлей отырып, авальшы кепілдік берген адамға қарсы және аударма вексельге байланысты осы соңғы тұлғаның алдында міндетті адамдарға қарсы вексельден туындайтын құқықтарды иеленеді.
Аударма вексель ақы төлеу үшін ұсынғанда; ұсынғаннан кейін бір уақытта; вексель жасалғаннан кейін белгіленген бір кұнде берілуі мүмкін. Тағайындалған өзге мерзімдер немесе төлемнің бір ізде мерзімдерін қамтитын аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған мерзімінде төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем жасауға ұсынылуы мұмкін, бірақ белгіленген мерзімнен бұрын төленуін талап етуге болмайды. Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы мерзімнен бастап жүреді. Ұсынғанаң кейін белгілі бір уақытта жасалған аударма вексель бойынша төлем мерзімі не акцептелген күнімен, не қарсылық білдіру күнімен айқындалады. Қарсылық білдіру болмаған жағдайда күні койылмаған акцеп акцептантқа қатысты акцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы кұнінде жасалған болып есептелінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz