Әкімшілік құқық бұзушылықтар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих,экономика және құқық факультеті
Құқық пәндері кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық
5В030100
Күндізгі
Ю-18-п
АВТОР:Ермеков Д.С. ______________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы, мерзімі)
ЖЕТЕКШІ: Қонырбаева Д.Т. ______________

Петропавл,2019ж.
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Әкімшілік құқық бұзушылық- қоғамға қарсы іс әрекет ретінде ... ... ... ... ... ..5
1.1.Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2.Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..10
2.Әкімшілік жауаптылық - мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ... ... ... ... ... ... ...16
2.1.Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы, ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...16
2.2.Әкімшілік жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін жағдайлар...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Кіріспе
Құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі - әкімшілік құқық. Ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймай, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз етеді. Ал осы әкімшілік құқық ережелері мен нормаларын бұзған, жеке және заңды, лауазымды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен ұйымдар әкімшілік құқық бұзушылық пен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Жұмыстың өзектілігі.Әкімшілік құқық бұзушылық - әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын сол үшін заңдармен әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
Әкімшілік жауаптылықтың заңды негізі болып әкімшілік құқық бұзушылық саналады. Жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі, заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады (ҚР ӘҚБТ кодексінің 28-бабы). Бұл норманы талдау барысында барлық әкімшілік құқық бұзушылықтарға тән, жалпы белгілерді анықтауға және осы белгілері арқылы заңсыз мінез-құлықты, заңды мінез-құлықты, сонымен бірге басқа да құқық бұзушылыққа тән (қылмыстар, тәртіптік қылықтар және т.б.) ерекшеліктерді айыруға болады.
Зерттеудің мақсаты. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, әкімшілік іс жүргізу кодекстерін пайдаланып, курстық жұмыстың тақырыбын ашып, ойымды жеткізіп, Қазақстан заңнамасының әкімшілік құқық саласына толықтырулар енгізу. Әкімшілік жаза түсінігін, түрлерін, жазалау шараларының түрлерін, қай кезде қолданылатынын, оның маңызын, әкімшілік жазаға қарсы бұлтартпау шараларының әдістерін, сонымен қатар, әкімшілік жауапкершіліктің түсінігін, оның түрлерін, маңызын, белгілерін баса ашып көрсету.Қоғамда әкімшілік құқық денгейін көтеру, халықтың әкімшілік сауаттылығын көтеру, оның алдағы құқық бұзушылық әрекеттеріне жол бермеу.
Зерттеудің міндеттері:
Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі мен түрлерін көрсету.
Әкімшілік құқық бұзушылық заңдық құрамын көрсету.
Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы мен ерекшеліктерін көрсету.
Әкімшілік жауаптылықтан босату шараларын көрсету.
Зерттеудің обьектісі.Қазақстан Республикасында, осы кезеңдегі кез-келген өзге мемлекет сияқты, заңды түрде міндетті болып табылатын өте көп әр түрлі ережелер бар. Міндетті болатын ережелердің маңызды ерекшеліктерінің бірі олар әкімшілік санкциялармен қорғалады, ал оларды бұзу әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саналады. Бұл сияқты құқық бұзушылықтардың негізгі белгілері мен заңды сипаттамасы қаңтарда қабылданған ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде қаралған.Әкімшілік құқық бұзушылықтың міндеттері: адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiпті және қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.
Әкімшілік жауаптылық қылмыстық, азаматтық, және тәртіптік жауаптылықтармен қатар заңдық жауаптылықтардың бір түрі болып табылады. Оны мемлекет жауаптылықтың негіздерін, бұзушыларға қолданылуы мүмкін болатын шараларды, құқық бұзушылық туралы істерді қараудың және осы шаралардың орындалу тәртібін айқындайтын құқықтық нормалар шығару жолымен белгілейді.Әкімшілік жауапкершіліктың белгілері:
1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау құралы болып табылады;
2) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;
3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі - әкімшілік құқық бұзушылық;
4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;
5) әкімшілік жазаны мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;
6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырылмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;
7) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданады.
Курстық жұмысының қайнар көздерінде келесі авторлар қолданылды:Е.Баянов, Таранов Қ.Р, Б.Сейдешұлы, А.Ибраева, Г.Өлібаева, Қ.Айтхожин,Қ.Д.Жоламан,А.Қ.Мұхтаров а,А.Н.Тәукелев,Т.Ағдарбеков,С.Өзбек ұлы, Ө.Қопабаев.
Зерттеуәдістері:тарихи, статистикалық, әлеуметтік, антропологиялық, нормативтік-құқықтық, салыстырмалы, анализ, синтез, индукция, дедукция.
Курстық жұмысының құрылымы.Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар
1.1. Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі және түрлері
Қазақстан Республикасында, осы кезеңдегі кез-келген өзге мемлекет сияқты, заңды түрде міндетті болып табылатын өте көп әр түрлі ережелер бар.
Бұл сияқты ережелердің мақсаты барлық немесе көптеген азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, мүдделеріне тікелей әсер ететін қызметтің белгілі бір аяларында құқықтық тәртіп пен тиісті мемлекеттік тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады. Кейде бұл ережелерді жалпы міндетті деп негізсіз айтпайды.
Бұлар қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері, жол қозғалысы мен әр түрлі көлік құралдарын пайдалану ережелері, еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздік ережелері, сауда ережелері, санитарлық, ветеринарлық және өрт қауіпсіздігі ережелері, аң аулау, балық аулау ережелері, азаматтық қаруларды, жарылғыш және радиоактивтік заттарды сатып алу, есепке қою, сақтау және пайдалану ережелері, әскери есепке алу, шеқара режимі ережелері, кеден ережелері, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны, табиғатты пайдалануды қорғау, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау аясында қолданылатын ережелер, т.б
Міндетті болатын ережелер көптеген субъектілер тобына арналады. Біреулері - барлық азаматтар мен заңды тұлғадарға, екіншілері -шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси қызметтің қандай да болмасын салаларының қызметкерлеріне, үшіншілері - мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық ұйымдарда белгілі бір лауазымдық қызмет атқаратын лауазымды адамдарға[1;247б].
Міндетті болатын ережелердің маңызды ерекшеліктерінің бірі олар әкімшілік санкциялармен қорғалады, ал оларды бұзу әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саналады. Бұл сияқты құқық бұзушылықтардың негізгі белгілері мен заңдық сипаттамасы 2014 ж. 5 шілдеде қабылданған ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіңде (ӘҚБтК) қаралған.
ӘҚБтК-тің 28-бабы бойынша жеке адамның осы Кодекспен әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады. Бірақ Кодекетің Ерекше болімінің баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшін, егер бұл бұзушылықтар өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкімшілік жауаптылық туындайды[3].
Әкімшшік құқық бұзушылықтың ұғымын мынадай бірнеше белгілер сипаттайды. Біріншіден, бұл іс-әрекет немесе әрекетсіздік, яғни әрекет екіншіден, қоғамдық қауіпті әрекет; үшіншіден, құқыққа қарсы әрекет; төртіншіден, кінәлі әрекет; бесіншіден, жазаланатын әрекет.
Әкімшілік құқық бұзушылық - бұл заңдық патологияның (қалыптан тыс ауа жайылудың), ауыт кететін мінез-құлықтың бір түрі, ол не іс-әрекет, не әрекетсіздік нысанында болады.
Іс-әрекет - бұл міндет немесе заңды талап түрінде болатын құқықтық нұсқаманы өршігіп орындамау; нақты тыйымды, ережені, норманы, стандартты бұзу (мысалы, жүргізушілердің масаң күйінде көлік құралдарын жүргізуі, тұрғын жайларды пайдаланудың ережелерін бұзу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы нормативтік құжаттардың талаптарын бұзу).
Әрекетсіздік - бұл тұлғаның өзіне жүктелген міндеттерге байланысты жасауға тиісті және істей алатын іс-әрекеттерді істемеуінен көрініс табатын енжар мінез-құлқы (мысалы, табыстары туралы декларация беруден жалтару, монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындамау, т.с.с).
Әкімшілік құқық бұзушылықтың мәні оның қоғамдық қауіптілігі мен айқындалады. Мемлекет құқық нормаларында мінез-құлықтың міндетті ережелерін бекіте отырып, оларды бұзған үшін мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану мүмкіндігін қарайды. Құқық бұзушылықтың тап осы қоғамдық қауіптілігі оны жасаған үшін жауаптылыққа себеп болады. Бұл белгінің болмауы құқық бұзушылықтың да болмағанын дәлелдейді.
Кез-келген әкімшілік теріс қылық белгіленген құқықтық тәртіпке қол сұға отырып, оған қандай да болмасын бір зиян келтіреді, басқару қатынастарының реттелінгендігін, келісімділігін, үйлесімділігін бұзады. Осыдан туындайтын жағымсыз нәтиже нақты зиян ретінде де (ұсақ ұрлық, билетсіз жүру), сондай-ақ зиян пайда болу үшін жағдай жасау ретінде де (санитарлық-гигиениалық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу) көрініс табуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі белгісінін заңдық көрінісі құқыққа қарсылық болып табылады. Қазақстан мемлекеті, қандайда болмасын бір іс-әрекетті немесе әрекетсіздікті қоғамдық қауіпті деп, оларды жасауға құқықтық тыйым белгілейді. Құқыққа қарсы деп белгілі бір тұлғаның құқық нормасымсн тыйым салынған іс-әрекетті жасауы немесе құқықтық актімен міндеттелген іс-әрекетті жасамауы түсініледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқық нормаларымен реттелінетін және қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Мәселен, құқық бұзушылар өрт қауіпсіздігі аясын реттейтін құқық нормаларын бұза отырып, сонымен бірге отпен күресудің мемлкеттік шаралары негізделетін өртке қарсы ережелермен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғады.
Әкімшілік құқық бұзушылық тек қоғамдық қауіпті, құқыққа қарсы ғана емес, сонымен бірге кінәлі іс-әрекет немесе әрекетсіздік, яғни іс-әрекет жасайтын (немесе іс-әрекет жасамайтын) тұлғаның еркі мен ақыл-парасатын білдіретін әрекет.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызды белгісі - оның әкімшілік жазаланатындығы. Нақты іс-әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік құқық бұзушылық болып тек сол жағдайда ғана танылады, егер оны жасаған үшін заңнамамен әкімшілік жауаптылық қаралған болса.
Әкімшілік жазалаудың белгісі әкімшілік жауаптылық шараларын қолданудың заңдық салдарларымен тығыз баланысты. Олардың мәні мынада, құқық бұзушыға әкімшілік жаза қолдану оны әкімшілік жазаланған жағдайға әкеп соқтырады; оның құқықтық мәртебесіне жеке адамның жаңа құқықтық жағдайын сипаттайтын элемент қосылады.
Әкімшілік жазаланған жағдайының кезінде қолданылып жүрген заңнамамен белгіленген жауаптылыққа тартылудың ескіру мерзімі өткенгідейін әкімшілік құқық бұзушылықты қайталап жасау аса қатал әкімшілік жазалар, әдетте, ірі айыппұл санкцияларын, тіпті әкімшілік қамауды да қолдануға соқтыруы мүмкін [1;248-252 б].
Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері
Әкімшілік теріс қылықтың жалпы құрамын сипаттау біршама бiріңғай объектісі бар (мысалы, азаматтардың кұқықтарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар) әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлерін қамтитын тектік кұрамдарын талдауды және соңынан топтастыруды болжайды.
Әкімшілік теріс қылықтың қисапсыз әр түрлі жөне көп таралғандығына байланысты оларды топтастырудың біріңғай белгіci жоқ. Ол ретінде құқықтық реттеудің біріңғайлығымен, белгілі бір шамамада тұрақтылығымен және сонымен бірге пайда болатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың қайталанатындығы мен сипатталатын белгілердің жиынтығын біріктіретін кешенді белгі танылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлерін топтастырудың кешенді белгіcі қол сұғудың біртектес объектісін (мысалы, қоғамдық тәртіпті, меншікті, басқару тәртібін) және теріс қылыктың салалық бағытын, яғни мемлекеттік баскарудың нақты аумағын (мысалы, өнеркәсіпті, құрылысты, энергетиканы, ауыл шаруашылығын, көліктi, сауданы, экологияны, т.б.) қамтиды.
Осы белгінің негізінде әкімшілік құқық бұзушылыктың барлық түрлерін мынадай жіктелген топтарға біріктіруге болады:
1. Жеке адамға және оның құқықтарына кол сұғатын әкімшілік құқық бузушылықтар. Оларға мысалы, мыналар жатады: ұрып-соғу; денсаулығына зиян келтіру; азаматтардың өздерінің сайлау құқықтарын немесе сайлау комиссиясының жұмысын жүзеге асыруға кедергікелтіру; азаматтардың ұждан бостандығы мен діни сенім бостандығын жүзеге асыруға кедергі жасау; еңбек туралы заңдарды және еңбекті қорғау ережелерін бұзу; азаматқа ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, т. б.
2. Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Олар, мысалы, заңсыз емдеумен айналысу; санитариялық заңнаманы бұзу; ЖҚТБ- мен, соз ауруларымен, түберкүлезбен ауыратындармен қатынаста болып жүрген адамдардың медициналық тексеруден және емдеуден жалтаруы; дәрігердің тағайындауынсыз есірткі құралдарын пайдалану; есірткі құралдарымен заңсыз айналысу, т. б.
3. Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оларға: жер учаскелерін өз бетімен иелену немесе уақытша иеленгенжерді дер кезінде қайтармау; жер қойнауына мемлекетік меншік құқығын бұзу; бөтен біреудің мүлкін жою немесе бүлдіру. Оның мүлкін ұсақ-түйектеп ұрлау, т. б. жатады.
4. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу; жерді бүлдіру; жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу ережелерін бүзу; су ресурстарын қорғау ережелерін бұзу; орманда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитариялық ережелерді бұзу; заңсыз аң аулау, балық аулау, жануарлар дүниесін пайдалану; жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау ережелерін бұзу, т. б.
5. Өнеркәсіп, жылу, электрэнергиясын пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оларға мыналар жатады: жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі режимдерін бұзу; энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу; газды пайдаланудың ережелері мен нормаларын бұзу, т. б.
6.Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар, мысалы, құрылыс ережелері мен нормаларын бұзу;заңсыз құрылыс салу; тұрғын үй-жайларды өз бетімен қайта жабдықтау және қайта жоспарлау және т. б.
7. Карантиндік ережелер мен мал дәрігерлік қадағалауда әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар, мысалы, карантиндік зиянкестермен, өсімдік ауруларымен және арамшөптермен күрес жөніндегі ережелерді бұзу; карантиндік тексеруден және тиісті өңдеуден өтпеген материалдарды әкелу және әкету; мал дәрігерлік туралы заңдарды бұзу, т. б.
8. Көлікте, жол шаруашылығында және байланыста әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оларға, мысалы, мыналар жатады: жүргізушілердің көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы; жургізушінің маскүйінде көлік құралын басқаруы, сондай-ақ көлік кұралын басқаруды мас күйіндегі адамға беруі; жолдарды, темір жол өткелдерін және басқа жол құрылыстарын күтіп ұстау ережелерін бүзу; байланыс желілері мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерін бұзу; байланыс құрылыстарын өз бетінше салу немесе пайдалану, т. б.
9. Баспасөз және ақпарат саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар, мысалы: бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу; телерадиохабарлары мен жарнамалық роликтерді эфирге шығару тәртібін бұзу; журналистің заңды қызметін орындауына кедергі жасау, т. б.
10. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұларға: бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын заңсыз пайдалану; кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу; монополияға қарсы заңдарды бұзу; жалған кәсіпкерлік, т. б. жатады.
11. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар - тұтынушыларды алдау; банк, валюта заңдарының талаптарын бұзу; бюджет қаражатын дер кезінде есептемеу немесе мақсатсыз пайдалану; бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының бұзылуы; бағалы қағаздар мен мәмілелер жасау тәртібін бұзу, т. б.
12. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар, мысалы, салық органдарында салық есебіне қою мерзімінің бұзылуы; салық салу объектілерін жасыру; жалған шот-фактура жазып беру, т. б.
13. Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар-сотқа құрметтеумеушілік білдіру; прокурорға, тергеушіге және анықтау органына, сот орындаушысына, приставына келуден жалтару; мемлекеттік наградаларды заңсыз тағып жүру, т. б.
14. ҚР-сы Мемлекеттік шекарасы режимінің белгіленген тәртібіне және ҚР-ның аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұларға: шекара аймағында шекара режимін және жекелеген жерлерде болу тәртібін бұзу; ҚР-ның мемлекеттік шекарасы режимін бұзу; шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР-да болу ережелерін бұзуы, т. б. жатады.
15. Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Олар, мысалы, мыналар: құқық қорғау органдарының, шекара қызметінің уәкілетті қызметкерінің нұсқауларын орындамау немесе заңды өкіміне не талабына қасақана бағынбау; төтенше жағдай режимін бұзу; төлқұжатсыз немесе куәліксіз тұру; күзетілетін объектілерге заңсыз ену, т. б.
16. Жалпыға бірдей әскери міндеттілік, әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оларға: әскерикомиссариаттың шақыруы туралы азаматтарға хабарламау; азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерін орындамауы; медициналық тексеруден немесе жиындардан жалтару; әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдіру немесе жоғалту, т. б. жатады.
17. Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар: ұсақ бұзақылық; тыныштықты бұзу; құмар ойындар; тарих және мәдениетескерткіштерін немесе табиғи объектіні қорлау, т. б.
18. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушы, ықтар. Бұларға, мысалы, мемлекеттік органдар мен жергілікі өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысуы және заңсыз кірістер алуы, т. б. жатады[1;262-265 б].
Қорытылай келе,әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымын мынадай бірнеше белгілер сипаттайды. Біріншіден, бұл іс-әрекет немесе әрекетсіздік, яғни әрекет; екіншіден, қоғамдық қауіпті әрекет; үшіншіден, құқыққа қарсы әрекет; төртіншіден, кінәлі әрекет; бесіншіден, жазаланатын әрекет. Ал әкімшілік құқық бұзушылықтүрлерін топтастырудың кешенді белгіcі-қоғамға қарсы әрекет (мысалы, қоғамдық тәртіпті, меншікті, басқару тәртібін) және теріс қылықтың салалық бағытын, яғни мемлекеттік баскарудың нақты аумағын (мысалы, өнеркәсіпті, құрылысты, энергетиканы, ауыл шаруашылығын, көліктi, сауданы, экологияны, т.б.) қамтиды.
1.2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық құрамы
Заңда бекітілген әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің жиынтығы құқық бұзушының әкімшілік жауаптылығына жалғыз ғана негіз болып табылатын күрделі заңдық құрамын құрайды. Заңдық құрам іс-әрекетті немесе әрекетсіздікті құқықтық бағалаумен және бұзушыны жауаптылыққа тартумен байланысты міндетті шешеді. Оның міндеті -осы жауаптылықтың негізі болу, өйткені егер негізі болмаса, онда жауаптылық та жоқ.
Әкімшілік құқықтың теориясында (қылмыстық құқық теориясындағы сияқты) әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы деп әкімшілік құқық бұзушылық ретінде нақты қоғамдық қауіпті әрекет ретінде сипаттайтын ӘҚБтК-пен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің бір-тұтастығы түсініледі (мысалы, заңсыз емдеумен айналысу, кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, озбырлық). Құрамның объективтік элементтеріне мыналар жатады: қол сұғудың объектісі, яғни әкімшілік құқықпен реттелінетін және қорғалынатын қоғамдық қатынастар, және әкімшілік теріс қылықтың объективтік жағы -- бұл құқыққа қарсы іс-әрекетті немесе әрекетсіздікті, қол сұғудың нәтижесін, әрекетпен және туындаған салдарлардың арасындағы себепті байланысын, жасалынған әкімшілік құқық бұзушылықтың орнын, уақытын, жағдайын, тәсілін, қаруы мен құралын сипаттайтын сыртқы белгілері [11; 265 б].
Құрамның субъективтік элементтеріне әкімшілік құқық бұзушылық субъектісін сипаттайтын белгілер жатады (жас, жауаптылықка қабілеттілік, әкімшілік-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері - азамат, лауазымды адам, заңды тұлға), қасақаналық және абайсыздық нысанындағы кінә, әкімшілік құқық бұзушылықтың себебі мен мақсаты.
Сонымен, әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы төрт элементпен (белгімен) сипатталады: объекті, объективтік жағы, субъекті, субъективтік жағы.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы объектісі мемлекеттік басқару аумағында пайда болатын және әкімшілік, бірқатар жағдайларда конституциялық, экологиялық, кеден, еңбек, жер, қаржылық және өзге де құқық салаларының нормаларымен реттелінетін қоғамдық қатынастар болып табылады. Әкімшілік теріс қылық объектісінің түрлері ретінде мыналар танылады: жеке адам, азаматтардың құқықтарымен бостандықтары, қоғамдық қауіпсіздік: меншік; мемлекеттік және қоғамдық тәртіп, экономика аясындағы қатынастар; басқарудың белгіленген тәртібі.
Әрбір нақты теріс қылықтың қол сұғатын түрлік, яғни тікелей объектісі болады (қоғамдық өнеге, ар-намыс, азаматтың абыройы -ұсақ бұзақылық жасалынған кезде; азаматтардың тыныштығы-түнгі уақытта айғай-шу болған кезде).
Құрамның объективтік жағы әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтыратын және іс-әрекеттен немесе әрекетсіздіктен және туындаған нәтижеден көрініс табатын құқық нормасын бұзушының сырт көрінісі бар мінез-құлқының қоғамға қарсы актісі ретінде теріс қылықты сипаттайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының объективтік жағын саралағанда заңды қолданушы әкімшілік теріс қылықтың нақты құрамдарының объективтік жағының корінісінің айтарлықтай көп болатындығын ескеруге тиіс. Мәселен, ұсақ бұзақылық (ӘҚБтК-тің 434-б.) қоғамдық орындарда балағат сөйлеуден; жеке тұлғаларды қорлап тиісуден; тұрғын жайларды, ортақ пайдалану орындарын қорлаудан; қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзудан; төңірегіндегілерді сыйламаушылықтан; арнайы қызметтерді (полицияны, медициналық жедел жәрдемді, авариялық, өртке қарсы қызметтерді,) көрінеу жалған шақырудан, басқа да осындай іс-әрекеттерден көрініс табуы мүмкін.
Объективтік жақтың мазмұнын құқыққа қарсы қол сұғудың қайталау, бірнеше рет, қастандылық, әрдайымдылық, созылып кеткен құқық бұзушылық сияқты анықтаушылық белгілері де сипаттайды.
Қайталап жасау ӘҚБтК-тің көптеген баптарында қаралған, ал ол бұрын жасаған бұзушылығы үшін әкімшілік жазаға тартылған адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауын білдіреді (яғни, әкімшілік жазалану мерзімі бітпеген жағдайда). Бұл белгі жауаптылықты ауырлататын мән-жайға жатады және аса қатал әкімшілік жазалауға (жазаға) соқтырады.
Әкімшілік теріс қылықты бірнеше рет жасау деп бір адам екі немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасау танылады. Мысалы, (ӘҚБтК-тің 440-б. 4-т.) тыйым салынған орындарда спирт ішімдіктерін ішкені немесе қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жаза қолданылған адамның жасаған іс-әрекеттері ірі айыппұл салуға, тіпті әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады деп белгілеген.
Қастық белгісін өкілетті лауазымды адамның, өкімет өкілінің, басқа құзыретті адамның бірнеше рет ұсынған талаптарына құқық бұзушының қасарушылығы, айқыннан айқын бағынғысы келмейтіндігі сипаттайды. Бұл, мысалы, ҚР-ның Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі өз міндеттерін атқарумен байланысты әскери қызметшінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау (ӘКБтК-тің 516-б.)[3].
Бір жыл ішінде бірнеше рет (үштен көп бұзушылық), әрі қандай да болмасын бір аяда, белгілі бір субъектілердің жасаған құқық бұзушылығы әрдайым болып танылады. Мысал ретіндежүргізушілердің жол жүру ережелерін әрдайым бұзуын айтуға болады. Бұл сияқты құқық бұзушылықтар барынша катал санкцияға соқтырады, бұл жағдайда - көлік құралдарын жүргізетін кұкығынан айырады.
Бір адамның бірнеше біріне-бірі ұқсас құқық бұзушылықтар жасауы, олардың әрқайсысы үшін бұзушының әкімшілік жауаптылыққа тартылуы тиістігі әрі қарай жасалып жатқан құқық бұзушылық болып табылады. Мысалы, шығарылым деректерін жариялау тәртібін бұзу. Бұл бап мерзімді баспа басылымдарын белгіленген шығарылымдеректерінсіз шығаруды, эфирде өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрінеу жалған шығарылым деректерімен электрондық бұқаралық ақпарат құралдарыныңтеле және радиохабарламаларының эфирге шығуы көздеген. Бірнеше рет құқық бұзушылықтар жасауды әрі қарай жалғасып жатқан ретінде қарау керек. ӘҚБтК-тің Ерекше бөлімінің бабында көзделген белгілі бір әрекеттің бірыңғай құрамының үздіксіз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аякталмаған құқық бұзушылық созылып кеткен құқық бұзушылық деп танылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Бұлардан басқа, арнайы субъектілер -лауазымды адамдар, әскери қызметшілер, шет ел азаматтары бөлінеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде ақыл-есі дұрыс, 16-жасқа толған адам әкімшілік жауаптылықта болады. 16 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған адамдар ӘҚБтК-тің 9 - тарауынын күші қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған мұндай адамдарға нақты мән-жайларды және жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, әкімшілік жаза тағайындалуы не тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары немесе олардың орнындағы адамдар оларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамауы және олардың кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін әкімшілік жауаптылықта болады.
Қазіргі кезде жеке тұлғалар қатарына жеке кәсіпкерлер де (дара кәсіпкерлер) жатқызылған.
Заңды тұлғалар -- бұлар мемлекеттік және мемлекеттік емес коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар. Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану заңды тұлғаны осы құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты заңды тұлғаның әкімшілік жауапқа тартылуы да кінәлі жеке адамды осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатпайды деп белгіленген.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері ретінде лауазымды адамдар айтарлықтай ерекшеліктермен сипатталады. Олар қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылықка тартылады. Басқаша айтқанда, лауазымды адамдар басқарудың белгіленген тәртібін, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын қорғаудың, т.б. жөнінде белгіленген ережелерін сақтамаумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін, егер бұл сияқты ережелерді орындауды қамтамасыз ету олардың қызметтік міндеттеріне жататын болса, жауапты болады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына кінәлі лауазымды адам жалпы негіздерде жауаптылықта болуға тиіс.
Әскери қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар (мысалы, ішкі істер, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері)әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғылар және қызмет өткеру тәртібін регламенттейтін басқа актілер бойынша жауаптылықта болады. Бірақ олар ҚР-сы Мемлекеттік шекарасы режимін,Кеден шекарасы арқылы өткізу бекеттеріндегі режимді, санитариялық заңдарды, өрт қауіпсіздігінің талаптарын, жолда жүру ережелерін, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың басқа да ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықта болуы мүмкін.
Шетелдіктер, шетелдік заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан аумағында әкімшілік жасағанжағдайда жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болады. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері және корғанышты пайдаланатын өзге де шетелдіктер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.
Құқық бұзушы қасақаналықпен іс-әрекет жасай отырып, өзінің іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің құқыққа қарсы сипатын сезінеді, оның залалды салдарын алдын ала біледі және осы салдардың туындауын қалайды (тікелей қасақаналық) немесе оған саналы түрде жол береді не оларға немқұрайды қарайды - жанама қасақаналық (ӘҚБтК-тің 26-б.). Мәселен, адам тыйым салынған жерге (зонаға) кіре отырып, саналы түрде тікелей қасақаналықпен шекара режимін бұзады. Сонымен, құқық бұзушылық тек қоғамға қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздік жасағаны және оның зиянды салдары үшін ғана, егер ол жөнінде оның тікелей кінәсі айқындалған болса, әкімшілік жауаптылыққа жатады.
Қасақаналық кінәнің мазмұны әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатымен айқындалады, ал оның құрамы формальды немесе материалдық болуы мүмкін. Құқық бұзушылық жасаулын нәтижесінде қандай да бір қоғамдықауіпті, залалды салдардың болуын көздемейтін әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы формальды болып танылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың материалдық құрамы құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздіктен басқа оларды жасағанның нәтижесінде қоғамдық қауіпті (залалды) салдар. ардың міндетті түрде туындауын қамтиды (мысалы, ұсақ ұрлық меншік иесіне материалдық зиян келтіреді, жүргізушілердің жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін адамдардың жеңіл дене жарақатына немесе материалдық зиянға әкеп соқтыратындай дәрежеде бұзуы).Осыған байланысты қасақаналық кінә бұзушының істеген әрекетінін тек қоғамдық қауіптілігі мен құқыққа қарсынығын ғана емес, сонымен бірге оның әрекетінің немесе әрекетсіздігінің залалды салдарлар туғызуы мүмкін екендігін де жете түсінуін (ұғынуын) болжайды [1; 253 б].
Әкімшілік теріс қылық абайсызда да жасалуы мүмкін (ӘКБтК-тің 27-б.). Кінәнің абайсыздығы екі нысанда көрініс табады: ұшқары ойлау және немқұрайдылық (салақтық).
Ұшқары ойлаудың мәні мынада, құқық бұзушылық жасаған адам құқыққа қарсы зиянды салдар туындау мүмкіндігін алдын ала біледі,бірақ оны болдырмаймын деп өз күшін негізсіз тым артық бағалайды. Мысалы, автомашинаның жүргізушісі көшенің түйіскен жеріне қатты жылдамдықпен таяп келіп, жүруге тыйым салатын бағдаршам немесе реттеуші көрсеткен белгі (сигнал) болған кезде машинаны тоқтатамын деп есептейді, бірақ мұны істей алмайды да қызыл бағдаршамға, көшенің түйіскен жеріне кіріп кетеді.
Немқұрайдылық (салақтық) құқыққа қарсы салдарлардың мүмкін болатынын алдын ала білмеу, бірақ тиісті назар аударған және ескерген жағдайда адам олардың алдын алуға тиіс те және мүмкін болатындығынан тұрады. Мәселен, автошаруашылықтың механигі автомәшиненің жөндеу сапасын тексермей, оны жолға шығаруға өкім береді, жол үстінде автоинспектор одан айтарлықтай техникалық кемістік табады. Бұл автошаруашылык механигінің салактығын көрсетеді. Ол өзінің селқостығының қоғамдық, кауіптілігін алдын ала білмеді, бірақ ауыр салдарлар туындау мүмкіндігін алдын ала білуі керек еді және білуге де болатын еді.
Абайсыздықпен жасалған әкімшілік құқық бұзушылық қасақаналықпен жасалған құқық бұзушылықтан шамалы қауіпті болып табылады. Мысалы, ӘК БтК-тің бірнеше баптарында кінәнің екі нысаны да көзделген және, әрине, абайсыздықпен жасалған құқық бұзушылық нақты құқық нормасының санкциясымен белгіленген шекте өте қатал емес жаза қолдануға негіз бола алады. Мысалы, төлқұжатты жоғалту немесе жарамсыздыққа жеткізу, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және зақымдау сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар кінәнің нысанына байланысты ауырлығы бойынша өте әр түрлі әкімшілік жазаларға әкеп соқтырады.
Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын қасақаналық және абайсыздықпен қатар оның себебі мен мақсаты сипаттай алады. Олар кейде ӘҚБтК-тің нақты баптарына енгізіледі және сол кезде құрамның бағалаушылық белгілеріне және қандай да болмасын бір әрекетті немесе әрекетсіздікті әкімшілік құқық бұзушылық деп тану үшін міндетті болуға айналады. Мысалы, газ пайдаланудың ережелері мен нормаларын бұзған үшін;кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқан үшін;ӘКБтК-те нақты мақсаттар менсебептер туралы ескертпе жоқ өзге жағдайларда кінәлі адамға қолданылатын әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін белгілеген кезде құқық қолданушы бұл белгілерді ескеруге тиіс.
Ойымды аяқтай келе, әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы төрт элементпен (белгімен) сипатталады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Егер осы 4 элементтің біреуі болмаса, онда ол құқық бұзушылық болып табылмайды. Ал осы құқық бұзушылықтар тікелей және абайсыз жасалуы мүмкін. Тікелей қылмыс қасақаналықпен жасалады, ал абайсыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz