Аққу (Cygnus): биологиясы, Қазақстандағы түрлері және қазақ мәдениетіндегі орны


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Аққулар (лат. Cygnus) - қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара) . Салмағы 5 - 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 - 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу - жұп құрып тіршілік етеді. Ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы) 3 - 7-ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 29 - 40 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққу - жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында - Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.

Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы», Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу - құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т. б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады. [1]

Аққудың алты-жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанды мекендейтін екеуі - сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.

Қазақтар аққуды киелі құс деген:

  • Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді - сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген.
  • Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс.
  • Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып, ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған.

Осыдан қазақ халқы "Аққуды атуға болмайды", "Махаббаттарың айдында жүзген қос аққудай болсын" -деген дана сөздер қалдырған.

Аққу үш-төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес түлейді” деген мақалға сай ол да үш-төрт түлеп барып, шын аққуға айналады.

Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасында салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген

Ғашық болған, асық болған арман құсым, сен,
Іңкәрімдей, сұңқарымдай самғар құсым, сен.
Жаным, маған өмірімдей бол,
Айнымайтын сенімімдей бол.

Аққу көлі - арман көліндей,
Мөлдіреген көңілдей.
Жүзелік өмірге
Аппақ аққу сенімдей.

Аққу сенім алдамайды бұл өмірде-ай,
Тербете бер аққу көлдей жүрегімді-ай.
Бірге жүзер арман құсым, сен,
Бірге ұшар самғар құсым, сен.

Аққу көлі - арман көліндей,
Мөлдіреген көңілдей.
Жүзелік өмірге
Аппақ аққу сенімдей.

Бар еді тату күндер аққуды өпкен,
Барады баурап үні «гаккулеткен».
Сарыарқа сырнайлатып сәні келді,
Жыл құсы жылы жақтан аққу жеткен.

Аққу, қаздар саңқылдайды,
Қамыс, қоға ән тыңдайды, «гаккулеткен».
Осы екен ғой біздің көлге аққу жеткен.

Ғаламат көзге алыстан көрінгенің,
Айдынның жан саяхат төріндемін.
Махаббат қуанышқа шомылғанда,
Көрдің бе ән нөсері төгілгенін.

Аққу, қаздар саңқылдайды,
Қамыс, қоға ән тыңдайды, «гаккулеткен».
Осы екен ғой біздің көлге аққу жеткен.

Қуансам бақытыма тап болардай,
Толғандым ару құсқа ат қоя алмай.
Ей қалқа! Таң мезгілде сырласайық,
Толқынға тербетіліп жатшы оянбай.

Аққу, қаздар саңқылдайды,
Қамыс, қоға ән тыңдайды, «гаккулеткен».
Осы екен ғой біздің көлге аққу жеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аққу концептінің қазақ тіліндегі лингвомәдени ерекшелігі
Дін мен мәдениет: Исламның қазақ мәдениетіндегі ықпалы және азаматтық қоғамдағы орны
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанының қазақ мәдениетіндегі орны мен маңызы
Жаяу Мұса Байжанов: өмірі, шығармашылығы және қазақ музыкалық мәдениетіндегі орны
Кемірушілер: биологиясы, Қазақстандағы түрлері мен шаруашылыққа әсері
Шаманизм: тарихы, теориясы және қазақ мәдениетіндегі рөлі
Жорға: түрлері, үйрету әдістері мен қазақ мәдениетіндегі рөлі
Қазақ мәдениетіндегі күй өнерінің тарихи-мәдени және дүниетанымдық мәні
Қобыз өнерінің тарихи-археологиялық бастауы, даму кезеңдері және қазақ мәдениетіндегі рөлі
Қолқанаттылардың биологиясы, Қазақстандағы түрлері және қорғау мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz