Шеміршекті балықтар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Шеміршекті балықтар класына сипаттама
2.2 Шеміршекті балықтар класының негізгі өкілдері
3. Қорытынды

1.Кіріспе
Шеміршекті балықтар
Бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сүйектілердің көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйекті балықтар көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген.

Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балыктардың мына белгілері сақталған: рострумының, болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетероцеркальды, жұп қанаттары горизонтальды орналасқан, ішегінде қатпарлы қақпақшалары және жүрегінің, артериялды конусы болады: Сонымен қатар кейбір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезек қақпақшаларының болуы, желбезек аралық перделерінің жойылуы, торсылдақтарының болуы, уылдырықтың ұсақ қа тты қабығы болмауы және ұрықтанудың сыртта болуы т. б.
ШЕМІРШЕКТІ-СҮЙЕКТІ БАЛЫҚТАРДЫҢ СИСТЕМАТИКАСЫ МЕН ЭКОЛОГИЯСЫ
Қазір тіршілік ететін шеміршекті сүйекті балықтардың бекіре тәрізділер деп аталатын бір ғана отряды бар. Соның екі тұқымдасына тоқтап кетейік.
Бекірелер тұқымдасының (Асірепsегісіае) рострумы үшкір, аузы кішкене, ересектерінің тісі болмайды.
Орыс бекіресі (Аsірепsег guldепstаdti) -- Қара теңізбен Каспий теңіздеріне тараған. Біздің солтүстік өзендерде және мұзды мұхиттың өзен сағасында -- сибирь бекіресі (А. Ьаегі) кездеседі, амур бекіресі (А. sсһгепki) Амур өзенінде тіршілік етеді. Қызыл балық (А. stеlіаtиs) -- Азов теңізінде, Қара теңізде және Каспий теңізінде тіршілік етеді.
Бекірелерге ұқсас стерлядь (А. гиtһепиs) деген балық, Каспийдің, Қара теңіздің және Солтүстік мұзды мұхиттың өзендеріне тараған.
Бекірелердің ерекше бір туысы-қортпа (Ниsо һиsо) балықтың екі түрі бар. Онын, біреуі -- европалық қортпа Каспий теңізінде, Қара теңізде, Адриатика теңізінде мекендейді. Ұзындығы 9 м, салмағы 1400 кг-ға дейін жетеді. Екінші бір түрін калуга (Н. dаигісиs) немесе Қиыр Шығыс белугасы деп атайды. Ұзындығы 4 метрдей, салмағы бір тоннадан асатын, 100 жылдан аса тіршілік ететін балық. Бұлар Амур өзенін мекендейді.
Сырдария мен Амударияны ғана мекендейтін жалған қалақша тұмсықтылар (Рsеиdозсарһігһупсһиs) деген ерекше түрі кездеседі. Олардың тұмсықтары жалпақ, ұзын болады. Ұсақ, салмағы бір килограмдай болатын, кәсіптік маңызы жоқ организм-
Экологиясы. Шеміршекті сүйектілердің бірқатары тұщы суда тіршілік етеді де, кейбір түрлері өткінші балықтар болып саналады. Стерлядь пен америкалық көл бекірелері көп миграция жасамай өздерінің барлық өмірін тұщы суда өткізеді. Қортпа, орыс, сибирьлік бекірелер және қызыл балықтар теңіз жағалауына жақын жерлерінде тіршілік етеді де уылдырық шашу үшін өзендерге шығады. Мысалы, қортпа балық Еділ өзені мен жүзіп отырып, Куйбышев қаласының тұсына дейін -келеді, ал Жайық өзені мен жүзетіндері Чкалов қаласының тұсына дейін жүзіп жетеді. Сол сияқты түкті бекіре деген түрі Арал теңізінде семіріп, ал көбейер кезінде тұқым шашу үшін Амурдария мен Ходжейлі қаласының тұсына, Сырдария мен чиназдың тұсына дейін жоғары көтеріледі. Стерлядьтердің жыныс бездері 4 -- 5 жасында, орыс бекірелерінікі 8 -- 15 жасында жетіледі. Уылдырықтарьның мөлшері сүйекті балықтармен салыстырғанда әлде қайда аз болады. Мысалы, стерлядьтер 10 -- 70 мың уылдырық, сибирь бекіресі 50 -- 500 мың, орыс бекіресі 70 -- 400 мың, калуға 500 -- 4 500 мың уылдырық шашады.
Көпшілігі жануарлар тектес азықпен қоректенеді. Қортпа балық-жыртқыш, олар басқа балықтарды, кейде жас тюленьдермен де қоректенеді. Бекірелер моллюскалармен, стерлядьтер насекомдармен қоректенеді.
Бекіре тұқымдас балықтардың кәсіптік маңызы өте зор. Каспий теңізі мен Қара теңізде ауланадыТақтажелбезектілер класс тармағы (Elfsmobranchii). Өкілі - акулалар (Selashoidei) және скаттар (Batoidei) .
Шеміршекті балықтар. Осы заманда тіршілік ететін балықтардың ішіндегі қанқасы шеміршектен тұратын қарапайым құрылысты шеміршекті балықтар. Желбезек тесіктері өзара перделермен бөлініп, денесінің сыртына ашылады. Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес, плакоиды болады. Жүзү торсылдақтары болмайды.
Қазіргі уақытта тақтажелбезектілерге жататын азғана топ жыртқыш шеміршекті балықтар тіршілік етуде. Олар теңіздерде таралған. Тақтажібектілерге акула мен скаттар жатады. Ғылымға акуланың шамамен 350 түрі, скаттардың 340 түрі белгілі.
Дене пішіні. Тіршілік ету тәсіліне қарай олардың денесі ұзынша ұршық тәрізді (акулада) және жалпақ сүйірленіп барып бітеді(скатда).Шеміршекті балықтардың дене мөлшері 2 м-ден ---15-20 м дейін (китовая акула) болады,ал кейбіреулерінің салмағы 1,5 тоннаға дейін жетеді.Ал скаттардың ұзындығы 6-7 м-ге дейін болады.
Қозғалу мүшелері. Балықтардың көбі денесін қимылдату арқылы және жүзу қанаттарының жәрдемімен қозғалады.Шеміршекті балықтардың көкірегі мен құрсағында горизонталь орналасқан қос қанаттары болады.Еркектерінің құрсағындағы қос қанатының ішкі жағынан саусақ тәрізді өсінділер пайда болады,олар шағылысу қызметін атқарады.Құйрық қанатының жапырақшалары біркелкі болмай,үстіңгі жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы одан кіші болып келеді, сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық қанаты деп атайды.
Тері жабындысы.Эпидермистен түзілген тері және дермадан тұрад

1. Негізгі бөлім
Қаңқасы.Шеміршекті балықтард ың қаңқасы өмір бойы шеміршекті болады.Қаңқасы омыртқа жотасынан және құйрық омыртқалары деп екіге бөледі.Омыртқаларға бекінген қабырғалары дене қуысын,үстіңгі және бүйір жағынан қоршап тұрады.Бас сүйегі ми сауытынан,сезім мүшелерінен тұрады. Басының тұмсық жағында - рострум деп аталатын өсінді болады. Сондықтан ауыз, басының астынғы жағында көлденең саңылау түрінде орналасқан. Қанаттары бір жақ ұшымен белдеу бөліміне бекісе, екінші ұшы денесінің сыртында болады. Балықтардын құйрық және дене бұлшық еттері метемерлі құрылыты болып келеді. Олар миосепта арқылы бірнеше ссегменттерге (бөлшектерге) бөінеді. Басында, жүзу қанаттарында, белдеулерінде басқа бұлшық еттер орналасқан.
Нерв жүйесі. Балықтардың орталық нерв жүйесі ми мен жұлыннан құралады. Олардың миы басқа басқа омыртқалыларға қарағанда, кемірек жетілген. Ол алдыңғы, ортаңғы, аралық, мишық және сопақша мидан тұрады. Бас миының барлық бөлімдері үлкейген, олардың құрылысы үлкейген және химиялық тітіркендіргішті қабылдайды. Шеміршекті балықтардың тез қимылдауларына, жүзуіне байланысты тепе - теңдік жағдайын сақтау мақсатында олардың көлемі үлкейген. Сонымен бірге жұлынның да құрылыс күрделенген.
Сезім мүшелері. Суда тіршілік етуіне байланыстытүрлі тітіркендіргішті қабылдауға бейімделген. Көздері сыртқы жалпақ мөлдір қабықпен көз алмасынан тұрады, қабағы болмайды. Алыстан көруі нашар шеміршекті балықтар заттың түсін айыра алмайды.Есту мүшесі ішкі құлақтан ғана тұрады.Оның үш жарты шеңберлі каналдары болады.Иіс сезу мүшесінің қызметін жұп иіс сезу шұңқырлары атқарады. Бүйір сызығы айқын байқалады. Бүйір сызықтар балыққа жүзген кезде,оның жолында кездесетін заттардың пайда болатын судың болмашы тербелісін қабылдауға мүмкіндік береді. Осы бүйір сызықтарының арқасында балық су ағысының бағытын сезеді,жолында кездескен кедергілерді көрмей-ақ айналып өтеді.
Қан айналу жүйесі. Балықтардың барлығында да қан айналу жүйесі ланцетниктердікіне ұқсас. Барлық балықтарда,бір қан айналым шеңбері болады. Сондықтан жүрек арқылы тек вена қандары ғана өтеді. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камерадан: жүрекше мен қарыншадан тұрады. Жүрекшеге вена қаны құйылатын веноздық қуыс жалғасады. Қарыншаға артериялдық конус жалғасады.Артерия қаны жүрекке соқпай,денеге тікелей желбезектен тараралады. Қан қантамырларымен өте жай қозғалады және оттегіне онша бай болмайды. Тотығу процесі тым нашар өтеді. Сондықтан да балықтың денесінің температурасы жоғары болмайды., өзін қоршаған ортаның температурасынан сәл ғана артып түседі. Суық суда балық денесінің температурасы төмендейді,ал жылы суда-көтеріледі. Балықтарда қан жасайтын мүше көкбауыр бар. Көкбауырда және сол сияқты бауыр ұлпаларында эритроциттер,лейкоциттер және тромбоциттер жасалады.
Тыныс алу жүйесі. Шеміршекті балықтар акула мен скаттарда,т.б желбезек перделерімен бөлінііп,екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Шеміршекті балықтарда желбезек қақпақтары жоқ. Желбезек перделерінің алдынғы және орналасқан, ондағы өте көп қан тамырлары орналасқан. Газ алмасуы тездетеді. Скаттарда желбезек тесіктері бауыр жағында орналасқан. Желбезектерге су тек бүріккіштер арқылы ғана кіреді. Оларда газ алмасу көбіне тері арқылы да болады. Акулаларда жоғарыда айтылған 5-7 желбезек тесіктерінен басқа,көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады. Оларды бүріккіштер деп атайды.
Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару қызметін мезонефрос деп аталатын алғашқы бүйрек атқарады. Бүйректерден шыққан зәр заты қос волъфров каналшалары арқылы клоакаға келіп құйылады.
Асқорыту жүйесі. Шеміршекті балықтардың ауыз қуысын қоршап тұратын жақтарында ірі тістері болады. Сондықтан шеміршекті балықтардың көпшілігі жыртқыштар. Олардың ішектері, сүйектері балықтармен салыстырғанда қысқа болады.
Көбеюі.Балық дара жынысты, бірақ сирек болса да қос жыныстыларда (гермафродиттер) кездеседі ( теңіз алабұғасы). Шеміршекті балықтарда акулаларда, скаттарда бекірелерде аналық жыныс бездері жұп болады. Олар бауыр жағындағы қысына түседі, содан кейін одан уылдырық түтіктерінің шұңқырына түседі. Демек, жұмыртқа клеткалары уылдырық түтіктерімен тікелей жалғаспайды. Уылдырық түтіктері бірден клокаға ашылады. Ұрықтану іште өтеді. Акула мен скаттарда ұрықтану ұрғашы балықтардың жыныс жолдарында болады. Спермалар (шаует) ұрғашы балықтың жыныс мүшесіне еркек балықтың ерекше жаратылған қосалқы (копулятивный аппарат) мүшесі арқылы енгізіледі.
Дамуы. Шеміршекті балықтарда даму әртүрлі жолдармен өтеді. Көпшілігінде сары уызы көп жұмыртқа клеткалары ұрықтанғаннан кейін уылдырық түтіктеріне түсіп қатты қабыршақтар пайда болып, сыртқа шығады. Сол жерде ұрық ересек күйге жеткенше жатып дамиды. Екінші бір түрлерінде сары уызға өте бай болады да, сыртына қатты қабық түзелмей уылдырық түтіктерінің арт жағында дамиды. Дамудың мұндай әдісін жұмыртқадан тірі туу немесе тірі жұмыртқа туушылық (яице живорождением) деп атайды. Кейбір түрлерінде нағыз тірі туу байқалады. Олардың жұмыртқаларында қоректік заттар өте аз болып, ұрықтанғаннан кейін уылдврық түтіктерімен жылжып отырып, оның кеңейген жеріне бекіп даму үшін қажетті заттардың бәрін содан алады. Тірі туатын түрлерінің жұмыртқасының сыртында қатты қабығы болмайды. Жұмыртқалары ұрғашысының ұрық жолында дамығанда, ұрықты анасының денесімен тығыз байланыстыратын сары уыз плаценттері (желточный мешок) болады.
Дене пішіні. Сүйекті балықтардың көпшілігінің дене пішіні тез, жылдам жүзуге бейімделген акулалардың денесіне ұқсас, ал баяу жүзетін балықтар (тұқы тәрізділер) немесе судың түбінде баяу қозғалатын (мысылы камбала) түрлері жалпақ скаттарға ұқсас болып келеді.
Қозғалу мүшелері. Сүйекті балықтарда шеміршекті балықтардікіндей тақ (арқа, аналь, құйрық) және жұп (кеуде, құрсақ) жүзу қанаттары болады. Дара қанаттары арқасындағы екі қанаттан, құйрық және аналь тесігінің тұсындағы қанаттардан тұрады. Барлық қанаттарының да сүйекті қауысындары болады. Сүйекті балықтарлһдың құйрық қанаттары кең, ашалы болып келеді. Осындай құрылысты құйрықты гомоцеркальды деп атайды.
Тері жабындысы. Сүйекті балықтарда денесін жұқа пластинка тәрізді көптеген сүйекті қабыршақтар жауып жатады. Жұқа пластинканың бір шеті терісіне бекініп, екінші шеті шығып жатады.
Қаңқасы. Сүйекті балықтардың қаңқасының бірте-бірте сүйектенуі балықтардың эволюциясында бейімделу қабілетін арттырды. Қаңқаның сүйектенуі тірек қимылының күшті болуына, еттердің бекуіне себебін тигізсе, нерв жүйесі мен ішкі мүшелерді сақтауды арттырды. Сүйек қаңқасы балықтардың салмағын арттырды, олардың жүзуін баяулатады. Сондықтан олардың жүзуін жеңілдету үшін ішектің алдыңғы бөлімінен торсылдақ дамыған. Торсылдақтың іші азот, оттегі және көмірқышқыл газына толтырылған. Осы аралас газдардың арқасында балықтардың салмағы белгілі дәрежеде азаяды. Торсылдақтар тек балықтың салмағын ғана азайтып қоймайды, гидростатикалық қызметте атқарады, демек балықтардың судың терең қабаты мен жоғарғы қабатына көтерілуге мүмкіндік береді.
Балықтардың еттері әртүрлі қимылдарына, оған жұмсалатын күш-қуатына қарай жеке жіктерге бөлінген. Ең жақсы дамыған күшті еттері дененің ұзына бойы омыртқа жотасына біткен. Сайып келгенде, балықтардың қаңқасы мен еттері біркелкі қайталанып отыратын метамерлі құрылысты болады.
Нерв жүйесі. Миы шеміршекті балықтардың миына қарағанда қарапайым болады. Мысалы сүйекті балықтардың миының көлемі кішірек. Олардың алдыңғы миы кішірек және шеміршекті - сүйекті, сүйекті балықтардың көпшілігінде ол үстіңгі жағынан нерв заттары жоқ эпителиимен қапталған сүйекті балықтарда ортаңғы ми мен мишық басқа балықтарға қарағанда көлемді болады.
Сезім мүшелері. Көптеген түрлерінің иіс сезу, сезім, есту, көру мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдақ болады, ол дене тепе - теңдігін сақтау қызметін атқарады.
Қан айналу жүйесі. Бұлардың да қан айналу жүйесі ланцетниктердікіне ұқсас. Жүрегі екі камералы, қан айналу шеңбері біреу. Алабұғада үш камерадан тұрады: вена қолтығы, жүрекше және қарынша. Алабұғаның акуладан айырмашылығы, алабұғада артерия конусы болмайды. Оның орнында қолқа түйіні болады.
Тыныс алу жуйесі. Балықтарға тән ерекшеліктер-олардың желбезекпен тыныс алуы. Желбезектер бастың екі жағында болады. Аузын ашып-жауып , желбезек қақпақшаларын бір көтеріп, бір төмен түсіріп балықтар ауыз қуысына, жұтқыншаққа, бұлардың желбезек жапырақшаларына құйылатын су ағысына тудырып, оны желбезек тесіктер арқылы сыртқа шығарады. Нәтижесінде желбезек жапырақшалары сумен үнемі жуылып, суда еріген оттегі сіңіріледі.
Сүйекті балықтарда төрт жұп жетілген желбезектері болады. Сүйекті балықтардың желбезек аралық перделері болмайды, желбезек талшықтары шеңберлеріне ғана бекиді. Желбезек қуысын сыртқы жағынан желбезек қақпағы жауып тұрады. Олар желбезек қақпақшаларын қозғалту арқылы тыныс алады. Балықтарлың тыныс алуы суда ауыз арқылы жұту салдарынан емес, желбезек қақпақтарының қимылы арқылы орындалады. Кейбір балықтар тыныс алу үшін ауадағы оттегін пайдаланады. Мысалы, судың түбінде тіршілік ететін шыра балықтар үнемі судың бетіне көтеріліп басын судан шығарып ауа жұтып отырады.Содан кейін ол ауаны қабырғасында қан тамырлары көп капиллярлары бар ішек арқылы жібереді. Тропикалық су жиі кеуіп қалатын жерлерде тіршілік ететін қостынысты балықтарда (протепторус, лепидосирен) желбезектерімен қоса қапшық тәрізді өкпелері де болады. Су кеуіп қалғанда қостынысты далықтар батпаққа кіріп алып,анабиотикалық күйде жатып ауамен тыныс алады.
Зәр шығару жүйесі. Денедегі зиянды заттар зәр шығару жүйе арқылы сыртқа шығарылады. Омыртқа жотасының астында лента тәрізді қызғылт қоңыр түсті созылып жатқан екі бүйрегі бар. Бүйректер арқылы қаннан бөлініп шыққан несеп зәр түтіктері арқылы қуыққа жиналып, одан несеп қуық тесігі арқылы сыртқа шығады.
Ас қорыту жүйесі. Балықтардың ас қорыту жүйесі үш бөлімнен тұрады алдыңғы, оған ауыз қуысы мен жұтқыншақ, ал жұтқыншақ қысқа өңешке келіп жалғасады; ортаңғы, оған өңеш созылмалы қарынға жалғасады, одан нағыз ішек басталады, ішектің алдыңғы бөлімі иіріліп барып шумақ шығарады. Ішектің басталған жерінде тұйық, кейде пилорикалық өсінділер пайда болады. Сонымен бірге бұл бөлімге ас қорыту бездері- бауыр, бауырында өті болады және ұйқы безі жатады; артқы, оған денесінің арт жағына қарай созылып барып дербес тесік болып сыртқа ашылатын артқы ішек жатады.
Сүйекті балықтардың ас қорыту жүйесінің кейбір ерекшеліктері бар. Ішектің ас қорыту бетін ұлғайтатын спирал тәрізді қақпақшалары болмайды. Сүйекті балықтарда ішектің бетін ұлғайтатын пилорикалық тұйық өсінділер пайда болады. Клоакасы болмайды, қорытылмаған нәжістер аналь тесігі арқылы сыртқа шығады. Жыртқыш балықтардың тістері өткір, ауыздары кең ашылады, қарындары үлкен болып келеді. Ал өсімдіктермен қоректенетін балықтарда , әсіресе ұсақ омыртқасыздармен және органикалық қалдық заттармен қоректенетіндерінде тістері мардымсыз немесе жоқ, қарын да жеке бөлініп корінбейді немесе болмайды.
Балықтардың аузы түрліше болады:ұстайтын жемдері ұстау үшін оладың жақтары өтлір тістермен қаруланғанжыртқыш балықтар);соратын,тамақты сору үшін түтік тәрізді әдіспен сору(табан балық және басқалар);уатушы, өткір емес үлкен тістерімен қатты тамақты ұстау тәсілі(зубатка,т.б).Ауыздын орналасуына қарай;төменгі ауыз,бастын төменгі жағында орналасқан(ондай ауыз өзінің азығын судың түбінде ұстайтын балықтарға тән сипат);бастың алдындағы ауыз(судың үстінгі қабатында азықтаарын ұстайтын ьалықтарға тән).Ас қорту ферметтері бауыр және бауырында өті болады.өт-өтжолы арқылы ішектің баулық тәрізді алдынғы бөліміне ашылады ұйқы безі айқын байқалмайұсақ тйір түрінде шашырап жатады,бірақ шеміршекті балықтардікінен әлдеқайда жақсы дамыған.Өзінің шығуы жағынан ас қорыту мүшелерімен жүзу торсылдағы да байланысты.Жүзу торсылдағы құрсақ қуысының арқа жақ бөлімінде орналасады.Оның іші көмір қышқыл газына,оттегіне және азотқа толған қапшық.Пішіні түрлі балықтарда түрліше толсылдақ негізінде гидростикалық аппарат болып есептеледі.Ол кеңейген кезде балықтың меншікті салмағы азаяды қысылған кездк меншікті салмағы артады.Нәтижесінде,торсылдақ балыққа ерекше күш жұмсамай судың бетіне көтерілуге,төмен түсуге,әртүрлі тереңдікте жүруіне мүмкіндік береді.Кейбір балықтарда жіңішке ауа түтігі сияқты өмір бойы өңешке жалғасып тұрады.Мысалы,шортанда,тұқы және мөңке балықтарда,торта балықтарда ұшырасады,ал кейбіреулерінде ауа түтігі тек ұрық кезінде ғана болады алабұға(окунь),көк серке(судак),таутан(ерш),т.б.Торсвл дақ қан құрамындағының ішіндегі газ қысымының артып немесе кеміп отыруы торсылдақтыңқабырғаларындағы ұсақ қан тамырларының болуына байланысты.Осы ұсаққан тамырлары арқылы қандағы артық газдар бөлініп шығады немесе қанда жетіспесе қанға сіңірілежі.Осындай құбылыстың нәтижесінде балық торсылдақтарының көлемі бірде ұлғайып,бірде кішірейіп отырады.Шеміршекті балықтарда жүзу торсылдағы болмайдыСейекті балықтардың торсылдағының судың түбіне тереңірек сүңгуге немесе судың үстіңгі қабатына көтерілуде маңызы зор.
Көбеюі.Сүйекті балықтарда қос аталық және аналық жыныс бездері Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді. 1-тақта желбезектілер және 2-бүтін бастылар, немесе химерліктер. Тақта желбезектілер акулалар және скаттар деп екі отрядқа бөлінеді.
Скаттар-жай қозғалатын, су тубіне тіршілік етуге бейімделген балықтар.Денесі құрсағына қарай қысылып бітеді. Қанаттары өте жалпақ болып келеді. Скаттар су тубінде омыртқасыздармен, ұсақ балықтармен қоректенеді. Бауырында Д-витамині болады.
Химерліктер су тубіне бейімделген балықтар. Денесі ұзын ұршық тәрізді. Терісі қабыршақсыз. Скелеттері хордадан тұрады. Ұрықтану іште болады. Екі жұмыртқадан салады. Кәзіргі химерліктер үш тұқымдасқа бөлінеді. Шеміршекті балықтар ашық мұхиттарда мекен ететін болғандықтан жыртқыш балықтар қатарына жатады. Ақ акула, көк акула, китті акула, мако акуласы, коралл акуласы деген тұрлері бар. Скелеті 100 шеміршектен тұрады. Шеміршектер сұйектен жеңіл, балықтың жеңіл қозғалуына мумкіндік береді. Шеміршекті балықтарда 7- сезім мұшесі жақсы дамыған. Бұл ғажайып жануарлар мұхиттағы гидробионтардың бірі болып саналады. Сондықтан оларды тірі табиғаттың бірі деп санауға боладыСкаттар (лат. Batomorpha не Batoіdeі ), тұтасқанаттылар -- тақтажелбезектілер отрядының үстіңгі тобына жататын балықтар. Жоғары юра кезеңінен белгілі, жоғары бор дәуірінде көп тараған. Негізінен мұхиттарда (тереңд. 2700 м-ге дейінгі жерлерде), тропиктік аймақтардағы өзендерде кездеседі. Скаттардың 5 отряды, 16 тұқымдасы, 50

туысы және 350-дей түрі бар. Денесі тығыз, жалпақ, дискне ромб тәрізді, ұзындығы 30 см-ден 7 м-ге, салмағы ірілерінде 2,5 т-ға дейін жетеді. Терісі тықыр, кейде бұдырлы. 5 жұп желбезек саңылаулары бауыр жағында орналасқан. Жалпақ басы кеуде жүзу қанаттарымен бірігіп кеткен. Арқа жүзбеқанаттары құйрық жағында, көпшілігінде ол жоқ. Аналь, көпшілік түрінде құйрық жүзбеқанаттары болмайды, ал кеуде жүзбеқанаттары өте үлкен болады.

Жүзбе қанатынан дайындалған бағалы тағам
Скаттар -- әдетте тірілей не жұмыртқалап туатын балықтар, ромб скаттәрізділер жұмыртқа салады. Скаттардың көпшілігі -- бентофагтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шеміршекті балықтардың шығу тегі мен эволюциясы
Балықтар
Қазақстандағы балық шаруашылығы
Тұқы балықтары
Омыртқалы жануарлар жайлы
Балықтар (pisces) класы мен шаруашылықтағы маңызы, зияны, адам денсаулығына пайдасы
Балықтар - омыртқалы жануарлар
БАЛЫҚТАР КЛАС ҮСТIНIҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Балықтың ауыл шаруашылығындағы орны
Омыртқалылар тип тармағы
Пәндер