МҰХИТТАРДЫҢ ЕНДІК БОЙЫНША БИОМАССАСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. ГИДРОСФЕРА БИОМАССАСЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.МҰХИТТАРДЫҢ ЕНДІК БОЙЫНША БИОМАССАСЫ ... ... ... ... ... ... . 6
3. ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК МҰХИТТАРДЫҢ ТІРШІЛІГІНІҢ ТЕРЕҢДІК БОЙЫНША ТАРАЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
4.БАЛДЫРЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...23

КІРІСПЕ

Мұхит (Әлемдік мұхит) -- гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. keans -- мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).
Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі. Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқты болып көрінеді оның бетінің 70% астамын су басып жатыр. Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған, ол Жер ауданының 360 миллион шаршы км жауып жатыр. Кейбір жерлерде мұхиттың тереңдігі 10 км асады. Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%ын, Оңтүстік жарты шардың 81%ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%ды құрайды. Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның шекарасы субтропиктікжәне субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.Дүние жүзілік су қоры,1360 млн.км3.Мұхиттар 1322000000 км3, мұз жамылғысы мен мұздықтар 29200000км3, еспе су 8673000 км3, өзен мен көл суы 23250 км3, су булары 13000 км3. Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр. Олар өзара бұғаздар арқылы қосылып, Дүниежүзілік мұхитты құрайды.
Теңіз - мұхит айдынынан құрлықпен немесе су асты жоталарымен бөлінген және одан гидрологиялық, метеорологиялық, климаттық режимдерімен ерекшеленетін дүниежүзілік мұхит бөлігі. Теңіздің ашық мұхиттан шеткері орналасуы оның климатына әсер етіп, су алмасуын баяулатады. Теңіз құрлықпен неғұрлым тұйықтала түссе, онда оның су режиміндегі мұхиттан айырмашылығы соғұрлым арта түседі. Теңіз деп шартты түрде мұхиттың ашық бөліктері де аталады; мысалы, Атлант мұхитының Саргасс теңізі және Үнді мұхитының Арабия теңізі. Кейбір көлдер - Каспий, Арал, Өлі теңіз - теңіз, ал кейбір теңіздер шығанақ (Мексика, Гудзон, Парсы) болып саналады. Оқшаулануы мен гидрологиялық режимінің ерекшеліктеріне қарай теңіз үш топқа [ішкі (жерорталық теңіздер мен жартылай тұйық теңіздер), шеткі аралдар және аралық теңіздер] бөлінеді. Геологиялық тұрғыдан теңіз палеогеннеоген және антропогенде қалыптасып біткен. Неғұрлым терең теңіздер Жер қыртысының аумақты жарылымдарының орнында (мысалы, Жерорта теңізі) пайда болады. Дүниежүзілік мұхит суының құрлықтың жағалық бөлігін басуынан құрлықтық қайраңда шағын теңіздер қалыптасады. Теңіздің құрлықтан қашық не жақын жатуы климатының континенттілігінің артуына немесе кемуіне және температурасының маусымдық ауытқуына әсер етеді. Географиялық орнына қарай кейбір теңіз суының беткі және терең қабаттары көршілес мұхиттың ашық бөлігіне қарағанда жылырақ (мысалы, Қызыл теңіз), кейбірі суығырақ (мысалы, Охота теңізі) келеді. Теңіз суының тұздылығы тұщы судың кірісі (өзен ағыны, жауыншашын, мұздың еруі) мен шығысының (булану, мұз қалыптасу) арасындағы айырмашылыққа байланысты ауытқып отырады. Балтық теңізінің ашық бөлігінің тұздылығы - 6,0 - 8,0%. болса, Қызыл теңізде бұл көрсеткіш 41,5%.ге дейін көтеріледі. Теңізде температура мен тұздылық көрсеткіштерінің шеткі мөлшерлері таралуына орай суының тығыздығы да дүниежүзілік мұхит үшін шеткі мағыналы көрсеткішке ие болады. Мысалы, Балтық теңізінің тығыздығы 1,01гсм3ге тең болса, Қызыл теңізде 1,0287гсм3ге тең. Мұхиттың ашық бөлігінен теңіз суы тығыздығының өзгешелігі - буының маусымдық ауытқып отыруында. Мұз қабаты негізінен полюстік және қоңыржай ендік теңіздерінде ғана қалыптасады. Теңіздің органикалық дүниесі мұхиттың ашық бөлігіндегі органикалық дүниеге қарағанда бай және көбіне өзіндік түрлер (эндемиктер) басым тараған.

1.Гидросфера биомассасы

Гидросфера суының 97,4 %ын тұзды сулар құрайды. Оның құрамында 96,5% Әлемдік мұхит сулары және 0,9% тұзды жерасты және көл сулары. Тұщы су үлесі 2,6% кұрайды. Бұл атмосфера сулары, өзен, көл, теңіз, мұздық, жерасты, топырақ және жануарлар мен өсімдіктердің құрамындағы сулар. Әлемдік мұхит ауданы жер бетінің 70,8% көлемін алады.
Гидросфераның негізгі ортасы тіршіліктің дамуына қолайлы әсер ететін бірнеше қасиеттерге ие.Су -- жақсы еріткіш. Онда оттегі және көмірқышқыл газы ериді, бұл жануарлар мен өсімдіктер тіршілігі үшін өте маңызды. Судың қату тем пературасы °С, ал 4 °Ста тығыздығы жоғары болады. Сол себептен мұз судың бетінде қалқып жүргенімен, оның астында тірі организмдер тіршілік жалғастырады.Судың жоғарғы жылу өткізгіштігі су ортасының температурасын жылдың түрлі мезгілдерінде реттеуге қабілетті. Ал су массасының үздіксіз қозғалуы салдарынан Әлемдік мұхиттардың тұрақты физикалық химиялык құрамы сақталмайды.Мұхиттарда биомассаның таралуы оның құрылымына байланысты. Мұхитта плагиаль, су беткейінен түбіне дейінгі қабатты құрайды, бенталь -- мұхит түбі деген қабаттарды ажыратады.
Фитопланктон беткейлік суларды 50 -- 100 м тереңдікке дейін мекен етеді. Ол түрлі балдырлардан тұрады, мұхиттағы органикалық заттардың
негізгі продуценті саналады. Фитопланктондардың көп болуы су бетінде биогенді қосылыстар мен жақсы күн сәулесінің түсуіне байланысты. Фито - планктон өнімділігі қарқынды болса, мұхиттағы барлық тірі заттан он есеге артық болар еді. Оның биомассасы үлкен емес. Себебі зоопланктондар ірі жануарларға тез қорек болады. Зоо - планктон және планктонды бактериялар судың барлық қабаттарын мекен етеді, алайда су тереңдеген сайын, оның саны күрт төмендейді. Теңіз планктондарына түрлі шаяндар, көптеген қарапайымдар, ішекқуыстылар, моллюскалар, балық уылдырықтары басымдылық танытады.
Нектон су қабаттарында белсенді жүзетін, үлкен кеңістікке орын ауыстыра алатын организмдер жатады. Оларға балық, басаяқты мол - люскалар, теңіз тасбақалары, жыландар жатады. Нектонға, сонымен қатар, құрлықта көбейетін, бірақ суда қоректенетін жануарлар да жатады: ескекаяқтылар, пингвиндер және т.б. Нектонға ірі жануарлар кіргенімен, оның биомассасы планктон массасынан 20 есе аз болады.
Мұхит түбін мекендейтін орга - низмдер жиынтығы бентосты құ - райды. Оның құрамына: теңіз жұлдызы, теңіз лилия, моллюска, көпқылтанды буылтық құрттар, кейбір балықтар, бактериялар, төменгі саңырауқұлақтар кіреді. Кейбір бентосты жануарлар субстратқа бекінеді, кейбіреулері еркін қозғалып жүреді.
Материктік шельфке жақын орналасқан аймақта бентостар тығыз мекен етіледі. Бұл аймақтарда температураның күрт ауытқуы, су және ауа алмасу жүреді. Судың беті мен түбінің қабаттарының ауысуы биогенді элементтерге бай қалдықтардың орын алмасуына алып келеді. Қатты түбі бар аймақтардың продуценттері жақсы бекітілген, онда қоңыр, қызыл және жасыл балдырлар жиі кездеседі.Мұхиттық аймақтардың биомассасы жағалаумен салыстырғанда 10 -- 100 есеге аз болады. Әсіресе ашық теңіздердің тропиктік жылы су алмасуы мардымсыз жүреді.Биологиялық өнімділіктің артуы аквеллинг аймағында байқалады. Бұл аймақтар маңызы зор саналады. Бен - тос биомассасы материктік шельфте жоғары болады. Мұхит тереңдігінде тіршілік шарттары түрліше болады. Жарық жоқ, температура 1 -- 2 °С, гидростатикалық қысым 300 -- 600 атм. құрайды. Қорек ретінде детриттер са - налады. Оның фаунасы белгілі көптеген жануарларды қамтиды. Бұл оазистер тіршілік негізіне көптеген хемосинтез процестері жатыр. Күкіртсутек, марганец және темір қосылыстарын тотықтырып, бактериялар алынған энергияны жарық қатысынсыз органикалык қосылыстар синтезі үшін алынған энергияны жұмсайды.
Гидросфера биомассасы құрлық биомассасынан 80 есе төмен, адам рационына шаққанда оның үлесі 2% ды құрайды.

2.Мұхит - тіршілік ортасы.

Дүние жүзілік мұхиттың барлық жерінде тіршілік түрлі формаларда және түрлі көріністерде өмір сүреді. Тіршілік ету жағдайларына қарай мүхитта екі түрлі облыс бөлінеді . Су қабаты (пелагиаль) мен түбі (бенталь). Бенталь - жаға маңы - литораль, тереңдігі 200 метрге дейін және тереңдік - абиссаль болып бөлінеді. Литораль үстіндегі су қабатын пелагиаль.облысы деп атайды.
Мұхиттың органикалық дүниесі үш топтан - бентос, планктон, нвктоннан тұрады. Бентас су қабатына үзаққа көтеріліп шыға алмайтын түпті мекендеушілер (өсімдіктер, қүрттар, молюскалар). Планктон ұзақ қашықтыққа баруға белсенді қабілеті жоқ су қабатын мекендеушілер (бактериялар, грибоктар, су балдырлары, қарапайымдылар және т. б.). Нектон - ұзақ қашықтыққа еркін жүзе алатын суды мекендеушілер (киттер, дельфиндер, балықтар).
Құрылықтағы сияқты Мүхитта бір организмдер неорганикалық заттармен қоректеніп органикалық заттарды (процуденттер, немесе өндірушілер) түзеді, екіншілері органикалық заттарды (консументтер немесе түтынушылар) тұтыну есебінен өмір сүреді. Біріншіге өсімдіктер мен прототрофты микроорганизмдер, екіншісі - жануарлар жатады. Бүдан басқа жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын ыдырататын, минералдайтын, оларды қоспаларға айналдырып, жануарлар пайдалану үшін лайықты ететін редуценттер - организмдер бар.
Жасыл өсімдіктер фотосинтез үшін жарық жеткілікті болған жерде ғана (200 метрден аспайтын тереңдікке дейін) дами алады. Жарықты керек етпейтін организмдер ең үлкен тереңдікке дейін Мүхит суьшың қабатын түгелдей мекендейді. Бірақ олардьщ дамуы бүлар үшін алғашқы продукты болып табылатын есімдіктердің дамуына байланысты. Өсімдіктерге қажетті қоректік заттар Мұхитта молынан табылады. Алайда фосфор мен азот қышқылдарының қосылыстары 99,9% терең қабаттарда, жарық болмағандықтан өсімдік өмір сүре алмайтын жерлерде болады. Сондықтан да үлкен тереңдіктерден жоғарғы жарық түсетін қабаттарға түзды шығарудың орасан зор маңызы бар.
Қоректі тікелей судан алып және тіректі қажет етпей, су алдырларының тамырлары да, тірек жүйелері болмайды, түгелдей дерлік хлорофилл тканьнан түрады, осыныд арқасында көптеген мөлшерде қоректік заттарды жинайды. Дәл сондықтан да Мұхиттағы өсімдік заттарынын, массасы өсімдіктермен қоректенетін және бірінбірі жейтін жануарлар массасына шамамен тең келеді, ал қүрылықта болса бүл одан кептеген мың есе артық.
Мұхиттағы тірі заттар массасыньщ үлкен бөлігін судың 100 метрлік жоғары қабатын мекендейтін фитопланктон1 күрайды. Фитоплантонның орташа массасы 1,7 млрд. т, жылдық енімі 550 млрд. т, ал жануар организмдерінің орташа биомассасы 32,5 млрд. т, ал жылдық елшемі 53 млрд. т. Фитопланктон - мұхиттағы тағам тізбегінің бастапқы буыны. Фитопланктонның ең кеп тараған форімасы - 15 мың түрі бар болып келетін диатомды су балдырлары. Бір диатомды су балдыры бір айда Юмлн. дана2 бере алады. Фитопланктон тез қырылып және кептеген мелшерде желінетіндіктен ғана ол Мүхитты қаптап кетпейді. Фитопланктонның мол дамыған жері Мұхиттағы жалпы тіршілікке бай жоғарғы құнарлы орын болып саналады.
Мүхитта тіршіліктің тарауы өте біркелкі емес, әрі айқын көрінетін зоналық сипаты бар. Солтүстік жарты шардың жоғары ендіктерінде фитопланктонның даму жағдайлары қолайсыз: тұтасқан мүз жамылғысы, поляр түні, жазда горизонтта Күннің. төмен жағдайы, судың (0°тан темен) суық болуы, тереңнен қоректік заттарды алып шығуды қамтамасыз етпейтін нашар вертикальды циркуляция (судың жоғары қабатының түщылануыньщ салдары). Жазда жылымдарда кейбір суық сүйгіш балықтар мен балықпен қоректенентін тюленьдер кездеседі.
Субполярльқ ендіктерде поляр мұздары жиектерінің маусымдық миграциясы болады. Жылдың суық белегінде бірнеше
1 Phytn (грек) - өсімдік, plancts (грек) - кезеген.
2 Қолайлы жағдайда фитопланктонның саны тәулігіне екі есе өседі.
жүз метрдегі қабатта, су интенсивті араласып (суыну салдарынан) оттекпен және қоректік тұздармен баиды. Көктем мен жазда көп жарық түседі, әрі судың салыстырмалы төменгі температурасына қарамастан (жылудың epyre; кетуінің нәтижесі), мұнда фитопланқтон массасы дамиды. Бұдан кейін фитопланқтонмен қоректенетін зоопланктон дамуының қысқа кезеңі түседі. Осы кезеңде субполярлық зонада көптеген балықтар жиналады (Сельдь, треска, пикша, теңіз окуны және т. б.). Әсіресе оңтүстік жарты шарда көп болатын киттер азықтануға келеді.
Қоңыржай ендіктерде екі жарты шарда судың күшті араласуы, жылу мен жарықтың жеткілікті мөлшері тіршіліктің дамуы үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасайды. Бұл мұхиттың ең өнімді зоналары. Фитопланктоннын, максималды дамуы кектемде байқалады. Ол қоректіқ заттарды сіңіреді, олардың саны азая береді де зоопланктон дамуы басталады. Күзде - фитопланктон дамуының екінші максимумы болады. Зооплаңктонның мол болуы - балықтардың мол болуына (сельдь, треска, анчоус, албырт, сардина, тунец, камбала, палтус, навага т. б.) жағдай жасайды.
Субтропиктік және тропиктік ендіктерде Мүхиттьщ бетіндегі судың жоғары тұздылығы болады, бірақ температура жогарьі болғандықтан біршама жеңіл болып шығады, бұл араласуға бегет болады. Қоректік заттары бар белшектер.кідірмей түбіне түседі. Қоңыржай зонаға қарағанда оттек екі есе аз. Фитопланктон нашар дамиды, зоопланктон да аз болады. Субтропик. тік ендіктерде су мейлінше мөлдір және интенсивті кегілдір түсті болады (мұхит шөлі, түсіндей). Жылы суда түбімен байланыссыз Мүхиттың осы бөлегіне тән қодыр су балдырлары - саргассалар өседі.
Экваторлық ендіктерде пассат ағыстарымен экваторлық қарсы ағыстардың шекарасында судың араласуы болады, сондықтан да бұл қоректік тұздар мен оттегіне біршама бай келедй Қоңыржай зонасыньщ солтүстік шеттеріндегідей онша көп болмағанымен кершілес ендіктерден гөрі мүнда планктон едәуір көп болады.Жылы суда көмір қышқыл газы аз болады да сондықтан көмір қышқыд кальцийді нашар ерітеді, бүл оньщ ішінде мол болады және өсімдіктер мен жануарлармен жеңіл сіңіріледі. C ның нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың қауашақтары мен қаңқалары көлемділікке және беріктікке ие болады, ал организмдер елгеннен кейін қалың қабаттары төменгі ендіктерге соншама тән болып келетін карбонат шегінділері маржаң рифтер мен аралдар түзіледі.Жалпы алғанда қоңыржай ендіктерден экваторға қарай ауысқанда тірі туатын формалардың азаюы, жануарлардың семіздігімен өсімталдығының азаюы және ізбес қадқаларыньщ; қалыңдығының артуы байқалады. Бірақ жылы суда организм
дер тез өсіп, ерте кебейетіндіктен енімділік біршама жоғары болады.
Мүхиттың жоғары қабаттарында оның ашық бөлігінде жақсы көрінетін тіршілік таралауының ендік зоналылығы жел мен ағыстардың ықпалы арқылы шет аймақтарда бүзылады.Вертикаль бойынша Мүхит суы 3 қабатқа - беткі, аралық және терендік болып бөлінеді. Беткі қабатта фитопланктонмен: (автотрофалар) қоректенетн гетеротрофтар (жануарлар мен бактериялар.) өмір сүреді. Аралық қабатта - беткі қабатта коректену үшін миграциялаяатын зоопл.анктон; зоопланктонмен қоректенетін жануарлар; осы жәндіктермен қоректенетін жыртқыштар қорегі организмдердің жоғарыдан түскен ыдырамаған қалдықтары болып келетін детритоедтер мекендейді. Терең суларда (500 - 1000 м. тереңдіктен түбіне дейін) жыртқыштар,. детритоедтер, фильтраторлар және талғаусыздар болады. Тіпті таяудағы уақытқа дейін өте тереңдіктерде (6 - 7 кмден әрі) онда қысымның болуы жарықтың жоқтығы мен жылудың жеткіліксіздігі организмдердіқ тіршілік етуіне мүмкіндік бермейді деп саналып келді. Бірақ, зерттеулер тіпті терең су науаларынада да тіршілік бар екенін керсетті. Аса тереңді мекендеушілердің арасында жағдайлардың бірыңғайлылығы организмдердің өзгерістеріне әсер ететін бәсеке тартыстың жоқтығынан сонау өте ертеден сақталған тірі қазбалар формалар аз емес. Аса тереңді мекендеушілерді зерттеу Мұхит тарихын және Жер бетінде органикалық дүниенің даму тарихын жақсылап кез алдьшызға келтіруге мүмкіндік береді.
Мұхиттың табиғат ресурстар.ы. Бүларды әзірге адамзат бір шама аз пайдаланады, бірақ пайдалану. масштабы өсіп келеді.. Ертеден Мүхиттың орғаникалық байлығы барлығынан көп пайдаланылады, мүнда олардың сан алуан түрлерінің қоры мен түтынуы арасында айқын үйлеспеушілік байқалады. Мұхиттың. негізгі өнімі (85%) - балықтар, мұхиттың органикалық ресурстарының негізі болудан көп кем. Бүл тек тағам ретінде жүмсалмайды, ауланғандардың жартысына жуығы азықтық ұқға, техникалық майға, тьщайтқышқа т. б. пайдалануға кетеді. Балықты дүние жүзілік масштабта өндіру қарқыны халықтың өсу қарқынынан озып отырған аздаған бағалы өнімдерінің бірі екендігі хақ.
1850 жылдан 1950 жылға дейін балық аулау 10 есе артқан.. Соңғы 10 жыл ішінде бүл екі есе өсіп, көбейе беруде. Балық аулау неғұрлым интенсивті жүргізілсе, Мұхиттағы балық қорлары соғүрлым азайып кетеді. Кейбір жерлерде қайсыбір түрлерінің қазірдің өзіндеақ асыра ауланғандығы байқалады. Аулаудың. максималды тұрақтылығына жете отырып (балық қорлары: азаймайтындай жағдай) аулау ісін реттеп отыру қажет. Бұл мұхитты бүдан әрі жанжақты зерттеуді және барлық мүдделі елдердін, келісілген әрекеттерін керек етеді. Балықтарды қолдан өсіру және олар қоректенетін организмдерді акклиматизациялау жолымен Мұхиттың балық байлығын көбейтудің маңызы өте зор.
Мұхиттағы тіршілік ететін сүт қоректілерден киттердің, ит балықтардьщ, морждардың, сондайақ тамаша терісі бар каландардың (Камчатка теңіз кәмшаттарьшың) және теңіз мысықтарының кәсіптік маңызы бар. Қит майы маргарин, сабын, глицерин, олиф жасауға пайдаланылады. Етін тамаққа қолданады, одан консервалар жасайды, азықтық ұн етіп әңдейді. Бауырынан, асқазан асты бездерінің гормондарынан, кит мұртынан дәрідәрмек даярлайды. Кашалот - өте нәзік иісті сақтайтын қабілеті бар және парфюмерияда қолданылатын амбра затын дүние жузінде бірден бір өндіруші. 30жылдардың өзіндеақ кит соғу кәсіпшілігінің негізі қазір мүлде дерлік жойылып кеткен ірі көк киттер болды. Қиттерді аулау шектелген.
Қалған сүт қоректілерді салыстырмалы аз мөлшерде аулайды. XVIII ғасырда XX ғасырдың басында калан мен теңіз мысықтарын аулауды жыртқыштықпен жүргізудің нәтижесінде олар құрьш кетуге жақындады. Аулау кәсібін шектеу. және Тынық мүхиты аралында Совет Одағының қорықтарын үйымдастыру бүларды сақтауға мүмкіндік береді.Балықтарға қарағанда Мүхитта омыртқасыз жануарлар әлдеқайда көп. Бүларды өндіру барлық теңіз жануарларын өндірудің 0,1 бөлігінен аз.' Қосөзекті моллюскаларды - устрицаларды, мидийлерді, теніз ұлуын, бас аяқтылардан негізінен кальмарларды, азырақ - сегізаяқтармен каракатицаларды кәсіп етеді. Дүние жүзінің рыногыида шаян тэрізділер: креветкалар, крабтар, омарлар, лангусталар жоғары бағаланады. Мүның бәрі, әрі бағалы тағам өнімдері әрі техникалық шикізат. Бүлардың санын қолдан есіру есебінен бірнеше рет арттыруға болады. Адамдар әзірге су балдырларын салыстырмалы аз пайдала. нады. Теңіз капустасы меи теңіз салаты - арзан және өте бағалы тағам енімдері. Су балдырларынан йод алады. Бүлар өнеркәсіп шикізаты ретінде де қүнды. Бүлардан әсіресе, медицинада, тоқыма және кондитер өндірісінде кеңінен қолданылатын arapагарды көп алады. Ламинариядан маталарды бояуға және сабын жасауға қолданылатын - альгинит желім өндіріледі. Су балдырының желімін бетон мен асфальтқа беріктік үшін және су еткізбеу үшін қосады. Теңіз су балдырларын ашытқы, спирт, қағаз, картон жасап шығару үшін пайдалануға болады. Уақыты келгенде, қүрамында сапасы жағынан жануар белогыкан кем түспейтін белоктары және витаминдері бар, хлорелла - су балдыры кедінен қолданылуы тиіс. Хлорелла өте тез еседі, сонымен бірге өзінің көлемінен. 200 есе асып түсетін оттегін бөледі.
Мүхиттағы организмдердің ең үлкен тобын - планктонды адамдар мүлде дерлік пайдаланбайды. Ал, бүл болса адам үшін тамак, өнімі болып, иал үшін азыққа пайдалануға болады.
Планктон - шикізат витаминдер, емдік май, дәрідәрмек алу үшін қажет.
Мүхиттың ең бағалы ресурстары - судың өзі. Адамзаттың тұщы суға қажеті қазірде де барлық жерде қанағаттандырылмай өте тез өсіп отырғаны мәлім. Қазірдің өзіндеақ жүздеген тұщыландырғыш қондырғылары бар, әрі бұлардьщ саны үздіксіз ::өсе беретіндігі анық.
Мүхит суларында көптеген. ерітілген элементтердің өнеркәсіптік масштабында 4 ғана - натрий, хлор, магниіі мен бром алынады. Бұларды алғанда қосалқы ретінде калий мен кальцийдін, кейбір қоспадары алынады. Негізгі методы - жай буландыру. Суық климатты елдерде, соның ішінде СССРде тоңазытып қатыру да қолданылады. Мұхит суынан өткенде алтын алу методтеріне көп күш пен қаржы жұмсалғанмен оның практикалық маңызы болмауы мүмкін..Мүхит түбінің түрлі учаскелерінде темір мен марганец тотық минералының - конкрецияның, қабыршақтардың, үсақ бөлшектердің едәуір шоғырлары табылған, бүлардың енеркәсіптік маңызы болуы даусыз, бірақ әзірге әлі пайдаланылмай келеді.Мұхит түбіне шөккен жыныстардың ішіндегі минеральдық ресурстар сұйық және еріген күйде (мұнай, газ, күкірт, поташ), сондайақ қатты (тас көмір, темір рудасы, металдар) бола алады. Мұнай мен газ қүны жағынан Мүхитта өндірілетін барлық пайдалы қазбалардың 90%ш қүрайды да, болашақта бүларды вндіру есе беретін болады. 1980 жылға қарай шамамен барлық мүнайдың бөлігі Мұхиттан алынады деп есептелінеді. Шамамен бүл газға да жатады. Қатты пайдалы қазбалар Мүхит түбінен әзірге аз өндіріледі (Жапония, Англия).
Толқындардьщ орасан зор энергиясы іс жүзінде пайдаланылмайды. Керісінше, адамдар бұдан қорғаныс іздейді, бірақ толыДүние жүзілік мұхиттың табиғат ресурстары әлі де түгелдей анықталмаған және әлде қайда көп толық дәрежеде пайдаланылмай отыр.Мұхитты бүдан әрі игеру үздіксіз жетілдіріліп отырған техниканың көмегімен оны күшті зерттеуді керек етеді. Қазіргі кемелер тұтас жүзіп жүретін ғылымизерттеу институттармен жабдықтауға мүмкіндік береді. Қазір жоғары және төмен, жанжаққа жүзетін, аударылып түсетін корабльдер бар. Арнаулы - аппараттар (батискафтар) үлкен тереңдіктерде тікелей бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Океанографтардьщ қарамағында тереңдікті зерттеуге мүмкіндік беретін - гидролокация, радио, телевидение бар. Мүхитты зерттеуге Жердің жасанды серіктері мен космос қорабльдері ете жақсы көмектеседі.Мұхиттың табиғат ресурстарын зерттеп пайдалануда түрлі мемлекеттердің күшжігерін біріктіруге тиіс екендігі даусыз. Мұхитқа ыждаһаттықпен қарау, оны тиімді пайдалану болашақ адамзаттың назарын талап етеді.
Дүние жүзілік мұхиттың барлық жерінде тіршілік түрлі формаларда және түрлі көріністерде өмір сүреді. Тіршілік ету жағдайларына қарай мұхитта скі түрлі облыс бөлінсді. Су кабаты (пслагиаль) мен түбі (бенталь). Бенталь жаға маңы литораль, тереңдігі 200 метрге дейін және тереңдік -- абиссаль болып бөлінеді. Литораль үстіндегі су қабатын пелагиаль облысы деп атайды.
Мұхиттың органикалық дүниесі үш топтан -- бентос, планк - тон, нектоннан тұрады. Бентас су қабатына ұзаққа көтсріліп шыға алмайтын түпті мекендеушілер (өсімдіктер, құрттар, моллюскалар). Планктон ұзақ қашықтыққа баруға белсенді қабілеті жоқ су қабатын мекендеушілер (бактериялар, грибоктар, су балдырлары, қарапайымдылар және т. б.). Нектон -- ұзақ кашықтыққа еркін жүзе алатын суды мекендеушілер (киттер, дельфиндер, балықтар).
Құрылықтағы сияқты Мұхитта бір организмдер неорганикалык заттармен қоректеніп органикалық заттарды (процуденттер, немесе өндірушілер) түзеді, екіншілері органикалық зат - тарды (консументтер немесе тұтынушылар) тұтыну есебінен өмір сүреді. Біріншіге өсімдіктер мен прототрофты микроорганизмдер, екіншісі жануарлар жатады. Бұдан басқа, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын ыдырататып, минералдайтын, оларды қоспаларға айналдырып, жануарлар пайдалану үшін лайықты ететін редуценттер организмдер бар.
Жасыл өсімдіктер фотосинтез үшін жарық жеткілікті болған жерде ғана (200 метрден аспайтын тереңдікке дейін) дами алады. Жарықты керек етпейтін организмдер ең үлкен тереңдікке дейін Мұхит суының қабатын түгелдей мекендейді. Бірақ олардың дамуы булар үшін алғашқы продукты болып табылатын өсімдіктердің дамуына байланысты. Әсімдіктерге қажетті қоректік заттар Мұхитта молынан табылады. Алайда фосфор мен азот кышқылдарының қосылыстары 99,9% терең қабаттарда, жарық болмағандықтан өсімдік өмір сүре алмайтын жерлерде болады. Сондықтан да үлкен тереңдіктерден жоғарғы жарық түсетін қабаттарға тұзды шығарудың орасан зор маңызы бар.
Қоректі тікелей судан алып және тіректі қажет етпей, су балдырларының тамырлары да, тірек жүйелері болмайды, түгелдей дерлік хлорофилл тканнан тұрады, осының арқасында кептеген мөлшерде қоректік заттарды жинайды. Дәл сондықтан да Мұхиттағы өсімдік заттарының массасы өсімдіктер мен қоректенетін және бірінбірі жейтін жануарлар массасына шамамен тең келсді, ал құрылықта болса бұл одан көптеген мың есе артық.
Мұхиттағы тірі заттар массасының үлкен бөлігін судың 100 метрлік жоғары қабатын мекендейтін фитопланктон құрайды. Фитоплантонның орташа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Организмдердің қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Жердің су қабығы мен гедросфера туралы жалпы мәліметтер
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері
Дүниежүзілік мұхитқа жалпы шолу
Дүниежүзілік мұхиттың геологиялық тарихы
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Әлемдік мұхит
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Дүниежүзілік мұхит біртұтас табиғат құрылымы ретінде
Пәндер