Бөлшектің сызбасында Тесіктер мөлшерлерін дұрыс сызу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Оқушылардың кеңістіктегі елестету қабілеттерін дамытудың
психологиялық ерекшеліктері
Орындаған: Бейнелеу өнері және сызу
мамаңдығының
ИИЧ - 31
тобының студенті Абилов С.Г.
Тексерген: Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының
аға оқытушы Молдашева Б.А.
Орал, 2019
Мазмұны:
Кіріспе: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Оқушыларға проекциялар туралы түсінік беру
1.1.
Проекциялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Параллель
проекциялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..15
II. Оқушылардың кеңістікте елестету қабілеттерін дамытудың психологиялық
ерекшеліктері
2.1. Оқушылардың зейін ерекшеліктерін дамытудың психологиялық
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. Елестетудің психологиялық дамыту
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 24
2.3. Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін
салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Пайданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...33
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Сызбаны сабақта қолданудың да өзіндік қиындықтары
бар. Себебі екі-өлшемді объектіні кескіндеуге қарағанда, үш өлшемді
объектіні кескіндеу принципі басқаша. Егер жазық фигураның кескіні, есеп
шартында берілген фигураның қасиеттерін түгел сақтай отырып ұқсастық
дәлдігіне дейін бейнелейтін болса, ал кеңістік фигурасының кескінінде
түпнұсқаның, яғни есептегі қарастырылып отырған, үш өлшемді фигураның
элементтері арасыңдағы кеңістік және сандық қатынастары өзгеріске ұшырайды.
Жазық фигураны кескіндегенде ешқандай геометриялық проблема тумайды. Сызба
түп нұсқаның дәл көшірмесі болады немесе оған ұқсас фигураны береді.
Мысалы, сызбадағы дөңгелектің кескінін қарастыра отырып, дөңгелектің өзін
көріп отырғандай боламыз.
Кеңістік фигураларын кескіндеу, тіпті басқаша. Өкінішке орай, ұшы ауада
із қалдыратындай кеңістік қаламы болмайды. Мұндай қаламмен қырларын
жүргізе отырып кәдімгі кубты салуға болар еді. Ал мұндай қалам болғандықтан
кәдімгі қаламмен кубты қағаз бетіне кескіндеуге тура келеді. Жазық кескін
кеңістік фигурасының дәл өзі болуы мүмкін емес. Сол себепті, кеңістік
фигурасын қандай ережемен кескіндегенде түпнұсқаны мүмкіндігінше дұрысырақ
бейнелейді деген проблема туындайды. Мұндай талаптар екеу, көрнекілік және
оңай өлшенімдік.
Нәрсенің берілген негізгі екі көрінісін бойынша оның үшінші негізгі
көрінісін салу - сызу пәнінің басты есептерінің бірі. Осындай есептер
оқушылардың кеңістікті елестету қабілетін дамытуға әсерін тигізеді.
Сондықтан бұл есепті оқушы шығара алатын болуы тиіс. Берілген екі көрініс
бойынша үшінші көріністі тұрғызу үшін нәрсенің кеңістіктегі пішінін көз
алдымызға елестетіп, түсініп алуымыз керек. Басқаша айтқанда, сызбаны оқи
білу керек. Сызбаны оқудың екі әдісі бар. Бұлардың біреуі - талдау әдісі
де, екіншісі - толықтыру әдісі. Бұл әдістердің екеуі де геометриялық
қарапайым
денелердің проекциялары қалай кескінделетінің білуге негізделген.
Нүктенің горизонталь және фронталь проекцияларынан тұратын сызбасы қайтымды
болады. Бірақ нәрсенің өзара перпендикуляр екі жазықтықтағы тікбұрышты
проекцияларынан тұратын кескін, оның кеңістік бейнесін әрқашан дәл анықтай
бермейді. Оның үстіне, іс жүзінде өте күрделі нәрселердің сызбасын сызуда
олардың тек екі проекциясы жеткіліксіз болатын жағдайлар көп кездеседі.
Фронталь, горизонталь және профиль проекциялар жазықтықтарының біреуіне де
параллель болмайтын кескіндіні жалпы жағдайда орналасқан дейді. Жалпы
жағдайда орналасқан кескінді проекцияларының ішінде оське параллель
орналасқан болмайды. Проекциялар жазықтықтарының біріне параллель кесінді
деңгейлік кесінді деп аталады. Фронталь проекция жазықтығына паралель
кесіндіні фронталь орналасқан кесінді дейді. Фронталь орналасқан кесінді
нүктелері 1 жазықтығына бірдей қашықтықта орналасады. Сызбада фронталь
кесіндінің горизонталь проекциясы х осьне, профиль проекциясы z осьне
параллель орналасады, ал фронталь проекциясының ұзындығы кесіндінің өзіне
тең. Горизонталь проекциялар жазықтығына параллель орналасқан кесіндіні
горизонталь орналасқан кесінді дейді. Горизонталь кесінді нүктелері
горизонталь проекциялар жазықтығынан бірдей қашықтықта орналасады. Сызбада
горизонталь кесіндінің фронталь проекциясы х осьне, профиль проекциясы у
осьне параллель орналасады, ал оның горизонталь проекциясының ұзындығы
өзінің ұзындығына тең болады. 3 жазықтығына
Параллель кесінді профиль орналасқан кесінді деп аталады. Профиль
кесіндінің горизонталь проекциясы у осьне, фронталь проекциясы z осьне
параллель орналасады, ал оның ұзындығы профиль проекцияда сақталады.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Негізгі көріністер мен қосымша көріністер шығарып алуға, сызбада
көріністерді орналастыруға үйрету. Тетік бөлшектің берілген негізгі екі
көрінісі бойынша үшінші негізгі көрінісін салуға, кеңістікте зерттеуге
дағдыландыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
-Оқушыларды теорияда сарамандылық жұмысқа икемдеу, оқушылардың ой-
өрісін, білімін, шығармашылық қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын,
шеберлігін дамытуға арналған әдістер;
-Кеңістік ой-өрісін кеңейтуге арналған тапсырмалар, әдістер –
оқушыларды сызбаны орындау барысында қолданылатын шарттылықтармен және
ықшамдаулармен таныстыру.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Кіріспеден екі бөлімнен және қорытынды мен пайданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Оқушыларға проекциялар туралы түсінік беру
1.1. Проекциялау.
Бiздi қоршаған ортадағы заттарды: ғимараттарды, мәшинелерді,
механизмдердi және олардың бөлшектерін - жазықтықта әртүрлi тәciлдермен
бейнелеуге болады. Осы тәciлдердiң бiрi cурет. Заттың суретiн салғанда оны
қалай көремiз, қалай елестете аламыз, соны қолмен бейнелеймiз. Суретте
заттың пiшiнiн және олардың бөлшектерiн бұрмалап көрсетедi. Кез-келген
мәшиненің күрделi бөлшектерiн қарапайым геометриялық дене немесе оның бір
бөлiгi ретiнде қарастыруға болады, бөлшектері бiрнеше қарапайым
геометриялық беттермен шектелген.
Мектептегі сызу пәнін оқытудағы маңызды тақырып проекциялау тәсілдерін
оқыту болып табылады. Проекция - латын сөзі, ол алдыға лақтыру
деген мағынаны білдіреді. Электр шамының алдына қандай да бір нәрсені
орналастырайық. Сонда оның қабырғада пайда болатын көлеңкесін нәрсенің
проекциясы деп айтуға болады. Қағазға қандай да бір жазық нәрсені қояйық
та, оны қарындашпен айналдыра жүргізіп шығайық. Бұл жағдайда да біз осы
нәрсенің проекциясына сәйкес келетін кескінді аламыз.
Сызбада көбіне тік бұрыштап проекциялау әдісі бойынша алынатын
кескіндерді қарастырады.
Оқушыларға тікбұрышты проекция туралы түсініктер берудің өзіндік
жолдары бар. Сызу пәнінің мектеп курсындағы негізгі тақырыптарының бірі
тікбұрышты проекциялар туралы түсінік беру мен проекциялар сызбасын сызу
болып табылады. Оқушылардың одан әрі сызуды оқуы сызу дағдыларын меңгеруіне
яғни осы тақырыпты меңгеру сапасына байланысты болады.
Бұл тақырыпты оқып үйренудің түрлі варианттары бар. Осылардың ішінен
жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде көп таралған
екі вариантты бөліп қарауға болады.
