Дулат Бабатайұлының өмірі



Халқымыздың маңдайына біткен санаулы ұлы ақындарының бірі - Дулат Бабатайұлы, бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданының Қызылжолда деген атамекенінде 1802 жылы туған. Жаздық мекені Ақжайлау, Сандықтас. 1871 жылы атамекенінде қайтыс болған.
Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын боған.
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені, ол өзінің толғау-жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманынының шындығын бірқыдыру бере білді.
Жеке кісілерге арнаған «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға» т.б. өлеңдерінде ақын сол кездегі тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп, кейде өткір сатира дәрежесіне дейін көтере білді.
Дулаттың өлеңдері ауызша тараумен қатар, 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиет нама» деген атпен кітап болып шыкты. Бұнда ақынның замана туралы толғаулары енгізілген. Ақынның шығармаларын ел аузынан жазып алып, бізге жеткізген халық ақыны - Шәкір Әбенов.
Ол - Патшалық Ресейдің казақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу, халықтың дербестігін біржола жойып, тәуелділікке айналдыру әрекетіне қарсы

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Дулат БАБАТАЙҰЛЫ

Халқымыздың маңдайына біткен санаулы ұлы ақындарының бірі - Дулат
Бабатайұлы, бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданының Қызылжолда деген
атамекенінде 1802 жылы туған. Жаздық мекені Ақжайлау, Сандықтас. 1871 жылы
атамекенінде қайтыс болған.
Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат
ескіше оқыған, сауатты ақын боған.
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар.
Өйткені, ол өзінің толғау-жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп,
өз заманынының шындығын бірқыдыру бере білді.
Жеке кісілерге арнаған Кеңесбайға, Бараққа, Ел аралаған ишанға
т.б. өлеңдерінде ақын сол кездегі тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп,
кейде өткір сатира дәрежесіне дейін көтере білді.
Дулаттың өлеңдері ауызша тараумен қатар, 1880 жылы Қазан қаласында
Өсиет нама деген атпен кітап болып шыкты. Бұнда ақынның замана туралы
толғаулары енгізілген. Ақынның шығармаларын ел аузынан жазып алып, бізге
жеткізген халық ақыны - Шәкір Әбенов.
Ол - Патшалық Ресейдің казақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған
зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы
адамдарының бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу,
халықтың дербестігін біржола жойып, тәуелділікке айналдыру әрекетіне қарсы
шыққан, халықты күреске шақырған күрескер ақын.
Ақын өз заманындағы осы патшаның отарлау саясатынан зардап шеккен
халқының қайғысын тереңнен сезініп, мұңын жырымен жазып, ел қамын ойлап,
кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде маңызды толғаулар айтады:
Сырымды менің сұрасаң,
Тұманның суық суындай
Кеудеме қайғы толған соң
Тұнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей,
Жырын тыңда Дулаттың,- деп толғанады.
Дулат шығармашылығында елеулі орын алатын батырлар жыры үлгісіндегі,
Отанды қорғауға арналған патриоттық мәні бар Еспенбет атты толғау. Бұл
шығармашылығында жетім бала, жас батырдың қалмақтармен соғыста көрсеткен
ерлігін сөз қылады. Дастанның бір ерекшелігі, тек батырдың жеке түлғасы
ғана емес, сонымен бірге халық бейнесі қоса суреттеліп отырады. Ақын
жорыққа атанған қалың топты табиғаттың жойқын күшіне балап, ерекше
шабытпен, әсерлі жырлайды:

Жөңкерілген қалың қол,
Жүйткіген желге ұқсайды.
Көрінісі кей кезде,
Толқыған гүлге ұқсайды.
Мұнар түнеп бұлт көшкен,
Асқар белге ұқсайды,
Кенетінен ду етсе,
Тас қопарып, тау бұзған,
Аққан селге ұқсайды.
Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын. Оның мысал
ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл айту ретінде келіп
отырады. Атап айтқанда, Бір патшаның бір кезде, Шымшық пен бөдене,
Сары шымшық, Қара қарға жем тілеп деген өлеңдерінде орынсыз
мақтаншақтықты, тойымсыздықты әшкерелеп, кішіпейілділікті, адамгершілікті,
бірлікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зар заман өкілдері мен шығармашылығы
Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы Еспенбет поэмасының халықтық сипаты
Дулат Бабатайұлы шығармалары
Дулат Бабатай-ұлы
Д.Бабатайұлының өмірі
Дәстүрлі ақындық поэзия
Дулаттың шығармашылығындағы өзгешелікті поэтикалық шеберлік тұрғысынан талдау
Бұқар жырау мен Дулат Бабатайұлының тәлім тәрбиелік идеялары
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ ТІЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Заман ақыр белгісі
Пәндер