КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
4
I

6
1.1
Көркем шығармаларды талдау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың теориялық негізі
6
1.2
Роман жанрын оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жүргізілетін практикалық жұмыстар
16
1.3
Роман жанрын талдау арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру жолдарын ұйымдастыру жұмыстарына сараптама жасау
19
ҚОРЫТЫНДЫ
24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
25
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан жаңа ғасырға дүниежүзі елдері қатарында терезесі тең ел ретінде келіп отыр. Жаңа ғасырды бастаған ұрпақ келер ұрпаққа қарыздар болып қалмас үшін қолдан келген игіліктерді жасайтыны анық. Қашанда білімі мол, рухани байлығы бар халықтың ұл-қыздары ешқашан да жүдемесі хақ. Біздің басты байлығымыз - білім.
Болашақ - білім мен ғылымға тәуелді болатыны айдан анық нәрсе. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Сондықтан қоғам талабына сай, қоғамды көркейтетін, дамытатын, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы істер байланысында мемлекеттің өркениеті үшін еңбек ететін, шетелдермен еркін ғылыми және мәдени қарым-қатынас жасай алатын, оқығанын өмірде қолдана алатын, ана тілін жетік білетін, ұлтжанды азамат дайындау - бүгінгі ұстаз қауымының басты мақсаты.
Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны - ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды? деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал - білім.
Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Білім алуда жақсы көрсеткіш көрсететін оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, алайда, кейбір балаларымыз мектептен алған білімдерінің қорытындысын өз мүмкіндіктерінде көрсете алмайды. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттіліктеріне сәйкес келмей де жатады. ОЖСБ әсіресе, ҰБТ-де өз білімдерін дәлелдей алмай да қалатыны жоқ емес. Осындай жайттардың алдын алу қағидалары функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.
Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда. Соның бірі функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы - сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің өзіндік маңызы бар. Соның ішінде, қазақ әдебиеті пәнінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық, т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты қарудың бірі ретінде пайдалану - әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептеледі.
Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: көркем шығармаларды талдау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
көркем шығармаларды талдау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың теориялық негізін беру;
роман жанрын оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жүргізілетін практикалық жұмыстарды ұйымдастыру;
роман жанрын талдау арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру жолдарын ұйымдастыру жұмыстарына сараптама жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы: бұл тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, бір бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Көркем шығармаларды талдау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың теориялық негізі
Білім - теңіз, мектеп - кеме. Мұғалім - мектептің жүрегі. Білім нәрімен сусындап, оның құпиясын аша білу - күрделі де қиын іс. Осы білім теңізінде еркін жүздіру - бала жанының бағбаны мұғалімнің іс-әрекеті. Мұғалімнің бір-біріне және ешкімге ұқсамайтын сабақтары келер ұрпақты заман талабына сай оқытып, тәрбие бермек.

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады.
ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзыреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген. Тұлға құзыреттілігін дамыту - ұстаздың құзыретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы - оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім - бағыт беруші, ұйымдастырушы. Америка ғалымдары Чарлз Темпл, Куртис Мередит, Джинни Стилл жасаған Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының оқушы құзыреттілігін дамытуда маңызы зор. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Бұл жобаның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге, пәнге деген қызығушылығы артып, талдау жұмыстарын жүргізе білуге үйренеді. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятқан әдістер арқылы өз ойларын топта, ұжымда талдай біледі.
Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Білім алуда жақсы көрсеткіш көрсететін оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, алайда, кейбір балаларымыз мектептен алған білімдерінің қорытындысын өз мүмкіндіктерінде көрсете алмайды. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмей де жатады. ОЖСБ әсіресе, ҰБТ-де өз білімдерін дәлелдей алмай да қалатыны жоқ емес. Осындай жайттардың алдын алу қағидалары функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе, бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады, яғни үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Сондықтан да аталмыш тапсырманы орындау үшін елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық әрекет жоспары құрылды.
Функционалдық сауаттылық термині 1956 жылы Уильям Грейдің ЮНЕСКО үшін Оқу мен жазуға үйрету зерттеуінде енгізілген болатын. Дегенмен функционалдық сауаттылықты дамыту жөніндегі мәселесі тек 1980 жылдары ақпараттық технологиялардың екпіндей дамуы кезеңінде маңыздылыққа ие болды. Ал бүгінде функционалды сауатты болу - өмірлік қажеттілік, оған елдің амандығы, әлеуметтік мәдени және экономикалық дамуы көп жағынан тәуелді.
Функционалдық сауаттылық ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің көп жоспарлы азамат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады, яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық жоспардың қабылдануы - оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту болып табылады.
Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, еліміздің болашағы - жас ұрпақты оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзіреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындау, оны мектеп тәжірибесіне ендіру уақыт талабына сай келеді.
Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда. Соның бірі функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы - сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді, яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады. Сонымен қатар оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді:
білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
оқыту нысандары мен әдістері:
білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Оқушы бойында функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2020 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:
Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді.
Білім беру мазмұнын жаңартады.
Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етеді.
Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі енгізіледі.
Материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығайтылады.
Халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерінің нәтижесі біздің еліміз бойынша төмен нәтижелер көрсетіп тұр. Әлемдегі өзгерістерге сәйкес құндылықтар мен білім маңызын қайта қарауды қажет етеді. Осы мәселелерді шешу үшін мұғалімдердің жұмыс жүйесіне өзгерістер енгізу керектігі туындап отыр. Әлем елдеріндегі білімнің азығы - Сингапур, Жапония, Финляндия елдерінің білім жүйесіндегі ерекшеліктерін бір-бірімен салыстырар болсам, білім сапасын көтеру мәселесі қарастырылатынын көруге болады. Ондағы мақсатым дамыған елдердің басым жақтарымен, әлсіз жақтарын қалай бақылайтынын анықтау болды. Соңғы кезде ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40%-ы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.
Білім беру жүйесі жыл сайын әр түрлі өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл өзгерістердің басты мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзыретті азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге функционалдық сауаттылық көмектеседі. Жаттанды білім жарға жығады. Егер бойыңдағы ілімің күнделікті өмірде қажетіңе жарамаса, ол білімнің керегі не? Осы орайда мұғалімнің үйретері мен берері мол. Ал шәкіртіне білімін күнделікті өмірде кәдеге асыруды үйреткен мұғалімдер саны артса, нұр үстіне нұр болар еді.
Қазіргі мектептердің басты кемшілігі баланы, үздік оқушы және нашар оқушы деп бөлетінінде. Ұлы ғалым Энштейннің өзі оқыған гимназиясында үздік оқығандардың қатарында болмаған. Ол математика мен латын тілін жақсы білгенімен ұстаздарымен үнемі сөз таластыратын болған. Жас Энштейн ұстаздардың оқушыларға авторитарлық қарым-қатынасына үнемі қарсы шығатын. Оның ойынша, материалды механикалық түрде жаттау - білім алу және шығармашылық ойлауға зиян тигізеді. Энштейн бала кезден-ақ осылай ойлаған екен.
Атақты адамдарымыздың мысалында біз баланың ойлау еркіндігін шектемей, жан-жақты ойлауына, шығармашылық қасиетін дамуына мүмкіндік беруіміз қажет. Әрбір адам ерекше, ешкімге ұқсамайтын тұлға. Ал қазіргі білім жүйесі бәрінен бірдей адам жасауға ұмтылады. Баланың санасына, шығармашылық ойлауына шек қоямыз да, сын тұрсынан ойлануына мүмкіндік жасамаймыз. Дайын, ойлау моделін, ұсынып, сол модель бойынша ойлауды, өмір сүруді талап етеміз.
ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр - марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр, дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отырғаны анық. Бүгінгі мектептің басты міндеті - өзіндік ой-көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл болуды көздейді. Ойын еркін айтатын, сын тұрғысынан ойлануға бейім, интеллект қабілеті дамыған, қоғамдық өмірде өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру мектеп мұғалімдері үшін үлкен жауапты іс.
Функционалдық сауаттылықты дамыту білім - түсіну - қолдану - жүйелеу және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Мұндай жүйе әлемдік тәжірибені жан-жақты зерттеу арқылы енгізіледі. Олар ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі. Ұлттық жүйе арқылы бағалау - жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу. Халықаралық бағалау жүйелері - PISA (Programme for International Student Assessment), TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер. Қазақстанның осы сияқты халықаралық зерттеулерге қатысуындағы басты мақсат:
- білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформалаудағы қажеттілік;
- қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігімен
бірігуі;
- оқытудың халықаралық сапа стандарттарын енгізудегі және оның
нәтижелерін бақылаудағы қажеттілік;
- білім беру мазмұнын өзгерту, білім беру сапасын бағалаудың
қазақстандық жүйесін құру;
- білім сапасын бағалайтын қазақстандық жүйе енгізу.
Зерттеу идеологтарының ойластыруы бойынша PISA (Programme for International Student Assessment), TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) және PIRLS сияқты тестілер - заман талабы мен тапсырыс берушілердің сұранысына сай оқыту нәтижелерінің өміршеңдігін анықтаушы құрал.
Еліміздің 2011 жылы өткен халықаралық PISA - 2012 апробациялық зерттеуіне, 2012 жылы сәуір айында болған PISA - 2012 негізгі зерттеуіне қатысуы өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өмірінде орынды қатысу үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақстан PISA халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет - 2009 жылы 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында қатысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды.
Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін төмендегідей кешенді жоспар жасалды. Олар: мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық іс-шаралар кешені. Бұл кешен Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту барысында жасалатын іс-шаралардың мақсаттылығын, біртұтастығын және жүйелілігін негізге ала отырып дайындалған. Аталған Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.
Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Осы стратегияның міндетті шешу жағдайындағы ең басты сапалары:
белсенділік;
шығармашылық тұғыдан ойлау және шешім қабылдай алуы;
кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік;
өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады:
функционалдық сауаттылық;
әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі;
өзгермелі өмірге бейімделудің шарты;
әлеуметтік-мәдени дауының өлшемі;
қатысымдық, ақпараттық проблемаларының шешімін табу құзіреттіліктерінің бірлігі;
білім-білік дағдыларының құзіреттіліктергее ұласу жолы.
Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни, бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай, ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді:
Оның бірінші механизмі - оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту МЖБС - мемлекеттік стандарт. Ол үшін мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға бейімделуіне, алған білімін практикалық жағдайда тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.
Олар:
басқарушылық проблеманы шешу қабілеті;
өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау;
коммуникативтік қазақ, орыс, ағылшын тілінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;
әлеуметтік қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті;
өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу;
қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі;
ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларын сауатты пайдалану.
Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді әр пәннің мазмұны арқылы меңгеруі тиіс.
Оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауаттылықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты еңбегінде оқулық мәселесіне ерекше тоқталған болатын.
Жалпы оқулық жазу мәселесі күн тәртібінен түспеген, өзекті мәселелердің бастысы екендігі алаш арыстарының ой-пікірлерінен анық аңғарылады. Атап айтар болсақ, Ж.Аймауытов: ...Тегінде оқу кітаптары кеңседе отырып одан-бұдан құрастырылып ойдан шығарылып, долбармен жазу керек емес, мектептердің программасына жанастырылып, сондағы оқыту тәсілдеріне сүйеніп жазылу керек. Бұлай болмағандықтан кітаптардың көбі мектептерде қолдануға жарамсыз болып қалады. Кітап жазушылар ауылдағы мұғалімдер арасынан шықпай, немесе кітап жазам деген кісі, сол бастауыш мектепте бала оқытып көрмей тұрып, мектептердің мүддесіне, мақсатына тап ете түскендей кітап шығуы қиын. ...Мектептердің пән сөздерін кеңседе жасау дұрыс емес. Пән сөзін пән маманы, кітап жазушы шығару керек. Ешбір ғалым пән сөздерін кеңседе шешкізіп, жасамайды. Кітап жазушы өзі табады. Бір ғалымның шығарған кітабында кейбір сөздер қолайсыз болса, екінші жазушы ол сөздерін түзеп, өзгертіп, жаңа сөз кіргізеді. Сөзді пән иесі ғана шығармаса, бөгде кісілердің шығаруы мүмкін емес. Өйткені, әр пәнге жетік адамдар білім кеңесінде болмайды. Пән иесі көп ойланып, көп еңбекпен тапса, кеңес сөзге көп ойланып отыра алмайды. Білім кеңестерінің жиналысында болғанымыз бар, онда сөздер жете тексерілмей, үстірт қаралатындығы, көп отырса жалығып, қолайсыз сөздерді де ала салатындығы байқалады, - деп оқулық жазудың үстірт қарайтын, жеңіл дүние еместігіне баса назар аударады. Елбасының жоғарыдағы тұжырымы осы алаш ойшылдарының пікірімен үндесіп жатыр. Яғни, жоғарыдағы пікірлерде айтылғандай, оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауаттылықтың құзыреттіліктеріне сай жазылуы тиіс. Оқулықты жаңа мазмұнда жазу барысында оның негізін салған авторлар ұмыт қалмауға тиіс. Себебі кез келген оқулықтың негізін қалаған сол алғашқы авторлар. Олардың атын оқулықта сақтап қалу біздің азаматтық борышымыз болуымен қатар, болашақ ұрпаққа берер тәлім-тәрбие болмақ. Яғни, қазақ халқы менталитетіндегі үлкенге құрмет, кішіге ізет ұстанымы болмақ.
Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі - оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған. Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау - оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау - әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері. Сондай-ақ халықаралық TIMSS, PISA және PIRL зерттеулерге қатысуы. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериялық бағалау жүйесі енгізілді.
Функционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі - ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ананың борышы - бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz