Графика және жобалау пәнінің мектеп бағдарламасындағы орны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектептердегі графика және жобалау (сызу) курсына қойылатын талаптар, мазмұны мен құрылымы

Орындаған: Бейнелеу өнері және сызу мамаңдығының
ИИЧ - 31 тобының студенті Абилов С.Г.
Тексерген: Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының
аға оқытушы Молдашева Б.А.

Орал-2019
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
I. Графика және жобалау пәнінің мектеп бағдарламасындағы орны

1.1. Графика және жобалау туралы жалпы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1.2. Сызу курсы - техникалық ақпараттарды таратудағы ең ұтымды құрал...
9
II. Сызу курсына қойылатын талаптар, мазмұны мен құрылымы

2.1. Графика және жобалау курсының маңызы мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ..
13
2.2. Графика және жобалау пәнін оқыту үдерісіндегі белсенді оқу әдістері ...
22
2.3. Сызу пәнін оқытуда қолданатын сабақтардың құрылымы ... ... ... ... ... ... .
29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
31
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
32
Қосымшалар

Кіріспе
Әлем елдері қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білімнің қажеттілігін алғашқы орынға қоя бастады. Еліміздегі техникалық даму әрбір адамның жоғарғы деңгейде графикалық сауаттылығымен, мәдениеттілігімен тығыз байланысты. Өндірісті механикаландыру, автоматтандыру және олармен жұмыс істеу үшін адамдардың техникалық сауаттылығын керек етеді. Ал техникалық сауаттылық сол адамдардың сызбаларды еркін оқи да,оларды орындай да білуі екенін ескеру керек. Заман талабына сәйкес бұрынғы сызу пәнін оқыту бағдарламасына кейбір өзгерістер енгізіліп, негізінен техникалық сызбаларға көбірек көңіл бөлінген.
Ғылым мен техниканың дамуына сәйкес колледж студенттерінің немесе мектеп оқушыларының графикалық дайындығын жақсартудың керектігі, бұл - өмір талабы. Осыған байланысты оқу пәндерінің системасында сызу пәнінің алатын орны анықталып, ол өз орнын табу керек.
Неғұрлым осы пәнді оқыту әдістемелерін жетілдіріп, оны өмірге дұрыс пайдалана білсек, соғұрлым адамзат тіршілігінін барлық саласында қолданылатын сызбаларды оқушыларымыз оқи да, орындай да алар еді.
Қазіргі заманауи ғылыммен, техника мен өнердің орны бөлек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық технологияның және компьютерлік графиканың құралдарының дамуы, пішін жасаумен нысандарды үлгілеудің жаңа әдістерін меңгеру және ақпараттарды беру әдістерімен байланысты болғандықтан ғылым да, техника да және өндірістің әртүрлі саласында кеңінен қолданылып жатыр.
Қоғамның технологиядан жаңа ақпараттық жүйеге ауысуы мектептегі Сызу оқулығын дайындау мен оқушының жалпы графикалық білімінің мазмұнын іріктеу мен анықтауда жана көзқарасты талап етіп жатыр. Графика сөзінің мағынасы ауқымды, сөздік бойынша графика визуальдық ақпараттарды тіркеу құрамы мағынасында қолданса, профессор М.М.Хасеновтың Графика және жобалау оқу бағдарламасын айқара аша отырып, графика ұғымының нағыз терең мағынасын түсінуге болады. Яғни заманауи ақпарат құралдарының дамуына байланысты, дәстүрлі әдіс-тәсілдердің жоққа бойлап бара жатқанын сезе отырсақ та, жалпы білім беретін мектептерде Сызу пәнінің жылдар өте кисық көзқарасқа ие болып бара жатқаны жанға батарлық әрекет.
Сызба дегеніміз нәрсенің немсе ол жасалатын, бақыланатын орнатылатын және жөнделетін бөліктерің графикалық кескінін қамтитын құжат. Сызбаларды дайындау және олардың мазмұны қоғамның дамуына байланысты өзгерістерге ұшырап отырған. Әр алуан нәрселердің кескіні - суреттер, адамдардың қарым - қатынас құралы ретінде жазу ойлап тапқанға дейін пайда болды.
Сонау ерте замандара адамар жер бетіне , тастарға жабайы аңдардың , болашақ құрылыстардың суреттерін, аң аулауға шығатын жолдарды бейнелеген. Сызбалар туралы алғашқы мәліметтер ХІІ ғасырдың орта кезінен бастап кездесе бастайды. Алғашқы да сызбалар кө мөлшерімен қолменен салынған. Мұндай сыбаларда әрине , өлшемер көрсетілмеді, сондықтан да олар арқылы кескінделген нәрсе туралы тек жуықтап қана түсінік алуға болады. Бұл сызбалар үшін сөзбен тұжырымдалған түсініктемелер қажет болды, сондықтан оларға әртүрлі жазбалар келтірілді.
Тұрғын үйлерді , бекіністерді және басқада нысандарды малу барысында план деп аталатын алғашқы сызбалар пайда болды.Бұл сызбалар әдетте ,табиғи жағдайда тікелей жер бетінде , болашақ қрылыстың орнындаорындалды. Кейінірек осындай план сызбаларды пергаментке, ағашқа және кенепке кішірейтілген түрде сызу орын ала бастады.
Нәрселерді міндетті түрде масштабты сызбаларда кескіндеу де жүзеге аса бастады. Кеме жасау ісінің тез дамуына байланысты мейлінше дәл және қатаң масштаб сақталған сызбалар қажет болды. Мұнда енді сызбада үш өлшемді кескін салу қолданылды, оның көмегімен кеменің үш өлшемін ұзындығы , ені, биіктігін көрсету мүмкін болды.
Графикалық мәдениетті және функционалдың графикалық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері мектептік білімде жүргізіледі және бұл оқушылардың практикалық және шығармашылық іс-әрекеттерінің сәттілігі болып табылады.
Бүгінгі таңда бейнелеу және сызу пәні бойынша бұрынғы оқығандарын жаңаша түрде оқыту, дәлірек айтқанда графика және жобалауды жаңаша үйретуге нақты себептер туындауда.
Осыған байланысты Графика және жобалау жаңа пәні еңгізіліп,онда ой графика және жобалау терминдік ресурстары оқудың өзегі болып тұйықталады. Оқушылар компьютерлік бағдарламаны меңгеру арқылы, бар нысандарды жобалап қана коймай,олар жобалық-конструкторлық қызметтерді де атқара алатын болады.
Курстық жұмысымның мақсаты сызу пәнінің даму тарихымен таныстыру, пән мазмұны мен міндеттері жайлы түсінік беру, оқушының графикалық дүниетанымын дамыту, кеңейту, теориялық білімділікке, техникалық сауаттылыққа және саналы азаматтылыққа баулу.

I. Графика және жобалау пәнінің мектеп бағдарламасындағы орны
1.1. Графика және жобалау пәні туралы жалпы мағлұмат
Графика - бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho - жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады.
Бейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпен тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға (гравюра) немесе тасқа (литография) бедерленіп, қағазға содан басылады, кейде баспалық-механикалық әдіс арқылы көбейтіледі. Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға ыңғайлылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында (плакаттар, пошта маркалары, экслибристер, газет-журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура, шарж, жалпы нобай, композициялық эскиздер салу үшін, т.б. заттарды көркемдеуде кеңінен пайдаланылады. (Сурет№1.)

Сурет№1.Эскиздер

Графиканың көп ғасырлық тарихы бар. Батыс Еуропаның Леонардо до Винчи, Микеланджело, Рембрандт, орыс халқының Орест Кипренский, Карл Брюллов, Василий Перов, Илья Репин сынды суретшілері өздерінің графикалық туындылары арқылы әлемдік бейнелеу өнері қорын байытты. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т.б. жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 - 50 жылдары аралығында қалыптасты.
Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. 19 ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке -- қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т.б. жатқызады.
Бұл ұғым суретшілер іс-әрекетінің өте кең және сан алуан шеңберін қамтиды. Живописьтен ерекшелігі сол, графикамен біз барлық жерде кездесеміз. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар - осының бәрі графика неғұрлым шартты, ол түстер мен формалардың бүкіл байлығын бере алмайды, графика оларды жеңілдете отырып, ең негізгісін таңдап алады.
Графика өнерінің живописьпен кейбір белгілері ортақ: онда да жазықтық үстінде бейнелеу орын алады.
График, живописьші сияқты, перспективаны меңгеруге, анатомияны білуге, сурет сала білуге тиіс. Бірақ егер живописьте түс және ол жасаған колорит бірінші орында тұрса, ал сурет қажетті, бірақ әйтсе де көмекші роль атқарса, графикада суреттің рөлі шешуші, мұнда ол өнердің дербес түріне айналады.
Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қара қоңыр дақтардың ара қатынасы жетекші маңызға ие болады. Рас, графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады, бірақ оның рөлі, әдетте, шектеулі, қызметтік дәрежеде ғана болып қалады.
Ең сараң графика - заттардың тек нобайы ғана беретін сызықтық сурет бірақ мұндай сараң сурет те көп нәрсені - адамның типін, характерін, қимылын бере алады. Суретшінің көзбен дәл өлшеуі, мінсіз талғамы және сенімді қолдары сызықтарға болмашы ауытқулар бере отырып, оны аздап жіңішкерте немесе жуандата отырып, оған түрлі характер береді. Форманы пішіндеуге, жарық пен көлеңкені және бір жағынан заттың фактурасын беруге қабілетті штрихтық суреттің мүмкіндіктері үлкен.
Графикаға гравюралардың барлық түрлеріне жатады, суреттерден айырмашылығы сол, оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар сондай-ақ ақ-қара және түрлі-түсті болады. Түрлі-түсті гравюралар бірнеше тақталардан басылады. Гравюралардан басқа, графика өнерінің тағы бір түрі - литография да көбейеді. Бұл - бетіне тікелей сурет салынған ерекше жалпақ тастан басып шығару. Литография ақ-қара және түрлі-түсті болады.
Графикалық өнердің ең көп тараған түрі - плакат. Оның түрлері аз емес, бірақ олардың ішіндегі ең бастысы - қоғамдық өмірде елеулі роль атқаратын саяси, үгіт плакаты. Плакаттың аса маңызды ерекшелігі суреттің қысқаша жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігуі болып табылады.
Сатиралық графика- карикатура да бүгінгі өмірде айтарлықтай рөл атқарады. Олармен біз, газеттің немесе журналдың кезекті санын аша отырып, күн сайын ұшырасамыз. Графика үшін тұтас алғанда қолданылған түстің шарттылығы, образдың жалпылығы, әсірелеу мен символика тән.(Қосымша №1)
Графика өнерінде живопись пен скульптурамен салыстырғанда сыртқы ұқсастықтан едәуір ауытқушылыққа жол беріледі.
Жоба(лат. алға тастау)- белгілі бір құрылы, механизм, құрылғы, нысан, қызмет түрінің ойластырылған жоспары.
Жобалау - кәсіпорынды, үймеретті, ғимаратты салу немесе оларды жаңғырту үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемеден, сызбалардан, түсіндірме жазбалар мен басқа да материалдардан тұратын техникалық құжаттама (жоба) кешенін әзірлеу, жасалатын нысанның қолданылу саласына байланысты құжаттарды дайындау бойынша қызмет үдерісі..
Елді мекендерді, кәсіпорындарды, құрылыстарды, өндіріс орындарын, т.б. тұрғызу, салу (қайта құру) не жасау үшін пайдаланатын техникалық-экономикалық негіздеуді, есептеуді, сызбалар, модельдер, түсініктеме жазбалар, т.б. дайындауды қамтиды. Жобалау нысандарды бейнелеу түріне байланысты сызбалық жобалау және көлемдік жобалау болып ажыратылады.
Жобалау процесін жылдамдату үшін автоматтандырылған сызғыш құрылғылармен жабдықталған ЭЕМ-і бар автоматтандырылған жобалау жүйелері қолданылады.
Графика және жобалау пәні - кеңістіктік, қисындық, абстракциялық ойлауды, тұлғаның шығармашылық қабілеттерін, кеңістіктік қиялын политехникалық және графикалық сауаттылығын дамытатын, жобалау мен конструкциялау әрекеттерімен таныстыратын жалпы білім беретін пән ретінде емес, жалпы білім беретін мектептерде келешекте қолданысқа ие болса, сапалы білімнің саңлақтарын тәрбиелеуге бағытталған үлкен жоба.
Графика және жобалау оқу пәнінің мақсаты оқушыларды кескіндер теориясының негіздермен таныстыру және меңгерту, проекциялау және графикалык үлгілеу әдістерінің заңдылықтарын үйрету, жобалау, шығармашылық іс-әрекеттерін дамытуға ықпал ету және графикалык мәдениеттерін қалыптастыру.
Графика және жобалау пәні - кеңістіктік, қисындық, абстракциялық ойлауды, тұлғаның шығармашылық қабілеттерін, кеңістіктік қиялын политехникалық және графикалық сауаттылығын дамытатын, жобалау мен конструкциялау әрекеттерімен таныстыратын жалпы білім беретін пән ретінде емес, жалпы білім беретін мектептерде келешекте қолданысқа ие болса, сапалы білімнің саңлақтарын тәрбиелеуге бағытталған үлкен жоба.
Графика және жобалау оқу пәнінің мақсаты оқушыларды кескіндер теориясының негіздермен таныстыру және меңгерту, проекциялау және графикалык үлгілеу әдістерінің заңдылықтарын үйрету, жобалау, шығармашылық іс-әрекеттерін дамытуға ықпал ету және графикалык мәдениеттерін қалыптастыру.

