Сызуды оқыту әдістемесінің жүйесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Графика және жобалау (сызу) пәнін оқыту барысында оқушыларды білімге, еңбек мәдениетіне, жауапкершілікке тәрбиелеу

Орындаған: Бейнелеу өнері және сызу мамаңдығының
ИИЧ - 31 тобының студенті Абилов С.Г.
Тексерген: Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының
аға оқытушы Молдашева Б.А.

Орал-2019
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
I.Графика және жобалау пәнінің қалыптасуының теориялық негіздері

1.1. Сызудың шығу тарихының бүгінмен байланысы ... ... ... ... ... ... .. ...
5
1.2. Графика және жобалау пәнін оқытудың әдістемелік құрылымы мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
II. Пәнді оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеу әдістерінің негіздері

2.1. Сызуды оқыту процесіндегі дидактикалық принциптер ... ... ... ... ...
15
2.2. Сызу пәнінде еңбек мәдениеті мен жауапкершілікке баулу ... ... ... ..
19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
28
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
30



Кіріспе
Жалпы графикалық мәдениет, функционалдық графикалық сауаттылықты меңгеру немесе ой білдірудің графикалық тілін (ақпаратты визуализациялау) меңгеру күнделікті өмірдің шығармашылық қызметінің шарты болып табылады. Графикалық үлгілеудің негізгі әдістерімен, графикалық бейнелерді түрлендірудің әдістерімен танысу, олардағы кез келген қызмет саласында: білім, ғылым, техника және өнерде адамға қажетті ақпаратты алу мақсатында жүргізіледі.
Графика және жобалау оқу пәнінің мазмұны графикалық бейнелеу теориясының негіздері және геометриялық-графикалық модельдеу әдістерін меңгеру болып табылады. Графикалық мәдениетті қалыптастыру бастапқыда мектепте білім беруде жүзеге асырылады.
Адам баласы жануарлардың, өсімдіктердің, құрлыстардың және басқада заттардың суреттерін салуда өте ерте заманда басталған. Түрлі мәліметтерден кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін кескіндер пайдаланған. Ескіден сақталған Қаратау жотасындағы және Тамғалыдағы жартасқа салынған кескендер көпшілікке мәлім. Кейін грек - мысыр иероглифтерін пайдаланып, маңызды оқиғалар туралы баяндауға мүмкіндік туды. Қытай-жапон иероглифтері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Сонымен,жазу өнері иероглифтерді жетілдірудің нәтижесінде пайда болған.Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда жазылған Рим архитекторы Марк Витрувийдің "Архитектура туралы 10 кітап"атты трактатында нәрсенің горизонталь және фронталь проекциялары туралы айтылған. Шығыстың Аристотелі атанған, Отырар қаласында (Арыс өзенінің жағасында салынған, Туркістаннан 10-15 шақырымдай қашықтықта орналасқан) туып, қыпшақ руынан шыққан Әбунасыр әл-Фараби (870-950) "Музыка туралы үлкен тракатат" атты еңбегінде музыканың теориясын жасап, дыбыс интервалдарын графиктік жолмен тағайындалған, өзі ойлап тапқан музыкалық аспаптардың Ахмет Иассауидің сәулет ғимараты сол кезде салынған дүние жүзіндегі ең үлкен құрлыс, Маңғыстаудағы жер астына салынған Шопан-ата (12ғ), Қараман-ата (13ғ) және Бекет-ата(18ғ) мешіттерін салуда олардың жобалары мен сызбалары болғаны сөзсіз. [1]
Графика және жобалау пәнінің мазмұнын реттейтін дидактикалық негіздер, бір жағынан, мектеп оқушыларына арналған графикалық білім берудің жаңа тұжырымдамасымен анықталған. Оның негізгі концептуалды ұстанымы - оқушыларға графикалық мәдениетті жақсы білу қажеттілігі идеясы, модельдеу,сызба сызу, кескін түрлендіру және көрнекі ақпараттарды тарату саласындағы дәстүрлі және жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, адамзаттың жетістіктерге жету жиынтығы ретінде түсініледі.
Екінші жағынан, берілген пәннің мазмұнын таңдауды реттейтін дидактикалық негіздер ұлттық деңгейдегі білім берудің жалпы мақсаттары болып табылады. Бағдарламаның мазмұны Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, орта білім саласындағы мақсаттар жүйесі мен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған.
Ұлттық деңгейдегі білім берудің жалпы мақсаты студенттердің үйлесімді қалыптасуы мен дамуына, білімдерін шыңдауына, олардың өмірін адамгершілік тұрғыдан түсінуіне ықпал ету: бойларында кеңпейілділік қалыптастыру; шығармашылық тұлға өсіру; жауапкершілігі мол азамат тәрбиелеу; дені сау және жетілдірілген тұлға оқыту болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептердегі графика және жобалау пәні бойынша бағытталған орта білім берудің мақсаты - оқушылардың білім алу қабілетін дамыту, алған білімдерін кез-келген білім беру және өмірлік ситуацияларда шығармашылықпен пайдалану, негізгі және пәндік құзіреттіліктерді дамыту арқылы өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі басқаруға дайын болу.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың шығармашылық ойлауда және еңбексүйгіштігін дамыту, білімдерін арттыру, жауапкершіліктерін көркейту мақсатындағы мектеп бағдарламасындағы графика және жобалау сызу пәнінің орны мен маңызын анықтау.
Курстық жұмыстың алғашқы тарауында ең алдымен сызу ұғымының тарих жылдарын жағалай қалыптасуының тарихына көз жүгіртетін боламыз. Екінші тарауда негізгі тақырыбымыздың аспектілерін талдап, әрқайсысына жекелеген қадамдар жасап, тоқталатын боламыз.

I.Графика және жобалау пәнінің қалыптасуының теориялық негіздері

1.1 Сызудың шығу тарихының бүгінмен байланысы
"Біздің ата-бабаларымыз жасай бастаған суреттер
ақылға қонымды адам қызметінің ерекше белгілерінің
бірі болып табылады. Қазіргі әлемде бұл бейнелер
көрнекі ақпаратты бекітудің қуатты әмбебап
құралдарына айналды, онсыз қазіргі ғылымның,
техниканың және өнердің ешбір түрі болмас"

С. И. Вавилов
Сызба бізді қоршаған әлем заттарын зерттеу құралдарының бірі болып табылады. Сызба қазіргі заманғы түрге ие болғанға дейін ғасырлар өтті. Ежелгі уақытта кез келген ақпаратты суреттер арқылы беріп отырған. Сызба эволюциясы жартастағы суреттер мен пиктографиялық (сурет) хаттардан басталды деп есептеледі. (Сурет №1)[3]

Сурет № 1. Ежелгі жартастағы суреттер мен пиктографиялық белгілер
Әлемнің жеті кереметінің бірі Мысыр пирамидалары адамзат жетістігінің ескерткіші болып табылады. Бұл ғибадатханалардың архитектурасы философиялық, тарихи және діни сипаттағы бірқатар символдардан тұрады. Ежелгі ғимараттардың сызбасыз салынғанын елестету қиын. (Сурет №2) Ғалымдардың пікірінше, мысырлықтар сол кезде-ақ жобалық құжаттамаларға ие болған .Ең ірі пирамидалар: Хеопс (Хуфу), Хефрен (Хафра) және Микерин (Менкаура) пирамидалары.[2]

Сурет №2. Хеопс пирамидасы (б. з. Д. 2500 жыл)
Сызбаларды дамытудағы жаңа дәуірді Ежелгі Грецияның мәдениеті берді. Архимед сияқты көрнекті ойшыл сызбалардың даму эволюциясына елеулі үлес қосты. Қайта өрлеу дәуірінде жаңа графикалық әдістермен техникалық ақпаратты бейнелеудің практикалық негіздері салынды. Ұлы Леонардо да Винчи (1452-1519) ұрпақтарына ұшу аппаратының, лақтыратын машиналардың графикалық бейнесін мұра етіп қалдырды. (Сурет №3)
Сол кездегі сызбалар конус перспективасы деп атайтын ерекше түрде орындалды. Бұл әдіс бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Қазіргі уақытта ол сызықты перспектива деп аталады және сәулет, сурет, кескіндеме, дизайнда қолданылады.[3]

Сурет №3. Леонардо да Винчи қалдырған сызбалар
Орыс сызбалары туралы алғашқы ескертулер XVI ғасырдың ортасымен шамаланады. Бүгінгі күнге дейін жеткен мұралар XVII ғасырдың еңбектеріне бағаланады. Сол замандарда сызба мен сурет арасындағы айырмашылық болған жоқ. Суреттерді көзбен елестетіп, қолдан келгендері ғана салып отырды. Мұндай сызбалар сөздік түсініктерді қажет етті, сондықтан оларға жазулар жасалды.
Бірте-бірте сызбалар анағұрлым жетілдірілген нұсқада орындала бастады.(Сурет №4)

Сурет №4. Семь өзеніндегі диірменнің бейнесі (сол жағында) және де көпір мен күзет мұнарасының сызбасы (оң жағында)
Орыс сызбалары туралы алғашқы мәліметтер XVI ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. Бірақ, Ресейде оларды пайдалану әлдеқайда ерте басталды деген болжам да жоқ емес. Ресей елінде XVII ғ. екінші жартысынан бастап ғана сызбалар мұрағаттарда жинала бастады. Сондықтан, одан бұрын орындалған сызбалар бізге жетпеді. "Сызба"сөзі түптің түбінде орыс тілінен бастау алынған деген пікір де кездеседі. Орыс еңбектерінде сызбаны жазықтықтағы қандай да бір заттардың кескінін білдіреді және де бір нәрсенің кескінделген жоспары деп сипаттаған. Сызбаларды орындайтын адамдарды Ресейде сызғыштар деп аталды. [4]
Техниканың дамуы графикалық бейнелердің әдістері мен тәсілдерін жетілдіру қажеттілігін тудырды. XVIII ғ. сурет графикалық бейненің басқа түріне -- сызбаға орын береді. Көптеген орыс ғалымдары, өнертапқыштар, механиктер сызбаларды пайдаланды. Олар сызбаларды үлкен шеберлікпен және сызбаларды құру және ресімдеу ережелерін терең түсінумен орындады.
Сызбалар бойынша тұрғын үйлер салынып, бөгеттер, электр станциялары, шахталар салынып, тас және темір жолдар төселеді. Сызбалар бойынша аяқ киім дайындайды, киім тігеді, жиһаз жасайды, қалалар мен ауылдық елді мекендерді жоспарлайды және көгалдандырады. Сызбалар дәрігерге күрделі медициналық техниканы зерттеу кезінде қажет. Сызбаларды ұшқыштар, теңізде жүзушілер пайдаланады. Сызба білімді адам және жақсы маман болу үшін физиканы, математиканы, географияны оқу кезінде қажет. (Сурет №5)[5]

Сурет №5. Сызудың пайдасы тиетін салалар
Адамның іс-әрекетіндегі сызбаның маңызы. Сызба деп нәрсенің кескінінен және оны жасауға керекті басқа да мәліметтерден тұратын құжатты айтады. Нәрсенің сызбасына қарап,оның пішінін және өлшемдерін анықтауды-оны оқу дейді. Инженерлер мен ғалымдар сызбаның көмегімен ғылым мен техниканың көптеген есептерін шешеді. Машиналармен құрлыстардың сызбаларына қарап,оларды жасағанан немесе тұрғызғанан кейін қандай болатынын алдын ала көреді. [6] Егер болашақ машиналар немесе құрлыстар ойдағыдай жақсы болмаса онда олардың сызбаларын өзгертеді. Сөйтіп, қосымша материалдармен қаражат жұмсамай-ақ сызбалардың көмегімен бүгінгі күнің талаптарына сай машиналармен әдемі құрлыстардың жобасын жасауға болады. Күнделікті өмірде ғылым жаңалықтарын пайдаланбайтын, техниканы қолданбайтын мамандар жоқ деуге болады.
Жүргізуші, сылақшы, ұста, диқаншы, дәрігер, мұғалім, ұшқыш ғарышкер мұнайшы, тағы басқа мамандар түрлі машиналарды, аспаптарды жете менгере және басқара білулері қажет.
Ғылым мен техниканың дамуымен бірге әртүрлі мамаңдықтағы адамдардың, сонымен қатар мекемелердің және мемлекеттердің арасында ақпарат алмасудың маңызы жоғарғы деңгейде. Ақпаратты тарату үшін радио, теледидар, кітаптар, газет-журналдар, сызбалар және т.б. пайдаланылады. Аталған ақпарат тарату құралдарының ішінде сызба ерекше орын алады.[7]
Сызба - деп нәрсенің кескінін және оны түсіндіруге қажет басқа да мәліметтер келтірілген құжатты айтады. Сондықтан сызба -- ұшақтар, кемелер, зымырандар, тракторлар, экскаваторлар және кез келген ғимараттар, көпірлер, жолдардың жобасын жасауға, соңдай-ақ су, газ, мұнай, электр энергиясын жеткізуге арналған әртүрлі желілер тұрғызу үшін қолданылатын негізгі құжат болып табылады. XIX ғасырдың басында-ақ француз ғалымы Гаспар Монждың Сызба -техника тілі деуі тегін емес еді.[8] Сызба графикалық кескіндердің бір түрі ғана болып табылады. Графикалық кескіндерге суреттер, сұлбалар, карталар, диаграммалар және шартты белгілер де енеді. Қазіргі кезде өзінің кәсіби іс-әрекеті барысыңда графикалық кескіңдерді пайдаланбайтын маманды атау қиын.
0.2. Графика және жобалау пәнін
оқытудың әдістемелік құрылымы мен маңызы

Сызуды оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы. Ол сызуды оқыту мақсаттарына сай сызуды оқытудың дидактикалық мәселелерін зерттейді. Әдістеме терминінің төркіні методика, метод, әдіс, жол деген грек сөзінен шыққан. Сызуды оқыту әдістемесін басқаша сызу педагогикасы, сызу дидактикасы деп те атайды.[9] Бұлардың мағынасы бір біріне өте жақын, сондықтанда оларды біз бір мағынада қолданамыз. Сызуды оқыту әдістемесі ең алдымен мектептегі сызу пәнімен тікелей байланысты дамиды. Сызуды оқыту әдістемесі бір қырынан алып қарағанда педагогика ғылымының бір саласы болса, екінші бір қырынан қарағанда болашақ сызу пәнінің мұғалімдерін педагогикалық қызметке әдістемелік тұрғыдан дайындайтын оқу пәні ретінде танылады.
Мектептегі сызу пәнінің білімдері мен дағдылары молайып, мазмұны тереңдеп, ауқымы кеңейген сайын, оны үйретудің мәселелері де өзгеріп, күрделене береді, осыған сай жаңа тәсілдер пайда болып отырады. Жаңадан қосылған тәсілдер жинақтала келе жаңа әдістеме құралады. Сызуды оқыту әдістемесі сызуды оқытудың бірнеше әдістерінен құралады. Сызуды оқыту әдістері сызуды оқытудың бірнеше тәсілдерін біріктіреді. Сызуды оқыту әдістемесі сызуды оқытудың дәстүрлі әдістемесі және сызудың жаңа оқыту әдістемесі болып бөлінеді. Сызуды оқытудың дәстүрлі әдістемесі бұрыннан қолданыста келе жатқан сызуды оқыту әдістерінен құралатын болса, сызудың оқытудың жаңа әдістемесі оқыту проблемаларын шешудің жаңадан ендірілген әдіс тәсілдерінен құралады.
Сызуды оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты үш сауалға жауап беруге тиіс: бірінші, сызуды не үшін оқыту қажет? екінші, нені оқыту керек? және қандай тәртіппен, ретпен оқыту керек ? үшіншіден сызуды қалай оқыту керек?[10]
Сызу пәні бойынша мектепте қандай материал қандай ретпен өтілуі тиіс екендігі мектеп сызу пәні бойынша бағдарламалар мен оқулақтарда көрсетілген. Сызуды қалай оқыту керек? деген мәселе сызуды оқыту әдістемесі пәнінің еншісіне тиеді. (Сурет №6)
Сызуды мектепте оқыту әдістемесі пәнінің алғашқы дәрісбаяны мектептегі сызу пәнін оқытудың мақсат міндеттері, тақырыптары, әдістері мен әдістемесі туралы студенттерге түсініктер беруден басталады.

Сурет №6. Сызуды оқыту әдістемесінің жүйесі

Мектептегі сызу пәнін оқытудың мазмұны сызуды мектепте оқытудың мақсат міндеттеріне байланысты анықталады. Сызуды мектепте оқытудың мақсаты оқушыларға машина құрылысы сызбаларын, машина құрылысы бөлшектерін, сәулет құрылыс сызбаларын таныстырып, мектептерде сызуға арналған оқулықтар мен бағдарламалар туралы түсініктер беріп, сызбалар туралы оқушыларға қарапайым түсініктерді меңгертіп, оқушыларға сызудың ептейліктері мен дағдыларын қалыптастыру міндеттері қойылады.[11]
Сызуды мектепте оқытудың негізгі тақырыптары сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеу, проекциялау, проекция түрлері, кескінді екі немесе үш жазықтыққа проекциялау әдістері, белгісіз проекцияны табу, аксонаметриялық проекциялар, техникалық сурет және эскиздер сызбалары, қима мен тілік сызбалары, аксонометриялық қиылысу сызбалары, стандарттармен танысу, сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеу бағыттарын қарастырылады. Сонымен қатар оқушылар аксонаметриялық проекциялар, техникалық сурет және эскиздер, сызбаны оқу, қима мен тілік, аксонометриялық қиылысу, шрифт тақырыптары бойынша практикалық сабақтарда түрлі сызба жаттығуларын орындайды.[12]
Сызуды мектепте оқытудың негізгі тақырыптарына байланысты сызуды оқыту әдістері таңдап алынады. Олар сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеуді үйрету әдістері, проекциялау, проекция түрлері, екі үш жазықтыққа проекциялау түрлерін оқыту әдістері, проекцияны шешу жолдарын оқытып үйрету әдістері болып бөлінеді. Сонымен қатар болашақ мұғалімер жоғары оқу орынында сызуды оқыту әдістемесі пәнінің дәрісбаян сабақтарында аксонаметриялық проекциялар тақырыбын оқыту әдістері, техникалық сурет және эскиздер тақырыбын оқыту әдістері, сызбаны оқыту сабағы және оның әдістері, қима мен тілік сабағын жүргізу әдістері, аксонометриялық қиылысуды оқыту әдістері стандарттармен таныстыру әдістері, жалпы орта білім беру мектептерінде сызуға арналған оқулықтар мен бағдарламаларды талдау әдістері, сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеу әдістері, проекция түрлері, екі үш жазықтықтағы проекциялау түрлері, проекцияны шешу жолдары тақырыптарын оқытып үйрету әдістерімен таныстырылады.
Сонымен қатар студенттер сызуды оқыту әдістемесі пәнінің практикалық сабақтарында аксонаметриялық проекциялар тақырыбын оқыту әдістері, техникалық сурет және эскиздер тақырыбын оқыту әдістері, сызбаны оқыту сабағы және оның әдістері, қима мен тілік сабағын ұйымдастыру әдістері, аксонометриялық қиылысуды оқыту әдістері тақырыптары бойынша мұғалімнің практикалық жұмысына қажетті педагогикалық іс әрекеттерге бағытталған жаттығуларды орындайды.
Сызуды оқытудағы маңызды оқу мәселесінің бірі оқушыларды сызбаны безендірудің негізгі ережелерімен таныстыру. Мектептегі сызу сабағын оқыту ең басты екі бағытты қамтиды.[13] Оның біріншісі оқушыларға сызудың негізін құрайтын ұғымдарды, теориялық қағидаларды, терминдер мен анықтамаларды меңгерту болса, оның екіншісі, проекциялау әдісін оқушыларға үйрету және қарапайым сызудың ептейліктері мен дағдыларын меңгерту болып табылады.
Сызу пәнінің алғашқы сабақтарының маңызды міндетіне оқушыларды адамдардың іс жүзіндегі қызметіндегі сызудың маңызымен мақсатымен, міндетімен, таныстыру көзделеді. Мысалдыр келтіру арқылы сызуды білгеннің қандай мамандық иесі болмасын пайдалы екендігі туралы айтылады. Сызудың даму тарихымен оқушыларды таныстыру үшін алдымен оқушыларға ежелгі кемелердің көне машиналардың бөлшектерінің суреттерін көрнекті етіп салып оны қарап шығу ұсынылады, оған практикалық тұрғыда талдау жасалады. Ол суреттің ХVII ғасырға жататыны туралы айтылады.[14] Ондағы кескіндер қолдан салынғандығына, сызбаның мөлшері берілмегендігіне, онда сызбаны безендіру туралы түсінік беру жазулары жазылмағандығына, бұлар ерте кездердегі сызудың өзіндік ерекшеліктері мен даму деңгейінен хабар беретіндігіне назар аударылады.
Қазіргі кезде, жаңа заманғы, жаңа аппаратуралар мен техниканың бөлшектерін сызбасыз жасау мүмкін емес. Сызбалар дегеніміз машина бөлшектерін немесе құрылыс бөліктерін жасау жолдарын, олардың ішкі және сыртқы формаларының сипатын көрсететін құжат болып табылады. Сабақта мұғалім сонымен қатар сызбалар ғылыми-техникалық прогрестің дамуының ажырамас бөлігі ретінде оның сипатын білдіретін өзіндік ерекшелігі бар құжат болып табылатындығына назар аударады.
Сызу пәнінің маңызы
Сызу - графикалық кескіндерді рәсімдеу, орындау және айырып тану теориясының негізгі қағидалары және практикалық амалдары оқылатын оқу пәні. Сондықтан сызуды техника тілі ретінде ғана анықтау жеткіліксіз. Сыза білу -- жаза және оқи білуден кейінгі екінші сауаттылыққа айналды. Олай дейтініміз, сызуды меңгерудің нәтижесінде ғана адам қағазда немесе дисплей экранында өз ойын (ойлап тапқанын) дұрыс кескіндей алады және басқалар орыңдаған немесе әртүрлі техникалық қондырғылар экрандарында пайда болған кескіндерді түсіне алады.[15]
Сызу пәнінің міндеті
Құрама сызбаларды оқи білуге студенттерді оқытып-үйретуде бұйымдардың геометриялық формалары жайлы және бөлшектердің өзара орналасу жайын, олардың құрамды бөліктерін, бұйымның жұмыс жасауын, сондай-ақ өзге техникалық және оның технологиялық сипаттамасын қажетті мәліметтерді мақсатты бағытта алуға көмектесетін бұйымдар жайлы ақпараттарды оқудың белгілі бір жүйелілігін жасап шығу ұсынылады.
Сызу сабағы студенттердің логикалық ойлану қабілетін арттыру, көру, қадағалау, оларды салыстыру, талдау, синтездеу қабілетін қалыптастыруға бағытталу керек. Бағдарлама әрбір сабаққа оқу материалдарын тиянақты дайындап, олардың студенттерге көп салмақ түсірмейтін жағы да қарастырылуы керек. Берілетін тапсырмалардың көп уақытты алмайтындан, бірақ терең түсінетіндей жаттығылардың үлгісі дайындалады. Қоғамның даму жолындағы өндіргіш күштер мен ғылыми техникалық прогрестің өсуі техникалық мамандарды дайындауға жоғары талаптар қояды. Техникалық білімдерін жан-жақты терең игерудің мақсаты, сызба түрлерін практика жүзінде орындай алуы мен қатар ауызша оқи алуы жетістіктері, графикалық сауаттылық екендігін түсіну керек.
Сызу пәнін оқытудың басты мақсаты, студенттердің кеңістіктегі көріністері көз алдына елестетуді дамыту арқылы оқушыларға сызбаларды еркін оқи білуін және олардың техникалық суретін орындау, сұлбасын сызу білуін дамытутехникалық сызбаларды оқи да, орындай да білуіне жол ашу, механизмдегі бөлшектердің өзара байланысын сызбалар арқылы оқи білуі, олардың кеңістіктегі заттардың орналасуын көз алдына елестете білуін үйрету болып табылады.[16] Бұл келешекте әртүрлі кәсіптегі, әртүрлі мамандықта жұмыс істейтін адамдардың түрлі операцияларды орындауда өз ойларын толық жеткізуіне мүмкіндік жасайды. Оқытушы сызу пәнінің бағдарламасы бойынша керекті көрнекі құралдармен дидактикалық үлестірме материалдарын іздене отырып, шаршамай, уақтылы дайындап отырса, осы пәнді оқыту барысы жандана түсіп, студенттердің бұл пәнге деген қызығушылығы артар еді және алған тиянақты білімін келешекте еркін қолдана алуына мүмкіндік болар еді.
Сызба әдістері - бұл жалпы білім берудің, тәрбиелеудің мақсаты мен талабына сәйкес графикалық сауаттылықтың мазмұны мен әдістерін анықтайтын педагогика ғылымдарының бір саласы.[17] Сонымен бірге сызу әдістері графикалық жұмыстар орындаудағы формаларды талдауда және оқу процесін тиімді ұйымдастыруда үнемді тәсілдерді қолдану әдістерін зерттейді.
Сонымен қатар сызу пәнін оқыту процесінде оқушының өзіндік еркін шығармашылығын дамытуды кеңінен қамту керек. Бірақ әрбір оқытушы өзінің педагогикалық қолтаңбасына, темпераментіне, эрудициясына, шеберлігіне және өзіндік мінез-құлқына сәйкес өз тәжрибесінде басқа да әртүрлі әдістермен бірге өзге тәсілдерді қолдануы да мүмкін.Әрбір тәжірибелі оқытушы әрдайым оқулықтан оқып білгенін сын көзбен қарап, өзінің кәсіби тәжірибесімен салыстыра отырып, нақты жағдайына бейімдегеннен кейін ғана ол кітапты қалай қолдануға болатынын ойлана отырып, шешім қабылдайды.
Аталған мақсатты орындаудағы негізделген талаптар төмендегідей:
:: сызу пәнін оқытудағы тәжрибелі мұғалімдердің қолданып жүрген тиімді әдістері;
:: оқушылардың ойлану қабілетін және кеңістіктегі нәрсені көз алдына елестете білуіне талаптандыратын әдістер мен құралдар;
:: аксонометриялық проекция негіздеріне сәйкес орындалған эскиздер мен көрнекі кескіндерін бейнелеу әдістері мен құралдары;
:: практика жүзінде сызбаларды оқи да, орындай да білуіне мүмкіндік жасауды қамтитын әдістер мен құралдар;[18]

Жазықтық бетіне кеңістіктегі формаларды кескіндеу арқылы оның мазмұнын түсіну, басқа пәндерді оқуда да үлкен көмегін тигізетінін ескерген жөн. Сондықтан әрбір сабақта оқушы өз логикасымен ойланып, практикалық, болмаса графикалық жұмыс істегені дұрыс. Бұл жерде айта кету керек, бірыңғай графикалық, болмаса практикалық жұмыс пен шектелуге болмайды. Терең теориялық біліммен қаруланған оқушы, практикалық білімді тығыз ұштастыру арқылы ғана өз дәрежесіндегі графикалық сауатты оқушы бола алады. Әртүрлі тәсілдермен орындалған түрлі сызбаларды, графикалық кескіндерді, схемаларды еркін оқи да,орындай да білген оқушы осы пәнді толық игереді деп есептеуге болады.
Кез келген практикалық тапсырмаларда оқушылардың кеңістіктегі затты көз алдына елестетуін дамытуға, танымдылығын арттыруға, олардың білім өрісін кеңейтуге ықпал жасау керек. Осындай әдістер оқушылардың өтілген материалдарды есте сақтай отырып, олардың ойлану қабілетін, айналаны қоршаған әртүрлі формадағы көріністерге басқаша қарай білуіне, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды.
Оқытушының сызбалардың дамуы, олардың қандай себептермен өзгеріске ұшырағаны, сызбаларды көрмеудегі өзгерістер туралы қызықты тарихи әнгімелері, оқушылардың білімін жан-жақты арттыру ғана емес, оларға тәрбиелік мән береді. Ондай әнгімелер барысында, міндетті түрде, әртүрлі қызықты суреттер мен көрнекіліктердің, заман талабына сай оқытудың қазіргі технологияларында қолданылатын құралдың көмегімен кодоскоп, оқулық теледидары, компьютерлік жүйелердің мүмкіндіктері, т.с.с. әртүрлі мамандықтар, машиналар, технологиялар, құрылыстарда қолданылатын сызбалардың атқаратын қызметі туралы әнгімелердің беретін әсері мол.
Білім беру саласының басты міндеті - білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың қызмет көрсету аясын кеңейту.
Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық роль берілсе, ал қазіргі заманауи технологияларда оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, яғни мұғалім оқушыны оқытпайды, ол оны өздігінен оқып білім алуға жетелейді. Сол арқылы оқушы өз қажеттілігін өзі таңдаған жолында қамтамасыз етіп, жетістікке жетуге мүмкіндік алады.

II. Пәнді оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеу әдістерінің негіздері
2.1. Сызуды оқыту процесіндегі дидактикалық принциптер
Графика және жобалау пәнінің әдістемесі өзінің қағидаларын жасауға педагогика ғылымының мәліметтеріне сүйенеді. Бірақ педагогика ғылымы, практикасыз оқыту өнерін меңгеру нәтижесіне жете алмайды. Ол тек қана жалпы қағидаларды көрсетумен ғана шектеледі.Осыған керісінше жалғыз оқыту әдістемесі педагогикасыз мұғалімге оқу процесін дұрыс құра білуге мүмкіндік бере алмайды. Мұғалім мектептегі педагогикалық қызметін сәтті жүргізу үшін, оған қазіргі дидактиканың негізгі қағидаларын жақсы біліп, оны практикада шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
Педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені танымдық, диалектикалық материализм тұрғысынан алғанда дидактикалық принциптер жүйесін анықтайды. Сондықтан тәрбиелей отырып оқыту және идеялық бағыттылық принципі басты орын алады.
Педагогикалық оқытуда келесі дидактикалық принциптер қолданылады:
:: Ғылымилық;
:: Жүйелілік;
:: Теорияның практикасымен байланысты;
:: Оқушылардың қабілеті мен белсенділігі.
:: Көрнекілік;
:: Оқушылардың білімін берік қалыптастыру;
:: Түсіндіру;
Осы принциптер арқылы мектепте кез - келген пәндерді оқытуға болады.Осы принциптердің барлығы оқытуда өзара тығыз байланысты.Оқытуда сызуда қолданылатын әрбір принциптің ең негізгі жақтарын қарастырамыз.
Оқытудың ғылыми принципі. Оқытудың ғылыми принципі оқушылардың (сызуға)қабілетін сызуға, ғылыми әдіске, планиметрияға, және де сызба геометрияға негіздегенде ғана толықтырылады.Сызуды оқытудағы басты роль пәнаралық байланысқа жатады. Геометрияны қалыптастыруда геометриялық, проекциялық және техникалық сызуды оқытқан жөн. Сызу пәнін оқытуда геометрияның практикалық мысалдарын келтіре кеткен жөн. Оқытудың ғылыми принципі бірінші осыны қажет етеді.
Жүйелілік принципі. Жүйелілік принципін оқытуда, сызуды жүйелік пән ретінде жүргізіп, оның құрлысын және ішкі логикасын түсіндіру керек, сонымен қатар оқушылардың жүйелік білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру керек. Графикалық білімді қалыптастыру жүйелілігі оқушылардың қабілеттілігін және де білім күшінің біртіндеп дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылар техникалық бөлшектерді жүйелі түрде түсінуі қажет, өйткені бөлшек (зат) элементтері оларға тұтастық бөліктері ретінде қабылдануы керек. Оқушыларды әрбір заттарды оның геометриялық формасын мүшелей білуге үйрету, әрине егерде дене күрделі болған жағдайда .
Теория мен практиканың байланыс принципі.
Теория мен практиканың байланысы сызу теориясы сабағының өмірмен, еңбекпен, практикамен тығыз байланысында көрінеді. Практикалық тапсырманы шешуде білімді қолдана білу білім сапасын арттырады. Бұл принцип политехникалық мектепте үлкен мағынаға ие.
Теория мен практиканың ерекшелігі оқытуда оқу пәнінен көрініс табады. Мысалы, теория мен практика байланысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сызуды оқыту әдістерінің түрлері
Бөлшектердің сызбасын орындаудың тәжірибелік жұмыстары
Сызуды оқыту әдістемесі
Қазіргі кезеңдегі жалпы орта білім беретін мектепте сызуды оқытудың мақсаттары мен міндеттері
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН. Бизнесті бағалау
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі. Сабақтың мазмұны
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі
Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі
Сабақта оқытуды қамтамасыз ететін оқыту әдістерін қолдану
Графика және жобалау пәнінің мектеп бағдарламасындағы орны
Пәндер