Философия дүниеге көзқарастың бір түрі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
І. Қазақ пен неміс ойщылдарының философияға деген көзқарастары
1.1. Философия - қоғамдық сана
1.2. Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.
1.3. ХІХ ғасырдағы Неміс философиясы
ІІ. Мағжан Жұмабаев пен Мартин Хайдеггердің философиясы
2.1. Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы - Мағжан Жұмабаев
2.2. Батыс философиясының ең ықпалды философы - Мартин Хайдеггер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Философия -- адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үндістан, Қытай және Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, философия терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор. Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.
Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.
Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

І. Қазақ пен неміс ойшылдарының философияға деген көзқарастары
1.1. Философия - қоғамдық сана
Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі болып табылады.Біз мұны мойындасақ та, теріске шығарсақ та философиялық ой-толғаулар біздің күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолы ілесіп келеді. Философия б.з.д. VІ-V ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адазат әлемі туралы, ондағы өзінің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады. Философиялық рефлексияның пайда болуы күрделі үдеріс болып табылды адамзат ойының дамуы фантастикалық, илюзиялық көзқарас қалыптастан оның рационалдық-танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан өтті. Әлемнің рационалды түсіндірулеріне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрылымы туралы ерекше ілімдерді тудырған мысырлық, вавилондық, үнді және қытай ойшылдары болды. Мысалы, ертедегі вавилондық матеметиктер мен астрономдар әлемнің глеоцентристік картинасын қалыптастырып, алгебра, геометрияның негізін қаладығквадраттық және кубтық түбірден шығару тәсілдерін меңгерді. Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігін, оның өз өсінен айналу туралы ойларын айтты, матиматиктері он мәнді жүйесін, цифрларды белгілеуді ойлап тауып , тригонометрия негіздерін қалыптастырды. Философия- ғылым әлде өнер ме?Жоғарыда атап өткеніміздей, Дүниеге деген діни көзқарасқа қанағаттанбаушылық сонау көне заманның өзінде ақ пайда болып, аса ұлы тұлғалардың дүние мен адам қарым -қатынасы жөніндегі ақыл-ойға негізделген сұрақтар мен жауаптарының дүниеге келуіне себеп болды.Осы тұрғыдан алғанда,
Философия -- ақыл - оймен қаланған тарихи дәуір деген Гегельдің берген анықтамасында терең сыр жатса керек.Әрине, дін де философия сияқты сияқты шынайы ең биік рухани құндылықтардың, адамның өмір жолының адалдығын уағыздайды, бірақ олардың қайнар көзін о Дүниедентабады . Философияны алсақ, Көне Грециядағы алғашқы пайда болған Милет мектктебі өкілдерінің қойған: Дүниенің негізі не жатыр? -- деген сұрағынан бастап, ос күнгі ойшылдардың: Адамзаттың болашағы барма, ия болмаса ол өз-өз экологиялық апатқа, дүниежүзілік ядролық соғысға әкеліп өлтіреді ме? -- деген сұрағына дейін, бұлардың бәрі де ақыл - ой таразысына салынып, парсат шеңберінде талданады.

Философиялық ғылымының тарихы -- философияның тарихи типтерін зерттейтін философияның бөлімшесі. Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі - тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу. Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде - Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ.
Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді. Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл, әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай.

1.2. Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.
Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерт-теулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымы-ның қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең -- қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым.
Түркі тілді халықтардың философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлғалар -- Анахарсис, Қорқыт, әл Фараби, Ж.Баласағұн. М.Қашғари, Қ.Иасауи. Бұл кезенді түркі тілді халықтардың философиясының Алтын гасыры деуге болады. Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық еңбектерді дүниеге әкеліп, әлемдік философияның дамуына елеулі үлес қосты.
Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ХV-ХVШ ғасырлар аралығын қамтиды, үш бағытта дамыды: а) жыраулар философиясы; ә) билер философиясы; б) Зар заман философиясы.
ХІХ-ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы -- антропоцентристік және экзистенциалистік сипатқа ие.
ХХ-ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен саяси философия болды: Ә.Бокейханрв, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев.
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандық философия. ХХ-ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап, 90-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы кеңестік философия секілді коммунистік партияның идеологияпық қызметшсіне айналып, өзінің ұлттық ерекшеліктерінен айрылды. Бірақ негізінен марк- систік сипатта болғанымен, осы кезенде кәсіби философия қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік университетінде философиж факультеті ашылды. Кеңестер Одағы кеңістігінде танымал болған Қазанстандық философия негізінен таным теориясы, таным диалектикасы және диалектикалық логика мәселелерін зерттеумен айналысып, биік деңгейге көтерілді.
Тәуелсіздік кезеңінін философиясы -- соңғы он бес жылда қалып- тасты, қазақ халқының философиялық дүниетанымын терендеп зерттеумен айналысып, үлкен табыстарға жетті. Салыстырмалы түрде тарихи аз уақыттың ішінде қазақ халқының философиялык дүниетанымын жарқы- ратып көрсеткен тамаша зерттеулер дүниеге келді және бұл саладағы жұмыстар толассыз жалғасуда.
Қазақ философиясы өзінің бастауын көне түркі дүниесінен, оның көрнекті өкілдері әл Фараби, ЖүсіпБаласағұн, Қо.жа Ахмет Иасауиден алады.
Әбу Нәсір әл Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында өмір сүрген түркі тайпасында шамамен алғанда 870 жылы дүниеге келген. Әлі Фараби философиясының негізгі зерттеу объектілерінің бірі -- адам. Антика дәуірінің ойшылдары секілді әл Фараби де адам өмірінің мақсаты -- бақытқа жету деп түсінеді. Адам әуелі бақыттың не екенін түсініп, оныі өзінің мақсаты ретінде анықтап алған соң ғана оған жетудің жолдарыні танып-біле алады. Әл Фарабидің пікірінше, шын бақыттың не екенін түсінуге көмектесетін -- адамның ақыл-ойы. Ақыл адамға күш береді; ақыл-ойына көбірек жүгінген адам ғана жақсы мен жаманды айыра алады. Жігердің үш түрі бар, біріншісі -- түйсіктен, екіншісі -- елестетуден, үшіншісі -- ойлау қабілетінен туындайды деп көрсеткен әл Фараби соңғысын еркін тандау деп атайды және ол адамға ғана тән, басқа жануарларда ол жоқ дейді. Әл Фараби нағыз бақыт деп білімге, ізгілікке және әдемілікке ие болу деп түсінді. Оған жету үшін адамның бойында жігердің осы үш түрінің бәрі де болуы шарт. Бірақ адамдардың бәрі бірдей бақытқа бөлене бермейді, себебі олардың ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері әр түрлі. Бақыттың не екенін, оған қалай қол жеткізуді түсінбеген адам өзінің өмірлік мақсаты етіп мүлде басқа нәрсені таңдап алуы мүмкін. Бұл жағдайда адам абсолюттік ізгілік -- бақытқа емес, абсолюттік зұлымдыққа тап болатындығын ескерткен әл Фараби бақытқа бөленуге күші жетпеген адамдарды тәрбиелейтін ұстаз, басшы қажеттігін айтады.
Ұстаз, басшы болу, өзінің соңынан басқаларды ерту кез-келген адамның қолынан келе бермейді, ол үшін ерекше қасиеттер керек деген әл фараби өзінің Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат атты еңбегінде ұстазға тән қасиеттерді сипаттайды. Басшы адам, имам, ен әуелі өзін басқарып, тәрбиелейтін басқа басшыны қажет етпейді. Дененің басты мүшесі ретінде әуелі жүрек, сонан соң ғана дененің басқа мүшелері одан төмен орналасатыны секілді, басшы бәрінен жоғары, ол қала, ұйымының және оның мүшелерінің басты себебі. Қала тұрғындарының бойында жігерден туындайтын қасиеттерді тудыратын да осы басшы. Дене мүшелерінің біреуі бұзылғанда оны жүрек түзететіні сияқты, басшы қала ұйымының бұзылған мүшесін түзеп отырады. Әл Фараби басшы бола алатын адамға қажетті он екі қасиетті атайды: оның дене мүшелері кез-келген харекетті қиындықсыз орындай алатындай мінсіз, жан-жақты жетілген; оған айтылып отырған нәрсені түсінетіндей және онын іс жүзінде қандай болатындығын көз алдына елестете алатындай табиғи қасиеті бар; түсінген, көрген және қабылдаған нәрсесінен ешттеңені ұмыт қалдырмайтындай жақсы есте сақтай біледі; заттың кішкене ғана қасиетін байқау арқылы оның не нәрсені білдіріп тұрғанын тез түсінетіндей қырағы ақылға ие; ойлаған нәрсесін айқын жеткізе алатын шешен: оқуға және танып-білуге деген махаббаты бар және бұл істе шаршамайды, азаптанбайды; тамақ пен сусын ішуде, жыныстық қатынастарда шектен шықпайды, табиғатынан ойынды және одан туындайтын рахатты жек көреді; шындықты және ол үшін күресетіндерді сүйеді, өтіріқті және өтірік айтатындарды жек көреді; маңғаз жанға ие және арнамысты биік ұстайды: оның жаны табиғатынан төмен істерден жоғары тұрады және асқақ істерге ұмтылады; дирхем, динар және күнделікті өмірдің тағы басқа да атрибуттарын жек көреді; әділеттілік пен оны жақтаушыларды сүйеді және тирания мен оны тудырушыларды жек көреді; өз адамдарыңа және жат адамдарға әділ, әділеттілікке бағыттайды және әділетсіздік құрбандарының шығындарын өтейді, ол ізгі және әсем деп түсінетін нәрселерді барлық адамдарға береді; әділетті, бірақ бірбеткей емес, әділеттіліктің алдында мінез көрсетпейді, бірақ кез-келген әділетсіздік пен төмен істерге қатысты қайтпастай мығым; өзі қажетті деп есептейтін нәрсені жүзеге асыруда батыл және ержүрек, үрейлену мен қорқақтықтың не екенін білмейді. Әл Фараби осы қасиеттердің бәріне ие адамдар өте аз кездеседі ` дей келіп, олардың алтауы немесе бесеуі бойында бар және елестету қабілеті жағынан басқа адамдардан асып түсетін адам қала басшысы бола алады дейді.
Әл Фарабидің ойынша, айналандағы адамдар бақытсыз болса, жеке бақыт баянсыз: ...бір адам басқаның өмір сүруіне қажет нәрсенің бір бөлігін беру арқылы адамдардың бір-біріне көмектесуіне негізделген көптеген бірігудің нәтижесінде ғана адам табиғатынан маңдайына жазылған кемелденуге жетеді. Әл Фараби қайырымды қалаға қарсы қалаларды да сипаттайды: надан, азғын, адасқан, қажеттілік және тағы басқа қалалардың ортақ мақсаты жоқ, көздегендері бақытқа жету емес, өткінші байлық пен алдамшы рахатқа бөлену. Мұндай қалаларды алдап-арбау мен сұмдықтың неше түрі, моральдық құлдырау, нәпсіқұмарлық, мансапқорлық, билік құмарлық, надандық, діннен безушілік секілді ізгілікті адамға жат, тағылық қасиеттер жайлайды. Қала басшысы мұндай қала-мемлекетті тек күштің көмегімен басқарады, сондықтан олар әлсіз, болашағы жоқ, дамудың жоғары сатыларына жете алмайды. Бір қарағанда әл Фарабидің бұл ізгілікті қаласы утопия немесе қол жет- пейтін идеалды, мінсіз қоғам секілді болып көрінуі мүмкін. Бірақ осы модельдің өзінен біздің жас мемлекетімізге пайдалы көп нәрсені байқауға болады.

1.3. ХІХ ғасырдағы Неміс философиясы
Неміс философиясы - неміс халқының философиялық білімдер жүйесі. Неміс философиясы дүниежүзілік философиялық ойдың дамуына зор әсер етті. Рухани өмірге терең талдау жасау, тиянақты филос. жүйе құруға бейімділік - неміс ойшылдарының көбіне тән ерекшелік.
Германиядағы философияның алғашқы түрі ортағасырлық схоластика болды (Х.Мавр, Н.Немецкий, Г.Сен-Викторский). Соңғы схоластиканың көрнекті өкілі алғашқы христиан аристотельшілерінің бірі Ұлы Альберт болды. Дәстүрлі Неміс философиясы мистикамен тығыз байланыста дамыды. Оның алғашқы өкілдері монах әйелдер - Хильдегарда Бингенская (12 ғ.) мен Мехтильда Магдебургская (13 ғ.). И.Экхарт бұл ілімді одан ары дамыта түсті.
19 ғасырдың 30-жылдары неміс идеализмінің рационалистік философиясына, әсіресе Гегельдің панлогизміне екі түрлі бағыт: иррационалистік (Шеллинг және А.Шопенгауэр) және материалистік (Л.Фейербах) бағыттар қарсы шықты. Шопенгауэр философиясында дүниенің негізі иррационалды санасыз ерік деп танылды. Бұл ілім кейіннен Ф.Ницшеге және Г.Э. Гартманға зор әсерін тигізді. Л.Фейербах неміс классик. философиясының идеалистік сипатын антропологиялық материализм тұрғысынан сынға алып, идеалистік философияның дінмен байланысын ашып көрсетті. 19 ғасырдың 40-жылдарында Германияда марксизм пайда болды. Оның негізгі идеялық тұжырымдамасы В.Либкнехт, А.Бебель, Ф.Меринг, тағы басқа еңбектерінде негізделді. Марксизм ілімі философияны сын тұрғысынан қайта қарап, оның дүниені түсіндіруші ғана емес, өзгертуші күш екендігін көрсетуге тырысты. Оның негізін салушылар: К.Маркс пен Ф.Энгельс өз еңбектерінде дүниеге көзқарастың негізгі принциптерін тұжырымдап, марксизм теориясының негізі қаланды. 19 ғасырында шенінде Неміс философиясында жаратылыстанудың өрістеуіне байланысты позитивизм бағыты орын ала бастады. Түрлі ғылым салалары - физика, биология, психологияға сүйенген мектептер мен бағыттар пайда болды. 80 - 90 жылдарда жаңа кантшылдықтың марбург және баден мектептері қалыптасты. Марбург мектебінің өкілдері (Г.Коген, А.Наторп, Э.Кассирер, т.б.) логик. мәселелермен шұғылданса, баден мектебі (Г.Риккерт, В.Виндельбанд, Э.Ласк) мәдени-тарихи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниеге көзқарастың тағы бір формасы, жоғарыда атап өткеніміздей - философия
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Философияның пәні мен әдісі
Философиялық білімнің ерекшелігі
Философия: пәні мен функциясы
Діни негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы
Философияның даму тарихы
Дүниеге көзқарастың түрлері
Философия - көзқарастың бір түрі
Философияның ерекшелігі және негізгі анықтамалары. Философия – даналық
Пәндер