Осы Графика және жобалау оқу пәні Өнер, Технология, Математика және информатика және Акпараттық технологиялар мен жүйелер сияқты төрт білім беру салаларының кейбір аспектілерін біріктіретін интеграцияланған курс болып табылады. Ол негізгі мектепте 6-10 сыныптарда (аптасына 5 сағат көлемінде, барлығы 170 сагат) игеріледі және оқушылардың графикалық мәдениетін дамыту мен жобалау (шығармашылық) қызметін ұйымдастыруға бағдарланған.
Графика және жобалау оқу пәні 12 жылдық мектептерде енгізілсе, оқушылардың графикалық дайындығының төменгі көрсеткіштерін шешуге пайдасын тигізеді:
1. мектептегі графикалық білім беру мазмұнының оқушылардың зияткерлік әлеуметінің даму деңгейіне сай келмеуі;
2. окушылардың графикалық мәдениетін қалыптастыру мен олардың жобалаушылық,шығармашылық қызметтерін ұйымдастыруға бағытталған жаңа оқу пәнін құрылымдаудың дидактикалық негіздемелерінің жоқтығы;
3. мектептегі графикалық дайындықтың оқушылардың жалпы зияткерлік
қабілеттерінің олардың жас ерекшеліктеріне қарай өзгеруін ескермей, онымен байланыссыз және кеш іске асырылуы;
4. Сызу оқу пәнін меңгеруге арналған сағаттар көлемінін 180 сағаттан 68 сағатка дейін қысқаруы;
5. жалпы орта білім беру аттестатына енгізілген пәндер тізбесінен Сызу оқу пәнінің шығып қалуы.
Ендігі кезекте Графика және жобалау пәнінің қазіргі уақыттағы техника шеңберінде жиі әрі тиімді пайдаланылып жүргеніне деректер келтіретін боламын.

1.2. Сызу курсы- техникалық ақпараттарды таратудағы ең ұтымды құрал
Қазіргі кезде, жаңа заманғы, жаңа аппаратуралар мен техниканың бөлшектерін сызбасыз жасау мүмкін емес. Еліміздегі техникалық даму әрбір адамның жоғарғы деңгейде графикалық сауаттылығымен, мәдениеттілігімен тығыз байланысты. Өндірісті механикаландыру, автоматтандыру және олармен жұмыс істеу үшін адамдардың техникалық сауаттылығын керек етеді. Ал техникалық сауаттылық сол адамдардың сызбаларды еркін оқи да,оларды орындай да білуі екенін ескеру керек. Заман талабына сәйкес бұрынғы сызу пәнін оқыту бағдарламасына кейбір өзгерістер енгізіліп, негізінен техникалық сызбаларға көбірек көңіл бөлінген.
Енді оқушылардың сызба құралдарын дұрыс пайдалана білуін қалыптастыру, техникалық сызбаларда геометриялық негіздерді игеру ғана емес, кейбір қарапайым заттардың сызбаларын оқи да, орындай да білуін мақсат етіп қою болып отыр. Ғылым мен техниканың дамуына сәйкес, орта мектеп оқушыларының графикалық дайындығын жақсартуды керектігі,бұл-өмір талабы.Осыған байланысты оқу пәндерінің системасында сызу пәнінің алатын орны анықталып, ол өз орнын табу керек.
Сонымен қатар сызба -- ұшақтар, кемелер, зымырандар, тракторлар, экскаваторлар және т.б. жасау үшін, кез келген ғимараттар, көпірлер, жолдар, соңдай-ақ су, газ, мұнай, электр энергиясын т.б. жеткізуге арналған әртүрлі желілер тұрғызу үшін қолданылатын негізгі құжат болып табылады. (Қосымша №2)
XIX ғасырдың басында-ақ француз ғалымы Гаспар Монждың Сызба -техника тілі деуі тегін емес.(сурет № 2)

Сурет № 2 ( Гаспар Монж, тікұшақ және ұшақ сызбалары)
Сызу - техника тілі болғандықтан, казіргі заманғы өндірістің негізгі, заңдылықтарын түсінуде аткаратын кызметі орасан зор. Күн сайын заводтарда әр түрлі бұйымдар, ұшақтар, тұрмыстық бұйымдар, т.б. нәрселер жасалып жатыр. Бұлардың бәрін сызбасыз жасап шығару мүмкін емес. Сызбалар бойынша машиналардың тетік бөлшектерін дайындап, дайын бөлшектерден күрделі машина механизмдерін құрастырады. Сызу техникада ғана керек емес. Біздің заманымызға сай кез келген мамандық иелерінің үнемі серігі болып табылады. Біз бұл құбылысқа көңіл бөле бермейміз. Тек қана, неге мұндай?, неге сондай?, неге қисық?, неге түзу? т.б. осындай сұрақтар туындағанда ғана, сол сұраққа жауап іздеп шытырман сызықтар, өлшемдерді қағаз бетіне қалай түсіргенімізді білмей қаламыз. Бұл - сызу. Демек, техниканың дамуының тілі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: "Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін -- білім"
Елбасының осы сөздерін негізге ала отырып сызу пәніне қажетті мәлімет келтірейін.
Бұрын ата-бабаларымыз өте өнерлі, дарынды болған. Қазақтың ағаш өңдеу өнерінде ағаш ұсталары керемет бұйымдар жасаған. Ұлттық ою-өрнегін бедерлеп асадал, ағаш төсек, кебеже-сандық, бесігін жасап қажетінше жиһаздарды пайдаланған. Жиһаз адам өміріндегі қажеттіліктің бірі болғандықтан қазіргі кезге дейін және үнемі қолданыста болады.
Бүгінгі күні елімізде жиһаз жасау өнері өкінішке орай төменгі деңгейде. Халық көздің жауын алар жиһаздарды шет елдерден әкелуде. Елімізде мұндай кәсіпке оқытатын және дамытатын жоғарғы оқу орындары жоқ. Егер де арнайы мамандар оқытылатын жоғарғы оқу орындары болса, сол оқу орындарына түсуге қызығатан дарынды оқушылар болар еді. Ал біз мұғалімдер мектеп қабырғасынан бастап оқушыларға бағыт-бағдар беріп оқытып, білімдерін дамытып еліміздің жаңа дамуына жол ашуына ықпал жасар едік.
Қазіргі таңда жиһаз жасау өндірісі жоғарғы деңгейде болмаса да тәй-тәй басып келе жатқан жеке кәсіп орындар бар. Ағаш өңдеу және жиһаз өндірісіне Үкіметіміз маңыз бере бастады. Үкіметтің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысына сәйкес бұл сала Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасы бойынша экономиканың басымдық берілетін секторлар тізбесіне енді.
Мемлекеттің өзі жиһазшыларға мойын бұрып, қолдау көрсетіп отырған жағдайда жиһаз өндірісі өрге тартып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұған қоса сыртқа кетіп жатқан қаржы-қаражат мемлекет ішінде қалады. Облыс аумағында жаңа үйлер сап түзеп, білім ордалары, ауруханалары салына бастады. Міне, осы нысандардың барлығына да жаңа жиһаз қажеттігі сөзсіз.
Жиһаз жасау саласындағы кәсіпкерлердің өндірісін өркендетуге бұл қаулы жақсы әсер етіп отыр. Осының нәтижесінде елімізде жиһаз өндіру көлемі біртіндеп артуда. Өндіріс құрал-жабдықтармен және қажетті станоктармен қамтылса да жиһаз жасау өнеркәсібінің жоғарғы деңгейге жетуі шеберлердің, мамандардың кәсібилігіне байланысты. (сурет№3)
Сурет № 3 ( үстел және диван сызбалары)

Жиһаз сызбаларын орындау өте қызықты. Сабақ барысында оқушыларға адам өміріндегі сызбаның маңыздылығы зор екенін түсіндіре отырып карточка бойынша орындық, үстел, диван, кереуеттер, шкаф сызбаларын орындайды. Бұл сызбаларды орындауда оқушылардың білімдері мен ойлау қабілеттері дамумен қатар дизайнерлік қабілеттері мен орындау шеберлігі артады.
Қазіргі студенттер жаратылыстану, техникалық және ақпараттық ғылымдарды нано, микро және макро деңгейлерде ұштастыра білуі, әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі, шығармашылық тұлға болуы, ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын дамыта алуы керек. Олар әлем азаматы болуға дайын және қоғамның дамуына қандай үлес қоса алатындығын түсінулері керек. Сондықтан сызу курсы тек мектепте ғана емес, сонымен қатар кәсіптік мектептерде, колледждерде және жоғары техникалық оқу орындарында оқытылады. Техникалық бейімділігі бар мамандықты таңдаған жас жігіттер (электрик, слесарь, авто механик, құрылысшы, сәулетші, және т.б.) сурет салудың олар үшін жетекші пәндердің бірі екенін түсінулері керек. Дизайн бөліміне (интерьер, киім және т.б.) түсетін қыздар үшін сызу сыза алу таңдаған мамандығын оқып үйренудің ажырамас бөлігі болып табылады.
Оқушылардың көпшілігінің орта техникалық мектептерге баратындығын ескере отырып, сурет салу негізгі пәндердің бірі екенін түсіну керек. Мектептегі сызу сабақтарында алған білімдер мен дағдылар осы оқу орындарында сипаттамалық геометрия, инженерлік графика, аналитикалық геометрия және математикалық модельдеу, проекциялық геометрияны оқып үйренуге көмектеседі.
Суреттер, сызбалар - мұның бәрі халықаралық қатынас тілі екенін ұмытпаңыз. Шетелдік инженерлердің суреттерін тілдерді білмей түсінуге болады. Ол үшін тек бір тілді - графикалық - сызықтардың, белгілердің, символдардың, сандардың тілін білу жеткілікті.
Сонымен қатар, графика және жобалау пәні орындалатын әрекеттердің дәлдігіне ықпал етеді, сонымен қатар геометрия, география, физика, технология, информатика пәндерін жақсы түсінуге көмектеседі.
Қазіргі таңда еліміздің даму қарқыны белсенді түрде келе жатқанда білім берудің жаңа әдістерін меңгеріп, білім сапасын дамыту мақсатында әр бір мұғалімнің міндеті болу керек. Жаңа заманға сай жаңа технологияларды меңгере отырып білім беру барысында нәтиже көрсете алуымыз керек.
Балалардың қабілеттерін тез дамыту үшін олардың айналасындағы қол жетімді заттарға сызбаларды көбірек енгізсек тақырып пен графикалық сызбаларды тез түсінеді. Сызу пәніндегі тақырыптарға байланысты балалардың күнделікті көріп жүрген тұрмыстық заттар мен оқу құралдарының заттарына қарап сызбаларды орындаса және осы сызбаларды карточка арқылы таратып сызғызғанда балалардың тақырыпты тез түсініп, графикалық сызбаларды қызыға орындағанына көзіміз жетеді. Осы сызбаларды орындап болған соң күрделі сызбаларды орындауға қабілеттері тез жетеді. Әр тақырыпты жақсы меңгерген оқушы шығармашылық жұмыспен айналысып ойлау қабілеттері мен білімдері одан әрі дамиды. Өз дарындылығын көрсете алады. Осы зерттеу барысында жақсы нәтижеге жеттім және сызу курстары жаңа заманға сай қажетті сызбалар екеніне толық сенемін.

II. Сызу курсына қойылатын талаптар, мазмұны мен құрылымы
2.1. Графика және жобалау курсының маңызы мен міндеті
Жалпы білім беретін орта мектептердегі сызу пәнінің орны мен ролін анықтау үшін аздап болса да оның пән есебінде оқытудың даму тарихымен танысқанымыз жөн сияқты. Бұл пәнді мектеп бағдарламасына енгізуге қандай қиындықтар, қандай кедергілер болды?
Осы жағдаймен танысып, зерттеп болған соң барып, сол кездегі жақсы тәжірибелер мен қателерді ескере отырып, осы кезеңдегі мектеп оқушыларының сызу пәнін ойдағыдай меңгеруі үшін қалай оқыту керек екенін анықтай аламыз.
Қазақстандағы мектептердің негізгі бағыты революцияға дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі Ресей мектептерінің бағдарламасына сәйкес құрылғанын ескере отырып, сол революцияға дейінгі Ресей мектептерінің бағдарламасына сүйенсек, сызу пәнінің мектеп бағдарламасына енуі ХVIII ғасырдан басталады екен. Сызу пәні алғашқы кезде, негізінен, тау өнеркәсіп (горнозаводские) мектептерінде, гимназияларда өткізіле бастаған. Оқу пәні есебінде сызу геометрия класына еңгізілген. Бұл пәнмен олардан басқа әскери архитектура және география сабақтарында да таныстырылып отырған.
Ресейде 1786 жылы жалпы мемлекеттік халыққа білім беру жүйесі құрылған.. Оқу клас-сабақ жүйесінде өтіле бастаған. Ол кезде жалпы сызу пәнін оқытуға барлығы 60 сағат бөлінген. 1802 жылы Ресейде халық ағарту министрлігі құрылып, білім берудің бірыңғай жүйесінің ережесі бекітілген. Гимназия оқу бағдарламасындағы сызу пәні сабақтары гравюралық және фотографиялық фигуралар мен денелер геометриялық перспективалық түрінде оқылған. Сол кездегі оқу ережелеріне сәйкес Ресей мектептерінде сызу пәні 1828 жылдан бастап нақты жолға қойылған. В.И.Курдюмов (1853-1904) пен Н.А. Рынин (1877-1942) жазған ғылыми жұмыстары мен сызу және сызба геометрия оқулықтары сызу пәнін оқытудың әдістемелерін жетілдіруге, оны жақсартыға көп көмегін тигізді. (сурет № 4)

Сурет №4 (В.И.Курдюмов, Н.А.Рынин)
Қазан төнкерісі Ресей ғана емес, Қазақстанда да мектептердегі оқыту құрылымының мазмұнын түбірімен өзгертті. Кеңес өкіметінің алғашқы құжаттарында, жалпы білім беретін бірыңғай еңбек мектептері ережесінде оқушылардың графикалық сауттылығына көңіл бөлінгенін 1918 жылдың 12 қыркүйек күні өтілген Халық ағарту комиссиясының алтыншы отырысындағы шешімдерінен көруге болады. Ол құжатта: оқушы өз қарындашымен ерекшелікпен және өзінің ойын нақты жеткізе алатын деңгейге жетуі керек, әрбір сабақта эскиз, жоба, көркемдеп кескіндеу өз орнын табу керек делінген. Сонда да болса ол кезде сызу пәні өз денгейіде оқу бағдарламасында орнын алды деу ерте екенін айта кету керек. 1921 жылғы бағдарламада сызу пәні өзінің мәні бойынша екінші орында болды.
Алайда, сызбалардың ақпараттық көлемі (осы кездегі бағдарламаның бір ғана бөліміндей) өте аз болатын. 1930 жылы шыққан фабрика-завод жетіжылдық мектептеріне арналған сызу пәнінің бағдарламасы, оқушылардың графикалық сауаттылығын ашуды жақсартуда қомақты үлес қосты деуге болады. 1945-1953 жылдардағы сызу бағдарламасы өзіндік мазмұны және алған бағытымен жиырмасыншы және отызыншы жылдардағы бағдарламалардан ерекшеленеді. Еліміздегі өнеркәсіптік дамуына орай ол жылдардағы бағдарламаларда проекциялық сызбалармен техникалық бөшектердің сызбаларын орындауға біршама орын берілген.
1954 жылғы бекітілген бағдарламада сызу пәнін оқыту мен тәжірибе жүзінде қолдануды жақындатуға мүмкіндік берді.
Ұлы отан соғысынан кейігі қалыпқа келтіру кезеңінде халық шаруашалығын жаңа машиналармен, агрегаттармен жабтықтау үшін өнеркәсіпті үздіксіз үнемді түрде жаңарту керек болатын. Әрине, бұл жұмысты мамандардың техникалық сауаттылығын керек етті. Сондықтан мектептердегі, оқу орындарындағы сызу пәнін оқытуды жолға қою тұрды.
Ендігі кезекте сызу курсының маңызы мен мағынасына дерек бере кетейік.
Графика және жобалау пәнінің маңызы. Сызу - графикалық кескіндерді рәсімдеу, орындау және айырып тану теориясының негізгі қағидалары және практикалық амалдары оқылатын оқу пәні. Сондықтан сызуды техника тілі ретінде ғана анықтау жеткіліксіз. Сыза білу -- жаза және оқи білуден кейінгі екінші сауаттылыққа айналды. Олай дейтініміз, сызуды меңгерудің нәтижесінде ғана адам қағазда немесе дисплей экранында өз ойын (ойлап тапқанын) дұрыс кескіндей алады және басқалар орыңдаған немесе әртүрлі техникалық қондырғылар экрандарында пайда болған кескіндерді түсіне алады.
Графика және жобалау пәнінің міндеттері:
1. оқушылардың графикалық кескіндердің жетекші қызметін оның таным құралы,визуальдық (графикалық) ақпараттарды тасымалдау құралы ретінде түсінулеріне, проекциялау әдісітерінің заңдылықтарын білуге, ақпараттарды жасау, сақтау, тасымалдау және өңдеу (қолдың, компьютерлік) құралдары туралы түсінігінің болуына ықпал ету;
2. таңбалық қызметтердің әр түрлерінің қалыптасуымен байланысты,
оқушылардың зияткерлік іс-әрекеттерін кеңейту мен дамытуға;
3. оқушылардың графикалық үлгілеу әдістерін меңгеруіне;
4. әрқилы түрлерінде қолданылатын графикалық үлгілеу әдістерін,
акпараттарды кескіндеу мен оқуды меңгеруге; олардың эстетикалық
талғамын дамытуға жағдай жасау;
5. оқушылардын бейнелік (кеңістіктік), қисындық, абстракциялық және
шығармашылық ойлауларының дамуына;
6. техникалық және көркем жобалау (дизайн) әрекеттерін орындау іскерліктерінің дамуына ықпал жасау.

Оқу пәнінің мазмұндық құрамы келесідей бес білім беру жолы бойынша анықталады:
1. Ақпараттарды визуализациялаудың графикалы жүйелері, әдістері, тәсілдері мен құралдары;
2. Кескіндер. Графикалық кескіндердің типтерімен түрлері. Кескіндерді түрлендіру;
3. Графикалық үлгілеу. Пішін және пішім жасау. Конструкциялау;
4. Жобалау. Жобалау әдістері. Жобалау графикасы;
5. Компьютерлік (машиналык) графика. Автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖОЖ).

Мұндай өзгешеленген оқыту түрі, оқушылардың шығармашылық интеллектісін байытады, олардың кеңістіктік ойлауын дамытады, ойлау және таным құралы ретінде, сызбаның алғашқы фундаменталды қызметтері туралы елестетулерімен дүниеге көзкарастарын кеңейтеді.
Болашақ Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатын, азаматтарды дайындау үшін, бұл пәннің орны ерекше. Оқушылардың алған білімді терең меңгеруі сурет салудан басталғандығын мойындай отырып, кез-келген білім ордасында 1-5 сынып аралығында бейнелеу өнері сабағымен, оқушылардың сурет салу қабілетін, дағдысын, іскерліктерін қалыптастыра отырып, олардың болашақ мамандықтарын таңдауға еш күмән болмайтындай дәрежеге жеткізу үшін барша амалдар қолданылу керек.
Графика және жобалау сабағы студенттердің логикалық ойлану қабілетін арттыру, көру, қадағалау, оларды салыстыру, талдау, синтездеу қабілетін қалыптастыруға бағытталу керек. Бағдарлама әрбір сабаққа оқу материалдарын тиянақты дайындап, олардың студенттерге көп салмақ түсірмейтін жағы да қарастырылуы керек. Қоғамның даму жолындағы өндіргіш күштер мен ғылыми техникалық прогрестің өсуі техникалық мамандарды дайындауға жоғары талаптар қояды. Техникалық білімдерін жан-жақты терең игерудің мақсаты, сызба түрлерін практика жүзінде орындай алуы мен қатар ауызша оқи алуы жетістіктері, графикалық сауаттылық екендігін түсіну керек.
Графика жəне жобалау пəнінің оқу бағдарламасының негізінде пəннің əрбір тарауы бойынша шығармашылық жұмыстар енгізіп, графикалық іс-əрекетті оқу шығармашылығымен байытуды іске асыру идеясы жатыр. Сол мақсат үшін дидактикалық құрал ретінде оқушылардың жобалау ісəрекеттеріне жалпы дайындығын дамытатын жəне ойлау амалдарын жоғарырақ деңгейдегі тапсырмаларды шешуге бағыттауды қамтамасыз ететін арнайы пропедевтикалық тапсырмалар қызмет етеді. Оларға техника, сəулет өнері жəне дизайн салаларындағы жобалау іс-əрекет элементтері бар тапсырмалар кіреді. Бірінші категорияға оқытудың алғашқы кезеңдерінде қолдану ұсынылатын қоршаған өмірден жəне жобалау-конструкторлық тəжірибеден алынған пропедевтикалық тапсырмалар (қызықты проекциялар, вербалдық жұмбақтар, модель-жұмбақтар, жұмбақ сымдар, конструкторлық жұмбақтар, комбинаторлық жұмбақтар, аналогтар жасау, ойша түрлендіру тапсырмалары, пішінді модельдеуге берілгендері толық емес тапсырмалар, эвристикалық графикалық тапсырмалар, модельдеу жəне конструкциялау элементтері бар тапсырмалар, тапсырма ойындар т.с.с.) жатады. Екінші категорияға жаңа пəннің деңгейінде шығармашылық кəсіптер мамандарының графикалық қызметтерін үлгілейтін жобалау іс-əрекет элементтері бар тапсырмалары енеді.
Жалпы білім беретін мектептерде сызу пәнінің негізгі мақсаты оқушылардың техникалық сызбаларды оқи да, орындай да білуіне жол ашу, механизмдегі бөлшектердің өзара байланысын сызбалар арқылы оқи білуі, олардың кеңістіктегі заттардың орналасуын көз алдына елестете білуін үйрету.
Жоғарыда берілген нұсқауларды ескере отырып, конструкциялауға арналған тапсырмаларды ғана емес, сонымен қатар сəулет өнері мен дизайн салаларындағы жобалау тапсырмалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сызуды оқыту әдістемесінің жүйесі
Модель және модельдеу ұғымдары
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Мектеп бағдарламасында көрем еңбек өнерінің элементтерін көркем тіл проблемалық ретінде қарастыру мәселесі
Ақпараттық оқыту ортасы
Графика және жобалау пәнінің маңызы
Сызу және жобалау графикасы пәндерін оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Зерттеу объектісі мектеп оқушыларының компьютерлік ойындар тақырбын сабақта меңгере алуы
Информатикада Adobe Photoshop программалық оқыту құралын үйрету технологиясы
Пәндер