Бірінші вариант - оқушыларды заттарды проекциялаудың бір, екі немесе үш
өзара перпендикуляр жазықтағы проекциясын түсіруді бірізділікпен оқыту.Бұл
бағыт бойынша материалды оқыту сызбаны құру, түсіне білу және сызу
дағдыларын біртіндеп қалыптастыруды, сонымен қатар сызбалар өлшемдерін
қондыруды оқушыларға үйретумен сипатталады.Бірінші вариант бойынша
материалды жоспарлау мына төмендегіше бірізділікпен орындауды қажет етеді:
1.Проекция туралы, проекциялау тәсілдері туралы түсінік беру; Бір
жазыққа зат көрінісін проекциялау, оның кеңістіктегі орнын белгілеу. Басты
көрініс түрін таңдау, оны құрудың алгоритмі. Дәптерде тәжірибелік жұмысты
орындау.
2.Екі өзара перпендикуляр проекция жазығын проекциялау төмендегіше
бірізділікпен орындауды қажет етеді: Көлденең жазықтық, оның кеңістікте
орналасуының белгіленуі. Проекцияның өзара байланысы. Өлшемдерді қондыру.
Дәптерге тәжірибелік жұмысты орындау.
3.Бөлшектің сызбасын құру дағдылары мен тәжірибелік шеберліктерін,
теориялық білімдерін тексеру. А4 сызба қағазына графикалық жұмысты
орындау.
4.Проекцияның перпендикуляр жазықтағы үш көрінісінің өзара байланысын
проекциялау. Профильді жазықтық, оның кеңістіктегі орналасуы, белгіленуі
туралы түсініктер беру. Проекцияның өзара байланысы. Өлшемдерді қондыру.
Дәптердегі тәжірибелік жұмыс.
Мұғалім сабақ барысында оқушыларға заттардың проекциясын
проекцияланатын сәулелер арқылы алу туралы, орталық және параллель
проекциялау туралы мәлімет береді. Бұл жерде душтың астына қойылған немесе
жауынның астына қойылған шелекті мысалға келтіруге болады. Дәл осы жерде
мұғалім оқушыларға тікбұрышты проекциялаудың артықшылығы туралы айтылады.
Заттың тікбұрышты проекциясын алу үшін ең қарапайым тәсіл - бұл оның
нұсқасын қағаздың парағының бетіне сызып шығу болып табылады. Сабақта
заттың (шәйнек, т.б.) бірнеше көріністерін сызу жолдары көрсетіледі.
Сонымен қатар, заттың жазықтағы проекциясын салудың мынандай әдістері
көрсетіледі.
• зат проекциясы параллель жазыққа орналастырылады;
• заттың әрбір ұшы арқылы проекцияның перпендикуляр жазығына бағытталған
проекцияланатын сәуле жүргізіледі;
• заттың (нүктенің) ұшының проекциясын қосады және сол заттың жазықтағы
проекциясы сызып алынады.
Кеңістіктегі жазықтың орналасуын қарастыра отырып, мұғалім заттың
проекциясы мен оның ұшын проекциялаудың үдерісін көрсетеді. Материалды
оқушылардың саналы қабылдаулары үшін, көрсету мұғалімның мынадай бағыттарды
қамтиды:
Суреттің мөлшері модельдің мөлшерімен сәйкес келеді ме ?
Сызбада заттың бөлшегінің көлденең қырларын қалай салуға болады?
Бүйіріндегі тік қырлары қалай көрінеді?
Проекцияда бөлшектің қандай мөлшері көрсетілген?
Бөлшектің қалыңдығы қалай суреттелген?
Неге дәл солай салынған?
Бұл бөлшектің қандай мөлшерін сызбада көрсетуге болады? -деген сұрақ
қоюмен қатар жүзеге асырылады. Нәтижесінде параллель проекциялау кезінде
проекциясы беріліп отырған заттың нағыз формасы мен мөлшері алынады. Әрі
қарай мұғалім заттың басты түрін таңдау туралы мәселені талдауға көшеді.
Оқушылардың басты көріністі қалай дұрыс таңдауға болатындығын меңгерту
үшін бірнеше ауызша жаттығу жүргізген дұрыс. Алдымен объектінің басты
көрінісі модель бойынша орнатылады, сонан соң - көрнекі сурет бойынша:
қарсы алдынан диаметриялық қисық бұрышты және изометрлік тікбұрышты
проекциялар беріледі. Дұрыс таңдалған басты түрін оқушылар сынып тақтасында
орындайды.
Сабақтың келесі кезеңі – дәптерде сызылатын бөлшектің басты түрінің
сызбасын құрумен тәжірибелік жұмыс орындалады. Жұмысты сынып тақтасында
суреттелген бөлшектің көрнекі суретін екі вариант бойынша орындауды ұсынуға
болады .
Мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалай отырып, тапсырманы орындаудағы
жұмыстың әрбір кезеңіне талдау жасап кезекпен атап көрсетеді:
1.Бөлшектің геометриялық формасын талдау, оның симметриялығын анықтау.
2. Басты көрініс түрін анықтау.
3. Сызба құру үшін қағаздың парағының (горизонталь немесе вертикаль)
орналасуын таңдау және суреттің масштабын анықтау.
4. Бөлшектің үлкен тікбұрышты суретін салу және симметриялық осін
жүргізу.
5. Үстіңгі беті көрінетін бөлшектің сипатты элементтерін құру.
6. Призматикалық қиықтар, ойықтар мен тесіктердің суретін салу мен
белгілеу.
7. Өлшемдерін сызу.
8. Сызбадағы шеңберлерді сызу: а) доға, шеңбер; ә) барлық көлденең; б)
барлығы тік; в) барлық иілген сызықтарды сызу.
Келесі сабақта проекцияның екі жазықтығының проекциясы қарастырылады.
Сабаққа дайындалу кезінде мұғалім оның жалпы құрылымын, теориялық материал
көлемін, тәжірибелік жұмыстың сипаты мен мазмұнын анықтап алуы тиіс.
Сонымен бірге, жаңа материалдың оқушылар өз бетімен шеше алатын мәселелері
және мұғалімнің оқушыларға түсіндіретін сұрақтары алдын ала бөліп алынады.
Сонымен қатар проекциялауды оқытудың төмендегідей әдістері мен тәсілдерін
анықтап алынады: олар, мәселені қою, оқу диалогы, мұғалімнің көрнекі
құралдарды пайдалана отырып әңгіме өткізуі, тәжірибелік жұмыстарының
мазмұны.
Сабақ сұрақ жауап әдістерін қолдана отырып, материалды қайталаумен
басталады. Оқушыларды алдында өтілген материалдар бойынша сұрақ қою үшін
тақтаға шақырады. Ол үшін мынадай тапсырма үлгілерін беруге болады:
1. Қағаздың парағына жалпақ бөлшектің сызбасын құрудың бірізділік
кезеңін жазып алу.
2. Бөлшектің сызбасында Тесіктер мөлшерлерін дұрыс сызу.
3. Берілген проекция бойынша суреттің дұрыс масштабын таңдап, оны жазып
алып, Пластина бөлшегінің басты түрін анықтап және сызып алу.
4. Сызбадағы өлшемдерді дұрыс сызу.
Ауызша қайталау мен пысықтау үшін мынандай тапсырмалар мен сұрақтар
беріледі:
1. Проекциялаудың бар тәсілдерін атап өту.
2. Орталық проекциялаудың ерекшеліктерін ашып көрсету.
3. Параллель проекциялау мен оның қандай түрі бар екендігіне анықтама
беру.
4. Параллель проекциялау ерекшеліктерін ашып көрсету.
5.Проекциялаудың қандай тәсілі басты тәсіл ретінде қабылданғанын
анықтау.
Сонан соң алдыңғы партада отырған оқушылардың жұмысын жинап алып
олардың жіберген қателері талданады және бүкіл сынып болып тақтаға шығып
жауап беруші оқушылардың жауабының дұрыс немесе дұрыс еместігі талданады.
Оқушылардың ойлау белсенділігін дамыту үшін жаңа материалды өтуге ауыса
отырып, олардың алдына бөлшектің сызбасы бойынша оның пішінін (формасын)
анықтау және оның суретін салу тапсырмасын орындау талап етіледі.
Оқушыларды тақтаға жауап беру үшін шақырып, бүкіл сынып болып оқушының
жауабының, тапсырманың қалай орындалғанына талдау жасауға болады. Сызбаны
және берілген суреттердің бөлшектерін талдай отырып, мұғалім мынадай
қорытындыға келеді: бір проекциямен берілген бұл сызба бірнеше бөлшектерге
сәйкес келеді , сондықтан да ол заттың пішіні туралы толық түсінік бере
алмайды. Сондықтан да мынадай сұрақтардың туындауы заңды: осы бөлшек
сызбасын дайындау үшін жұмысшы не істеуі керек? Суретте берілген
бөлшектердің қайсысын жасауы керек екендігін қалай анықтауға болады?
Мұғалім ұйымдастырған шешімді іздеу нәтижесінде бөлшектің екінші
проекциясын сызу қажеттігі туралы қорытындыға келеді. Заттың бөлшегіне
үстінен қарағандағы көрінісін сызу керек деген шешімге келеді. Мұнан соң
горизанталь проекция сызбасы сызылып көрсетіледі. Мұғалім сынып тақтасында
бөлшектің үстінен қарағандағы түрін салып, мәселенің шешімін көрсетеді.
Одан әрі проекцияның көлденең жазықтығы түсінігінің мәнін ашып, оның
кеңістіктегі орналасуын, Х өсін қарастыра отырып, проекция жазықтығының
көлденең және тік кесіп өту сызығы ретінде белгілеуі тиіс. Бұл жұмысты
дайындалған сызудың бірізділігін көрсететін кестені пайдалану арқылы
жүргізуге болады.
Сонан соң сынып болып екі түрде берілген сызбаға талдау жасап
оқушыларға сызбаны дұрыс орындау үшін басты проекция ретіндегі проекцияның
бірі жоғарыдан қарағандағы көріністің орналасуы қажеттігі түсіндіріледі.
Модельдердің көмегімен мұғалім проекция, проекцияланатын сәулелер,
байланыс сызықтары түсініктерінің мәнін ашады.
Келесі міндет – оқушыларда заттың проекциясының екі түрін құрудағы
іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Бұл үшін мұғалім
оқушыларға кеңістікте түрліше орналасқан цилиндр, конус, үшбұрышты призма,
төртбұрышты пирамида, шар және т.б. геометриялық денелерді көрсетеді және
сызбада осы заттың үстінен және алдынан қарағандағы түрі қандай
болатындығын сұрайды. Дұрыс жауаптан кейін мұғалім тақтаға бір оқушыны
шығарып қолмен сызба жұмысын орындауға шақырады. Оқушылардың нақты
бірізділікпен жұмыс істей білуге дағдыландыру үшін, мұғалім жаттығуларға
дер кезінде жетекшілік етеді, сыныпқа сызбаны құрудың алгоритмін білдіретін
сұрақтар қояды:
1. Бөлшектің пішіміне талдау жасаңыздар.
2. Оның басты түрін таңдаңыздар.
3. V және H жазықтығына қатысты бөлшектің орналасуын анықтаңдар.
4. Сызбаның басты түрінің сызылуын анықтаңдар және оны құрыңдар.
5. Форманың жоғарыдан қарағандағы көрінісінің сызылуын анықтау және оны
құру.
6. Сызбадағы проекцияның байланысы қандай жолмен жүзеге асырылғандығын
анықтау.
Осы аталған тақырып бойынша үшінші сабақ - тәжірибелік жұмыс сабақ
түрінде өткізіледі. Сабақтың басында осы тақырыптың өтілген материалы
бойынша құрастырылған сұрақтар қойылады. Тақтаның алдында орындалатын
тапсырма мынадай мазмұнда болуы мүмкін:
1.Сынып тақтасында бөлшектің екі түрінің суретін көрнекті етіп қолмен
сызу.
2.Ол проекцияның формаларының қандай геометриялық денеге ұқсас
келетіндігін анықтау.
3.Бөлшектердің сызбасының және көрнекі бейнелерінің сәйкестілігін анықтау.
Сұрақ-жауаптан кейін оқушылар берілген варианттар мен жеке тапсырмалар
бойынша А4 форматтағы сызба қағазының парағында орындалатын тәжірибелік
жұмыс істеуге кіріседі. Тәжірибелік жұмысқа деген тапсырмалар оншалықты
қиын болмауы тиіс. Жұмыс көлемі әдетте сынып тақтасына жазылады: 1)
бөлшектің сызбасын құру; 2) өлшемдерін сызу; 3) негізгі жазуларын толтыру.
Сондай-ақ практикалық сабақта бөлшектің алдынан қарағандағы проекциясын
сызу, проекциялық аппарат арқылы қарсы жақ беттегі проекцияны жетекшілікке
алып, көлденең қарағандағы көріністің проекциясын құру сияқты тапсырмалар
да ұсынылады.
Тақырыпты одан әрі оқып үйрену барысында - проекциялауды өзара үш
перпендикуляр проекцияның жазықтықтағы проекциялалануы қарастырылады.
Мұғалім оқушыларға бөлшектің екі түрінің оның пішіні туралы толық түсінік
бере алмайтындығын айтып береді. Бұл жағдайда мынадай сұрақ туындайды:
Сызбадағы бөлшектің суретін қалай нақтылауға болады? Әдетте оқушылар
бөлшектің түрін жанынан құруды ұсынады. Материалды түсіндіру үшқырлы
бұрыштың моделін пайдалану арқылы жүргізуге болады. Осындай жолмен алынған
сызба заттың үш тікбұрышты проекциясын құрайды. Кешенді сызбадағы V өсінің
қосарлануына ерекше назар аударылады.
Одан әрі оқушылардың назарын проекциялар байланыстарына аудару
қажеттігі туындайды. Оқушыларға сынып тақтасында геометриялық денелердің
проекциясын құру және анықтау ұсынылады. Материалды барынша белсенді түрде
меңгеруді қамтамасыз ету үшін оқу диалогы қолданылады. Мұғалім оқушыларға
мынадай сұрақтар беруі мүмкін: бөлшектің геометриялық пішініне талдау
жасаңдар. Бөлшектің жоғарыдан және сол жағынан басты түрін таңдаңдар? Бұл
сабақтағы тәжірибелік жұмыс бір немесе екі вариант бойынша орындалуы
мүмкін. Келесі сабақтарда материалды бекіту іс әрекеттері жасалып,
заттардың пішінін талдау, т.б. сызба жұмыстары бойынша түрлі жаттығулар
орындалады. Бұл кездегі тапсырманың күрделілігі арта түседі.
Оқыту әдістемесінің бұл берілген варианты бойынша оқушылардың
тапсырманы орындау барысында, оқытудың барлық кезеңдерінде оқушылардың
ойлау белсенділігі, шығармашылық белсенділіктерін арттыру міндеттер
шешіледі. Екінші вариант - проекцияның өзара үш перпендикуляр жазықтығына
біртіндеп затты проекциялауға оқушылар үйретіледі, мұғалім мен оқушылар
үшқырлы бұрыштың бірдей модельдері мен проекцияланатын бөлшегімен жұмыс
істейді.
Сызатын материалды жоспарлау мына төмендегіше болуы мүмкін:
1. Проекциялау тәсілдері. Қыстырғыш бөлшегінің жазба көрінісінің
сызбасын орындау.
2. Зат формасын өзара перпендикуляр үш жазыққа проекциялау.
3. Формасы геометриялық денелердің жиынтығынан құралған бөлшектің
сызбасын құру.
4. Формасы геометриялық денелердің жиынтығы ретінде қарастырылған
бөлшектің сызбасын орындау.
5. Бөлшектердің сызбасын орындаудың тәжірибелік жұмыстары.
Бірінші сабақта жазықтықтағы проекцияны, проекциялық аппарат
элементтері мен проекциялау тәсілдерін алу процесі қарастырылады. Бұл
материал бірінші варианттағыдай көлемде және бірізділікпен берілуі мүмкін .
Сонан соң оқушылар Тиек бөлшегінің жазба сызбасын орындайды.
Сабаққа дайындалу кезінде мұғалім мен оқушыға сабаққа қажетті
көрнекілік құралдарды қолдану жағы жақсы ойластырылған болуы тиіс. Сабақта
мұғалім үшін үшқырлы бұрыштың моделі, Тиек бөлшегі, геометриялық денелер;
ал оқуышларға Тиек бөлшегінің моделі, қағаз, қайшы қажет болады. Енді оқу
үдерісін ұйымдастыруды қарастырайық.
Үш проекцияны пайдалану қажеттігі мен дұрыстығын көрсету үшін,
оқушыларға күрделі тапсырма берілуі мүмкін. Сонан соң заттың сұлбасы
көрсетілетін үш өзара перпендикуляр проекцияның жазықтығы туралы түсініктер
беріліп, кейіннен олардың белгіленуіне, кеңістіктегі орналасуына талдау
жасалады.
Сонан соң сабақ барысында мұғалімнің басшылығымен оқушылар сызба
қағаздың парақтарына үш қырлы бұрыштың жеке моделі бойынша, жазықтығын
белгілеу, осін, координатының басталуын және бөлшектің үшқырлы бұрыш
моделін проекциясын орналастыру керектігі туралы тапсырма ұсынылады.
Бұдан кейін оқуышыларға проекциялаудың басты ережелерінің бірін -
үшқырлы бұрыштың жазықтықтағы проекциясының проекцияланып отырған заттың
қырларына параллельдігі туралы түсіндірілуі тиіс. Сонан соң мұғалім
көрсетуімен, оқушылар өздерінің модельдерін проекциялауға кіріседі. Келесі
кезең – бөлшектің толық проекциясын алу және олардың өзара байланысын
белгілеу болып табылады. Мұғалімнің басшылық етуімен оқушылар үшқырлы
бұрыштың моделін жазып, сонан соң нүктелерін қосып, Тиек бөлшегінің
проекциясының кескінін алады. Осыдан кейін мұғалім фронталь, горизанталь,
профиль проекцияларының берілген заттың қарсы алдынан, үстінен, бір қырынан
алынған бейнесі екендігін түсіндіреді.
Сабақтың келесі кезеңі - оқушыларда жеке тапсырмалар бойынша заттың
проекциясын құру дағдысы мен шеберлігін сызу бағытындағы іс әрекеттер болып
табылады. Осыған сәйкес жұмыс істеу үшін оқушыларға түрлі геометриялық
денелердің (призма, пирамида, цилиндр және т.б.) моделін таратып беріледі
және геометриялық денелердің проекциясын үшқырлы бұрыштың жазықтықтарына
құру ұсынылады.
Оқушылардың жұмыстарын бірізділігін қадағалауы үшін, мұғалім оларға
қосымша бағыт беретін сұрақ бере отырып, жетекшілік етуі тиіс. Сызбаны
құрудың алгоритмін ашу оқушыларға үшін мынандай сұрақтар қойылады: зат
проекцияның жазықтығына қатысты қалай орналасады? Затты үшқырлы бұрыштың
жазықтығына қалай кескіндеуге болады? Үшқырлы бұрыштың жазықтығына
проекцияның кескінін қалай құруға болады? және т.б.
1.2. Параллель проекциялау
Сызбада нәрсенің кескінін салу керек. Нәрсенің кескінін қалай салады?
Кескін проекциялау әдісімен салынады. Проекциялау әдісін түсіндірейік.
Бізге А нүктесінің π` жазықтығындағы кескінің салу керек болсын. (23,a-
сурет) Ол үшін π` жазықтығында жатпайтын s түзуін алайық (23,ә-сурет).
Егер түзудің екі нүктесі бір жазықтықта жатса, ол түзудің басқа нүктелері
де сол жазықтықта жатады, яғни түзу жазықтықта жатады. Түзу жазықтықта
жатса, ол түзудің барлық нүктелері де осы жазықтықта жатады. Сонымен,
жазықтық пен ол жазықтықта жатпайтын түзудің біреуден артық ортақ нүктелері
болуы мүмкін емес. Түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесін олардың қиылысу
нүктесі дейді. Егер түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесі болмаса, оларды
параллель деп атайды. Түзу берілген жазықтыққа параллель
болуы үшін, жазықтықтың бір түзуіне оның параллель болуы қажет. А
нүктссінің π` жазықтығындағы кескіні А' нүктесін былай саламыз: А нүктесі
арқылы s түзуіне параллель етіп а түзуін жүргіземіз. Сонда а түзуі π`
жазықтығымен А' нүктесінде қиылысады. А' нүктесін А нүктесінің π`
жазықтығындағы s бағыттағы параллель проекциясы деп атайды. π`
жазықтығын проекциялар жазықтығы, s түзуін проекциялау бағыты және а түзуін
проекциялаушы түзу деп атайды. Берілген l түзуінің π` жазықтығындағы
кескінің тұрғызу үшін оның екі нүктесін (А мен В) s бағытында π`
жазықтығына проекциялаймыз (24,а-сурет). Табылған проекциялар А' пен В'
нүктелерін қосатын l' түзуі берілген l түзуінің параллель проекциясын
анықтайды.
АВС үшбұрышының π` жазықтығындағы кескінін тұрғызу үшін оның төбелерін
π` жазықтығына s бағытында проекциялаймыз (24,ә- сурет). А‘ нүктесі А
нүктесінің, В' нүктесі В нүктесінің, С' нүктесі С нүктесінің параллель
проекциясы А'В'С' үшбұрышы АВС үшбұрышының параллель проекциясы.
24-сурет
Қисық сызықтың кескінін алу үшін, онын бойынан мүмкіндігінше тығыз
орналасқан нүктелер жиынын аламыз. Берілгсн l сызығының бойынан А, В, С,
... нүктелерін аламыз (24,б-сурет). Олардың π` жазықтығындағы
проекциялары А', В', С' арқылы жүргізілген қисық сызық (l') берілген
сызықтың параллель проекциясы болады. Сонымен, нәрсенің жазықтықтағы
кескінің салу үшін, оның нүктелерін сол жазықтыққа проекциялау керек.
Нүктенің проекциясын алу үшін, берілген
нүкте арқылы проекциялаушы түзу жүргіземіз. Проекциялаушы түзудің
проекциялар жазықтығымен қиылысу нүктесі берілген нүктесінің проекциясын
береді. Нәрсе нүктелерінің табылған проекцияларын белгілі тәртіппен
қосамыз.
Параллель проекциялау - проекция центрiн проекция жазықтығына қарағанда
шексiздiкке алыстатса, проекциялаушы сәулелер бiр-бiрiне параллель болады
және проекция жазықтығымен тiк бұрыш жасайды. Келтiрiлген өндiрicтiк
сызбалар тiк бұрышты проекцияда сызылады. Заттың көп сызықтарымен жазық
беттерiн проекция жазықтықтарына параллель болатындай етiп орналастырады,
сонда бұл беттермен сызықтар проекция жазықтықтарына нақты түрде
проекцияланады.
Бұйымның өзара параллель проекциялаушы түзулердің көмегімен
тұрғызылған жазықтықтағы кескіні. Нүктенің параллель проекциясы деп осы
нүкте арқылы өтетін және проекциялау бағыты болатын түзуге параллель
түзудің проекциялар жазықтығымен қиылысу нүктесін айтады. Параллель
түзулердің параллель проекциялары да параллель орналасады. Бір түзудің
немесе параллель түзулердің бойынан алынған кесінділердің қатынасы
сақталады.
Егер проекциялаушы сәулелер өзара параллель болса, проекциялау
параллель проекциялау, ал алынған кескін параллель проекция деп аталады.
Күн сөулесі арқылы нәрсенің түскен көлеңкесі параллель проекцияның мысалына
жатады.
Параллель проекциялаудың екі түрі бар, олар: қиғаш бұрыштап проекциялау
және тік бұрыштап проекциялау. Егер проекциялаушы сәулелер проекция
жазықтығына 90°-қа тең емес бұрыш жасап түсетін болса,
проекциялауды қиғаш бұрыштап проекциялау дейді. Проекциялаушы сәулелер
проекция жазықтығына перпендикуляр болса, проекциялауды тік бұрыштап
проекциялау дейді.
Сызуда тік бұрыштап проекциялау негізгі әдіс болып табылады. Сондықтан
сызбалардыц көпшілігі осы әдіс бойынша орындалады.
А` нүктесі А нүктесінің ℓ түзуінің бағытында π жазықтығына параллель
проекциясы болып табылады. Егер А нүктесі ℓ түзуіне тиісті болса , онда
А нүктесінің π жазықтығына параллель проекциясы ℓ түзуінің π
жазықтығымен қиылысу нүктесі болып саналады. Осындай кескіндеу параллель
проекциялау деп аталады. ( 1- сурет)
Оқушылардың кеңістікте елестету қабілеттерін дамытудың психологиялық
ерекшеліктері
2.1. Оқушылардың зейін ерекшеліктерін дамытудың психологиялық мәселесі
Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі психологиялық процесте оқушылардың
зейін ерекшеліктерін дамыту мәселесі ерекше маңызды. Өскелең ұрпақты дамыту
соңғы жылдары ғылыми зерттеулердің объектісіне айналуда. Тұлғаны мақсатты
түрде қалыптастырудағы айқын заңдылықтарды табуға оқушылардың зейін
ерекшеліктерін дамыту, ғылыми негізде құру, сонымен бірге психологиялық
теорияның даму мүмкіндіктерін ескеру бүгінгі күннің талабына сәйкес жалпы
тәрбие үрдісін қамтамасыз етуде. Зейінді ұйымдастырудың маңыздылығы,
орнымен қойылған тапсырмаға және оны субъектінің қабылдауына себепші
болуымен байланысты.
Сонымен қатар, зейіңді тәрбиелеу оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына тікелей
тәуелді. Сабақ немесе өз бетімен атқарылатын жұмыс түрлендіріліп және
қызықгы етіп ұйымдастырылса, оқушының зейінді болуына септігін тигізеді.
Оқуды практикамен тығыз байланыстыру міндеттері, қолданылатын оқыту,
тәрбиелеу әдістемесін жаңа талаптарға сай жетілдіре түсу қазіргі білім
саласының талабы.
Сонымен, зейін деп адам санасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz