Гормондардың кальций алмасуындағы рөлі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық аграрлық университеті
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Технология және биоресурстар факультеті
кафедра

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Кальций мен фосфордың алмасуындағы гормондардың рөлі

Орындаған:Шынықұл М
Тексерген: Тасмағамбет А.

Алматы 2018жыл
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Гормондардың кальций алмасуындағы рөлі
2.2. Гормондардың фосфор алмасуындағы рөлі
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Сүтқоректі жануарларда қалқанша маңындағы безі жұптасқан екеу болады. Олар қалқанша бездің үстіңгі жағына таман орналасқан.
Қалқаншамаңы безі (glandula parathyroideae, лат. glandula - без; гр. рага - маңы, қасы; thyreos -- қалқан) -- қалқанша безімаңында немесе оның ішінде орналасқан кішкене денешік тәрізді ішкі секреция безі. 1926 жылы Коллип қалқанша серік бездерінің сығындысынан қан құрамындағы кальций деңгейін жоғарылататын зат бөліп, оны паратгормон деп атаған. Ол сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Без паренхимасында жасушалар тізбектеліп немесе топталып орналасып, безді жасушалар бағандарын құрайды. Олардың аралықтарында қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасының жұқа қабаттары болады. Қалқаншамаңы безі жасушаларын паратироциттер деп атайды. Олар негізгі (базофилді) және ацидофилды (оксифилді) паратироциттер болып екі топқа бөлінеді. Негізгі паратироциттер қандағы кальцийдің деңгейін жоғарылататын паратирин гормонын бөліп шығарады. Ацидофильді жасушалар -- қызметін тоқтатқан, ескіру кезеңіндегі паратироциттер.
Құрылысы: Бездердің екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына, екеуі төменгі жағына жабысып, оған жанаса орналасқан. Қалқанша безге жақын жабыса орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше. Бездердің үлкендігі асбұршақтай, салмағы 20-50 мг. Ересек адамда әр бездің ұзындығы 6-8 мм, ені 3-4 мм, калыңдығы 1-2 мм. Салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 46-50 дейін өседі.
Химиялық табиғаты. Қалқанша маңындағы бездерде екі пептидтік гормон- паратгормон және кальцитонин түзіледі. Бұл екі гормон да бірқатар жануарлардың және адамның қалқанша маңындағы бездерінен таза күйінде бөлініп алынған. Олардың бірінші реттік құрылымы анықталған. Паратгормон дегеніміз- полипептид.
Зат алмасуға әсері.
1. Екі гормон да Са2+ мен фосфор алмасуына әсер етеді. Олар қандағы, ткань сұйығындағы және сүйек тканіндегі кальций мен фосфор мөлшерін реттейді.;
2. Бездерден бөлінетін гормондар қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді;
3. Құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді;
4. Денеден кальций мен фосфордың зәр мен нәжіс аркылы шығарылуын қамтамасыз етеді.

Негізгі бөлім
1962 жылы Копп без сығындысынан екінші гормон - кальцитонинді бөлген. Паратгормон молекулалық массасы 9500-ге тең, үш фракциясы бар полипептид. Сүйекте кальцийдің жиналуын реттейді, кальцийдің белоктармен, фосфаттармен қосылыстар түзуін шапшандатады, кальций мен фосфордың сүйектен шайылуын жеңілдетеді, қан құрамындағы кальций мөлшерін жоғарылатады. Сонымен қатар, паратгормон бүйректе кальцийдің кері сорылуын, ішек энтероциттерінің кальцийді тасымалдауын жеңілдетеді.

Кальцитонин табиғаты жағынан жалғыз тізбекті полипептидке жатады. Қан құрамындағы кальций деңгейін төмендетеді. Ол остеоциттерден қанға кальцийдің шайылуын бәсендетеді, демек оның әсері паратгормонға қарсы бағытталған. Қалқанша бездің қызметі күшейген (гиперфункция) кезде тиреоциттердің биіктігі артады, олардың ядроларының көлемі үлкейеді фолликулдер ішіндегі коллоид ертіндісі сұйықтанып, онда кері сору қуыстары (вакуолдері) жиі орналасады. Ал, без қызметі төмендеген жағдайда(гипофункция) тиреоциттер жалпақтанып, ядроларының көлемі кішірейеді. Қалқанша без фолликулдері фолликулдераралық аралшықтардан дамиды. Бұл интерфолликулярлық аралшықтар жасушаларының ішінде парафолликулярлық жасушаларды (К-жасушалар) кездестіруге болады. Аталған бұл жасушалар құрамында иод элементі жоқ тиреокальцитонин деген гормон түзеді. Бұл гормон организмдегі кальций алмасу процесіне қатысып, оның сүйектерде қорланып жиналуын қамтамасыз етеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-теқдігін өз-гертіп, денеде азот көбейеді, кальций, фосфат, натрий тұздарының сақталуына себепкер, бүйрек тканінің әсіп дамуын, қатаюын тез-детеді. Гормондардың күйзелуі біршама ақырын жүреді (2 -- 4 тәуліктен кейін). Артық гормондар бауырда ферменттік күйзеліске үшырай-ды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік жұмыстар
Клиникалық биохимия пәні
Липидтер алмасуының патологиясы. Гиперхолестеринемия. Атеросклероз биохимиясы. Өт-тас ауруы
“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер
Нәруыздардың алмасуы
Сүті белок
Балалардағы көмірсу алмасуының ерекшеліктері. Оның бұзылу семиотикасы
Химиялық құрамы
Тамыр тонусын реттеу
Ветеринарияда микроэлементтерді қолдану
Пәндер