Эволюциялық ілім



Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Жер бетінде тіршіліктің болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы — адам баласын саңдаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді.
Тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашкы идеялар Үндістанның, Кытайдың, Месопотамияның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады. Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат козғалыста, өзгерісте болады, сондай.ақ біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, ал қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.
Біздің заманымыздан 2 мың жыл бұрын Кытайда мүйізді ірі қаранын, жылқының, балықтың түрлі тұқымдарын және әсемдік өсімдіктерді шығаруға бағытталған арнайы сұрыптау жұмыстары жүргізілген. Ертедегі философтар тірі ағзалар эволюция әрекетінде бір түрден екінші түрге айналады деген пікірде болған. Солардың бірі Гераклит барлық тірі ағзалар, тіпті адам да ең алғашкы материядан табиғи жолмен дамып жетілді дейді. Жануарлар мен өсімдіктер арасында өтпелі формалардың бар екені жайлы болжауды алғашқы ұсынушылардың бірі Аристотель болды. Сол кездегі осындай материалистік бағыттағы ой.пікірге қарсы табиғатта карапайымнан күрделіге дейінгі дамудын бар екенін жоққа шығаруға тырысқан метафизикалық көзқарас та қалыптаса бастады. Алайда, VI— XIV ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде «жаратылыстану» ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Одан кейінгі дәуірлеу кезенінен бастап антик табиғат зерттеушілері — Аристотель, Платон
ДАРВИНГЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ТІРІ ТАБИҒАТТЫҢ ДАМУЫ ЖАЙЛЫ ҰҒЫМДАР
Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Жер бетінде тіршіліктің болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы — адам баласын саңдаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді.
Тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашкы идеялар Үндістанның, Кытайдың, Месопотамияның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады. Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат козғалыста, өзгерісте болады, сондай-ақ біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, ал қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.
Біздің заманымыздан 2 мың жыл бұрын Кытайда мүйізді ірі қаранын, жылқының, балықтың түрлі тұқымдарын және әсемдік өсімдіктерді шығаруға бағытталған арнайы сұрыптау жұмыстары жүргізілген. Ертедегі философтар тірі ағзалар эволюция әрекетінде бір түрден екінші түрге айналады деген пікірде болған. Солардың бірі Гераклит барлық тірі ағзалар, тіпті адам да ең алғашкы материядан табиғи жолмен дамып жетілді дейді. Жануарлар мен өсімдіктер арасында өтпелі формалардың бар екені жайлы болжауды алғашқы ұсынушылардың бірі Аристотель болды. Сол кездегі осындай материалистік бағыттағы ой-пікірге қарсы табиғатта карапайымнан күрделіге дейінгі дамудын бар екенін жоққа шығаруға тырысқан метафизикалық көзқарас та қалыптаса бастады. Алайда, VI— XIV ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде «жаратылыстану» ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Одан кейінгі дәуірлеу кезенінен бастап антик табиғат зерттеушілері — Аристотель, Платон

Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ІЛІМ

ДАРВИНГЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ТІРІ ТАБИҒАТТЫҢ ДАМУЫ ЖАЙЛЫ ҰҒЫМДАР

Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық
идеялар. Жер бетінде тіршіліктің болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың
сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы — адам
баласын саңдаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді.

Тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашкы идеялар Үндістанның, Кытайдың,
Месопотамияның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің
еңбектерінде байқалады. Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат
козғалыста, өзгерісте болады, сондай-ақ біреуінен екіншісі дамып жаңа зат
пайда болады, ал қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.

Біздің заманымыздан 2 мың жыл бұрын Кытайда мүйізді ірі қаранын, жылқының,
балықтың түрлі тұқымдарын және әсемдік өсімдіктерді шығаруға бағытталған
арнайы сұрыптау жұмыстары жүргізілген. Ертедегі философтар тірі ағзалар
эволюция әрекетінде бір түрден екінші түрге айналады деген пікірде болған.
Солардың бірі Гераклит барлық тірі ағзалар, тіпті адам да ең алғашкы
материядан табиғи жолмен дамып жетілді дейді. Жануарлар мен өсімдіктер
арасында өтпелі формалардың бар екені жайлы болжауды алғашқы ұсынушылардың
бірі Аристотель болды. Сол кездегі осындай материалистік бағыттағы ой-
пікірге қарсы табиғатта карапайымнан күрделіге дейінгі дамудын бар екенін
жоққа шығаруға тырысқан метафизикалық көзқарас та қалыптаса бастады.
Алайда, VI— XIV ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде жаратылыстану
ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Одан кейінгі дәуірлеу
кезенінен бастап антик табиғат зерттеушілері — Аристотель, Платон мен
Теофрастың шығармалары кең колдау тауып, қайтадан оқыла бастады.

Сауданың дамуы, теңізде жүзудің кең етек алуына байланысты жаңа елдердің
ашылуы XV ғасырдың басына жаратылыстану ғылымдары — астрономия, геология,
ботаника және зоологияның дамуына себеп болды.

Әйгілі ағылшын философы Ф. Бэкон (1561—1626) иңдукция әдісін ойлап шығарып,
ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады.
Бұл үндеу табиғат зерттеушілердің арасында кен колдау тауып, соның
нәтижесінде түрлі ғылыми салаларда көптеген жаңалыктар ашыла бастады.
Мысалы, 1543 жылы А. Везалий адам денесінің кұрылысын зерттеп, оған
сипаттама берсе, 1628 жылы У. Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін
жариялады.

Микроскоптың ашылуына байланысты өсімдік жасушасының кұрылысы (Р. Гук,
1665), ұсак ағзалар дүниесі, эритроциттер мен сперматозоидтың құрылысы (А.
Левенгук, 1683) жан-жақты зерттелді.

XVI—XVII ғасырлар аралығы биологияның даму саласында сипаттау кезеңі болып
есептеледі. Осы қарсанда биологияның барлық салаларында тірі ағзалардың
түрлері жайлы сан алуан деректі материалдар, жинактамалар көбейе бастады.
Тірі табиғаттын өлшем бірлігін түр деп тауып, ағылшын ботанигі Джон Рей
(1628—1705) оған ең алғаш анықтама берді.

Биология саласында XVII гасырдың соңы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы
аралықта қалыптасқан эволюциялық көзқарастар. Тірі табиғатты жүйелеуде аса
зор енбек сіңірген швед ғалымы Карл Линней (1707—1778) болды. Ол түрдің
табиғи жан-жактылығын және ақиқат барлығын айта келіп, түр —кұрылысы
жағынан ұксас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген туыстас
ағзалар жиынтығы деді.

Линней түрді латын тілінде қос атпен атауды (биноминальдық номенклатура)
тәжірибеге енгізіп, оны жүйелеуге негіз етіп пайдаланды. Жақын түрлер
туысқа, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эволюциялық идеялардың даму кезеңдері
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Иван Шмальгаузен
Органикалық дүниенің даму мәселелері
Эволюциялық идеяның туылуы
Эволюциялық ілімнің дамуы, Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
Адам эволюциясына әсер ететін факторлар
ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Пәндер