Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарының зерттелуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Әдебеттен сыныптан тыс жұмыстардың

түрлері мен әдістері.

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3-4б.

І. СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ӘДЕБИ ЖАНР ТҮРЛЕРІН

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

1. 1Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарының зерттелуі . . . 5-7б.

1. 2. Әдеби жанр түрлері . . . 8-12б.

1. 3. Әдебиеттен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың оқушының білімін

тереңдетудегі қызметі айқындалады . . . 13-14б.

ІІ. ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС

ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

2. 1. Әдебиеттен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың жалпы

сипаттамасына арналған . . . 15-17б.

2. 2. Сыныптан тыс жұмыстар, олардың түрлері. 18-28б.

2. 3. Сыныптан тыс оқыту - тәрбие жұмысының негізі . . . 29-30б.

ІІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

Сабақ жоспары . . . 31-33б.

ІV. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34б.

V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35б.

Кіріспе

Зерттеу жұмысының тақырыбы : Әдебеттен сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен әдістері.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, тіліміздің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты жастарға жүйелі білім берумен қатар, оларды Отанға, елге, жерге, ұлт мәдениетіне деген шынайы сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұлттық рухани келбет қалыптастыру ең маңызды істердің біріне айналып отыр. Халқымыз ғасырлар бойы жиған асыл рухани қазыналарын, қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіруде қазақ әдебиетінің үлесі ерекше зор.

«Қазақ мектебіндегі қазақ әдебиеті пәні - білімділік, тәрбиелік үлкен жүк көтеретін, әр жақты қызметтер атқаратын ең маңызды пәндердің бірі », деп, әдеби білім тұжырымдамасында орынды көрсетіледі. Әдебиет пәнінің негізі көркем шығарма болғандықтан: оқушы одан әр жазушының жан толғанысынан туған, өзіндік қайталанбас өнер құдіретімен танысады. Өнегелі оқиғалар, үлгілі кейіпкерлер арқылы жасөспірімдерді тәрбиелеу, адамгершілік биіктікке үндеуінің маңызы айрықша, орны бөлек. Бұл -әдебиеттің тәрбиелік рөлінің түп қазығы, сарқылмас қайнары.

Қазақ әдебиетінің бүкіл байлығын сабаққа бөлінген сағат көлемінде оқушыға меңгерту мүмкін емес. Сондықтан қазақ әдебиеті бойынша материалдың көпшілігін оқушыға игертуде әдебиеттен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы өте зор, әдебиет пәні мен одан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың алдына қоятын мақсат, міндеттері бір, ол оқушы жастарға білім әрі тәрбие беру. [4]

Сыныптан тыс жұмыстар оқушының бос уақытын пайдалы іспен толықтыру мәселесіне сыяды. Қазіргі заманда оқушының бос уақытын дұрыс пайдалану бүкіл әлем педагогтерін қатты толғандырып отыр, өйткені оқушының жақсы өсуіне, білімінің кеңеюіне азамат ретінде қалыптасуына оның бос уақытында ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстардың маңызы өте күшті. Мектеп білім алудың кілтін ғана береді. «Мектептен тыс білім алу, бос уақытты орынды пайдалану -бүкіл бір ғұмыр!» -деген А. В. Луначарский сөзінде үлкен мән жатыр. Әдебиет пәніне байланысты сыныптан тыс жұмыстардың атқаратын қызметі мен оның маңызды бүкіл әлемдік педагогика ғылымында танылмағанымен, қазақ әдебиетін оқытуға байланысты жүргізілетін жұмыстарда әлі күнге дейін бұл теориялық деңгейде жан-жақты зерттелмеген тың мәселе, оның ғылыми әдістемесі де біздің елімізде әзірге жасала қоймағаны көпшілік қауымға белгілі.

Қазіргі кезде оқушылардың өздігінен оқуға, кітаппен сырласуға ынта-ықыласы төмендеп кеткені әлемдік деңгейдегі проблема болып отыр, саналы қауымды қобалжытып отыр. [4, 10]

Зерттеу жұмысының мақсаты : Әдебиеттен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ғылыми- теориялық әдістемесін жасау мақсат етіледі.

Зерттеу жұмысының міндеттері :

  • Педагогика мен психология ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сүйене, озат мұғалімдердің тәжірибесін ескере, қазақ әдебиетіне байланысты сыныптан тыс жұмыстардың ғылыми негізін белгілеу;
  • Әдебиетке байланысты сыныптан тыс жұмыс әрбір оқушының бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес ұйымдастырылуын, оқушының бос уақытта пайдалы іспен шұғылдануын ететіндей ұтымды әдіс-тәсілдерді іздестіру;
  • Әдебиетке байланысты сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен түрлерін, оларды мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес ұйымдастыру жолдарын анықтау;
  • Оқушылардың қабылдау дәрежесіне сәйкес оқырмандық ынта-ықылас туғызудың жолдарын қарастыру, әдістемесін жасау, тұрақты оқырмандық қызығушылықты тәрбиелеу;
  • Әдебиеттен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда егеменді еліміздің болашақ азаматтарын ұлттық мәдениет, халық дәстүрімен таныстыруға, ата-бабаларымыздың отаншыл қасиетті үлгілерін жете түсініп, игеруге бағыттау;
  • Әдебиетке байланысты жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар, арқылы оқушылардың өзіндік ой дербестігін қалыптастыру, шығарманы түсіну, қабылдау талдауда икем дағдыларын жетілдіре түсу, эстетикалық сезімін тереңдету, әдеби шығармашылық дарын көзін ашу; [1, 3]

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы :

  • Әдебиеттен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстың оқушының әдебиеттен сабақта алған білімін толықтыратын; білімін кеңейтетін негізгі арна екені ғылыми тұрғыда дәлеледеніп, эксперимент нәтижесі арқылы ол расталды.
  • Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері, шарттары анықталды, әсіресе, оқушының бейімділігі мен қабілетін ескере, оны дамыту нысанаға алынатыны дәлеледенді. Саналы азамат, талантты тұлға өсірудегі маңызы айқындалды.
  • Әдебиетке байланысты жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері айқындалып, жүйеленді, мазмұны белгіленді, оны сабақпен ұштастыра өткізудің ұтымды жолдары, тиімді әдіс-тәсілдері анықталды

Күтілетін нәтиже: Егер де оқушылармен сыныптан тыс жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылса, сыныптан тыс жұмыстардың жаңа түрлері қарастырылып еңгізілсе, онда оқушының әдебиеттен сабақта алған білімін толықтыратын, білімін кеңейтетін, адамгершілігі мол, дамыған азамат болатыны сөзсіз.

І. СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ӘДЕБИ ЖАНР

ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

1. 1Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарының зерттелуі.

Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі - сыныптан тыс оқыту .

Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.

Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем - дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты - оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі. [2, 8]

Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп.

Әдебиеттен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар негізінен мектепте өтілетін қазақ әдебиеті сабағының мазмұны, оқыту әдістемесімен тығыз байланыста қарастырлады. Қазақстан Халық ағарту Комиссиариаты білім кеңесінің шешімі бойынша 1930 жылы Қызылорда қаласында тұңғыш бағдарлама «Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған бағдарлама және түсінік хаттар » деген атпен басылып шықты. Бұл тұңғыш бағдарламада М. Әуезов әдебиет мәселелерімен қатар алғаш рет сыныптан тыс оқу мәселесін көтеріп, балаға бұл мақсатта пайдасы тиетін кітаптардың тізімін жасау керектігін көрсеткен. Ұсынылған шығармалар, баланың әдебиет сабағына байланысты болуын құптайды. Демек, әдебиет әлі жеке пән ретінде оқылмаған күннің өзінде ұлы жазушы М. Әуезов көркем шығарманы сыныптан тыс оқу мәселесіне ерекше мән беріп, құнды ұсыныс, пікірлер білдіргенін көреміз. М. Әуезов 1930 жылдан сыныптан тыс оқу мәселесін көтергенімен, ол 1940 жылға дейінгі бағдарламадан көрініс таппады, тек 1940 жылға Ш. Кәрібаев жасаған бағдарламада ғана бірінші рет назарға ілікті. 1939-1940 жылдары белгілі педагог-ғалым әдіскер Шайқы Кәрібаевтың басшылығымен әдебиетті оқыту бағдарламалары жасалды. Бағдарлама әдебиетті сөз өнері деп қарап, оның идеялық -эстетикалық, білімділік- тәрбиелік маңызын анықтай түсті. Оқушылардың сыныптан тыс уақытта оқуына тиісті шығармалардың шағын тізімі көрсетілді.

Әдіскер Ш. Кәрібаев негізін салған әдебиетті оқыту бағдарламалары одан әрі тереңдетіліп, үнемі жетілдірілуде болды. 1950-1960жылдарда әдебиетті орта мектепте оқытудың көптеген ғылыми тәрбиелік мәселелері бойынша ауқымды зерттеулер жүргізіліп, әдістемелік ой-пікірлер айқын ғылыми сипат ала бастады. Бұлар Ш. Кәрібаев, Т. Ақшолақов, Ә. Қоңыратбаев, А. Көшімбаев, Ә. Дайырова, С. Тілешова еңбектерінен көрінеді. [1, 10]

Еліміздің егемендік алуына байланысты рухани қазыналарымызға оралу қажеттігін талап етіп отырған қоғамдлдық сұранысқа орай әдебиет пәнінің бүкіл мазмұнын, оқу-әдістемелік жүйесін қайта жақсарту қажеттілігі туды. 1993 жылдан бастап республика мектептері өтпелі бағдарламамен жұмыс істей бастады. Онда оқырмандық мәдениетті көтеруге ықпал жасау жағы ескеріліп: «Оқушылардың сыныптан тыс және факультативтік оқуын және оқыған кітаптары бойынша пікір -сайыс, оқырмандар конференциясын, сол сияқты әдебиет үйірмелерінің жұмысын оқушыларға білімджілік және тәрбиелік жағынан маңызды, қызықты тақырыптардың төңірегінде топтастырып ұйымдастырылған жөн » /Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламалары. - Алматы, - 1993. - 52бет. /- деп көрсетілді.

Сыныптан тыс жұмыстар мен сыныптан тыс оқу туралы осы бағдарламада көрсетілген жұмыстың түрлері бұған дейінгі 1951 жылғы бағдарламадан бастап, 1993 жылға дейін өзгеріссіз қайталанып келді және оны жүргізу мәселесі мұғалімнің еркіне қалдырылып отырды.

Сол себепті, әдебиет бағдарламаларында әдебиеттен жүргізілетін сыныптан тас жұмыстар, сыныптан тыс оқу, оларды ұйымдастырудың жолдары туралы толық бағыт-бағдар беріліп отырды дей алмаймыз.

Әдебиеттен жүргізілген сыныптан тыс жұмыстар мен сыныптан тыс оқу мәселесінің зерттелу жағдайы іздестіргенде, бұл мәселенің арнайы ғылыми-зерттеу объектісі болмағаны анықталды. Бірақ мәселе мүлдем елеусіз қалды деуге болмайды. 1956 жылы жылы Ә. Қоңыратбаевтың авторлығымен, А. Көшімбаевтың авторлығымен «Әдебиетті оқу методикасы» оқулықтары баспадан шықты. Қазақ әдебиеті әдістемесі бойынша жазылған бұл оқулықтарда: сыныптан және мектептен тыс жұмыстар оқушылардың әдебиет сабағында алған білім қорын молайтып, ой-өрісін дамытып, дүниетаным қабілетін арттыруына көмектесетіні қысқа айтылады. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері сыныптан тыс оқу, түрлі үйірмелер, көрмелер, кинотеатрға барумен шектеліп, жалпылама шолу берілді.

Сыныптан тыс оқу сабақтары бағдарламалық талаптар бойынша жүргізіледі. Оған бағдарламада қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады.

Сыныптан тыс оқуға бөлінген сағат көп емес. Бөлінген уақытты ұтымды пайдалана отырып, оқушылардың әдебиет сабақтарында алған білімдерін сыныптан тыс оқу сабақтарында кеңейту мен тереңдетудің тиімді жолдарын іздестірген жөн. [3]

Сыныптан тыс оқу сабағы - әдебиет сабағының жалғасы. Ол арқылы мұғалім оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді, оқыған шығармаларды есепке алады, қадағалайды, тексереді, оқушылардың қабілетін арттырады. Сыныптан тыс оқуға арналған сабақтарда оқушылар бірде сабақта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқыса, бірде кейбір үстірт түсіндірілегн мәселеге қайта оралып, оны нақтылай, дәлелдей түседі, енді бірде оқушыларды алда болатын әдебиет сабағына дайындайды. Бұған қарап сыныптан тыс оқу сабағын қалыптағы дәстүрлі әдебиет сабағы деуге болмайды. Себебі, сынып сағатына қарағанда, мұнда оқушылардың дербес жұмысына, өзіндік ізденуіне, пікір еркіндігіне мол мүмкіндік беріледі. Сондай - ақ баланы жеке адам ретінде қалыптастыруға қажетті тәрбие жұмыстарын іске асыруда сыныптан тыс оқудың маңызы зор.

1. 2. Әдеби жанр түрлері

Әдеби жанрлар (фр. тілінде genre - түр, тек, жанр) - ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады.
Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.

Әдеби жанр (французша genre - тек, түр) екі түрлі мағынада қолданылады:

Әдебиеттің тектері - эпос, лирика, драма

Әдеби шығармалардың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т. б.

Эпос (грекше epos - баян, әңгімелеу, тарихтап айту) - көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.

Эпостың туу, қалыптасу тарихы тым әріге, адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын, баяғы бабалар заманынан бері қарай ауыздан ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып қалдырып келе жатқан әдеби туындыларының дені - эпостық шығармалар. Олай болса, эпос - көркем творчествоның ең бір егде, етене, кең тынысты, кәмелетті түрі. [4, 12]

Эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі.

Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді:

шағын көлемді эпикалық түр

орта көлемді эпикалық түр

кең көлемді эпикалық түр

Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірар эпизод мөлшерінде жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мұндай шығарманың көлемі де шағын, ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан, дайын қалпында көрінеді. Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы - шығарма сыртында - баяндаудан да, суреттеуден де тыс; авторлық материал - нағыз қажетті детальдар мен штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі, арналы даму үстінде емес, қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбектеледі; композициясы да - жинақы, үйірімді, ширақ.

Шағын көлемді эпикалық түрге - миф, аңыз, ертегі, мысал, новелла, әңгіме, очерк, фельетон жатады.

Миф - табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян.

Эпостың көне түрлерінің бірі - аңыз. Бұл да миф секілді әсіре қиял аралас фантастикалық хикая. Бірақ мифтен өзгешелігі - аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. Әр халықтың тарихындағы әлдебір абзал адамдар - аса көрнекті қайраткерлер хақында да талай аңыздар туған.

Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі - ертегі. Бұл да миф пен аңызға ұқсас, адам өмірінде не хайуанат дүниесінде болуға лайық әр алаун қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая.

Мысал - эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге, келекеге, мазаққа айналып, сықақпен сыналады. Мазмұны бүкпелі болғанмен, идеясы астарсыз, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді.

Феодализм мен капитализм тұсында туған түрдің бірі - новелла (итальянша «novella - жаңалық, соны сөз») - «бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымды әңгіме» (Гете) .

Шағын көлемді эпикалық түрдің соңғы жүз жыл ішіндегі нағыз классикалық үлгісі - әңгіме.

Әңгіме - қиын жанр. Алдымен көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс.

Шағын эпостың әңгімеге жақын түрі - очерк. Очеркте суреттелетін шындық - ойдан шығарылған нәрсе емес, өмірде болған не бар ақиқат, очерктің қаһарманы - ойдан жасалған бейне емес, өмірде болған не бар адам.

Эпостың шағын түріне жататын очерек секілді аралық жанрдың бірі - фельетон (французша «feuilleton - парақ») ; бұл да әрі әдеби жанр, әрі газет жанры. Өлеңмен де, қара сөзбен де жазыла береді. Мұның әдеби қасиеті мол жақсы үлгілерінде кәдімгідей көркем бейнелер, қызық мінездер, сатиралық типтер жасалған. [1, 11]

Орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі - повесть пен поэма. Повесте шағын эпостағыдай бір емес, бірнеше оқиға, адам өмірінің бір немесе бірер эпизоды ғана емес, бір алуан кезеңді құбылыстары кеңірек, біраз дамытыла суреттеледі. Сондықтан әңгімеге қарағанда, повестің көлемі де үлкен, сюжеті де күрделі, оқиғларға қатысатын қаһармандар да біреу емес, бірнешеу.

Орта көлемді эпикалық түрдің повестен басқа тағы бір түрі - поэма - өлеңді повесть, өмірде болған не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адамдар тағдры мен заман шындығын көлемді, желлі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу.

Кең көлемді эпикалық түрге роман мен эпопеяны жатқызамыз. Роман - орта ғасырларда роман тілінде жазылған шығармалар осылай аталған. Сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік еткен орта ауқымында, жанжақты мүсіндейді. Басқа жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтиды.

Эпопея тарихи тақырыпты кең қамтып, халық өмірінің өткен кезеңдерін көркем бейнелейтін жанр.

Лирика (грекше «lyra - ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы») - әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне, өлеңмен жазылады.

Лириканың негізгі түрлеріне баллада, идиллия, мадригал, сонет т. б. жатқызамыз.

Лириканың антик әдебиетінде көп тараған түрлерінің бірі - идиллия (грекше «eidyllion - суреттеу, сурет») - әледбір парықсыздау салтанат, қаракетсіз қызық, уайым-қайғысыз қызғылт өмір туралы жыр.

XIV ғасырдағы француз әдебиетінде идиллия мадригалға (французша «madrigal - малшы сазы») ауысты. Бұл да басында жым-жырт, ың-жыңсыз рахат тіршілікті мадақтайтын өлең болатын, кейін әйелдерге арналған альбомдық сипатқа көшті; енді бірде азын-шағын сықақ, күлкі араласатын болды.

Лириканың келесі түрі -ода (грекше «ode - ән») - есімі елге тараған жеке адамдарды не батырларды мадақтаған не болмаса ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптеген аса көтеріңкі, көңілді жыр.

Лириканың әдемі түрлерінің бірі - сонет (итальянша «sonetto; sonare -сылдырау, сыңғырау») - арнаулы өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең; XIII ғасырда Сицилияда туған; Данте, Петрарка көп жазған; кейін Батыс Европаның басқа елдеріне кең тараған; классикалық үлгілерін Шекспир жасаған. [5]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері
ӘДЕБИЕТТЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
ӘДЕБИЕТТЕН СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Сабақтан тыс жұмыс түрлері
Мектеп оқушыларында салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
Қазақ тілінің жазба жұмыстардың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz