Сызуды оқыту әдістерінің түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: « Графика және жобалау (сызу) пәнінен әр тоқсан соңында өткізілетін сызба диктанттары және олардың танымдық маңызы »

Орындаған: «Бейнелеу өнері және сызу» мамаңдығының

ИИЧ - 31 тобының студенті Абилов С. Г.

Тексерген: «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының

аға оқытушы Молдашева Б. А.

Орал-2019

Мазмұны:
Мазмұны:: Кіріспе . . .
3
Мазмұны:: I. Сызу пәнін оқыту әдістемесі және оның қалыптасуы
Мазмұны:: 1. 1. Графика және жобалау пәнінің өзге ғылымдармен байланысы . . .
5
Мазмұны:: 1. 2 . Сызуды оқытудың тарихи мазмұны . . .
11
Мазмұны:: II. Пәнді оқытудағы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру
Мазмұны:: 2. 1. Оқушылардың білімі мен қабілетін бағалау жүйесі . . .
14
Мазмұны:: 2. 3. Тоқсандық сызба диктанттары және олардың маңызы . . .
20
Мазмұны:: Қорытынды . . .
24
Мазмұны:: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
25
Мазмұны:: Қосымшалар . . .
27

Кіріспе

Курстық жұмыс мақсаты : Графика және жобалау пәнінен сызба диктанттарының танымдық маңызын мысалдар келтіру арқылы ашу және оқушылардың сызу сабағындағы танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру әдістерін айқындау.

Зерттеу нысаны - дамушы бағытта орта мектеп оқушылары арасында графика және жобалау пәнінен өткізілетін сызба диктанттарының мысалдары және олардың оқушыларға әсері, танымдық маңызы.

Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді. [1] Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.

Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс - әрекетті ұйымдастырып, оқушының шығармашылығын арттырады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.

Осыған байланысты Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтардың жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан тұрады:

  • Оқу мақсаттарының қойылуы.
  • Оны шешу жолын бірлесе қарастыруы.
  • Шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі. [10]

Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.

Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.

Ал, «таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі».

Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. [5]

Бүгінгі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі - талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек. Мысалы, сызу пәні барысында түрлі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтап, сонымен қатар тоқсандық сызба диктанттарының нәтижесі бойынша талдаулар жүргізіп, сол арқылы олардың бойында танымдық әдеттерді қалыптастыруға бет бұруы керек.

Жас ұрпақтың білім алуының бірден-бір шарты - мұғалімнің жаңашыл болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық әдіс-тәсілдерін, педагогикалық білімдерін жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың міндеті болуы керек.

I. Сызу пәнін оқыту әдістемесі және оның қалыптасуы

  1. Графика және жобалау пәнінің өзге ғылымдармен байланысы

Әдістеме-қандай да бір жұмысты тиімді жүргізу әдістерінің, тәсілдерінің жиынтығы. Сонымен қатар-бұл белгілі бір пәнге оқыту заңдылықтарын зерттейтін педагогикалық ғылымның бөлімі.

Сызуды оқыту әдістемесінің міндеттері:

1. Сызуды зерттеудің нақты мақсаттарының анықтамасы, оның оқу пәні ретіндегі танымдық және тәрбиелік мәні.

2. Оқытудың мазмұны мен құрылымын анықтау.

3. Оқушылардың білім, білік дағдыларын берік меңгеруін қамтамасыз ететін оқытудың ең ұтымды әдістері, құралдары мен формаларын жасау.

4. Оқушылардың оқу процесін зерттеуі. [4]

Демек, сызуды оқыту әдісі - бұл мектеп оқушыларының сызу сызудағы міндеттерін, мазмұнын және оқыту әдістерін, графикалық жұмыстарды орындаудың ұтымды әдістерін зерттейтін, тиімді ұйымдастырудың формалары мен құралдарын анықтайтын педагогика ғылымының саласы және де сызу процесінде студенттерді оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттары мен міндеттеріне негізделген оқу процесі.

Графика және жобалау курсын оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы. Ол сызуды оқыту мақсаттарына сай Графика және жобалау курсын оқытудың дидактикалық мәселелерін зерттейді. Әдістеме терминінің төркіні «методика», «метод», «әдіс», «жол» деген грек сөзінен шыққан. Курсты оқыту әдістемесін басқаша «сызу педагогикасы», «сызу дидактикасы» деп те атайды. [11] Бұлардың мағынасы бір біріне өте жақын, сондықтанда оларды біз бір мағынада қолданамыз. Графика және жобалау курсын оқыту әдістемесі ең алдымен мектептегі сызу пәнімен тікелей байланысты дамиды. Сызуды оқыту әдістемесі бір қырынан алып қарағанда педагогика ғылымының бір саласы болса, екінші бір қырынан қарағанда болашақ сызу пәнінің мұғалімдерін педагогикалық қызметке әдістемелік тұрғыдан дайындайтын оқу пәні ретінде танылады.

Мектептегі сызу пәнінің білімдері мен дағдылары молайып, мазмұны тереңдеп, ауқымы кеңейген сайын, оны үйретудің мәселелері де өзгеріп, күрделене береді, осыған сай жаңа тәсілдер пайда болып отырады. Жаңадан қосылған тәсілдер жинақтала келе жаңа әдістеме құралады. Сызуды оқыту әдістемесі сызуды оқытудың бірнеше әдістерінен құралады. Сызуды оқыту әдістері сызуды оқытудың бірнеше тәсілдерін біріктіреді. Сызуды оқыту әдістемесі сызуды оқытудың дәстүрлі әдістемесі және сызудың жаңа оқыту әдістемесі болып бөлінеді. Сызуды оқытудың дәстүрлі әдістемесі бұрыннан қолданыста келе жатқан сызуды оқыту әдістерінен құралатын болса, сызудың оқытудың жаңа әдістемесі оқыту проблемаларын шешудің жаңадан ендірілген әдіс тәсілдерінен құралады.

Оқыту әдістемелеріне ғылыми тұрғыдан анықтама беретін болсақ:

Графика және жобалау әдістері - бұл жалпы білім берудің, тәрбиелеудің мақсаты мен талабына сәйкес графикалық сауаттылықтың мазмұны мен әдістерін анықтайтын педагогика ғылымдарының бір саласы. Сонымен бірге сызу әдістері графикалық жұмыстар орындаудағы формаларды талдауда және оқу процесін тиімді ұйымдастыруда үнемді тәсілдерді қолдану әдістерін зерттейді. [21]

Сонымен қатар сызу пәнін оқыту процесінде оқушының өзіндік еркін шығармашылығын дамытуды кеңінен қамту керек. Бірақ әрбір оқытушы өзінің педагогикалық қолтаңбасына, темпераментіне, эрудициясына, шеберлігіне және өзіндік мінез-құлқына сәйкес өз тәжрибесінде басқа да әртүрлі әдістермен бірге өзге тәсілдерді қолдануы да мүмкін. Әрбір тәжірибелі оқытушы әрдайым оқулықтан оқып білгенін сын көзбен қарап, өзінің кәсіби тәжірибесімен салыстыра отырып, нақты жағдайына бейімдегеннен кейін ғана ол кітапты қалай қолдануға болатынын ойлана отырып, шешім қабылдайды.

Аталған мақсатты орындаудағы негізделген талаптар төмендегідей:

- Графика және жобалау пәнін оқытудағы тәжірибелі мұғалімдердің қолданып жүрген тиімді әдістері;

- оқушылардың ойлану қабілетін және кеңістіктегі нәрсені көз алдына елестете білуіне талаптандыратын әдістер мен құралдар;

- аксонометриялық проекция негіздеріне сәйкес орындалған эскиздер мен көрнекі кескіндерін бейнелеу әдістері мен құралдары;

- практика жүзінде сызбаларды оқи да, орындай да білуіне мүмкіндік жасауды қамтитын әдістер мен құралдар; [12]

Дидактикалық принциптер өзара бір-бірімен тығыз байланысып, біртұтас жүйе құрайды. Көрнекілік құралдарын шебер пайдалану оқытудың түсініктілігін арттырады. Сызуды оқытуда жүйелілік пен реттілік принциптерін қатаң сақтау сызуды оқытуды біртіндеп қиындату принципіне ұштасады, ал ол түсініктілік принципін жемісті түрде жүзеге асыруға мүмкүндік береді. Сызу сабағының құрылымы күрделі және ол бірнеше құрамдаушылардан тұрады. Мектептегі сызу сабығына белгілі дәрежеде талаптар қойылады.

Сабақты ұйымдастыру анықтығын, сабақтың басты мақсаты болып табылатын дидактикалық мақсатының орындалуы, сабақта оқушылардың білім алуын қамтамасыз ететін оқыту әдістерін қолдану, сабақтың анық және ұйымшылдықпен өтуіне жағдай жасайды. [3] Сабақтың анықтығы мұғалім сабақ материалдарын, сыныптағы әрбір шәкірттің күшті, әлсіз жақтарын, әрбір кезекті мәселенің әдістемесін, оны оқытудың барлық әдістерін және құралдарын жетік білу нәтижесімен айқындалады.

Сызуды оқытуды тиімді технологияның негізгі - ол жобалау технологиясы.

Графика және жобалау курсын оқыту технологиясын жобалау дегеніміз пәннің мазмұнын, оқыту процесін ұйымдастырудың формаларын, әдістері мен кұралдарын таңдау, проектілеу болып табылады.

Графика және жобалау курсын оқыту технологиясының мазмұны - оқу мәліметтерінің құрлымы мен мазмұны, оқушыларға оқу мен кәсіптік дағдыларды қалыптастыруға арналған, кәсіптік қызметтің алғашқы тәжірибесінің жинақталуы ретінде қарастырылады. Бұл жерде оқушылардың сызу бойынша білімі, іскерліктері мен дағдыларын меңгеруге, олардың көлемді катынасы, ауысып келіп отыруы, алынған білімді пысықтауға арналған бакылау формасы, оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары басты роль атқарады. [6]

Сызуды оқыту әдістері екі түрге бөлінеді :

1) алғашқы білімді меңгеруге бағытталған;

2) білімді арттыруға және іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге бағытталған.

Сызудан алғашқы білімдерді меңгертуге бағытталған оқыту әдістері мәліметтік-дамытушылық және проблемалық-ізденістік болып екіге бөлінеді.

Ал білімді арттыру және іскерліктер мен дағдыны меңгеруге бағытталған оқыту әдістері қайта жаңғырту (репродуктивті) және шығармашылық- жасаушылық (шығармашылык-рекродуктивтік) әдістерге бөлініп қарастырылады. Кесте № 1.

Мәліметтерді өз бетінше меңгеру әдістері
№: 1
Мәліметтерді өз бетінше меңгеру әдістері: әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеу;
№: 2
Мәліметтерді өз бетінше меңгеру әдістері: оқыту бағдарламасы бойынша жұмыс істеу (оқу) ;
№: 3
Мәліметтерді өз бетінше меңгеру әдістері: өз бетінше информациялық база мәліметтерін пайдалану (ақпараттық технологияны қолдану) .
Проблемалық-ізденістік әдістер
№: 1
Проблемалық-ізденістік әдістер: оқу материалдарын проблемалық сұрақтар бойынша орналастыру (эвристикалық әңгіме) әдістері;
№: 2
Проблемалық-ізденістік әдістер: оқулық дискуссия;
№: 3
Проблемалық-ізденістік әдістер: графикалық ізденіс жасату әдістері (оқу материалдарын меңгеру мақсатында) ;
№: 4
Проблемалық-ізденістік әдістер: шағын топтармен ұжымдық ой әрекетін ұйымдастыру;
№: 5
Проблемалық-ізденістік әдістер: ұйымдастырушылық-қызметтік ойын;
№: 6
Проблемалық-ізденістік әдістер: зерттеушілік жұмыс жүргізу.

Кесте № 1. Сызуды оқыту әдістерінің түрлері

Сызуды оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның дербес саласы ретінде ресімделген. 1965 жылы шыққан И. Дембинский және В. И. Кузьменконың "Орта мектепте сызу пәнін оқыту әдістемесі" жұмысы сызу әдістемесін қалыптастыру үшін үлкен маңызға ие болды. [22] Жұмыста оқыту жүйесі мен әдістеріндегі кемшіліктерге талдау жасалды, оқушылардың сызу курсының материалын меңгерудегі формализм мәні ашылды, оқушылардың графикалық дайындығының сапасын жақсартудың кейбір жолдары көрсетілді, бағдарламаландырылған оқытудың тәжірибелік құндылығы және оқытудың техникалық құралдарын пайдалану негізделді.

1966 жылы а. Д. Ботвинниковтың басқаруы бойынша "Сызу оқыту әдістемесінің негіздері" атты іргелі еңбек құрылды. Алғашқы рет авторлар оқушылардың графикалық дайындығын жақсартудың тиімді жолдары мен әдістерін әзірлеу бойынша ұсыныстар кешенін беруге, психологиялық зерттеулер негізінде "білім", "білік", "дағды" сияқты ұғымдарды, сондай-ақ сызу пәнін оқытуда политехникалық білім мен біліктерді қалыптастырудың мәнін ашуға тырысты.

Сызу әдістемесінің дамуы мен қалыптасуына В. Н. Виноградовтың "Сызу бойынша сыныптан тыс жұмыс", "Сызу бойынша факультативтік сабақтар" және т. б. жұмыстары елеулі үлес қосты. [23]

Сызу әдістемесін жетілдірумен көркем-графикалық және индустриалдық-педагогикалық факультеттерде, сондай-ақ педагогикалық училищелерде даярланатын білікті мұғалімдер айналысады. Сызу курсы оқу орындарының кең желісінде 50-жылдардың аяғында - 60-жылдардың басында ашылды. [14]

Таным процесін ұйымдастырудың басқа жолы болуы мүмкін - дедуктивтік, яғни оқушылар алдымен ұғымның жалпы сипаттамасымен танысып, содан кейін ол нақтыланады. Дедуктивтік жолмен оқушылардың санасында "сызба", "аксонометриялық проекциялар", "өлшемдерді салу, қималарды орындау ережелері" және т. б. ұғымдар қалыптасады.

Сызу әдістемесінің басқа ғылыммен байланысы ерекше маңызға ие, ол "сызу" оқу пәні үшін негіз болып табылады, атап айтып өтсек, сызба геометриясы. Мектеп курсында оның негізгі ережелерінің бір бөлігі ғана көрсетілген. Бұл, мысалы, орталық және параллель проекциялаудың теориялық негіздерін, проекциялардың бірнеше жазықтығына тікбұрышты проекциялаудың, аксонометриялық бейнелерді алудың мәнін білу.

Оқыту әдістемесі ғылымның даму перспективаларын ескеруі, сызу курсының мазмұнын құрайтын және қоғамның даму талаптарына жауап беретін мәліметтерді іріктеп алуы тиіс. Оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысын қарастыра отырып, логикаға назар аудару қажет. Оның заңдары негізінде әдістемеде ұғымдардың анықтамаларына, ережелерді қалыптастыруға қатысты ұсыныстар әзірленеді. [24] Әдістеменің ғылым ретінде дамуы ғылыми фактілерді логикалық пайымдаусыз, гипотезаларды құрусыз, басқа логикалық категорияларды игерусіз мүмкін емес. Сызу әдістемесі басқа оқу пәндерінің әдістемелерімен байланысты. Өйткені оқушылардың графикалық білімі мен іскерлігінің элементтерін қалыптастыру процесі математика, физика, география, химия және басқа да пәндерді оқыту кезінде қарастырылады.

Сызуды оқыту әдістемесі мектептегі оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің ортақтығына байланысты ғана емес, сонымен қатар оқыту принциптерінің, әдістерінің, нысандары мен құралдарының ортақтығына байланысты да басқа ғылымдармен тығыз байланысты болып отыр.

Графикалық жұмыстарды тексеру әдістері

Мұғалімнің жұмысының ең маңызды процесі - ол графикалық жұмыстарды тексеру. Бұл көп көңіл бөлуді, үлкен күшті және сауаттылықты керек етеді. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың графикалық жұмыстарын қалай орындап отырғанын қадағалап, жіберген қателерін ескертіп, оны жөндеу жолдарын көрсетеді. Бұл тұрғыда әрбір жұмысқа мән бере отырып, бағыт беруі керек. Мұғалімге сызбаларды толық, әрі тездетіп тексеріп шығу үшін, жүйелі түрде тексеруге дағдылану керек.

Қорытынды тексеру мұғалімнің жұмыс орнында, болмаса сабақтан бос уақытта тексеріліп бағаланады. Оқушы еңбегін бағалай білуі керек, мүмкін болса ол жұмысты қайтадан сыздыруға жеткізбей, сол пішіндегі сызбаның қателерін дұрыстауға жағдай жасаған дұрыс. Сызбаны, эскизді орындап болған оқушыларға өз қателерін өздеріне тауып, жөндеуді ұсынып көруге де болады. Оқушы өзіндік белсенді ойлану ісінің нәтижесін асыруға шамасы келгенде барып оны дұрыс қабылдай алады. [13] Сондай ақ олардың өзіндік ойлану белсенделегін арттыру мақсатында, кейбір уақытта оларға өздерінің жіберген қателерін, өздері дқрыстауға мүмкіндік беруге болады. Оқушылардың сызбаларын тексеруде осындай жүйелі тексеру жұмыстары олардың графикалық жұмыс орындаудағы ынтасын жақсартуға үлкен септігін тигізеді. Оқушылардың жұмыстарын екінші рет тексеру, мұғалімнің оларға берген кеңесінің қалай орындағанын тексеруге мүмкіндік береді.

Қорытындылай айтқанда, сызу пәнін оқыту барысында оқушыларға графикалық білім беру, тәрбиелеу және олардың дүниетанымын қалыптастырудың нәтижелері, оқу-тәрбие және жеке тұлғаны дамыту мақсатын көздейтін іс-әрекеттерді жобалауға яғни, сызуды оқытудың педагогикалық технологиясын дұрыс таңдау немесе оны дұрыс жасаумен тығыз байланысты. Сызуды оқытудың педагогикалық технологиясы дегеніміз - сызу пәнін оқытуды диагностикалау, жоспарлау, ұйымдастыру, ұйымдастырылған іс-әрекетті талдау бағыттарын жобалау, оны өткізу және өткізілгенді сараптау іс-шараларымен сипатталатын педагогикалық қызмет болып табылады.

  1. Сызуды оқытудың тарихи мазмұны

Жазықтықта нысандарды бейнелеу туралы ғылымның пайда болуы мен даму тарихы алыс өткеннен бастау алады. Қағаз бен қарындашты әлі білмейтін адам көмір, бор немесе түрлі-түсті заттар көмегімен тұрғын үйлердің қабырғаларында қоршаған табиғаттан заттарды суреттеген. Көбіне жануарлар мен құстардың суреттері болды, аң аулау адам үшін тіршілік көзі болды. Мұндай кескіндер барлық дерлік құрлықтарда кездеседі. [15]

Құрылыс ісі мен техниканың дамуымен адамдарға кеңістіктік заттарды бейнелеудің осы заттардың нақты өлшемдерін тез және дәл беруге, олардың ерекшеліктері мен өзара орналасуын көрсетуге мүмкіндік беретін тәсілдері қажет болды.

Кеңістіктегі денелердің бейнесі туралы арнайы ғылым әлі пайда болған жоқ, ал сызудың жекелеген тәсілдері мен қарапайым ережелері техниканың әр түрлі салаларында кең қолданыс тапты. Бұл тәсілдерді біз Кулибин мен Ползуновтың атақты орыс механиктерінің сызбаларында, Петр I дәуірінің кеме құрылыс сызбаларында және басқа да орыс және шетелдік техникалардың жұмыстарында табамыз.

1795 жылы француз геометриясы Гаспар Монж бірінші рет жүйелендірді және жазықтықтағы заттарды бейнелеудің геометриялық тәсілдерін зерттейтін ғылым ретінде сызба геометриясының әдістерін баяндады. Осы уақыттан бастап сызба инженерлердің, құрылысшылардың, Сәулетшілердің халықаралық тіліне айналды.

Сызуды жүйелі түрде оқыту XVIII ғасырда басталды. Сызу тау-кен өндіру мектептерінде, сондай-ақ гимназияларда оқытылды. Оқу пәні ретінде сызу "Геометрия"сыныбында оқыды. Бұл пәнмен әскери сәулет және география сабақтарында де таныс болды. 1786 жылы жалпы мемлекеттік халықтық білім беру жүйесі құрылды. Басты халықтық училищелер бекітілді. Оқыту сыныптық-оқу жүйесі бойынша жүргізілді. Негізгі мәліметтер мен сызу дағдыларын оқушылар геометрия сабақтарында алды. Жалпы алғанда бұл мектептерде сызуды зерттеуге 60 сағат бөлінген болатын. [27]

Петр I дәуірінде тау-кен зауыт мектептерінде сызуды оқыту саласында алғашқы қадамдар жасалды. Мұндай алғашқы мектеп 1721-да Екатеринбургте (Свердловск) ашылды. Оның пайда болуы Орал мен Сібірдің бай табиғи ресурстарындағы өндірісті дамыту үшін қолайлы жағдайларға байланысты болды.

Тау-кен өндіру мектептерінде сызу негізгі пәндердің бірі болып саналды. Оқушылар машина бөлшектерін, цех жоспарларын сызумен айналысты. Оларды сызықтық немесе көлденең масштабы бойынша анықтады, өлшемдердің бір бөлігі сызбаға ұсынылған сипаттамаларда берілді. [25]

1802 жылы Ресейде Білім министрлігі құрылды.

Сол кезде бекітілген жарғыға сәйкес бірыңғай білім беру жүйесі анықталды. Гимназияның бағдарламасында «геометриялық тұрғыдан мүсінделген немесе суретке түсірілген фигуралар мен денелерден сурет салу . . . » зерттелуі керек еді.

Осылайша, Ресейдегі орта мектептерде сурет салу сабақтары іс жүзінде сол кезде қабылданған жарғыға сәйкес 1828 жылы енгізілген.

Сызба геометрия және сызу бойынша бірқатар ғылыми еңбектер мен оқу курстарының, атап айтқанда В. И. Курдюмовтың (1853-1904) және Н. А. Рыниннің (1877-1942) курстарының басылуы сурет салуды оқыту әдістемесін жетілдіруге және оның мазмұнын байытуға көмектесті.

XVIII ғ. сызу гимназияларда да оқытылды. Бұл кезеңде Ресейде, Петербургте (1725 ж. ), Мәскеуде (1755 ж. ), Қазанда (1758 ж. ) гимназиясы ашылды. Гимназияларда сызу геометрия курсында оқытылды. Оқушылар сызу құралдарымен және оларды қолдануымен танысты. [16] География сабағында масштабтарды сақтай отырып, жоспарлар мен карталар орындады. Геометрияны зерттеу кезінде алынған сызу бойынша білімдер мен дағдылар негізі қорғаныс бекіністерінің жоспарларын сызу кезінде қолданылды. Оқытуда механикалық оқытуға және сызбаларды көшіруге негізделген әдістер басым болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлшектердің сызбасын орындаудың тәжірибелік жұмыстары
Сабақта оқытуды қамтамасыз ететін оқыту әдістерін қолдану
Сызуды оқыту әдістемесі
Сызуды оқыту әдістемесінің жүйесі
Қазіргі кезеңдегі жалпы орта білім беретін мектепте сызуды оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Оқушылардың графикалық білімін, дағдысын қалыптастырудағы психология шеберлігі
Графика және жобалау пәнінің мектеп бағдарламасындағы орны
Графика және жобалау пәнінің маңызы
Көрнекілік әдістер
Сызу және жобалау графикасы пәндерін оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz