Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
3
Әдебиетке шолу
5
1. Жүйке жүйесінің қызметтері
1.1 Жүйке жүйесінің филогенездегі дамуы
8
1.2 Жүйке жүйесінің онтогенездегі дамуы
9
2.Орталық жүйке жүйесін тежейтін дәрілік заттар
2.1 Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы
15
2.2 Орталық жүйке жүйсіндегі тежелу
21
2.3 Организмнің әрекеттік қалпы
27
Қорытынды
31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
33
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
Физиология -- ағзаның тіршілігін, оның барлық мүшелері мен торшаларының қызметін зерттейтін ғылым.
Сонымен катар, олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайды. Өмір сүру, қоршаған орта (яғни экология), басқа да сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты өтіп жататын ағзадағы құбылыстарды бақылайды.
Бұған қоса, физиологияның мәселелері органикалық дүниенін эволюциялык дамуына байланысты қаралады.
Физиологияның заңдылықтары студенттерге таныс анатомия, гистология, цитология, биохимия, биофизика және микробиологияның мәліметтеріне негізделген.
Жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелердің, жүйелердің қызметтерін қадағалап, реттеп отырады. Адамның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ете отырып, оның өзгерген орта құбылыстарына бейімделуіне, тіршіліктің қалыпты жүруіне жауап береді. Бас миының атқаратын ерекше қызметтері: ойлау, дүниетану, талдау, пікір қалыптастыру арқылы адам сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделумен қатар, өзін қоршаған ортаға да ықпал жасай алады.
Жүйке жүйесі келесі қызметтерді атқарады:
+ ағзаны ішкі және сыртқы ортамен байланыстыруды қамтамасыз етіп, сыртқы әлемді немесе мүшелердің жағдайын бейнелеу
+ ағзадағы барлық ерекше үрдістерді реттеу және басқару
+ маманданған мүшелердің қызмет атқаруы барысында арақатынасын қамтамасыз ету, мүшелерді жүйеге біріктіру
+ мүшелер жүйесін тұтас ағзаға біріктіру
+ жоғары жүйке қызметін атқару, яғни түйсіну, болжау, жаңалық ашу сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Зерттеу өзектілігі. Орталық жүйкенің шеткі жүйкемен байланыстылығын айта келіп, жүрек, сезім мүшелері, адамның ішкі дүниесі туралы жалпы мағлұмат берілді. Дүние тануда, сана-сезімнің дамуында, ой ойлауда, есте сақтауда т.б. психикалық күрделі құбылыстарда мидың, жалпы жүйке жүйесінің сезім мүшелерінің маңызы ғылыми қағидаларға негізделіп толық баяндалды Орталык жүйке жүйесі және жоғары жүйке әрекеті физиология ғылымының маңызды және үлкен бір бөлімі.
Ағзанын жеке мүшелерін белгілі бір жүйеге келтіріп, олардын қызметін сол тұрғыдан қарайды. Мұндай көзқарас торшалардын, тканьдердің, мүшелердің бір-бірімен қоян-колтық үйлесіп жаткан ішкі байланыстарын ашып, олардың орындайтын кызметтерін толық білуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсеткен қарым-қатынас механикалық қатынастан өзгеше және виталистік пікірге де жатпайды, өйткені физиологиялық құбылыстар диалектиканың зандылығымен өтеді. Демек, диалектикалык материализм физиология ғылымының, әсіресе жогары жүйке жүйесі қызметінің, нақтылы деректеріне сүйенеді.
Сайып келгенде, физиология ғылымы мен диалектиканын арасында өте тығыз байланыс бар. Адамның денсаулығын бақылау үшін медицина оның физиологиялык деректерін пайдаланады. Егер бұл деректер қалыпты мөлшерден өзгерсе, адам ауруға шалдығады. Айталық, дененің қызуы көтерілсе немесе басқа бір өзгерістер туса, физиологиялык функциялардың көрсеткіштері (температура, қанның құрамы т.б.).
Курстық жұмыстың мақсаты: орталық жүйке жүйесін әлсірететін заттар туралы мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың міндеттері: жүйке жүйесі ұғымы, орталық жүйке жүйесінің қызметі және орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Әдебиетке шолу
Абильдинов Р.Б., Аяпова Ж.О., Юй Р.И. (2006) Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) Интеграциялаушы деп аталатын қызметтері сенсорлық сигналдарды тікелей өңдеумен немесе қозғалу және вегетативтік орталықтарды басқарумен байланысты емес. Олар ұйқы-ояу күй циклі, сана, сөйлеу мен ойлау, ес және эмоция сияқты құбылыстардың негізін құрайды. Аталған қызметтер негізінен алдынғы (ақырғы) мидың екі ірі бөлігінде - лимбиялық жүйе мен жаңа қыртыста (неокортексте) шоғырланған деп есептеледі. Бұлардағы жүріп жатқан физиологиялық процестердің мәнісін, табиғатын түсіндіруге жасалған көптеген ғылыми талаптардың бір парасы шартты рефлекстер туралы іліммен (жоғары нерв әрекетінің физиологияс деген атпен кеңестік физиологиялық мектепте кең қолдауға ие болған) тығыз байланысты.
Ажаев С.А. (2004) ми қыртысы клеткаларының жеткілікті жоғары қозғыштығы болуы керек. Ол үшін ми қыртысы түрліше басқа әсерлерден бос болу керек. Сонда ғана белгілі тітіркендіруге нерв клеткалары жоғары қозумен жауап бере алады.
Афанасьев Ю.И., Кузнецова С.Л., Юрина Н.А. (1999) ішкі органдардың рецепторларын тітіркендіру арқылы да шартты рефлекстер алуға болатындығын экспериментальдық жолмен дәлелдеді. Мысалы, қарнына я қуығына фистула қойылған иттің осы мүшелерін желмен толтыруды (резеңке баллон арқлы) тамақ беруменг ұштастырса, біраздан соң жалғыз желмен толтырудың өзінше шартты сілекей ағу байқалады.
Аяпова Ж.О. (2007) Жүйкелік түтікше бес қабаттан тұрады: ішкі шекаралық мембрана, эпендималық, мантиялық (плащтық) қабаттардан, шеткі пердеден және сыртқы шекаралық мембранадан. Эпендималық қабат қарқынды түрде митозбен бөлінетін вентрикулярлық жасушалардан құралған. Пролиферациясын аяқтаған жасушалар мантиялық қабатқа орын ауыстырады, бірақ олардың біраз бөлігі орнында қалып эпендималық глияға негіз болады. Мантиялық қабатқа орын ауыстырған жасушалардан детерминацияның нәтижесінде екі түрлі жасушалық дифферон түзеледі: нейрогендік және глиогендік (спонгиогендік). Нейрогенді негізден нейроциттер, ал глиогендіктен, эпиндималықтан басқа, бүкіл макроглия жасушалары туындайды. Шеткі перде алғашқы екі қабаттың жасушаларының өсінділерінен тұрады.
Быков В.Л. (2000) Орталық жүйке жүйесінің барлық жасушаларының пайда болу көзі митозбен бөліну қабілеті бар вентрикулярлық жасушалар болып табылады. Эпендималық қабаттың ішінде орын ауыстыру барысында олар пішіндерін өзгертеді. Бөлінуін аяқтаған нейробластылар, және бөлінуге қабілетті глиобластылар мантиялық қабатқа ауысады.
Вентрикулярлық жасушалардың біразы эпиндималық қабатта қалып, эпендималық глияға және оның бір түрі радиалды глияға айналады. Бұл глияның өсінділерінің бойыменен нейробластылар эпендималық қабаттан жүйкелік түтікшенің сыртқы қабаттарына ауысады. Бас миының үлкен жарты жарларының және мишықтың қыртысының түзелуі кезінде нейробластылар мантиялық қабатқа ғана емес, шеткі пердеге де орын ауыстырғандықтан сұр зат бұл мүшелерде шеттеп орнығады. Мишықта нейробластылар алмұрт тәрізді жасушалардан тұратын ганлионарлық қабатты түзейді. Біраздан кейін олардың бір бөлігі кері қайтып түйіршікті қабатты береді.
Данилов Р.К., Быков В.Л., Одинцов И.А. (2001) Орталық және шеткері жүйке жүйелерінің морфологиялық құрылымының негізінде нейрондардың өздерінің қызметін атқару үшін ансамбльдерге бірігуі немесе интеграциясы жатады. Нейрондардың интеграциясы нәтижесінде рефлекторлық доғалар түзеледі.
Данилов Р.К., Клишев А.А., Боровая Т.Г. (2004) Бас миы мен жұлынды сыртынан үш қабықша жауып тұрады: жұмсақ, торлы және қатты. Жұмсақ қабықша мидың затын жауып жатады, екеуінің арасында тек шеткері глиальды мембрана ғана бар. Қабықшаның құрамында миға қоректік заттарды жеткізіп отыратын қан тамырлары, сонымен қатар жүйкелік талшықтар, жүйкелік аяқтамалар және жеке орналасқан жүйкелік жасушалар анықталады. Торлы қабықша борпылдақ дәнекер тіннің өте нәзік қабаты болып табылады. Торлы қабықша мен мидың жұмсақ қабықшаларының арасында торлы қабықасты (субарахноидальдық) кеңістігі орналасқан. Кеңістік ми қарыншаларымен байланысады, ішінде цереброспинальдық сұйықтық болады. Қатты ми қабықшасы тығыз талшықты дәнекер тіннен құралған, оның құрамында эластикалық талшықтар мол болады. Бассүйек ішінде ол сүйек үсті қабығымен тығыз бірігеді. Жұлын каналында қатты қабықша омыртқалардың периостілерінен қуысы борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тінмен толтырылған эпидуральдық кеңістікпен бөлінген.
Рысұлы М., Омаров К. (1996) тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін пайымдауға мүмкіндік туғызады. Қорғаныстық тежелу - үлкен ми сыңары қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе ұзақ тітіркендірудің салдары.

1. Жүйке жүйесінің қызметтері
1.1 Жүйке жүйесінің филогенездегі дамуы
Эволюция барысында жүйке жүйесінің күрделенуі жүрді. Жүйке жүйесінің филогенетикалық дамуында негізгі үш сатыны ажыратуға болады. Дамудың бұл сатылары қазір өмір сүріп жатқан омыртқалылардың жүйке жүйесінің құрылысында өз көрінісін тапқан.
1 саты -- диффузды жүйке жүйесімен анықталады. Жүйенің бұл құрылысын ішекқуыстыларда көруге болады. Жасушалар бір-бірімен тұтас тор құрай байланысқандықтан жүйке жүйесінің бұл құралуын торлы жүйке жүйесі деп атайды. Жоғары омыртқалыларда аталған жүйенің элементтерін жүйке өрімдерінде байқауға болады.
2 саты -- ганглионарлық немесе түйінді жүйке жүйесінің түзелуі. Жүйке жүйесінің бұл түрі жазық құрттарда анықталады. Жүйке жасушаларының бір жерге жиналуының нәтижесінде жүйке орталықтарының - ганглийлердің пайда болуымен сипатталады. Кейбір құрттарда түйіндердің жұп құрауы бұл жүйенің күрделі түрі болып табылады, оны жүйке жүйесінің сатылық (баспалдақтық) түріне жатқызады.
3 саты -- хордалыларда анықталатын түтікшелі жүйке жүйесінің пайда болуы. Жүйкелік түтікшенің қалыптасуымен сипатталады. Омыртқалыларда түтікшенің алдыңғы бөлігі қарқынды өсіп бас миына айналады. Балықтарда жоғарғы біріктіруші орталық сопақша ми, ал қосмекенділерде жақсы дамыған қыртысы бар аралық ми болып табылады. Балықтар мен қосмекенділерде үлкен жарты шарларда тек йіс сезу ғана іске асырылады.
Құстар мен сүтқоректілерде мидың жарты шарлары жақсы дамыған, бірақ құстарда ми қыртысы аз жетілген. Ол үлкен жарты шарлардың жоғарғы бетінің жуандаған аймағы болып анықталады, үстінде жүлгелер болмайды, оның көп бөлігін жолақты дене құрайды. Бірақ құстардың орталық миының қыртысы өте жақсы жетілген, ол негізгі көру орталығы болып табылады. Сүтқоректілерде көру орталығы үлкен жарты шарлардың қыртысында орналасқан, ол аймақта қыртыс өте жақсы дамып жетілген. Жолақты денеден қыртыстың мөлшері көбірек болады, қыртыс екінші реттік немесе жаңа жамылғыны құрайды.
Жүйке жүйесі эволюциясының принциптеріне жатады:
1. Жүйке жүйесінің өзгеруі оның ежелгі құрамының тұтасынан қайта құралуының есебінен көрі, жаңа элементтердің бұрыннан бар құрылымдардың үстінен түзілуі және жаңадан пайда болған бөлігіне ежелден бар бөліктің бағынышты болып қалыптасуы арқылы жүреді.
2. Екінші жол жүйке жасушаларының, оның ішінде рефлекторлық доғалардың ендірме жасушалардың санының және олардың байланыстарының артуы арқылы жүзеге асыру. Бұл принципті интенсивті деп атайды, ол омыртқалылардың жүйке жүйесінің дамуында орын алған, ең оңтайлы болып табылады.
3. Үшінші - экстенсивті принцип жасушалардың жалпы саны өзгермей, олардың көлемі мен өсінділерінің тармақталуының өсуіне негізделген. Жүйке жүйесі дамуының төменгі сатыларында кездеседі, оңтайлылығы төмен болады.

1.2 Жүйке жүйесінің онтогенездегі дамуы

Жүйке жүйесінің даму негізі нейроэктодерма болып табылады. Ол 1) жүйкелік түтікшеге және 2) жүйкелік айдаршаға дифференцияланады. Жүйкелік айдарша екі ганглиоздық табақшаға бөлінеді. Жүйке жүйесінің морфогенезінің негізгі компоненттеріне жатады: 1).эмбрионалдық индукция; 2).радиалды глияның және хемотропизмге негізделе бағытталған аксондардың нақты орын ауыстыруы; 3).байланысушы жасушалардың фенотипін тұрақтандыру мақсатындағы нейрондардың арасындағы нейро-трофикалық арақатынас; 4).жасушалардың бағдарланған физиологиялық өлімі (апоптоз).
Жүйкелік түтікше бес қабаттан тұрады: ішкі шекаралық мембрана, эпендималық, мантиялық (плащтық) қабаттардан, шеткі пердеден және сыртқы шекаралық мембранадан. Эпендималық қабат қарқынды түрде митозбен бөлінетін вентрикулярлық жасушалардан құралған. Пролиферациясын аяқтаған жасушалар мантиялық қабатқа орын ауыстырады, бірақ олардың біраз бөлігі орнында қалып эпендималық глияға негіз болады. Мантиялық қабатқа орын ауыстырған жасушалардан детерминацияның нәтижесінде екі түрлі жасушалық дифферон түзеледі: нейрогендік және глиогендік (спонгиогендік). Нейрогенді негізден нейроциттер, ал глиогендіктен, эпиндималықтан басқа, бүкіл макроглия жасушалары туындайды. Шеткі перде алғашқы екі қабаттың жасушаларының өсінділерінен тұрады.
Орталық жүйке жүйесінің барлық жасушаларының пайда болу көзі митозбен бөліну қабілеті бар вентрикулярлық жасушалар болып табылады. Эпендималық қабаттың ішінде орын ауыстыру барысында олар пішіндерін өзгертеді. Бөлінуін аяқтаған нейробластылар, және бөлінуге қабілетті глиобластылар мантиялық қабатқа ауысады.
Вентрикулярлық жасушалардың біразы эпиндималық қабатта қалып, эпендималық глияға және оның бір түрі радиалды глияға айналады. Бұл глияның өсінділерінің бойыменен нейробластылар эпендималық қабаттан жүйкелік түтікшенің сыртқы қабаттарына ауысады. Бас миының үлкен жарты жарларының және мишықтың қыртысының түзелуі кезінде нейробластылар мантиялық қабатқа ғана емес, шеткі пердеге де орын ауыстырғандықтан сұр зат бұл мүшелерде шеттеп орнығады. Мишықта нейробластылар алмұрт тәрізді жасушалардан тұратын ганлионарлық қабатты түзейді. Біраздан кейін олардың бір бөлігі кері қайтып түйіршікті қабатты береді.
Нейробластылардың эмбриогенезде орын ауыстыруының бұзылуы агирияға - жарты жарлардың қатпарларының аз дамуына әкеледі.
Жұлынның дамуы кезінде нейробластылардың шеткі пердеге ауысуы жүрмейді, сондықтан сұр зат мантиялық қабаттан түзеліп, шеткі пердеден ақ зат пайда болады. Жұлын жүйкелік түтікшенің кеуделік бөлігінен дамиды. Жүйкелік түтікшенің ішінде ликвор ерте пайда болады. Ликвордың кұрамында ақуыз ересек адамдардікінен көрі 20 есе көп. Ликвор дамып келе жатқан медуллобластылардың қоректенуін қамтамасыз етеді, әрі оның құрамында мүшенің дамуында керекті реттеуші факторлар болады. Көбейген медуллобластылар эпендималық қабаттан мантиялық қабатқа орын ауыстырады. Мантиялық қабаттан кейін сұр зат, ал шеткі пердеден ақ зат пайда болады. Сұр заттың алдыңғы бағанында орналасқан нейробластылар қимылдатқыш нейрондарға айналып моторлық ядроларды түзейді. Олардың аксондары тез өсіп жұлыннан алдыңғы түбіршік түрінде шығады. Осымен қатар жұлын ганглиінің нейробластылары сезімтал нейроциттерге айналады, олардың аксондары жұлынның артқы түбіршігін құрай мантиялық қабатқа кіреді де мотонейрондармен немесе артқы бағанның интернейрондарымен синапс құрайды.
Бас миының дамуында бірнеше сатыны ажыратады.
1. Үш ми көпіршігінің сатысы. Бұл сатыда бас түтікшесінің алдыңғы бөлігі үш кеңейме түзейді (эмбриогенездің 4 аптасы) алдыңғы ми (прозенцефалон), ортаңғы ми (мезенцефалон) және ромб тәрізді ми (ромбэнцефалон).
2. Бес ми көпіршігінің сатысы. Эмбриогенездің 5 аптасында алдыңғы ми 2 бөлікке бөлінеді: ақырғы (телэнцефалон) және көз көпіршіктерімен аралық ми (диэнцефалон). Ромб тәрізді ми артқы миға және миелэнцефалонға бөлінеді. Ақырғы мидан көпір және мишық пайда болады. Миелэнцефалоннан сопақша ми түзеледі.
3. Орын ауыстыру сатысы. Эмбриогенездің 5-10 апталарында өтеді. Бұл мезгілде ақырғы мидың тез өсуі және дифференциялануы басталады, қыртыстық және қыртыс асты орталықтар түзеледі.
4. Ми құрылымдарының ішкі дифференцировка сатысы. Эмбриогенездің 10-20 апталарында жүреді. Бас миында жартышарлар оның ең үлкен бөлігіне айналады, негізгі бөлімдердің; йірімдер мен жалдардың түзелуі жүреді. Мишықтың құрылысы дефинитивті сипатқа енеді. Бас миының қарқынды миелинденуі, тікенекті аппараттың қалыптасуы өтеді. Олардың құрылысының қалыптасуы нәресте туғаннан кейін аяқталады. Бір пирамидалық нейронның үстінде 6000-ға дейін тікенектер пайда болады.
Анатомиялық тұрғыдан жүйке жүйесінің екі бөлігін ажыратады:
oo орталық (ОЖЖ): бас миы және жұлын
oo шеткері (ШЖЖ): жүйке түйіндері, жүйке бағандары (жүйкелер немесе жүйкетер) және жүйкелік аяқтамалар
Қызметтік тұрғыдан жүйке жүйесінің екі бөлігін анықтайды.
oo сомалық (соматикалық)
oo вегетативтік (автономды)
Сомалық және вегетативтік жүйке жүйелерінің айырмашылығы қызметтік көрсеткіштерімен ғана шектелмейді. Олардың құрылысы, құрамына кіретін құрылымдық элементтері де, атап айтсақ жүйкелік ядролары, түйіндері, бағандары, әрқилы болып келеді. Осыған сәйкес бұл жүйенің құрамындағы рефлекторлық доғалар да өзгеше болады.
Сомалық жүйке жүйесі сомиттерден дамыған мүшелерді - теріні, қаңқалық бұлшық еттерді, байламдар мен сіңірлерді жүйкелендіруге қатысады. Бұл мүшелердің қызметін адам өз қалауынша өзгерте алады.
Вегетативті (немесе автономды) жүйке жүйесі келесі мүшелерді жүйкелендіре отырып, ағзаның вегетативті қызметтерін қадағалайды:
1) тамырлардың тонусын және жүректің жұмысын;
2) бронхтардың тонусын;
3) жылуды өндіру мен сыртқа шығаруды (мысалы тер арқылы);
4) ас қорыту мүшелерінің моторикасын және сөл бөлуін, сонымен бірге зәр шығару жолдарының моторикасын;
5) көздің жазық бұлшық еттерінің тонусын. Бұл қызметтерді адам өз қалауынша өзгерте алмайды, сондықтан да оны автономды дейді.
Вегетативті жүйке жүйесі, өз кезегінде, екіге бөлінеді: симпатикалық және парасимпатикалық.
Әдетте мүшеге бұл екі жүйенің де эффекторлық талшықтары келіп, тітіркену кезінде бір - біріне қарама - қарсы ықпал көрсетеді.
Симпатикалық жүйке жүйесі ағзаны шұғыл өзгеріске бейімдеуге қатысады. Мысалы, терінің және ішкі мүшелердің тамырларының қысылуының, жүрек соғуының артуының әсерінен қанның қысымы көтеріледі; бронхтардың кеңеюіне байланысты тыныс алу белсенділігі жоғарылайды; энергия өндіру, онымен қатар дене қызуы және жылу бөлу артады; ас қорыту мүшелерінің моторикасы мен өнім өндіру қабілеті төмендейді, зәр шығару азаяды; көз қарашығы кеңейеді.
Парасимпатикалық жүйке жүйесі қалпына келу үрдістерін қамтамасыз етеді: тамырлардың тонусы мен жүректің жұмысы төмендейді; бронхтардың кішіреюіне байланысты тыныс алу әлсірейді; энергияны өндіру баяулайды (тер бөлуге парасимпатикалық жүйке жүйесі ықпал жасамайды); ас қорыту жүйесі мүшелерінің қызметі артады, зәр бөлу белсенді түрде жүреді; көз қарашығы кішірейіп, цилиарлық бұлшық еттер жиырылады.
Орталық және шеткері жүйке жүйелерінің морфологиялық құрылымының негізінде нейрондардың өздерінің қызметін атқару үшін ансамбльдерге бірігуі немесе интеграциясы жатады. Нейрондардың интеграциясы нәтижесінде рефлекторлық доғалар түзеледі.
Рефлекторлық доға дегеніміз ағзаның белгілі сыртқы немесе ішкі тітіркендіруге жауап беруін қамтамасыз ететін сезімтал, ассоциативті (ендірме) және қимылдатқыш нейрондардың тізбегі. Сомалық жүйеге тән рефлекторлық доға (1сурет) келесі нейрондардан құралады.
Сезімтал нейрондардың денесі үнемі жүйке түйіндерінде, яғни жүйке жүйесінің шеткері бөлігінде орналасады. Мысалы, жұлынның артқы түбіршектерінің бойында орналасқан жұлын түйіндері, немесе бассүйек-ми жүйкелерінің бойында орналасқан бастың сезімтал түйіндері (жұлын түйіндерінің аналогтары). Ганглийлердің екеуінде де анықталатын нейрондар жалған униполярлы, өйткені олардың денесінен шығатын дендрит және аксон бір-біріне өте жақын орналасқан.
Рецепторлық нейрондардың сезімтал аяқтамалары сомалық мүшелерде орналасады. Ал дендриттері аяқтамалардан аралас жүйкелерінің құрамында шығып, жұлынның артқы түбіршектерімен бірге нейронның денесіне барады.
Сезімтал нейрондардың аксоны жұлынға кіреді. Кейбір жағдайда олар жұлынның сол аймағында ассоциативті нейрондарда аяқталады, кейде сезімтал нейронның аксоны жұлынның артқы бағандарының құрамында сопақша мидың ядроларына дейін көтеріледі.
Ассоциативті жасушалардың денелері сомалық рефлекторлық доғаларда орталық жүйке жүйесінің сұр затында анықталады. Бірінші ассоциативті нейронның денесі жұлынның алдыңғы немесе артқы мүйіздерінің бірінде немесе сопақша мидың ядроларында орналасады. Доғаның құрамына кіретін келесі ассоциативті нейрондардың денелері орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерінде болуы мүмкін. Оның ішінде бас миының қыртыс асты ядроларында және мидың үлкен жартышарларының

2.Орталық жүйке жүйесін тежейтін дәрілік заттар
2.1 Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы
Орталық жүйке жүйесінде синапстардағы қозулардың берілуі бір нейроннан екіншісіне нейромедиаторлар арқылы өткізіледі, олар сыртқы және ішкі дабыл әсерінен пресинаптикалық ұштардан бөлініп шығады. Нейромедиаторлар нейроналды жасушалардың мембраналарында орналасқан және ионды түтікшелермен, ферменттермен және басқа да белсенді орталықтармен байланысқан өзіндік рецепторларға әсер етеді, бұл кезде нейрондардың қызмет әрекеттері өзгереді.
Орталық жүйке жүйесіндегі синаптикалық өткізулерге қатысатын негізгі нейромедиаторларға - дофамин, серотонин, пуриндер, норадреналин, ацетилхолин, аминқышқылдары (ГАМҚ - гаммааминомай қышқылы), пептидтер мен басқа да заттар жатады.
Дофамин биогенді аминге жатады, ол L-тиразиннен түзілетін норадреналин із ашусышы болып табылады да, орталық және шеткері жүйке жүйесінің нейромедиаторы қызметін атқарады. Бас миының дофаминергиялық құрылымы мидың қара заттындағы неостриатумда, гипоталамустың мезолимбиялық жүйесінде, құсу орталығының босату орталығында орналасқан, шизофренияның және паркинсонизмнің дамуында, сонымен қатар дәріге тәуелділік кезінде маңызды рөл ойнайды. Дофаминдік рецепторлардың негізінен 2 типі бар, D1 және D2, шындығына келсе олардың саны 5 типке жетеді. D1 - рецепторлары Gs-ақуыздарымен байланысады, адинилатциклазаны белсендіреді, соның салдарынан жасушаларда цАМФ мөлшері жоғарылайды, негізінен постсинаптикалық тежелулерді тудырады, ол орталық жүйке жүйесінде білінеді. D2 - рецепторлары G1-ақуыздарымен бірге аденилатциклазаны баяулатады да цАМФ мөлшерін төмендетеді, сосын пре- және постсинаптикалық тежелулерді тудырады. Пресинаптикалық D2 - дофаминдік рецепторлардың қозуы, орталық жүйке жүйесінде медиаторлардың босап шығуына кедергі келтіреді (6.1 Тарауды қара. Дофаминдік рецепторларға әсер ететін дәрілер).
Серотонин немесе 5-окситриптамин, химиялық құрылымы бойынша индолилалкиламиндер тобына жатады. Ол ағзада L-триптофан амин қышқылының гидрототығу нәтижесінен түзілетін биогенді аминге жатады. Серотонин әртүрлі мүшелерде, және тіндерде болады, сонымен қатар тромбоциттерде, ішек жасушаларының энтерохромаффиндерінде, бүйрек үсті безінің милы қабатының жасушаларында кездеседі. Жүйке жүйесінде серотониннің биосинтезі жүйке ұштарының цитоплазмасында жүреді. Ол синаптикалық қапшықтарда жиналады, жүйке импульстарының әсерінен бөлінеді және серотонин деп (серотонинергиялық) аталатын өзіндік рецепторлармен әрекеттеседі. Серотонинді рецепторлар сонымен қатар шеткі тіндерде де кездеседі. Өткен кезеңдерде серотонинді рецепторларды М-рецепторлар, морфинді тежейтін және D-рецепторлар, феноксибензаминді тежейтіндер деп бөлген. Қазіргі кезде басқа жіктеулер ұсынылады, осыған сәйкес олардың негізгі түрлеріне 5-НТ1 (5-НТ1 - 5-Hydrоxy Tryptophan, S - Serotonine деген сөз) рецепторы, 5-НТ2 (немесе S2) - рецепторы, 5-НТ3 (немесе S3) -рецепторы, 5-НТ2 - рецепторы тамырлардың, бронхтың тегіс салалы бұлшықеттерінде және тромбоциттерде болады. 5-НТ1 - рецепторлар асқазан ішек жолдарының тегіс салалы бұлшықеттерінде болуы мүмкін. 5-НТ3 - рецепторлар шеткі тіндерде және ОЖЖ болады.
Серотониннің фармакологиялық ықпалдарының негізгі арақатынастық орналасуы 5-НТ2 - рецепторларын қоздырумен жүреді. Серотониннің физиологиялық рөлі жеткілікті дәрежеде зерттелмеген. ОЖЖ ол медиатор рөлін атқарады. Серотонин биосинтезіне әсер етуі, оның метаболизміне және рецепторлармен әрекеттесуі бір қатар психотропты препараттардың әсер ету механизмімен байланысты. Депрессия патогенезінде және депрессияға қарсы дәрілердің әсер ету механизмінде үлкен рөл серотонинге келеді. Жүректің айнуы мен құсудың дамуы құсу орталығында орналасқан серотонинді 5-НТ3-рецепторларды ынталандырумен байланысты болуы мүмкін. Серотониннің шеткі әсері жатырдың, ішектің, бронхтың және басқа тегіс салалы бұлшықет мұшелерінің жиырылуымен, қан тамырларының тарылуымен сипатталады. Ол қабынудың бір медиаторына жатады: айқын ісінумен жүретін жергілікті қолданғанда көрінеді (тері астына, тері ішілік). Қан кету уақытын қысқартады, шеткі қанда тромбоциттердің санын жоғарылатады, тромбоциттердің агрегациясын жоғарлатады. Тромбоциттердің агрегаиясы кезінде олардан серотонин босап шығады. Серотонин және оның кейбір туындылары дәрілік заттар ретінде өз қолдануларын тапқан (Серотонинергиялық дәрілер 6.2. Тарауды қара).
Норадреналин (Норэпинефрин) шеткері және орталық жүйке жүйелерінің медиаторы болып саналады, пресинаптикалық жүйке ұштарының жүйке импульс үрдістерінде бөлінеді. Норадреналиннің әсері α1 және α2 - адренобелсендіргіш ықпал есебінде байқалады, әлсіз түрде β1-адренорецепторларды қоздырады, ал β2-адренорецепторларына еш әсерін тигізбейді деуге болады. α-адреномиметикалық әсердің басым болуы тамырлардың тарылуына, тамырлардың жалпы шеткерілік қарсы тұру әсерінің жоғарылауы мен жүйелік артерииалдық қысымның жоғарылауына әкеліп соғады. Жүрекке ынталандыру әсері әлсіз білінуіне қарай артериалдық қысым жоғарылауына жауап қатуы түрінде вагус қозуымен байланысты өтетін компенсаторлық механизмдер басым болады, бұл ақыр соңында жүрек жиырылуларының жиілігін төмендетеді, брадикардия дамуына әкеліп соғады. Десе де, жүрекке оңтайлы инотроптық әсері сақталады.
Ацетилхолин биогенді аминдерге жатады және химиялық құрылысы бойынша төрттік аммоний қосылыс болып саналады; ағзада ацетилхолинэстераза мен сарысулық холинэстераза әсерінен жеңіл түрде ыдырап, холин мен сірке қышқылын түзейді. Ол орталық және шеткері жүйке жүйелерінің м- және н-холинергиялық синапстарының жүйкелік қоздыру медиаторы болып табылады, үлкен шоғырларда синапстар маңында тұрақты деполяризация тудырып, қозу берілуін тежейді. Мидың түрлі бөліктеріндегі жүйкелік қозулардың берілуіне ат салысады: аз шоғырымда синаптикалық берілісті жеңілдетеді, үлкен шоғырымда керісінше оларды тежейді.
Пурин деп аннелирленген пиримидиндік және имидазолдық сақиналардан құралатын, гетероциклдік жүйені атаймыз. Пурин туындыларының мәні оларға пиримидиндік азот негіздері - урацил, тимин мен цитозинге де тән фрагменттердің нуклеин қышқылдары құрамына енуінде. Мұнымен қоса, пуриннің кейбір туындылары алкалоидтар. Пуриндердің физиологиялық белсенділігінің жүзеге асырылуы нейроналдық және эффекторлық постсинаптикалық мембраналардың жасушаларында орналасқан рецепторлармен жанама түрде өткізіледі. Бұл рецепторлар пуриндік немесе аденозиндік деген атауға ие болған. Олардың жіктелуі аденозин мен оның үйлестеріне деген түрлі сезімталдығымен ерекшеленеді. Аденозин мен оның туындылары пурин рецепторларына қатысты агонисттер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық жүйке жүйесін әлсірететін заттар
Шартсыз рефлекстердің классификациясы
Жүйке жүйесінің дамуы
Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері
Орталық жүйке жүйесі. Жұлын және ми
Үлкен ми сыңарларының қызметі мен бөлімдері жайлы
Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым
Эфферентті нерв ұштарына әсер ететін заттар
Орталық жүйке жүйесі
Орталық жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі
Пәндер