Қоршаған ортаның негізгі факторлары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Технология және Биоресурстар факультеті
Ветсансараптау және гигиена кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Ауадан сынама алу тәртібі мен технологиясы

Орындаған: 5В08200 – Мал
шаруашылығы
өнімдерін өндіру технологиясы мамандығының
ТППЖ-102К топ студенті Қанатбол Ердәулет
Тексерген: Садуов Марат Садуұлы

Алматы, 2017ж
Жоспар:
1. Кіріспе
1. Сынама туралы жалпы мәлімет
2. Қоршаған ортаның негізгі факторлары
2. Негізгі бөлім
1. Ауа
2. Ауадан сынама алу тәртібі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімдері

Кіріспе
Сынама-лабораториялық зерттеулерге арналган материал. Сырткы орта
объектілерінен (топырақ, су,тамақ және т. б.) немесе субстраттардан және
организмнің тканьдерінен алынады.Зерттелмек нысаннан нақтылы ережелерге
сәйкес түрлі-түрлі талдауларды жүзеге асыру үшін алына отырып, сол нысанның
сыр-сипатын ашып беруге көмектесетін материал; . Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектілердің және
биологиялық материалдың сынамаларын алу тәртібі
1) жануарлар өсіруді, жануарларды дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді
және өткізуді жүзеге асыратын, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат,
өндіріс объектілерінің өндірістік ғимараттарында, аумақтарда;
2) жануарлардың ауру қоздырғыштарының берілу факторлары болып табылатын
ыдыстардың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша барлық көлік
құралдарының түрлерінде;
3) мал айдау трассаларында, маршруттарында, тасымалдау (орын ауыстыру)
маршруты өтетін жануарлардың жайылым және суару аумақтарында;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні өткізу, сақтау, тасымалдау
кезінде ветеринариялық-санитариялық нормалардың бұзылуы белгіленген
жағдайда ішкі сауда объектілерінде (ветеринариялық-санитариялық сараптау
зертханалары жоқ объектілерді қоспағанда);
5) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса
қауiптi және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу
мақсатымен бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда, iндет ошағында
және қолайсыз пунктте жүргiзiлетiн iс-шаралар кезінде.
Қан сынамаларын алған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің 2014 жылғы 30 шілдедегі №16-07332 бұйрығымен (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген)
бекітілген Жануарлардың аса қауіпті аруларына қарсы ветеринариялық іс-
шарларды жоспарлау және жүргізу қағидаларымен белгіленген нысан бойынша қан
сынамаларын алу актісі жасалады.
1. Ағуына, кебуіне, ыдырауына, өзара ластануына қарсы іс-шараларды сақтай
отырып, сынамалар ветеринариялық зертханаға жеткізіледі. Сынамаларды
тасымалдау процесінде үлгілердің бөгде иістермен ластануын, күн сәулесінің
тіке түсуін болдырмауға, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
бағытталған сақтық іс-шаралары сақталады. Жылдам бұзылғыш өнімдердің
сынамалары тоңазытқыш-сөмкеге (термочемодан) салынады немесе құрғақ мұзбен
қоршалады. Әр сынама үлгінің түрі, сынама массасы, сынаманы іріктеу күні
мен орны, сынаманы іріктеуді жүргізген адамның мемлекеттік және орыс
тілдеріндегі тегі мен аты-жөні көрсетілетін заттаңбамен және жапсырмамен
(зерттеулердің соңына дейін сақталатын) қамтамасыз етіледі.
2. Бақылау сынамасының сақталу мерзімі зерттеу жүргізіліп болғаннан кейін
кемінде 14 тәулік, ал бекітілген талаптарға сәйкес келмейтін үлгілер үшін
зерттеу мақсатына және сараптама актісі бойынша (сынақ хаттамасы) қорытынды
нәтижесін алуға байланысты үш айдан аспайды. Тез бұзылатын өнімдер үшін,
бірқатар сапа көрсеткіштері мен қауіпсіздік көрсеткіштеріне
(органолептикалық және микробиологиялық) арналған бақылау сынамасының
сақталу мерзімі оның сақталу мерзімінен артық болмауы тиіс.
3. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, жемшөп пен жемшөп қоспалары,
патологиялық және биологиялық материал, су, топырақ сынамаларының
зертханалық зерттеулерін жүргізу аяқталған соң ветеринариялық зертханаларда
олардың көрсеткіштерінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық)
талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында
сараптама актісі (сынақ хаттамасы немесе есебі) беріледі, сыналатын үлгілер
зертханалық зерттеулер жүргізгеннен кейін есептен шығаруға және кәдеге
жаратуға (жоюға) жатады. Бақылау сынамасы осы сынаманың жарамдылық мерзімі
аяқталған соң кәдеге жаратуға (жоюға) жатады. Атмосфералық ауаның құрамында
жеңіл ілесіп жүретін табиғи және жасанды шаң – тозаңдар болады. Олардың
табиғи түрінде космостық тозаң, вулкан топырағы, жердің шаңы, теңіз шаңы
және орман өртінен шыққан шаңдар жатады. Космос тозаңы метеориттердің
жануынан шығады, өте ұсақ, жерге баяу отырады, мөлшері өте аз (0,0001%).
Вулкан топырағы көп аумақты қамти алады және ауада ұзақ уақыт ілесіп жүре
береді. Сондықтан ол ауаны ластауда көп территорияға жайылады, бірақ вулкан
атқылауы сирек болатындықтан адам үшін аса қауіпті емес

Қоршаған орта факторларын зерттеу әдістері
Биотикалық компоненттердің мәліметтерін толықтыру үшін қоршаған
ортаның негізгі факторларын - эдафикалық, топографиялық және климаттық (су,
ылғал, температура, жарық жел) білу қажет. Төменде тәжірибелерге сипаттама
жасау кезіндегі қоршаған ортаның факторларын зерттеудің әртүрлі әдістері
келтірілген. Экологияны жалпы (биологиялық жүйелердің құрылымы мен
тіршілігінің негізгі принциптерін зерттеу) және жеке (тірі организмдер
топтарын зерттеу) деп бөлу экология ғылымының мәселелерін ғана емес
зерттеулердің сипаты мен әдістерінің де айырмашылықтарын білдіреді. Әр
түрлі деңгейдегі биологиялық жүйелердің иерархиялық бір-біріне
бағыныштылығы, өз ара тәуелді болуы экологияның негізгі мәселелерін -
экожүйе құрылымының организм, популяция, биоценоз деңгейлерінде зерттеуді
қажет етеді. Мұндай жағдайда экологияны аутэкология (жеке түрлер
экологиясы) және синэкология (қауымдастықтар мен биоценоздар экологиясы)
деп бөлу зерттеу жұмыстарының ерекшеліктерін білдіреді. Осыған байланысты
қазіргі кезде экологияның негізгі әдістері - далалық зерттеулер, табиғат
жағдайындағы тәжірибелер, математикалық модельдеу болып табылады. Химиялық
әдістер - қауымдастықтағы жеке организмдерде минералды заттардың,
органикалық заттардың жинақталуын анықтау.
Далалық әдістер - далалық жағдайда жүргізіледі, популяциялар мен олардың
қауымдастықтарын табиғи ортада зерттейді. Әдетте мұндай жағдайда
физиология, биохимия, анатомия, систематика және т.б әдістері қолданылады.
Далалық әдістер арқылы организмге немесе популяцияға әртүрлі факторлардың
әсерін, белгілі бір жағдайдағы түрдің тіршілігі мен дамуын анықтауға
болады.
Экспериментальді әдістер - табиғаттағы қарым-қатынастардың себебін
анықтау. Бұл әдістер арқылы организмнің дамуына жасанды, қолдан жасалған
кейбір жекелей факторлардың әсерін білуге мүмкіндік береді. Лабораториялық
жағдайда алынған тұжырымдар міндетті түрде табиғи жағдайда тексеруді қажет
етеді.
Физиологиялық әдістер - жеке организмдер мен қауымдастықтағы болып жатқан
физиологиялық процесстерді анықтау.
Геоботаникалық картаға түсіру - картаға өсімдіктер ассоциациялары немесе
ассоциация топтары түсіріледі. Аэрофотосуреттер қолданылады.
Экологиялық болжам және мониторинг - қоршаған ортаның жағдайын және
қоршаған орта жағдайын бақылау, басқару.
Биотикалық анализ. Белгілі бір ортада тіршілік ететін
организмдерді зерттеу кезінде (экожүйенің биотикалық компоненттері)
қауымдастықтың құрылымына сипаттама жасау керек. Яғни, тіршілік ету
ортасындағы кездесетін түрлер мен әрбір түрдің популяциялар санын анықтау
қажет. Әрине түрге жататын барлық организмдерді тауып, санау
мүмкін емес, сондықтан кездескен түрлерді және олардың санын анықтау үшін
тек қажетті әдістер қолдану керек. Әдетте дәл нәтижелер алу үшін көп
уақытты қажет ететін әдістер қолданылады. Сондықтан зерттеу алдында
жұмыстың мақсатын дүрыс анықтап алған дұрыс. Мүмкіндігінше табиғи ортаға
зиян келтірмейтін әдістерді таңдаған дұрыс. Үлгілерді жинау және сұрыптауда
нақты әдістерді таңдау керек. Себебі, организмдер кез-келген жерлерде
тіршілік ете беруі мүмкін. Мысалы, бір қарағанда шабындықтың, топырақтың,
құмның, таулы-тасты жағаның немесе өзен түбінің әр бір шаршы метрінде
тіршілік ететін түрлер аз болып көрінуі мүмкін. Бірақ топырақтың өсімдікті,
тамырын, сабағын, субстратқа бекініп тұрған талломдарын, тастардың астын,
анықтап қарағанда әлдеқайда көп түрлерді кездестіруге болады. Ең дұрысы
алдымен организмдердің морфологиялық айырмашылықтарын біліп, сосын жеке
таксондардың диагностикалық белгілерімен салыстырған дұрыс. Анықтау кезінде
формасы, түсі, буындарының, сегменттерінің саны т.с.с. оңай көзге көрінетін
белгілерін пайдаланады. Яғни, түрдің мұндай тек сырт пішініне қарап
анықтауды жасанды немесе фенотиптік анықтау деп атайды. Диагностикалық
кестелердің бірнеше түрлері бар, алайда ең қарапайымы дихотомиялық кестелер
болып табылады. Бұл кестелер нөмірлі (1,2,3 сол сияқты) баспалдақты қос
анықтауыш белгілерден (тезадан және антитезадан) тұрады. Әрбір баспалдақ
жеке белгілерді көрсетеді. Әрбір баспалдақтағы қос анықтауыш белгілері бір-
біріне қарама-қарсы немесе бір-біріне сәйкес белгілер болуы керек. Осы
кестелер бойынша анықтау кезінде организмдердің үлкен тобы бірте-бірте
ыдырап, азайып төменгі таксономиялық топқа дейін жетеді.

1-сурет. Биотикалық анализ.
Ауа адамзатты жан-жағынан қоршап тұратын алып орта-сфера десек те
болады. Су, ауа, топырақ, жер, жарықсыз тіршілік мүмкін болмаса, осылардың
ішінде ауаның орны ерекше. Себебі, ауаның құрамында адамзаттың тыныс алуына
өте қажетті оттек газы, және де жан-жағымызды қоршаған өсімдіктер әлеміне
керекті көмірқышқыл газы бар. Сонымен, ауаның құрамы мен ауаның қазіргі
кездегі негізгі проблемаларына тоқталып өтсек.
Ауа – жер атмосферасын құрайтын табиғи газдар қоспасы: азот
(78,09%), оттек (20,95%), инертті газдар (0,94%), көмірқышқыл газ (0,03%).
Тығызд. 1,2928 гл, суда ерігіштігі 29,18 см3л; Ауа – адамның, жануар мен
өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасы.[1]; аздап басқа инертті
газдардың, сутектің, азот оксидтерінің, көміртек оксидтерінің, аммиактың,
метанның, күкіртті газдың және тағы да басқалары мөлшері бар. Жердің
ендігіне байланысты ауадағы су буының орташа мөлшері 0,2-ден 2,6%-ға дейін
барады, Ауа массасының 45-іне жуығы тропосферада шоғырланады; атмосфераның
жоғары қабаттарында гелий мен сутек басым болады. Ауаның құрамында оттегі
бар екендігін 1774 жылы француз ғалымы А. Лавузье анықтаған. Ауаның сапалық
құрамын анықтау үшін мынадай тәжірибе жасайық. Кристалдандырғышқа су құйып
алып, судың бетінде қалқып жүретін пенопластка жіңішке шырақ (парафиннен
жасалған) орнатып, оны жағып суға саламыз да, шырақты сыртында 5 бөлікке
бөлінген белгісі бар, цилиндрмен жабамыз. Біраздан кейін су цилиндр бойымен
оның көлемінің 15 бөлігіне көтерілгенін байқаймыз. Бұдан шығатын қорытынды
- ауаның көлемі бойынша 20%-ы оттегі, ол шырақтың жануына жұмсалды (13-
сурет).

Оттегі (латынша Oxygenium), O – элементтердің периодты жүйесінің
VI-тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 8, атом массасы 15,999. Оттегі
–химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың
тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оттегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүре
аламыз. Жасушалар мен талшықтар өмір тіршілігіне қажетті өздеріндегі
энергияны босата отырып, органикалық заттарды тотықтыру үшін оттегіні
пайдаланады. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның
емдік әсерінде маңызды рөлді ағза талшықтардағы оттегі жетіспеушілігін
орнына қайта келтіру қабілеті атқарады. Адам ағзасының барлық мүшелері мен
талшықтары қалыпты жұмыс істеуі үшін біздің айналамыздағы ауаның құрамында
кем дегенде 21% таза оттегі болуы керек. Үлкен қала – бұл өте жылдам өмір
ырғағы (біз күн сайын энергия жоғалтамыз), газдалған ауа (созылмалы
гипоксия)!Ірі мегаполис тұрғындарының оттегіне мұқтаждықтары орасан зор.
Экологиялық ахуалдың жалпы деңгейде нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза
оттегі мөлшері кейде 10-12%-дан артпауына алып келді. Осының салдарынан
гипоксия (оттегі жетіспеушілігі) туындайды. Оттегін өнеркәсіпте ауаны қысып
сұйылтады да, азот пен оттегінің қайнау температураларының айырмашылығына
қарай буландырып бөліп алады. Осылайша алынған оттегі көгілдір түсті
баллондарда сақталады, себебі сұйық оттегі ашық-көгілдір түсті болады. Ал
зертханалық алу әдістері кейбір оттегіге бай күрделі қосылыстарды айыруға
негізделген. Ауада оттегіден басқа жануды қолдамайтын азот ~78%, ~1 %
бекзат газдар (неон, гелий, аргон, т. б.) және ~ 1% басқа айнымалы ластаушы
газдар бар. Мr(O2) = 32 гмоль, Mr(N2) = 28 гмоль болса, Мауа= 32 • 22% +
28 • 78% ≈ 29. Ауадағы оттегінің мөлшері техногендік факторлардың әсерінен
азайып отырады, ол механикалық және химиялық жолмен жүреді. Механикалық
әсерлер: газ, шаң күйіндегі химиялық заттар. Химиялық өндіріс орындары
шоғырланған аймақтарда (Өскемен, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Хромтау,
Текелі, Павлодар, т.б.) экологиялық мәселелер ушығып отыр, ал үлкен
қалаларда бұл мәселе автокөліктер әсерінен шиеленісуде. Жергілікті жерлерде
өндірістік әсерлердің, әр түрлі болғандығынан ластаушы газдардың құрамы әр
түрлі болады (жылу электр стансалары (ЖЭС), зауыттардың, автокөліктердің
газдары). Олардың шамасы біразға дейін қоршаған ортаға зиян тигізе
қоймайды, заттардың осы мөлшері зиянсыз шамасының шегі (ЗШШ) деп аталады.
Кейбір заттар оттегімен баяу әрекеттеседі, реакция барысында жарық
бөлінбейді, жылу біртіндеп бөлінеді. Мұндай үдеріс баяу тотығу деп аталады.
Мысалы, қордаланған көңнің шіруі, темір бұйымның, тоттануы, қоймадағы астық
өнімдерінің қызуы, т.б. Жану үдерістері халық, шаруашылығында жылу
энергиясын өндіру үшін пайдаланылады.

Жану басталу үшін мынадай жағдайлар жасау керек:
1. Жанатын затты тұтану температурасына дейін қыздыру.
2. Оттегінің ағысы үнемі келіп тұруы.
3. Ал жанудың аяқталу шарттары бұған керісінше:
4. От алу температурасын төмендету, яғни салқындату (су бүрку, топырақ
немесе құм шашу).
5. Оттегінің ағынын тоқтату. Жанып жатқан отты ауыр заттармен жабу. Өз
бетімен басқаруға көнбей жүретін жану өрт деп аталады Топырақ қопсыған
кеуек дене болғандықтан, оның құрамында үнемі ауа болады. Бұл ауаның
мөлшері топырақтың ылғалдылығына, тығыздығына, өңделу жағдайларына,
механикалық құрамына, өніп-өсіп тұрған өсімдіктерге, тағы басқа
жағдайларына байланысты. Егістіктер егілетін, өңделген топырақтарда ауаның
мөлшері топырақ көлемінің 30-40%-на тең. Мұның біраз бөлігі топырақ
бөлшектеріне сіңеді, оны сіңген ауа деп атайды. Ал ауаның қалған мол бөлігі
топырақ кеуектерінің арасында болады. Неғұрлым топырақта су көп болса,
соғұрлым онда ауа мөлшері аз, себебі мол су ауаны топырақ құрамынан
ығыстырып жібереді. Мысалы, күріш егістерінің топырақтарында су жер бетінде
көптеп тұратындықтан, онда ауа мөлшері мүлдем жоқ. Керісінше , ылғалы аз,
жиі қопсытылып, жиі өңделетін топырақтарда ауа мол болады.. Оның орманға
тигізетін зияны өте үлкен, экономикалық зияны да бар.

Ауадан зерттеулерге сынама алу тәртібі мен технологиясы
Мал қоралары ауасын жиі зерттеу жағдайы 6-10л бөтелкеге ауа
сынамасын алудан басталады, ыдысты жануарлардың түрлеріне және жастарына
қарай дем алу деңгейі биіктігіне орналастырылады, негізінде бұлай мал қора-
жайларының газдық құрамын анықтау үшін, ал олардың басқа микроклиматтық
көрсеткіштерін тап сол жерлерде анықтап алу керек. Мал қора-жайлары
микроклиматы дегеніміз шектеулі кеңістіктегі( қора, қойма, бөлме, т.с.с.
кеңістіктер) ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, ылғалдылығы,
қозғалу жылдамдығы, қысымы көрсеткіштері), химиялық құрамы ( негізі зиянды
газдарға-көмірқышқыл газы, аммиак, күкірт қышқыл газы, метан, индол,
скатол, меркаптан және т.б.), механикалық ластануы, биологиялық қасиеттері
және жарықтылығы. Атмосфералық ауадан сынама алу сорғыш аспап арқылы
белгілі жылдамдықпен ауаны өткізу немесе сыйымдылығы шектеулі ыдыстарды
толтыру жолымен жүзеге асырылады. Орташа тәуліктік мәндерді алудың ең
ұтымды әдісі-ауаны 24 сағат бойы үздіксіз алу болып табылады. Ауа
сынамасын алу үшін электроаспираторлар, шаңсорғыштар және ауаны өткізетін
басқа да аспаптар мен қондырғылар, сондай –ақ өткізілетін ауаның көлемін
тіркейтін құрылғылар пайдаланылады. Ауадан сынама алу үшін мынадай құралдар
қолданылады: электроаспираторлар, шаңсорғыштар, реометрлер, ротаметрлер
және тағы басқа да құралдар.
Ауаны зерттеуге арналған арнайы екі әдіс бар: 1) седиментациялық-
микроорганизмдердің механикалық жолмен қонып-түсуіне арналған; 2)
аспирациялық- ауаны белсенді түрде соруға негізделген. Атмосфералық ауа мен
жабық бөлмедегі ауа микроорганизмдердің сапалық және сандық құрамы бойынша
айтарлықтай ерекшеленеді. Бөлмедегі бактериялар жиынтығыны (бактериальная
обсемененность) атмосфералық ауа тығыздығына қарағанда жоғары, сонымен
қатар.ауаға науқас адамдар мен жануарлардан келіп түсетін (сөйлескенде,
жөтелгенде аэрозоль құрамындағы ауа тамшылары жолымен, тері мен түктері
бетінің эпителиінің түлеуінде, төсек жабдықтарының ластануы мен топырақтың
зақымдалуы кезінде) патогенді түрлері бойынша. Ауа микрофлорасы көптеген
құрғау, күн жарығының ультракүлгін сәулесі, температураның ауытқуы сияқты
басқа да қоршаған ортаның жағымсыз факторларына жоғары төзімділігімен
ерекшеленетін топырақ микроорганизмдері негізінде құралады. Әдетте ауадан
Micrococcus, Bacillus subtilis, В. cereus vat: mycoides, В. Mesentericus
туыстарының өкілдерін, Actinotnyces, Penicillium, Aspergillus, Mucor әр
түрлерін бөліп алады. Ауыз қуысы мен мұрын қуысының шартты – патогенді
микроорганизмдері (жасыл және гемолитикалық стрептококктар, гемолиткалық
стафилакокктар) ауа үшін санитарлық көрсеткіштер болып табылады.
Седиментациялық әдіс (Кох әдісі, 1881 ж.) – беті ашық Петри
табақшасындағы қоректік орта бетіне ауырлық күшінің әсерімен бактериалды
бөлшектер мен тамшылардың шөгуіне негізделген әдіс. Әдетте Омелянский
бойынша есептейді: 100 см2 қатты ортаға 5 минут ішінде 10 л ауада болатын
бактериялар саны шөгеді. Дегенмен, кейінірек бұл көрсеткіштер 3 есеге дейін
төмендеген. Қозғалыс жылдамдығының үлкен ауытқулары орын алатын
атмосфералық ауа үшін аталған әдіс нақты емес және мүлдем жарамсыз
саналады. Әдіс тек қана электр энергиясы мен едәуір жетілген құралдар
борлмаған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Ауа микрофлорасын
седиментациялық әдіспен зерттеу. Қоректік ортасы бар (ЕПА) Петри
табақшаларын ашық күйде еденнен әр түрлі деңгейде орналастырады. Ауаның
санитарлық жай-күйін анықтау кезінде табақшаларды отырған немесе тұрған
адамның тыныс алу дәрежесіне сәйкес келетін түрлі биіктіктерде
орналастырады. Қоректік ортасы бар табақшаларды ауаның болжанған ластануына
қарай 10-20 минут сайын орналастырып отыру қажет. Кейін олардың бетін
жауып, 25°С-та 48 сағат бойы инкубациялайды, бұл өсуі үшін едәуір төмен
температураларды қажет ететін бактериялар мен зең саңырауқұлақтарының өсуін
ынталандырады. Екі табақшадағы өскен колониялардың жалпы санын есептейді,
250 колониядан аз болса, ауа таза болып есептеледі, 250-500 колония –
орташа ластану дәрежесін көрсетеді, колониялар саны 500-ден жоғары болса
ластанған болып есептеледі.
Фильтрациялық әдіс (ауа сұйықтық арқылы үрленеді) – кейін түрлі
орталарға егу үшін қолдауы мүмкін болатын бактерияларды сұйықтық ішінен
ұстап алуға негізделген, Дьяконов құралы. Микробтық аэрозольді бумен немесе
сұйықтықты себу арқылы шөктіретін әдіс – Речменский құралы. Ауа ағындарының
арнайы құралдарды қолдану арқылы күшпен соғылу принципіне негізделегн әдіс
– Кротов құралы. Ауа ағыны сына тәрізді тар саңлау арқылы келіп, жоғары
жылдамдықпен дымқыл қоректік орта бетіне соғылады. Соғылу нәтижесінде ауада
болатын аэрозольдар, сонымен қатар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамды қоршаған орта және олардың түрлері
Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайлары
Тіршілік ортасының экологиялық факторлары
Экологиялық фактор түсінігі
Сыртқы ортаның сипаттамалары
Организмдердің тіршілігі үшін негізгі экологиялық факторлардың экологиялық мәні
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ӨМІР САЛТЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ
Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтарының экологиялық жағдайына баға беру, аймақтың экологиялық жағдайының тәуекел факторларын және оны басқаруды талдау
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Экологиялық факторлар туралы ақпарат
Пәндер