Атмосфераны қорғау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Биоалуан-түрлілік
2.2 Қоршаған ортаны ластаушы көздермен күрес жолдары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні - табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Экологиялық мәселелерді алдын алу үшін адам ретсіз дамудан, тиімді реттелген табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Тұрақты даму дегеніміз -қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, келесі ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтындай даму. БҰҰ анықтамасы бойынша тұрақты даму дегеніміз-экономиканың дамуы барсында қазіргі қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету процесі. Тұрақты даму - экономиканың даму қарқындылығы деген сөз емес, ол табиғат ресурстарды бұрынғыша шексіз өндіріп, шексіз пайдалана бермей, біздің қоршаған табиғи ортаға ұқыппен қарап, байлықтарын ысырапсыз, халықтардың әл-ауқат деңгейін жоғарылату бағытында жаңа технологияларды қолдану арқылы дамуы деген сөз.

Негізгі бөлім

1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы Тұрақты даму концепциясын және ХХІ ғасырдың күн тәртібіне атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген. Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр.1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы Біздің жалпы болашағымыз атты есебінде қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге аяқ басуға шақырды. Алғаш рет тұрақты даму концепциясы ұсынылды. Тұрақты дамудегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық (БҰҰ материалынан). 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы Тұрақты даму концепциясын және ХХІ ғасырдың күн тәртібіне атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған.

2.1 Биоалуан-түрлілік

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталға. Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет. БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады. Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция
- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.
Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:
- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
- суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
- жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.
Кедейлікпен күрес
Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.
Тұтынудың құрылымын өзгерту
Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі - қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.-----

Халық және тұрақтылық
1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.
Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту
Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:
Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация)
2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.
Атмосфераны қорғау
Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі - энергияны тұтыну мен өндіру.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану
Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.
Ормандарды жоюмен күрес
Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.
Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес
Шөлдену - бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
Сулы ресурстарды қорғау
Атмосфера құрлымы және құрамы
Атмосфераны ластағыштардың құрамы
Газ турбиналық қондырғының зиянды шығысы
Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары
Атмосфераның ластану жолдары
Қоршаған ортаны қорғау жайлы ақпарат
Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы
МЕЙРАМХАНАНЫҢ НЕГІЗГІ ФИРМАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Пәндер